Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс



ЖОСПАР
КІРІСПЕ

1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси.әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттары

2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Өзектілігі: Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында, әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам, қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар аударылуын айрықша белгілеп берді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады», - деп көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен ымырасыз күрес жүргізеді.
Кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді
Қылмыстық құқықта отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс мәселелерін ашу және олардың құрамдарын қарастыру басты мақсат болып табылады. Себебі кәмелетке толмаған балаларға және ата-аналарға зорлық-зомбылық,қамқорсыз қалдыру және басқада ауыр қылмыстардан соң арқашанда жасалған әрекеттер мен әрекетсіздіктер қылмыс болып табылады.
Қылмыстың мақсаты – адамның нақты мүддесіне қаскүнемдік. Ол өмір игіліктері, адам тұлғасының ұлықтығы, меншік және бостандық қылмыскер пиғылының іске асуынан зардап шеккен кезде жасалды деп саналады. Әр қылмыстың өзіндік белгілері болады сол себептен қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарын бөліп қарастыру маңыздырық болады.
Жалпы норма бойынша қылмыс істеу туралы ойдың ашылуы қылмыстық жауапқа тартуға негіз болмайды. Қылмыстық заң кімді болмасын, тек сөзбен, хат арқылы немесе басқа жолдармен қылмыс істеу туралы пікірі болғанын білдіргені үшін жазалай бермейді. Өйткені мұндай жалаң ой қылмыстық заң қорғайтын объектіге ешқандай зиян келтірмейді және зиян келтіру қаупін туғызбайды. Оның үстіне қылмыстық ойдың ашылуынада қылмыстың негізгі белгісінің бірі – қоғамға қауіптілік жоқ. Қылмыстық ойдың ашылуын қорқыту арқылы жасалынатын қылмыстармен шатастыруға болмайды. Қылмыстық кодексте қорқыту арқылы жасалатын аяқталған қылмыс құрамының жекелеген түрлері үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың қандай жағдайда және қылмыстың қаншалықты ауыр жағдайда жасалғаны жайындағы ерекшеліктер. Қандай қылмыс болмасын қылмыс болған жағдайда ол кез келген жағдайда жауаптылыққа тартылады
Мақсаты: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру .
Міндеті: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың мәселелерін ашу барысында мен төмендегідей міндеттерге тоқталдық:
-отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы.
- отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар
- отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
- отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарыс қылмыстар барысында туындайтын құқықтық қатынастар.
Зерттелу пәні: Отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау аясындағы қатынастардың мазмұны мен бағытын анықтайтын ерекшеліктері.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Қарастырылып отырған тақырыпта Қазақстан ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте ҚР Конституциясынан бастадық. Осы курстық жұмыс тақырыбын ашу барысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» 131-140 бабында жазылған отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар қарастыру барысында А.Н. Ағыбаевтың. «Қылмыстық құқық» оқулығы ерекшк орын алады. «Заң және Заман» журналдарындағы көптеген жазушылардың мақалаларына сүйене отырып, отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктерін, отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттарын жайлы кездестірдік. Бұл мақалаларда қылмыстардың даму сатысындағы ерекшеліктері мен қазіргі кездегі қылмысты сатылауды қолдану барысын қарастырған.
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктемеде» отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың ұғымы және түрлері жүйелі түрде мазмұнын толықтай ашып қарастырылған. Бұл әдебиетте қылмыстардың қандай жүйеде қылмыс болып дамығанын және даму кезеңдерін салыстыру арқылы анықтамасы жазылған. Және де олардың қылмыс құрамдарының даму ерекшеліктерін сараптау арқылы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының әдісі: Зерттеудің мақсаттарына тиімді қол жеткізу үшін жүйелі талдау әдісі қолданылды, ұлттық және халықаралық институттардың отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі, оларға қарсы қылмыстардың алдын алу жайындағы мәселелері қарастырылды.
Құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Астана: Елорда,2008. -56б.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. –Алматы: ЮРИСТ,2009. -144б.
3. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. - Алматы: «Жеті жарғы», 2007.-584б.
4. Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 ж. 17 желтоқсандағы № 321-I
5. Г. Қонақбаева, Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау туралы // Заң, -2011 -№1-34-38бб.
6. Н. Ситқалиев, Басты мақсат – адам құқығын қорғау // Заң және Заман, -2011 -№3-42-43бб.
7. А. Мухамадиев, Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтары // Заң және Заман, - 2010 -№4-74-75бб.
8. Р. Орсаева, Кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы // Заң, - 2011-№2-19-20бб.
9. Р. Орсаева, Жүгенсіз балаға – жүйелі тәрбие керек // Заң газеті, 6 қазан 2008ж
10. ҚР Жоғарғы Сотының «Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстары және оларды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» // Сәуір 2002ж. №6 нормативтік қаулысы (Заң газеті, 15 мамыр,2002)

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Әлем тарихы, құқық және экономика негіздері қафедрасы

ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫС

Курстық жұмыс

Қостанай 2011 ж

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс
тәрбиелеу шаралары
1.1 Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын
конституциялық қорғау ерекшеліктері
1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс
тәрбие беру шарттары

2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы
және құрамдарының саралануы
2.1 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы
сипаттамасы
2.2 Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған қылмыстар

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Өзектілігі: Қазақ КСР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық
кодексінің нормалары елімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық
өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1
қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.
1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік идеология тұрғысында,
әкімшілдік-әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика
қағидаттарына негізделген еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан
арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның
болуын кажет етті. Осыған орай Президент Н.Назарбаев мемлекетіміздің өмір
талабына сай келетін жаңа Қылмыстық кодексін қабылдаудың және оның адам,
қоғам, мемлекет мүддесінің қорғаушысы болуы қажеттілігіне баса назар
аударылуын айрықша белгілеп берді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 27-бабында Неке мен
отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады, - деп
көрсетілген. Қоғамымыздың жаңа мүшелерінің денсаулығын және өмірін қорғау
жолдары әртүрлі, солардың қатарында құқықтық тұрғыдан қорғау белгілі орын
алады. Осындай қорғаудың бір құралы отбасы және кәмелетке толмағандарды
қылмыстық-құқықтық қорғау болып табылады. Мұндайда мемлекет қылмыстық-
құқықтық құралдар арқылы кәмелетке толмағандардың және отбасын мүшелерінің
өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қоғамдық қауіпті әрекеттермен
ымырасыз күрес жүргізеді.
Кәмелетке толмаған азаматтың мүддесін қылмыстық-құқықтық құралдармен
қорғау және оның дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, интеллектуалдық және
адамгершілік қалыптасуына жағдай жасауға тіреледі. Ал бұл өз кезегінде
отбасы жағдайының дұрыстығына, өзара құқықтар мен қатынастарды ұстануына
тікелей байланысты. Сол себепті де кәмелетке толмағандарды қорғау отбасы
қатынастарын қорғаумен тығыз байланысты болып келеді
Қылмыстық құқықта отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс
мәселелерін ашу және олардың құрамдарын қарастыру басты мақсат болып
табылады. Себебі кәмелетке толмаған балаларға және ата-аналарға зорлық-
зомбылық,қамқорсыз қалдыру және басқада ауыр қылмыстардан соң арқашанда
жасалған әрекеттер мен әрекетсіздіктер қылмыс болып табылады.
Қылмыстың мақсаты – адамның нақты мүддесіне қаскүнемдік. Ол өмір
игіліктері, адам тұлғасының ұлықтығы, меншік және бостандық қылмыскер
пиғылының іске асуынан зардап шеккен кезде жасалды деп саналады. Әр
қылмыстың өзіндік белгілері болады сол себептен қылмыстық құқықта қылмыс
құрамдарын бөліп қарастыру маңыздырық болады.
Жалпы норма бойынша қылмыс істеу туралы ойдың ашылуы қылмыстық
жауапқа тартуға негіз болмайды. Қылмыстық заң кімді болмасын, тек сөзбен,
хат арқылы немесе басқа жолдармен қылмыс істеу туралы пікірі болғанын
білдіргені үшін жазалай бермейді. Өйткені мұндай жалаң ой қылмыстық заң
қорғайтын объектіге ешқандай зиян келтірмейді және зиян келтіру қаупін
туғызбайды. Оның үстіне қылмыстық ойдың ашылуынада қылмыстың негізгі
белгісінің бірі – қоғамға қауіптілік жоқ. Қылмыстық ойдың ашылуын қорқыту
арқылы жасалынатын қылмыстармен шатастыруға болмайды. Қылмыстық кодексте
қорқыту арқылы жасалатын аяқталған қылмыс құрамының жекелеген түрлері үшін
қылмыстық жауаптылық көзделген. Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке
толмағандарға қарсы қылмыстардың қандай жағдайда және қылмыстың қаншалықты
ауыр жағдайда жасалғаны жайындағы ерекшеліктер. Қандай қылмыс болмасын
қылмыс болған жағдайда ол кез келген жағдайда жауаптылыққа тартылады
Мақсаты: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға
қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру .
Міндеті: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке толмағандарға
қарсы қылмыстың мәселелерін ашу барысында мен төмендегідей міндеттерге
тоқталдық:
-отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың жалпы
сипаттамасы.
- отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы бағытталған
қылмыстар
- отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды
дұрыс тәрбиелеу шаралары
- отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік
құқықтарын конституциялық қорғау ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: Қылмыстық құқықтағы отбасы мен кәмелетке
толмағандарға қарыс қылмыстар барысында туындайтын құқықтық қатынастар.
Зерттелу пәні: Отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау аясындағы қатынастардың мазмұны мен бағытын
анықтайтын ерекшеліктері.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Қарастырылып отырған тақырыпта Қазақстан
ғалымдарының бірқатар зерттеулері арналған. Бірінші кезекте ҚР
Конституциясынан бастадық. Осы курстық жұмыс тақырыбын ашу барысында
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-140 бабында жазылған
отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар қарастыру барысында
А.Н. Ағыбаевтың. Қылмыстық құқық оқулығы ерекшк орын алады. Заң және
Заман журналдарындағы көптеген жазушылардың мақалаларына сүйене отырып,
отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын
конституциялық қорғау ерекшеліктерін, отбасы және кәмелетке толмағандардың
бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие беру шарттарын жайлы
кездестірдік. Бұл мақалаларда қылмыстардың даму сатысындағы ерекшеліктері
мен қазіргі кездегі қылмысты сатылауды қолдану барысын қарастырған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктемеде
отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстың ұғымы және түрлері
жүйелі түрде мазмұнын толықтай ашып қарастырылған. Бұл әдебиетте
қылмыстардың қандай жүйеде қылмыс болып дамығанын және даму кезеңдерін
салыстыру арқылы анықтамасы жазылған. Және де олардың қылмыс құрамдарының
даму ерекшеліктерін сараптау арқылы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының әдісі: Зерттеудің мақсаттарына  тиімді қол жеткізу
үшін жүйелі талдау әдісі қолданылды, ұлттық және халықаралық институттардың
отбасы және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
жөніндегі, оларға қарсы қылмыстардың алдын алу жайындағы мәселелері
қарастырылды.
Құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ДҰРЫС
ТӘРБИЕЛЕУ ШАРАЛАРЫ
1. Отбасы және балалардың азаматтық және саяси-әлеуметтік құқықтарын
конституциялық қорғау ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңда
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілсе, 3-бабының
1-тармағында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық деп
бекітілген. Құқықтық мемлекет құрудың бірден-бір шарты — халықтың құқықтық
білімін көтеру мақсатында 1995 жылдың 21 маусымында Елбасының Жалпыға
бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы № 2347 қаулысы қабылданған
болатын.
Қазақ елінің заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ықылым
заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар қойнауынан жол тартып келе жатқан әдет-
ғұрып, салт-сана, мәдениетті сөйлеуге құрылған қарым-қатынасқа айрықша баға
берген. Ел басқару ісіне жіті мән бергендіктен, ақ сақалды қариялардың
түйінді бір ауыз сөзінің өзі тасқын тоқтатарлық күшке ие болған. Ал дуалы
ауыздан шыққан қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Ата Заң
баптарындай бағыт беріп отырған 1.
Қазақ халқы жазусызуды білмеген кездің өзінде тәрбиеге ерекше көңіл
бөліп, адам құқын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, сол заманда ел
тоқтаған Қасым ханның қасқа жолы (1511-1518 ж.ж.), Есім ханның ескі
жолы (1598-1628 ж.ж.), Әз Тәукенің Жеті жарғысы (1680-1718 ж.ж.) сияқты
кәрнекті заңдар жұртшылық,ты ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды
әділеттілікке, яғни біреудің алажібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық
пен зомбылықтың барлық түріне қатаң жаза қолданған.
Содан кейінгі кезеңде қазақ жерін отарлау мақсатында патшалық
Ресейдің хандықты жойғаны, ел басқару ісіне өзгерту енгізгені, халықты бір-
біріне айдап салғаны тарихтан мәлім. Басқасын қойғанда, жеке адамның құқы,
оның тағдыры деген ұғымдар адыра қалды. Тағдыр демекші, жеке адамның
тағдырын ойлау әр елде, әр кезеңде түрлі сипатта болды. Мысалы, француз
буржуазиялық революциясының негізгі құжаты саналатын Адам және азамат
декларациясының 1-бабында Адамның туылғаннан кейінгі бостандығы мен құқы
теңдей деп көрсетілген. Бул барлық адамдардың құқықтары тең екенін
айғақтау деген сөз. Дәл осындай қағида ислам дінінде де бар және онда Адам
туылғанда да, өлгенде де бірдей, сондықтан бір-біріңді қорламаңдар,
пенделер деп тұжырымдалады.
Ерте кезде адам және азамат құқықтарын теңестіретін демократиялық
көзқарастың деңгейі төмен болғаны рас. Нағыз демократия өз жемісін екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірек айтқанда 1948 жылы берді. Өйткені, дәл
осы жылы БҰҰ өзінің Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясын
қабылдаған еді. Бұл құжат дамушы елдер үшін адам құқын қорғау саласында
бағыт беретін негізгі заң актілерінің бірі болды.
Енді құқықтық мемлекет құруға бет алған елімізде қылмыс неге көп,
оның себебі неде деген мәселеге келейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін
басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанда да жұмыссыздар саны көбейді.
Бұған зауыт, фабрикалардың жоқтығы, бұрыннан қалыптасқан экономикалық
байланыстардың үзілуі себеп болды. Әсіресе, республика заңдарын орындамау
жауапсыздық пен құқықтық сауатсыздықты тудырды.
Сондықтан, республика Президентінің жоғарыдағы қаулысының
экономикалық-әлеуметтік жағдайларды қамти отырып, Құқықтық мемлекетті
жеделдете құруға мұрындық болатын заңдық құжат екендігі шындық. Жалпыға
бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру жас ұрпақ үшін халықтық іс бояуы
шарт. Бұл отбасындағы ата-анадан бастап, мемлекетке дейінгі аралықта
атқарылатын маңызды жұмыстардың бірі болып есептелуі тиіс.
Бүгінгі таңда мектеп алдыңда тұрған міндеттердің бірі — оқу-тәрбие
жұмысының барлық саласына құқықтық шараларды енгізу. Мұның мәнісі әрбір
оқушының құқықтық санасын қалыптастыру мен жауапкершілігін нығайтудың
тиімді жолдары мен тәсілдерін қолдануда. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру
үшін ең алдымен, оларға Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда
қабылданған Конституциясының мазмұнымен жыл бойына түбегейлі таныстыру
қажет. Құқықтық сана — қоғамдық сананың құрамдас бөлігі, ал құқық қоғамдық
қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, өмір сүруін қамтамасыз
ететін күшті құрал.
Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру
жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да
тетіктері толық іске қосылмайды. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан
сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап
өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз
сөзбен түсіндіріп беру қиын мәселе 29.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық отбасы, ошақ қасындағы
тентектіктен асып түсіп, кісі өлтіру, әйел зорлау, денеге ауыр жарақат
салу, ашықтан ашық адам тонау, есірткі заттарын сақтау тәрізді
қылмыскерлермен жасалынатын ауыр қылмыстарға ұласып отыр. Жаза басқан
жасөспірімдерді жаппай жазалай берудің асқынып кеткені соншалық көзінде.
Егер тәлім тәрбие мен қылмыстың алдын алу шаралары талапқа сай жүргізіліп,
қауіпті өткелге бет бұрған көк әрім жасқа жақсы мен жаманның аражігі
ажыратылып түсіндірілсе, жазалау біржақты сипат алмаған да болар еді. Амал
нешік кәмелетке толмағандардың тағдырын назардан тыс қалдыру, білім
ошақтарының қит етіп, қия басқан тәртібі "қиын" баланың жауапкершілігін
құқық қорғау органдарына ысырып тастауы ақыры осындай күйге жеткізіп отыр.
Басқа басқа сол түзелуі күрделі деп саналған балаларды қамқорлықтарына алып
отырған жетімханалармен, ақтау орталықтарындағы қауырт жұмыстың тізгінін ең
алдымен құқық қорғау органдарының өкілдері емес, ұстаздар қауымы ұстауы
тиіс емес пе? Береке бірлігі азайған отбасыларынан шыққан сан жетпес
баланың есепке алынуының өзі құлықсыз жүргізілген тәлім тәрбие мен
мектептің ата-ананы кінәлап немесе керісінше ата-аналар қауымының білім
ошақтарын жазғырып, жасөспірімдер тағдырын әрі тарт, бері тартқа салып,
қақпақыл ойнатуынан орын алып отырған жағдай екендігін еске салады.
Мамандардың пікірлеріне сүйенсек, көптеген балалармен жасалынатын
қылмыстардың дені әдетте ұсақ-түйек әрекеттерден аспай жатады. Алайда жеңіл
желпі жазалармен шектеуге болатын осынау әрекеттердің түпкі нүктесі
қазыларымыз кесетін қатал үкіммен аяқталып жатады. Сол себептен де "Сорос-
Қазақстан" қайырымдылық қоры жасөспірімдер мен жасы кәмелетке
толмағандардың құқығын қорғау мақсатында "Ювенальная юстиция" халықаралық
жобасын тәжірибеге енгізуді алғашқылардың бірі болып батыл қолға алуда.
Жаңа жобаның бұл бағыттағы қордаланып қалған көптеген проблемалардың
түйінін шешіп, құқық қорғау органдарының қысым, қиянатына ұшырайтын
жасөспірімдердің құқығын қорғау ісіне тигізетін ықпал, әсері зор болмақ.
Жаңа жоба қазірдің өзінде кейбір аудандарында сынақ ретінде қолданылып,
сотқа дейінгі созылып жатқан тергеу процесі барысында жасөспірімдер құқығын
бұзуға жол бермейтін тиімділігін көрсетіп отыр. Тек оның қисапсыз қаражатты
қажет ететіндігі ғана аяқты тұсайды. Екіншіден ол жастарымыздың бойындағы
отаншылдық сезімін оятудан аулақ жатқан, бар болғаны тәртіп бұзып, қылмыс
жасаған жасөспірімдер құқығын қысым, қиянаттан қорғайтын жоба ғана.
Адамдардаың алды кісі өлтіріп, адам тонаса, соңы күн көріс үшін қыз
балалардың тәнін зорлықпен саудалап, жезөкшеліктікпен айналыстырса бұл да
өз кінәміз, қоғамымыздың қасіреті. Қазір Алматыдағы Абай мен Саин
көшелерінің қиылысында былайғы жұрт "балалар бұрышы" деп атап кеткен
кішкентай жезөкшелердің тұратын мекен-жайы бар екендігін бәлкім біреу білсе
де біреу білмес. Айтуға ауыр болса да ақиқаты осындай. Қызметінің құны 200-
300 теңгеден аспайтын көкәрім жезөкшелердің негізгі дені әке-шешелері
маскүнемдікке салынып, ынтымағы бұзылған отбасыларынан шыққан адамдардың
қианат істері. Рас, Қылмыстық кодекстің 137-бабында балаларына дұрыс тәлім-
тәрбие бермеген ата-аналар үшін бірқатар жауапкершіліктер қарастырылған.
Онда да бұл баппен ата-аналық парызын аяқ асты етіп, адамдық қалыптан
жұрдай болып айырылғандар ғана жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласы
бойынша биылдың өзінде жоғарыдағы баппен 47 адам жауапкершілікке тартылып,
ата-аналық құқығынан айырылыпты. Десек те көптеген заңгерлер қауымы
дәлелденуі аса күрделі бұл бапты тетіктері өне бойы қозғалысқа түсе
бермейтін "өлі" жауапкершіліктің бір түріне жатқызады. Олай дейтініміз қай
бала өз әке шешесінің үстінен шағым жазып, арыздана береді дейсің. Кейде
қарап отырып, тұрмыстық ахуал өз үстемдігін жургізіп отырған мына заманда
адам тағдырынан гөрі ақша қымбат тәрізді ме деп те ойланасың. Әйтпесе
бүгініміз бен ертеңімізді жалғастырып жататын ұрпақ тағдыры бәрінен де
жоғары тұруы тиіс емес пе?
Қазір елімізде жастар мен балалардың мүддесі мен құқығын қорғауды
қамтамасыз ететін заңдарымыз да аз емес. Алайда олардағы қарастырылған
мәселелердің көп жағдайда түпкі нысанасына жетпей, ауада ілініп
қалатындығында жоғарыдағы шешімін күтіп отырған түйткілді мәселелердің
түйіні жатқандығын жоққа шығаруға болмайды. 2002 жылдың 1 қантарынан бастап
Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы жаңа заң өз күшіне
енді. Осы заңның 6-бабыңда балалардың құқығы мен мүддесін қорғауды
қамтамасыз ету, оларды қорлауға жол бермеу мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты екендігі ашып көрсетілген. Десек те заң талабының тұрмыс пен күн
көрістің ауырлығы үстемдік құрып тұрған тіршілікте толық жүзеге аса
қоятынына күмән көп. Өйткені, жас сәбилерді қорлау мен аяусыз ұрып, соғу,
тіпті өлім жағдайына душар ету деректері әлі де көптеген жерлерде сол
баяғысынша жалғасып келеді. Қаршадай баланы қатыгездікке үйрететін де қоғам
мен отбасындағы осындай көлеңкелі жағдайлар болып отыр 27.
Елімізде 23 тамыз 2002 жылы Қазақстан Республикасы балаларды
қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және
шығармашылық белсенділігін дамыту, әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән
құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен
азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру
принциптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Қазақстан Республикасының
Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске
асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтің заң қабылдады.
Қазақстан Республикасының балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік
саясатының мақсаттары:
- балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды
кемсітушілікке жол бермеу;
- құқықтары мен заңды мудделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ
құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру;
- бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар
құру;
- балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан
дамуына, олардың бойында елжандылық азаматтық және бейбітшіл сезімдерді
тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесі,
мемлекет халықтарының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік мәдениет
жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу;
- кәмелетке толмағандардын құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет
қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар
қызметінің басым саласы болып табылады және:
- баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге:
- балаларға толымды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды оларды
қоғамда толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын
мемлекеттік қолдауға;
- аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға
бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және
сақтауға;
- баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені үшін
лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;
- баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдары мемлекеттік
қолдауға негізделген.
Порнографияны, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты дәріптейтін,
адамның қадір-қасиетін қорлайтын, отбасына және балаларға зиянды әсер
ететін және құқық бұзушылыққа ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын,
әдебиетті, ойын-сауык және басқа іс-шараларды пайдалану заң бойынша
қудаланады.
Баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқандарға, балаға порнографиялық
материалдарды немесе заттарды, баспа басылымдарын, кино немесе
бейнематериалдарды, порнографиялық сипаттағы және эротикалык мазмұндағы
өзге де нәрселерді таратқандарға, жарнамалағандарға немесе сатқандарға
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жауаптылық
белгіленеді 27,28.
Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың
әскерилендірілген құрамаларын құруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық міндеттемелерге
сәйкес, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдістеріне қарамастан,
балаларды заңсыз алып кетудің, ұрлап әкетудің, олармен сауда жасаудың,
еңбекке жарамсыз жұбайы мен зайыбын асыраудан әдейі жалтарудың алдын алу
мен жолын кесу жөніндегі шаралар қолданады.
Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың
дербес азаматтык, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға
түсу және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы көзделген жағдайларды
қоспағанда, он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін олардың заңды өкілдері
қорғайды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкілдік ету мен оның
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау уақытша, баланы
отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияны жүзеге
асырушы ұйымға орналастырғанға дейін қорғаншылық және қамқоршылық органына
жүктеледі. Балалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды
өкілеттіктеріне сәйкес мемлекеттік органдар асырады.
Ата-аналар (олардың орнындағы адамдар) сондай-ақ балаға білім беру,
оны тәрбиелеу, дамыту, оның денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау мен
оған әлеуметтік қызмет көрсету оның әлеуметтік бейімделуіне, әлеуметтік
оңалуына жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды және (немесе) ол қатысатын іс-
шараларды жүзеге асырушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында
белгілінген тәртіпте, баланың денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиянды,
сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге
асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық,
дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың
адамдық қадір-қасиетіне менсінбей, қатал, дүрекі қарау, оны қорлау немесе
қанау болмауға тиіс.
Ата-аналық аялаудан айрылған балаларға қамқорлық жасау, оларды
асырау мен оқыту — мемлекеттің, қоғамның абыройлы міндеті. Олар
қамқорлықсыз қалғандарды қанатының астына алады, қамқоршылар мен
қорғаншылар тағайындайды. Қамқоршылық пен қорғаншылық балалардың өздері өз
құқықтарын қорғай алмайтын, өз міндеттерін орындай алмайтын балғандықтан
балаларды тәрбиелеу, олардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін тағайындалады.
Қамқоршылық 15 жасқа дейінгі балаларға, ал қорғаншылық – 15 жас пен 18 жас
аралығындағыларға белгіленеді.

1.2 Отбасы және кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға
дұрыс тәрбие беру шарттары

Біздің елімізде балаларды тәрбиелеу мен оқыту — тек құқық қана
емес, сонымен бірге белгілі бір деңгейде Қазақстан Республикасы заңдары
бойынша балалардың орта білім алуы міндетті болғандықтан, олардың білім
алуын қамтамасыз ету, қажетті жағдай туғызу ата-аналардың міндеті болып
табылады. Ата-аналар балаларын мемлекеттік мектептермен бірге жеке
мектептерде де оқытуға құқылы.
Жеке адам да, қайсыбір қоғамдық бірлестік те (саяси, діни және өзге)
алдарына нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік діни теңсіздіктер көздейтін міндеттер
қойып, осы мақсатта жұмыс жүргізе алмайды. Басқаша айтқанда, ұлттық және
басқа сезімді, әдет-ғұрыпты, дәстүрді күлкі етуге, қорлауға болмайды. Әр
ұлттың ішкі өз әдет-ғұрпы, дәстүрі өзіне жақын. Сонымен бірге кез келген
ұлттың адамдары оқшау өмір сүрмейді, басқа да көптеген ұлттардың
өкілдерімен бірге өмір сүреді. Мұндай жағдайда баланы тек басқаларынан
басым болатын ұлттық қағида, дәстүр рухында ғана тәрбиелеу, әрине,
адамдарды жақындастыруға, олардың бірге оқуына, бірге қызмет етуіне, бірге
өмір сүруіне игі әсер етпейді. Ондаған жылдар бойы бір мемлекетте қатар
өмір сүрген қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар,
корейлер және басқалары қалыптастырған жалпы халықтық дәстүрлер, әдет-
ғұрыптар аз емес. Енді дербес өмір сүру жағдайында олар одан да ерекше
мәнге ие болуда, тіпті, Конституцияға сәйкес, Қазақстанның барлық
азаматтары — бір, біртұтас халық.
Балаларын тәрбиелей отырып, ата-аналар балаларының мүдделерін
қорғауға құқылы. Кәмелетке толмауына, қабілетінің толық жетілмеуіне
байланысты балалар өз мүдделерін қорғай алмайды. Ата-аналар, біріншіден, өз
балаларының құқығын қорғауға тиіс. Мұндай құқықтың қатарына мүліктік, жеке
және басқалай құқықтар жатады. Екіншісіне, балалардың заңды мүдделері
жатады. Оған, атап айтқанда, нәтижесінде балада белгілі бір құқықтар,
мысалы мұралыққа құқық пайда болуы мүмкін, фактілерді белгілеу құқықтары
жатады. Құқықтар мен мүдделерді қорғау балалардың құқығын бұзушылықпен
күресте көрінеді. Ата-аналар өз балаларының заңды өкілдері болып табылады.
Ол ата-аналардың, белгілі бір жағдайларда балаларға қорғаншылық және
қамқоршылық органдарымен тағайындалуы мумкін қамқоршы мен қорғаншыдан
ерекшеленеді.
Әке мен ана тең құқылы. Сондықтан екеуі де кәмелетке толмаған
балаларының заңды өкілдері болып табылады.
Ата-аналардың өздерінің балаларына қатысты табиғи міндеттерін
саналы түрде сезінбеуі немесе оларды немқұрайлы орындауы мүмкін. Өкінішке
орай, мұндай келеңсіз жәйттер өмірде жиі кезедеседі. Әрине, өз балаларының
тәрбиесіне немқұрайлы қараудан, ең алдымен, ата-аналардың өздері зардап
шегеді. Балалардың тәрбиесіздігінен, өнегесіздігінен балалардың өздері жиі
таяқ жейді. Бірақ, тәрбиесіздік құқық бұзуға колайлы жағдай жасайтындықтан,
басқа адамдарға, тұтас алғанда қоғамға зиян келеді. Сондықтан өзінің
борышын өтемейтін ата-аналарға қатысты заң ыкпал ету шараларын көздейді.
Ерекше жағдайларда ата-аналар (ңемесе олардың біреуі) өздерінің
құқықтарынан айырылуы мүмкін.
Ерекше жағдайлар деп нені түсінеміз? Оған, біріншіден, өзінің
тәрбие жөніндегі міндетін орындаудан жалтару жатады. Мұндай келеңсіз жәйт
ата-аналар адамгершілік тәрбиесіне мән бермеген, балаларының қалыпты
өсуіне, дамуына және білім алуына қажетті жағдай жасамаған жағдайда туады.
Екінші бір келеңсіз жәйт, ата-аналық құқықтардың теріс пайдаланылуы болып
табылады. Мысалы, оқуға қатысуға, сабаққа дайындалуға кедергі қояды, балаға
зиянды басқа да әрекеттермен оларды білімнен қол үзуге мәжбүр етеді.
Үшіншіден, ата-аналар (ата-ана) балаларына қатыгез қарауы: ылғи да
сабауы, қорқытуы, тамақ бермей қоюы, үйден куып жіберуі, баланың намысына
тиюі және т.б. қиянат жасауы мүмкін. Төртіншіден, ата-аналар (ата-ана)
өздерінің жүгенсіз, қоғамға жат қылықтарымен балаларына кері ықпал етуі
мүмкін. Бесіншіден, егер ата-аналар ішімдікке салынып кеткендер немесе
нашақорлар болса олар ата-аналық құқықтан айырылады 26.
Жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандарға заман талабына сай, тәрбие
беріп, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу ісіндегі орын алып отырған
олқылықтардың үлкен бір шоғыры осындай. Соған қарамастан кейбір аудандар
мен қалалардағы әкімшіліктер, құқық қорғау органдары бірлесе жұмыс
жүргізіп, тізгіні босап қеткен тәлім-тәрбиенің тиімді жолдарын іздестірумен
келеді. Қазір республикамыздың көптеген жерінде қалаларында әрбір білім
ошағына учаскелік инспекторды бекіту дәстүрі қанат жайып отыр. Ондағы
негізгі мақсаттың өзі жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау және
алдын алу шараларын жүргізуден туындаған ниет еді. Әрине, дәл қазір оның
түпкі нәтижесі туралы кесіп-пішіп пікір айтудың өзі де асығыстық болар.
Дегенмен де осы әдісті кез-келген білім ошағына тықпалап енгізудің
тиімділігі бола қояр ма екен деген де сауалдың алдымызды кесе көлденендеп
жатып алатыны рас. Жауапты жұмысқа бекітілген полиция өкілінің ішкі жан
дүниесі мен балалармен қарым-қатынас жасаудағы іс-тәсілі өзгермесе одан не
пайда? Әлде бұл әйтеуір полиция киімін киінген адамнан мектеп оқушылары
жасқанып жүрсін деген ойдан туындаған шара ма? Онда бұл кәмелетке
толмағандар мен жасөспірімдер құқығының бұзылғандығы. Әрбір мектепке
полиция өкілін бекіту жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу
шараларына кеп септігін тигізеді деп есептейді. Таразы басын тең тартатын
екі пікірдің де түп негізі балалармен жұмыс істейтін учаскелік инспектор
тек полиция өкілі ғана емес, кез-келген бүлдіршінмен ортақ тіл табыса
білетін педагог әрі психолог болса деген игі тілекпен ұштасып жатыр еді.
Ондай болса,жастар тәрбиесіндегі жан дүниемізді толғантып жүрген осал
буынның өзі де осы емес пе? Бір сөзбен айтқанда, жастармен қоян қолтық
жұмыс істейтін учаскелік инспектор біздің ойымыздағыдай мектеп басшылары
мен төменгі буынның арасын жалғастырып, қылмыстың алдын алатындай тұлға
болса барша жұртты ойлаңдырып отырған олқылықтың орны толғаны емес пе?
Алайда көптеген ішкі істер бөлімдерінің жаныңдағы кәмелетке толмағандармен
жұмыс жүргізетін инспекциялардың тәртіп бұзған жасөспірімді есепке алып,
мүмкіндігі келгенінше жазалауға бейім тұратын іс-тәсілі өзгермейінше бұл
салада онды жаңалықтар болады деп үміттенудің өзі қиын. Құқық қорғау
органдары өкілдерінің пікіріне сүйенсек, кәмелетке толмағандармен жұмыс
істейтін инспекция қызметіне уақытша тыныс алып, есегін орын деп келетін
кездейсоқ қадрлар аз емес. Күндегі істі өмірде ондай мамандардың ойға алған
осы мақсаты орындалып та жатада. Қашан да қадрлары тұрақтамай, жайлы
орындарды жағалап кететін инспекциялардағы жұмыстың тар шеңберде
тұйықталынып, ондағылардың жастарға жанашырлық жасаудың орнына жазалауға
даяр тұратындығының бір астарында жаңа іс-тәсілінің жоқтығы мен пайыз
қуалаушылықтың әсері тәрізді объективті себептерде бар. Инспекция
мамандарының уақыт шабысынан артта қалып, жаттанды ізбен кетуіне оларға
балалармен тиімді жұмыс жасаудың едіс-тәсілін нұсқайтын әдістемелік
көмектің көрсетілмейтіндігі де теріс әсерін тигізуде. Бүгінгі
жасөспірімдердің төлім-тәрбие жұмыстарынан ерекше орын алатын мұндай
маңызды мәселені Ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің
мамандары ғылыми тұрғыдан талдай отырып, жарыққа шығарса кемшіліктердің кем-
кетігін толтыруға, қолайлы мүмкіндік жасалынар еді. Осындай себептердің
салдарынан тәлім-тәрбие жұмыстары кенжелеп, құқықтық сауаттылығы төмен
жасөспірімдердің адам жаны түршігерлік ауыр қылмыстарға баратындығын кейбір
органдардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарап, жаттанды тәсілмен жұмыс
істейтіндігіне сындарлы сындар айтты. Мұндай қағазбастылықтан көптеген
қалалық, аудандық әкімшіліктердің жаныңдағы жасөспірімдердің құқығын
қорғаумен айналысатын комиссиялар да арыла алмай келеді. Бірақ бұдан
комиссия жұмысы жолға койылып, ондағылар республика деңгейінде шешуді қажет
ететін проблемаларды орағытып өтіп, өз беттерінше тұйыктан жол тауып шығады
дегенге иланғың келмейді. Өйткені, қылмыстың өсуіне бірден бір түрткі болып
отырған әлеуметтік-әкономиқалық, жағдай тұрақталып, тұрмыс деңгейі
көтерілмейінше жасөспірімдер арасындағы тәлім-тәрбие жұмыстарының дәл
осылайша көз алдайтын жалған ақпарлардың жетегінде кететіндігі ешқандай да
күмән тудырмайды. Жастар саясатын қалыптастыру төңірегіндегі дүрілдеп
өтетін алқалы жиындар дүбірінің алысқа жете алмай, алқынып орта жолда
қалатындығының бір төркіні де нақ осында. Көптеген заңдарымызда
қоғамымыздағы әлеуметтік-әкономиқалық жағдайдың бүгінгі қалыптасып отырған
осындай ахуалы ескерілмегендіктен олардың негізгі тетіктері қозғалысқа
енбей қалады. Өткен жынғы шілденің 10 күні Қазақстан Республикасының
Темекі шегушіліктін, алдың алу және оны шектеу туралы заңы жарық көрді.
Осы заңда кәмелетке толмағандар арасында темекіні насихаттауға және сатуға
тыйым салған бірқатар баптар бар. Ал енді күнделікті тіршілікте темекі
жасау бұйымдарына қожалық жасап отырған шетелдік кәсіпорындар теледидарлар
мен ақпарат құралдарының беттеріңде өз өнімдерін насихаттап, жарнамаларын
қыздырып жатқанда жоғарынағы заңның талаптары өз дәрежесінде орындалады
дегенге сену қиын. Әрі-беріден соң кез-келген кәмелетке толмаған жасқа
кедергісіз темекі босататын дүкен сатушысының теріс әрекетіне шын мәнінде
тосқауыл қойып жатқан кім бар. Осының барлығы да жасөспірімдер арасындағы
қылмыстың алдың алу шараларын уыстан шығарып, босаңсытып алғандығымыздан.
Құқық қорғау органдарының өкілдерін былай қойғанда, жас ұрпақты жақсы
әдеттерге үйретіп, жамандықтан жирендіретін ұстаздар қауымының өзі тәртібі
нашар қиын балалардан мүмкіндігі келгенінше бойын аулақ салып, оларды
арнаулы мектептерге жібергісі келіп тұрады. Яғни, көптеген мұғалімдердің
ондай оқушылармен ортақ тіл табысып, жұмыс істегісі келмейді. Қит еткен
қиқар баланы есепке қойдыртып маңдайына қара таңба басып қоюдың бір тәркіні
мұғалімдер мен инспекторлардың шығармашылықпен жұмыс істей білмейтін
біліксіздігінде жатса, екінші бір ұшы Әкімшілік құқық бұзушылық кодекс пен
Қылмыстық кодекстің баптарында, балаларға тән тентектік пен бұзақылық
ұғымдарының аражігі ажыратылып көрсетілмегенінде деп есептейміз. Рас, екі
кодексте де кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдың алу шараларына
көбірек орын берілген. Бірақ олар жоғарыдағыдай себептерге байланысты
орындалмай, ылғи да тасада қалып қояды. Сондықтан да сәл ғана тентектік
жасаған жасөспірімнің әрекеті бұзақылық деп танылып, тынымсыз жұмыс істеп
жатқан жазалау механизмінің тісіне ілігіп кетеді. Осылайша жан дүниесі әлі
бұлініп үлгермегйі жасөспірімді бүкіл құрбы-құрдастары алдыңдағы сенімінен
айырып, оның келешекке деген көзқарасын сендіреміз 24,27.
Сондықтан да жастардың тәлім-тәрбиесіне жұмсалынатын қаражаттың
қомақты белігін ең алдымен мемлекеттің өзі көтеріп алуға тиіс деп ойлаймыз.
Ата Заңымыздағы қоғамымыздың басты қазынасы адам және оның құқықтары деген
иманды сөз де осыған саяды. Сонда мүмкіншілігі есептелінбестен әрдайым
жергілікті бюджеттің мойныңа іліне салынатын бұл істе ала-құлалық орын
алмай, жастарға жасалынатын жанашырлық еліміз бойынша біркелкі әркендер
еді. Ал дәл қазіргі жағдайда ол әрбір аймақтың қуат қарымына қарай әркелкі
жүргізіліп, стихиялық, сипат алуда.
Жастар тәрбиесін қашан да жауапты іс деп ұрандатып жатамыз. Ал оның бүгінгі
жай-күйі мен қордаланып қалған қомақты проблемалары осындай.
Соңғы кездері қылмыс жасаушылардың жас деңгейі жасарып барады деген
сөз мерзімді басылымдарда кең етек алып бара жатыр. Заңгер болған соң
осынау мәселе төңірегінде ой қозғамау ешбір мүмкін емес. Өйткені, қылмыстың
жасаруы ең алдымен Қазақстан, сосын қазақ ұлты үшін ең қатерлі қасірет.
Ендеше, оның қыр-сырын біз алыстан іздемей, өзіміздің отбасымыздан
қарастырғанымыз жөн. Өнер адамдары ортасында Театр киім ілгіштен
басталады деген қанатты қағида бар. Егер соны тарата келіп, заң саласы,
яғни қылмыс әлемінің жасаруы себептеріне байланыстырсақ, онда тәрбие
отбасынан, одан да әрі терең кетсек, ананың құрсағынан басталуы тиіс.
Бірақ, біз әңгімені бер жағы отбасынан бастасақ деп отырмыз. Сондықтан да
соңғы жылдары республикамызда жүргізілген социологиялық зертте-улерге орай
Сіздің отбасыңыз тату ма? деген сұраққа оқушылардың 72,2 пайызы иә, өте
тату, деп жауап берсе, ал 24,4 пайызы онша емес десе, қалған 1,8 пайызы
мүлде тату емес деген кесімді тұжырым айтқан. 1 пайызы болса мүлдем жауап
бермеген. Міне, осының өзінен-ақ қылмыс әлеміндегі жасөспірімдердің алатын
орның екшелеуге келгенде отбасының атқарар рөлін анық байқауға болады емес
пе.
Жалпы, адам жақсы-жаманды отбасынан біліп, оның қыр-сырын бойына
сіңіреді. Сондықтан да, жасөспірімдердің адамға, қоғамға, еңбекке, мемлекет
пен ұлтқа, соның ішінде өзінің ана тіліне деген көзқарасы ата-ананың
көрсеткен үлгісіне қарай қалыптасады. Олардың әрбір жасаған теріс қылықтары
ешуақытта да із-түзсіз қалмай баланың бойынан кәрініс табады. Мысалы, егер
әке шешесі үйге ұрланған зат әкелгенін байқаса, оны ол да бек қайталауы
мүмкін. Мұндай жағдайда тәрбие жөніндегі сөз бос әурешілік болып қалады.

Сондықтан да толыққанды жақсы тәрбие немесе отбасының ажырасуының
бала өмірінде алатын криминогендік орны ерекше. Мысалы, зерттелгендердің 68
пайызында кәмелетке толғанға дейін әкесі де, шешесі де болса, ал 32
пайызында әке-шешелерінің біреуі немесе екеуі де болмаған. Тіпті, оны
айтасыз, олардың 19,4 пайызы некесіз туғандар. Әрине, егер отбасында әке-
шешесінің біреуі болмаса, оның үстіне бала бірнешеу болса, олардың жүріс-
тұрысын қадағалау, жалпы тәрбие беру мәселесі өте қиынға соғады. Ата-ананың
жүріс-тұрысы да, іс-әрекеті де заңға қайшы келетін отбасында дұрыс тәрбие
беру мүмкін емес, бірақ соған қарамай, олардың келеңсіз мінез-қылықтары
баланы қайткен күнде де қылмыскер етіп шығарады деу де оншалықты шындыққа
жанаса қоймайды. Мұндай жағдайда ең басты нәрсе, балаға деген көңіл, оны
барынша мейірімділікпен ішке тарту немесе жатсынып жақтырмай сыртқа тебудің
рөлі ерекше. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепке
тұратын 15 мыңға жуық жасөспірімдердің басым көпшілігінде ата-аналарымен
мейірімді байланыс болмаған. Соның салдарынан олардың зорлық-зомбылық,
тіпті аш-көз пайдақорлық сипаттағы қылмыстарға баруына жол берген. Арнайы
психологиялық-әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ондай балалардың сол өзіміз
айтып отырған қоршаған ортаға келеңсіз әсер ететін жағдайда
тәрбиеленгендігін көрсетеді.
Қоршаған орта демекші, ендігі бір жүргізілген социологиялық
зерттеудің бір қыры — Жасөспірімдердің теріс жолға түсуіне не ықпал
етеді? деген сауалға төмендегідей жауаптар алынған. Олардың 7,5 пайызы
теріс жолға түсуіне туыстарының жасаған қылмысы әсер еткенін айтса, ал 14,1
пайызы отбасы мүшелерінің ішімдікке салынуын тілге тиек етеді. Үйдегі
жанжал, көзге шөп салуға байланысты бұзылдым деушілердің көрсеткіші — 2,3
пайыз, көшенің ықпалы тиді деушілердің саны 73,6 пайыз болып отыр.
Сұралғандардың 3,1 пайызы ғана әке-шешелерінің беделін сыйлап, келеңсіз
жолға түспегендерін әңгімелесе, мұғалімнің, яғни, ұстаздың беделін 2,3
пайызы ғана алға тартады. Осынау келтірілген цифрлардан аңғаратын жағдай,
алдымен жасөспірімдерге отбасы тәрбиесі, сосын барып оларды қоршаған орта,
араласқан қатар-құрбыларының кім екендігін тексеріп білудің маңыздылығы.
Жалпы, қалыптасып үлгермеген жасөспірім өз әке-шешесінің мінез-құлқындағы
жақсы-жаман қасиеттерді, сондай-ақ өзі араласып отырған ортадағы іс-
әрекеттердің оғаштарын тез қабылдайды. Мұның ішінде әсіресе жағымсыз жайлар
бойға тез сіңеді. Қазақтың жаман әдет жұқпалы деуі де сонда болса керек.
Ендеше, қиын жасөспірімдерді біз өзіміз ата-аналар, ұстаздар қолдан
жасаймыз 24,27.
Осынау қиын да, қызық кезеңде өмір сүріп жатқан жасөспірімдердің
тыныс-тіршілігін жасаған қылмыстарына қарап пайымдасақ, олардың көбісінің
отбасы, бала-бақша, мектеп секілді орындардан оң тәрбие кәрмегенін байқауға
болады. Олардың көпшілігінің өзінің ата-анасына мейірімсіз болып шығуының
сыры сонда. Олар өздерін отбасы мүшесімін деп толыққанды санай алмаған.
Яғни, қылмыс жасаған жасөспірім әлеуметтік-психологиялық оқшаулықта қалған.
Заң бұзушылықтың себептерін адамның өмір салтындағы кемшіліктермен
де байланыстырған жөн. Жалпы, кім-кімнің болмасын қылмысқа баруы, алдымен
оның тұрмыс-тіршілігі, кешкенкүн, сүрген өмірінен еш бөліп қарауға
келмейтін құбылыс. Оның алдың алуының жолдары да сан алуан. Бір қызығы,
қолдағы бар деректерге сүйенсек, сотталғандар отбасының 31 пайызы
балаларын қылмыстық жолдан сақтандырғысы келмеген, келген жағдайда да
қауқарлары жетпеген, ал 20 пайызы балаларының қылмыстық әрекетін біліп көре-
тұра, одан арашалап қалуға еш әрекет жасамаған. Сұралғандардың 49 пайызы
жүріс-турыстарыңа отбасындағылар көңіл бөлді ме деген сауалға жауап
берместен, үнсіз қалған. Бүдан жасалатын қорытынды, оларға отбасының оң
ықпалы болмай, өздерінің балалары алдыңда неге беделі болмағандықтарын
көрсетеді. Тіпті, оны айтасыз, кейбір ата-ана үшін баласының қылмыстық
жолға түскені жаңалық болып табылмаған. Ата-анасы оны біле-тұра жасырып, ел-
жұрттан ұят деген жалған намыстан аса алмай қалған. Міне, осының барлығы да
бала тәрбиелеудегі қателіктер мен кемшіліктерге үлкен жол ашады.
Соңғы кездері кейбір ата-ана аяқ астынан қарызға белшеден батып, дүние-
мүлік, үй-жайын сатуға мәжбүр болады. Бұл — нарық тудырған қиындық.
Міне, осының өзі бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөліне ерекше ықпал
ететіні тағы анық. Осы түста айта кететін жай, Жекешелендіру туралы заңда
тұрғын үйге баланың құқығы жайында ешнәрсе айтылып, көрсетілмеген. Үйсіз-
күйсіз қалған жасөспірім балалар үйінетапсырылады. Кейін, ол есейген соң
қайда барарын білмей далада қалары белгілі. Сол жасөспірімдердің өздерінің
басына түскен оқиғаларын жазып әкімшілік орындарына жолдаған хаттары да
жауапсыз қалып жатады. Сондықтан да Жекешелендіру туралы заңға өзгертулер
мен толықтырулар енгізіп, онда балалардың тұрғын үйге деген құқығы анық та
нақты көрсету керек. Бұл орайы келгенде айтылған мәселе.
Бала тәрбиесіндегі тағы бір аңғарғанымыз, пайдакүнемдік-зорлық
сипаттағы қылмыстарды жасау себептерінің бірі — мектеп тәрбиесіндегі
кемшіліктер. Сондықтан да қылмыстылық пен мәдениеттілік, білім және
біліктілік арасындағы байланыстарды ешуақытта бөле-жара қарамай, оларды бір
мақсаттағы негізде жүйелі жолға қою керек. Соған қарамай, білімдік
адамның өнегелік, құқықтық, мәдени деңгейінің жоғарғы көрсеткіші емес
екендігін де аңғаруға болады. Демек, мектепті де білім бермедін деп кінәлай
беруге де болмас. Бірақ, ол оның, яғни мектептің күнделікті тыныс-
тіршілігі, жұмысы. П.Лағафт деген ойшыл-заңгер бір кезде: Білімділік ілмыс
заңын азайта алмады, ол ек криминалистерге қылмыстарды жаңаша топтастыруға
мүмкіндік берді, себебі білімділік деңгейінің қылмыстың рөлі мен сипатына
әсер ететіндігі анықталды деп жазуының өзінде де осынау ойдың астары бар.
Енді бір деректерге қарасақ, кейбір отбасылар мектеппен барлық байланысты
жоғалтқан, олардың балаларын оқытып жүрген ұстаздармен, жалпы педагогиқамен
шаруасы жоқ, көптеген ата-аналар тіпті мектептегі ұстаздармен ұдайы
жанжалдасып, олардың айтқандарына құлақ аспайды да. Олар Балаларымызбен не
істеу керектігін мұғалімдерсіз-ақ езіміз білеміз деп санайды. Яғни, ата-
аналар жиналысына шақырғанға келмейді, мүғалімдермен араласуды ұнатпайды.
Қолдағы мәліметтерге жүгінсек, 5- сынып оқушыларының сауал қойылған 100 ата-
анасының 32-сі мектептің қайда екенін білмесе, ал 36-сы өз балалары оқып
жүрген сыныптың жетекшілерін танымайды екен. Баланың мектепте ан азды-көпті
оң өнегесі отбасында қолдау таппастан, қайта оның, түбіріне балта шабылады.
Сонымен, кәмелетке толмаған қылмыскерлер тобындағы мектеп оқушылары мен
студенттер үлесі аз (2,5 есе), ал КТУ оқушыларымен жұмыс істейтін жастардың
үлесі жоғары, (ол да 2,5 еседей). Бұл мәліметтердің отбасымен байланысы бар
екендігі сөзсіз, оны КТУ оқушыларының және өнегесіз нашар тәрбие берген
отбасынан шыққан жұмыссыз жастардың арасындағы қылмыстылықтың деңгейі
көрсетіп тұр. Мұның барлығын тәптіштеп айтып жатуымыздың сыры, балаларға
тәрбие берудегі отбасы және мектеп, жоғары оқу орындарының қоғамдағы алатын
орның аңғарту.
Қазіргі кезде тағы бір көпшілікті аландатып жүрген жай, қылмыстың
қала мен ауылдағы әртүрлі жағдайларға қарамастан жасарып жатқандығы. Тіпті,
кейбір ата-аналар қаланы қылмыс жасаудың ыңғайлы орталығы десе, ал ауылды
ондайдан алыс санайды. Нақты әлеуметтік құрылымдар және қоғамдық ықпал,
әрине қалада және ауылдық жерлерде әртүрлі. Бірақ, олар қоғамдық маңызы бар
мінез-құлыққа, оның ішінде қылмыстылыққа бірдей ықпал жасайды. Бұл жерде
әңгіме қаладағы әлеуметтік жағдайдың өзіндік ерекшелігін ашуда болып
отыр. Қаладағы қылмыстылықтың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы және кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғау және оларды дұрыс тәрбиелеу шаралары
Қылмыстық құқықтағы отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар мәселелерін қарастыру
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың ерекшеліктері
ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Отбасының және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
Баланың мүліктік құқықтары
Кәмлетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік
ОТБАСЫ ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫН ЖЕКЕ ҚҰРАМДАРҒА БӨЛУ МӘСЕЛЕСІ
Пәндер