Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі. Ақша қаражаттарының есебі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. Бөлім. Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Вексельдер арқылы есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Кассадағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4Еесеп айырысу шотындағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5Валюта шотындағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Бухгалтерлік есептің бұрынғы анықтамасында, шоттар жүргізуге байланысты, көңіл бухгалтердің дәстүрлі функциясына негізделген. 1941 жылы Американың бухгалтерлер институтында бухгалтерлік есепке былайша анықтама берілген: “Есеп дегеніміз шоттарда операцияларды ақшалай өлшем бірлігінде тіркеу арқылы жіктеу және жалпылама көрсету мәдениеті, яғни кем дегенде оның бір бөлігі қаржылық сипат алатын, сонымен қатар алынған нәтижені көрсететін жазу”.
Қазіргі уақытта Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің елімізде әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар, мекемелер көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарылай береді. Ал кәсіпорындардың қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып келеді. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, онвң ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады.
Ақша қаражаттың есебін зерттеп бақылай отырып кез-келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екндігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым-қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1) Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша Несие Банктер»: Оқулық. – Алматы: «Экономика», 2005.
2) Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»: -Алматы: «ИздатМаркет», 2004.
3) Баймұханова С.Б.; Балапанова Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». – Алматы; Қазақ университеті, 2002.
4) Егемен Қазақстан. 1993. 13 қараша.
5) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылы 13 карашадағы Жарлығымен 15 караша Ұлттық валюта - тенге Күні, Қазакстан Республикасы каржы саласы кызметкерлерінің кәсіби мейрамы болып жарияланды (ҚР ПҮАЖ, 1997. №49. 454-бап.)
6) Қазақстан Республикасы Ұлттык Банк Басқармасының 2001 жылы 3 наурыздағы каулысымен колма-кол ақша белгісі — тиын акща айналымынан алынды. (Қараныз: Егемен Қазакстан. 2001. 29 наурыз).
7) «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
8) Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
9) Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I- Бөлім. Ақша қаражаттарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Вексельдер арқылы есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... . ... ... ... ... ... ... ... .
1.4Еесеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.5Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... . ... ... ... ..
1.6 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің бұрынғы анықтамасында, шоттар жүргізуге байланысты,
көңіл бухгалтердің дәстүрлі функциясына негізделген. 1941 жылы Американың
бухгалтерлер институтында бухгалтерлік есепке былайша анықтама берілген:
“Есеп дегеніміз шоттарда операцияларды ақшалай өлшем бірлігінде тіркеу
арқылы жіктеу және жалпылама көрсету мәдениеті, яғни кем дегенде оның бір
бөлігі қаржылық сипат алатын, сонымен қатар алынған нәтижені көрсететін
жазу”.
Қазіргі уақытта Қазақстан нарық экономикасына түгелімен көшті, оны
бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда біздің елімізде
әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар, мекемелер көп
болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарылай береді. Ал
кәсіпорындардың қызметінің дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға
байланысты болып келеді. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, онвң
ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып
жүргізілуі үлкен роль атқарады.
Ақша қаражаттың есебін зерттеп бақылай отырып кез-келген
кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екндігін, олардың қандай
тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым-қатынастарда,
қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге
болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін жедел және тиімді басқару үшін экономикалық
болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін және де халқымыздың
экономикасының даму заңдылықтарын терең зерттеу үшін пайдаланылады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі
экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ
сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы
тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен ішкі аудиті өзекті болып
есептелінеді.
I- Бөлім ақша қаражаттарының есебі
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдер, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша
шартты түрде пайдаланылады. Егерде контракт сомасы көрсетілген лимиттен
асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіпті олар
жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражатын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерін де банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік
валюталармен де жүогізіледі және олар ағымдық, жинақтық, корреспонденттік
болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке
және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлңмшелері
үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық
қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады.
Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша
қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін
ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұсатымен және қолданып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілерінің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше
көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді; қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе индоссаменттерді арқылы
беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банк шоттарына
аударуды; тапсырма – талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды;
республиканың заң актілерімен белгіленген басқада әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысулардың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптар мен
міндеттемелерді зачетқада жаза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары ондаа
көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты және тауарлық-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп
айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған
кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем
жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем
құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретіндеде ұсынуы мүмкін. Бұл
құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда,
олар екі данада толтырылады, біріншісі банкке қалдырылады да, оның
электрондық көшірмесі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни
ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады. Төлем тапсырманың
нысаны 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырманы толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды(БК немесе КБе) және жіберушінің коды (ЖК немесе
КОд) – бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі- резиденттік
белгісін, ал екіншісі- экономиканың секторын көрсетеді.
- бенефициар- аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк- алушы- банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы
көрсетіледі;
- бенефициар банкісі- бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберуші мен жасалған келісім- шарттың
негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген және теңдестірілген банктік коды (ЖТБК
немесе ИИК)- филиаларалық айналымдарының коды(ФАК немесе МФО);
- төлем айналымының коды- ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемадерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
- бюджеттік классификациясының коды- салықтарды кері қайтаруда қойылатын
код;
- валюттелген күні- ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына
қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатын кез-келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындаға жасалған келісімдер бойынша
төлем тапсырмалары; жедел мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асыралады;
аванстық төлем, тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдер.
Мерзімнен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аяасында тараптардың қаржылық жағдайвна зиян келтірілмейтіндей
етіп жасалуы керек.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі
болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру
жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған
болса да.
Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана
болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі-
депозиттермен қамтылған, ал екіншісі қамтылмаған болып бөленеді. Бұл кезде
чектердің төлегетіндігі жөніндегі банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның
ішінде жабылмайтын чектекр бойыншада. Чекті қолданумен байланысты банк пен
чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-
шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне
чек берушіге чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал
клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген ережелерін сақтауға міндетті. Чек
ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады.
Чектерге есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие
тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің мөрінің таңбасы
болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету
және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе онда
чекте және чектің түбіртегінде қиғашынан ”бүлінген’’ деп жазу жазылады,
мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңініне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынуы тиіс. Чек кітапшасының алынған чектің күшінде болу мерзімі жазылған
күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай
жағдайлары анықталса:
-егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
-чектің мерзімі өтіп кетсе;
-төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
-чек әр түрлі қолмен және ір түрлі сиямен жазылған болса;
-чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
-чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
-чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен
сәйкес келмесе;
-чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады.
Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік
палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада
тоқтатады.бұндай фактісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада
болады:
Біріншісі- банкте қалса;
Екіншісіне-көшірмесімен бірге тішкі істер органдарына беріледі;
Үшіншісі-Клирингтік палатаға берніледі;
Төртіншісі-чекті беруші банкке беріледі;
Мерзімі –өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші
банкке қайтарылады.

2. Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель- біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып бөлінеді.
Жай вексель (соло-вексель)- талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель(тратта)- вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші
вексель ұстаушыға немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір
уақытта, не ұсынған кезде, вексель көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы
басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз
табиғаты бойынша “бұйрыққа” ұқсас болып келеді. Вексель: құжат мәтініне
енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде “вексель” деп
жазылған атауыды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен
негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның атауы- тек аударма вексельде,
төлеу мерзімін, төлем жасалатын орнын көрсетеді; аімге немесе кімнің
бұйрығы бойынша төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған
күні мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптар құжатта тұтастай сақталмаса, тек
төменгі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем
мерзімі көрсетілмеген вексель ұсынғанда талап етуі бойнша төленетін вексель
ретінде қарастырылады.
Ерекше нұсқауы болмаған кезде төлем жасаушы мен қатар белгіленген
орны, төлем жасау орны және сонымен бірге төлем жасаушының тұратын орны
болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель
берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.
Аударма вексель вексель берушінің бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретінде берілуі мүмкін.ол вексель берушінің өзіне немесе үшінші
тұлғаның есебінен берілуі мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде
немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандайда бір басқа орында
төленуі мүмкін.
Вексельде пайыздық мөлшерлеме көрсетілуі тиіс, мұндай нұсқау болмаған
жағдайда шартқа қол қойылмаған деп саналады. Пайыздың есептелген күні
көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.
Кез-келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол
өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін. Егер вексель беруші аударма
вексельде “бұйрыққа емес” немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол
құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін.
Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа
кез-келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне
қарамастан төлем жасаушының пайдасына жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар өз
кезегінде, вексельді табыстай алуына болады. Индоссамент қарапайым, алдын
ала ешбір келісім- шарт қойылмаған болып келеді. Оның шарт жағдайларының
бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып
есептелінеді.
Индоссамент ұсынушыға бланктік күші бар индоссамент болып табылады.
Индоссамент аударма вексельде немесе оған қосылған параққа қол қойылуы
тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді.
Егер индоссамент бланктік болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына
немесе басқа бір адамның атына толтыра алады; өз кезегінде вексельді банк
арқылы немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және
индоссамент жасамай-ақ вексельді үшінші адамға бере алады.
Егер басқаша кері шарт болмаса, индоссант акцепт пен төлемге жауап
береді. Ол кейінгі индоссаментке тыйым сала алады; бұл жағдайда вексель
кейінгі табысталған адамдардың пайдасына шешілсе де, ол олардың
алдыңдажауап бермейді.
Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар
индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік
болғанымен, заңды аударма вексель ұстаушы тұлға ретінде қарастырылады.
Бұл ретте сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған деп
есептелінеді. Бланктік индоссаменттер кейін басқа индоссамент жасалса,
соңғысына қол қойған тұлға бланктік вексельді сатып алған индоссамент болып
есептелінеді.
Аударма вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін вексель ұстаушы
немесе қолында вексель тұрған қарапайым тұлға да төлем жасаушыға акцептеу
үшін тұрған жерінде ұсына алады.
Егер де төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе
қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз
келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады.
Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының бір бөлігін
аваль арқылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам
немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.
Аваль аударма вексельде немесе қосымша парақта беріледі. Аваль
берілген орын көрсетілсе, онда ол жеке актімен де берілуі мүмкін. Ол аваль
деп есептелсін деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі
мәтіндегі формуласымен білдірсе, оңда оған аваль берген адам қол қояды.
Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса,
аударма вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол
кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль
вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.
Авальшы ол үшін аваль берген адаммен бірдей жауап береді. Аударма
вексельге ақы төлей отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және
аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға
қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.
Аударма вексель ақы төлеу үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін белгілі
бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір күнде берілуі
мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізді мерзімдерін
қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель
ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың
ішінде төлем жасауға ұсынылуы мүмкін. Вексель беруші аудармалы вексельде
төлемге ұсынылатын мерзім белгіленуі мүмкін, бірақ белгіленген мерзімнен
бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы
мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта жасалған
аударма вексель бойынша төлем мерзіміне не акцептелген күнімен, не қарсылық
білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні
қойылмаған акцеп акцептантқан қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген
мерзімнің соңғы күнінде жасалған болып есептелінеді.
Мерзімі белгілі бір күнге немесе жасалғаннан кейін немесе ұсынғаннан
кейін белгілі бір уақытқа белгіленген аударма вексельді ұстаушы вексельді
төлеу күнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма
вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып
есептелінеді. Вексель ұстаушы бөлеп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп
төленген жағдайда төлем жасаушы мұндай төлем туралы білген болса, онда ол
туралы қолхат беруі тиіс. Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемді
мерзімінен бұрын алуға мәжбүрленбеуі тиіс. Мерзімі келгенге дейін төлем
жасауды төлем жасаушы өз тәуекелдігіне алады. Егер аударма вексель төлем
жасау орнында жүрмейтін валютада жасалса, онда оның сомасы жергілікті
валютада төлем мерзімі келген күгігдегі бағам бойынша жергілікті валютамен
төленеді. Егер борышкер төлемнің мерзімін өткізіп алса, онда вексель
ұстаушы өз қалауынша аударма вексель сомасын жергілікті валютада төлеу
мерзімі келген күнгі бағаммен төлеуді талап ете алады.
Вексель ұстаушылар индоссанттарға қарсы тұрған регрестерге өз құқығын
төлем мерзімі жеткен кезде де және одан бұрын да сата алады:
1. акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
2. егерде төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне
қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады,
тіптен оның жағдайын сот анықтамаса да немесе оның мүлкіне өтем алу
нәтижесіз болмаған жағдайда;
3. вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель бойынша банкрот деп
танылған жағдайда.
Вексель бойынша жасалатын төлем мен акцепт үшін жауапты тұлғаға
регрестік талабы вексель бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы
мүмкін.
Акцепт бойынша төлемнен бас тарту факті куәландыратын актімен
расталады.
Вексель беруші аударма векселінінің мәтінінде көрсеткен ресми
қарсылық білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінің қолы қойылған
өтінішпен алмастырылуы мүмкін.
Акцептеуге қарсылық акцептке ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде
жасалуы керек. Акцептеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем
жасамауға тағы да басқаша қарсылықбілдіруден босатады. Бірақ бұл қарсылық
алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.
Егер төленуге жататын аударма вексельдардің ісі ойдағыдай еместігі
байқалса, тіпті оның үшінші адам арқылы өтелуі бола тұрса да; немесе төлем
жасаушы басқа жерде тұрып, өзінің тұрған жерінен төлем жасауға тиісті бола
тұрса да; немесе белгілі бір уақыт өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге
жататын вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.
Төлем жасаушы оның вексельді акцептегеніне немесе акцептемегіне
қарамастан банкрот деп танылғанда, сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге
жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таныған жағдайда, вексель ұстаушының
өз құқықтарын жүзеге асыру үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот
шешімін ұсынуы керек.
Вексель ұстаушы өзінің индоссантын және вексель берушісін акцептемеу
немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт
жұмыс күнінің ішінде, “шығынсыз айналым” деп хабарланған жағдайда, онда
оның қабыл алынуы мүмкін. әрбір индоссант хабарлама алған күннен кейінгі
екі жұмыс күнінің ішінде алдынғы хабарламаны жібергендердің аттары мен
мекен-жайларын көрсете отырып, өз индоссантына, одан әрі вексель берушіге
дейін хабарлама алынған сәттен бастап, жүре бастайды.
Акцептемеу немесе төлем жасамау туралы қарсылық білдірілген жағдайда
нотариус бұл туралы вексель бойынша міндетті барлық адамдарға вексельдегі
не қарсылық білдіруді талап еткен адамдардан алынғаан мекен-жайларға сәйкес
жазбаша хабарлама жібере отырып, оларға ескерту жасайды.мұндай хабарлама
жөніндегі шығыстар қарсылық жөніндегі шығындарға қосылды.
Вексель беруші индоссант немесе авальшы құжатқа енгізілген және қол
қойылған “шығынсыз айналым”, “қарсылықсыз” деген немесе басқадай мағыналас
сөздер арқылы вексель ұстаушыны оның регресс, акцептемеуге немесе төлем
жасамауға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асырудан басталады. Бірақ вексель
беруші енгізген сөзге қарамастан, вексель ұстаушы қарсылықбілдірсе, онда
қарсылық білдіруге байланысты шығындар оның өзіне жатқызылады. Егер
ескертпе индоссант немесе авалист тарапынан жасалынса, онда қарсылық
бойынша қажет шығындар өз қолдарын қойған барлық адамдардан талап етіледі.
Аудару вексельін беруші, акцептеуші, индоссанттаушылардың барлығы немесе
онда авль қоюшылар вексель ұстаушының алдында барлығы бірдей міндетті болып
табылады. Вексель ұстаушы осы адамдардың әр қайсысына жеке-жеке және
барлығына бірдей талап қоюға құқылы.
Ол төлем жасағаннан кейін аударма вексельге қол қойған адамдардың
барлығының дәл осындай құқығы болуы керек. Міндеттемелердің біріне қойылған
талап олардың бастапқы алған міндеттемелірі бола тұрса да, басқаларына
талап қоюға бөгет болмауы керек.
Вексель ұстаушы өзі талап қойған адамнан мыналарды: аударма
вексельдің акцептельмеген немесе төленбеген сомасын, процентімен қоса, егер
олар белгіленген болса; вексель сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша өсім сомасын ала
алады; қарсылық білдіру бойынша шығындарын хабарлама жіберген кезінен
бастап талап ете алады.
Сатушы сатып алушыға ұсынатын төлемнің мерзімін кейінге қалдыру
“Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы” заңында белгіленген
талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Вексельдердің бланкісін сатып алған кезде олар өзінің нақты өзіндік құны
бойынша 821 шоттың дебетінде және 6714110шоттың немесе 687 шоттың
кредитінде көрсетіледі. Ал жедел есеп кезінде шарттық бағасы бойынша – 006-
шы Қатаң есеп беру бланкілері деген баланстан тыс шоттарда көрсетіледі.
Вексельдер қозғалысы бойынша шоттардың корреспонденциясы тиесілі
бөлімдерінде көрсетілген.
1.3 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассада болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шорттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 4511010 Кассадағы теңгемен ақша
қаражат бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
4521020 Кассадағы ұлттық валюта ақшақаражаты және шоттарында
жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) беріледі. Төлемдерге ақшаны
қабылдаған кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа
алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын
сандармен жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордегі төменде келтіріліп
отыр.
Жол-Өткен ААҚ
кәсіпорын, ұйым
№242 КАССА КІРІС ОРДЕРІ
Күні
айы

10
03

2002 ж.
Корреспонденттелген
шоттары, аралық шоты
Талдамалық
есеп коды
Сомасы
Нысаналы мақ-саттылығының
коды

334
72
700-00
06

Кімнен қабылданды Адишев Амангелдіден
Негіз: Пәтералық Жеті жүз
теңге 00 тиын

Қосымша: ______________________
Бас бухгалтер Ахметбекова Гауһар Алған кассир
Беспаев Ғалым

Жол-Өткен ААҚ
кәсіпорын, ұйым
№242 КАССА КІРІС ОРДЕРІНІҢ
КВИТАНЦИЯСЫ (ТҮБІРЕК)
Кімнен қабылданды Адишев Амангелдіден
Негіз: Пәтерақы
700 (Жеті жүз) теңге
(жазумен)
2002 жылғы 10 наурыз
М.О.
Бас бухгалтер Ахметбекова Гауһар Алған кассир
Беспаев Ғалым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі және оның аудиті
Ақшаны есепке алу
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты туралы
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Ақша қаражаттарының жалпы ұғымы
Ақша қаражаттары аудиті
Пәндер