Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы және элементтері ... ... ..4
2. Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт ... ... ... ... .. 6
3. Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған бастапқы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
КІРІСПЕ
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының ерекшелігі болып оларды нәтижесінде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетіні келеді. Сол ақпаратқа құқықтар белгілі бір дәрежеде тапсырысшыға да және мердігерге де тиесілі болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім.
2. Азаматтық құқық: М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 2003.
3. Нормативтік акт: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы және элементтері ... ... ..4
2. Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт ... ... ... ... .. 6
3. Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған бастапқы деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

КІРІСПЕ
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының ерекшелігі болып оларды нәтижесінде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетіні келеді. Сол ақпаратқа құқықтар белгілі бір дәрежеде тапсырысшыға да және мердігерге де тиесілі болады.

1. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы және элементтері
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары "тез" фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.

1.2 Мердігерлік шартының элементтері

Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы - екiншi тарапқа - мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгер - шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдайларда, "Лицензиялау туралы" 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары жасалады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
32-тарау . Мердігерлік
Параграф 1 . Мердiгерлiк туралы жалпы ережелер
616-бап . Мердiгерлiк шарты
2. Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт.

Мердігерлік шартының шартының бұл түрі құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргізілуін құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргізілетін құжаттар өнделуін қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жаңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргізіледі. Сонымен бірге, құрылыс объектісінің өзі де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргізілуі тиіс емес ғимарат олардың кешені болып келуі мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының ерекшелігі болып оларды нәтижесінде коммерциялық, ұйымдастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетіні келеді. Сол ақпаратқа құқықтар белгілі бір дәрежеде тапсырысшыға да және мердігерге де тиесілі болады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарттарын реттейтін нормалардың мәнісі бойынша, орындайтын жобалау және іздестіру жұмыстарына материалды - техникалық қамтамасыз ету міндеті көбінесе мердігерде болады. Мердігерлік шарты туралы нормалардың диспозивтілігі бұл міндетті тапсырысшыға жіктеуді де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезінде тапсырысшы қажетті қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға міндетті болады. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты көбінесе тапсырысшы үшін тәуекелді болып келеді. Егер заңнама актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қаупі оған жүктеледі.
Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мердігерге тапсыруға өкілденуі мүмкін. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзірленгеннен кейін тапырысшы қисынды немесе шартта белгіленген мерзімде тапсырманы бекітуге немесе оны қайтаруға міндетті. Тапсырысшымен бекітілген тапсырма, мердігерге міндетті болып табылады.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын орындау кезінде, тапсырысшы мердігерге шартта қарастырылған көлемде және жағдайларда қызмет көрсетіп тұруы керек. Мысалы, көлік бөлініп берілуі, бір немесе өзге қажетті мәліметтер өз уақтылы берілуі, материалдар сатып алынуы, оларға кірудің арнайы тәртібі бекітілген аумақтарға кіруге рұқсат алынуы мүмкін т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердігерлік шарттары бойынша да сияқты бұл мердігерлік шарты бойыншада тапсырысшының және мердігердің ынтымақтастығы орын алуы тиіс. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегі тапсырманы тиімді орындау үшін қажетті болуы немесе көмек көрсетпеу мердігерге елеулі қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан тапсырысшының ынтымақтастық бойынша мінднтті тікелей шартта көрсетіледі. Оның жеке мысалы ретінде, тапсырысшының мердігермен бірге жобалау - сметалық құжаттаманы жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен немесе мемлекеттік өкілетті органдармен келістіруде қатысу міндетін атауға болады. Бұл міндетті заңмен бекітуде тапсырысшының мүддесін ескеру айқын сезіледі. Ол тапсырманы тиісті орындауда мүдделі, сондықтан өзінің нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бір кедергілер құтылуға кқмектесуі керек. Сондай-ақ ол өзін келешекте жобалау - сметалық құжаттамаларды мердігерден алған соң олар мемлекеттің сертификаттау, архетиктуралық бақылау органдарының және т.б. талаптарына сәйкес келмеуі салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупінен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жеткілікті қожайын сезімін, қамқорлықты иеленбесе, онда болашақта ол едәуір мүліктік және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкін.
Жобалау және іздестіру жұмыстарын жүргізуді реттейтін нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзінің берілген тапсырмасын, алғашқы берілген мәліметтерді жағдайлар өзгеруіне сәйкес өзгертіп тұруға құқылы. Бұл түсінікті, себебі алғашқы кезде тапсырысшы өзінің беріп отырған мәліметінің бір немесе өзге жағдайда қандай мәні болатынын білмеуі де мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, мердігер тапсырысшыға оның ұсынған мәліметтері аяқты мақсаттарға жетуге (жобасы жасалған объектінің кқрсеткіштеріне) қалай әсер ететінің кқрсетіп тұруы керек. Мердігерге қатысты емес жобалау және іздестіру жұмыстарының өзгертілуіне байланысты тапсырысшы мердігердің қосымша шығындарын өтеуге міндетті.
Шарт бойынша, жоғарыда көрсетілгендей жобалау және іздестіру жұмыстарының түпкі нәтижесіне екі тарапта да құқықтар пайда болады. Тапсырысшы да жобалау - сметалық құжаттаманы пайдалану шектеулері жөнінде айтылған. Сондықтан тапсырысшы осы шарттар нәтижесін тек шарттың өзінде анықталған мақсаттарда ғана қолдануға құқылы, мысалы, белгілі бір елді - мекен бірқатар ғимараттарды салу үшін осындай шектеуге жол берілу жобалаушының құқықтық мүддесінен туындайды, себебі жобалау және іздестіру жұмыстарының нәтижесін шектеусіз пайдалану, мердігердің өз қызметін нарықта одан әрі өткізу мүмкіншілігін де шектейді. Одан басқа тапсырысшының өзге аймақтардың ауа райы жағдайларының ерекшеліктерін ескермей ғимараттарды ойламастан сала бергені жобалаушының, іздестірірушінің жұмысының нәтижелері жөнінде теріс пікір қалыптастырады және сол арқылы аталған тұлғалардың іскерлік беделіне нұсқан келуі мүмкін. Жобалау - смметалық құжаттамаларда интелектуалдық меншік объектілеріне жататын және мердігерге тиесілі болатын бөлек мәліметтер болуы мүмкін, сол мәліметтер мердігердің келісімінсіз таратылуы тиіс болады. Осының салдарынан тапсырысшы жобалау - сметалық құжаттаманы үшінші тұлғаларға бермеуге және онда сақталатын мәлімттерді мердігердің келісімінсіз жария етуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
32-тарау . Мердігерлік
Параграф 4 . Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiктiң ерекшелiктері.
667-бап. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт.
3. Жобалау және іздестіру жұмыстарына арналған бастапқы деректер.

Жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшы мердігерге жобалауға тапсырма, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшiн қажеттi бастапқы деректердi беруге мiндеттi. Тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалауға тапсырманы мердiгер дайындауы мүмкiн, бұл жағдайда тапсырма тапсырысшы оны бекіткен кезден бастап тараптар үшін міндетті болады.
Мердігер тапсырмадағы және іздестіру жұмыстарын жобалау мен орындауға арналған басқа да бастапқы деректердегi талаптарды сақтауға мiндеттi және одан тек тапсырысшының келiсiмiмен ғана ауытқуға құқылы.
Құрылыс объектілерін жобалау үшін бастапқы материалдарды (деректерді) ресімдеу және беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді, жаңа объектілер және қолданыстағы объектілерді өзгерту (қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын (бұдан әрі - жоба) әзірлеу үшін қажетті құқық беретін құжаттарды және өзге де бастапқы материалдарды (деректерді) беру тәртібі мен мерзімдерін және оларды беруден дәлелді бас тартуды, сондай-ақ оларды ресімдегені мен бергені үшін төлемнің (алым өндіріп алу) тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) қайта жабдықтау - әдетте, үй-жайдың (үй-жайлардың) функционалдық мақсатын өзгертуге, тіршілікті қамтамасыз ету, пайдалану, қандай да бір өнімдер шығару, қызмет көрсету және тағы сол сияқтылар үшін қажетті технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты оны (оларды) өзгерту;
2) қайта жаңарту - әдетте, өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту;
3) қайта жоспарлау - осы үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекарасын өзгерте отырып, қатар тұрған үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарын өзгерту;
4) объектілер (құрылыс объектілері, олардың кешендері) - ғимараттар, сондай-ақ ауқымды, жайпақ және желілік құрылыстар:
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы;
инженерлік желілерді қоса алғанда, коммуналдық мақсаттағы;
автомобиль мен темір жолдары және олардың инфрақұрылымдары;
әуе және су көлігі;
көпірлер, жол құбырлары, тоннельдер, өнім құбырлары және инженерлік құрылыстары бар электр беру желілері;
телекоммуникациялық және ғарыштық байланыстар;
атом энергетикасына арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, энергетика;
кен өндіру өнеркәсібіне арналған ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, өнеркәсіптер;
ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, ирригациялық және (немесе) гидротехникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шарты жайында
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Азаматтық құқық бойынша мердігерлік шартының ұғымы, мазмұны және формасы
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамалары
Мердігерлік шартын жасаудағы тараптардың құқықтары мен міндеттері
МЕРДІГЕРЛІК ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар
Мердігерлік шартының теориялық аспектілерін азаматтық-құқықтық шарттың іс жүзінде қолданылуын зерттеу
Мердiгерлiк шарты түсінігі
Мердігерлік шартының жалпы ұғымы және түсінігі
Пәндер