Кәмелетке толмағандар істері бойынша қылмыстық іс жүргізу ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ., , ……. 3
1 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары……… . . . 5
1. 2 Кәмелетке толмағандардың психологиялық жас ерекшеліктері және олардың қылмыстық іс жүргізу үшін маңызы . . . …. . 12
1. 3 Кәмелетке толмағандардың істері бойынша анықталуға тиісті мән-жайлар . . . 16
1. 4 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуші кепілдіктер . . . 21
2 тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Кәмелетке толмағандар бойынша қылмыстық іс қозғау . . . 26 2. 2 Алдын ала тергеу . . . 27
Қорытынды . . . , , . . . 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . , , . . . 35
Қосымша . . . 36
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандардың ісі бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу маңызды мәселеге айналып отыр. Мұның бірқатар себептері бар, оларға жасөспірімдердің жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған жас категориясына жататын тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін құқық қорғаушы органдар тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің ірі көлемді және жылдам процестері жүріп жатқан қазіргі уақытта әсіресе, дүниетанымы әлі толық қалыптаспаған, құндылықтар жүйесі тұрақсыз жастар үшін қиын болып отыр. Жасөспірімнің адамгершілік пен құқық туралы түсінігі оның жас ерекшелігіне байланысты вербалдық деңгейде - ол жете түсінуге, оның мінез-құлқының автоматты реттегішіне айналуға жеткен жоқ. Қазіргі уақытта жасөспірімдерге, жастарға деген көзқарас әсіресе құқық бұзушылықтың алдын алу, оны туғызатын себептер мен шарттарды жою тұрғысында өте күшейтілуі тиіс. Өйткені, қылмыс дегеніміз - әлеуметтік дерт, ал жасөспірімдердің қылмыстылығы - өте үлкен дерт, жасөспірімдер қылмыс жасап отырған кезде мұндай құбылысқа төзуге болмайды.
Кәмелетке толмағандар ісін жүргізу тәртібі, кәмелетке толмағандардың жас және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты осы категориядағы істерді жүргізудің өзгешілігі мәселелерін Кеңестік кезеңнің өзінде Г. М. Миньковский, К. К. Сперанский, В. Рыбальская, Л. Голубева А. Лиеде, т. б. ғалым-заңгерлер зерттеді. Бұл мәселелермен Қазақстанда К. Бегалиев, С. А. Шапинова және басқа ғалымдар айналысты, негізінен олардың жұмыстарында жасөспірімдер қылмыстылығымен күрес проблемаларын зерттеуге, оның алдын алуға, кәмелетке толмағандардың қылмыстык жауапкершілігі мен оларды жазалау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер салдарынан туындаған жасөспірімдер қылмыстылығының жоғары деңгейге жетуі панасыз балалар санының өсуі мәселелері көкейтесті мәнге ие болып отыр, мұндай өткір сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдарында талқылануда.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміз әлемдік аренада қанатын кеңінен серпіп, жас Қазақстан Республикасы ретінде танылып отыр. Тәуелсіздік алған уақыт аралығында жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстандағы барлық әлеуметтік топтардың құқықтық санасын түп тамырымен өзгертті. Еліміздің әр азаматының жоғарғы деңгейде өмір сүруіне, мемлекетіміздің биік мақсаттарға жетуіне үлес қосатын білімді, зиялы, өз тағдыры мен ел тағдырына аса жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу - қазіргі уақытта еліміздің басты мақсатына айналуда. Жастар мәселесі қашан да өзекті екендігі белгілі. Соның ішінде, қоғамның ерекше - демографиялық тобы ретінде айқындалған-кәмелетке толмағандар мәселесі қоғамның барлық топтарын бей-жай қалдырмайды. Өйткені, «Ел болам десең бесігіңді түзе», - демекші, еліміздің ертеңгі жарқын болашағы осы жас ұрпақ қолында. Алайда, бүгінгі таңда кәмелетке толмағандар қылмыстық іс-әрекетке бейім тұратын әлжуаз топқа жатады, олардың мінез-құлқында девиацияның барлық түрі, яғни, маскүнемдік, таксикомания, нашақорлық, жезөкшелік, бақылаусыздық, қаңғыбастық, қылмыстылық көрініс тауып отырады десек қателеспейміз.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басым міндеттердің бірінде: «Өз назарымды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсу проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет», - деп айтқан болатын. [1]
Қазіргі кезде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың азаюына қарамастан, олардың сотталғандығы өсу үстінде екені анықталды, агрессивті бағыттағы ресми емес жастар ұйымдарының саны көбеюде, пайдакүнемдік есебі басым жастар санасының басқа да теріс түрлері пайда болды.
Жасөспірімдер қылмысымен күрес біздің қоғамдағы қылмыспен күрес міндеттерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қылмыстың алдын алу, оған жібермеу, ескерту жөніндегі шаралардың одан әрі күшейтілумен қатар, бұл міндеттің орындалуы әрбір жасалған қылмыс үшін әділ жазадан құтылмаушылықты қамтамасыз етуді де қамтиды.
Әрине, жасөспірімдер қылмыстылығын жеңуге сот және тергеу органдарының іс-қызметі ғана емес, сонымен бірге ең бастысы ұйымдастыру, алдын алу, тәрбиелеу және т. б. шараларын жүргізу арқылы жетуге болады. Алайда, осы шаралар кешенінде сот шаралары ерекше орын алады және оларды дұрыс қолдану нақты оң нәтиже береді.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істерді тергеу және сот талқылауы кезіндегі бірінші әрі негізгісі - процесті кәмелетке толмаған құқық бұзушының өзіне тәрбиелік әсер етуге, оны адал еңбекпен өмір сүруге оралтуға көмектесетіндей етіп жүргізу және істі солай шешу.
Сонымен бірге, кәмелетке толмағандар қылмысы туралы істер бойынша сот процестері өзге де табансыз, аумалы мінезді жасөспірімдерге нақты ескерту ретінде ықпал етуі, жұртшылықтың назары мен күш-жігерін жасөспірімдер қылмыстылығымен күреске жұмылдыруы, оларды қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды жоюға әрекет етуі тиіс.
Бұл тұрғыда қылмыстық істерді тергеумен сот талқылауы сапасын одан әрі көтеру өте маңызды. Бұл саладағы бірінші кезектегі мәселелер қатарына жасы 18-ге толмаған (кәмелеттік жас) тұлғалар мемлекеттің ерекше қамқорлығын иеленуіне байланысты заңнамалық регламентацияның елеулі ерекшеліктерін қамтитын кәмелетке толмағандардың ісін жүргізу мәселелері сөзсіз жатады. Мемлекет, кәмелетке толмағандар жас ерекшелігіне орай өз әрекеттерінің мән-мағынасын жете түсіне алмайтынын нысанаға ала отырып, олардың өз күшімен құқықтарына қол жеткізу, өзі үшін міндеттемелер алу және заңды жауапкершілік жүктеу қабілеттерін шектейді, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асырудың ерекше тәртібін белгілейді.
Мұның барлығы қазіргі кезеңде кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізу мәселесінің өте күрделі екендігін және өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қылмыстық іс жүргізу заңнамасы кәмелетке толмағандар ісін жүргізудің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының іс жүргізу кодексінде жеқе тарауға бөлінген нормалар жүйесін құрайтынына, кәмелетке толмағандар істері бойынша іс жүргізу тәртібін реттеп және тұтастай алғанда осы категориядағы істерге ерекше маңыз беретіндігіне қарамастан, дегенмен кәмелетке толмағандар ісін жүргізуге қатысты кейбір мәселелерді зерттеу басты мақсат болып отыр.
Белгіленген мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешумен байланысты: сот және тергеу органдарының кәмелетке толмағандардан жауап алуды жүргізу, кәмелетке толмағандарға бұлтартпау шараларын қолдану, қылмыс туралы бастапқы материалдарды толық, жан-жақты тексеруден өткізудің міндеттілігі, кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуді жүзеге асырушы органдар жасөспірім құқық бұзушының құқықтары мен бостандықтарын бұзбау туралы заң талаптарын сақтауы мәселелері.
Өкінішке орай, іс жүзінде ҚР-ның қолданыстағы заңнамасының талаптары бұзылатын немесе орындалмайтын жағдайлар жиі кезедеседі. Тергеушілер жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыс туралы мәліметтерді алу кезінде материалдар мен хабарламаларды әрқашан мұқият тексере бермейді, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғау немесе іс қозғаудан бас тарту туралы негізсіз шешімдер қабылданып жатады, ал бұның өзі өз кезегінде жасөспірімнің жан-дүниесін жарақаттауы немесе оның бойында жазасыз қалу мен қылмыс жасауды одан әрі жалғастыра беру сенімдерін қалыптастыруы мүмкін.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 1, 2 тараулардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмысын жазу барысында Совет Қоғамындағы заң ғалымдарының, криминологтардың еңбектерімен қатар тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан ғалымдарының да еңбектерін пайдалана отырып, осы тақырып төңірегінде туындап отырған проблеманы көрсетуге тырыстым.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында қабылданған Қылмыстық кодекс пен қылмыстық іс жүргізу кодексін енгізілген өзгертулерді практика жүзінде қолдануға да тоқталып өттім.
- КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Жасөспірімдер қылмыстылығы, онымен күрес шаралары
Адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы Халықаралық ережелерде кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу нақты орын алады.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1985 жылғы 29 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты әділ соттылықты жүзеге асыруды қамтитын Пекин ережелер деген атпен белгілі шағын стандартты ережелерді қабылдады. Бұл ережелер әртүрлі құқықтық жүйелер шеңберінде қолданыла алатындай және сонымен бірге, жасөспірім құқық бұзушылармен кез-келген ұйғарымда және кез-келген жүйеде қатынас жасауда бірқатар ең төменгі стандарттарды белгілей алатындай етіп жасалған. Ережелер барлық жағдайларда бейтарап, әділ және өзгертусіз қолданылуы тиіс. Осы ережелер кәмелетке толмағандар істерін жүргізу тәртібі белгіленген қолданыстағы қылмыстық істерді жүргізу кодексі нормаларында да көрініс тапты.
Қылмыстық іс жүргізу заңдылығымен осы тараудың ережелері қылмыс жасалған сәтте кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толмаған адамдардың істері бойынша қолданылады. Жалпы жасты анықтау бойынша кәмелеттік жасқа толған деп туған күні келген адамды айтпайды, ол сол күннен бастап, яғни сағат 00-бастап кәмелетке жасқа жеткен болып саналады. Ал медициналық сараптама бойынша ол жаңа жылдан бастап кәмелеттік жастағы болып табылады[2; 299] .
Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.
Кәмелетке толмаған қылмыскер дегеніміз кім? Кәмелетке толмаған қылмыскер - бұл заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасаған, 14 жасқа толған, бірақ 18 жасқа толмаған, ақыл-есі дұрыс адам болып табылады. Жалпы алғанда, кәмелетке толмаған қылмыскер жалпы қылмыскерге тән белгілердің бәріне ие, десек те, бұған қоса өздерінің жас және психологиялық, әлеуметтік және өнегелік, сондай-ақ демографиялық және құқылық ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Дәлірек айтар болсақ, олардың бұл ерекшеліктері ең алдымен кәмелетке толмағандар тұлғасындағы және олардың психофизологиялық дамуындағы жас ерекшеліктермен қамтылады. Кәмелетке толмаған қылмыскерке тән ерекшеліктердің бірі - олардың құқықтық және өнегелік санасының елеулі түрде бұрмалануы болып саналады. Яғни, мұндай кәмелетке толмағандар, біріншіден, ар - ұят, борыш, ерік сияқты сезімдерді жеке басының қалауынша немесе өз жолдастарының тілегіне қосыла отырып, өздерінше түсінеді.
Екіншіден, олар ойын-сауық пен құмар ойындарына бейім болады.
Үшіншіден, өзге адамның қайғы-қасіретіне немқұрайлы қарайды, әлсіздердің есебінен өзін - өзі танытуға, өзін көрсетуге ұмтылады.
Төртіншіден, олар заң бойынша тиым салынғандардың барлығын форсализм деп санай отырып, заңдардың әлеуметтік мәнін елемейді, заң мақсаттарына өз мақсаттарын қарама - қарсы қояды, сондай-ақ, заң талабы мен нормаларына қарсылық көрсетеді.
Бесіншіден, әдетте олар құқық қорғау органдарына қатысты өшпенділік және сенімсіздік қатынаста болады.
Сонымен құқыққа қарсы әрекет етуші кәмелетке толмағандарға этикалық - құқықтық сферадағы бұрмалану да тән. Және де бұл құқылық білім саласындағы жәй ғана проблема емес, бұл заң принциптері мен талаптарына теріс қатынас болып табылады.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлер өздерінің заң сыйлаушы құрдастарынан жоғары агрессивтігімен және импульсивтігімен, дөрекілігімен, көбіне өтірік сөйлеуімен жоғарғы дәрежедегі тынымсыздығымен және сабырсыздығымен, ар-ұят сезімінің төмендігімен ерекшеленеді. Мұндай кәмелетке толмағандардың әртүрлі конфликті кезінде көбіне күш қолдануға ұмтылуын, оның тұлғасының жоғарғы әсерленгіштігімен (басынан сөз асырғысы келмеуімен, тез ренжуімен және бұрқ етпес мінез-құлқы арқылы) түсіндіру болады. Әдетте, кәмелетке толмаған қылмыскер бойынан біреудің қайғысына ортақ болу, әлсіздерге көмек көрсетуге ұмтылу сезімінің жоқ екендігін байқауға болады. Олар қоршаған дүниені - тұтастай қатал, өмір сүру өте қиын орта деп қабылдайды. [4; 12] Сондықтан олардың ойынан мейірімсіздік, дөрекілік, өзге адамдарға қастандықпен қарау сияқты қасиеттерді жиі байқауға болады.
Кәмелетке толмаған қылмыскердің бойынан өзімшіл, қоғамға жат, сонымен бірге олардың жасына сәйкес келмейтін ауытқушылық қажеттіліктерін байқауға болады. Жүргізілген зерттеулердің қортындысы олардың 10 пайызы есірткі заттарды қолданса, 59 пайызы спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде қолданатының, олардың едәуір бөлігі үшін қаңғыбастықтың тән екендігін, ал кейбіреуінің жыныстық азғындалған әрекет жасауға бейім екендігін көрсетті.
Кәмелетке толмаған қылмыскер үшін танымдық және рухани қажеттіліктердің жат екендігін ескеру қажет. Олардың оқуға деген ынтасы өте төмен, ал өндіріс саласында мұндай қылмыскерлердің еңбек әрекетін орындауға деген ықыласы мүлде жоқ. Ал бұл жағдайда өз кезегінде кәмелетке толмаған қылмыскердің мамандыққа тек материалдық және өзге де тұтынушылық пайда көруге бағытталған қатынаста қарауын дамытады. Олар білім алуды, оның деңгейін көтеруді тұлғаның мәдени және рухани дамуының негізгі факторы деп есептемейді. Сондай-ақ олар еңбектің кез -келген түрі ауырлық және еңбек етпей-ақ өмір сүруге болады дейді. Олай болса, кәмелетке толмаған қылмыскердің көпшілігінің еңбекке қарсы бағыттылыққа ие екендігін анықтай отырып, олардың бос уақытының шамадан тыс мол болуы олардың тұлғасының жан-жақты және үйлесімді дамуына кедергі болып қана қоймай, сонымен бірге оның тұлғасының нашарлау процесін жеделдетеді деп ойлаймыз. Оның үстіне, іріктеп алынған мәліметтер, 16 мен 24 сағат аралығында “бос уақыттық” деп аталатын қылмыстардың 82 пайызы жасалатындығын куәландырады.
Кәмелетке толмаған қылмыскер шамадан тыс индивидуалдығымен, өзімшілдігімен, өз тілегін қоршаған адамдардың, көпшіліктің талабына, қарсылығына қарамастан, қалайда орындауға ұмтылумен сипатталады. Және мұндай белгілер ересек қылмыскерге тән болып табылады. Олардың ауытқушылық, яғни айомалиялық сипаттағы қызығушылықтарының шамадан тыс ұлғаюы кітап оқуға, музыкаға, театрға деген эстетикалық қызығушылығының әлсіреуі есебінен болады.
Кез - келген өзге адам сияқты кәмелетке толмаған қылмыскер де көптеген әр түрлі жағдайлармен сипатталады. Бұған оның әлеуметтік байланысы (оқудағы, отабсындағы және т. б. ) психологиялъқ қасиеттері мен ерекшеліктері (ақыл, ойы, эмоционалдъқ ерекшеліктері, темпераменті) ; Моральдық қасиеттері (көзқарастары, қызығушылығы, танымы) ; демографиялық ерекшеліктері (жынысы, жасы, білімі) және де қоғам алдындағы ұқыптылығы жатады.
Кәмелетке толмаған қылмыскер күрделі және көп қырлы құбылыс, сондай-ақ ол өзге қылмыскер сияқты қоғамға қауіпті сипатқа ие. Олар жөнінде дұрыс пікір айту жасөспірім жөніндегі барлық әлеуметтік қасиеттер мен белгілердің, оның әлеуметтік жағымды немесе әлеуметтік жағымсыз қасиеттер негізінде, сонымен бірге олардың әлеуметтік және өнегелік, жас және психологиялық демографиялық және құқылық ерекшеліктерін ескере отырып қана жасалады.
Кәмелетке толмағандар қылмыскерлерді жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескеру, сол кәмелетке толмаған қылмыскерлерді түзеу және келешекте олардың қылмыстық әрекет жасауына жол бермеу, сондай-ақ олардың арасындағы қылмыстылықтың алдын алу сияқты бірқатар мәселелерді шешу ісінде аса маңызды болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың құнды бағыттылығына талдау жасай отырып, оны мынадай 3 түрге бөлуге болады:
1) жалпы қызығушылықтар;
2) жақындары мен достарының қызығушылығы;
3) жеке қызығушылықтар (материалдық және материалдық емес сипаттығы) .
Кәмелетке толмағандардың материалдық қажеттіліктері екі жолмен қалыптасады. Біріншісі - бұл категорияға жататын жасөспірімдердің отбасындағы мүмкіндіктердің аз болуына байланысты белгілі бір жастағы жасөспірімнің барлығы үшін тән болып табылатын қажеттіліктер мен қызығушылықтарды қанағаттандыру. Әдетте мұндай отбасындағы көптеген ата-аналар, әсіресе әкелер маскүнем болған, өздерін моральды түрде ұстаған, отбасында үнемі материалдық қиыншылықтар болған; мұндай отбасының балалары әдетте жұпыны киінеді, олар үшін тіпті арзан нәрсені алу өзі шектелген.
Екіншісі - кәмелетке толмаған қылмыскер бойында заң сыйлаушы өз құрдастарына жат болып табылатын белгілердің, қажеттіліктер мен қызығушылықтардың болуы. [4; 112] Көптеген жасөспірімдер, жоғарыда айтылып кеткендей қылмыс жасағанға дейін нашар оқыған немесе тіптен оқуды не жұмысты тастап кеткен, үй шаруасымен айналыспаған. Нәтижесінде олардың бос уақыты шамадан тыс көп болған, ал оның күнделікті қыдырымпаздығы белгілі материалдық қаражаттың болуын талап етеді (мәселен, дискотекаға бару үшін, темекі алу үшін, спирттік ішімдіктер алу үшін) . У. С. Джекебаев мәліметтері бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандардың 75 пайызға жуығы мүліктік қылмыс жасаған. Олар мұндай қылмыстарды спирттік ішімдік алу үшін (39%), басқа қалаға бару үшін (6%), жасағандығын айтқан. Ал олардың мұндай қылмысқа баруына жеңіл ойлылық, өз әрекетінің салдарын ойланбаушылық (21%), спирттік ішімдіктерінің ықпалы (22%), көңілді өмір сүруге тырысу (13%), материалдық қиындықтар (18%), достары мен ересектердің теріс үлгі - өнегесі (6%), түрткі болған.
Қазіргі таңда жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстар өзінің алуан түрлілігімен қала берді, қатыгездігімен алаңдатып отыр. Жасаған қылмысына орай қылмыстық жауапқа тартылған жасөспірімдердің жас ерекшеліктері төмендегідей болып келеді:
14 жастағылар - 11%;
15 жастағылар - 7%; 16- 17 жас аралығындағылар - 42%.
14 жасар балалар қылмысты көбіне топтасып жасайды.
Жалпы, 2-3 баладан құралған топтар қалаларда 33 пайызды құраса, 4 баладан құралған топтар - 12 пайыз, басқа топтар 6 немесе одан да көп балалардан топтасқан. Есепте тұрған қылмыс жасаушылардың ең төменгі жасы - 14-15 жас. Топтасып жасалған қылмыстардың басым көпшілігі ер балаларға тиесілі, ал қыз балалар тарапынан жасалған бұзақылық қылықтар жалпы қылмыстың 5 пайызын құрайды. [5; 99] Бұл сияқты көрсеткіштерді М. С. Нәрікбаевтың да зерттеу жұмысынан байқауға болады. Ол былай деп жазады: “Кәмелетке толмаған қылмыскерлер арасында неғұрлым кеңінен тараған қылмыстың түріне мүліктік қылмыстар жатады. Негізінен жасөспірімдер мұндай қылмыстарды спирттік ішімдіктер алу ойын-сауықтарға бару үшін қаржы табу мақсатында жасайды”. Ал біздің зерттеуіміздің нәтижесіне орай, яғни Алматы қаласында орналасқан кәмелетке толмаған қылмыскерлерге арналған еңбекпен тәрбиелеу колониясындағы 36 қылмыскер кәмелетке толмағандарға жүргізілген арифметалық сұрағымыздың нәтижесі бойынша олардың 43 пайызы қылмысты өздерінің материалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін, 21 пайызы спирттік ішімдіктермен көңіл көтеруге, қаржы табу үшін, 10 пайызы ересектерге еліктеп, 8 пайызы өз құрдастарының арасында абыройын көтеріп, нығайту үшін, ал қалған 12 пайызы өз қылмыстарын ешбір мотивсіз жасаған.
Бұдан шығатын қортынды, кәмелетке толмағандардың осы сияқты өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қылмыстық жолды таңдауы олардың дүниетанымының тарлығын, өнегелік құнды армандарының жоқ екендігін көрсетеді.
Кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы әрекеттерінің себебі, сонымен бірге, сұраныстары мен олардың жасаған қылықтары арасындағы байланыстарға талдау жасай отырып, қоғамға қарсы әрекет ету барысында қызығушылық - бұларды байланыстырушы буын болып табылатынын ескере өткен жөн. Қызығушылық - адамның өмірлік мәнінің және эмоционалды тартымдылығының негізінде тұлғаның объектіге іріктеп алынған қатынасы. Қызығушылық - адамның танымдылық қажеттілігінің эмоционалды көрінісінің бірі. Қызығушылықтар материалдық және рухани түрде болатындығы бәрімізге белгілі. Материалдық қызығушылықтар тұрған жай, әдемі киім, тәтті тағам, бағалы заттар сияқты байқалады. [6; 78] Сонымен бірге қызығушылықтың бұл түрі сараңдыққа, пайдакүнемдікке айнала отырып, теріс формаға ие болуы мүмкін. Ал рухани қызығушылықтар тұлғаның даму деңгейін сипаттайды. Оларға кәсіптік танымдармен, әдеби кітаптармен, модель жасаумен шұғылдану және басқалар жатады.
А. В. Лясс пен И. С. Солодкин мүліктік қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың қылмысының мынадай мотивтерін анықтаған: пайдакүнкемдік -90%; тәртіпсіздік - 3, 3%; жалған жолдастық сезімі -2%; романтика -0, 9%; өзге де мотивтер -3, 8%. [7]
Қазақстанда қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше назар аударылып отыр, жасөспірімдер қылмыстылығына талдау жүргізіледі, олардың құқыққа қарсы мінез-құлықтарының себептері анықталады, олардың алдын алу шаралары жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz