Іс қағаздар (Лекция жинағы)



№1 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары туралы ұғым. Қазақ іс қағаздарының тарихынан.
Сабақтың мақсаты: Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.
Қазақстан Республикacы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14 тамызда қабылданған№ 769 "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын кеңейту туралы" қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында осы пән енгізілді.
"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым- қатынастары, басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару функциясы жөніндегі нормативтік, бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б. ), сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым- қатынастарды реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат, ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты , халықаралық хаты) тәрізді үлгілері бар.
Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие, сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.
Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты, қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық – грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.
Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:
-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;
-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды.
XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы, қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
№1 Практикалық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары туралы ұғым. Қазақ іс қағаздарының
тарихынан.
Сабақтың мақсаты: Ресми іс қағаздары терминінің мағынасын түсіндіріп, оған
қатысты негізгі түсініктер мен анықтамаларды меңгерту.

Қазақстан Республикacы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы №4106
Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 14
тамызда қабылданған№ 769 "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің аясын
кеңейту туралы" қаулысында көзделген шараларды жүзеге асыруға үлес қосу
мақсатында осы пән енгізілді.
"Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару
қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Еңбек қарым-
қатынастары, басқару қызметі күрделелінген, ақпараттар ағыны барынша
ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері өте мол. Мәселен,
мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты ресми
құжаттардың (өтініш, бұйрық, мінездеме, тіркеу карточкасы, кадрлар
жөніндегі іс парағы және т. б. ), басқару функциясы жөніндегі нормативтік,
бұйрықша-жарлықшы құжаттардың (жарлық, қаулы, ереже, заң және т. б. ),
сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы қарым- қатынастарды
реттейтін құжаттардың (қолхат, кепілхат, мәмілешарт, келісім, сенімхат және
т. б. ) түрлері сан алуан. Кәсіпорындар мен фирмалардың, мекемелер мен
ұйымдардың, министрліктер мен ведомстволардың сыртқы қарым-қатынастарын
ұйымдастырып, реттеп отыратын іскери хаттың (өтінішхат, ілеспехат,
ақпараттық хат, шақырухат, жауапхат, бекіту хаты , халықаралық хаты)
тәрізді үлгілері бар.
Әрбір ресми құжат басқару қызметіне қатысты көлемінде заң күшіне ие,
сондықтан оның нысаны мен құрамы жағынан бірізділігі және стандатты болуы
талап етіледі. Осыған байланысты әрбір құжаттың міндетті түрде қолданылатын
тұрақта, біріздендірілген тәртібі, тұрақты орамдары мен терминдері, яғни
реквизиттері (латынша reguisitium – талап етілген, қажетті) болады.
Ресми іс қағаздарының тілі- бір қарағанда стандартты,
қалыптасқан клише түріндегі тіл сияқты болғанымен, шын мәнінде қазақ
тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес сұрыпталған, жіктелген лексикалық –
грамматикалық жүйесі бар тұтас құрылым. Ресми тілдің кеңсе іс қағаздары
сияқты түрлері де, заң құжаттары да, арнаулы бланкіге толтырылатындары да
қазақ тілінің тілдік жүйесін, лексикалық-грамматикалық, орфографиялық
нормаларын жетік меңгеруді қажет етеді.
Ресми құжат -тұтас құрылым, сондықтан онда:
-мазмұнның қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы жазылуы тиіс;
-сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
-қазіргі әдеби тілдің нормасында көнерген сөздер, сирек қолданыстағы
сөздер, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар
қолданылмайды.
XVIII – XIX ғ.ғ. ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының,
батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік
органдарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бір қатары Қазақстан тарихы,
қазақ – орыс қатынастары, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси
құрылыс туралы жинақтарында жарияланған. Бұл ресми іс қағаздары сол
кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен
қатар, XVIII ғ. II жартысымен XIX ғ. I жартысында қазақ ресми іс
қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:
1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы
мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.
2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу
туралы өтініш жасап, император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10
желтоқсан.
3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдармен бірге
Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Йоанновнаға жазған
хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.
4. Орынбор комиссиясының бас командирі И.И.Неплюевтің Әбілхайыр
ханмен және жоңғар хонтайшысы Галдан-Цереннің елшілері Кашкамен,
Брунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген
хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.
5. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 19 қыркүйек.
6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 31 қыркүйек.
7. Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 18
желтоқсан.
8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 9 қараша.
9. Нұралы ханның барон О.А.Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.
XVIII ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарында түрлі
дәрежедегі лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің
қолданылуы шарт болды. Мысалы: ғали кәһали уа ғали жәһәли – жоғары дәрежелі
әрі жоғары ықыласты; ғали хазіретлеріңіз – ұлы мәртебеліліңіз және т.б. Осы
ғасырдағы құжатта кездесетін тұрақты эпитеттер: ғизатлу, хұрметлу
(құрметті), мархабатлу (қайырымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі,
жоғары мәртебелі, ғинаятлу (шапағатты), құдретлу (құдіретті), шафағатлу
(шапағатты, мейрімді) т.б. Бұлардың жасалу жолына келетін болсақ, олардың
барлығы араб сөздеріне түркі тілдеріне ортақ сын есім тудырушы -лу, -лү
жұрнақтары жалғануы арқылы жасалады.
Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғарғы ұғымын
беретін араб сөзі - ғали. Ғали кәһали уа ғали жәһәли - жоғары дәрежелі әрі
жоғары ықыласты, ғали хазіретлеріңіз - ұлы мәртебелілігіңіз т.б.
Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып,
нормаға айналғандығын байқауға болады.
Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе
лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғарыз,
ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал деп аталған.
Ал, бір жағдайды хабарлау, оқиғаны хабарлау, бір нәрсені білдіру үшін
жазылған іс қағаздары алғам наме, ғарзе наме деп аталған. Қазір біз іс
қағаздарында қолданып жүрген хат термині жоғарыда аталған құжаттарда
мәктәбә, күтабтү, кәтаб және хат түрінде кездеседі. Іс қағаздарының
атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір
нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар.

№2 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік үкімет пен басқару органдарының жазылу
ережесі. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар.
Сабақтың мақсаты: құжаттарды дұрыс толтыруды, сауатты жазуға
дағдандыландыру. Мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының, қоғамдық
ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің атауларын дұрыс жазуды үйрету.

Мемлекет басшысының атауындағы барлық сөздер және оның шешімдері бас
әріппен жазылады
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық кеңестердің
атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинеті
Аппаратының, оның бөлімдерінің жергілікті әкімшіліктердің атауларындағы
бірінші сөздер мен жалқы есімдер бас әріппен жазылады.
Мемлекеттік жоғары өкімет органдарының атауларындағы барлық сөздер бас
әріппен жазылады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі заң актілерінің және тұрақты
комитеттері мен коммисияларының атауларындағы бірінші сөздер мен жалқы
есімдер бас әріппен жазылады.
Мысалы:
Қазақстан Республикасы Президенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Қазақстан Республикасының Парламенті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан Республикасы Қражы министрлігі.
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институты.

ӘДЕБИЕТТЕР:
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.
Қазақ тілі : ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі.
Алматы: Рауан, 2000ж.
Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.
Ресми іс қағаздары. Алматы: Сөздік-Словарь, 2002ж.
Қасымбекова М. және т. б. Екі тілде іс жүргізу Алматы: Атамұра, 1994 ж.

№3 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібі, жазуда ескерілетін
емле қағидалары.
Сабақтың мақсаты: Іс қағаздарды жазудың жалпы тәртібімен таныстыру,
жаттығулар орындау, тәуелдік, жіктік жалғауларды қайталау.

Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттеп,
талдап отырады, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле
ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады.
Ресми құжат-тұтас құрылым, сондықтан онда:
- мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы тиіс;
- тұжырымның дәл, нақты түрде болуы тиіс;
- сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс;
- терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс;
- ресми тілде стандартталған сөздер пайдаланылуы тиіс;
- образды фразеологизмдер, қарапайым лексика қолданылмайды.
Вставьте окончания жіктік жалғау к следующим словам.
Будьте внимательны, всегда ли это следует делать?
Мен саясаткер..., мен бағдарламашы..., Сіз дипломат..., Сіз бастық..., Сіздер
тыңдаушы..., олар-хатшы..., ол-әкім..., біздер-қызметкер..., сендер оқушы ...
Допишите окончания жіктік жалғау.
Мен алматылық..., қостанайлық..., қалалық..., қарағандалық..., тараздық...,
астаналық..., талдықорғандық ...
Прочитайте словосочетания и переведите на русский язык.
Обратите внимание на окончания ілік септік и тәуелдік жалғау.
Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының
Үкіметі, Әділет министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігі, Көлік және телекоммуникация департаментінің басшысы,
министрдің орынбасары, иминистрдің көмекшісі, Президенттің баспасөз
хатшысы.

№4 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Мінездеме.
Сабақтың мақсаты: Мінездеме жазуды, құрастыруды практикалық жолмен
меңгерту; сын есімдерді, жалқы есімдерді, етістіктің өткен шағын қайталау.

Мінездеме (характеристика)

Мінездеме – мекеме, өндіріс, ұйым басшыларының тарапынан жеке адамға
берілетін ресми құжат. Мұнда ұжым мүшесінің болмысы мен жұмысы, қоғамдық іс
әрекеттері туралы пікір білдіріледі. Мінездемеде құжат берілетін адамның
толық аты-жөні, туған жылы жазылып, оның іскерлік (жұмысқа, оқуға қабілеті,
мекеменің қоғамдық өміріне қатысы және т.б.), моралдық қасиеттері жан-жақты
көрсетіледі. Сонымен бірге, ол адамның бойындағы кемшіліктер мен жетімсіз
қасиеттері де аталуға тиіс.
Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек. Мінездеме
басқа мекеме (сот, прокуратура) сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға,
магистратураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби
біліктілігін көрсету мақсатында беріледі.
Мінездемеде көрсетілетін міндетті мәліметтер:
1. Жеке адам туралы негізгі мәліметтер:
- аты-жөні;
- ұлты;
- әскери қызметке қатысы;
- отбасы жағдайы;
- білімі;
- лауазымы;
- туған жылы;
- тұған жері;
- азаматтығы;
2. Қызмет істеген орны, атқарған жылдары.
3. Жеке басының қасиеттері. Өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға
қарым-қатысы.
4. Мінездеме қайда берілді.
5. Мекеме басшысының қолы.
6. Мінездеме берілген мерзім (айы, күні, жылы), мекеменің мөрі.

Негізгі сөздік

тәжірибелі -опытный
білікті, өз ісін жетік -квалифицированный
білетін
беделді -авторитетный
мейірімді, қайырымды -добрый, отзывчивый
салмақты, ұстамды -выдержанный, уравновешенный
қайырымсыз, мейірімсіз -беспощадный, черствый, бездушный
қатал -строгий
арасында -среди

Үлгімен танысыңыз

Студент Оразов Омар Жарасұлы университеттің филология факультетінде 4
курста оқиды. Ол университетке БҰТ барысынды 82 балл жинап, мемлекеттік
грант негізінде өз қалауынша түскен. Оқу жылдары барысында өзін білімді де
тәрбиелі жан екенін таныта білді.
Ұлты – қазақ. Жасы 20-да. О. Ж. Оразов 1985 жылы Алматы облысының Көксу
ауданында педагогтар отбасында дүниеге келген. Мектепте қабырға газетінің
редакторы болған. Спортпен шұғылданған. I разрядты волейболшы.
Университетте де өзін белсенді студент ретінде көрсете білді.
Жолдастарының арасында беделі жоғары.
Мінездеме әскери комиссариатқа тапсыру үшін берілді.

Мекеме басшысы аты-жөні, қолы

Айы, күні, жылы

№5 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Еңбек қатынастарын реттейтін, басқару-реттеу қызметіне
қатысты құжаттар. Өтініш.
Сабақтың мақсаты: Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар туралы түсінік
беру, түрлерімен таныстыру; өтініш жазудағы тәртібі мен ережесін меңгерту;
барыс, шығыс септіктерін, қарату формаларын, жалқы есімдер мен ай аттарын
қайталау.

1. Басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттар.
Еңбек қарым-қатынастары, басқару қызметі күрделіленген, ақпараттар
ағыны барынша ұлғайған қазіргі заманда ресми іс қағаздарының түрлері де өте
көп. Мәселен, мекемені, ұйымды басқару, яғни әкімшілік мәселелеріне қатысты
ресми құжаттардың түрлері сан алуан. Олар: өтініш, бұйрық, арыз, тіркеу
карточкасы, аннотациялық парақ, өмірбаян, резюме, мінездеме, жеке іс
парағы, хабарландыру, хаттама және т.б.
ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-ның азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен
лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Олар
ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген
лауазымды адам немесе мемлекеттік басқару органының басшысы оны дер кезінде
қарауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты
жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: өтініш, арыз және ұсыныс. Олар мазмұны
жағынан әр түрлі болып келеді. Өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке
құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама
жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады.
Сонымен қатар өзі оқитын оқу орнында, жұмыс істейтін ұжымдарда,
мекемелерде, өзі тұратын тұрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде
байқалған кемшіліктерді атап жазады.

Тапсырмалар:
2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша тақырыптық сөздік құрастырыңыз.
3. Негізгі ойды білдіретін тірек сөздер мен сөз тіркестерін
анықтаңыз.
4. Сол сөздермен, тіркестермен бірнеше сөйлем құраңыз (сұраулы,
хабарлы).
5. Мәтіндегі терминдерге анықтама беріңіз.
6. Сөздердің дұрыс жазылуы мен дыбысталуына назар аударыңыз, өзіңізді
өзіңіз тексеріңіз.
7. Мәтін сөйлемдеріндегі сөздердің байланысы мен орын тәртібіне назар
аударыңыз.

2. Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған өтіну, өтініш білдіру, сұрау
туралы ресми құжат.

Грамматикалық минимум

Барыс септік: -ға-ге, -қа-ке.
Шығыс септік: -дан-ден, -тан-тен,
-нан-нен.
Есептік сан есім: 1, 17, 324, 1955, 2005.
Жіктеу есімдіктері: мен, сен, сіз, ол.
Жіктік жалғау: -мын-мін, -бын-бін,
-пын-пін.
Қысқарған сөздер ҚР, ЖМУ, БАҚ, АҚ, ҰҚК.
(аббревиатуры):

Коммуникативтік минимум

Қарату формалары (формы ханым, мырза, төраға, төрайым.
обращения):
Етістік минимумы: өтінемін сұраймын; жіберу,
қабылдау, рұқсат ету, босату,
ауысу, пайдалану, бөлу.
Тұрақты клише үлгілері: басқа жұмысқа ауысуыма
байланысты; отбасы жағдайыма
байланысты; кезекті демалыс,
кезектен тыс демалыс, материалдық
көмек.

3. Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:
- жұмысқа қабылдау;
- жұмыстан босату;
- басқа жұмысқа ауыстыру;
- кезекті демалыс сұрау;
- кезектен тыс демалыс сұрау;
- материалдық көмек, пәтер бөлу туралы сұрау;
- мектепке қабылдау, балабақшадан орын бөлу туралы сұрау;
- жалақыны көтеру туралы өтініш білдіру және т.б.

4. Өтініш білдіру үшін қолданылатын синтаксистік құрылымдар:
- менің мекен жайыма жолдауыңызды сұраймын;
- аса қажет болғандықтан өтініп сұраймын;
- осы мәселенің дұрыс шешілуіне мұрындық болсаңыз...
- ... анықтауыңызды сұраймын;
- ... көлемінде қаржылай көмек беруіңізді сұраймын

Өтініш үлгілерімен танысыңыз. Мәтіндегі құрылымдардың орын тәртібіне назар
аударыңыз.
“Арай” шағын кәсіпорынының төрағасы
Болат Асқарұлы мырзаға
Талдықорған қ., Желтоқсан к. 47-үйде
тұратын Ж. Өмірбекұлынан

Ө т і н і ш

Мені 2005 жылдың 7 ақпанынан бастап бағдарламашы қызметіне
қабылдауыңызды сұраймын. Білімім – жоғары, еңбек стажым – 5 жыл.
Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.

Ж.Өмірбекұлы
7ақпан
6. Мекемелердің, ұйымдардың, министрліктердің атауларын жазыңыз. Сіз
жұмыс істейтін немесе оқитын оқу орнының, мекеменің толық атауы қалай
жазылады?

7. Берілген үлгіге қарап, төмендегідей себептерге өтініш жазыңыз:
- кезектен тыс демалыс;
- отбасы жағдайына байланысты;
- жұмыстан босату;
- бірлесе жұмыс істеу;

№6 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар туралы
түсінік, оларға қойылатын талаптар. Сенімхат. Оның мазмұны мен құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Сенімхат. Оның мазмұны мен құрылымын ескеріп, жазуды
практикалық жолмен меңгерту.

Сенімхат

Сенімхат – белгілі, дәлелді себептерге байланысты өзі атқара
алмайтындай жағдайда нақты іс-әрекеттің (пәтерді сату немесе сатып алу,
зейнетақыны немесе жалақыны алу) орындалуын басқа адамға тапсыру үшін
жазылады. Сонымен қатар, сенімхат мекеменің атынан бір адамға тапсырманы
орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп
берілетін іс қағазының түрі. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы
бланкіге жазылады да мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер
сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, жеке
куәлігінің номері қоса жазылып қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы
не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Негізгі сөздік

жеке басының куәлігі -удостоверение личности
сенім білдіремін -доверяю
менің атымнан -от моего имени
өкілетті етемін -уполномачиваю
қажетті құжаттар -необходимые окументы
менің орныма қол қою -расписаться за меня
... дейін өз күшінде -действительно по ...
нотариалдық кеңсе -нотариальная контора
сенім білдіруші -доверитель
анықталды -установлен
әрекетке қабілеттілік -дееспособность
тізбе -реестр
тіркелген -зарегистрировано
мемлекеттік салым -государственная пошлина

Үлгілермен танысыңыз

Сенімхат

Мен, Саттарова Нүрия, көршім Құрманова Асылға Талдықорған қ.,
Тәуелсіздік к., 17-үйде тұратын, 2005 жылдың қаңтар айының зейнетақымды
алуға сенім білдіремін.

Жеке куәлік №_________________________ берілген
күні____________________________

08 қаңтар 2005 жыл
қолы
Нотариус
Ержанова Аңсарым
№ 111019888 ___________________________________ _____қолын
растаймын

Тапсырма:

1. Оқыңыз, жазыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
Мен, Сұлтанов Таймас, азамат Дошаев Асылбекті
- маған келетін пошта, хат-хабарларын алуға,
- пәтерімді сатуға,
- пәтерімді жеке адамдарға уақытша жалға беруіне,
- банкідегі есептерімді пайдалануына,
- барлық мекемелерде мінің істерімді жүргізуге,
- барлық сот мекемелерінде менің өкілім болуға өкілетті етемін.

Мұрагерлік істі жүргізу жөніндегі

Сенімхат

Мен, азамат Садықов Дархан, жеке куәлігін №060719875 ҚР ІІМ 17.09.1985,
мекен жайым Орал қаласы, А. Байтұрсынұлы көшесі, 71-үй, 5-пәтер.
Орал қаласы, Набережная көшесі, 97-үйде тұратын азамат Есенгелдин
Жомартқа туған атам Садық Бақытовтың қайтыс болғанынан кейін қалған
мүлікке:
- жекеменшік үй: Орал қаласы, Бейбітшілік көшесі, 47-үй;
- ВАЗ-2110 автокөлігі
менің мұрагерлік құқығымды ресімдеуіне сенім білдіремін.
Бұл үшін мен азамат Есенгелдин Жомартты
- Менің атымнан өтініш жазуға,
- Анықтамалар мен құжаттар алуға,
- Менің орныма қол қоюға,
- Мұрагерлікке құқық туралы куәлікті алуға өкілетті етемін.
Сенімхат 2004 жылдың 18 қаңтарына дейін берілген және 7 ай өз күшінде.

2003 жылғы 18 маусым.
қолы

Осы сенімхатты 2003 жылғы 18 маусымда мен, Төлегенова Нұрсипат, Орал
қаласы, №40 нотариалдық кеңсесінің нотариусы, куәландырамын. Сенім
білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық іс-әрекетке қабілеті тексерілді.
Сенімхаттың мәтіні дауыстап оқылды. №107 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік
салық 300 (үш жүз) теңге алынды.

Нотариус қолы
(Мөрдің орны)

№7 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қолхат жазудың тәртібі.
Сабақтың мақсаты: Қолхат жазуды, құрастыруды практикалық жолмен меңгерту;
жіктеу есімдігі, өткен шақ және ауыспалы осы шақ формаларын қайталау; жалқы
есімдерді, реттік және есептік сан есімдерді қайталау.

Тапсырма:
Оқыңыз, жазыңыз, аударыңыз.

Қолхат, кепілхат, қолхат беру, кепілхат беру, нотариусқа бару,
нотариустың қолы, қолхат берілген орын, жеке басының куәлігі, ІІМ, алған
ақшаның пайызы, төлеп тұруға міндеттенемін, басқа талабым жоқ,
міндеттемелерді орындау.

Қолхат

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын
куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.
Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.

Негізгі сөздік

куәландыру - удостоверяю
Тараптардың қолы - подписи Сторон
міндеттенемін - обязуюсь
пайыз төлеу - уплатить процент
үш дана етіп жасалған - составлено в трех экземплярах
келісімшартқа сәйкес - в соответствии с договором
басқа талабым жоқ - других претензий не имею
кепілхат - гарантийное письмо,
поручительство
жекеменшік - собственность
қолхат беруші - подписывающий

Қолхат үлгілерімен танысыңыз
15 тамыз 1998

Қолхат

Мен, Жоланова Гүлнар, Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай
шығармаларының алғашқы басылымын алдым. Келісілген мерзімде қайтаруға
мінднттенемін.

1999 жылғы 1 қазан (қолы)

Тұрақты тіркестерді пайдаланып, берілген тақырыптарға қолхат жазыңыз

Айып төлеуге, міндеттемелер орындалмаған жағдайда, келісімшарттағы
міндеттемелер, алынған ақшаны (қарызды), дер кезінде қайтаруға.
- қарызға ақша алу;
- мекеменің машинасын уақытша пайдалануға алу;
- жекеменшіктегі пәтерді уақытша пайдалану.

№9 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Хаттама.

Сабақтың мақсаты: Хаттама жазуды үйрету.

1.Негізгі сөздік

хаттама -протокол
ұжым -коллектив
Жиналыс -собрание
Мәжіліс -заседание
Күн тәртібі -повестка дня
Мәселе -вопрос
Жарыссөз -прения
Қатысқандар -присутствовали
Қатыспағандар -отсутствовали
Дәлелді себеппен -по уважительной причине
Дәлелсіз себеппен - по неуважительной причине
Баяндама -доклад
баяндамашы -докладчик
Хабарлама -сообщение
Сұрақ -вопрос
Қаулы -постановление
Төраға -председатель
Кеңейтілген -расширенный
Бірлескен -совместный
Хатшы -секретарь
Төралқа -президиум
Хаттаманың көшірмесі -выписка из протокола
Қорытынды -заключение
Қорытындысында -в заключение
Тізім -список
Сөйлеу; сөз сөйлеу -выступить
Сұрақ беру -задать вопрос
Жауап беру -ответить на вопрос
Қаулы ету -постановлять
Назар аудару -обратить внимание
Талқылау -обсудить
Шешім қабылдау -принять решение
әзірлеу; дайындау -подготовить
Рәсімдеу -оформить
Жазу -писать
Талдау -обсудить
Мақұлдау -поддержать
Қалыс қалу -воздержаться
Қол қою -подписать
Дауыс беру -голосовать

ХАТТАМА

Хаттама – мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде
қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық
жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.
Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру
хаттамасы).
Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат.
Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы
жазған адам қол қояды, мөр басылады.
1. Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:
1. Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.
2. Құжаттың аты (хаттама).
3. Айы, күні, жылы, хаттаманың нөмері.
4. Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.
5. Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.
6. Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты жөні, лауазымы).
7. Күн тәртібі.
8. Төрағаның және хатшының қолы.

2. Грамматикалық минимум

Изафет құрылым. Жедел өткен шақ –ды-ді, -ты-ті
Сан есімдер. Ауыспалы осы шақ -а-ды, -е-ді,
-й-ді
Ырықсыз етіс -ыл-іл-л Бұйрық райдың III–жағы: -сын-сін

3. Оқыңыз, жазыңыз
Хаттама, нөмер, мәжіліс, жиналыс, күн тәртібі, бірлескен мәжіліс,
төраға, хатшы, төралқа, мәселе, қаулы, қорытынды, жарыссөз, пікір, көшірме,
хаттаманың көшірмесі, кеңейтілген мәжіліс, қатысу, қатыспау, сөйлеу,
тыңдау, сұрақ қою, жауап беру, жазу, қаулы ету, шешім қабылдау, қорыту,
талқылау, назар аудару, әзірлеу, қол қою, мөр басу, талдау, мақұлдау, қарсы
болу, қол көтеру, қалыс қалу, дауыс беру, мөр басу, бекіту.

4. Үлгімен танысыңыз

Алматы қаласы Көлік және телекоммуникациялар колледжі

ұжымы жалпы жиналысының №7 хаттамасы

1997 ж. 25 қыркүйек Алматы қаласы

Қатысқандар:
Қатыспағандар: дәлелді себептермен
дәлелсіз себептермен

Күн тәртібі:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің “Сыбайлас жемқорлықпен күрес
туралы” Заңын талқылау.
2. Ғылыми-практикалық конферецияға дайындық туралы.
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, ________ , _____сөйледі.
(хабарламаның мәтіні тіркелген).
2. Екінші мәселе бойынша __________ сөз сөйледі. (хабарламаның
мәтіні тіркелген).

Алматы қаласы Көлік және коммуникациялар колледжі ұжымының жалпы
жиналысы қаулы етеді.
1.
2.
Мәжілістің төрағасы (аты-жөні)
Мәжілістің хатшысы (аты-жөні)

5. Қазақ тіліне аударыңыз
Протокол собрания коллектива Института; протокол №9 заседания
Офицерского совета; выписка из протокола; выписка из протокола №9;
постановление собрания; протокол подписан председателем собрания; написать
протокол; вести протокол; протокол осмотра; протокол дознания; совместное
заседание; расширенное заседание;
6. Хаттаманың үлгісін жазыңыз:
тыңдаушылардың жиналысы
студенттік қоғамның мәжілісі
ардагерлер кеңесінің мәжілісі

7. Сөздерді оқыңыз
а) ырықсыз етіс қосымшаларын жалғаңыз.
б) сөйлем құраңыз.

Үлгі: қара қара + л + ды
Жиналыста екі мәселе қаралды.
Тыңда - , айт - , талқыла - , қабылда - , қаулы ет - , шешім шығар - ,
назар аудар - , жаз - , сұрақ қой - , қорыт - , бекіт - .

8. Сөйлемді аяқтаңыз:
Мәжілісте әртүрлі мәселелер__________________________ ______
Баяндамашы көп сұрақ______________________________ _______
Тыңдаушылар жиналысында екі қаулы_______________________
Күн тәртібіндегі I мәселеге назар____________________________
Хаттама қол , мөр________________________________ _________

№10 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Баяндаухат.
Сабақтың мақсаты: Баяндау хат, жеделхат, шақырухат және т.б. үлгілерін
жазуға үйрету.

Негізгі сөздік

ақпараттық-анықтамалық -информационно-разъяснительное
баяндау хат -докладная записка
жеделхат -телеграмма
түсінікхат -объяснительная записка
шақыру хат -приглашение, пригласительное (письмо)
ескерту хат -письмо-напоминание
телефонхат -телефонограмма
шағым хат -письмо-претензия
жауап -ответ

Хат – басқару байланысының негізгі құралы болып табылады. Хабар – ошар
алысу (переписка) мекеме құжаттары жалпы көлемінің 80% құрайды. Ақпараттық-
анықтамалық құжаттар қатарына баяндаухат, жеделхат, телефонхат, ескерту
хат, ал соңғы кезде заманның талабына сай факс, электрондық почта арқылы
жіберілетін құжаттар жатады. Олар ақпарат беру мақсатында жазылады. Кейде
белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс әрекетті белгілейді, баяндайды. Олар
арқылы мекемелер арасында ақпарат алмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын-
ала келісімдер жасалады, мекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс
жасайды.
Баяндаухат – мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы
жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсыныс пен талап, тілегі келтірілген
хат.

Үлгімен танысыңыз.

Экономика және құқық факультетінің
деканы, профессор К. У.
Тұрмағамбетоваға
қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының
аға оқытушысы М. Ш. Сәлімгереевадан

Баяндаухат

2005 жылдың 21 ақпанында сырттай бөлімнің 116 “А” топ студенттері сабақ
кестесі бойынша белгіленген мемлекеттік тілде іс жүргізу сабағына
келмегенін хабардар ете отырып, шара қолдануыңызды сұраймын.

21 ақпан 2005 жыл ________________қолы

Баяндаухат

22.10.04 Талдықорған қалалық білім беру
Талдықорған қ. бөлімінің
бастығы Р.С. Махамбетов мырзаға

Оқушылар қабылдау жоспарының орындалуы туралы
Сізге кәсіптік білім беру Бас басқармасы бекіткен 20032004 оқу жылына
оқушылар қабылдау жоспарының орындалғанын мәлімдеймін.
Орта білім топтарында оқыту үшін 9-шы сыныпты бітірген 257 оқушы және
толық орта білімді 90 оқушы қабылданды.Талдықорған қаласының мектептерінде
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде өндірістік оқу шеберлері Д. М.
Мұқағалиев, Л. Н. Иванов және Л. М. Ким белсенділік танытты.

Училище директоры О. С. Қырықбаев

№11 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қызметтік хаттар: шақыру хат, шағым хат, ескерту хат.

Сабақтың мақсаты: Шақыру хат, шағым хат, ескерту хат туралы түсінік беріп,
үлгілерін жаздырту.

Қызметтік хаттар

Іс қағаздарының көп тараған бір түрі – қызметтік хаттар. Мекемелерде
қызмет бабындағы жие жазылатын бұл хат көптеген мекемелерді өзара
байланыстыруда ерекше рөл атқарады. Мұндай хаттар арқылы мекемелер арасында
келіс сөздер жүргізіледі. Хаттардың мазмұны мен түрлері ғылым мен
техникаға, экономика мен алыс-беріс, мәлімет беру және анықтамалық сипатта
да жазылады.
Қызметтік хаттарды безендірудің жалпы ережелері. Құрылымы. Қызметтік
хаттарды жазудың кең тараған үлгілері.
Әдетте хаттар баспада дайындалған арнайы бланкаларда жазылады. Бланк
форматы — А4 210x297 мм. Кейде АЗ жөне А5 форматтары (210x297 мм жөне
210x135 мм) да қолданылады. АЗ форматы қызметтік хаттарға үлкен көлемді
қосымша немесе иллюстрация, таблица берілген жағдайда қолданылады. Бұл
форматтың (АЗ) көлемі стандарт форматтан (А4) екі есе үлкен болады.
Ал А5 (жарты) АЗ форматынан екі еседей кіші көлемде, бірінші кезекте
жолдама хаттар жазу үшін, анықтама жазу үшін қолданылады.
Қызметтік хаттың құрылымы. Қызметтік хаттың қалыптасқан тәртібі бар.
Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады:
1.Такырыбы
2. Датасы
3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты-жөні
4. Кіріспе сөз
5. Хаттың жалпы мазмүн, мақсатын көрсететін бөлік
6. Негізгі мәтін
7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері
8. Жіберушінің қолы
9. Қосымша (приложение) берілетін болса, оған сілтеме
10. Қосымша (приложение)
11. Құжатгы дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет
12. Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін – P.S.
таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер.
Жазылу мақсатына, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты
қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар:
а) ресми хаттар
ә) жеке хаттар
б) ұсыныс, кепілдемелік (рекомендациялық) хаттар
в) сұрау салу хаттары
г) шағым хаттар
д) жолдама хаттар
Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын Жұмыстарына байланысты
мәселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады
жөне қызметтен тыс мәселені қозғамайды.
Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе
өрісінің кеңцігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен
де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратын
қызметімен шеше алатын мәселелер өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл
хаттар жеке тұлға атынан жазылады.
Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметкерді
белгілі бір орынға, қызметке үсыну жөнінде басшыға үсыныс жасау. Аталған
қызметкердің сол орынға лайық екендігіне кепілдеме беру. Хат ресми, өзіне
тән құрылымы сақталып жазылады. Бұл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол
қояды.
Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады:
мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуін сұрау.
Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.
Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің
заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында
жазылады. Хат мазмүнының негізгі қүндылығы онда көрсетілетін фактілерге
байланысты. Шагым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмүнына байланысты
мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
Циркуляр хат. Ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір
мезгілде жөнелтілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.
Жолдама хаттар. Құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе
қосымшалардың құрамы, мазмүны, көлемі, саны жайлы мәліметтер көрсету үшін
жазылады. Бұл хаттар көрсетілген ақпараттың дәлдігімен ерекшеленеді.
Жолдама хатқа мекеме басшысы қол қояды.
Хатты жазып отырғанда онда келтірілетін фактілер мен айтылатын
мәселенің маңыз, мазмүнына ғана емес, өзіңіздің оны қалай беріп, жеткізіп
отырғандығыңызға да назар аударыңыз. Әрбір хатты жазғанда қалыптасқан
стильдік нормадан ауытқымаған жөн.
Шақыру хат белгілі бір іс-шараға екінші жақты шақыру мақсатында
жазылады.
Шағым хатта (письмо – претензия) автор шартты міндеттемелердің
орындалмауы салдарынан орын алған шығындарды өтеуді талап етеді. Ескерту
хаттар адресат өзі атқаруға тиісті міндетін уақытылы орындамаған кезде
жазылады.
Хаттардың оң жақ бұрышына хаттың кімге бағытталғаны, одан төмен азат
жолдан мазмұны жазылады, соңынан хат иесінің қолы қойылады.
Үлгімен танысыңыз.

Шақыру хат

І. Жансүгіров атындағы Жетісу Экономика және құқық факультетінің
мемлекеттік университеті деканы, профессор
қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы К. У. Тұрмағанбетоваға
Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі
№220
10 қыркүйек, 2004 жыл
Тілдер мерекесіне шақыру

Сізді 2004 жылы 21 қыркүйекте университеттің қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін Тілдер мерекесіне шақырамыз.
Басталу мерзімі – 15:00. Өткізілу орны – 116 аудитория.

Күн тәртібінде

I. Пленарлық мәжіліс.

1. Қазақ тілін үйретудегі өзекті мәселелер.

Баяндамашы доцент Мусатаев Н. М.

2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің ерекшеліктері.

Баяндамашы аға оқытушы Серікқалиева Э. С.

II. Мәнерлеп оқу байқауы.

1. “Тілге құрмет – елге құрмет” атты мәнерлеп оқу байқауы.
2. Концерттік бағдарлама.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының
меңгерушісі профессор Сыдықов Т. С.

№12 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Факс және E-mail арқылы жіберілетін құжаттар.
Сабақтың мақсаты: Факс және E-mail үлгілері туралы мәлімет беру, оларды
жаза біліп, жіберуге және қабылдауға үйрету.

Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс қазір кең қолданылады. Факстың
ең құнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес,
кестелі құжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге
жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған
кез келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нұсқасы екінші мекемеге
жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсты алмастыруға келетін байланыс
түрі жоқ.
Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсіпорындары мен
мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау – хабарлау аппараты – факспен
жабдықталған. Факстың жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы
жіберілген кез келген құжат санаулы минуттардан кейін-ақ адресат қолына
тиеді.
Факс арқылы жіберілетін құжат А4 кейде А5 формалы бланкіге толтырылады.
Фотография, сызба, кесте т.б. үлкен көлемді құжаттар алдын ала кішірейтілуі
керек.
Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
□ жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол
жақтағы бұрышына жоғарлау жазылады.
□ жіберуші мекеменің аты бланкінің оң жағына жоғарлау жазылады.
□ бланкінің ортасына “факс арқылы” деп үлкен шрифтілермен
жазылады.
□ алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы,
кімге: Мұратбеков Асқар Құрамасұлына.
□ жіберушінің аты жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады.
Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарұлынан.
□ одан төмен сол жаққа факс нөмері жазылады. Мысалы, факс: 13 –
01.
□ оң жақ шетке, құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады.
Мысалы, көлемі: 7 (жеті) бет.
□ факс нөмерінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген
аппарат нөмері жазылады. Мысалы: 8 – 3292 – 43-50-66
□ оң жаққа, құжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата,
қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.
□ сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін
хабардың тақырыбы жазылады. Мысалы: 1 жарты жылдық есеп.
□ оң жаққа, қажет болған жағдайда датамен төмен құжаттың
көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, көшірмесі:
Аяпова Назира Жакенқызына.
Осыдан кейін бланк көлденең жіңішке сызықпен сызылады да, сызықтан
кейін “Тез қаралуға тиіс”, “Құпия”, “Қажетті белгілер соғу үшін” сияқты
қосымша ескертулер жазылады. Бұдан кейін де көлденең жіңішке сызық сызылып,
негізгі мәтін жазылады.
Мекемеге факс арқылы жіберілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі.

Факсы и E-mail
Факс – это документ, полученный с помощью специального аппарата
(телефакс) по телефонным каналом связи. Факс является копией переданного
документа. По телефаксу могут быть переданы любые виды документов и
приложений к ним: таблицы, чертежи, схемы, рисунки, фотографии. Факс – это
разновидность переписки между деловыми партнерами, организациями.
Оформление факса аналогично оформлению делового письма.
Дополнительными данными, которые проставляет сам аппарат (телефакс),
являются:
- указание (код) отправителя; дата и время передачи;
- номер телефакса (аппарата), с которого передана информация;
количество страниц;
Отправитель факса должен получить подтверждение (COMMUNICATION TX
REPORT) о том, что информация дошла до получателя, в котором указывается:
- код фирмы получателя; номер телефакса получателя;
- дата; время и продолжительность передачи;
- количество полученных страниц (Р); результат (RESULTS);
Главной является графа RESULTS, в которой ставиться ОК (o’key),
если сообщение получено полностью и без ошибок, если NG (негатив), если
имелись сбои во время получение факса.
Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которой произошел
сбой при приеме.

ФАКСТЕР

Кәсіпорынның атауы Кәсіпорынның басшысы
Кәсіпорынның мекен-жайы
" " 2001ж. № факс (095) 141 1526
№ " " 2001 ж.

" " 2001 жылғы № шот бойынша төлемді кешіктіру туралы

Құрметті !
"Технократ-105" жабдығының комплектісін жеткізіп беру туралы " "
2001 жылғы №
шот бойынша төлемнің кешіктірілгенін естеріңізге саламыз. Шотты Сіздерге
факс бойынша 10 күн бұрын жібергенбіз.
" " 2001 жылғы № келісім-шарттың 6.4. тармақшасына сәйкес 5
банктік күннен
кейін кешіктірілген төлем үшін өсімақы есептеледі.
Біз Сіздер тез арада мәселені шешеді деп сенеміз.

Директор қолы аты-жөні

Р.S. Бүл ескертпені алған кезде Сіздер төлемді төлеп үлгерген
болсаңыздар, біз Сіздерге тек қана алғысымызды білдіреміз.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ КӨШІРМЕ (Е-mail)
193.193.238.66 Е-mail
Электрондық көшірме (Е-mail)

193.193.238.66 Е-mail

Кімнен: Жанәділова Жанымкүл
Кімге: OblNK ListMember zdzhanadilova@mqdkz
Жіберілді: 2001 жылдың 11 қаңтары, 18:57
Қосу: АТТ00000hтм КазначМФРК таблица по БК200г.дос; Классиф. сравнит.
Тақырыбы: Жіберілді: жаңа БК классификациясын қолдану туралы (01)

Бастапқы хабар
Кімнің: У.Ш.Тоғауытова
Жіберілді: 2001 жылдың 11 қаңтары 18:51
Кімге: Жанәділова Жанымкүл
Тақырыбы: Жаңа БК классификациясын колдану туралы
Маңызы: Өте жоғары

---Original Message---
From: Торгаутова У.Ш.
To: oblnk@mgd.kz
Sent: Thursday, January 11, 2001 12:36 РМ
Subject: По применению новой БКлассификации

Міндетті түрде алғандығы туралы растау қағазын жіберу керек.

№13 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Басқару, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық.
Сабақтың мақсаты: Бұйрықтың мазмұны, түрілерімен танысып, үлгілерін жазу.

Бұйрық

Бұйрық – мекемедегі, ұйымдағы, кәсіпорындағы кадрларға байланыс
мәселелерді іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және
босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми
құжаттардың бір түрі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі,
жеке іс-парағы сияқты құжаттарға қатысы бар. Өйткені бұлардың барлығы да
еңбек кітапшасында тіркеледі. Ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету,
демалу, білім алу, зейнет ақымен қамтамасыз ету құқықтары туралы мәліметтер
жинақтайды.
Бұйрық белгілі бір ұйым, мекеме басшыларына сол ұйым мекемелердің
алдында тұрған негізгі және нақты мәселелерді тікелей және басқару
негізінде шешуіне мүмкіндік беретін құқықтық акт.
Бұйрық ретіне қарай жеке адамға да, мекеменің жалпы іс-әрекетіне де
қатысты болады.
Жазылу құрылысы: қағаздың сол жақ бұрышына іс-қағазының аты, күні,
нөмері, жазылған жері, бұйрықтың тақырыбы жазылады. Одан әрі мазмұны,
соңына бұйрық берушінің қызметі, аты-жөні жазылып қол қойылады, мөр
басылады. Мазмұны екі бөлімнен: дәлелдеме және бұйрық бөлімінен тұрады. Екі
бөлімнің аралығын “Бұйырамын” сөзі байланыстырады.

Негізгі сөздік

бұйрық шығару - издавать приказ
бұйрықпен танысу - ознакомиться с приказом
басқа жұмысқа ауысуына байланысты - в связи с переходом на другую
работу
денсаулығына байланысты - в связи со здоровьем
зейнеткерлікке шығуына байланысты - в связи с уходом на пенсию
тағайындалсын - назначить
қабылдансын - принять
босатылсын - освободить
ауыстырылсын - заменить
жүктелсін - возложить

Үлгімен танысыңыз

№7 Бұйрық

“28” сәуір 2005 ж. №18 орта лицей-мектебі
Талдықорған қаласы

Математика пәні мұғалімін жұмысқа қабылдау туралы
Дошаева Лаура Жанеділқызы 2005 жылдың 28-ші сәуірінен бастап жоғары
сыныптардағы математика пәнінің мұғалімі етіп қабылдансын.
Қалалық Білім бөлімінің бастығы “27” сәуір 2005 жылғы №31 бұйрығы
негізге алынды.

№18 мектеп директоры қолы
М.О Д.М. Садықов

Бұйрықпен таныстым қолы
Л.Ж. Дошаева


№14 Практикалық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Терминологиялық сөздікпен жұмыс. “Іс жүргізу және
мұрағат ісі” сериясы.
Сабақтың мақсаты: Терминологиялық сөздікпен жұмыс жүргізуді, қолдануды
үйрету, онымен жұмыс істеуге баулу.

Тапсырма: әр студентке мәтін беру, терминдерді көшіріп жазу, аудармасын
табу.

Қазақстан Республикасының Мәдениет,
ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі

Қазақша – орысша
орысша – қазақша
терминологиялық сөздік

“Іс жүргізу және мұрағат ісі”
сериясы 29-шы том.
Мысалы:

автобиография – өмірбаян
адрес приветственный – құттықтау хат
акт – акт
акт государственной власти – мемлекеттік билік акті
акт записи гражданского состояния – азаматтық халді тіркеу акті
акт подзаконный – заңға тәуелді акт
акт нормативный – нормативтік акт
акт нотариальный – нотариалды акт
акт юридический – занды акт
акты законодательные – заң актілері
акты интерпретационные – түсіндіру актісі

Республикалық мемлекеттік “Рауан” баспасы. Алматы 2000 ж.

№15 Практикалық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Құттықтаухат
Сабақтың мақсаты: Құттықтаухаттың үлгісімен, жиі қолданылатын сөздерімен
танысу
Тапсырма: Құттықтаухаттың үлгілерін жазу
Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда,
маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.
- Құттықтаухат құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген
сөздермен басталады.

- құттықтау себебі жазылады

- құттықтау иесінің жеткен жетістіктері жазылады
- ізгі тілектер
- соңынан құттықтаушының аты-жөні, шын жүректен, ізгі тілекпен,
шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!!! АУДАРЫҢЫЗ

Тәуелсіздік күнімен
Жаңа жыл мерекесімен
Сізді Республика күнімен
құттықтаймын
Халықаралық әйелдер күнімен
Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен
50 жылдық мерейтойыңызбен

Ү Л Г І

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология
ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы Қалиевке

Қадірлі Байынқол Қалиұлы! Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университеті ұжымы атынан Сізді 70 жылдық
мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше.
Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Ғұмырыңыз ұзақ болсын!

Ізгі ниетпен,
Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы

Тапсырма:
● Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз
● Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің ректоры, академик С.С. Құнанбаеваны
университеттің құрылғанына 65 жыл толуымен құттықтаңыз
● Елбасы Н.Назарбаев атынан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт
Сәрсекбаевқа құттықтаухат жазыңыз
№1 СОӨЖ.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Тіл туралы Заң, І тарау, 4-
бап.
II тарау, 8-бап, 10-бап.
Сабақтың мақсаты: ҚР – ның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Бүкіләлемдік қаржы нарығы
Студенттердің білімін бағалаудағы портфолио әдісі
Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Банк және банкілік қызметі лекция тезистері
Нотариаттық қызмет субъекьтілерінің пәндік дәрістер
ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Пәндер