Мемлекеттің инвестициялық саясаты


Мемлекеттің инвестициялық саясатын жүзеге асырудың механизмі мен негізгі қағидалары.
Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.
Инвестициялық сферада мемлекетті ролін күшейту мүмкіндігін талдауда мемлекеттік қатынасудың кеңейту дәрежесі объективті шекараны көрсететінін ескеру қажет. Бұл шекаралар бір жағынан нақты қаржыландыруға мүмкіндік береді, ал екінші жағынан экономикада мемлекеттің қатысуы өсімі жеке инвестицияларды шеттетпей керісінше олардың көбеюіне мүмкіндік беруі тиіс.
Мемлекеттің инвестициялық саясатының негізгі қағидалары:
- Инвестициялық процессті қайта оратылықтандыруды жүргізу, ауырлық орталығын жеке инвестицияларға ауыстыру, жаңа амортизациялық саясатты жүргізу; пайдаларды қолдану, бағалы қағаздарды қайта эмиссиялау, банктер қаражаттары, институтционалды инвесторлар, халық арқылы кәсіпорынның жеке және тартылған қаражаттар ролін арттыру;
- Кәсіпорынды қайтарылмайтын қаржыландырудан қайтарылым және төлем негізінде несиелендіруге өткізу;
- Инвестицияға бағытталған мемлекеттік бюджет қаражаттарына мақсатты жұмсалуына мемлекеттік бақылауды күшейту;
- Жеке инвесторларға тартымды емес қоғамдық мәні бар объектілерді, әлеуметтік сфера маңызды өмір қажеттілігін қанағаттандыратын өндіріс облысында мемлекеттің ролін стратегиялық инвестор ретінде сақтау;
- өзін өзі тез өтейтін және тиімді жобаларды өткізуде орталықтандырылған инвестицияларды қолдану, олардың іскерлік қаржыландыруда әс тәжірибені кеңейту;
- жеке және шетел инвестицияларын қолдау, нормативтік базаны жетілдіру, инвестияны сақтандыру және кепілдік беруді ұсыну.
Мемлекеттік инвестициялық саясаның механизмін басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:
- Жоспарлау;
- Бағдарламалау;
- Бюджетті дайындау;
- Орындау;
Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық- экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.
Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.
Бюджетті дайындау кезеңінде қаражат бөлу жөніндегі шешімдер қабылданады. Онда мынандай факторларды ескеруі қажет:
- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;
- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер (кіріс, пайда, шығыс және т. б. ) .
Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.
Орындау кезенінде мемлекеттің тиісті инстиутуционалдық жүйесін жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Инвестицияны қаржыландыруға арналған несиелердің формалары. Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен ролі.
Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының бірі инвестициялық мақсатта коммерциялық клиенттерді қысқа мерзімді несиелеу жатады. Банк клиенттерді несиелеуде келесі екі қызметті атқарады:
1 - макроэкономикалық - елдің экономикалық инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;
2 - микроэкономикалық - банктердің табыстылығымен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі табысты алу;
Қысқа мерзімді (бір жылға дейін) жоғары өтімді несиелердің бірнеше түрлері қаржылық компаниялардың қарыздық және инвестициялық қызметерінде негізгі рольді атқарады. Көп қаражаттары бар жеке инвесторлар өздерінің қаражаттарын ақша нарығының құралдарына өздігінше салуларына болады, алайда олардың көпшілігі мұны әр түрлі қаржылық ұйымдарда тиісті шоттарды ашумен жүзеге асарады.
Инвестицияны қаржыландыруға арналған несиелердің формалары әр түрлі болады :
- Овердрафт (ағылшын тілінен аударғанда «жоспардан жоғары») деген мағынаны, клиенттің ағымдағы шотындағы қаражат қалдығынан төлетін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиенің ерекше формасы. Мұндай жағдайда шотына қаражатты толық төлемде шегеріп тастап, банк шоттағы қалдықтан асатын салада клиентке автоматты түрде несие береді.
- Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Маусымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне беріледі.
- Сенім несиесі - бірінші класс клиентіне берілетін несие
- Вексельдік несие - банктің сеніиді клиенттеріне вексель формасында берілетін қысқа мерзімді несие.
- Контокоренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық шоты бар өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі. Ол клиенттің несие желісіне байланысты болады.
- Факторинг несиесі бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне айналған қысқа мерзімді операция. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауарлар үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиені сипаттайды.
- Форфейтинг несиесі факторингке ұқсас борлып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалытын операйияларды білдіреді. Сондай ақ коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның эспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алу.
- Вексель белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және бекітілген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі. Домицилиант вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельге делдал ретінде қатысатын банк.
- Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқарушы, шауашылық субъектілер (немесе жеке тұлғалар) арқылы қатысатын инвестициялық институттар ерекше болып табылады, яғни ол қызметтің басқа да түрлерімен араласуна жол бермейді. Инвестициялық институттарға арнайы қаржы-несие институттардың нақты бір түрлері (бірінші түрдегі инвестициялық банктер, инвестициялық компаниялар мен қорлар), сонымен қатар қор биржалары, инвестициялық брокерлер, дилерлер, (консультанттар) кеңесшілер және т. б. жатады.
- Инвестициялық компаниялар мен қорлар. Олар жеке инвесторлардың құралдарын жинақтау негізінде өзі жеке бағалы қағаздарын эмиссиялау және оларды басқа эмитенттердің бағалы қағаздары арасына жайғастыру негізінде қызмет атқаратын қаржы-несие институттардың түрлерін білдіреді. Инвестициялық компаниялар мен қорлар қаржы нарығында айналыста болатын бағалы қағаздар сонымен қатар инвестициялық сертификаттар шығару мүмкін. Олар шығару көлемі компанияның бағалы қағаздар портфелімен қамтамасыз етілуші шеңбермен шектеледі.
- Инвестициялық компаниялар- бұл бағалы қағаздар мен операцияларды жүзеге асырушы және коммерциялық банктердің кейбір қызметтерін жүргізуші ұйымдар болып табылады. Олар қаржы топтары, холдингтік және қаржылық компаниялар түрінде қызмет атқарады. Инвестициялық қорлардың мәртебесі акционерлік қоғам түрінде құрылады. Инвестициялық компаниялық (қорлар) ресурстарын қалыптастыру әдісіне байланысты ашық және жабық түрге бөлінеді.
- Ашық түрдегі инвестициялық капиталды құрайтын акцияларының саны сол акцияларға сұранысқа байланысты өзгереді. Яғни компания кез-келген кезде жаңа акция сатуға немесе сатып алуға құқылы. Бұл өз ретінде салымшының салым деңгейі-өтімділігінің жоғары екендігін білді. Мұндай компаниялар акциялары екінші ретті нарықта айналысқа түспейді.
- Жабық түрдегі инвестициялық капитал көлемі шектеулі болып табылады. Олардың акциялары бағамы екінші деңгейдегі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы байланысты болып табылады.
- Қор биржасы. Бұл бағалы қағаздардың институционалды ұйымдастырылған нарығы ретінде танылады. Олар бағалы қағазға сатып алу - сату бойынша (ортақтастырылған) орталықтандырылған ұсыныстар негізінде, институционалды және жеке инвесторлардың тапсырысы бойынша биржа брокерлерін нарыққа орналастыру негізінде қезмет атқарады. Нарықтық экономикада капиталдың ұзақ мерзімді салымның айтарлықтай бір бөлігі қор биржасы негізінде жүзеге асырылады.
- Инвестициялық дилерлер мен брокерлер. Бұлар қор нарығындағы делдалдық қызмет атқарушы маманданған ұйымдар.
- Инвестициялық дилерлер- бұл бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып алу, сатуды жүзеге асырады.
- Инвестициялық брокер- бағалы қағазды сатушы мен сатып алушыны келістіру және соның негізінде комиссиондық сыйақы алатын қызметті жүзеге асырады.
Қазақстанның Даму Банкінің қызметі.
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2007-2011 жылдарға арналған стратегиялық даму бағыттары
1. Миссиясы жəне қызметінің негізгі мақсаттары
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан əрі - Даму Банкі) миссиясы - екінші деңгейдегі банктер қамтамасыз етпеген ел экономикасының бəсекеге қабілетті шикізаттық емес секторының жеделдетіп дамытудың кредит ресурстарына инвестициялық қажеттілігін коммерциялық негізде қанағаттандыру жолымен Қазақстан Республикасының тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсіміне қол жеткізуге жəрдемдесу.
Даму Банкі қызметінің мақсаттары инвестициялық қызмет тиімділігін жетілдіру жəне арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркəсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы жəне ішкі инвестицияларды тартуға жəрдемдесу.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгі жағдайлар
Орта мерзімді перспективада Даму Банкінің қызметіне елеулі есер ететін қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін негізгі жағдайлар мен факторлар мыналар болып табылады:
- ҚР тұрақты саяси жəне макроэкономикалық орта (экономиканың жалпы ахуалын көрсететін 2007-2011 жылдардағы оң макроэкономикалық көрсеткіштер, мемлекеттің даму жоспарларының, ұлттық, салалық жəне əлеуметтік стратегиялардың мақсаттарына қол жеткізуі, мемлекеттің экономикалық өсуге бағыт алуы жəне осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған шараларды қабылдау, банк жүйесін одан əрі нығайту, қолайлы инвестициялық климат жəне инвестициялардың негізгі капиталға өсімі жəне т. б. ) ;
- сыртқы нарықтарда қазақстандық экспорттаушылар мен тауар өндірушілер үшін оң конъюнктура, негізгі қаржы нарықтарындағы (АҚШ, Еуропа Одағы, Жапония, Қытай, Ресей) макроэкономикалық ахуал;
- қарыз алу нарықтарындағы тұрақты ахуал, Даму Банкі қаражат тартатын елдерде қарыз алу ставкаларын жəне инфляция деңгейін төмендету;
- «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ ұсынатын ірі «серпінді» инвестициялық жобалар мен кластерлік кешендерде, оның ішінде жобалардың демеушілері жəне Даму Банкінің қарыз алушылары ретінде ұлттық компанияларды, РМК тартумен күштерді шоғырландыру;
- ірі жобаларды іске асыру үшін жобалық қаржыландыру басымдықтарын пайдалану, ол үшін кредиттерді қамтамасыз ету жəне жіктеу ерекшелігін есепке алуды, тəуекелдерді азайту жəне қаржыландырудың осындай нысаны кезінде жобаны басқаруды қамтамасыз ететін заңнамалық жəне ұйымдастыру нысанындағы бірқатар қажетті шараларды іске асыру қажет;
- коммерциялық банктермен бірлесіп синдикаттауларға қатысудың, еліміздің инвестициялық мұқтажы үшін Ұлттық қордың кірістерін пайдаланудың заңнамалық мүмкіндіктерін құру жəне пайдалану;
- ірі инфрақұрылымдық жобалар бойынша мемлекеттің субсидиарлық кепілдемелер мен кепілдіктер беруі;
- мемлекет тарапынан қолдау (капиталдандыру, бюджеттік кредит беру, салық жеңілдіктері, борыштық міндеттемелерге «агенттік» мəртебесін беру жəне т. б. ) ;
- Даму Банкі шығарған бағалы қағаздарды салық салудан босататын қаржы агенті мəртебесінің болуы;
- Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының сауда-саттық алаңында тиісті қызметті жүзеге асыру үшін брокер-дилерлік лицензиясының болуы;
- шетелде қаржыландырылатын жобалар үшін «технологиялық байланысты» өлшемін нақтылау .
Басым даму бағыттары
Даму Банкін дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:
1. Кредит берудің негізгі салалық бағыттары мыналар болып табылады: энергетикалық жəне көліктік инфрақұрылым, гидроэнергетика, биоэнергетика, металлургия, химия жəне мұнай химиясы.
2. шетелде қызметті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру.
Мыналар міндеттерді шешудің негізгі нəтижелері болуы тиіс:
-активтер мен резервтерді басқару саласында тəжірибе жəне консультациялар алу мақсатында активтерді басқару бойынша инвестициялық портфель активтерінің бір бөлігін халықаралық қаржы институттарына жəне компаниялардың біреуіне сыртқы сенімді басқаруға беру;
-Қазақстан Республикасынан тыс жерде инвестициялық жобаларды даярлауды, қарауды жəне Банктің қатысуымен қаржыландыруды жүзеге асыру.
3. Тиісті қорландыруды қамтамасыз ету жəне Даму Банкінің оң кредит тарихын қолдау.
4. Банктік сараптау жəне мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларға жəне мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функцияларын орындау.
Қазақстан Даму Банкімен инвестициялық жобаларды несиелеу.
Экономикаға кредит беру көлемін болжамдалатын арттыруға байланысты Даму Банкі сыртқы жəне ішкі қор нарықтарында борыштық міндеттемелерді шығаруды жүзеге асыру жолымен қорландыруды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Банк сыртқы нарықта қарыз алуды жүзеге асыруды жалғастырады, сондай-ақ теңгемен атаулы облигацияларды шығару жолымен ішкі қор нарығында қарыз алатын болады. Банк 15% мөлшерінде Банктің облигацияларына зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі бар лимитті ескере отырып, теңгедегі көрсетілген облигациялардың негізгі институционалдық инвесторлары ретінде қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қорларын шектейтін болады. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта артық өтімділікті сүзгілеуге жəне тартымды құралдардың тапшылығы проблемасын ішінара шешуге ықпал ететін болады.
Бұдан басқа Даму Банкі қаржы агенті жəне Банк қаржыландыратын инвестициялық жобалардың шеңберінде Банк клиенттерінің ішкі облигацияларын шығару жөніндегі андеррайтер ретінде өз қызметін белсенді етуге пиғылды.
Даму Банкі бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушысы ретінде Алматы қаласы Өңірлік қаржы орталығының сауда-саттық алаңында брокерлік жəне дилерлік қызметті жүзеге асыруға мүдделі.
Алдын-ала бағалаулар бойынша бірінші облигациялық бағдарламаның көлемі 30-40 млрд. теңгені құрауы мүмкін. 10, 15 жəне 20 жыл айналым мерзімі бар облигациялық бағдарлама шегінде облигациялардың үш жəне одан да көп шығарылымын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Облигациялардың алғаш шығарылымының болжамды кезеңі - 2006 жылғы желтоқсан - 2007 жылғы қаңтар, келесі шығарылымдар кредиттер бойынша игеру қажеттілігінің туындауы бойынша жүзеге асырылатын болады.
Инвестицялық қор қызметінің қағидалары, функциялары және мақсаттары.
Ұлттық қордың қызметi мемлекеттiң негiзгi шикiзат ресурстарын əзiрлеу, өндiру жəне экспорттау жөнiндегi қызметiнен түсетiн үстеме табысын шоғырландырудан жəне оларды əлемдiк қаржы нарықтарында одан əрi инвестициялаудан тұратын болады. Шикiзат қорлары таусылатын жəне орны толмайтын ресурстар болып табылатындықтан оны өндiруден, қайта өңдеу мен өткiзуден түсетiн болашақ қаржы ағындарына дұрыс иелiк еткен маңызды. Ұлттық қорды құру артық валюта түсiмдерiн стерилизациялау, экономикада дағдарысты ахуалдар жағдайына резервтiк активтер құру, болашақ ұрпақ үшiн қор қалыптастыру мақсатын көздейдi.
Ұлттық қор қаражаты мемлекеттiк бюджеттен алынатын трансферттер жолымен шаруашылық жүргiзуші субъектiлердiң экономиканың шикізат секторындағы қызметiнен төлейтiн салық түсiмдерi мен басқа да мiндеттi төлемдердiң бiр бөлiгiнен қалыптастырылатын болады. Мұндай трансферттер бюджеттiң ағымдағы шығыстары бойынша профицитке қол жеткен жағдайда ғана жүзеге асырылуға тиiс. Бұл таяу жылдарда мемлекеттiң шикiзат ресурстарын өндiру жəне экспорттау қызметiнен түсетiн үстеме табыстардың ең алдымен бюджеттiң ағымдағы шығыстар бойынша тапшылығы мен мемлекеттiк жəне мемлекет кепiлдiк берген борышқа қызмет ету жөніндегi шығыстарды азайтуға бағытталуға тиiс екендiгiн бiлдiредi. Сонымен бiрге даму бюджетi iшкi жəне сыртқы нарықта жыл сайынғы қарыз алу нəтижесiнде бюджеттiң тұрақты инвестициялық тапшылығын қалыптастыратын болады.
Ұлттық қор қаражаты əлемдiк қаржы нарықтарында бағалы қағаздардың кең əртараптандырылған қоржынында инвестицияланатын болады. Iшкi экономикаға инвестициялау үшiн түскен инвестициялық кiрiс есебiнен қалыптастырылатын Ұлттық қордың бөлу шотынан қаражаттар пайдаланылатын болады.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде ҚРң индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде ҚР Үкіметінің №501 қаулысымен 2003жылдың 30мамырында құрылған.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚң Жалғыз акционері - «Самырук-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.
Қордың мақсаты - перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы ҚРң индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
- шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шағаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өнідірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
- Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру және осы жобаларды басқаруға қатысу;
Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, ҚРнан тыс жердегі қзақстантық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету
Инвестициялық қызметтің дамуындағы Ұлттық инвестициялық қордың рөлі.
Ұлттық инновациялық қор 2003 жылы Қазақстандағы инновациялық белсенділікті арттыру үшін құрылған. Инновацияылқ қор қызметінің мақсаты инновациялық белсенділіктің өсіміне, ҚРда жоғары техникалық және ғылымды қажеттілік өндірістің дамуына жәрдесдесу болып табылады.
Қордың мақсаттары:
- Қазақстандық және шетелдік инвесторлармен біріккен еншілес қорлар құру;
- Дамудың түрлі кезеңдерінде еншілес қардыландыру: күшіндегі өндірістерді кеңейтуге дейін идеядан және түп тұлғасын құрудан;
- Инновациялық белсенділікті артыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Инновациялық қордың міндеттері:
- Отандық жіне шетелдің инвесторларымен бірлесіп, венчурлік қорлар құру, инновациялық жобалады венчурлік қаржыландырудың тетіктерін және инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
- Коммерциялық тиімділік көзқарас бойынша әлеуетті перспективалық болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді (ҒЗТКӘ) қаржыландыру;
- Инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына бақылаусыз үлестік қатысу жолымен инновацияны енгізуді қаржыландыру;
- Инновацияылқ қызметтің мамандандырылған субъектілерінің құруға (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубасторла) ;
- «инновациялық технологияларды ауыстыру, қарызға алу және өсіру», оларды коммерцияландыру мен енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың заемды және тартылған бюджеттен тыс көздері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz