Жеке тұлға жайлы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

эмблема ЗКАТУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Қазақстан тарихы және философия» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Жеке тұлға жайлы

Орындаған: МПСМҒ-11 топ

магистранты Бегалиева Г. С.

Тексерген: п. ғ. қ., аға оқытушы

Кабулова Г. К

Орал 2013

Жоспары:

1. Жеке тұлға мәселесі мен оның дамуы;

2. Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері.

3. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен психологтардың кебін кешуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай бағынатынын жөніндегі көзқарастар сан алуан, өйткені тұлга үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылық-кезеңдері, тұлға дамуының дағдарыстары (кризис), дамуын тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның дамуын өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория дамуы деп адамның биологиялық табиғатының коғамда өмірге бейімделуін, белгілі қорғаныс механизмдерінің пайда болуын, қажеттіктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес зандылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлға аралық өзара әрекеттерінің калыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялык, теориялар оны "Мен" деген түсініктің калыптасуымен ұштастырады.

Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар.

Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: калыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мумкіндік береді (1-кестеде көрсетілген) .

Психологтарға үйреншікті ой бойынша тұлға әлеуметтік ортада өсіріп тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік пен сондықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі.

Осы процесс сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін қанағаттандырылуы әлеуметтену деп аталады.

Тұлға дамуының кезеңдері (Э. Эриксон бойынша) 1-кесте

Даму кезеңі
Дамудың калыпты желісі
Дамудың аномалды желісі
Даму кезеңі: 1. Ерте нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жасқа дейін)
Дамудың калыпты желісі: Адамдарға деген сенім. Өзара махаббат үшін болуы, ата-ана мен баланың бірін-бірі тануы, балалардың араласудағы және басқа да кажеттіліктерін қанағаттандыру.
Дамудың аномалды желісі: Анасының баласына нашар қарауының нәтижесі ретінде баланың адамдарға сенбеуі, мән бермеушілік, немқұрайлық махаббаттан айыру. Баланы ана сүтінен өте ерте және күрт айыру, баланы эмоционалдық оқшаулануы.
Даму кезеңі: 2. Кейін нәрестелік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
Дамудың калыпты желісі: Дербестік, өзіне-өзі сену. Бала өзін дербес, жеке, бірақ әлі ата-анасына тәуелді адам деп санайды.
Дамудың аномалды желісі: өз-өзіне сенбеу, өте ұялшақ болу. Бала өзіне бейімделмегендігін сезініп, қабілеттеріне күдіктенеді. Қарапайым кимыл әдеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді, мысалы, жүргенде оның сөйлеу кабілеті нашар дамыған, кемшіліктерін қоршағандардан өте қатты жасыру қалыптасады.
Даму кезеңі: 3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасында)
Дамудың калыпты желісі: Қызығушылық және белсенділік. Қоршаған ортаны қызыға зерттеп, бейнелерді елестету, ересектерге еліктеу, түрлі рөлдерге қосылу.
Дамудың аномалды желісі: Пассивтілік және адамдарға мән бермеу. Инициативаның болмауы, салбыр болу, басқа балалардан кызғану, ұсыныстардан бас тарту, рөлдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
Даму кезеңі: 4. Орта балалык шақ (5 пен 11 жас аралығы)
Дамудың калыпты желісі: Еңбекті сүю. Мойнына жүктелген парызды сезіну, табыстарға ұмтылу. Танымдық және коммуникативті білім мен әдеттердің дамуы өз алдына шынайы мақсат койып, оған жетуге тырысу. Инструменттерде ойнауды белсенді меңгеру, шешімдер қабылдау.
Дамудың аномалды желісі: Өзін-өзі кемсіту, әлсіз дамыған еңбек ету қимылдары. Күрделі тапсырманы орындаудан, басқалармен жарысудан бас тарту. Дауыл алдындағы немесе жыныстық жетілу кезеңі алдындағы тыныштық сезімі. Біреуге бағынушылық туралы есептерді шешкенде жұмысы зая кететіндей сезіну.
Даму кезеңі: 5. Жыныстық жетілу жеткіншек жасы және бозбалалық (11 мен 20 жас аралығы)
Дамудың калыпты желісі: Өз болашағын анықтау уақытша перспективаның болашаққа жоспардың дамуы қандай болу. Кім болу деген сұрақтарға жауап іздестіру. Білім алу үйрену. Тұлғааралық тәртіп формаларындағы жыныстық ерекшеліктер дүниеге көзқарастың қалыптасуы. Құрбылар арасында лидер болу қажет болса оларға бағыну.
Дамудың аномалды желісі: Рөлдердің шатасуы. Уақытша перспективалардың ығысуы және араласуы: болашақ пен осы шақ туралы ғана емес, өткен шақ туралы да ойлардың пайда болуы. Рухани күштерді өзін-өзі тануға жұмсау, сыртқы әлем, қоршаған адамдармен қарым-қатынас орнатудың орнына өзін-өзі түсінуге тырысу, еңбек белсенділігін жоғалту, жыныстық айырмашылықты көрсететін рөлдердің ауысуы, болуға ұмтылмау. Мораль мен дүниеге көзқарастың шатасуы
Даму кезеңі: 6. Ерте ересек шақ (20 мен 45 жас аралығы)
Дамудың калыпты желісі: Адамдарға жақын тарту оларға көмектесуге тырысу. Бала сүйіп оларды тәрбиелеу, махаббатпен жұмыс. Жеке бас өмірімен қанағаттану
Дамудың аномалды желісі: Адамдардан оқшаулану, олардан қашу, әсіресе жақындардан, олармен жыныстық қатынасқа түсуден қашу. Мінездің ауыр болуы. адамдарды таңдамай араласу, болжамға келмейтін әреекеттер жасау. Мойындамау, оқшаулану, әлем қауіптерге толы-мыс деген ойлардың әсерінен психика ауытқуының, жан дүниеде күйзелуінің алғашқы белгілері.
Даму кезеңі: 7. Орта ересек шақ (40-45 жә­не 60 жас аралығы)
Дамудың калыпты желісі: Шығармашылық өзімен-өзі жә­не басқа адамдармен сенімді және шығармашылық жұмыстар жүргізу. Толыққанды, әрқилы өмір. Отбасылық қатынастармен канағаттану, өз балалары үшн риза болу. Жаңа ұрпақты үйрету және тәрбиелеу.
Дамудың аномалды желісі: Тоқтап қалу. Эгоизм және эгоцентризм. Ерте мүгедек болу. Тек өзіне ғана күтім жасау.
Даму кезеңі: 8. Кеш ересек шақ (60 жастан жоғары)
Дамудың калыпты желісі: Өмірдің түрлі оқиғаларға абай болуы. Үнемі өткенді ойлап, оған саналы баға беру. Өткен өмірді өз күйінде қабылдау, оның пайдасын түсіну. Өлім қорқынышты емес екендігін ұғыну.
Дамудың аномалды желісі: Үміт үзу. Өмір босқа өткен деп, уақыт аз қалғандығын, өте тез өтуде деп ойлау өмір сүруді мағынасыз деп түсіну, өз күшіне, басқаға деген сенімнің жоғалуы. Қайда өмір сүруді қалап, бұрын алғаннан да көбірек нәрсені қажет ету. Әлемде тәртіп жоқтығын, жаман, санасыз бастаманың қателігін сезіну. Жақындап келе жаткан өлімнен қорқу.

Әлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен және бірлесіп әрекет етуімен тығыз байланысты. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру субъективті бірдей әлеуметтік жағдайлар әр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті бірдей жағдайлардан сан алуан әлеуметтік тәжірибе алады, бұл индивидуалдану процесінің негізі.

Әлеуметтену және тұлғаның қалыптасу процестері арнайы әлеуметтік институттар шебінде, мысалы, мектепте және түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге асырылады. Тұлға әлеуметтенушіні маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында, жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас кезеңінде адамның. психикалық процестері ғана дамып коймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Әлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса, реттелмейтін стихиялык сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Әлеуметтенуді бір уақыттағы мақсатқа бағытталған және реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру ушін А. А. Реан келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтілетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын, әлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін "кездейсоқ" болып көрінетін нәрселермен өзінің әлеуметтік тәжірибесін байытады. Бұл тәжірибе позитивті де, негативті де болуы мүмкін.

Тәрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары: баланың тәрбиесін қалыптастырып, оны әлеу­меттік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін белгілі қадамдар жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға қалыптасуы
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Қазіргі кездегі тұлға мәселелері
Тұлғаның өзін - өзі тануы, психологиялық тұлға
Қарым- қатынас арқылы өзін- өзі тану
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
Адамның тұлғасын зерттеулердің жаңа бағыттары
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзін-өзі бағалау ерекшелігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
Тұлға психологиясы туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz