Инвестициялар мәселесі және мемлекеттің инвестициялық саясаты



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1Инвестиция теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.1 Инвестиция түсінігі және оның экономикалық мағынасы ... ... ...7
1.2 Инвестициялардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Инвестициялық қызметтің мәні, принциптері және тиімділігі. ... ... 11
2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаты ... ... ... ..17
2.1 Инвестицияны Қазақстанда пайдаланудың экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Солтүстік Қазақстан облысында инвестицияны пайдалану ... ... ..22
2.3 Шетел инвестициялары Қазақстанда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3 Инвестициялардың мәселелері және оларды шешу жолдары ... ... ...31
3.1 Инвестициялық саясаттың мақсаттары мен шешу жолдары ... ... .31
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына әсері...34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

Қосымша А. Өнеркәсіпке инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

Қосымша Ә. Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің өсімі ... ..42
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы – Инвестициялар мәселесі және мемлекеттің инвестициялық саясаты. Қазақстан экономикасын қарастырғанда, бұл өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалдық бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2006 жылы “Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы – мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі” атты бірінші басым бағыттарының бірі – Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін жоғары техникалық және ғылыми әлемдік өндірушілердің мақұлдауы мен қолдауына ие болуға және жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануға тиіс. Инвестиция, жалпы кез келген елдің экономикасын жақсарту мақсатында қолданылатындықтан, ол өте маңызды болып табылады. Біздің мемлекетіміз де тәуелсіздігін алғалы инвестициялық саясатты қолдануда.
Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның мәні мен Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын, оның мақсаттарын, шешу жолдарын, және де қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан қаржы дағдарысының Қазақстандағы инвестицияландыруға, жалпы экономикаға әсерін зерттеу.
Жалпы инвестицияны пайдалану объектілеріне - мемлекеттік, облыстық аймақтар; ауыл, орман, балық, аңшылық шаруашылықтары; өнеркәсіп; құрылыс; көлік және байланыс; білім беру; мұнай мен газ өндіру; денсаулық сақтау; қонақ үйлер мен мейрамханалар жатады.
Курстық жұмыста пайдаланған негізгі әдістер – статистикалық деректерді талдау әдісі.
Курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады, ал ол бөлімдер екі – үш бөлімшелерден құралған. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мен инвестиция түсінігін, оның экономикалық мағынасын, инвестициялардың жіктелуін, инвестициялық қызметтің мәнін, принциптері мен тиімділігін; екінші бөлімде Қазақстан Республикасында және Солтүстік Қазақстан облысында инвестицияны пайдаланудың маңыздылығын, инвестицияландыру мөлшері мен Қазақстандағы шетелдік инвестицияларды қарастырдым. Ал үшінші бөлімде Қазақстанға инвестицияларды неғұрлым көп тартудың жолдары жайлы және қазіргі әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстанға тигізетін әсері туралы айтылған.
Курстық жұмысты жазу барысында «Әлем экономиаксы», «Инвестициялық жобалау», «Экономикалық теория», «Ақша, кредит, банктер» сияқты оқулықтар қолданылып, Қазақстан Республикасының және Солтүстік Қазақстан облысының Статистика агенттіктерінің басылымдары, Президенттің Жарлықтары мен Жолдаулары, «Егемен Қазақстан» газеті, Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы, «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы Заңы, «Қазақстан – 2030» стратегиясының мәліметтері есепке алынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Солтүстік Қазақстан облысының қысқа статистикалық жылнамалығы. 2006 жыл, Петропавл 2007.
2. «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында 2006». Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2006.
3. «Егемен Қазақстан» 2003 жыл 11 қаңтар №8 «Қазақстан Республикасының 8.01.2003 жылғы №373 Заңы».
4.С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Әлем экономикасы». Астана «Дәнекер» 2005.
5.Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы «Экономика» 1998.
6.Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе «А – Полиграфия» 2004.
7.А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы». Алматы «Экономика» 2003.
8.Н.Ш.Әлжанова “Инвестициялық жобалау” Алматы “Қазақ Университеті” 2006, 5 – 10 бет.
9.С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов «Экономикалық теория» Алматы «Экономика» 2003.
10.Г.М.Осипова «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002.
11. Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы.
12. Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
13. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамызындағы № 402 Жарлығы.
14. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы Заңы.
15. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2006жыл.
16. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі. 2004 – 2007 жж Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет, Астана 2008.
17. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының Статистика Департаменті. Солтүстік Қазақстан облысының Статистикалық жылнамалығы 2007, Петропавл 2008.
18. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі Казахстан и страны СНГ, 2/2008, Астана 2008.
19. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі Статистикалық баспасөз – бюллетень, Астана 2007.
20. Қазақстан – 2030, Алматы 2004.
21. «Kazakhstan today» агенттігі.
22. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова «Макроэкономика», Алматы «Экономика» 2003.

Қосымша А

Өнеркәсіпке инвестициялар




















Қосымша Ә

Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің өсімі

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1Инвестиция теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7 1.1
Инвестиция түсінігі және оның экономикалық мағынасы ... ... ...7
1.2 Инвестициялардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Инвестициялық қызметтің мәні, принциптері және
тиімділігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясаты ... ... ... ..17

2.1 Инвестицияны Қазақстанда пайдаланудың экономикалық
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Солтүстік Қазақстан облысында инвестицияны пайдалану ... ... ..22

2.3 Шетел инвестициялары
Қазақстанда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

3 Инвестициялардың мәселелері және оларды шешу жолдары
... ... ...31
3.1 Инвестициялық саясаттың мақсаттары мен шешу
жолдары ... ... .31
3.2 Әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасына әсері...34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 38

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0

Қосымша А. Өнеркәсіпке
инвестициялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 41

Қосымша Ә. Негізгі қорға бағытталған инвестиция көлемінің
өсімі ... ..42

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы – Инвестициялар мәселесі және мемлекеттің
инвестициялық саясаты. Қазақстан экономикасын қарастырғанда, бұл өте
маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Инвестиция – Қазақстан
экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа
термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық
салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс
пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі мен
техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар),
тұрғын үй мен тұрмыстық – мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық
салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалдық
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында 2006 жылы “Қазақстанның әлемдік экономикаға табысты шоғырлануы –
мемлекеттің экономикалық дамуындағы сапалы бұзып өтуі” атты бірінші басым
бағыттарының бірі – Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтары қорғалған және
сауда белгісі бар тауарларды өндіру үшін қолайлы жағдайлардың қалыптасуы
болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін жоғары техникалық және ғылыми әлемдік
өндірушілердің мақұлдауы мен қолдауына ие болуға және жаңа инвестицияларды
тартуға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануға тиіс. Инвестиция, жалпы
кез келген елдің экономикасын жақсарту мақсатында қолданылатындықтан, ол
өте маңызды болып табылады. Біздің мемлекетіміз де тәуелсіздігін алғалы
инвестициялық саясатты қолдануда.
Курстық жұмыстың мақсаты – инвестицияның мәні мен Қазақстан
Республикасының инвестициялық саясатын, оның мақсаттарын, шешу жолдарын,
және де қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан қаржы дағдарысының
Қазақстандағы инвестицияландыруға, жалпы экономикаға әсерін зерттеу.
Жалпы инвестицияны пайдалану объектілеріне - мемлекеттік, облыстық
аймақтар; ауыл, орман, балық, аңшылық шаруашылықтары; өнеркәсіп; құрылыс;
көлік және байланыс; білім беру; мұнай мен газ өндіру; денсаулық сақтау;
қонақ үйлер мен мейрамханалар жатады.
Курстық жұмыста пайдаланған негізгі әдістер – статистикалық деректерді
талдау әдісі.
Курстық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады, ал ол бөлімдер екі – үш
бөлімшелерден құралған. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мен инвестиция
түсінігін, оның экономикалық мағынасын, инвестициялардың жіктелуін,
инвестициялық қызметтің мәнін, принциптері мен тиімділігін; екінші бөлімде
Қазақстан Республикасында және Солтүстік Қазақстан облысында инвестицияны
пайдаланудың маңыздылығын, инвестицияландыру мөлшері мен Қазақстандағы
шетелдік инвестицияларды қарастырдым. Ал үшінші бөлімде Қазақстанға
инвестицияларды неғұрлым көп тартудың жолдары жайлы және қазіргі әлемдік
қаржы дағдарысының Қазақстанға тигізетін әсері туралы айтылған.
Курстық жұмысты жазу барысында Әлем экономиаксы, Инвестициялық
жобалау, Экономикалық теория, Ақша, кредит, банктер сияқты оқулықтар
қолданылып, Қазақстан Республикасының және Солтүстік Қазақстан облысының
Статистика агенттіктерінің басылымдары, Президенттің Жарлықтары мен
Жолдаулары, Егемен Қазақстан газеті, Қазақстан Республикасының
индустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған
стратегиясы, Инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының 2004
жылғы Заңы, Қазақстан – 2030 стратегиясының мәліметтері есепке алынды.

1 Инвестиция теориясы

1. Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы

“Инвестиция” термині латынның investire – “жұмылдыру” сөзінен
алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен
қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі
тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: “Біз
қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар,
қондырғылар, өндіріс – материалдық запастар және т.б.) “таза
инвестицияландыру” немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін
жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін
сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар, яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.”
У.Шарп инвестицияны былай анықтайды: “Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық – көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім – шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвстициялардың негізгі бөлігі
нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен
бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру
институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде
ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір – бірін толықтырушы
болып табылады.” В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын
бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің
капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын
нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді. [1]
Инвестиция – бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма – қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай
да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторымен
айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе
үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Көз алдыңызға келтіріңізші, келесі екі уақиғаны бақылап көрелік:
- Смағұлов мырза өзіне үй сатып алды.
- Әбенова ханым өзіне судай жаңа үй салғызуда.
Осы әректтердің нәтижесінде жалпы инвестициялар қандай? Бір үй,
екі үй немесе біреуі де емес пе?
Осы екі жағдаймен ұшырасқан экономист инвестициялар ретінде тек
Әбенованың үйін қарайды. Смағұлов экономика үшін жаңа үй тұрғызған
жоқ, ол тек бұрыннан барды алды. Смағұловтың үй сатып алуы, оның
өзі үшін ғана инвестиция болып табылады, ал үйді сатқан адам үшін
бұл келісімді жасасу керісінше процесс болып шығады. Әбенова болса,
керісінше, экономикаға жаңа үй қосып отыр, демек оның жаңа үйі
инвестиция болып саналады.
Жалпы тәртіп былай: бұрыннан бар активтерді әртүрлі адамдардың
араларында бөліске түсіретін сатып алушылық экономика үшін
инвестиция болып саналады. Экономистер қолданып жүрген
инвестициялардың мазмұны жаңа капиталды жасау деген ұғымды
білдіреді. [2]

1.2 Инвестициялардың жіктелуі.

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданылады:
а) инвестициялардың түрлері;
ә) ақша құралдарын салу объектілері;
б) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
в) инвестицияландыру кезеңі;
г) меншік түрлері;
ғ) инвестордың қатысу түрлері;
д) тәуекел дәрежесі;
ж) ұдайы өндіріс түрлері.
1) Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды
қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды
құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар;
- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу - хау” емес)
ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде
рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2) Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді:
-нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын
қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым.
Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық
бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
- материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша
құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3) Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді:
- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын
салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі.
Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне
тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге,
инвестицияландыру объектілрін жобалау мен тұрғызуда, дайын өнім өндірісіне;
- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы
(инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар
инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын
клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын
салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4) Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына
түрлерге бөледі:
- қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
5) Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің
бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6) Инвестордың қатысу түрлеріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе
шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі
меншік қоғамына үлестік қатынас);
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы
немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да
мүліктік құқықтарға концессия алу.
7) Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге
бөлінеді:
- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа
мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп
саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл
қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі
салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
- тәуекел инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға
тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың
мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру,
өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік
тапсырыстарды орындау және т.б.) дәрежені бағалау критерийлері мыналар
болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы
мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік
табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады. [3]

1.3 Инвестициялық қызметтің мәні, принциптері және тиімділігі

Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге
жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі
жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелілік, яғни
инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары
тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес
ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды
жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің
ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып
табылады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап
экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді
жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң
нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының
мәліметтері бойынша 2003 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту
көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін
иеленді. [4]
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге,
тауар өндіру және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарық
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы
тиіс. Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда
коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және
қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің
түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне,
сондықтан да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін
қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға,
атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік пошлиндар жағынан
едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996 жылы 1996 – 1998 жылдарға арналған
мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға
қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін, су
ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық
шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары
енгізілді. Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел
инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының
көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық
тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай,
өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың
қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің
мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрмен қатысуы
мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді,
өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз. [5]
Инвестициялық процесті дамытуда әлемдік экономика қарамағында
олардың міндет бағыты, функциясы негізінде байланысты. әлемде сегіз
типтес банк мекемелері бар. Олар инвестициялық процестің ең басты
негізі болып келеді. Атап айтсақ:
1) Имиссия банктері, яғни, ынталы оперативтік активті жұмыс
істейтін мемлекетке және коммерциялық банктерге қаржы қаржыландыру
қабілеті бар банк болып келеді. Ол банк банкнот шығарады немесе
валюта, акция шығарады және мемлекеттік құнды қағаздарды сатады.
Осыған байланысты қабілеті бар банк болып келеді.
2) Коммерциялық банктер, олардың бәрі демек акционерлік қоғам
ретінде құрылады, және жабық немесе ашық акционерлік қоғам банкісі
ретінде қызмет істейді. Олардың негізгі міндеті мен функциясы ақша
қорын жинау, барлық мекемелер бойынша ақша қорын қалыптастыру.
Олармен көптеген түрлі операциялық жұмыс жасау. Осы кешенді
жұмыстардың толық түрлерін тікелей ақшалай ағым негізінде барлық
қызмет түрін орындау.
3) Инвестициялық банктер олардың басты міндеттеме қызметтері –
акцияларды тарату және түрлі қаржы, қаржыландыру операциясында
қосымша жұмыс істеу. Сонымен қатар, түрлі банк несиелерін ұсыну
жұмыстарын орындау.
4) Клиринг банкісі, оның басты жұмыс бағыты құжат негізінде
түрлі есеп жасап, есептеу банкаралық, осындай есепті орындау
вексельдік жұмыстарды орындап басқа банктерге құжат арқылы қатынас
жасау жұмыстарын орындау.
5) Инвестициялық компаниялар, олар ең көлемді, оның жұмысы басқа
банктерден не болмаса басқа компаниялардан облигация, акциялар сатып
алу тікелей өзінің акцияларымен халыққа сауда жасау осы банктің
негізгі қызметінің негізгі бағыты болып келеді.
6) Жинақтау кассілері немесе банкі, олардың негізгі мақсаты,
қызметі банкі операцияларының барлық түрін орындау, халықтық ақша
жинақтау, халыққа ақшалай қызмет ету.
7) Қамсыздандыру компанияларының негізгі қызметтері: қамсыздандыру,
банктік депозиттер,көп жылдық қаржы қаржыландыру жұмыстарын орындау,
қаржы беру, жеке меншіктегі облигациялар сатып алу, барлық фирмалар
түрін немесе халық ақша қорынан ынталандыру қорын жинақтау.
8) Зейнет ақы қоры: қаржы, ақша ұсыну акциялар мен облигацияларды
сатып алу, халықтың жинақтаған ақшасын және фирманың ақша қорынан
зейнетақы қорын қалыптастыру. [6]
Осы дәуірде әлемдік экономиканың дамуы әрбір ұлттық
экономиканың дамуымен тікелей байланысты болса, онда әрбір елдің
әлемдік деңгейде әлемдік интеграция негізінде күрделі қаржыны
пайдалану, жалпы инвестициялық процесті дамытумен тікелей байланысты
болып келеді. Жалпы алғанда ұлттық және әлемдік капитал әр түрлі
салаға салалық негізде байланысты жүргізіледі. Оның негізі ақша,
қаржы – қаражат яғни, банкі капиталы өндірістік капиталымен
салыстырмалы негізде болады. Ең бірінші өнеркәсіп капиталы, сауда
капиталы болып құралып, капиталдың жаңа формасы қалыптасып жалпы
алғанда әлемдік қаржы капиталы болады. Қорытындылап айтқанда,
инвестициялық процестің әлемдік күрделі қаржы пайдалану функциялары
ол көптеген миллиондаған мемлекет тұрғыдан ең жоғары аса күрделі
және кең дүниелі қаржыландыруда, қаржы пайдалануда басқару немесе
менеджерлік жұмысты орындау болып келеді. Оны революциялық басқару
деп атайды. Ең басты проблема, ол өндірістік және банкілік капиталды
шоғырландыру болады. Ол:
1) Өнеркәсіптік монополия, яғни алуан көлемді тауарлардың
түрлерін шығару;
2) Рантье қабатын дамыту, яғни өз капиталыңды басқалардың
капиталы арқылы дамытып көбейту;
3) Халықтың табыс – кірісін дамыту;
4) Қаржыландыру істерін әлемдік деңгейде пайдалану және
банкирлер бәсекесін пайдалану;
5) Капиталдың, ақшаның өтімді болуы, әлемде жүру, жүргізу, негізгі
және оның ықшамды, ұтымды деңгейде болуы.
Мемлекеттің жұмысы экономикаға инвесторлар тарту үшін тиісті
заңнама және нормативті жағдай жасау. Белгілі болып отырғанындай,
қазіргі экономикада тұрақтылықтың (монетарлық, валюталық) бірнеше
сипаттамасы бар, бірақ, егер мемлекет салық жинай алмаса, онда
қалғандарының бәрінде де ешқандай мән жоқ. [7]
Инвестицияны тартпақ болған елде қауіп – қатер қаншалықты жоғары
болса, шетелдік инвестициялар соншалықты аз болады.
Заңнама базасы мықты болуы керек. Шетелдік инвестиция туралы
Заңның мақсаты – қауіп – қатерді мейлінше азайту:
- салық салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс;
- халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;
- тікелей еріксіз алу қорқынышын тудырмау: қандай да бір
кәсіпорынды, материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендірмеу, өтем
туралы заң болуға тиіс;
- беретін және алатын елдер арасында өзара қарым – қатынас
жасасу;
- халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың
болмауы қауіп – қатерді азайтады.
Мемлекеттік салық заңнамасының көптеген ережелері капитал жинау
процесіне ықпал жасайды. Заң шығарушылар кейде инвестициялық
сұранымның өзгерісін тудыру үшін және тұтас сұранымға әсер ету
мақсатында ол ережелерді ауыстырып отырады. Инвестицияларды жүзеге
асыруды ынталандыру барысында салық ықпалы көп түрлі болады. [8]

2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясат

2.1 Инвестицияны Қазақстанда пайдаланудың экономикалық маңызы

Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті
қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесі кеңінен
қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы.
Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының
халықаралық тәжірибесі көрсеткендей Қазақстан бұл процестен аулақ тұра
алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық
қатынастардың ерекше белгісі. Егер, біздің мақсатымыз дүние жүзілік
шаруашылыққа интеграциялану және ашық экономика қағидаларын қолдау болса,
онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет
процесс. Олай болса біздің іс – қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі –
шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге
көмектеседі:
1) Экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;
2)Өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру;
3) Өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету;
4) Нарықтық экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау.
Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты инвестициялық
ахуалдың негізгі бағыт – бағдарламасында оларға неғұрлым қолайлы
мүмкіндіктер жасалып жатыр. Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін,
барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу,
шекара және кеден бақылауынан өту, жұмыс істеу құқына және ел ішінде жүріп
– тұруға рұқсат беру жөніндегі ережелер туралы болып отыр. Инвестицияларға
немесе несиелерге салық шешімдерін беруді қоса алғанда салық жеңілдікті,
кеден бажын және т.б. қайта қарап, уақыт талабына сәйкестендіруге болар
еді. Қорытындылай келе, Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі арқылы
алынған бұл мәліметтер көп нәрсені айқындайды. Мұнай – газ саласы пайданың
қайнар көзі. Сондықтан трансұлттық компаниялар ең алдымен соған ұмтылады.
[9]
Қаржы емес активтерге салынған инвестициялар жыл сайын өскен. 2005ж –
3040031теңге, 2006ж – 3595876теңге, 2007ж – 4044579теңгеге тең болды. 2007
жылы ол 2005 жылға қарағанда 1004548 теңгеге(25%-ға), 2006 жылға қарағанда
448703 теңгеге (11%-ға) өсті. Нарықтық өзгерістердің жетістіктерін
сипаттайтын маңызды факторы – негізгі қорларды жаңарту және жаңа
технологияларды енгізу үшін кәсіпорындардың меншікті қаражаттарын салуы
болып табылады. Сонымен, соңғы үш жыл ішінде қаражаттарды қаржылық емес
активтерге салудың негізгі көзі – кәсіпорындардың меншікті қаражаттары
болып табылады (2005 жылы олардың үлесі 63,7%; 2006 жылы – 64,7%; 2007 жылы
– 54,7% - ды құрады). 2007 жылы инвестициялардың көлемі өсті, енді әрбір
қаржы көзіне тоқталсақ: республикалық бюджеттен бөлінген қаржы барлық
инвестициялардың – 10,8%-ын, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы – 2,5%-ды,
меншікті қаражаттан бөлінген қаржы – 54,7%-ды, шетел инвестициялары – 15,6%-
ды, басқа да қарыз қаражаттары – 16,4%-ды құрады. [10]
Өңірлердің экономикалық дамуының және ол жердегі рыноктық түбегейлі
өзгерістердің маңызды көрсеткіштерінің бірі - әркелкі үлесімен сипатталатын
инвестициялық белсенділік болып табылады. Негізгі капиталға салынған
инвестициялардың өңірлік құрылымында көлемдердің едәуір бөлігі 2007 жылы
41,7% еліміздің батыс өңірлерінің: Атырау (22,2%), Ақтөбе (6,6%), Маңғыстау
(7,4%), Батыс Қазақстан (5,5%) облыстарының кәсіпорындары игерген. Алматы
және Астана қалаларының үлесі қомақты – тиісінше 14,5% және 12,5%.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған
инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражатының үлесі 2006
жылмен салыстырғанда 7,9% - ға азайып, 2007 жылы 48,8% құрады. Алдыңғы
жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттен бөлінген қаржы – 1,9%,
жергілікті бюджет – 0,8%, қарыз қаражаты - 7% - ға өсіп, ал шетел
инвестициялары – 1,8% - ға кеміді.
2007 жылы бөлінген инвестициялар мөлшері өсті. Ең көп инвестиция
мөлшері өнеркәсіпке бөлінді, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібіне көбірек
бөлінді. Ал ең аз мөлшердегі инвестиция мөлшері балық аулау мен балық өсіру
саласына бөлінді. Инвестицияландыру мөлшері 2007 жылы 2005 жылға қарағанда
39% - ға, 2006 жылға қарағанда 17% - ға өсті. [11]

Кесте 1

Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларға
салынған инвестициялар

2009 2010 2011

Су ресурстарын қорғау және ұтымды 777 100 45
пайдалануға
49018 50598 43216
Соның ішінде мыналардың есебінен қаржыландырылатын:
Республикалық бюджеттен 4872 4383 6316
Жергілікті бюджеттен 1273 1996 2321
Меншікті қаражаттан 26414 34758 24565
Шетел инвестицияларынан 389 359 407
Басқа да қарыз қаражаттарынан 16070 9102 9607

Қаржы емес активтерге салынған инвестициялардың қаржыландыру
көздеріне тоқталсам, меншікті қаражаттан бөлінетін инвестициялардың мөлшері
әрбір жылда жалпы инвестицияның үлкен бөлігін құраған. 2005 жылы барлық
инвестиция мөлшерінің – 53,9%-ын, 2006 жылы – 68,7%-ын, 2007 жылы – 56,8%-
ын құрады.
Меншік бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым
бөлігіне жеке меншік нысандары ие болды, ал ең аз мөлшерге шетелдіктер ие
болды.
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған
инвестициялардың басым бөлігі 3 жылда да меншікті қаражаттан бөлінген: 2005
жылы барлығының – 39,6%-ын, 2006 жылы – 54,2%-ын, 2007 жылы – 50,1% - ын
құрады.

Кесте 3
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар

Уақыты Барлығы Одан
1 2 3 4 5
Мемлекеттік Мемлекеттік емесСоның ішінде халық
кәсіпорындар менкәсіпорындар мен
ұйымдар ұйымдар
Млн.теңге
2004 1488 664 824 482
2005 2759 1721 1038 804
2006 2575 1315 1260 967
2007 3273 1345 1928 1304
өткен жылға %-бен
2004 428,1 - - -
2005 177,0 247,3 120,3 158,8
2006 89,0 72,9 115,9 114,8
2007 120,5 97,0 145,0 127,8

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар жыл сайын өсті. 2007 жылы
олардың басым бөлігі мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдарға бөлінді,
бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда - 145%-ға өскен. [16]

Кесте 4
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестицияларды қаржыландыру
көздері

Млн.теңге
Барлығы 2008 2009 2010 2011
1488 2759 2575 3273
Соның ішінде мыналардың есебінен қаржыландыратын:
Республикалық бюджеттен 492 1527 647 434
Жергілікті бюджеттен 160 194 667 911
Меншікті қаражаттан 740 1038 1197 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Инвестиция туралы ақпарат
Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
Қазақстан Республикасының Мұнай-газ секторындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігін бағалау
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инвестициялық қызметтің түсінігі мен мазмұны және құқықтық жағдайы
Жеке инвестициялар
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Пәндер