Акциз салығы.


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

1. Кіріспе.

Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні.

2. Негізгі бөлім.

Тақырыбы: Акциз салығы.

1. 1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері.

1. 2. Акциз салығының ставкалары.

1. 3. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі.

1. 4. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы.

1. 5. Салық салу обьектілері, есептеу тәртібі.

1. 6. Салық базасы.

1. 7. Акцизделетін өнімдермен мазуттың кейбір түрлерін өндірушілермен ипорттаушылар тауарларына дербес сәйкестендірілген нөмір (ДСН-коды) беру.

1. 8. Салық есептері.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

1. 1. Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері.

Жанама салықтардың бірі-акциз салығы.

Акциздер-бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық.

Акциз-(латынның accidere-кесу деген сөзінен шыққан) -бұл көпшілік тұтынатын тауарларға салынатын жанама салық.

Акциз акцизделетін тауардың бағасына қосылады.

Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды түрде жоғары бағалар мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндірушілер төлейді.

Акцизделетін тауардың бағасы (ҚҚС-қосылған құн салығын есептемегенде)

төмендегідей есептеледі.

Тауардың бағасы = өзіндік құн + жиындық табыс (валовый доход) сатып алушы төлейді.

Акциздерді қолдану диопазоны (өңірі) онша үлкен емес-бұл негізінен ерекше, таңдаулы тауарлар, сондықтан тұтынушылардың осы тауарларды ауыстыратын басқа тауарларға көшуіне салыстырмалы мүмкіндігібар жәнебұл ретте осы салықты төлеуден «құтыла» алады. Қазақстанда акциздер, негізінен, бірінші қажеттілік тауарларына жатпайтын жоғары сұраныстағы тауарларға салынады.

Акциз әмбебаптық және жеке-дара акциздер деп бөлінеді. Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі. Оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Ал жеке-дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардыңтізбесі және акцизделетін қызмет түрлері.

Акциз салығы:

  • біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын тауарларға;
  • екіншіден, қызмет түрлеріне салынады.

Акциз салығын төлеушілер:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын жеке және заңды тұлғалар;
  2. Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар;
  3. Қазақстан Республикасының аумағында бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
  4. егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталғантауарлар бойынша акциз төленбесе, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
  5. Қазақстан Республикасының аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
  6. резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдықбөлімшелері.

Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл сайын ықшамдалыпкеледі.

1995 жылы 24сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес акцизделетін тауарлардың тізбесі:

  • тағамдық шикізаттан жасалған ішуге арналған этильді спирт пен тазартылған этильді спирт;
  • арақ;
  • ликер-арақ өнімдері;
  • күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар;
  • шарап;
  • коньяк;
  • шампан шарабы;
  • сыра;
  • шарап өнімдері;
  • темекі өнімдері;
  • құрамында темекі бар басқа да өнімдер;
  • бекіре және қызыл балық, бекіре және қызыл балық уылдырығы, бекіре және қызыл балық және уылдырықтан дайындалған жеңсік тағамдар;
  • алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;
  • өндірілген немесе өңделмеген мех терілер (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы) ;
  • таза мехтан тігілген бұйымдар, оның ішінде пальто, жакеттер, жамылғылар, палантиндер, бөкебай, мойынорағыштар, бас киімдер мен жағалар, тондар, пластиндер (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы) ;
  • мехпен жұрындалған пальто, келте пальто, жакеттер, жамылғылар (көртышқан, қоян, ит, бұғы, қой терілерінен басқасы) ;
  • таза былғарыдан тігілген киімдер;
  • хрусталь бұйымдар, жарық беретін хрусталь приборлар;
  • бензин (авиация бензинінен басқасы) және дизель отыны;
  • жеңіл автомобильдер;
  • атыс және газ қарулары (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін сатып алғандардан басқасы) .

Қазақстан Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес акцизделетін тауарлардың тізбесі;

  1. спиртің барлық түрлері;
  2. арақ;
  3. ликер-арақ өнімдері;
  4. күшейтілген сусындар, күшейтілген шырындар мен бальзамдар;
  5. шарап;
  6. коньяк;
  7. шампан шарабы;
  8. сыра;
  9. шарап материалдары;

10) темекі өнімдері;

11) құрамында темекі бар басқа да өнімдер;

12) бекіре және қызыл балық, бекіре және қызыл балық уылдырығы, бекіре және қызыл балық және уылдырықтан дайындалған жеңсік тағамдар;

13) алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар;

14) хрусталь бұйымдар, жарық беретін хрусталь приборлар;

15) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;

16) жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) ;

17) атыс және газ қарулары (мемлекеттік өкімет органдарының мұқтажы үшін сатып алынғандардың басқасы) ;

18) өңделмеген мұнай, газ конденсатын қоса алғанда;

19) электр қуаты.

Салық кодексі қабылданғалы бері акцизделетін тауарлардың саны біршама қысқарды. Атап айтқанда:

  • алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар ( 2003 жылы 29-шы қарашада №500-2 Заңына орай) ;
  • бекіре және қызыл балық уылдырығы (2004 жылы 13-ші желтоқсандағы №11-3 Заңына орай ) ;
  • атыс және газ қарулары (2004 жылы 13-ші желтоқсандағы №11-3 Заңына орай) ;

Сонымен бүгінгі таңдағы акцизделетін тауарлардың тізбесі мынадай:

  1. Спирттің барлық түрлері;
  2. Алкоголь өнімі;
  3. Темекі бұйымдары;
  4. Құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
  5. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отыны;
  6. Жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) ;
  7. Шикі мұнай, газ конденсаты.

Қызметтің акцизделетін түріне:

  1. Ойын бизнесін;
  2. Лотереяның ұйымдастыру мен өткізуді жатқызуға болады. yg

1. 2. Акциз салығының ставкалары

Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (жүз пайыздық) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі обьектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкалары тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді және жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, ал оның мөлшері Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28-қаңтар №137 Қаулысы.

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 жыл, №4, 56-құжат.

ЕурАзЭҚ

СЭҚ

ТН коды

Тауардың атауы

Салық базасы

(салық салу обьектісі)

Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 1
Тауардың атауы: 2
Салық базасы(салық салу обьектісі): 3
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 4
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 5
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2207-ден**
Тауардың атауы: 80 айн % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез-келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (тауар өндірушіде көрсетілген өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған кезде, алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препораттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 400 теңге/л
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 3 ЕВРО*/л
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2208-ден**
Тауардың атауы: 80 айн. %-дан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (тауар өндірушіде көрсетілген өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы болған кезде, алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препораттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:

475 теңге/л

100% спирт

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 3, 75-ЕВРО*/л-100% спирт
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2207-ден**
Тауардың атауы: 80 айн. %-дан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; тауар өндірушіден көрсетілген өнімді өндіру құқығына лицензиясы болған кезде, алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және де спирттер
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 40 теңге/л
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0, 3ЕВРО/л
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2208-ден**
Тауардың атауы: 80 айн. %-дан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; тауар өндірушіден көрсетілген өнімді өндіру құқығына лицензиясы болған кезде, алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзгеде спиртті ішімдіктер
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 47, 5 теңге/л 100%спирт
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0, 4 ЕВРО/л 100%спирт
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2208**
Тауардың атауы: Алкоголь өнімдері (этил спиртінің көлемдік үлесі 12 пайызға дейінгі басқа да әлсіз алкогольді ішімдіктерден, коньяктардан, брендиден, шарап сусындарынан, шараптардан, шампаннан, шымырлама, газдандырылған (інжулік) шараптардан өнделген шарап материалдары мен сырадан басқа)
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 250 теңге/л 100%спирт
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 4, 25 ЕВРО/л 100%спирт
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы:
Салық базасы(салық салу обьектісі):
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Этил спиртінің көлемдік үлесі көлемі 12 пайызға дейінгі басқа да әлсіз алкогольді ішімдіктер
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 250 теңге/л 100%спирт
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 3, 3 ЕВРО/л 100%спирт
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Коньяктар, бренди
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 100 теңге/л 100%спирт
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 4, 25ЕВРО/л 100%спирт
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:

2204, 2205, 220600-

ден

Тауардың атауы: Шарап ішімдіктері
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 50 теңге/л
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0, 4 ЕВРО/л
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Шараптар (шампанды, шымырлама, газдандырылған (інжулік) шараптарды қоспағанда)
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 40 теңге/л
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0, 4 ЕВРО/л
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Өңделген шарап материалдары
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 20 теңге/л
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0, 4 ЕВРО/л
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2203-00**
Тауардың атауы: Ашытылған сыра
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 8 теңге/л
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0, 2 ЕВРО/л
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2402
Тауардың атауы: Фильтрлі сигареталар
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:

230 теңге/

1000дана

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:

2 ЕВРО/

1000дана

ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Фильтрсіз сигареталар
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:

130 теңге/

1000дана

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:

2ЕВРО/

1000дана

ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 2403-ден
Тауардың атауы: Шегетін темекі, шайнайтын темекі, иіскейтін темекі
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 825 теңге/кг
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 5 ЕВРО/кг
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:

271011410

0-71011

590 0**

Тауардың атауы: Бензин (авиациялықты қоспағанда)
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:

2-қосым-

шаға

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:

232 ЕВРО/

1000 л

ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:

271019310

0-271019

490 0**

Тауардың атауы: Дизель отыны
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:

270900-

ден**

Тауардың атауы: Шикі мұнай, табиғи газ конденсаты
Салық базасы(салық салу обьектісі): Физ. көлемі.
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 0
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 0
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды: 8703
Тауардың атауы: Жеңіл автомобильдер
Салық базасы(салық салу обьектісі): Кедендік құны, немесе двигателінің көлемі
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары: 10 пайыз, бірақ 0, 5 евро/текше см-ден кем емес (двигателінің көлемі 3000см жоғары автомобильдер үшін ғана)
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Құмар ойын бизнесі ойын үстелі (лотереядан басқа)
Салық базасы(салық салу обьектісі):
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:

300-1400

АЕК

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Ақшалай ұтысты ойын автоматы
Салық базасы(салық салу обьектісі):
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 10-50 АЕК
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Тотализатор кассасы
Салық базасы(салық салу обьектісі):
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары:

60-400

АЕК

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:
ЕурАзЭҚСЭҚТН коды:
Тауардың атауы: Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу
Салық базасы(салық салу обьектісі): Оған акциз сомасын қоспағандағы сыйлық қорына жататын сомалар шегерілген мәлімделген түсім
Өндірілетін тауар және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары: 10%
Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары:

Тауарлардың номенклатурасы ЕврАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен де, тауарлардың атауыменде айқындалады.

Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін, бензинді (авиациялықтан басқа) және дизель отынын, көтерме және бөлшек сауда да сатуды жүзеге асыратын заңда және жеке тұлғалар сататын бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынына арналған акциз ставкалары.

Өдірушілердің өзі өндірген бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сату
4500
540
Өдірушілердің өзі өндірген бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сату: Заңды және жеке тұлғалардың бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сату
4500: 0
540: 0
Өдірушілердің өзі өндірген бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сату: Өдірушілердің бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану
4500: 5000
540: 600
Өдірушілердің өзі өндірген бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сату: Заңды және жеке тұлғалардың бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану
4500: 500 (немесе литріне 0, 37 теңге)
540: 60 (немесе литріне 0, 05 теңге)

1. 3. Акциз сомасын есептеу және төлеу тәртібі.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын бизнесі бойынша акциз ставкасын салық салынатын обьектілердің санына қолдану арқылы анықталады.

Салық кезеңінде салық салынатын обьектілердің саны өзгерсе, енгізілген (шығып қалған) обьектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.

Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын осында белгіленген шегерімдерге кемітуге құқығы бар.

Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатынмен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазаұстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерулерге тиіс.

Салық кезеңінде тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз слмасына шегерім жасалады.

Осы ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

Егер осында өзгеше көздлмесе, акцизделетін тауарларға акциз:

1) салық кезеңінің алғашқы он күн ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;

2) салық кезеңінің екінші он күн ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен;

3) салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс;

Алыс беріс шикізаты мен материалдарнан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде ол берілген күні т

Өз өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатын акцизделетін тауарлар өндірген кезде акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.

Ойын бизнесі бойынша акциз осында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленді.

Лотерея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан түскен акциз жүзеге асырылатын лотерея билеттерін сатуға шығару тіркелген күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді.

Акциз төлеу акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар:

1) спирт және алкоголь өнімдері бойынша акцизделетін тауарларды өндіруді және құюды;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, көзделген тәртіппен құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркеген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті. Құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылмыдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады. Акциз есебін құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына төменде белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда құрылымдық бөлімшелер үшін төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есепшотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

Осы белгіленген тәртіп спирт және алкоголь өнімдері бойынша акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды және де бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, өзі теркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер акциз төлеген жағдайда қолданылады. Жеке кәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай - салық кезеңі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табыстарға салынатын салық
Акцизделетін қызмет түрлерін есептеу және рәсімдеу тәртібі
Акциздер, қосылған құн салығы
Жанама салықтардың дамуы
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтар
Салық мекемелерінің акциз салығының төленуін қадағалауы
Жанама салықтардың қазіргі кездегі жағдайы мен олардың жаһандану жағдайындағы даму перспективалары
Қазақстанның Республикалық бюджетіндегі жанама салықтар қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес Республикалық бюджетіндегі жанама салықтардың қалыптасуы мен басқаруының өзекті мәселелер
Қазақстан Республикасының салық жүйесі және салық жүйесіндегі жанама салықтың орны
Акциз салығын төлеушілер, акцизделетін тауарлар және қызмет түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz