35/10 кВ-тық «Анката» қосалқы станциясын қайта құру


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Қайта құрылатын қосалқы бекет (станциясың) ауданының

сипаттамасы . . . 8

  1. 2 Электрлік жүктеменің графигін тұрғызу. ……… . . . 92. 1 Жалпы тәртібі. ……… . . . 92. 2 Электрлік жүктеменің тәуліктік графигін тұрғызу . . . 9

2. 3 Жүктеменің ұзақтығы бойынша жылдық графигін тұрғызу . . . 11

  1. 3 35/10 кВ-ті қосалқы бекетке күштік
  1. 35/10 кВ-ті Қосалқы бекеттің электрлік жалғануының

схемасын таңдау және қысқа тұйықталу тоғын есептеу. . … . . . 19

  1. 4. 1 35/10 кВ-ті Қ/Б-ң электрлік жалғану схемасын таңдау. … . . . 194. 2 Қысқа тұйықталу тоғын есептеу . . . 19

5 Электрлік аппараттарды таңдау және оларды қысқа тұйықталу

  1. тоғының әсеріне тексеру . . . 235. 1 Коммутациялық аппараттарды таңдау және тексеру . . . 235. 2 Шиналарды таңдау және тексеру . . . 255. 3 Изоляторларды таңдау және тексеру . . . 295. 4 Ток трансформаторын таңдау және тексеру . . . 305. 5 Кернеу трансформаторын таңдау және тексеру . . . 335. 6 Асқын кернеу шектегіштерін таңдау . . . 34

6 Өздік қажеттіліктері және оперативті ток . . . . …. 36

7 Электр желістерін ақаулық режимдерден қорғау. … . . . 37

  1. 7. 1 Күштік трансформатор қорғанысының есебі…. . ……. 377. 2 Қорғаныс және автоматиканы жалпы баяндау…… . . . . … . . . 43

8 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі…. . . . . 46

8. 1 Негізгі тәртіптері . . . . . . 46

8. 2 Қосалқы бекеттің жерге қосу құрылғысының есебі. . ……. . 46 8. 3 Қосалқы бекетті найзағайдың тікелей соғуынан қорғау……. . … . . . 49 9 Технико-экономикалық көрсеткіштер …… . . . ……. . . . …. 51

10 Қорытынды

12 Қолданылған әдебиеттер тізімі

13 Қосымша

Кіріспе

Қазіргі уақытта ауылдық территорияларды электрэнергиямен қамту аймағында негізгі мәселе - жұмыс қабілеттілігі жылдан-жылға нашарлап бара жатқан, республиканың ауылдық территориясының қоныстанушы бөлігін қамтитын жүз мыңдаған километрлік таратқыш тораптарды қалпына келтіру. Алда оларды түпкілікті қайта құру негізінде сапалы техникалық жаңғырту және толық масштабты техникалық қайта жабдықтау тұр.

Объектілерді қайта құруды этап бойынша жүргізу қажет. Бірінші кезекті объектілерді мақсатына сай, жіңішке қималы алюмин өткізгішімен темірбетонды тіреуіші бар ағаштан жасалған тіректі АЖ-10 кВ-ке қосу; ағаш тіректі АЖ-35 кВ немесе тіректі-штырлі оқшаулағышпен; төмен вольтті желілерді ағаш тіректерде, сондай-ақ 10/0, 4 мачталы қосалқы бекеттер.

Саланың материалды-техникалық базасы және энергетикалық кәсіпорындардың негізгі фондтарының жоғары дәрежеде тозуы қазіргі заманғы талаптарға және энерготұтынудың өсу темпіне сай келмейді.

Тұтынушылар электрэнергиясының сапасына, электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығына талаптар іс жүзінде өсті. Қоршаған табиғи ортаны қорғауға, энергияны сақтауға, электр қондырғыда істейтін қызметшінің қауіпсіздігіне және тұрғындарға талаптар қатайды. Осы жағдайлар өзімен бірге көптеген басқарушы, нормативті және методикалық құжаттарды ( ПУЭ, СНиП, СН, НТПС, РД, ПТБ, ПТЭ және басқалар), сондай-ақ заң шығарушы және құқтық актілерді өңдеуге және нақтылауға алып келді. Жалпы қабылданған халықаралық техникалық стандарттар мен нормаларға ауысу және бейімделу мен оларды Қазақстан Республикасының әсер етуші заңдарына сәйкестендіру процесі іске асырылуда. Экономикалық талдау әдісін, таратқыш тораптың эксплуатациялық сенімділігін есептеуді, сондай-ақ жобалық шешімдердің экономикалық тиімді жаңа жүйелерін құруды жетілдіру қажеттілігі туындады.

Ғылыми-техникалық прогрестің салдарынан жоғарғы тиімділіктегі өнімдердің жаңа түрлері мен үлгілері - энергетикалық жабдықтар мен құрылғыларды, прогрессивті конструктивті және электротехникалық материалдарды, қазіргі заманғы релелік қорғаныстардың, автоматиканың, басқару және байланыстың микропроцессорлы кешендерін меңгеру жүргізілді.

Қазақстан рыногына алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің жаңа заманғы коммутациялық жабдықтары ене бастады. Қажетті жағдайларда отандық өнімге жалпы бейімделу отандық стандарттарға және республикадағы қажетті сертификацияға сай келетін, көбірек жетілдірілген импорттық жабдықтар және электротехникалық материалдар қолданумен ақталады.

Тораптық объектілерді қазіргі заманғы талаптарға сай тиісті эксплуатациялық жағдайға келтіру - бұл өте кең ресурсті, көп еңбекті және ұзақ жұмыс. Таратқыш тораптардың жоғары капитал сиымдылығын есепке алғанда, инвестицияның қажеттілігін және мемлекеттің ат салысуын ескеру қажет.

Барлық осы факторлар энергетикалық тораптар және электр энергияның қосымша қорек көздері кірістерінің аймақтық бағдарламасын этапты модернизация бойынша өңдеуді қамтамасыз етеді.

  1. Жобаланушы қосалқы бекет (станциясы) ауданының сипаттамасы

1. 1 Электрлік жүктеме және қоршаған орта жөнінде мәлімдеме

Анкаты ауылы Орал өзенінің сол жағалауында Батыс-Қазақстан облысының Теректі ауданында орналасқан:

  • Мұздақ бойынша IV аудан ( мұздақ қабырғасының қалыңдығы 25 мм-ге дейін ) ;
  • Жел бойынша III аудан (желдің шапшаңдық қысымы 50H/м2қа дейін) ;
  • Найзағайдың орташа ұзақтығы 40-50 сағ/жылына;
  • Сазды топырақ, жердің меншікті кедергісі p = 100 Омм;
  • Жер асты сулары 2, 7м тереңдікте орналасқан;
  • Топырақтың нормативті тоңдану тереңдігі 1, 8м;
  • Ауаның есептік температурасы: Ең салқын бес күндіктің орташасы ( -32оС ) ;

Ең салқын тәуліктің орташасы ( -36 о С ) ;

Қайта құрылатын қосалқы бекетті электрмен қамту 35 кВ-тік ауалық желі ҚБ 110/35/10кВ «Акжаик» арқылы жүзеге асырылады.

Қосалқы бекет жабдықтары физикалық, моральдық ескірген және тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын, сондай-ақ экология талаптарын қанағаттандырмайды.

Осы себептен жұмыс кезінде зақымданулар, селективті емес айырылулар электрэнергияның қосымша жоғалулары жиі болады.

Қазіргі уақытта тұрғын үй секторының энергиямен қарулануының өсуі және ауыл шаруашылығының дамуы қолдануда тұрған таратқыш тораптар мен қосалқы бекеттерді қайта құру және толықтыру қажеттілігін туындатты.

Бастапқы берілгендер ретінде 35/10 кВ Анката Қ/Б-ң 22. 06. 2010 және 22. 12. 2010 жылдарға 10 кВ шинасындағы жүктемелердің тексеруші өлшеулері, кесте-1, сондай-ақ 10 кВ шығыстық желілер бойынша жүктемелердің сағат сайынғы өлшеулері, кесте-2 келтірілген.

  1. 2 Электрлік жүктеменің графигін тұрғызу

2. 1 Жалпы тәртібі

Энергожүйедегі қосалқы бекеттердің жұмыс режимін анықтайтын, жекелеген тұтынушылардың электрлік жүктемелері, сондай-ақ олардың жалпы жүктемелері үздіксіз өзгеріп отырады. Бұл фактыны уақыт бойынша электрқондырғылардағы қуаттың(тоқтың) өзгеру диаграммасымен, яғни, . жүктеме графигімен бейнелеу қабылданған. Сондықтан оларды тәуліктік(24 сағ), маусымдық және жылдық деп бөледі.

Зерттелетін орны немесе энергожүйенің оларға қатысты элементі бойынша, графиктерді келесі топтарға бөлуге болады:

- тұтынушы қосалқы бекеттердің шиналарында анықталатын, тұтынушылардың жүктемелік графиктері;

- тораптық графиктік жүктеме- аудандық және түйіндік қосалқы бекет шиналарында;

- энергожүйенің қорытынды жүктемесін сипаттайтын, энергожүйенің жүктемелік графиктері;

- қосалқы бекеттердің жүктемелік графиктері;

Графиктерді электрқондырғылардың жұмысын талдау, электрмен қамту жүйесін жобалау, электрді тұтынуға болжам жасау, жабдықтардың ремонттарын жоспарлау, сондай-ақ пайдалану кезеңінде қалыпты жұмыс режимін жүргізу үшін қолданады.

  1. 2. 2 Электр жүктеменің тәуліктік графигін тұрғызуҚайта құрылатын ҚБ 35/10 кВ «Анката»-да жүктеменің уақыт бойынша өзгеруінің түрліше сипаттамасына ие тұтынушылары бар. Әдетте оларды жобалағанда типтік график бойынша анықтайды.

Активті қуаттардың және қуат коэффициенттердің (cosf) белгілі мәндері бойынша жүктеме графигінің қысқы және жазғы күндердің әрбір сатысы үшін толық қуат (S) -ті мына өрнекпен анықтаймыз:

(2. 2. 1)

2. 1 кесте 35/10 кВ «Анката» қосалқы бекетінің 21. 12. 2010 ж-ға 10 кВ желісі бойынша тексеру өлшеуі

Уақыты
Тоқ, А

Л-1

Бузай

Л-2

Насосная

Л-3

Талпын

Л-4

Ферма-3, 5

Л-5

Центр. ус.

Л-6

Школа

Кіріс

10 кВ

Уақыты: 1
Тоқ, А: 00:00
6
4
7
3
8
3
31
Уақыты: 2
Тоқ, А: 04:00
4
3
5
2
7
2
23
Уақыты: 3
Тоқ, А: 08:00
18
17
19
13
24
7
98
Уақыты: 4
Тоқ, А: 12:00
13
16
16
7
18
5
81
Уақыты: 5
Тоқ, А: 16:00
18
17
19
13
24
7
98
Уақыты: 6
Тоқ, А: 20:00
27
19
26
15
32
8
127

Кіріс тоқтарының мәні бойынша активті қуатты табамыз:

Активті қуат бойынша толық қуатты табамыз:

2. 2 кесте 35/10 кВ «Анката» қосалқы бекетінің 21. 06. 2010 ж-ға 10 кВ желісі бойынша тексеру өлшеуі

Уақыты
Тоқ, А

Л-1

Бузай

Л-2

Насосная

Л-3

Талпын

Л-4

Ферма-3, 5

Л-5

Центр. ус.

Л-6

Школа

Кіріс

10 кВ

Уақыты: 1
Тоқ, А: 00:00
5
3
5
2
6
2
23
Уақыты: 2
Тоқ, А: 04:00
4
2
4
2
5
1
18
Уақыты: 3
Тоқ, А: 08:00
15
13
16
12
19
5
80
Уақыты: 4
Тоқ, А: 12:00
13
11
14
9
17
4
68
Уақыты: 5
Тоқ, А: 16:00
16
14
17
12
20
6
85
Уақыты: 6
Тоқ, А: 20:00
22
19
23
15
26
7
112

Кірістегі тоқтар мәні бойынша активті қуатты табамыз:

2. 3 Ұзақтығы бойынша жылдық графикті тұрғызу

Жылдың әр түрлі маусымдарындағы тәуліктік жүктемелік графиктерді максималды қуатқа қатысты салыстырмалы бірлікпен ала отырып, ұзақтығы бойынша жылдық графикті тұрғызуға болады.

Егер, мысал үшін тұтынушылар жылдың 180 күнінде жаздық графикпен, ал 185 күнінде қыстық [13] графикпен жұмыс жасаса, ұзақтығы бойынша жылдық графиктің тұрғызылуы мынадай:

t1 = t1л 180 + t1з 185 (2. 3. 1)

t2 = t2л 180 + t2з 185

.

t i = t i л 180 + t i з 185

Ұзақтығы бойынша жылдық графиктің ауданы тұтынушылардың бір жылға пайдаланған Аг электр энергияның мөлшерін сипаттайды.

Р1 = 274, 4 кВт: болғанда t1= = 4 ×180=720сағ;

Р2 = 350, 6 кВт: болғанда t2=4×180+4×185 = 1460 сағ;

Р3 = 472, 5 кВт: болғанда t3=4×185= 740 сағ;

Р4 = 1036, 5 кВт: болғанда t4=4×180= 720 сағ;

Р5 = 1219, 3 кВт: болғанда t5=4×180 = 720 сағ;

Р6 = 1234, 6 кВт: болғанда t6=4×185= 740 сағ;

Р7= 1295, 5 кВт: болғанда t7=4×180= 720 сағ;

Р8= 1493, 7 кВт: болғанда t8=8×185=1480 сағ;

Р9= 1707, 1 кВт: болғанда t8=4×180 = 720 сағ;

Р10= 1935, 6 кВт: болғанда t8=4×185 = 740 сағ;

Т сум = 8760 сағ.

Егер Аг электр энергиясының мөлшерін Рмах максимал қуатқа бөлсек, максимумды қолдану сағатының(Т мах ) жылдық саны шығады, ал жыл ішіндегі барлық сағаттар санына бөлсек (8760 cағ-қа тең деп қабылданады) орташа жылдық қуат Рср. г. табылады.

(2. 3. 2)

(2. 3. 3)

Қысқы және жазғы күндердің жүктеме графиктері және ұзақтығы бойынша жылдық график А1 «Жүктемелер графигі» бетінде көрсетілген.

3. 35/10 кВ қ/б-ке күштік трансформаторларды таңдау

Сенімділік бойынша ІІ категориялы тұтынушылардың бар екенін ескере отырып, қондырғыға екі трансформатор аламыз. Мүмкін болатын жүктелу есебімен Қ/Б-ң трансформатор қуаттарының екі түрлі нұсқасын белгілейміз.

Тұтынушылардың тәуліктік жүктеме графигінен ең көп жүктелген күн үшін максимальды жүктеменің мәнін S м =2199, 6 кВА және осы жүктеменің осы тәуліктегі ұзақтығын t п = 4сағ. анықтаймыз. Мына өрнекпен ең көп жүктелген тәуліктің жүктеме графигінің толтыру еселігін анықтаймыз:

; (3. 1)

;

Тәуліктік жүктеме графигімен сәйкестендіре отырып, трансформатордың мүмкін болатын жүйелі түрдегі жүктелуін шамамен қабылдаймыз К З. Г = 0, 56; болғанда

S доп =0, 11×S н. тп.

Жылдық жүктеме графигінің біркелкі емес болу есебінен(жаздың күндерінде аз жүктелуден) трансформатордың қосымша жүктелуі жорамалдануы мүмкін, бірақ 30%-тен көп емес, яғни S доп =1, 3×S н. тп. , S // доп. =0, 13 S н. тп. . деп қабылдаймыз

Қалыпты режимдегі максималды жүктемеде трансформатордың мүмкін болатын жалпы(толық) жүктелуін анықтаймыз:

;

Трансформатор қуатының екі вариантын белгілейміз:

1-ші вариант : 1600 кВА-лік екі трансформатор. Қалыпты жағдайда трансформаторлар толық емес жүктелумен жұмыс жасайды. Максимум сағатында жүктелу еселігі мынаған тең:

; (3. 2)

2-ші вариант: 1000 кВА-лік екі трансформатор. Жоғарыда анықталған жүктелу есебінен, екі трансформатор да қалыпты режимде тұтынушылардың максималды жүк кезіндегі барлық керекті қуатты өткізе алады. Сондықтан екі трансформатордың мүмкін болатын қуаты мынаны құрайды:

кВА;

Жалпы көзқарас бойынша қалыпты жұмыс режимінде екі вариантты да қабылдауға болады.

Белгіленген трансформаторлардың біреуі айырулы болғандағы жұмыс мүмкіндігін тексерейік:

1-ші вариант: 1600 кВА-лік екі трансформатордың біреуі айырылған кезде қалған трансформатор мынадай қуатты өткізе алады:

кВА, яғни барлық тұтынатын қуат. 1, 4 еселігі трансформатордың авариядан кейінгі мүмкін болатын жүктелуін көрсетеді.

2-ші вариант: 1000 кВА-лік екі трансформатордың біреуін айырғанда қалғаны мынадай қуатпен жұмыс жасай алады:

кВА, бұл барлық тұтынатын қуаттың 64 %-н құрайды, бұл режимде ІІ категория тұтынушыларының жұмысы бұзылмайды, ал ІІІ категория тұтынушыларында біраз уақытқа ғана үзіліс болатынын ескеріп, 2-ші вариантты да қабылдауға болады деп есептейміз.

Енді трансформаторлар жұмыс режимдерінің қайсысы экономикалық жағынан тиімді екенін анықтаймыз:

35/10 кВ-ті трансформаторлардың техникалық мәліметтері [4] -те келтірілген.

1-ші вариант:

2-ші вариант:

Трансформаторлардың экономикалық тиімді жұмыс режиміндегі бір жылдық қуат және энергия жоғалтуларын анықтаймыз:

кВар; (3. 3)

кВар; (3. 4)

; (3. 5)

, (3. 6)

Мұндағы:

- трансформатордың қысқа тұйықталуының келтірілген қуат шығындары, олар трансформатордағы және онымен өндірілетін электрмен жабдықтау жүйесінің элементтеріндегі трансформатормен тұтынатын реактивті қуатқа байланысты, активті қуат шығындарын ескереді;

- трансформатордың қысқа тұйықталуының келтірілген қуат шығындары, олар трансформатордағы және онымен өндірілетін электрмен жабдықтау жүйесінің элементтеріндегі, трансформатормен тұтынатын реактивті қуатқа байланысты, активті қуат шығындарын ескереді;

- бос жүрістің қуат шығындары (есептеулерде оларды шамамен трансформатор болатындағы шығындарға тең деп санайды)

- қ. т. жоғалтулары (трансформатордың металл орамдарындағы жоғалтулар) ;

- жоғалудың өзгеру еселігі (өнеркәсіптік кәсіпорынның қорек көзінен алшақтығына тәуелді және мынадай шекте болады 0, 02-0, 12 кВт/кВар[5] )

Есепте = 0, 05 кВт/кВар деп қабылдаймыз

кВт;

кВт;

Трансформатордағы қуаттың келтірілген қателіктерін мына шартпен анықтаймыз:

, (3. 7)

мұнда: -жүктелу еселігі;

- трансформатордың шын мәніндегі жүктемесі (немесе жобалау кезеңіндегі есептік) ;

Жүктеменің жылдық графигі бойынша бір трансформатордағы жүктеменің барлық сатыларындағы қуаттың келтірілген жоғалтуларын анықтаймыз:

кВт;

Жылдық жүктеме графигінің қалған сатылары үшін есептеулер ұқсас, мәліметтерді 2. 4. 1-ші таблицаға енгіземіз.

Екі параллель жұмыс жасайтын трансформаторлардағы келтірілген қуат жоғалтулары:

; (3. 8)

Мұнда - өзара бірдей трансформаторлардағы жүктеменің ортасынан бөліну есебінен алынған жүктелудің жаңа еселігі.

кВт;

Есептелген мәліметтерді 2. 4. 1 кестеге енгіземіз.

2 - ші вариант: кВар;

кВар;

кВт;

кВт;

;

кВт;

кВт;

Есептелген мәліметтерді 2. 4. 2 кестеге енгіземіз.

Жұмысты екі трансформатормен жасаған кездегі жүктемені табамыз:

1) 1600 кВА-лік трансформаторлар үшін (2-ші вариант) :

кВА; (3. 9)

2) 1000 кВА-лік трансформаторлар үшін (1-ші вариант) :

кВА;

Қуаттар және электрэнергияның жылдық жоғалтуларын анықтайтын есептеулер 1-ші вариант үшін 3. 1-ші, 2-ші вариант үшін 3. 2-ші таблицаларда берілген.

3. 1 кесте Қуат және электрэнергияның жылдық жоғалтуларын анықтау

(1-ші вариант)

Жүктеме сатыларының №-і
жүктеме, кВА
К з
К з; 0, 5
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл
Жүктеме сатыларының №-і: 1
жүктеме, кВА: 311, 7
Кз: 0, 19
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 5, 7
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 4104
Жүктеме сатыларының №-і: 2
жүктеме, кВА: 398, 4
Кз: 0, 25
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 1460
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 6, 2
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 9052
Жүктеме сатыларының №-і: 3
жүктеме, кВА: 536, 9
Кз: 0, 33
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 740
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 7, 4
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 5476
Жүктеме сатыларының №-і: 4
жүктеме, кВА: 1177, 8
Кз: 0, 73
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 17, 4
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 12528
Жүктеме сатыларының №-і: 5
жүктеме, кВА: 1385, 6
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 43
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 18, 3
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 13176
Жүктеме сатыларының №-і: 6
жүктеме, кВА: 1402, 9
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 44
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 740
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 18, 5
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 13690
Жүктеме сатыларының №-і: 7
жүктеме, кВА: 1472, 2
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 46
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 19, 4
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 13968
Жүктеме сатыларының №-і: 8
жүктеме, кВА: 1697, 4
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 53
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 1480
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 22, 6
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 33448
Жүктеме сатыларының №-і: 9
жүктеме, кВА: 1939, 8
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 61
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 26, 9
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 19368
Жүктеме сатыларының №-і: 10
жүктеме, кВА: 2199, 6
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 69
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 740
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 31, 5
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 23310
Жүктеме сатыларының №-і: Барлығы жылына
жүктеме, кВА: 148120

3. 2 кесте Қуат және электрэнергияның жылдық жоғалтуларын анықтау (2-ші вариант)

Жүктеме сатыларының №-і
жүктеме, кВА
К з
К з; 0, 5
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл
Жүктеме сатыларының №-і: 1
жүктеме, кВА: 311, 7
Кз: 0, 31
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 5, 0
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 3600
Жүктеме сатыларының №-і: 2
жүктеме, кВА: 398, 4
Кз: 0, 39
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 1460
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 5, 9
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 8614
Жүктеме сатыларының №-і: 3
жүктеме, кВА: 536, 9
Кз: 0, 53
Кз; 0, 5: -
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 740
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 7, 9
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 5846
Жүктеме сатыларының №-і: 4
жүктеме, кВА: 1177, 8
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 59
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 17, 7
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 12744
Жүктеме сатыларының №-і: 5
жүктеме, кВА: 1385, 6
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 69
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 21, 8
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 15696
Жүктеме сатыларының №-і: 6
жүктеме, кВА: 1402, 9
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 7
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 740
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 22, 2
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 16428
Жүктеме сатыларының №-і: 7
жүктеме, кВА: 1472, 2
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 74
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 23, 7
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 17064
Жүктеме сатыларының №-і: 8
жүктеме, кВА: 1697, 4
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 85
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 1480
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 29, 2
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 43216
Жүктеме сатыларының №-і: 9
жүктеме, кВА: 1939, 8
Кз: -
Кз; 0, 5: 0, 97
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 720
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 36, 1
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 25992
Жүктеме сатыларының №-і: 10
жүктеме, кВА: 2199, 6
Кз: -
Кз; 0, 5: 1, 09
Жүктеменің берілген сатысының ұзақтығы, сағ/жыл.: 740
Трансформаторлардағы қуаттардың жоғалулары, кВт: 44, 4
Трансформаторлардағы электрэнергияның жоғалулары, кВт•сағ/жыл: 31968
Жүктеме сатыларының №-і: Барлығы бір жылға
жүктеме, кВА: 181168

1-ші вариантты алдын-ала қабылдаймыз, 1600 кВА-лік екі трансформатормен жабдықтау. Мұнда электрэнергияның жылдық жоғалуы 148120 кВт*ч/г -ты құрайды. Ал, екінші вариантта екі трансформатор 1000 кВА-ден, жылдық электрэнергия жоғалуы 181168 кВт*ч/г -ты құрайды.

Электрмен қамту вариантының ақырғы таңдауы 8-ші «Техника - экономикалық көрсеткіштер» бөлімінде жасалған.

3. 3 кесте ҚБ 35/10 кВ-ті күштік трансформаторлардың техникалық мәліметтері

Трансформатор түрі
Номиналды қуат, S н. т. , кВА

Номина

лды кернеу,

U н , кВ

Қысқа тұйықталу кернеуі, U k , %

Бос жүріс шығындары, Р хх ,

кВт

Қысқа тұйықталу шығындары, Р кз , кВт
Бос жүріс тоғы I xx , %
Трансформатор түрі: ТМ-1600/35
Номиналды қуат, Sн. т., кВА: 1600
Номиналды кернеу,Uн, кВ: 35
Қысқа тұйықталу кернеуі, Uk, %: 6, 5
Бос жүріс шығындары, Рхх,кВт: 3, 65
Қысқа тұйықталу шығындары, Ркз, кВт: 18
Бос жүріс тоғы Ixx, %: 1, 4

4 35/10 кВ-ті қосалқы бекеттің электрлік жалғануының схемасын таңдау және қысқа тұйықталу тоғын есептеу

4. 1 35/10 кВ-ті Қ/Б-ң электрлік жалғану схемасын таңдау

Екі трансформаторлы Қ/Б-ті салғанда жоғарғы кернеу жағынан электрлік жалғанудың неғұрлым қарпайым схемасын жүзеге асырған қолайлы. Айырғыштардың, жалғаулардың мейлінше аз саны, айырғыштың құны трансформаторлық қондырғының құнымен шамалас болған кезде әсіресе тиімді.

Қалыпты жағдайда трансформаторлар жеке-жеке жұмыс жасайды. Осы себептен Қ. Т. тоғы екі есе азаяды, бұдан 1000 В-ке дейінгі аппараттардың жұмыс жасау шарттары жеңілдейді. Трансформаторлардың біреуі айырылған кезде екіншісі секциялық автомат немесе айырғыш арқылы қосылып, өзіне жүктеменің бәрін немесе белгілі бөлігін қабылдайды және қорек көзі қалыпқа келгенше шамадан тыс жүктелумен жұмыс жасайды.

4. 2 Қысқа тұйықталу тоғын есептеу

Қысқа тұйықталу тоғын есептеу аппараттарды таңдау үшін және электр қондырғылар элементтерін (шиналар, изоляторлар, кабельдер және т. б) электрдинамикалық және термиялық беріктігіне тексеру, релелік қорғанысты жобалау және жөндеу, найзағайдан қорғану схемалары мен құралдарын таңдау, тоқшектегіш және жергеқосқыш құрылғыларды таңдау және есептеу үшін жасалады.

А-4 парағыңда «Акжаик» 110/35/10 кВ Қ/Б-нен АЖ-35 кВ арқылы қоректендірілген 35/10 кВ-ті қос трансформаторлы «Анката» қосалқы бекетінің есептік схемасы келтірілген

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жақсыбай қосалқы станциясының электр құрылғылары
Мойнақ су электр санциясының басты сұлбасы өңдеу
Балқаш ЖЭС құрылысы
Павлодар қаласының электр желісінің картасхемасы
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ СҰЛБАСЫ
Газ турбиналы қондырғылардың классификациясы
35/10 кВ «Қараоба» қосалқы станциясын жобалау
Қуаты 1800 МВт конденсациялық электр станциясын жобалау
Кентау жэо-ның жаңа техникалық қондырғыларының энергетикалық көрсеткіштерін есептік зерттеу
Алмагүл 35/10 кВ-тық қосалқы станциясын қайта құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz