Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-5 бет .

І тарау. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің ұғымы . . . 6-7 бет.

ІІ тарау. 2. 1 Роман - германдық құқықтық жүйе . . . 8-15 бет.

2. 2 Ағылшын-американдық құқықтық жүйе . . . 16-22 бет.

2. 3 Діни -дәстүрлік құқықтық жүйе . . . 23-31 бет.

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі . . . 32-53 бет.

Қорытынды . . . 54-56 бет.

Қолданылған әдебиеттер . . . 57-58 бет.

КІРІСПЕ.

Бұл еңбек мемлекет және құқық пәнін игеруде жоғары оқу орындарында және колледждерде заң мамандығын алушы студенттерге оқу құралы ретінде толықтырылып үшіші мәрте ұсынылып отыр. Оқу құралы оқушыларға мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан түсінуіне бағыт көрсетіп, жөн сілтейді.

Еңбектің авторлары тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының даму барысын көрсетуге тырысқан.

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің өзіне ғана тән ерекшелігі бар, өйткені мемлекет және құқық абстрактілі санат, категория ретінде зерттелінеді, оқытылады.

Аталған теория мемлекет пен құқықты зерттеу барысында оларды мемлекеттегі нақты құқық ретінде белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмайды. Керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастырады. Сонымен бірге ең алдымен осы заманғы мемлекеттілік пен құқықтардың ең дамыған нысандарын зерттеуді өзіне бағыт-бағдар ретінде ұстанады. Олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіреді.

Мемлекет және құқық теориясы -күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы және құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады.

Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын (формаларын) және қызметтерін (функцияларын) зерттейді.

Ал құқық теориясы -заң догматтары мәселелерін, яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауапкершілікті және тағы басқа құқықтық мәселелерді зерттейтін ғылым.

Ал енді Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, осы замағы құқықтық жүйелер туралы атап өткім келеді.

Курстық жұмыстың негізгі және басты мақсаты. Қоғамның құқықтық өмірі саласында құқықтық жүйенің мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасау. Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке - жеке орынын өзара байланысын қатынасын сарапқа салу. Аталған тақырып бойынша екі маңызды әлеуметтік міндетті тұжырымдауға болады. Біріншіден, құқықтық жүйе құқықты қолдануға байланысты барлық тәсілдерді толықтай біріктіреді. Екіншіден, құқықтық жүйе барлық құқықтық құбылыстардың жаңа деңгейде бірігуін білдіреді. Құқықтық жүйе құқықтық мемлекеттің бір белгісі болып табылады. Профессор Н. И. Матузовтың пікірі бойынша: «құқықтық жүйе ұғымының құндылығы қоғамның құқықтық жүйесін талдаумен байланысты болады». Сондықтан кез - келген заң құқықтық жүйенің иерархиялық құрылымына қайшы келмеуі керек. Құқықтық жүйенің қалыптасуы салыстырмалы ұзақ кезеңді алатын қиын іс болып табылады. Заңи әбедиеттерде құқықтық жүйе категориясын салыстырмалы түрде жаңартып отырады. Ол 80 - жылдардың аяғынан бастап енді. Бірақ та Батыс заңгерлері бұл ұғыммен бұрынғы кезден айналысуда. Құқықтық жүйе құқықтық материя құрылыммен жақын байланысты яғни, ол иерархиялық көп құрылымдық сияқты аспектілерден тұрады. Құқықтық жүйе динамикалық даму үстінде болады яғни, ол туралы ұғым үнемі өзгеріп отырады. Құқықтық жүйе басқа құқықтық терминдерден ауыстырмайды және өзгертпейді. Ол жеке ғылыми жүктемені яғни, барлық құқықтық құбылыстардың бірлігін білдіреді.

Заң әдебиеттерінде құқықтық жүйе ұғымына кейбір ғалымдар мынадай талдау береді: «Құқықтық жүйе қоғамдық қызмет ету саласы бойынша екі жақты бірлікті көрсетеді: нормативтік негіздердің қалыптасуын, нормативтік қызметтердің үлгісін». Бұл бірлікте құқықтық жүйенің функциясы ерекше орын алады.

Сондықтан құқықтық және мемлекеттік құрылыстарды олар тарихи дамуында және өзара байланыстарында қаралуы құқықтық жүйелерді талдауды қажет етеді. Құқықтың дамуы кез - келген мемлекетте қайшылықта және күрделі екені көпшілікке мәлім. Жалпы, құқықтық жүйелердің даму деңгейі қоғамда оның қоғамдық экономикалық дәрежесімен анықталады, басқа сөзбен айтқанда өркениеттің дамуы.

Құқықтық тенденциялар Ежелгі Грецияда және Римде сонымен қатар Ежелгі Шығыста пайда болған деп айтып кетуге болады.

Тарихи қалыптасқан нәрсе Қазақстанның құқықтық мәдениетінің құрылымына шығыстық дәстүрлер үлкен ықпал тигізген. Ежелгі Шығыстың құқықтық идеясы қоғамдық топтық - шектеулі сипаттары анық аңғарылады және қоғамдық топтардың класстық құқықтары мен бостандықтары қатаң бекітілуімен көрінеді. Осындай өте күрделі класстық және әлеуметтік құрылымдардың дамуы Ежелгі Шығыстық қоғамда құқықтың прогрессивті даму туралы ойландырады.

Құқықтық жүйенің тарихы жағынан қарағанда сол кездегі құқықтық актілер қазіргі адамдар құқықтар туралы түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізгенін айта кеткен жөн.

Бірақ та қазақ даласы Шығыс пен Батыс арасындағы орталықтан орын алып отырғанын ескеру керек. Сондықтан қазақтардың идеологиясына құқықтық мәдениетіде синтездің аталған екі әлемнің диолог ретінде көрінеді. Батыс дәстүрінің ықпалы Ресейлік құқық жүйесі арқылы іске асырылды. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуынан байланысты. Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделі қарама - қайшылық процесстерге сәйкес келеді. 1917 жылғы Ұлы Казан төңкерілісінен кейін Кеңес Одағының құрамындағы Қазақстан социализм жағдайында өмір сүре бастайды.

1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және құқықтық мемлекет негізінде жұмыс істей бастады.

Курстық жұмысытың белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысында төмендегі міндеттері болып мыналар табылады:

  1. Қоғамның құқықтық жүйесі ұғыммен құрылымы жеке зерттеу;
  2. Қоғамның құқықтық жүйесін талдау;
  3. Қоғамның құқықтық жүйесі мәселері бойынша өзіндік тәсілдерді зерттеу;
  4. Қоғамның құқықтық жүйесін зерттеуге байланысты ұсыныстар енгізу.

Қоғамның жүйесі мәселелері бойынша көптеген мақалалар, жинақтар, оқулықтар жарияланды. Аталған тақырып бойынша зерттеулер бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ қоғамның құқықтық жүйесі мәселесі көп жылдар қатарынан пікір талас туғызып келеді. Бұдан шығатын қортынды қоғамның құқықтық жүйесі тақырыбы мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызығушылықта тудырады.

І тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ.

Дүниежүзілік тарихта құқықтың пайда болуы туралы осы күнге дейін көптеген пікірлер мен көзқарастар қалыптасқан. Бұл мәселе туралы дау- дамай осы күні де жалғасуда. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет - ғұрып, салт - дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте - бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Әдет - ғұрып деп әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашлық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктеріне байланысты қалыптасып, күнделікті өмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығын айтады. Әдет - ғұрып жазылмаған нормалар жиынтығы, оның қай кезде, қай мерзімде пайда болғаны ғылымға әлі белгісіз. Тарихи және тархи - құқықтық әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттеу мононормаларға жүктеледі деген пікір бар. Оның құрамына моральдық, діни, қоғамдық өміріді ұйымдастыру нормалары енетінін тілге тиек етеді. Қазақтың мемлекеті тарихына, әдет - ғұрып заңдарын зерттеуге, билер институтының демократиялық халықтық жақтарын ашып көрсетуге арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. Ең алғашқы соққыны қазақ халқының құқығы, әдет - ғұрып заң - қағидалары патшалық Ресейден алды. Қазақ құқықғы туралы талай еңбектер жазылды, жазылады да. Көшпелі қазақ қоғамы және әдет - ғұрып заңдарының қалыптасуын сөз еткенде, қазақ қоғамының өткен тарихы жазба деректерге кеміс болғанымен ауыз әдебиетіне өте бай. Соның бір көрінісі - шежіре. Қазақ халқының ежелгі замандағы озық, ойлы да білікті азаматтары ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан ата - бабалар шежіресін, өзінің ұлттық генеалогия тарихын жазып қалдырып отырған. Халық арасында бүкіл қазақтың жетпіс жеті атасын тарататын шежірешілері де болған.

Адам мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі - нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп - басқару өте қажет. Американың ірі этнографы Л. Морган 1877 жылы өзінің «Ежелгі қоғам » деп аталатын еңбегінде, Ф. Энгельс өзінің әйгілі «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген зерттеуінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының себептеріне талдау жасап, құнды пікірлер айтты. Бірақ олардың пікірлері қазіргі тарихи - құқықтық әдебиеттерде әр түрлі мағынады бағалануда. Алғашқы қауымдық құрылыста қалыптасқан қатынастар қандай нормалармен реттелінеді деген сауал заңды түрде туындайды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, теологиялық, реалистік, әлеуметтік, нормативтік, психологиялық, материалистік, адхократиялық, идеологиялық, құқықтық экзистенциялық теориялар.

ІІ ТАРАУ. 2. 1. РОМАН -ГЕРМАНДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ.

Роман - германдық құқықтық жүйе дегеніміз тарихи даму барысында рим құқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық келісімдердің қабылдануы. Бұл құқықтық жүйенің қалыптасып және дамуына VI ғасырда дүниеге келген Византияның императоры Юстинианың « Corpus iuris civilis» деп аталатын құқықтық құжаты ерекше рөл атқарады. XVIII - XIX ғасырдың бас кезеңінде континенталдық Европа мен АҚШ - та Конституциялар мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың 1789 жылы, Францияның 1791 жылғы Конституциялары 1804 жылы Францияда қабылданған Наполеонның азаматтық кодексі. Роман - германдық құқықтық жүйенің өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Мемлекетте міндетті түрде ең жоғарғы күші бар Конституцияның болуы.
  2. Құқықтық жүйенің жариялылық (мемлекттік, әкімшілік, қаржы, қылмыстық және қылмыстық - процессуалдық) және жеке болып бөлінуі ( азаматтық, неке, сауда) .
  3. Мемлекетте парламент қабылдаған заңдарды іс жүзіне асыру үшін заңға сәйкес нормативтік кесімдердің қабылдануы ( жарлық, қаулы, ереже, шешім және т. б. ), заңнаманың делегациялануы.
  4. Қоғамдық қатынастардың құқықпен реттелінетін негізгі салаларды Кодекспен реттеледі.
  5. Құқықтың қайнар көздері ретінде нормативтік құқықтық кесім болып саналады, құқықтық әдет ғұрыпты пайдалану жоққа тән немесе мүлдем қолданылмайды.
  6. Судьялар мемлект қабылдаған нормативтік құқықтық кесім негізінде ғана шешім, үкім шығарады.
  7. Сот прецеденті құқықтық қайнар көзі бола алмайды және сот тәжірибесінде қолданылмайды.

Р. Давид айтқандай: «роман - герман қазіргі әлемде кездестірген бірінші отбасы» болып табылады. Роман - германдық құқықтық жүйе Африка елін, Латын Америкасын, Шығыс және Жапония, сонымен қатар Еуропа елдерінің көп бөлігін басқан. Бұл құқықтық жүйе өзінің белгілеріне қарай екі топқа бөледі: романдық және германдық болып. Бірінші топқа Франция, Италия, Бельгия, Люксембург және Нидерландия елдерінің құқықтық жүйесі жатады. Ал, екінші топқа Германия, Австралия, Швейцария және т. б. елдерінің құқықтық жүйесін жатқызуға болады. Роман - герман құқықтық жүйе өз бастауын Ежелгі Рим елінен алады. Оның негізгі қайнар көзі Рим құқығы болып табылады. Сондықтан, бұл құқықтық жүйенің басқа құқықтық жүйелерден айырмашылығы бар.

Өзінің даму барысында роман - германдық құқықтық жүйе көп жолдардан өтті. Зерттелу нәтижесінде үш негізгі эволюциялық кезеңдерден тұрды.

Бірінші кезең - Роман - германдық құқықтық жүйенің дамуы мен құрылуы оның эволюциясына XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Заңгер ғалымдардың пікір бойынша XIII ғасырда «Роман - герман құқықтық жүйенің дамыған уақытты» - деп білуге болады. Бұл кезеңнің құқықтық қайнар көзңнен айырмашылығы қандай? Осы кезге дейін қандай бір материалдың жинақталу үлгісін мен оны континентік құқықтың роман - германдық құқықтық жүйге біріктірумен негізделді.

Роман - германдық құқықтық жүйенің дамуының екінші кезеңі ХІІІ - XVIII ғасыр аралығында жатады. Ол басында ХІІІ - XIV ғасырда Италияда, ал кейінірек бүкіл Батыс Еуропаға таралған Ренессанспен немесе Қайта Өрлеу дәуірімен теңестіріліп қарастырылады.

Антикалық мәдени мұрасына мойынсусынуды бейнелейтін Қайта Өрлеу, өзін көптеген салалардан соның ішінде заң саласында да көрсетті. Өз кезегіде бүкіл Батыс Еуропаға, Африканың және Қиыр Шығыстың кейбір елдерінде таралған ұлы ерте кезде мойынсыну соның ішінде Ежелгі Римнің құқықтық дәстүрлері мен құқықтық жүйені қарату идеиясы қоғамның құқықтық мәдениетінің жаңа жағдайларда дамуына және құқықтық өмір сүруінің қажеттілігін түсінуге үлесін тигізді.

Роман - германдық құқықтық жүйесінің дамуының осы кезеңін сипаттай отырып, Рене Давид «жаңа қоғам құқық қажеттілігін қайта орнатты» деп жазды. Ол «Құдай талап ететін және прогресске қажетті реттілік пен қауіпсіздікті тек құқық қана қамтамсыз ете алатынын түсіндірді.

Бұл кезде қайырымдылыққа негізделген христиан қоғамының идеясын кейінге қалдырды. Жер бетіндегі «құдай қаласын» тұрғызу идеясын бас барта бастауы. Шіркеудің өзі мұны танып, сенішілердің қоғамы - дінге қоғамды және зайырлы қоғамды, ар - намыс сотын және сот төрелігін айқын ажырата бастады. XVIII ғасырда дін мен моральді азматтық тәртіп пен құқыққа араластыруды қойды. Құқыққа қоғамдағы маңыздылығы, өз ролі мен белгілі бір автономдық берілді. Қоғамның алдыңғы деңгейлері бірінші орында заңгерлер мен философтар билік иеленушілерден бүкіл қоғамдық қарым - қатынастар тек құқыққа негізделіп жасауына жәнеөткен көптеген ғасырлар бойы билік еткен монархия мен өктемділікке шек қойылуын талап етті.

Роман - германдық құқықтық отбасының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері жөнінде айта отырып, англо - саксондық құқықтық жүйесіне қарағанда ол Король немесе өзге де биліктің кеңеюі мен күшеюінің, олардың орталықтануының нәтижесі емес. Роман - германдық құқықтық жүйесі Еуропа континентінде елдердің бір - бірімен берілгені ғана емес бұл бірігу идеясының өзі болмайтындай көрінген кезде пайда болды.

Роман - германдық құқықтық отбасы биліктің орталықтандыруды күшейту тенденциясынан және қандай да бір саяси нысандардың жүзеге асыруларынан тәуелсіз дамып, өз күшін ала бастады. Басынан бастап оның фундаментті Батыс Еуропаның елдерінің мәдениеті мен дәстүрінің ортақтығы болды. Роман - германдық континентальді құқық негізінде жатқан идеялардың тереңдеуінен және таралуының негізгі құралдары Еуропалық университеттер болды. Дәл осындай Рим құқығының рецепция идеясы оның негізгі ой - өрісі, «тазару» және радикальді ауысқан жағдайларға қалыптасу алғаш рет танымды және жайыла бастады. Құқықтық университетік концепциясы жасалып шығарылды, ол құқықты бар құбылыс ретінде емес, істелуі керек ретіндегі көрсетті.

Құқықтық зерттеудің өз тәсілдері жасалды, оларға сәйкес құқықты тек тәжірибелік және академиялық тұрғыдан қарастыруға дәлірек айтсақ, зерттеші текника - заңдылық және ең бастысы кең әлеуметтік аспектіде, оны гуманизм, жақсылық және әділеттілік қағидаларының бірлестіктер моделі ретінде оны «толтыратындар» тұрғысынан қарастыруға кеңес берілген жоқ. Университеттік құқықтық ғылымда құқықты өзімен - өзін зерттеу тенденциясымен бірге өзге «моральді ғалымдар» мен пәндер - философия, дін және теология мен тығыз байланысты және өзара әрекеттестікке артықшылықты болды. Сонымен қоса, құқықты оқыту тар тәжірибелік, прогматикалық мақсатты емес, глобальді, әлеуметтік, гуманистік мақсатты көздеді.

Сол кезеңді есептегендей құқықты оқыту соттардың қандай да бір іс жөніндегі сот қандай шешім шығаратын көрсету басты мақсат етімейді. Құқық өзінің ережелерін басшылыққа ала отырып, қандай да бір сұрақтарды қарастыра отырып, шешімді қалай шығаруын соттарды оқытады. Құқық судьялардың кәсіби және қоғамдық қызметіндегі басшылыққа алуға міндетті нормаларды бекітеді. Құқық жөнінде тәлім беру кезінде «күнделікті тәртіп ережелерін мазмұндаумен шектелмейді, ол жалпы сабақ беруді ойластыратын мораль жөніндегі тәлімге ұқса». Рим және «университеттік» құқықты оқытумен және тәжірибеге енгізуге тырысулармен қатар канондық құқыққа үлкен көңіл бөлінді. Ол рим папасынан шығатын шіркеу соборларының шешімдерінің қаулы мен т. б. актілердің жиынтығын білдіреді. Канондық құқық нормалары арқылы шіркеу ұйымдарының, ал кейінрек отбасы, неке және мүліктік қатынастарды ішкі өмірінің сұрақтары реттелді. Канондық құқық өзінің дамуының мөлшеріне сәйкес кодификацияға ұшырады. Осындай кодификцияның әйгілі актісі канондық құқық жинағы саналады.

Діни бірлестіктердің ішінде қалыптасатын ішкі шіркеулік байланыстар мен қатынастардың реттейтін тәсілі ретіндегі құқықтың осы түрі туралы айтқанда, ХІІІ - ХІХ ғасырда өршіген және католик шіркеуінің өзінің шексіз билігі мен өзінің бүкіл жердегі әсері үшін күрестегі негзігі құралы болған әйгілі инкивизицияны айтпай кетуге болмайды. Шіркеу канондарына қатаң сәйкестікте инквизиция Ересялармен күреске арналған сот полицей мекемесін білдірді. Дегенмен, іс жүзінде ол өзінің басқаруында бүкіл қоғамды ұстады және халықтың деңгейлеріне өте үлкен әсер етті. Инквизициямен жүзеге асырылатын тергеу әрекеттерінің анықтауы мен сот өндірісінің барысында пайда болатын және тек қарым - қатынасты реттеуге арналған процессуальді және өзге де актілер бүкіл қоғамға психологиялық және өзгеше әсер етті. Мұның бәрі көптеген ғасырларға созылған католикалық шәркеу мен оның күшті құралы - инквизиция басты зұлымдық ролін алған - Испанияда жете көрінді. Инквизиция тарихының зерттеушісі, канондық құқық докторы бұрынғы Испан инквизициясының бас хатшысы Х. Льоренте айтқандай, Испаниядан басқа ешбір елде инквизиция мұндай гүлденуге жеткен жоқ. Бұл елдегідей жан - жағынан шіркеу ерлігімен тоқылған терең тамырын басқа елдерге жіберген жоқ. Өзінің сот өндірісін айналдыра қоршаған қаншерлігімен, құпиялығымен өз шешімдерінің өктемдігімен «қорлау әдістерін сүйгіштігімен», «өз жанындағылардың қатаңдығымен» адамдарға паникалық қорқыныш жайды, бүкіл қоғамдағы үрейлендіріп ұстады. Испан инквизициясының және оның қоршаған өмірге әсер ететін тәсілдердің үлгісінде автор бұл құбылысты басқа да елдерде зерттеуге болатындығы жөнінде шешім шығарды. Әрине Испаниядағыдай олардың бәрінде де осы институт қызметіне қатысты құпиялық қағидасын қатаң сақталды, ұрпақтан - ұрпаққа жазылмаған ереже король және инквизиция жөнінде үндеме беріп отырды. Өзіне көптеген нормативтік актілерді енгізетін осы құжаттың материалы осы кезде Батыс Еуропа билік еткен тек саяси және психологиялық атмосфералық ғана емес, сонымен бірге осы кезеңдегі роман - герман құқығының жүйесінің даму ерекшеліктерінің толық және обьективті көрнісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Еуропа қоғамының дамуына сәйкес эволоцияны құқықты болынан өткізді. Ол туралы пікір ғана емес, оған деген қарым - қатынасы да өзгерді. Университеттік программалар мен курстардағы рим құқығына приористік қарым - қатынас бара - бара академиялық және рационалдық бастаулардың айқындаушысы болатын құқық қағидаларын қалыптастыруға ұмтылыспен ауыса бастады. Қарпайым (табиғи) құқық мектебі (теориясы, доктринасы) деп аталған осы жаңа ағым Еуропа университетерінде XVII - XVIII ғасырда жеңіс тауып және беки түседі.

Роман - германдық құқықтық жүйенің дамуындағы үшінші кезеңі, алдын - ала табиғи құқық мектебінің дайындауымен Еуропа елдеріндегі заңнаманың күшеюімен және кодификациямен сәйкестендіріледі. Бұл кезең қабылданған хронология бойынша әлі күнде жалғасып келеді.

Екінші кезеңнің және үшінші кезеінің басына ортақ болған сол кездегі континентальді Еуропа жеңіп шыққан буржуазиялық көтерілістер феодалді құқық институттарды түбірімен өзгертіп немесе түгелімен жойды. Олар құқық туралы көзқарасқа елеулі өзгерістер енгізіп және заңды роман - германдық құқықтың бірінші қайнар көзінен негізгі қайнар көзіне айналды. Осыған дейін талас тудырған теория да практикада өтті. Оларға сәйкес мемлекет басшысы - суверен (хан, король, император) құқықты өзгерте немесе жаңарта алмады. Ол құқықшығармашылық фукцияларына ие болмады. Құқық мемлекеттік биліктен тыс өмір сүрді. Бірақ, осы теорияға сәйкес суверен сот төрелігін жүзеге асырумен байланысты істерге араласатын өкілеттіліктерге ие болды және өзі соттарды құруға және олардың қызметінің регламенттін немесе процудурасын бекіте алды. Заңды қабылдауға құқығы болмай тұрып, ол ордоионстор, эдиктер және т. б. әкімшілік актілер шығарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық жүйесі және заңнама жүйесінің арақатынасы
Конституциялық құқық - құқықтың жетекші саласы
Құқықтық жүйе
Халықаралық құқық нормалары Үкіметтің демократиялық ұйымын қолдау
Құқық және құқықтық жүйе
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
Құқық жүйесі түсінігі және мәні
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Саяси жүйе жайлы
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz