Герпес инфекциясы және жүктілік



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Герпес туралы түсініктеме
Жүктілік кезіндегі герпес
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Герпес ауру ретінде өте ежелден белгілі. Оны алғаш Гиппократ сипаттаған болатын, ол тәжірибеге «герпес» терминін енгізген болатиын, «герпейн» сөзінен шыққан бұл термин жорғалау дегенді білдіреді. Алайда ертеректе терінің кез келген зақымдануы герпес деп аталған болатын. Герпес барынша көп таралған инфекциялардың бірі болғандықтан, ол тек ежелгі заман және орта ғасыр дәрігерлеріне ғана емес қарапайым халыққа да жақсы таныс болған. Ғалымдар қарапайым герпес вирусын тек 1924 жылы ғана анықтаған болатын. Инфекция көзі науқас адам немесе қарапайым герпес вирусын тасымалдаушы болып табылады. ҚГВ ауа тамшысымен немесе қарым-қатынасқа түскенде, сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстырған кезде жұғады. 40 % жағдайларда герпесті бірінші рет ерте бала кезінде жұқтырады. Бұл жағдайда ҚГВ отбасы мүшелерінен ауа-тамшы жолымен герпес инфекциясының белсенді белгілерімен беріледі.
Радзинский В.Е. Гинекология, Москва, 2007 – 268с
Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии – М.:Медицина, 2001. – 560с.
Интернет сайттар

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
"Астана медицина Университеті" АҚ
Акушерия және гинекология кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Герпес инфекциясы және жүктілік

Орындаған:______________
Тексерген:______________

Астана - 2013ж

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Герпес туралы түсініктеме
Жүктілік кезіндегі герпес
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Герпес ауру ретінде өте ежелден белгілі. Оны алғаш Гиппократ сипаттаған болатын, ол тәжірибеге герпес терминін енгізген болатиын, герпейн сөзінен шыққан бұл термин жорғалау дегенді білдіреді. Алайда ертеректе терінің кез келген зақымдануы герпес деп аталған болатын. Герпес барынша көп таралған инфекциялардың бірі болғандықтан, ол тек ежелгі заман және орта ғасыр дәрігерлеріне ғана емес қарапайым халыққа да жақсы таныс болған. Ғалымдар қарапайым герпес вирусын тек 1924 жылы ғана анықтаған болатын. Инфекция көзі науқас адам немесе қарапайым герпес вирусын тасымалдаушы болып табылады. ҚГВ ауа тамшысымен немесе қарым-қатынасқа түскенде, сондай-ақ қан құю және мүшелерді ауыстырған кезде жұғады. 40 % жағдайларда герпесті бірінші рет ерте бала кезінде жұқтырады. Бұл жағдайда ҚГВ отбасы мүшелерінен ауа-тамшы жолымен герпес инфекциясының белсенді белгілерімен беріледі.

Этиологиясы
HSV I, HSV II-Alphaherpes-virinae тұқымдасқа кіреді. Зақымдайтын жасушаларды лезде жоюмен, қысқа мерзімді репродуктивті циклмен, жүйке жүйенің ганглийларында латентты түрінде ұзақ сақталуымен сипатталады. Жоғары температурада лезде жойылады (50-520 С-30), төмен теператураларда ұзақ сақталынады.
Эпидемиологиясы
Aурудың көзі: әр түрлі клиникалық түрлерімен ауыратындар, вирус тасымалдаушылар Тарау жолдары: тұрмыстық қатынас, ауа-тамшы, жыныс қатынас арқылы, вертикальды жолмен (мүмкін), интранатальды жолмен (көбінесе).
Патогенезi мен патанатомиясы
Oрганизмге вирус тері және шырыш қабаттар арқылы түседі. Орналасатын жері: паравертебральды сенсорлы ганглийдердің клеткаларында (өмір бойы сақталады). Аксондар арқылы вирус тері және шырыш қабаттарға түсіп - типті везикулезды бөртпелер тудырады (эпителиальдар клеткалардың тікенекті қабаттын баллон тәрізді дегенерализация және бөліну себебінен). Везикулалардың іші фибринозды сұйықтыққа және сызылған эпителиальды клеткалармен толады. Репликация - 10 сағаттай өтіп, одан кейін вирус қанға шығады. Организмде иммунды жетіспеушілік айқын болса, онда инфекцияның генерализденген түрі дамиды (ішкі ағзалардың-ОНЖ, бауыр, бүйрек т.б., - зақымымен). Вирусқа қарсы қорғаныста микрофагтармен интерферонның әсері маңызды роль атқарады. Инфекцияның ерекше түрі - туа біткен герпес. Трансплацентарлы жолымен жұқса - плацентит дамып, бала герпесты инфекция көріністерімен шала не өлі туады. Интранатальды түрінде жұқса (анада генитальды герпес болғанда)- көбінесе тері шырыш зақымдалу, сиректеу генерализденген түрі болады. Перинатальды герпес 3000-30000 туған балалардың біреуінде кездеседі.

Герпесті инфекцияның белгілері бойынша жіктелуі
Жіктелуі (белгілері)
Тарау механизмі бойынша
* жүре пайда болған:
* бірінішілік
* рецидивті (екіншілік)
* туа біткен
Инфекциялық процесстің ағымы бойынша
* латентті-тасымалдаушылық
* локальды
* таралған
* генерализденген (висцеральды, диссеминирленген)
Қабыну орнына байланысты
* Тері: жалпы герпес, герпетиформды экземе, жаралы-некрозды герпес, зостер тәрізді герпес.
* Шырыштар: стоматит, фарингит, тонзиллит.
* Жоғары тыныс алу жолдары: жедел респираторлы аурулар.
* Көз: кератит, кератоконьюнктивит, ирит, иридоциклит.
* Урогенитальды ағзалар: уретрит, цистит, вульвовагинит, цервицит.
* Нерв жүйе: менингит, энцефалит, менингоэнцефалит
* Ішкі ағзалар: эзофагит, пневмония, гепатит.
Ауырлығына байланысты
* жеңіл
* орташа
* ауыр.

Рецидивті герпес
Kөбінесе тері зақымымен өтеді. Типті түрінде ауыз-мұрын маңайында орналасады, бірақта терінің басқа жерлерін де зақымдау тиіс. Көбінде рецидив кезінде бөртпелер бір орнында шыға береді, кейбірінде орын ауыстыруымен өтеді. Рецидивтердің жиілігі жылына 1-2 реттен 10-20 ретке дейін. Типті түріндегі герпесты бөртпе: гиперемияланған және ісінген тері үстінде тығыз орналасқан көпіршіктер (везикулалар). Бөртпе шығар алдында тері қышып, сыздап, ісінуі, қызаруы жиі болады. Ауырсыну герпесты бөртпелерге тән емес. Көпіршіктер бір аздан кейін жарылады, орнында эрозиялар қалыптасады, лезде қабықшамен тегістеледі. Эпителизация кетіксіз өтеді. Процесстің ұзақтығы 5-7 күн. Кейде субфебрильды қызба, шамалы интоксикация қатарымен жүреді. Маңайдағы лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін. Иммунды жетіспеушілігі бар организмде қабыну жаралған түріне айналады. Бұл жағдайда бөртпелер денеге, шаш арасына, аяқ-қолына таралып; жайылған эрозиялар қалыптасып, айқын интоксикациямен өтеді. Атипті түрлері: қарапайым герпестың абортивті ағымы (саусақтардың ұшына), ісікті, зостер тәрізді (алақан мен табандарға папулезды элементтер шығу) Генитальды герпес-жасырын түрінде өтуі тиіс- вирус зәр шығару және жыныс ағзаларда сақталынады. Рецидив кезінде бөртпелер жыныс мүшелеріне шығады, жиі циститпен асқынады, әйел адамдарда генитальды герпес вульвавагинит, цервицит, уретрит, сальпингит, эндометрит түрінде өтуі тиіс. Шырыш қабаттардың зақымдалуы: жедел герпесты стоматит немесе созылмалы рецидивті герпесты стоматит түрінде өтеді. Көбінесе балаларда кездеседі. Көздің герпесты зақымдары недәуір жиі кездесуде, кератоиридоциклиттер (кератаувеит), иридоциклит, увеит, хориоретинит т.б.
Герпес түрлері
Қарапайым герпес вирусы -- 1 және 2 түрлері
Өкінішке орай орта ғасырдан бері герпестің таралуы азайған жоқ -- қазіргі таңда аталмышш инфекция жер бетіндегі 90 %-дан астам адамда кездеседі. Олардың көпшілігі ауру тасушы болып табылады, герпестің өте ауыр түрлері ауру жұқтырған адамдардың 20 %-да ғана кездеседі.
Герпестің көрінуі немесе адам ағзасында болмауы вирус тасушы адамның иммундық жүйесіне және жалпы денсаулық жағдайына қатысты болады. Осылайша қарапайым герпестің (ерінге шығатын ұшық сияқты) белгілері көбінесе ӨРВИ, тұмау немесе имунитетті әлсірететін басқа аурулардан кейін туындайды.

Герпестің вирусы ағзаға бір рет кіріп алып, сонда мәңгіге қалып қоятын вирустарға жатады. Адам өзін-өзі күтіп, иммунитетін қалыпты ұстап, салауатты өмір салтын сақтаса вирус аурудың клиникалық белгілері көрінбеуі де мүмкін.
Олар өзара өте ұқсас және ағзаға түскенде белгілері бірдей болып келеді.
Қарапайым герпес вирусы белсенді көбейген кезде тері мен сілекейлі қабат зақымданады. Сондай-ақ қарапайым герпес вирусы басқа қабыну ауруларының қоздырушысы болуы мүмкін. Олардың ішінде мына аурулар бар:
Орталық жүйке жүйесінің ауруы
Тыныс алу мүшелерінің аурулары
жүрек қан тамыр жүйесі
ішек-қарын аурулары
Несеп-жыныс жүйесі
Көз
Сондай-ақ қарапайым герпес вирусы жүктілік патологиясын тудыруы мүмкін, нәтижесінде түсік немесе нәресте өлімі, басқа жағдайларда жаңадан туған нәрестеде түрлі инфекцияларды тудыруы мүмкін.
Вирустардың негізгі айырмашылығы 1 вирус герпесі ерін, көз және ауыз қуысы түрінде көрінсе, 2 герпес вирусы генитальді герпесті (немесе жыныстық герпес) және жаңадан туған нәрестелердегі герпесті тудырады. Жуықта генитальді герпестің жатыр мойнының қатерлі ісігімен байланысы дәлелденді.
Қарапайым герпестің 1 түрінің вирусымен әдетте жаңадан туған нәрестелер ауырады. Бұл вирус барлығында кездеседі десе де болады: оның негізгі көрінісі иммунитеттің кез келген әлсіреуінде пайда болатын еріндегі ұшық болып табылады. Сондай-ақ беттегі герпестің асқынуы қатты тоңу, күннің астында ұзақ уақыт болу, физикалық немесе психикалық жарақат алу, алкогольді қабылдау, гармондық өзгерістер тәрізді басқа да себептермен болуы мүмкін.

Герпес симптомдары
Инкубациялық кезең герпестік инфекция кезінде зақымдалу кезеңінен алғашқы белгілерінің пайда болуына дейін 14 - 15 күнді құрайды.
Кейін ауруды шақыру кезеңі пайда болады. Жалпы әлсіздік, дене температурасының 38ºC дейін жоғарылауы, шат лимфа түйіндерінің ауырсына үлкеюі, зәр шығарудың жиілеуі, бұлшық еттердің ауырсынуы байқалады. Жыныс мүшелері аймағында ауырсыну, күйдіру, қышу сезіледі. Кейде құсу, лоқсу, желке тұсының сіресіп қалуы, бас ауруы туындайды, бірақ барлық осы симптомдар пайда болуымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процестердің жас ерекшеліктері
Неонатология – жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым
Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар(ЖЖБИ) және жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің жұқпалы ауруының қаупі
Жыныстық жолмен берілетін аурулар жайлы жалпы түсінік
Вакцинаны алу және зертханалық бақылау (герпеске қарсы вакцина)
Балаларда АИТВ- инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеудің ХАТТАМАСЫ
Нәрестелердегі В гепатиті
Ересектерде АИТВ- инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
Балалардағы АИТВ- инфекциясы және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
Ауыз қуысына тұрақты тіршілік ететін стрептококтар
Пәндер