Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)Кенесары Қасымұлы. аса көрнекті мемлекет қайраткері
б) Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісінің басталу себебі
в)Ұлт.азаттық көтерілістің қозғаушы күштері.
г) Қазақ хандығының қалпына келтірілуі
д) Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.Көтерілістің тарихи маңызы.
ІІІ. Қорытынды
Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі — оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлт-азаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты:
- Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
- Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру.
Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.
Көтерілістің негізгі мақсаттары:
1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
2. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
3. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
XVIII ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап патшалық Ресейдің Қазақстанның біраз бөлігін өзіне қаратып, билік жүргізуі, қазақ дәстүрлі қоғамының ішкі істеріне күш көрсету, не болмаса қорқыту, сескендіру арқылы белсенді түрде араласуы ондағы сан ғасырлар бойы қалыптасқан түрлі құқықтық және әлеуметтік институттар арасындағы тепе-теңдікті бұзды. Ескі құндылықтар эрозияға ұшырап, өмір сүрудің жаңа тәсілдері мен формалары – өз халқының ортақ мүддесінен гөрі жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық, сатқындық пен жікшілдік етек ала бастады. Қазақ халқының мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, шаңырағының шайқалуы салдарынан қазақтардың біраз бөлігін жат жұртшылыққа бодандық көңіл ауаны баурады. Бірақ қазақ қоғамындағы бұл психологиялық ахуал адамдардың шынайы өз еркінен гөрі мәжбүрліктен туындады. Бұл дертке, әсіресе, қазақ қоғамында мемлекеттілік символы ретінде саналып келген төре тұқымы тез шалдықты. Ресей боданына айналуға байланысты орнайтын «жаңа заманда» орын алып қалуға асыққан сұлтандар Орынбор мен Омбыға сабылып, өзіне қарасты рулармен «патша ағзамның құзырында болу» жөнінде
1. Әбдіров М. Кенесары және қазактар // Жамантаев К. Абылай.- Алматы, 1993.- б.120-125
2. Бекмаханов Е. Кенесары Қасымов бастаған азаттық қозғалысы. Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері // Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында.- Алматы,1994.- Б. 174-200
3. Дүйсәлиев Т. Қазақ халқының ресей отаршылығына қарсы КенесарыҚасымұлы бастаған 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысы // Қазақ тарихынан.- Алматы, 1997.- Б. 492-520
4. Malimetter.kz Қазақша рефераттар
5. Кенесары хан // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.98-101
6. Бекмаханов Е. Кенесары-Наурызбай немесе Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан оның туысқандары жайлы кейбір деректер // Қазақстан әйелдері.- 1998.- №4.- Б. 4-6

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)Кенесары Қасымұлы- аса көрнекті мемлекет қайраткері
б) Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісінің басталу себебі
в)Ұлт-азаттық көтерілістің қозғаушы күштері.
г) Қазақ хандығының қалпына келтірілуі
д) Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.Көтерілістің тарихи маңызы.
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе.

Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі -- оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлт-азаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты:
- Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.
- Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу.
Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру.
Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі.
Көтерілістің негізгі мақсаттары:
1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
2. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
3. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
XVIII ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап патшалық Ресейдің Қазақстанның біраз бөлігін өзіне қаратып, билік жүргізуі, қазақ дәстүрлі қоғамының ішкі істеріне күш көрсету, не болмаса қорқыту, сескендіру арқылы белсенді түрде араласуы ондағы сан ғасырлар бойы қалыптасқан түрлі құқықтық және әлеуметтік институттар арасындағы тепе-теңдікті бұзды. Ескі құндылықтар эрозияға ұшырап, өмір сүрудің жаңа тәсілдері мен формалары - өз халқының ортақ мүддесінен гөрі жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық, сатқындық пен жікшілдік етек ала бастады. Қазақ халқының мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, шаңырағының шайқалуы салдарынан қазақтардың біраз бөлігін жат жұртшылыққа бодандық көңіл ауаны баурады. Бірақ қазақ қоғамындағы бұл психологиялық ахуал адамдардың шынайы өз еркінен гөрі мәжбүрліктен туындады. Бұл дертке, әсіресе, қазақ қоғамында мемлекеттілік символы ретінде саналып келген төре тұқымы тез шалдықты. Ресей боданына айналуға байланысты орнайтын жаңа заманда орын алып қалуға асыққан сұлтандар Орынбор мен Омбыға сабылып, өзіне қарасты рулармен патша ағзамның құзырында болу жөнінде ант-су ішті. Ақсүйектер әулеті екіге жарылды, ерте замандардан хан-сұлтандарының соңынан ерген қара халықтың арасына да жік түсті.
ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында отарлау жүйесінің дәстүрлі қазақ қоғамының барлық өрісінде кең етек алуына себепші болды. Қазақ қоғамын көтеріліске бастау, халықтың күш-жігерін Ресей үстемділігіне қарсы бағыттау үшін оның арасынан көсем болуға лайық тұлға шығуы қажет еді. Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай тұлға ақсүйек төрелердің ішінен шығуы - заңды құбылыс. Атадан балаға мирас болған билікке мүдделі ақсүйектер ішінен тарих осы рөлге Қасым сұлтанның отбасын, соның ішінде Кенесары Қасымовты бейімдеді.
Кенесары бастаған көтеріліс Ресейдің төңкеріске дейінгі тарихшыларының мұқият назарына іліккен болатын. ХІХ ғасырдың 40-жылдарының аяғынан бастап бұл оқиғаның жекелеген мәселелерін сипаттаған М.И.Венюков, В.Потто, А.Г.Серебренников, барон Услар, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Ш.Ш.Уәлиханов, И.Ф.Бабков, И.Завалишин, Л.Мейер, М.Красовский, Н.Коншин, Н.Середа, А.К.Гейнс, А.Янушкевич сияқты буржуазиялық-либералды бағыттағы зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапты. Олар өздерінің қоғамдық-саяси көзқарастарына орай бұл мәселені әртүрлі деңгейде қарастырды. Орыстың дворяндық-буржуазиялық та - рихнамасының монархиялық-отарлаушылық бағытының кейбір өкілдерінің бұл көтерілісті бүлік, қарақшылардың ісі деп бағалауы және қазақ халқының азаттық үшін күресін теріс, субъективті түсіндіруінен туды.
ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін бағалау белгілі дәрежеде патшалық Ресей, кеңестік кезеңде де қолға алынып, тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ қай заманда да үстемдік еткен билік тарихи тұлғалар мен ұлт-азаттық күрес басшыларын өз идеологиясына қарай зерттеуді ұйымдастырып отырды. Патшалық Ресей үшін қазақ елінің хан, сұлтандары, би-батырлары орыс үкіметі жақтастары мен екінші топ қарақшы, барымташы, бүлікшіл атауларымен анықталды. Бұл дәстүр кейіннен кеңестік тарихнамада да жалғасын тапты. Соның ішінде хан, сұлтандардың қоғамдық-саяси қызметтері, олардың көзқарастары ашық бұрмалаушылыққа ұшырады. Кенесары тарихын зерттеген көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Е.Бекмаханов, Б.Сү - лейменов, Е.Дильмухамедов, Е.Ысмайылов қудалауға ұшырап, ғылыми шығармашылығына тыйым салынды. Осыдан соң қазақ хандары мен сұл - тандарының қызметтеріне оң баға берілмей, олардың тарихын толыққанды танып білу мүмкін болмады.
Сондай-ақ аталмыш қозғалысқа қатысты құжаттар жинағын жинап бастыру ісі де ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1908-1915 жылдар аралығында Ташкентте Ресей әскери министрі А.Н.Куропаткиннің тапсыруымен полковник А.Г.Серебренников Сборник материалов для истории завоевания Туркестанского края деген атпен 14 томдық құжаттар жинағын бастырып шығарды. Осы көптомдықтың алғашқы бес томында Кенесары хан бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжат жарық көреді. Мұның өзі Кенесарының көтерілісінің қырларымен танысуға мүмкіндік берген еді.
ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қасымовтар отбасылық қауымының Орта жүздің және олармен көршілес Ұлы және Кіші жүздердің руларына ықпалы зор болатын. Көтеріліс кезінде сұлтан Бегалы Қоңырқұлжаұлының хабарламасында былай делінген: ...сұлтан Қасым Абылаевтың елірген ордасы мен балалары Ақмола округінің маңайын кезіп жүрген кезде, Бағаналы, Қыпшақ, Алшын-Жаппас, Табын, Керейіт және Жержетім - Шекшек болыстарында тонау мен барымта толастамайды, тіпті ізгі ниеттегілерді де жолдан тайдырады.
Бұл - көтерілістің әлеуметтік негіздері анықталған кезде Ресей өкіметімен қарым-қатынас құруға мүдделі ат төбеліндей саяси топтың жазғаны. 1837 ж. желтоқсан айындағы әкімшілік өкілінің құжатында: Қасым Абылайхановтың елірген ордасын түбімен жою үшін басқарманың шешімімен (қазынадан қандай да шығын қажет болса да) қатаң шаралар қолдану. Әйтпесе Қасымның үрім-бұтағы біздің үкіметке қарсы қисынсыздықтарды, әсіресе, орыстарға бағынғаннан кейін өздерінің оған дейінгі бостандықтарынан айырылғандығы туралы ойларды біздің алаңғасар қырғыздардың көкірегіне ұялатып, олардың көңілдерін бұзуы мүмкін.
Бұл хабарламада Қасымовтар тегіне елірген деген анықтама берілген, сонымен қатар олардың ауызбіршілігі мен саяси бағыттылығы аталып көрсетілген. Ресей билігі Кенесарының, оның әкесі мен аға-інілерінің қайраттылығы мен жігерлігін назардан тыс қалдырмаған. Н.Середа өзінің мақаласында былай деп жазған: 1840 жылдан бастап Орынбор даласына Кенесары және оның әкесі сұлтан Қасым Абылаев келісімімен халық наразылығы айқын, үрейлі және созылмалы сипатқа ие болды. Орынбор әкімшілігі Кенесарының ерекше қасиеттерін ескеріп, оның әрбір қадамын аңдып, оның әрекеттерін алдын алуға мүмкіншілігінше тырысып бақты.
Кенесары көтерілісінің және оның ағасы Саржан бастаған қозғалыстың басты ерекшелігі - оған патшалық тәртіпке қайыспас қарсылық көрсеткен Қасым сұлтан және оның балаларының қатысуы. Көтерілісті тек Кенесары ғана емес, бүкіл Қасымның үрім-бұтағы басқарды, сол себепті де ол бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұжымдық бастаулар маңызды рөл атқарды. Сондықтан Кенесары бастаған көтерілісті зерттегенде, оған ерген адамдардың басым көпшілігі осы бастауларды ұстанды. Оған Орта және Кіші жүздердің ең ержүрек батырлары қосылып, бірге көшіп-қонды. Оған берілген көшпенділердің көбі орыстарға көніп өз қыстауларында отырғанмен, оған жасырын түрде зекет төлеп, орыстарға қатысты жаңалықтарды жеткізіп отырды деп жазады Ахмет Кенесарин. Көтерілісте қазақ қоғамының саяси әлеуметтік және рухани өмірі көрініс тапты. Көтерілістің өзі күрделі, қайшылықтарға толы болды.
Кенесарының көтерілісі 1837 жылдың көктемінде, ол Ақмола даласына көшкеннен кейін басталды. Оның туының астына халық ағылып келіп жатты. Байдалы, Әлекі, Қойлыбай - Шағрай, Жасай - Қалқаман, Темеш, Тінәлі болыстарының қазақтары қосылды. Олар мал, қару-жарақ тартып алумен айналысты. Көтерілісшілермен келіссөзге кеңесші Менькович және Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин жіберілді, алайда олардың әрекетінен ештеңе шықпады. Менькович өзінің мәлімдемесінде былай деп жазады: Оларды ауыздықтау үшін отрядтарды пайдалана отырып қатаң шара қолдану қажет, онсыз табысқа жетуіміз мүмкін емес, өйткені бұл болыстар бостандыққа үйренген, бағынуды ауыр езгі деп есептейді деді.
1837 жылдың аяғында Кенесары қозғалысына 3858 отбасы қатысты, бұл көтеріліс идеяларының өміршеңдігі және Кенесарының беделінің жоғарылығының куәсі еді. Уақыт өте көтеріліс қарулы күрес сипатында жүрді, күз бен қыста қарулы әрекеттер орын алды, екі жақтан да шығын болды, қолға түскен олжаны Кенесары өзіне берілген қырғыздарға өз қолымен таратты.
Кенесары Қасымұлы 1837 жылғы желтоқсанда Николай І патшаға жазған хатында ол атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт қатынасқа және шекара есебінде қабылданған межеге қайта оралуға шақырады. ... Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта, - деп жазады Кенесары император Николай І патшаға, - халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оған басқа да түрлі таршылықтар жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе, оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш рахатты өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын, - деп жазды. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай, өтініші аяққа басылып, елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп төнгендіктен, Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады. Ақылды саясатшы және шебер әскери қолбасшы ретінде ол соғысқа жан-жақты дайындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс және өзге ұлт шеберлерін де өзіне тартып, оларға жақсы жағдай жасады.
1838 жылдың жазына қарай көтерілістің тактикасы анықталды: олар бекіністерге шабуыл жасады. Ақмола қонысына, Тіленім-Шат, Көшекі бекіністеріне жасалған шабуылдар - осының айғағы. Кенесары Қазақстанның барлық ішкі аудандарында билігін жүргізді, оның жасақтарының саны жүздеп саналды. Саяси ұстанымы - патша әкімшілігі билігінің орнаған, рубасылары отаршыл саясатқа бейімделген бекіністерді шабуылдау болды. Кенесары қойған басты талап - бекіністерді жою және ішкі пункттерге шегіну болды. Өзінің талаптарын орындату үшін Кенесары қуатты бекіністерді, соның ішінде Ақмоланы басып алуға тырысты, 1838 жылдың тамызында Ақмола алынып, өрт құшты, Кенесарының қолына әскери тұтқындар түсті. Кенесары Абылайдың мұрагері ретінде Орта жүздің ханы болып мойындалғанмен, сонымен қатар Кіші жүздің рулары өзін хан ретінде мойындауын өте маңызды деп есептеді. Жалпы, қазақ ханы Абылайдың мұрагері ретінде ол өз билігінің заңдылығын нығайтуды және оны Торғай мен Ырғыз даласында бекітуді мақсат тұтты.
Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісте қандай қолбасшы, тарихта қандай ұлы тұлға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Середаның өзі былайша тамсана ой толғайды: Кенесары өз жасақтарының мәртебелі әміршісі бола білді. Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді. Кенесары ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тос - қауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қарекет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады. Ал енді ағылшындық Томас Аткинсон Кенесары Қасымұлы туралы былай деп жазды: Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін Кенесары жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән.
Кенесарының көтерілісін басып-жаныштауға белсенді әрекет жасаған Орынбор Шекаралық комиссиясының төрағасы М.В.Ладыженский Шығыс, Батыс, Орта Орда бөліктерінің аға сұлтандары Ахмет Жантөринге, Баймұхамед Айшуақұлына және Арслан Жантөринге жолдаған алғашқы бұйрықтары мен нұсқауларында-ақ Кенесары қосындарына барып қайтатын тыңшылар санын көбейтуді талап етті. 1844 жылдың 25 қыркүйегінде жазылған осындай құжатта: Қазірдің өзінде аға сұлтан Арслан Жантөриннен мәліметтер келіп түскені, енді Ахмет Жантөриннен күтіп отырғаны туралы айтылып, Кенесары ауылдарына таяу маңдарда көшіп-қонып жүрген қазақтардан, болмаса оның сенімді адамдарынан шынайы мә - ліметтер жинап, құпия түрде Шекара комиссиясының төрағасына хабарлап отырудың қажеттілігі көрсетіліпті. Мұндай жұмыстар үшін аға сұлтандарға құрметті марапаттар, ал жансыздарға ақшалай сыйлық беруге уәде етіледі.. Осы нұсқауға сәйкес аға сұлтандар барлау жүргізуге лайықты деген адамдарды іріктеп алып, Кенесары жасақтары орналасқан жерлерге жіберіп жатты. Оларға ешбір күдік тудырмайтындай желеулермен көтерілісшілер қосындарына еніп, мына жайттарды анықтау жүктеледі: 1) Кенесары ауылдарындағы үй саны қанша? 2) Ауылдары бір жерде ме, әлде әр жерде ме? Қонған орындары қайда? 3) Кенесарының үй-жайы, дүние-мүлкі қай ауылдарында, оларды бір жерде ұстай ма, әлде бөлектеп пе? Кімдер күзетеді? 4) Кенесарының өзі қай жерде және оған жақын жүрген сұлтандар мен құрметті кісілер кімдер? Қасында қанша адам бар? Барымтаға жіберілгендері бар ма? Болса, қанша кісі, қай жаққа жөнелтілді, кім бастап кетті? 5) Кенесарының шептерге, әскери отрядтарға, орыс бодандығына өткен қазақтарға қарсы қандай қимыл-әрекет жасау ниеттері бар? 6) Ол Сібір және Орынбор отрядтарының шыққаны туралы біле ме? Оған қарсы қандай әрекет жасамақшы? 7) Сұлтандар мен старшындардан шеп маңына шабуыл жасауға, барымтаға кімдерді қолайлайды, кімдерді көбірек жұмсайды? Олардың арасынан ең сенімді кісілері кімдер? Шеп тұрғындары мен қырғыздардан барымталап алған мал-мүліктері қайда және олар қандай мөлшерде? 9) Тұтқындар қайда және қалай ұсталады, оларды қашырып жіберуге қандай мүмкіндіктер бар? 10) Кенесарының аға сұлтандарға және Ордадағы өзге де әкімшілік шен иелері мен құрметті кісілеріне пікірі қандай? 11) Осындай кісілермен астыртын байланыстары бар ма? Орыс бодандығына өткен, әкімшілікке жақын қырғыздар арасынан шепте және Орынбордың ішінде болып жатқан жайттарды жасырын жеткізіп тұратын кісілері бар ма? 12) Кенесарының өзі қай жерді қыстамақ? Қыстауда үй-орманымен бола ма, жоқ салт басы ма? 13) Оның мініс аттары, әсіресе, ұрысқа даярланған көліктерінің күйі қалай? 14) Оқ-дәрі мен мылтықты қайдан және қандай бағаға алады?.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қазақ шаруалары
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Кенесары Қасымұлы — ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Орталық Комитетінің жауапты хатшысы, Москва университетінің профессоры жөне
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азатт козгалыстын басталуы
Кенесарының патша әскерлеріне қарсы жүргізген шайқастары
Кенесары Қасымов
Пәндер