Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

«Төлем жұйесі» пәні бойынша

лекциялар жинағы

(лекциялық кешен)


Мазмұны

1 Төлем жүйесінің мәні мен құрылымы

2 Төлем жүйесін ұйымдастыру формалары мен принциптері

3 Қазақстан Республикасында төлемдік жүйенің қалыптасуы мен

дамуы.

4 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысулар

жүйесі.

5 Банкаралық есеп айырысулар және оларды жүргізу тәртібі.

6 Ірі төлемдер аудару жүйелері

7 Бөлшек төлемдер жүйесі.

8 Ірі және бөлшек төлемдер жүйелерін салыстырмалы сипаттау.

9 Қазақстан республикасындағы қазіргі кездегі ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктері

10 Ақшалай құралдарды аударудың электронды жүйелері

11 Хабарларды электрондық тәсілмен жүргізу

12 Электронды технология көмегімен төлем шығындарын үнемдеу мүмкіндігі.

13 Халықаралық төлем жүйесі

14 ҚР-ның төлемдік жүйесінің даму перспективалары

1 Төлем жүйесінің мәні мен құрылымы2 Төлем жүйесін ұйымдастыру формалары мен принциптері3 Қазақстан Республикасында төлемдік жүйенің қалыптасуы мендамуы.4 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуларжүйесі.5 Банкаралық есеп айырысулар және оларды жүргізу тәртібі.6 Ірі төлемдер аудару жүйелері7 Бөлшек төлемдер жүйесі.8 Ірі және бөлшек төлемдер жүйелерін салыстырмалы сипаттау.9 Қазақстан республикасындағы қазіргі кездегі ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктері10 Ақшалай құралдарды аударудың электронды жүйелері11 Хабарларды электрондық тәсілмен жүргізу12 Электронды технология көмегімен төлем шығындарын үнемдеу мүмкіндігі.13 Халықаралық төлем жүйесі14 ҚР-ның төлемдік жүйесінің даму перспективалары: Ұсынылған әдебиеттер тізімі
:


Тақырып 1. Төлем жүйесінің мәні мен құрылымы

1. Төлем жүйесі түсінігі, мәні мен мазмұны. Төлем жүйесінің түрлері.

2. Төлемдік құралдардың сипаттамасы. Төлемдік жүйенің негізгі қатысушылары.

Қазақстан банкілері көп мөлшерде несиелік-депозиттік, ал аз деңгейде есеп айырысу операцияларына бағытталған. Біздің банкілерге қарағанда ірі Батыс банкілері несиелік-депозиттік операциялардың пайыздық табыстарымен салыстырғанда есеп айырысу операциясынан түсетін комиссиялық табыстың көп бөлігін алады. Бұл банк бизнесінің табысын айтарлықтай арттырып, тәуекелді төмендетіп, банкілерді біршама тұрақтандырады.

Қазіргі уақытта Қазақстан төлем жүйесі ТМД мемлекеттерімен салыстырғанда алдынғы орында тұр. Сонымен қатар төлем жүйесіндегі стратегиялық талапты анықтап, оларға қол жеткізу тырысу керек. Ұлттық төлем жүйесін модернизациялау Қазақстанның банктік секторын дамытудың жалпы стратегиялық мүмкіншіліктері мен банктің төлем жүйесіне қоятын талаптарына сәйкес келуі керек.

Жеке ақша айналымында төлем жүйелері тиімді болу үшін, қазіргі заманға сай электронды технологияларды пайдалануда шынайы экономикалық нәтижеге қол жеткізу ұшін төлем жүйелерін ұйымдастыруды қайта қарастыру қажет.

Ақша айналымында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесінің артуы айналымдағы шығынның төмендеуі мен айналым құралдарына сұраныстың азаюы есебінде экономика жалпы ішкі өнімнің 2%-ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Төлем жүйесі технологияларының жетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп пен салық әкімшілігін автоматтандыру саласында, бюджеттік қаржыны жұмсауда, мемлекеттік статистикалық бақылауда, орташа топтың қор нарығына жаппай шығуында электрондық коммерцияның инфрақұрылымы мен т. б. түбегейлі жаңа шешімдерге қол жеткізуге болады.

«Төлем жүйесі» пәнінің мақсаты төлем жүйелерінің теориялық негіздері мен Қазақстан Республикасында жаңа технологиялардың дамуы, қолма-қол есеп айырысудың ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

Пәннің құрылымы төлем жүйесінің мәні мен құрылымы, төлем жүйесін ұйымдастыру формалары мен принциптері, Қазақстан Республикасында төлемдік жүйенің қалыптасуы мен дамуы, Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесі, банкаралық есеп айырысулар және оларды жүргізу тәртібі, ірі және ұсақ төлемдер аудару жүйелері, ірі және ұсақ төлемдер жүйелерін салыстырмалы сипаттау мәселелері ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі ірі сомаларды аудару жүйесінің артықшылықтары мен жетіспеушіліктері, ақшалай құралдарды аударудың электронды жүйелері, хабарларды электрондық тәсілмен жүргізу, интернет-төлем жүйесі, электронды технология көмегімен төлем шығындарын үнемдеу мүмкіндігі қарастырылады.

Қазақстан төлем жүйесінің тиімді үлгісі мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

  • қатысу үшін қол жеткізу санаттарын нақты анықтау;
  • сенімді заңды-құқықтық базаның болуы;
  • тәуекелді басқарудың нақты процедурасын енгізу, барлық қатысушылардың арасында жауапкершілікті бекіту, қауіпсіздік шараларын анықтау;
  • банкаралық ақша аудару жүйесіндегі есеп айырысудың өз уақытында жүзеге асуы мен жылдамдығын қамтамасыз ету.

Ұлттық төлем жүйесін дамытудың негізгі тенденцияларын анықтауда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тиімді формаларын құру туралы мәселені де қарастыру керек.

Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Төлем жүйелері қолданысы жағынан банкаралық, карталық, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша болып бөлінеді. Бірінші жүйе - төлем жүйелерінің бір субьектісімен анықталса, екіншісі - төлеуші акцептісін жеңілдету арқылы, үшіншісі -технология арқылы, төртіншісі - ақшаның материалдық тұтыну формасы арқылы анықталады. Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингтік, күнбе-күн, рейстік, on- line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма.

Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептелінеді. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе - бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық соманы тиімді төлеу факторы.

Төлем жүйесіне қатысушылар - көбіне коммерциялық банктер. Жүйе операторлары қызмет көрсетуді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банктер сияқты тарта алмайды. Бірнеше оператор бірнеше төлем жүйесіне қатыса алады. Мұндай жүйені жүзеге асырушы банк ретінде ресей банкі, Visa немесе Europay ассоциацияларын келтіруге болады, ал екінші жағынан ресейдің коммерциялық банктерін атауға болады.

Тақырып 2. Төлем жүйесін ұйымдастыру формалары мен принциптері

1. Мемлекеттің төлемдік жүйесі туралы ұғым, оның негізгі критерилары.

2. Төлемдік жүйенің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіндегі мемлекеттің орталық банкінің ролі.

3. Төлемдер жүйесінің субьектілері және олардың қызметтері.

4. Мемлекеттің төлемдік жүйесінің қызмет етуінің негізгі мәселелерін реттейтін заңды және нормативті актілері.

Төлем жүйесі негізінен Отандық банктерде қалыптасқан есеп айырысу операцияларын ұйымдастырушы болып есептеледі. Есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру мынадай формаларла болады және мынадай белгілерге қарай жіктеледі.

1. Есеп айырысу субъектілеріне қарай

2. Есеп айырысу объектісіне қарай

3. Есеп айырысу аумағына қарай

4. Есеп айырысу түріне қарай

5. Есеп айырысу жүйесіне қарай

6. Есеп айырысу формаларына қарай

7. Есеп айырысу тәсіліне қарай

8. Есеп айырысу құрамына қарай

9. Есеп айырысу шамасына қарай

10. Есеп айырысу кезектілігіне қарай.

Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар- бұл нақты ақшалармен төлемдер және аударымдар жасауды сипаттайды.

Мұндағы, нақты ақшалар - банкноталар және монеталар. Қолма-қол ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске асады.

Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар - клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотңа аударылатын төлемдердің жиынтыгы

Мұндағы, қолма қолсыз ақшалар - чектер, пластикалық карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер) .

Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, шәкіртақы, зейнетақы және т. с. с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолма-қолсыз ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

"Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі" туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен №179 Қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Тақырып 3. Қазақстан Республикасында төлемдік жүйенің қалыптасуы мен дамуы

Соңғы 10 жылда біздің елімізде нақтысыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында және түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. 1980 жылы төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды.

Қазіргі таңда нақтысыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айналымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағатта жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығында және басқа төлемдер өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер, квази - ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады.

1990 жылы біздің еліміздегі төлем қызметтері нарығының негізгі даму факторының тигізген әсерлерін қаншалықты, төлем жүйесінің жаңа технологиясының жаппай қолданыс табуының қандай дәрежеде кең етек алғандығын және қандай деңгейге дейін жетілдірілгенін анықтау үшін сол кездегі еліміздегі банктер мен банк ісін ұймдастырудағы институтционалды өзгерістерді, шетелдік төлем жүйесінің отандық төлем қызметтер нарығына және оның жергілікті субъектісіне тигізген әсерін қарастыра отырып, негізгі технологиялық жаңалықтарға баса назар аудару қажет.

Шаруашылыққа байланысты бұрын тұрақты барлық кәсіпорындар мемлекеттік болғандықтан есеп айырысулар негізінен жоспарлы ай сайынғы төлемдермен жүзеге асырылып отырады.

Қазіргі бәсекеге және жеке меншікті жағдайларды әрбір кәсіпорын өз шарушылығының әрбір бағыты бойынша бірнеше контрагенттерге ие болуға тырысады. Кейіннен нарық үнемі өзгеріп кәсіпорынның шаруашылық өзгеру кезеңдері қысқарып контрагенттер жиі алмаса бастады.

1990 жылы басында батыстық экономикалық дамыған елдердің көпшілігінде өнеркәсіптік қолданысқа нақты уақыттағы жалпы есеп айырысулар стандарттар енгізілді. Олардың ендірілуін оңтайлы әсерлері мен нәтижесіне айқын көз жеткізген соң Ресей банкі жеке өзінің осыған ұқсас жүйесін құруға кірісті. Ал Қазақстан мен Украина дайын батыстық шешімдерін сатып алады да, 1990 жылдың соңында ықшамды түрде бейімделе отырып, өз жүйелерін енгізе бастады.

Отандық карталық төлем жүйелерін жаңа төлем технологияларының озық енушілерінің бір мысал ретінде келтіруге болады. 1990 жылы 1-ші жартысында бұндай жүйелерді құру кезінде бірден микропроцессорлы картаға бағдарланды.

Қазіргі таңда Altyn Card, Smard Alem Card, Дуэт жүйесінің карточкалары - микропроцесорлы каталар, яғни электронды қызметтері ірі батыстық карталық жүйелер чиптік каталарға көшу жоспарын 2004 жылы ғана өңдеуді бастады.

Нақтысыз төлеммен есеп айырысу жүйелерінің жетілдірілуіне ықпал ететін тағы бір маңызды шаралардың бірі - 1998 жылы қазан айынан қараша айына дейінгі кезеңде жүргізілген Ұлттық банк орталық аппаратында екінші деңгейлі банктердің корреспонденттік шоттарын орталықтандыру болды. Корреспонденттік шоттар орталықтандырылуы Ұлттық банкке есеп айырысу банкі және банктер банктік қызметін оперативті жүзеге асыруға, төлем жүйесімен жалпы банк жүйесін бақылау қызметі тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2000 жылдың басында көрнекті экономикалық жетістіктер кәсіпорын аралығындағы нақтысыз есеп айырысулар өсімінің салдары болып табылады. Нақтысыз есеп айырысулар өсіміне 1990 жылы ортасында енгізілген төлем жүйелері технологияның көмегімен қол жеткізеді.

Тақырып 4. Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесі

Қолма - қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

-төлем тапсырмасы

-төлем талап тапсырмасы

-инкоссалық өкім

-чек

-вексель

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:

  1. төлем құжатының атауы;
  2. төлем құжатының нөмері, толтырылған күні, айы, жылы;
  3. ақшаны аударушының толық аты-жөні және жеке идентификациалық коды;
  4. ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациалық коды;
  5. бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке идентификациалық коды;
  6. төлемнің тағайындау коды;
  7. санмен және жазбаша түрде берілген төлем соммасы;
  8. бенефициар және ақшаны аударушының салшықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері;
  9. бенефициар -банктің толық аты -жөні және банктің идентификациадық коды;

Төлем тапсырмасы - ақша аударушының аталған талаптарда көрсетілген ақша соммасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін тауарлы емес операциалар (зейнетақы, сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке камиссиондық төлемдер т. б) .

Бенефициар Аударушы (төлеуші)

Бенефицар банк Аударушының банкі

  1. тауарды жабу;
  2. -төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру;
  3. бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу;
  4. бенефициардың шотына қаражат түскенін хабарлау:

Төлем талап тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Бенефициар Аударушы

Бенефициар банк Аударушының банкі

Инкоссалық өкім - 3 актілерде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты. Инкосалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады.

Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады.

Еліміздегі чекті пайдалану 1998 жылы 5 желтоқсанда қазақстан Республикасының Ұлттыұ банкінің басқармасы бекіткен №266 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Чек түлері:

Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсеткен чек.

Кепілдендірілмеген чек -чек беруші банктің кепілдігі көрсетілген.

Қамтамассыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қамтамассыз етілген чек.

Қамтамассыз етілмеген чек - депозитпен қамтамассыз етілмеген чек.

Чек - чек берушінің чекті қабылдаушы банкпен өзара жасалған келісім-шарт негізінде чекте көрсетілген сомманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Вексель ағылшынның bill note - міндеттеме шоты деген мағынаны білдіреді.

Вексель - белгілі бір сомманы алдын ала келісілген мерзімде және бегіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарздық міндеттемесі.

Жай вексель - вексельді ұстаушыға вексельді көрсетілген сомманы белгілі -бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің негізделген міндеттемесін сипаттайтын вексель.


Тақырып 5. Банкаралық есеп айырысулар және оларды жүргізу тәртібі

1 Банкаралық есеп айырысуларды жүргізудің маңызы мен мәні.

2 Банкаралық есеп айырысуларды жүргізу тәртібі. Банкаралық есеп айырысудың экономикаға әсері. Банкаралық қатынастардың халықаралық тәжірибесі.

Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы қолма - қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асыру барысында банктер арасындағы өзара есеп айырысулар туындайды.

Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы негізгі республика аумағында нақтылы уақыт режимінде жұмыс алады. 1999 жылдан бастап қызмет атқаруда. Банкаралық есеп айырысуда маңыздысы - клиринг. Коммерциялық банк Ұлттық банкте ашылған қаражаттар негізінде операциялық күн ішінде Ұлттық банкке қайтарымсыз түпкілікті есеп айырысуды қамтамасыз ету қажет.

Ақша аударымның банкаралық жүйелерде мәліметтерді беру және қабылдау тек электронды тәсілмен жүзеген асырылады. Ол мәліметтерді беруді куәландыруға және оларды беру кезінде қателерді табуға бағытталған ақпараттық қауіпсіздікті қамтамассыз ету процедуралары сақталады.

2006 жылы ақша аударымының банкаралық жүйесіне қатысушылар 51 болып, оның ішінде:

1) 34 екінші деңгейлі банк және Қазақстанның Даму банкі

2) Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазнашылдық комитеті

3) 9 банк қызметінің жекелеген түрін жүзеге асыруды ұйымдастыру

4) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық

5) мемлекетаралық банк.

Қазіргі уақытта бұл есеп айырысу корреспонденттік шот арқылы жүзеге асырылады. Оны ұйымдастырудың мынадай екі әдісі бар:

1) Орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің бір бірімен қатынас орнату негізі.

2) Орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысу ҰБ-гі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы ашылған корреспонденттік шоттар негізінде жүзеге асырылады.

Корреспонденттік шот - бұл коммерциялық банктердің өзара есеп айырысуларын жүргізуге арналған елдің Орталық банкінде және банктің бір-біріне ашатын шоты. Корреспонденттік шот банктің меншікті қаражаттары және клиенттің несиелік және есеп айырысу, кассалық қызметіне байланысты операцияларды көрсетеді.

Бұл операциялар:

1) Банк клиентінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу.

2) Банк клиентінің бюджет, зейнетақы қорлары мен белгілі-бір ұйыммен есеп айырысу.

3) Клиенттерге қолма-қол ақша беру, қабылдау.

4) Банкаралық қарыздар, депозиттер.

5) ҰБ пен кассалық операция.

6) Берілген несиелер үшін және басқа табыстар.

7) Депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу.

8) Банктің өзінің бюджет төлемдері.

9) Банктің басқару операцияларын ұстауға жұмсалатын шығындар.

Банкілік шоттағы төлем жүйелерінің көпшілігінде бұл шарттар есеп айырысуға қатысушының төлемін тез тарату туралы түсінігімен тиімді есебі үшін қажет. Мұндай төлем жүйелерінде клиенттер өте көп, олардың әрқайсысы қысқа мерзім ішінде көптеген төлемдерді жүзеге асырады, сондықтан да банктік шот төлемді тез жүзеге асыру ең негізгі шарттары болып табылады.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу принципінің бәрі төлемді жүзеге асырудағы төлеуші акцептісінің қажеттілігін анықтайды. Тәжірибе жүзінде бұл төлем құжатына төлеушінің қол қоюын білдіреді. Төлеушінің бұл қолы төлеммен келісетіндігін сонымен қатар төлем құжатының барлық реквизиттерінің дұрыстығын білдіреді.

Акцептің түпнұсқасы екендігін анықтау үшін төлеудің немесе оның банк жағынан өкімінің мұқият тексеруі қолданылады. Бұл ірі төлемдерді жүзеге асыру акцептің түпнұсқа екенін анықтау үшін қажет міндетті элеметтердің бірі. төлеудің акцептін растау үшін нотариус қажет, бұл банк карточкаларын өңдеуде міндетті болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген акцептерді растаудағы әдістердің бір ерекшелігі - төлем құжатын банкіге көрсеткен кездегі олардың пәрменділігі. Егер құжат телекомуналдық байланыс құралы арқылы жіберілетін болса, онда жеке қол мен мөрлер шынайы деп танылмайды.

Электронды қол қою жеке қолмен жүзеге аспайды компьютер бағдарламасының арнайы алгоритімінде қалыптасады, электронды қол автоматты түрде қойылады. Төлем құжатының электронды түрін қағаздық құжатқа басып шығарған кезде, ол сандарды жазуда жеке материалды көрініске ие болады, қол қойылатын жерге жазылады.

2006 ж. 1 сәуіріндегі жағдайға байланысты БААЖ қатысушыларының саны 52 - ге жетті. Оның 34 екінші деңгейлі банкілер және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық комитеті, банк қызметінің жекелеген түрлерінжүзеге асыратын 10 ұйым, Зеәнетақы төйлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық банк ( 3 есепшот ашылған ), Мемлекетаралық банк; ҚРҰБ және Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының банк - кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ) .

2006 ж. 1 - тоқсанында Ақша аударудың банкаралық жұйесі арқылы жалпы сомасы 16 728, 8 млрд. Теңгені құрайтын 1 944, 4 мың трансакция жасалған. 2005 жылдың 1-тоқсанымен салыстырғанда төлемдер саны 18, 1% артып, ал төлемдер сомасының 78, 4% - ға артуы байқалған.

2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда 2006 ж. 1-тоқсанындабайқалған БААЖ - дағы төлемдер көлемінің артуы келесідей операция түрлерінің артуымен байланысты болды: ҚР резиденттерінің бағалы қағаздары мен операциялары - 43, 7% - ға. Банкілер мен олардың клиенттерінің депозиттері және жеке қаражаттарының аударымдары 2, 8 есе, шетел валютасы мен бағалы металдар операциясы - 2, 2 есеге артқан. Бұл төлемдер көлемінің арту сомасы БААЖ - дағы төлемдердің жалпы көлемі өсімінің85, 9 % - ын құрады. БААЖ - дағы төлемдер саны мен көлемінің артуын қарастырған кезде, БААЖ - да зерттелген төлемдердің орташа күндік санының артуы да байқалған. Төлемдердің орташа күндік саны 32, 4 мың трансакция болып, сомасы 278, 8 млрд. Теңгені құрады. 2005ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің саны 5000 трансакцияға (18, 1%), ал сомасы 1225, 5 млрд. Теңгеге (78, 4%) артты. Бұл ретте, бір төлемнің орташа сомасы 2006 ж 1-тоқсанында8, 6 млн. Теңгені құрап, 2005 ж. 1-тоқсанымен салыстырғанда 2, 9 млн. Теңгеге (51% - ға) артқан. 2006ж. 1-тоқсанында жүйеде жасалған төлемдерді пайдаланушыларға қатысты мәліметтер 1-2 қосымшаларды келтірілген.

Банкаралық клиринг . 2006ж. 1 сәіріндегі жағдайға байланысты Банкаралық клирингке қатысушылардың саны 34 болған болса, оның 26 - сы - екінші деңгейлі банкілер, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналыұ комитеті, «Қазпошта» АҚ және «ТАТ Кредит», Мемлекеттік зейнетақы төйлеу жөніндегі орталық (3 есепшот ашылған) . ҚР ҰБ, Мемлекеттік зейнетақы қорының, банк - кастодианы (ҚРҰБ МОЕБ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері
Аудиттің фирмаішілік стандарттары
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Borland Delphi ортасында электронды оқулық жасау
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Педагогикадағы оқыту процесі және принциптері жайлы
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Ұлттық банкті орталық эмиссиялық банк немесе банктердің банкі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz