Планетадағы заттардың айналымы



Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).
Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді.
Ауа мен судың әсерінен тау жыныстары мен судың арасында химиялық алмасу үрдістері жүріп, жыныстардың ішкі байланыстарына зақым келтіріп, олардың ыдырауына, бұзылуына әкеліп соғады. Бұл химиялық қарым - қатынас тау жыныстырында ауаның әсерінен үнемі жүріп отырады. Ауа мен су үздіксіз қозғалыста болады. Жердің бетімен қозғала отырып, олар бұзылған тау жыныстарын да қозғалысқа келтіреді. Тау жыныстарының бұзылу процестері ауырлық күшімен тікелей байланыста болғандықтан, ауа мен су оларды Жердің жоғары орналасқан аймақтарынан төмен орналасқан аймақтарына қарай тасымалдайды. Ерте ме, кеш пе, бұл бұзылу өнімдері бірінің үстіне бірі тұрған қабаттар түрінде қалыптасады.
Ертерек түскен қабаттар кешірек түскен қабаттардың астында қалып, қысым мен ауырлық күшінің әсерінен көп шақырымдық шөгінді жыныстарды құрайды.
Магмалық жыныстар сұйық магманың атылып шыққаннан кейін салқындап, суынуы нәтижесінде пайда болады.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Планетадағы заттардың айналымы.
Өзектілік қағидасы

Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген
және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау
жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы
ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым
және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші
түрге айналуы).
Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен
атмосфераның әсерлерінен жүреді.
Ауа мен судың әсерінен тау жыныстары мен судың арасында химиялық
алмасу үрдістері жүріп, жыныстардың ішкі байланыстарына зақым келтіріп,
олардың ыдырауына, бұзылуына әкеліп соғады. Бұл химиялық қарым - қатынас
тау жыныстырында ауаның әсерінен үнемі жүріп отырады. Ауа мен су үздіксіз
қозғалыста болады. Жердің бетімен қозғала отырып, олар бұзылған тау
жыныстарын да қозғалысқа келтіреді. Тау жыныстарының бұзылу процестері
ауырлық күшімен тікелей байланыста болғандықтан, ауа мен су оларды Жердің
жоғары орналасқан аймақтарынан төмен орналасқан аймақтарына қарай
тасымалдайды. Ерте ме, кеш пе, бұл бұзылу өнімдері бірінің үстіне бірі
тұрған қабаттар түрінде қалыптасады.
Ертерек түскен қабаттар кешірек түскен қабаттардың астында қалып,
қысым мен ауырлық күшінің әсерінен көп шақырымдық шөгінді жыныстарды
құрайды.
Магмалық жыныстар сұйық магманың атылып шыққаннан кейін салқындап,
суынуы нәтижесінде пайда болады.

Метаморфоздық жыныстар - қатты жыныстардың балқымай, шөгінділерге
айналуы нәтижесінде пайда болған қайта өңделген жыныстар.
Жердің бетінде жыныстардың көрсетілген үш түрі – шөгінді,
метаморфозданған және магмалық жыныстар кездеседі. Олар Жердің бетінде
әртүрлі себептермен – вулкандардың атқылауы, таулардың түзілуі, сондай ақ
балқыған магманың жердің терең қабаттарында орналасқан жыныстарды сыртқа
шығаруы нәтижесінде пайда болады.
Өзектілік (Актуализм) қағидасы. шотландиялық ғалым Джеймс Хаттон
(1795) жыныстар құрамындағы заттардың айналымы жайлы теориясын негізге ала
отырып, Өзектілік қағидасын ойлап шығарып, оның мынадай екі ережесін
ұсынды:
1. Табиғат заңдары Жердің бүкіл геологиялық тарихының басым көпшілік
кезеңдерінде өзгерген жоқ.
2. Бүкіл Жер тарихында қазіргі күндері орын алып отырған үрдістер
әрқашан жүріп отырды және олардың жылдамдықтары да қазіргі замандағыдай
болды.
Яғни, кез келген жыныстың жасын мұқият зерттейтін болсақ, біз олардың
түзілуіне себеп болған үрдістерді анықтап, олардың негізінде осы
жыныстардың түзілген уақыты мен орнында болатын құбылыстар мен жағдайларды
анықтай аламыз. Актуализм қағидасының негізгі мәні осында. Бұл қағида
зерттеушілерге Жердің тарихын қайта өңдеуге мүмкіндік береді.

Континенттер эволюциясы. Мобилизм теориясы.
Литосфералық плиталар

Жер қатты деген түсінік адамдардың санасында берік орын тепкен, сол
себепті болар материктердің алып мұздар секілді ағып жүретінін және үнемі
қозғалыста болатындығы түйсіну қарапайым сана үшін әлі де өте күрделі.

Дүние жүзінің географиялық картасына қарайтын болсақ, континеттердің
жағалаулары үлкен су кеңістіктерімен қоршалғандығын және континенттерді бір
біріне жақындатқанда жағалаулары дәлме – дәл келетінін байқауға болады.
Шынымен де, жердің тарихының өте ертедегі кезеңдерінде бұл континенттер
біртұтас болған деп айту да негізсіз емес. Кейінірек олар бөлініп, әлі
күнге дейін Атлант мұхитын кеңейтіп жан-жаққа қарай жылжу үстінде.
Материктердің қозғалатындығы туралы идеяны Х1Х ғасырдың екінші
жартысында А.Снайдер-Пеллегрини, америкалық геолог Ф.Тейлор (1910) және
неміс геофизигі А.Вегенер (1912) ұсынды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдік географиясы
Биосферадағы бео, гео, химиялық айналымдар
Теориялық экология негіздері
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
«Биологиялық экология»
Тұщы суларды жіктеу
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Мұхиттың әлемдегі алатын орны
Биосфера эволюциясы
Пәндер