Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1. Заңдылық фактісінің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ...8
3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
4. Талап қою мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
5. Талап арызы мерзiмiнiң ағымының басталуы. Талап арызы мерзімінің ағымының тоқтатылуы, үзiлiсі, қалпына келтiрілуi ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ
Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында өтетіні хақ. Сондықтан осы категорияның маңызды екенін де ұмытуға болмас. Кез келген оқиға немесе факті белгілі кезеңде болатынын бәріміз түсінеміз. Ендеше осы категорияның азаматтық құқық айналымындағы сан алуан түрлерін саралап, оларға азда болса тоқтап біршама мағлұмат беру үшін мен курстық жұмысымды бірнеше бөлімдер мен кіріспе және қорытындыға жіктедім.
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені. Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматгық құқықтық категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы. Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектіні құқығын қорғау туралы талабын қабылдауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 179-бабы).

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік құқық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
Арнайы әдебиеттер:
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Заңдылық фактісінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері ... ... ... ... ...9
3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық құқықтарды қорғау
мерзімдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .16
4. Талап қою
мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .17
5. Талап арызы мерзiмiнiң ағымының басталуы. Талап арызы мерзімінің
ағымының тоқтатылуы, үзiлiсі, қалпына
келтiрілуi ... ... ... ... ... ... . ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ
Азаматтық кодекстің Жалпы бөлімінің 6 және 7 тараулары тиісінше
Мерзімдерді есептеу және Талап мерзімі деп аталады. Мұнда мерзімнің ұғымы
оның азаматтық айналымдағы орны мен түрлері тағы басқа ұығмдары нақтылана
көрсетілген. Уақыттың тылсымдығы оны тоқтатуды мүмкін еместігін біз есейе
келе ұғынамыз. Ал азаматтық құқық категорияларының санатына жататын мерзім
жөніндегі менің тақырыбыма арналған зерттеулер мүлде жоқ. Сірә, біздің
отанымыздың азаматтық құқық ғалымдары көбінесе шарттарға, мәмілелерге тағы
басқа қазіргі нарық заманында алдыңғы қатарда тұрған нормаларға көп көңіл
бөлген де шығар. Бірақ осылардың барлығы да белгілі бір мерзім аясында
өтетіні хақ. Сондықтан осы категорияның маңызды екенін де ұмытуға болмас.
Кез келген оқиға немесе факті белгілі кезеңде болатынын бәріміз түсінеміз.
Ендеше осы категорияның азаматтық құқық айналымындағы сан алуан түрлерін
саралап, оларға азда болса тоқтап біршама мағлұмат беру үшін мен курстық
жұмысымды бірнеше бөлімдер мен кіріспе және қорытындыға жіктедім.
Талап қою мерзімі дегеніміз субъективтік құқықтарына немесе заңды
мүдделеріне нұқсан келтірілген субъектілердің оларды қалпына келтіру туралы
талабының қанағаттандырылуы мүмкін болатын заңда көрсетілген уақыт кезені.
Анықтамадан көріп отырғанымыздай, талап қою мерзімі құқығы бұзылған
тұлғаның мүддесін қорғау үшін белгіленеді. Сондықтан да талап қою қағидасын
екі мағынада түсінгеніміз жөн болар. Талап мерзімі азаматгық құқықтық
категория ретінде, ал екінші ұғым іс жүргізу құқығының негізінде
анықталатын қағида, яғни құқығы бұзылған тұлғаның сотқа талап қою құқығы.
Заңның мағынасынан көрініп отырғандай, талап қою мерзімінің өтіп кетуіне
қарамастан, сот құқығы бұзылған субъектіні құқығын қорғау туралы талабын
қабылдауға міндетті (Азаматтық Кодекстің 179-бабы).
Талап қою мерзімі институты азаматтық құқық қатынастарының
қатысушыларына өз міндеттерін дер кезінде орындауға ықпал жасайды.
Өкілетті тұлға өз міндеттемесін дұрыс атқармайтын борышқорды бақылау
үшін өз мүмкіндігін күшейтуге ықпал жасайды.
Талап қою мерзімдері және оларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және
олардьг тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.
Тараптар өздерінің келісімдері бойынша талап қою мерзімін қыскартуға
немесе ұзартуға мүмкіншіліктері жоқ, өйткені талап қою мерзімінің ережелері
занда көрсетілген яғни бұл нормалар императивтік мағынада анықталған.
Талап мерзімінің ағымы. Талап қоюдын жалпы мерзімі азаматтық құқықтық
қатынастардың субъектілік құрамына қарамастан үш жыл көлемінде белгіленген.
Сонымен қатар, міндеттеменің жекелеген түрлері үшін заң құжаттарында талап
қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ
арнаулы мерзімдері де белгіленуі мүмкін. Мәселен, АК-тің 216-шы бабында
көрсетілгендей, үлесті сатып алулын басым құқығы бұзылған жағдайда, талап
қою мерзімі үш ай шенберіңде анықталған.
Талап қою мерзімінің уақыты және оны реттеу тәртібі заңмен
белгіленеді. Талап қою мерзімін реттейтін нормалар міндетті сипатқа ие
болғандықтан, бұлар тараптардын өзара келісімімен өзгертілмейді.
Талап қою мерзімін дұрыс пайдалану үшін оның бастапқы кезенің
анықтауымыз қажет. Азаматтық Кодекстін 180-ші бабында толық қамтылғандай,
талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге
тиіс болған күннен басталады. Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер
бойьшша талап қою мерзімі олардын орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін
басталады. Орындалу мерзімі белгіленбеген не талап ету кезімен белгіленген
міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы міндеттемені орындау үшін
женілдік мерзімі берілсе, онда талап мерзімін есептеу аталған мерзім
аяқталғаннан кейін басталады.
Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі заңда нақты көрсетілгендей талап
қою мерзімі мен онын есептеу тәртібін өзгертуге жол бермейді.
Заңда анықталған ережелер бойынша талап қою мерзімінің ағымы
тоқтаталуы, үзілуі және қалпына келтірілуі де мүмкін.
Талап қою мерзімінің тоқтатылуы — талап қоюға кедергі келтіретін
жағдайлардың салдарынан есепке алынбайтын уақыт. Мерзімді тоқтата тұруға
әкеліп соқтырған мән-жайлар жойылған күннен бастап, талап қою мерзімінің
ағымы одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға
дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап мерзіміне дейін
ұзартылады.
Талап қою мерзімі заңмен белгіленген мына темендегі жағдайлар бойынша
тоқтатылады:
1) егер де талап қоюға осы жағдайдағы төтенше және тойтаруға болмайтын
оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаған болса, мысалы, жер сілкіну, топан
су, сел ағыны немесе басқадай табиғи апаттар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленуімен міндеттемені
орындау кейінге қалдырылса (мораторий);
3) егер де талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери
бөлімшелер құрамында болса;
4) егер де әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
5) егер де тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуы тоқтатылса.
Азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын
толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзімінің ағымы азаматтың
зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиісті органға жолдануына
байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды
тағайындаудан бас тартылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Жоғарыда керсетілген
негіздерден басқа мән-жайлар талап қою мерзімінің тоқтатылуына әкеліп
соқтырмайды, яғни Азаматтық Кодекстің 182-ші бабына кеңейтілген мағынада
түсініктеме беруге болмайды.
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті тоқтату мерзімінен айыра білу
керек.
Талап қою мерзімнің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ
міндеткер адамның борышты немесе өзге міңдеттерді мойындағандығын
дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі. Үзілістен кейін талап қою
мерзімінің өтуі қайтадан басталады, үзіліске дейін өткен уақыт жаңа
мерзімге есептелмейді. Басқа сөзбен айтқанда, жаңа мерзім пайда болады.
Талап қою мерзімін қалпына келтіру тек ерекше жағдайларда, яғни
талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (мәселен: ауыр науқас,
дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т. б.) бойынша ғана жүзеге асырылуы
мүмкін. Жоғарыда көрсетілген дәлелді себептер болған жағдайда соттың ғана
талап қою мерзімін қалпына келтіру мүмкіншілігі бар. Көрсетілген негіздер
осы қатармен ғана аяқталып қоймайды, оның шеңберін кен түсінгеніміз жөн
болар.
Талап қою мерзімі азамаптық құқық объектілерінін барлығына бірдей
қолданыла бермейді. Азаматтық зандарымызда аталып көрсетілгендей (Азаматтық
Кодекстің 187-ші бабы) талап қою мерзімі кейбір талаптарға мүлдем
қолданылмайды.. Мысалы: заңда көзделгеннен басқа реттерді есепке алмағанда,
мүліктік емес жеке құқықтарға, салымшылыардың банкіге салған салымдарды
беру туралы талаптарға және т. б.
Мұндай талаптар мерзім уақытына қарамастан, әруақытта да қорғалуға
жатады. Ол сондай-ақ азаматтын өміріне немесе денсаулығына келтірілген
заңды өндіріп алу талаптарына да қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі
өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар алғашқы талап қойылған кезден үш
жылдан аспайтын уақыт ішінде қанағаттандырылуы қажет.
1. Заңдылық фактісінің түсінігі.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын
тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі
бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның
қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық
қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер
болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы,
мәміленің бүлінуі т.т. заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын
тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртіптейтін баптардың
болуы сол жеке тұлғалардың арасында немесе сондай-ақ заңды тұлғалардың
арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір
азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу туралы АК-тің баптарында
көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе
сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату-сатып алу мәмілесіне кірісуі керек.
Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде
туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және
ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды (АК-
тің 7-бабының 8-тармағы). Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі
фактілері осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық оқиғалар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.
Абсолюттік оқиғаларға адам еркінен тыс туындайтын оқиғалар. Олардың
қатарына мыналар жатады: су тасқыны, жер сілкінісі, уақыттың жылжып өтіп
жатуы. Ал салыстырмалы оқиғаларға тұлғаның әрекеті нәтижесінде туындайтын,
бірақ онан соң оның қатысуынсыз дамитын құбылыстар жатады. Сондықтан
оқиғалар әрекеттерден айырмашылығы олар осы құбылыстардың даму сипатына
қарай белгілі болдады. Белгілі заңдық себептердің басталуына орай оқиғалар
заңдық мағынаға ие болады.
Азаматтық құқық қатынастарының тууы, өзгертілуі және тоқтатылуы
олардың мерзімінің басталуына немесе тоқтатылуына байланысты. Мерзім
дегеніміз субъектілердің еркінен және әрекеттерінен тыс және олар өз іс-
қимылдарының уақытын тоқтатуы мүмкін емес категория. Бұған қосымша мерзім
оқиға немесе әрекет секілді ерекше заңдылық факті болып табылмайды. Оны
салыстырмалы оқиға деп санауға болады, өйткені мерзім туралы сөз қозғай
отырып адамдардың іс-қимылдарын жоққа шығаруға болмайды да.
Мерзімдер өзінің тууына байланысты ерікті болып табылады, себебі
азаматтық заңдар нормаларымен белгіленеді. Енді мерзімнің ұғымына және
олардың түрлеріне көшейік.
2. Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
Азаматтық құқықты жүзеге асыру немесе қорғау уақыт факторымен тығыз
байланысты. Кейбір сәттерде азаматтық заң азаматтық құқық қатынастарының
туындауын, өзгертілуін және тоқталылуын әрекетпен байланыстырады. Азаматтық
құқықта мерзім ұғымы заңдық салдармен байланысты сәт немесе шектеулі кезең
деп түсіндіріледі (АК-тің 172-бабы). Демек, заң табиғаты тұрғысынан алып
қарағанда, мерзім дегеніміз заңдық факт болып табылады.
Әдебиетте мерзімді оқиға деп аталатын, яғни адамдардың еркінен тыс
болатын құбылыстарды заңдық фактілер категориясына жатқызады.
Мерзім ұғымының екі мағынасы бар: белгілі мерзім немесе уақыттың
белгілі бір сәті. Мерзім мәселесі тек қана шаруашылық қызметте ғана емес
сонымен қатар мемлекеттің экономикасында да үлкен роль атқарады. Кез келген
әрекеттерді немесе өндірісті бағалау үшін мерзімнің сақталуы арқылы
бағалайды.
Мерзімдер азаматтық айналымды реттейді, шарттардың орындалуына ықпал
етеді.
2. Мерзімді есептеу тәртібі. Азаматтық заңда мерзімді есептеуге
байланысты арнайы белгіленген тәртіп бар (АК-тің 6-тарауы). Азаматтық
кодекстің 172-бабына сәйкес мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға
тиісті оқиғамен байланыстырылады. Осы бапта мерзімді тағайындау жолдары
көрсетілген, атап айтсақ бұл сол сәтті көрсететін уақыт (күнтізбелік күн),
белгілі уақыт кезеңі (жылдар, айлар, күндер және сағаттар) және сөзсіз
болуға тиісті оқиға дер едік. Құқықтарды жүзеге асыру мен міндеттемелерді
орындаудың мұндай мерзімдері белгіленген күннен басталады (мысалы,
навигацияның басталуы мен аяқталуы және т. б.).
Баптың толық мәтіні төмендегідей:
172-бап. Мерзімді белгілеу
1. Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім
күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп
белгіленеді.
2. Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе
сағаттармен есептелетін уақыт кезеңі ретінде де белгіленуі мүмкін.
Егер мерзім кезеңмен белгіленсе, құқықты жүзеге асыру мен міңдеттемені
орындау мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыттың кез келген сәтінде орындала
беруі мүмкін. Мысалы, мұрагер мұра ашылған сәттен бастап алты ай ішінде
мұраны қабылдау немесе одан бас тартуға шешім алуға құқылы.
Сөзсіз болуға тиісті оқиғаның салдары мерзімді белгілеуді талап етеді,
мәселен, бұған азаматтың қайтыс болуын айтуға болады. Азамат қайтыс болған
күннен бастап мұрагерлердің құқығы пайда болады және сол сәттен бастап
мұраны иелену немесе одан бас тарту құқығына ие және т.б.
Күнтізбелік күнмен көрсетілген мерзімді қолдану соншалықты қиындық
туғызбайды, өйткені, белгіленген уақыт мерзімнің басталғанын білдіреді. Дей
тұрғанмен, мерзім белгілі бір кезеңді қамтитын болған жағдайда оны есептеу
тәртібі заңға сәйкес белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 173-бабына орай уақыт кезеңімен белгіленетін
мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен бастап немесе мерзімнің басталуы
белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Бұл мерзімнің
өтуі затты тапсырған күннен емес, ертеңінен бастап есептеледі.
Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталу сәтін ғана емес, аяқталу
мерзімін де нақты айқындап алудың маңызы зор. Мерзімді есептеу мерзімді
бастаған күннің келесі күні басталса, аяқталу сәті мерзім басталған айдың
немесе аптаның соңғы күндерімен есептеледі.
Азаматтық кодекстің 174-бабында уақыт кезеңмен белгіленетін мерзімнің
аяқталуы былайша тұжырымдалған:
1) жылдармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы жылының тиісті айы
мен күнінде бітеді. Жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін
мерзімнің ережелері қолданылады;
2) жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін
мерзімнің ережелері қолданынады. Бұл орайда бір тоқсан үш айға тең деп
есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;
3) айлармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде
бітеді.
Жарты аймен белгіленетін мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде
қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі. Егер айлармен есептелетін
мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың
соңғы күнінде бітеді;
4) апталармен есептелетін мерзім — мерзімнің соңғы аптасының тиісті
күнінде бітеді.
Кейде айдың аяқталуы әртүрлі келеді, мәселен, бір жылы ақпан айы 29-
ында бітуі мүмкін, кейінгі жылы ондай болмауы мүмкін, немесе мерзім
басталғанда айдың 31-і болуы мүмкін, ал ол біткенде 30-ы болуы мүмкін,
ондайда тиісті айдың соңғы күні біткенде мерзім аяқталған деп есептеледі.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, содан
кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып саналады.
Мерзімнің бітуімен белгілі бір дәрежеде заңдық салдарға байланысты,
заң әрекетті мерзімнің соңғы күнінен аяқталу керектігін міндеттейді.
Азаматтық кодекстің 176-бабының талаптарына сәйкес, егер мерзім
қандай да бір әрекет жасауға белгіленген болса, ол әрекет мерзімнің соңғы
күніндегі сағат жиырма төртке дейін орындалуы мүмкін (қарызды беру,
мұрагердің мұраға ие болуы). Мекемелер мен ұйымдардағы аяқталуға тиісті
әрекеттерді бұл ережеге бағындыра қою қиын, өйткені, мұндай ұйымдар мен
мекемелерде жұмыстың тоқтатылуы олардың жұмысты ресми тоқтатуымен
есептеледі немесе кейбір мекемелер жұмыс күні бітпесе де операцияларын
белгілі бір уақытта тоқтатып тастайды, айталық, нотариалдық кеңсе депозитке
ақша салуды қабылдауды күндізгі сағат 12-де аяқтайды.
Мерзімнің соңғы күніндегі сағат жиырма төртке дейінгі поштаға,
телеграфқа немесе өзге де байланыс мекемесіне тапсырылған жазбаша мәмілелер
мен хабарлама мерзімінде жасалған болып саналады. Мұндай әрекеттерді
жасауда соңғы күннің мерзімі жергілікті уақытпен есептеледі (АК-тің 176-
бабы).
3. Мерзімнің түрлері. Азаматтық құқықтық мерзімдерді әртүрлі негіздер
бойынша топтастыруға болады. Тағайындауына байланысты үш түрлі болады (17,
28, 178 баптар):
а) нормативтік;
ә) Шарттық (жақтардың келісімімен айқындалады, мысалы, 277-бап);
б) соттық (сот шешімімен қаралады).
Мерзімдер өзінің құқықтық табиғатына орай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі;
2) субьективті құқықты жүзеге асыру мерзімі;
3) үзіп тастау мерзімі;
4) кепілдік мерзімдер;
5) кінәрат қоятын мерзімдер;
6) азаматтық-құқықтық міндеттерді орындайтын мерзімдер;
7) азаматтық құқықтарды қорғайтын мерзімдер.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі дегеніміз уәкілетті тұлғаның
өзіне тиесілі міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруға кететін уақыты.
Субъективті құқықты жүзеге асыру мерзімі заңмен тағайындалады. Мысалы,
иелену мерзімі үшін белгілі бір мерзім тағайындалады (АК-тің 240-бабы).
Үзіп тастау мерзімі жоғарыда аталған мерзімдерден ерекшеленеді,
өйткені, ол белгілі бір құқықтарды тоқтатып тастайды. Мысалы, Азаматтық
кодекстің 216-бабында үлесті меншіктің қатысушылары, егер олар осы бапта
көрсетілген мерзім ішінде құқықтарын жүзеге асырмаса, сатып алудың басым
құқығынан айырылады.
Кепілдік мерзім дегеніміз — сатып алушының ұзақ уақыт бойы сақтауға
немесе пайдалануға арналған өнімдердің кемшілігін анықтап алуына берілетін
мерзім болып табылады. Ондай өнімді қабылдап алған кезде кемшілігін байқау
мүмкін болмай, кейін барып одан ақау шықса, онда сатып алушы сол ақауды
түзетуге, оны сапалы басқа тауармен ауыстыруға не затты қайтадан қабылдап,
ол үшін төленген соманы қайтарып алуға талап қоя алады, Кепілдік мерзімі
мемлекеттік стандартпен, бекітілген техникалық шарттармен немесе шартпен
белгіленеді.
Кінәрат мерзімі субьективті құқығын бұзған тұлға үшін заңмен
белгіленеді, осы бұзушылыққа байланысты талаптар ерікті түрде орындалады.
Заң кінәрат қойылған өтініштерді беру мерзімімен қатар берілген кінәратқа
жауап беру мерзімін де көрсетеді.
Міндеттемелерді орындау мерзімдері шартта екі жақтың келісімімен
тағайындалады. Бұл талапты орындау шартта қаралған тұлғалардың мүддесіне
орай міндетті саналады.
Азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері — Азаматтық кодекстің 7-
тарауында қаралған талап қою мерзімі болып табылады.
Азаматтық құқықтың іске асу мерзімі дегенде түсінетініміз ол –
міндетті тұлғадан өз құқығын іске асыру бойынша нақты бір әрекет жасауды
талап ететін немесе құқыққа ие субъекттің өзіне тиесілі құқықты іске асыра
алатын мерзімі. Олар заңмен немесе басқа да нормативті актілермен
бекітіледі, бірақ сонымен қатар келісіммен де қарастырыла алады. Азаматтық
құқықты іске асыру мерзімдері сонымен қатар былай да бөлінуі мүмкін:
- азаматтық құқықтың қызмет ету мерзімі;
- тоқтатушы мерзімдер;
- наразылық мерзімдері;
- кепілдеме мерзімдері;
- тауардың қызметке жарамдылық мерзімі, қызмет ету мерзімі, сатылу мерзімі
және сақталу мерзімі, тағы да басқалары.
Азаматтық құқықтың қызмет ету мерзімі бұл – құқықтың уақыт бойынша қызмет
мерзімі. Олардың маңызы тұлғаға өзінің құқығын іске асыру үшін уақытты
қамтамасыз етуде болады.
Тоқтатушы мерзiмдер – азаматтық құқықты жүзеге асырудың мерзiмдерiнiң
ерекше категориясы. Уәкiл тұлғада өзінің құқығын iске асыру үшiн белгiлi
бiр уақыт бар, оның iске асырылмауы немесе лайықсыз жүзеге асырылуы
салдарынан тоқтатылуы мүмкін болады. Мысал – қарыздар адамның мұрагерлерiне
талаптарын қою үшін несие берушіге берiлетiн 6 айлық мерзiм.
Наразылық мерзiмi – мiндеттi тұлғаға құқықты болған субъекттiң наразылық
білдіруін көрсету үшiн берілетін мерзiм. Осы ереже заң шығарушымен соттық
iстердiң санын қысқарту және iс жүргiзу шығындарын кiшiрейту және қалпына
келтiру және азаматтық құқығын қалпына келтіруді жылдамдату үшiн жасалған.
Заң құқық бұзушыны жазбаша түрде наразылықтың қарастырылуының нәтижесі
туралы арыз берушіге хабар беруге міндеттейді.
Кепілдеме мерзім дегенде түсінетініміз – уақыт бөлшегі, ол кезде
құқықты болған субъект бұзушылықтар табылған жағдайда қарыздар тұлғаға бұл
туралы ескертуi қажет, ал ол өз кезегiнде бұзушылықты жоюға тиісті.
Егер сатып алу-сату келісімшартында басқа түрі қарастырылмаса,
кепілдеме мерзім тауарды сатып алушыға беру кезеңінен басталады (АК 471
бабы). Тауардың пайдаға асу мерзiмi дегеніміз бұл – тауардың сол мерзімі
өткен соң, қолдануға жарамсыз болып есептелетiн мерзiмi. Мерзiмi өткен,
пайдаға асу мерзiмi өтіп кеткен тауарды сатуға болмайды. Сатушы сатып
алушыға тауарды қолдану мерзімі өтпеген күйінде беруге міндетті.
Егер осы тауардың қолдану мерзiмінiң өтуi бойынша ол тауар адамның
өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп-қатерлі болса, жасап шығарушы ұзақ
қолданатын тауарларға орнатуға мiндеттi болатын пайдаға асу мерзiмiмен
тауардың қызмет ету мерзiмi пайдаға асу мерзімімен ұқсас болуы қажет.
Тауардың қызмет ету мерзiмi оның тұтынушысына сатылу күнiнен саналады, ал
егер бұл мүмкiн емес болса, онда жасалу күнінен бастап саналады. Жасап
шығарушы тауар иесіне бұйымның қызмет мерзiмi ағымында қолдануының
мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мiндеттердi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz