Салт-дәстүрлеу туралы тәлімгерлік сағаттар
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Ауыл-бұл халық өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне, соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді» деп көрсетіп, әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. [1]. Шындығында, ауылдағы ең қасиетті шаңырақ-мектеп. Оны жөнге келтірмей басқа мекемелерді түзей алмайсың. Ауыл мектебінің мәселесі-қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму үрдісінен хабардар көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе. Ал, мектептегі басты тұлға-мұғалім. Осы мұғалімдер әлеуеті жеке тұлғаны қалыптастырудағы практикалық іс әрекетті жүзеге асыратын ерекше әлеуметтік зиялылар тобы.
Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары, біріншіден, өзіне, содан кейін халық тарихына, экономикасына, тілі мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оқу-тәрбие үрдісінде өткен ғасырдың 70-90 жылдары қол жеткізген жақсылығымызды жауып тастамай жоғалтқан асылымызды түгендеудің маңызы ерекше. Өйткені, ұлттық сипаттағы халықтық тәрбиенің, яғни шәкірт бойына халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар, намыс, ождан, атамекен, ата-ананы құрметтеу, кісілік, имандылық сияқты қасиеттерді дарыту ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын мол мұра болып табылады. Яғни, оқушыларды өз еліне, халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, ұлттық нәрмен сусындату қандай қоғамда да үздіксіз жүріп жататын процесс. Ол өткен, кеңес дәуірінде біршама қысылыс көргенімен мүлдем тоқтап қалмай басқаша түр мен мән ала отырып дами берді.
Халықтық дәстүр мен салт, өнеге мен тәлім негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі туралы және оның әдіс-тәсілдері жөнінде бұрынды-соңды аз айтылып, кем жазылған жоқ. Бұл адамзат баласының мәңгілік тақырыбы. Әр халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ,

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Ауыл-бұл халық
өмірінің бейнесі, мәдениеті мен дәстүрінің, салты мен рухани өмірінің
қайнар көзі. Тек қана осы факторлар жиынтығы ғана бізден ауыл мәселелеріне,
соның ішінде оның мектебіне өте сергек қарауымызды талап етеді деп
көрсетіп, әрқашан ауыл мектебіне ерекше көңіл аударады. [1]. Шындығында,
ауылдағы ең қасиетті шаңырақ-мектеп. Оны жөнге келтірмей басқа мекемелерді
түзей алмайсың. Ауыл мектебінің мәселесі-қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл
ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік
даму үрдісінен хабардар көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе. Ал,
мектептегі басты тұлға-мұғалім. Осы мұғалімдер әлеуеті жеке тұлғаны
қалыптастырудағы практикалық іс әрекетті жүзеге асыратын ерекше әлеуметтік
зиялылар тобы.
Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары, біріншіден, өзіне, содан
кейін халық тарихына, экономикасына, тілі мен мәдениетіне тікелей
байланысты. Оқу-тәрбие үрдісінде өткен ғасырдың 70-90 жылдары қол жеткізген
жақсылығымызды жауып тастамай жоғалтқан асылымызды түгендеудің маңызы
ерекше. Өйткені, ұлттық сипаттағы халықтық тәрбиенің, яғни шәкірт бойына
халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар, намыс, ождан, атамекен,
ата-ананы құрметтеу, кісілік, имандылық сияқты қасиеттерді дарыту ұрпақтан-
ұрпаққа жетіп отыратын мол мұра болып табылады. Яғни, оқушыларды өз еліне,
халқына, дәстүріне, тіліне, тарихына жақындату, ұлттық нәрмен сусындату
қандай қоғамда да үздіксіз жүріп жататын процесс. Ол өткен, кеңес дәуірінде
біршама қысылыс көргенімен мүлдем тоқтап қалмай басқаша түр мен мән ала
отырып дами берді.
Халықтық дәстүр мен салт, өнеге мен тәлім негізінде жас ұрпақты
тәрбиелеу мәселесі туралы және оның әдіс-тәсілдері жөнінде бұрынды-соңды аз
айтылып, кем жазылған жоқ. Бұл адамзат баласының мәңгілік тақырыбы. Әр
халық өзінің жас ұрпағы қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ізгі
ниетті, ар-ожданы мол болып өскендігін қалайды және бұл мәселені өзінің
тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырады. Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып,
сұрыпталып, тұрмыс, өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүрлерді
педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде қолданып келеді. Қай халықтың болсын ұрпақ
тәрбиелеу тәжірибесіне үңілсек, осыны көреміз. Алайда, ұрпақ тәрбиесі
қоғамнан тыс оқшау тұрған құбылыс емес. Өзінің өмір сүрген қоғамының бағыт-
бағдарымен, оның заңдылықтарымен бірге жүріп отыратыны белгілі. Тіпті, жазу-
сызуды білмеген, білім мен мәдениеттен мешеу тайпалық дәуірдің өзінде де өз
ұрпақтарын өмірге бейімдеп тәрбиелеу, еңбекке, қолөнерге, аңшылыққа үйрету
дәстүрі әрбір ұлт өмірінен өзекті орын алған.
Алайда, Кеңестік дәурен өмір сүріп отырған кезеңде, соның ішінде өзіміз
қарастырып отырған 70-80-ші жылдары да Қазақстанның ауыл-село
мектептеріндегі тәрбие жұмысының бағыты түбегейлі өзгеріске түсті. Кеңестік
жүйе мектептердегі тәрбие жұмысын партиялық идеология негізінде жүзеге
асырды. Партия маркстік-лениндік ілім негізінде идеологиялық жұмыстардың
міндеттерін белгілей отырып, оқушыларды коммунистік тәрбиеге бой
ұсындырудың басты бағыттары мен түпкі мақсатарын айқындап беріп отырды.
Жүйелеп көрсетсек, басты-басты мынадай бағыттар басымдылығы негізделді:
біріншіден, коммунизм жеңістеріне құлай сенген, сол үшін аянбай қызмет
ететін жан-жақты дамыған, маркстік-лениндік іліммен әбден қаруланған,
қоғамдық өмірге партиялық-таптық тұрғыдан қарауға дағдыланған, коммунизм
ісіне берілген адам тәрбиелеу;
екіншіден, жеткіншектер бойында еңбекке, социалистік меншікке деген
коммунистік көзқарас қалыптастыру;
үшіншіден, өскелең ұрпақты коммунистік мораль рухында тәрбиелеу,
социалистік қоғам қағидаларын бұзушылыққа, жеке меншіктік психологияға,
тоғышарлық пен буржуазиялық идеологияға төзбеу;
төртіншіден, оқушыларға кең эстетикалық тәрбие беру, оны мазмұны
социалистік, түрі ұлттық социалистік мәдениет үлгісінде жүргізу т.б. [2].
Әрине, бұл көрсетілген бағыттардың көпшілігі негізінен адамзаттық ізгі
ниеттерді мұрат тұтты. Мәселе, сол ізгі ниеттердің барлығының партиялық,
таптық коммунистік идеологияға бағынып, әміршіл-әкімшілік жүйеде жүзеге
асырылуында еді.
Міне, осындай жағдайда ата дәстүріміздің шашылғанын теріп, жоғалғанын
іздеудің өзі мүмкін болмай қалды. Ғасырлар бойы қалыптасып, талай ұрпақ
тәрбиеленген ұлттық үлгі-өнеге қайнарының мөлдірін ылайлап, көзін бітеуге
небары жетпіс төрт жыл қажет болыпты. Өкінішке орай, бірнеше ұрпақ халықтың
рухани қазынасының кәусарына сусындамай шет қалды. Нәтижесінде, жас ұрпақ
жеті атасын білмей, шыққан тегін қадағалау қаға беріс қалды. Көпшілік
жағдайда жастардың рухани жағынан азғандауға да бой ұрғандығы байқалды.
Десек те, қазақ халқы тамыры тереңге кеткен алып бәйтерек секілді. Мектеп
оқушыларының санасына социалистік жүйенің бірегейлігі мен жеңімпаздығын,
коммунистік партияның жасампаздығын әбден сіңіру болған кешегі өктем,
әміршіл-әкімшіл жүйенің үстемдік құрып тұрған мезгілінде-ақ Қазақстанның
ауыл-село мектептерінде тәлімдік маңызы зор шаралар кеңінен жүргізілген
екен. Соның бірі - ұлттық салт-дәстүрді мүмкіндігінше насихаттап, балғын
ұрпақ бойына жұғысты етуге жасалған әрекеттер еді. Мұны жүзеге асырудың
бағыт-бағдары мен өзіндік тәжірибесі де қалыптасты. Енді осы бағыттағы
атқарылған істер мен оның тәлімдік тәжірибесіне тоқталайық.
Оқушыларға ұлттық тәрбие беру мәселесі тікелей сабақ процесінде жүзеге
асып отырды. Бұған республиканың әр түпкіріндегі ауыл-село мектептерінде
жүргізілген озық тәжірибелерді талдай отырып, көз жеткізуге болады. Ойымыз
шашыраңқы болмас үшін мұны тек еліміздің батыс өңіріндегі Гурьев облысы
(қазіргі Атырау) мектептері тәжірибесін талдай отырып қана көрсетейік.
Себебі, мұнда жеткіншек ұрпаққа ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрлерді
үйретудің, оларды оқушылар санасына сіңірудің бірсыпыра оңды тәжірибелері
де жинақталған болатын. Облыстың Мақат ауданындағы М.Баймұқанов атындағы
мектептің биология пәнінің мұғалімі М.Мұқашеваның Қазақтың ұлттық әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін биология сабағында уағыздау тақырыбындағы
жеке тәжірибесінің тәлімдік мәні зор болды. Ол 9 сыныпта Баланың өсуі мен
дамуы, Емшектегі баланың гигиенасы сабағында бағдарламалық материалға
қоса Шілдехана тойы және бесік жөнінде мәлімет береді. Көшіп-қонудың
ерекшелігін ескере отырып, сәби қамын ойлаған ата-аналар бесікті табады.
Оның құрамында терең ой мен шеберлікті көрсететін бөлшектер бар. Сол
шағынүйшіктегі бала төсегі, шүмек, жөргек, жаялық, қолбау –бәрі
ойластырылып, ақылмен жасалған. Сондықтан да бала денесі, заттары, киімдері
таза, ұйқысы тыныш болып дұрыс өседі.
Сондай-ақ, 10 сыныпта Қолдан сұрыптау, өсімдіктер сорттарының, мал
тұқымдарының көп түрлілігінің негізгі себебі деген тақырыпты өткенде мал
өсіру қазақтың ұлттық дәстүрі, шаруашылығы болғанына, әркім өз күн көрісін
түзеу мақсатында өсімдіктердің мол өнім беретін сорттарын (тары, сұлы,
бидай), жануарлардың сүтті, етті тұқымдарын (түйе, жылқы, қой) сақтап
отырғандығына көңіл бөлінеді. Оқушылар қазақтың бірқатар дертті шөппен
емдеу тәсілімен танысады.
Осы облыстың Ембі ауданындағы №3 орта мектептің география пәнінің
мұғалімі Е.Жиенқұловтың халықтық дәстүр идеяларын пайдалануға бағытталған
ізденістерін ерекше атауға болады. Кезектегі сабақтың мазмұнына байланысты
жер, су атауларының шығу тарихы, сол жерде өмір сүрген белгілі адамдардың
өмірімен, халықтың әлеуметтік-шаруашылық жағдайларымен байланыстырумен
қатар оқушыларды осы бағытта ізденістер жүргізуге тәрбиелейді. Халықтық
болжау үйірмесіне қатыстыру арқылы оқушыларды халықтық болжау тәсілімен
ауа райының өзгерісіне алдын-ала болжам жасауға үйретеді. Ал, Исатай ауданы
Амангелді атындағы орта мектептің мұғалімі З.Қарабалин химия пәнінің оқу
бағдарламасында қарастырылатын кейбір табиғи химиялық заттарды ата-
бабаларымыз тұрмыс-тіршілігінде, халықтық емдеу ісінде ежелден пайдалана
білгенін оқушыларға нақты мысалдармен қызықты баяндайды. Мысалы, оқушыларға
халқымыздың өте ертеден таза күкірттің емдік, залалсыздандырғыш қасиеттерін
білгенін, күкіртті маймен қосып, онымен адамның және малдың терісіне шыққан
қышыма жараларды, кейбір асқазан сырқаттарын емдегенін, күнделікті тұрмыста
мүсәтірді дәнекерлеуде, халықтық емдерде, кайрақ тасты металдан істелген
бұйымдарды өңдеудің пайдаланылатынын айтты.
Қазақ халқының бала тәрбиелеудегі салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын,
мұраларын оқу процесінде пайдаланудың осындай озық тәжірибелері сөз жоқ,
республиканың басқа да аймақтарында жүріп жатты. Соның нәтижесінде, ұлттық
салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың, халықтық өнеге мен тәлімнің негізінде
шәкірттерге тәрбие берудің тың жолдары мен бағыттары анықталды. Бұлар
негізінен оқу процесінен тыс уақытта жүргізілген тәрбие жұмыстарының сан
қилы салаларында жүргізілді.
Ұлы адамдар өмірінен Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 150 жыл
тәлімгерлік сағаттар
Шәкәрімнің өз басы да, шығармашылығы да — қазақ әдебиеті тарихындағы
айта қаларлықтай көрініс. Ғажайып поэзиясынан ләззат алған адам, оның
ойланып, толғануы көп, уайым, қайғы басқан, жалғыздық жапасын мол тартқан
жан екеніне көз жеткізер еді. Лирикалық өлендерінен бұл сыр, әсіресе,
айқын сезіледі.
XX ғасырдың бас кезіндегі шымшытырық әлеуметтік оқиғалар Шәкәрімді шар
тарап ойға шомылдырған, негізінде дүниені рационалистік жолмен тануға
ұмтылған, әлемдік мәдениеттен хабары мол ақын өзі өскен ортаның кем-
кетігін жіті көрген. 1917 жылғы революцияларды жылы қарсы алып, бостандық
туралы біраз өлеңдер жазады, бірақ кейін бұл тақырыпқа терең бармайды.
Бірді-екілі өлеңін алашқа оның көсемдеріне арнайды, олар жөнінде
жылы сөздер айтады; қазақ халқының тәуелеіздігі, болашағы, оның жеке ұлттық
мемлекет болуына байланысты деген ойға тоқырайды. Мұның бәрі, сөз жоқ, сол
заманның сан қилы күрделі оқиғаларына қатысты жай. Ағартушылықты, оқу,
білімді, өнерді насихаттай отырып, байларды, атқамінерлерді батыл сынап,
еңбекші халықтың ақысын жемеуге, оларды демеуге шақыра отырып, революция
мен азамат соғыюы жылдарында жан тебірентер оқиғаларға белсене араласа
алмауы да сонан. 1916жылғы қозғалыс, 1917 жылғы революция, азамат
соғысы, қазақ ауылын советтендіру сияқты жер жүзін сілкінткен ұлы
өзгерістер дүбіді Шәкәрім шы-ғармашылығында солғын естіледі. Рас,
ақынның бұл кезде қартайып, алдындағы сан алуан күрес, уайым, жапа,
жалғыздық жылдарынан титықтап қалған щағы еді. Алпыстан асар шағындағы
өлеңдерінде ол көбіне өлім, өмір туралы, жастық кетіп, кәрілік басқаны
жайында кеп жазады:
Жастық жалынсам және келер ме
Мастық денеге қызу берер ме,- '
Суылған тұла бой.
Маған қарама, көңілім, мұңайып
Саған жеткізбес, кеткен ол ғайып,—
Жас өмір еткен ғой.
Бұл алпысты, түскен тісті
Тозған түсті жасымда,
Сөгуші едім, опық жедім — Бәрі менің басымда.
Ақынның тау арасында жеке, аскеттік өмір құруы да оның дүние дүбірлерінен
аулақ болайын дегенін аңғартады. Сөйтсе де, көп әңгіме, сөзге бұл да себеп
болады. Ақынның елмен, қауыммен арасы суи береді. Күнбе-күнгі тіршіліктен,
халық тұрмысынан қолын үзеді. Сауытына тығылған ұлудай тас бүркеніп, тек
өзінің жүрек дүрсіліне, алас ұрып, толас таппаған ойына құлағын түреді. Осы
кезеңі туралы ақын өзі:
Кейбіреу безді дейді елден мені, Есалаң айтады екен сезіп нені.
Хақихатты танитын баста ми жоқ,
Ондайлардың сау емес анық дені.
Мен жалғыз, сендер елде қойдың алып, Ешкімнің кеткенім жоқ малын
алып, Елу бес жыл жинаған қазынамды, Оңашада қорытам ойға салып.—
— дейді.
Бұған қарағаыда, ақын шынында да өмір алаңына ермей, өзінің
философиялық, ақындық ой-армандарын қорытқысы келген. Ағайын араздығы, ру
таласы, ауыл ішіндегі партиягершілік сияқты жайлар да оның аулақ кетуіне
себеп болған, өзі де солай дейді. Келесі бір өлеңінде осы мәселені
қозғаған:
Кейбіреу безді дейді қатынынан, Туысқан, бауыр, бала жақынынан;
Қаңғырып Толстойша өлер дейді, Шатасып қартайған соң ақылынан.
Мен болсам Толстойдай арманым жоқ, Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ.
Сырымды білетұғын сендер емес, Өлейін деп елсізге барғаным жоқ.
Таза ой ойлай алмас үйде басым, Ойсыз сіңбес ішкен асым.
Ой жемісін теремін өлгенімше, Өсектесін, күндесін, мейлі қасым.
Елден қара үзіп, жеке шығып кетуінің себебі бұл үзіндіде айқын айтылған.
Қат-қабат ой билеп, өмірдегі өзгерістерді бағдарлап байқау үшін және өзінің
ынтық ісі — өлеңі үшін тыныштық іздеген; жалғыздық күйде өзімен өзі
кеңескісі келгендей.
Ақын көптеген өлеңдер, поэмалар, мысалдар, нақыл сөз, әңғімелер жазған.
Қайшылық, кемшіліктері бола тұрса да, ақын өлеңдері жаңа лебімен, ақылды,
сазды үнімен, ойлылығымен, сұлулығымен баурайды, тартады.
Ақын шығармашылығының жайын, сырын, өзіндік ұғымын білу үшін, жалпы ол
көркем әдебиетке қалай қарады, қандай баға берді, қалай түсінді дегенге
көңіл аударған дұрыс. Шәкәрім әдебиетке мүлде басқаша, өзгелерге қарағанда
айрықша ұғыммен қараған. Әдебиетке жаңа тілек, жаңа міндет жүктегіен.
Әдебиетті ақын ағартушылық құрал ретінде пайдалануды көздейді, көркем сөз
арқылы халықты мәдениетке, өнер-білімге тартуды ойлайды. Бұл жағынан
Шәкәрім қазақ әдебиетінің Абай мен Ыбырайдан келе жатқан ха-лықтық дәстүрін
онан әрі жалғастыра түскен ақын.
Білгенімді жазушы ем,
Бекем буып белімді.
Мінін айтып қалушы ем, Түзетпек боп елімді,—
дейді Шәкәрім. Ақынның өлеңдерінен қандай мақсатты жүзеге асыруды
көздегенің аңғару қиын емес. Өз елінің мінін айтқанда да, оны ілгері
шақырғанда да сол қауымды түзету, өрге бастыру ниетінде болғаны көрінеді.
Ескіліктің, надандықтың өзі білетін кертартпа жақтарын сынау арқылы ғана
елді түзетуге болады деп ойлайды,:.Ақынның өскен, өмір сүрген ортасын
ескерсек, осыдан артыкты, яғни белсенді ұранды, одан күту де қиын. Ақындық
талантын қоғамдық прогреске, қауым мүддесіне арнауын үлкен жеміс деп
қарауымыз қажет.
Мен жетелеп өлемін
Өрге қарай қазақты.
Өлсем де ойын бөлемін, Сөзбен салып азапты. Білімдінің сөзіндей,
Сөзім де мен таза-ақты. Қазақ болса өзімдей,
Қыла алмайды мазақты,— дейді ақын. Қазақтың көзін ашып, көңілін оятуды
ақын азаматтык. борышым деп таниды, тіпті өлгеннің өзінде халыққа сөзіммен
ой саламын, маза бермеймін, оны өрге қарай сүйреймін деуі — қажыр, қайрат
белгісі. Шәкәрімнің жазба әдебиеттің дәстүріне лайық бір өзгешелігі —өз
тұсындағы бірсыпыра ақындарға қарағанда, өз айтқандарының бәрін бірдей
ақиқат, шындық, дайын тұрған ақыл деп ұсынбауы, оқушының өз талғамына
салып, керегін қабылдауды мегзеуі, әрбір мұраға байыпты сын кезіміен қарай
білуге шақыруы.
Кім айтса да, сынамай қойма, жаным, Ақылыңа сынатып ойла, жаным.
Пәленше-екем айтқан сөз дұрыс қой деп,
Жүректің таразысын жойма, жаным. Тегіс тексер сөз көрсең, сыр мен
сынын,
Түзетуге именбе тапсан шынын.
Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп, Былшылдапты дей көрме тапсаң
мінін. Біле түра кім айтар қате сөзін,
Білімдіге есептер әркім өзін:
Тұрған жері, әдеті, туған елі,
Адастырар, айтқызар байлап көзін,—деген шумақтардағы жылы рай, сыпайы
әуендер, сондай-ақ философиялық тұжырымдар мен байсалды ой-пікірлер
Шәкәрімнің ақындық мәдениетін өзіне лайық биігінен танытады.
XIX ғасырдың соңғы кезі мен XX ғасырдың алғашқы жылдарында қазақ
әдебиетін әлеуметтік ой құралы, рухани күш дәрежесіне көтерген қазақ
ақындарының алды — Шәкәрім, ол демократиялық бағыттағы жазба әдебиеттің
тіл ұстартып өнер шашпақ, наданның көңілін қойып көзін ашпақ дәстүрін
ілгері бастырған. Әдеби ұғым-түсініктерге үлкен талғаммен карауды — Шәкәрім
қазақ тәжірибесінде алғаш қойғандардың бірі. Осы арқылы ол оқушысының
эстетикалық таным-талғамын жаңаша қалыптастыруды көздеді.
Қазақстан Олимпиадашылар
Бекзат Саттарханов
20 жасында Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, көк байрағымызды
Сидней аспанында желбіреткен Бекзат Саттарханов тірі болғанда, 4 сәуір күні
26 жасқа толар еді. Амал не, сұм ажал дарынды спортшыны арамыздан ерте алып
кетті. Бір көңіл жұбатарлығы, Бекзат тым қысқа ғұмырында бойындағы ерен
талантын туған елінің игілігіне жаратып үлгерді. Бағын шаршы алаңнан
іздеген сан мыңдаған өскелең ұрпаққа үлгі болып қалды.
Қазақ боксының мақтанышын мәңгілік есте сақтау және өскелең ұрпаққа
үлгі тұту үшін бокстан жастар мен жасөсіпірімдер арасында жыл сайын турнир
ұйымдастырып келеді. Басында аталмыш турнир Бекзат туып-өскен Түркістан
қаласында өткен. Соңғы екі жылда Шымкентте ұйымдастырылатын болды. Биылдан
бастап турнирді жандандыру мақсатында оған Халықаралық статус берілді.
Сонымен қатар, осы додада топ жарған боксшыларға ҚР спорт шебері деген
атақ берілді.
Бес күнге созылған дәстүрлі турнирде Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей
(Калининград облысы) және Қазақстанның барлық аймағының былғары қолғап
шеберлері бақ сынады. Спорт шебері атағы берілетін болғандықтан,
еліміздің намысын осы атақтан үмітті кілең талантты жас боксшылар қорғады.
Ал шаршы алаң иелері Бекзат ағаларының аруағы риза болсын дегендей, тамаша
өнер көрсетіп, 6 салмақ дәрежесі бойынша топ жарды. Бірақ турнир барысында
сәл бұра тартулар кездесіп жатты.
Сонымен Б.Саттарханов атындағы халықаралық турнирде мына боксшылар
жеңімпаз атанды: А.Албосынов (46 келі), А.Қабылханов (48 келі), Т.Мәдиев
(51 келі), Т.Диханбаев (54 келі), А.Әлібеков (57 келі), Б.Бексейітов (60
келі), Н.Мұстафаев (64 келі), Ә.Түрметов (69 келі), Ж.Касабудский (75
келі), С.Халикулов (81 келі, Өзбекстан), А.Сидров (91 келі, Ресей),
Т.Баймұхаметов (+91 келі).
Қазіргі таңда жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық құрама
сапындағы балғын боксшыларымыздың біразы – осы Бекзат Саттарханов
турнирінен бастау алған үздіктер. Кезінде Бекзаттың өзі де Алматыда өткен
Ескендір Хасанов атындағы халықаралық турнирде шеберлігімен танылып,
мамандар назарына ілікпеп пе еді? Олимп шыңын бағындырған қазақ ұлдарының
саусақпен санарлықтай ғана екендігін ескерсек, Бекзат есімін мәңгілікке
есте қалдыру үшін жасалып жатқан бұл шара тым аз. Жастарға үлгі-өнеге болу
үшін Бекзаттың өз елім, жұртым, қазағым үшін деп шиленісті жекпе-жектерде
жеңіп шықандығын әрқашан олардың санасына сіңіре білу керек. Бекзат жайлы
жазылған жазбалар жоқтың қасы. Оның өмір жолын, жеңіске деген құштарлығын
насихаттайтын кітаптар да бірді-екілі...
1 -Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні. 1945 жылы Сталин
бұйрығында батыр-қала ұғымы алғаш рет қолданылды. 1940 жылы соғысқа
байланысты 1940 жылы өтетін Олимпиаданың болмайтыны жөнінде ресми
хабарландырылды. 1840 жылы Англияда әлемде алғаш рет пошта маркалары
қолданысқа енді. 1944 жылы Алматы көшелерінде алғаш рет троллейбус жүрді.
1 мамыр
Халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні. 1886 жылы чикаголық
жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп,
демонстрацияға шықты. Алайда көтеріліс соңы полиция мен көтерілісшілердің
қанды қырғынына айналды. Үш жылдан соң париждік ІІ интернационал конгресі 1
мамырды әлем жұмысшыларының ынтымақтастығы күні деп атап, жыл сайын осы
күні демонстрацияға шығып, талап қоюға шақырды. Ресей империясында бұл
мереке алғаш рет 1890 жылы Вашавада аталып өтілді. Келесі күні Петербургте
алғашқы маевка (революцияға дейін Ресейде жұмысшылардың 1 мамырда құпия
жиылыс өткізілуі) өткізілді. 1897 жылдан бастап маевка саяси сипат алды. Ал
1917 жылы 1 мамыр мерекесі ашық тойланды. Барлық қалаларда миллиондаған
жұмысшылар коммунистік партиялардың Бар билік советтерге сынды
ұрандарымен көшеге шықты. Мамыр серуені КСРО-ның барлық жерінде жалғасын
тапты. 1 мамыр ұзақ уақыт бойы Халықаралық барлық елдер жұмысшыларының
ынтымақтастығы күні болып тойланып келді. Уақыт өте келе мереке саяси
сипатынан айырылды. Қазір Қазақстанда оны Қазақстан халықтарының
ынтымақтастығы күні деп атап өтеді.
1945 жылы Сталин бұйрығында батыр-қала (Ленинград, Сталинград,
Севастополь, Одесса) ұғымы алғаш рет қолданылды.
1940 жылы соғысқа байланысты 1940 жылы өтетін Олимпиаданың болмайтыны
жөнінде ресми хабарландырылды.
1840 жылы Англияда әлемде алғаш рет пошта маркалары қолданысқа енді.
1960 жылы ұшқыш Фрэнсис Пауэр басқарған американдық У-2 ұшағы КСРО аспан
кеңістігі ережесін бұзып, Свердловск қаласы аймағына құлады. Ұшқыш тірі
қалды. Ол жерде ұсталып, Мәскеуге әкелінді. Ол шпиондық әрекеті үшін ұзақ
мерзімге түрмеге жабылды. Ұшқыш Фрэнсес Пауэрс Гулагта 21 ай отырған соң,
Америкада 1957 жылы сотталған кеңес барлаушысы Рудольф Абельге
айырбасталды.
1944 жылы Алматы көшелерінде алғаш рет троллейбус жүрді. Жалпы, алғаш рет
қалада троллейбус жүргізу шешімін Үкімет 1941 жылы 12 маусымда шығарған
еді. Троллейбус жолы НКВД клуб-театрынан Дзержинский көшесіне, одан Калинин
мен Ленин көшелерінен Бас арық базарына дейін (қазіргі Абай даңғылы)
созылады деп жоспарланды. Алғашқы троллейбус жүргізушілері Мәскеуге оқуға
жіберілді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz