Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың ‟Ақбілек” романы тіліндегі фразеологиялық ерекшелігі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Азнакулова Гулнур
Мақала
Жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың ‟Ақбілек” романы тіліндегі фразеологиялық ерекшелігі
Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., доцент С. Ғ. Қанапина
Қостанай, 2013 жыл
Тіл - ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші - көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі - фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.
Тілдегі фразеологизмдер - тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады.
Ғалым Р. Авакова «Фразеология теориясы» атты еңбегінде фразеологизмдерге мынадай анықтама береді: «Тілдің бейнелігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер - фразеологизмдер. Фразеологизмдер - халықтың тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, өмір сүру ортасының, тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық және саяси көзқарастары мен өзгерістерінің және т. б, айнасы» [1, 15 бет] .
Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Профессор М. Балақаев фразеологиялық тіркесті, құрамындағы сөздердің мағыналарының айтылар ойға қатынасына қарай фразалық («қара қылды қақ жару») және идиомалық («көз қырын салу») деп екіге бөлген [2, 22 бет] .
Фразеологизмдердің тарихи категория екені белгілі. Олар ұзақ тілдік қолданыс нәтижесінде ғана тұрақтылыққа ие болды. Жалпы фразеологизмдерді басқа тілдік бірліктерден ажыратудың айырма белгілері деп зерттеушілер мынадай үш негізге сүйенеді:
1. мағына тұтастығы (белгілі фразеологизмнің ішіндегі сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады да, шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді) .
2. тіркес тиянақтылығы (белгілі фразеологизмнің ішіндегі сөздер бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді, барлық жағдайда да дерлік бір шақ тіркесу өз қалпын сақтайды) .
3. қолдану тұрақтылығы (белгілі фразеологизм әрдайым айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады) [3, 590 бет] .
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді. Фразеология өз алдына бөлек лингвистикалық пән ретінде еліміздегі фразеологизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді. Тұрақты сөз тіркестерінің мәселелері қазіргі таңда тіл ғылымында өзекті проблемердың бірі есебінде зерттеліп жүр.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді жинақтаған ғалым Гүлдархан Смағұлова фразеологизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:
1. кітаби фразеологизмдер;
2. бейтарап;
3. ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. қарапайым дөрекі-сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.
Сонымен қатар, Г. Смағұлова тіліміздегі фразеологизм компоненттерінің вариантты тұлғаларын бірнеше түрге бөлуге болады деп көрсетеді:
1. Грамматикалық құрылысы дұрыс, құрамы толық, тура мағынадағы еркін сөз тіркестерін ауыспалы мағынада қолдану арқылы жасалған фразеологиялық тіркес варианттары. Мысалы, «айы оңынан туу-жұлдызы оңынан туу», «аяқ астынан - табан астынан» т. б.
2. Фразеологиялық мағынасы сәл көмескіленген, ауыспалы мағынада қолданылған еркін тіркестер варианттары: «домалақ арыз» - «домалақ хат» - домалақ қағаз». «бойын аулақ салу» - «іргесін аулақ салу».
3. Тұрақты сөз тіркестерінің әр компоненті жеке варианттарға бөлінеді. Мысалы, көкейіне құйылу, көкірегіне ұялау, қону; жанжал қылу, дау салу, шатақ шығару.
4. Вариант компоненттері мағына жағынан жақын, мысалы: жаны ұстараның үстінде (жүзінде) - пышақтың үстінде (ұшында) деген фразеологизмдермен қоса, кейде мағына жақындығы жоқ, бірақ та туыстас ұғымды білдіретін немесе бір семантикалық бірліктен туатын компоненттер вариант болады. «Төбе шашы тік тұру» - тұла бойы тік тұру», «ауызыңа қан толсын» - «ауызыңа құм құйылсын».
5. Бірде фразеологиялық вариант пен фразеологиялық синонимдердің екі аралығында ұғынылатын кейде синоним, кейде вариант аталып жүрген (гибрид) тұрақты тіркестер. Мұндай топтарға компоненттік құрамы әр түрлі фразеологизмдер жатады. Мысалы, сенімді ақтау - үмітті ақтау; ала жібін алмау - ала жібін аттамау; аумалы-төкпелі заман - аумалы-төкпелі дүние; бағыт беру - бағыт сілтеу; бой тасалау - бой жасыру т. б. [4, 29 бет] .
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Қ. Есенова қазақ газеттері тақырыптары атауындағы фразеологизмнің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасай келе, оларды төмендегідей үлгіде топтастырады:
1. Бір немесе бірнеше сөзі түсірілу арқылы ықшамдалған фразеологиялық бірліктер. Мысалы, Егеулі найза («Жас алаш» 28. 03. 06. ) Махамбеттің «Егеулі найза қолға алмай» деген өлең жолын ықшамдау арқылы жасалған трансформация деп көрсетеді т. б.
2. Бір сөзі алмастырылған, өзгертіліп, жаңартылған тілдік бірліктер. Мысалы, Сайлауға әркімнің-ақ бар таласы («Ег. Қазақстан», 06. 01. 04. ) . Білімге әркімнің-ақ бар таласы («Ег. Қазақстан», 11. 06. 04. ) . Билікке әркімнің-ақ бар таласы («Ана тілі» 06. 10. 05. ) . Бұл үш мысал Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең жолындағы бір сөзді алмастыру жолымен жасалғандығын айтқан.
3. Бірнеше тәсілмен түрлендірілген құрақ фразеологизмдер. Мысалы, Аузың жемесең де қан болмағай («Ана тілі», 12. 02. 04. ) тіліміздегі «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген мәтелдің, «Дымды түсінбейтін депутаттар» («Түркістан», 02. 06. 05. ) «Ымды түсінген дымды түсінбейді» деген мәтелдің негізінде ықшамдалып өзгертілген қолданыс деп көрсетеді [ 5, 87 бет] .
Г. Смағұлова «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі» еңбегінде «Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «дүние суреті» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады», - дейді [ 6, 6 бет] . Осы тұрғыдан алғанда фразеологизмдердің тілімізде алатын орны зор.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді жинақтап, алғаш рет фразеологиялық сөздік жазған ғалым Гүлдархан Смағұлова. Ғалым Гүлдархан Смағұлова фразеолгизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:
1. кітаби фразеологизмдер;
2. бейтарап;
3. ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. қарапайым дөрекі-сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.
Шығармада кездесетін фразеологизмдер қолданысы мынадай:
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер:
1. «Бай шалқалап мұрттай ұшты » (74 бет) .
Мұрттай ұшты -жалп етіп, баудай құлады, кенет сылқ жығылды [7, 396 бет] .
2. «Қызын бүркітше бүріп, іліп жатқан екі орысты анасы екпінімен келіп итеріп тастап, баласын бас салды » (76 бет) .
Бас салу -олай- былайға қаратпады, бұлтартпады, шап беру [7, 107 бет] .
3. «Қасықтай қанымды қи » (105 бет) .
Қанымды қи -өлтірмеді, тірі қалдырды, жанын қиды [7, 335 бет] .
4. «Үңірейген иесіз қосқа кіруге тағы батылы бармайды » (106 бет) .
Батылы бармау -бата алмады, жүрексінді, тайсалды, қорықты [7, 105 бет] .
Стильаралық фразеологизмдер:
1 . «Үріктірді, бөріктірді, елдің апшысын қуырды » (74 бет) .
Апшысын қуыру -берекесін кетірді, қатты састырды, жан алқымға алып тықсырды [7, 43бет] .
2. «Мұқаштың онысын сезіп, молда да сөз қатпай , доң айбатпен жүретін» (93 бет) .
Сөз қатпау -үндемеді, сөйлемеді [7, 467 бет] .
3. «Атты- атты! - деген де , су жүрек боп қалған жұрт ішіп тартқан дауылдай кенет басыла қалды» (98 бет) .
Су жүрек -қорқақ [7, 471 бет] .
4 . «Қатындар онысын есеп қыла ма сөйлемей көріскенін жас баланың жылағанындай көріп, айыздары қанбады » (127 бет) .
Айызы қанбау -көңілі жай таппау, құмары тарқамау [7, 22 бет] .
5. «Қазаққа қандай қызмет қылғаныңды білеміз» дегендей Балташ тыржиып, теріс қарады » (161 бет) .
Теріс қарау -бетін бұрды, қарсы болды, сырттады [7, 501 бет] .
6. «Ішіне үрген қарын тығып, өтірік буаз болғанын, Ақбілектің баласын бауырына салғанын бәрін , сыр қылды » (278 бет) .
Сыр қылу -сыр бермей, ішіне сақтау, ішінен тыну [7, 481 бет] .
7 . «- Мен кісі қанын жүктедім қорғасындай балқытты» (285 бет) .
Қанын жүктеу -біреуді жазықсыз өлтіріп, обалына қалды [7, 319 бет] .
8. «Мынауың теріс деуге бата алмады » (279 бет) .
Бата алмау -тайсалды, батылы бармады, жүрексінді [7, 104 бет] .
9. «Сонда да болмайды: бір жағынан күннің қызуы маужыратып, бір жағынан ағын су ойын тербетіп, түні бойы ұйқы көрмей сілесі құрып , жаяу жүріп» (111 бет) .
Сілесі құру -әбден шаршап болдырды, қажыды, дәрмен қуаты бітті [7, 482бет] .
Кітаби фразеологизмдер:
1. «Орыспен араласып, орыс тілін үйренген соң кеудеме нан піскендей , өзіме өзім әлдеқандай көріндім» (83 бет. )
Кеудесіне нан пісу -өр мінездікке салынды, көкірек көтерді, мардымсыды [7, 250 бет] .
2. «Әлде өзіне бастас қылғысы келді ме, немесе одан бір жылы сөз күтті ме, болмаса әйелге біткен жеңісқойлық мұны да жеңді ме, әйтеуір қапаста қапаланды» (86 бет ) .
Жылы сөз- жағымды сөз, ұнамды әңгіме [7, 281 бет] .
3. «Маңдайы қақсиып мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай тұр еді - ау!» (136 бет) .
Үріп ауызға салғандай -аса әдемі, сүп - сүйкімді [7, 551 бет] .
4 . «Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі, жас Балташтың сүйген жары Ескендірін құшып, сүйіп, бала болып, көп әйелден дана болып, кеудесіне бағы сыймай , кемерінен аса шыпылдайды» (278 бет) .
Бағы сыймау
I. Аптықты, алқынды, демікті;
II. Паңдану, мақтанды, ісіп - кетті [7, 251 бет] .
5. «Суға қараса, Ақбілекті бұлдыр-бұлдыр ой тербетеді » (111 бет) .
Ой тербету -көңілін аялады, сезімін оятты, жүрегін қозғады [7, 414 бет] .
Соматикалық атаулар негіз болған фразеологизмдер
- Көз -
1 . «Дүние-ай, мен де қара құлақ болар ма едім деп зығырланам, өгізімді тұсап қойып, жарлауытқа сүйеп отырсам, көзім ілініп кетіпті » (83 бет) .
Көзі іліну- ымырт жабылды, қас қарайды, қараңғы түсті [7, 253 бет] .
2. «Қалай Бадығұлдың жылқысын бақтым, солай көзім ашыла бастады » (83 бет) .
Көзі ашылу.
I. Көкірегін, санасын оятты, өмірді білді;
II. Содан арылды;
III. Бір нәрсенің тиегі ағытылды [7, 221 бет] .
3. «Сөйткенше болмады, артынан орыс жүгіріп келіп, құшақтай көтеріп, қосқа ала жөнелді, Ақбілектің көзі шарасынан шықты » (259 бет) .
Көзі шарасынан шығу -не істерін білмей, қатты састы, үрейі ұшты [7, 221 бет] .
4. «Меніңше оның көзін жою керек» (160 бет) .
Көзін жою -біржола құрыды, жоқ болды, жоқ етті, ініне су құйылды [7, 70 бет] .
5 . « -Жолдастар, маған кішкене сөз беріңізші, - деп бір көзін қысып , Доға қолын шошайтты» (160 бет) .
Көзін қысу
I. Көзімен ишара етті;
II. Белгі берді, көзімен ымдады;
III. ымы - жымы бір іс етті [7, 253 бет] .
6 . «Қазақтың өтірігіне, жаласына адамның көзі жетпейді . . . - деп бір қойды» (162 бет) .
Көзі жетпеу -сенімді ой мен қарамайды, ақылы иланбайды [7, 256 бет] .
7. «Әбен газет-журнал оқитын көзі ашық адам екенін, мектеп ашып, бала оқытып жатқанын, ел бүлініп, көтеріліс боп кететінін - бәрін де сыпайы, майда тілмен айтып келіп, сөзін тоқтатты» (162 бет) .
Көзі ашық -білімді адам, тереңнен ойлайтын жан [7, 70 бет] .
8. «Кедейді сүйе, кедейге теңдік әпер, кедейдің көзін аш, шаруасын түзет деп отыр» (166 бет) .
Көзін аш-көкірегін, санасын оят [7, 70 бет] .
9. «Балташ көз қырымен тағы бір қарап қойды» (177 бет) .
Көз қырымен қарау -көзінің ұшымен қарау, қарап қойды [7, 257 бет] .
10. «Не боларына көзі жеткендей - ақ !» (177 бет) .
Көзі жету -кәміл сенді, ақиқатына қанды [7, 70 бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz