Ішімдік ішу және денсаулық


Жоспары
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім:
а) Алкоголизмнің даму үрдісі
б) Алкогольдің денсаулыққа зияны
в) Маскүнемдік
г) Алғашқы бестік
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі заманға сай, халықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан қойылатын талаптар ішінен ерекше орын алатыны тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерден арылу, соның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдалануды азайту, темекі шегуді шектеу, наркотиктермен әуестенетін жастардың санын қысқырту мәселелері болып табылады.
Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстой «Егер адам арақ-шарап ішіп, темекі тартып, апиынға әуестеніп өзін ылғи уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде арман ететіндей бақытты өзгеріс болар еді» деп айтқан екен.
Тарихи деректерге қарағанда жүзім шырынынан алькоголь алу сонау
V-VI ғасырларда болғаны байқалады. Бұл үрдісті жүзеге асырған көне заманның химиктері арабтар еді. Алкоголь - ес ауыстыратын зат деген мағына береді. Кейде алкоголь- рахаттану орталығы деген мағына береді. Алкоголь ағзаға қуат беретіні сөзсіз. Нерв жүйелерін қоздыратын жасанды зат. Алкоголь миға бірнеше әсер береді: мида арнаулы түрдегі тұйық шеңбер құрылып, қолайсыз сезімдер пайда болады. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.
Сырада орта есеппен алғанда- 3-6%, кейбір сыраларда бұдан да көп мол жерде алкоголь-спирт болуы мүмкін-10-17%, шарапта-10-14%, виски, арақ, джин, бренди, ром, коньякта 40-50% болады.
Қандағы алкоголдың мәні 0, 001-0, 002% үлкен әрекетін сездірмейді. Ал бұл мөлшерден алкоголь асса көз көрмей қалады. Адам артық сөз сөйлеуі мүмкін. Мақтанып жүріп неше түрлі айтпайтын сырларды айтып қоюы мүмкін. Алкоголизм себептерінің ішіндегі әсіресе айтарлықтай тұрмысының сұрықсыздығы, экономикалық жайсыздық, әлеуметтік тұрақсыздық, психологиялық, биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы, кәсіби сәтсіздік, медициналық-физиологиялық қолайсыздықтар.
Негізгі бөлім
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша «денсаулық туралы түсінік ағзада әйтеуір бір аурудың немесе дененің кемістігін білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге бүкіл организм дамуының үйлесімділігін де білдіреді».
Денсаулық түсінігінің өзге де анықтамалары бар:
Америкалық дәрігер Г. Сигеристің «денсаулық мықты деп үйлесімді дамуымен және қоршаған ортаның физикалық, әлеуметтік ортасына жақсы бейімделген адам деп есептеледі»
Алкоголизмнің дамуының үрдісін
Х. Қ. Сәтбаева және т. б. үш кезеңге бөледі:
1) Невростеникалық. Ағзалар мен нерв жүйелері қызметіне орасан зор басылмайтын физиологиялық өзгерістер пайда болады да, олар дами түседі. Ұйқы нашарлап кетеді. Ой жұмысына деген қабілет мүлдем жойылып кетеді. Бас ауырады, ашуланшақ мендеп алады. Не болса, соған ашулана береді.
2) Наркоманиялық алкогольдік психоз басталып, ол дами түседі. Спиртке тәуелділік пайда болады. Адам ішпесе тұра алмайтын жағдайға келеді. Тұрақты маскүнемдік кезге көріне бастайды.
3) Қорытынды немесе энцефалопатиялық. Ешқандай үзілісті білмейтін, салынып ішетін адамдар әбден маскүнемдік фазасын көшеді. Бүкіл ағза әлсірейді. Адам куш-қуатынан мүлдем айырылып қалады. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады.
Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Адамның миы жұмыс істемей қалады. Спирттің у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп.
Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Барлық бақытсыздықты алкоголь тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды.
Алкоголь ағзалардағы болатын витаминдердің (В, РР, С, А, Ғ) бәрін жойып жібереді. Сондықтан да зат алмасу үрдісі адамның кенет төмендеп кетеді. Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады. Жанұяның берекесі кетеді. Олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді. Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады. Алкогольдің ауыр жүгі адамзат баласы биологиялық деградацияға ұшырайды. Біртіндеп жер бетінен жоқ болады. Мұның бәрі ғылыми дәлелденген, мұны «популяциялық деградация» деп атайды. Оның белгілі коэффициенті болады. Ф. Т. Угловтың жазуына қарағанда, 3% ақыл-ойы жетіспеген балалар дүниеге келеді екен. Сонда адамзат баласының ұрпағы келешекте не болмақ. Әрбір ішімдік денсаулыққа залалын тигізеді.
Ішімдіктің зияны арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның отбасында бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді. Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді.
Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады. Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек.
Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Талай адамның түбіне жеткен де ішімдік. Соған қарамастан қазірде арақ ішуді дәстүр ретінде көретіндер баршылық. Салауаттылық - денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Сондықтан да халқымыз партияның алкоголизмге, маскүнемдікке, есірткі ішуге қарсы саясатын қолдайды. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді.
Адам баласының алға басу жолындағы кедергі - арақ-шараптың сиқырлы сыр-сипатын тек біздің еліміз ғана ашып көрсетіп, оның әлеуметтік зиянын айқындады. Партия арақ-шараптың болашақ ұрпаққа тигізетін қырсығын, ащы шындықты айтып халықты сақтандырып отыр. Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен боламыз. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанда, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі бар.
Нашақұмарлықтың, темекі құмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер өмірге өксіп - жылай келеді. Ал оны болдырмаудың бірден - бір жолы - осы айтылған жағымсыз жайларға, бос уақыттарын міндетті түрде сырахана, ресторан маңында күнін өткізетін маскүнемдердің жұбын жазбай жүру «дәстүріне» жол бермеу.
Маскүнемдік (алкоголизм) - спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар отбасы мен бала-шағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі дедәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң, кінәмшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады) . Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің
алғашқы сатысы
шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың
екінші сатысы
-
бас жазу.
Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейленіп, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір сапты аяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады - еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10-15 жылға созылып, үшінші сатысына ауысады да, мидың жүйке клеткалары тұтастай зақымданады - алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда - созылмалы алкоголизмге дейін әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бас тарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады. Осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты - маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады.
Емдеудің негізгі 3 үш кезеңі бар:
- Алкогольденген улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру;
- Ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру;
- Аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану.
Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары - республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар. Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен, күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер) түрлері қолданылады. Ауылдық жерлерде маскүнемдерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған.
Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді. Кеңес Одағы мен Одақтас Республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік қоғамдық ортаға қауіпті ауруға жатқызылған және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген.
ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіподақ, комсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша (дәрігердің қорытындысы болған жағдайда) емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.
Заңда қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде спиртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақтағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген.
Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жазасын ауырлата түседі. Мастықтың әсерінен ауруға шалдыққан адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді.
Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдық жағдайын ауырлатқан адамдарға, сот арқылы жанұясына жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.
«Арақ - адамның есін жояды, ұятын қашырады, арамдыққа және қылмысқа итермелейді». Бұл сөзді сонау өз заманында ұлы жазушы Л. Толстой айтыпты. Тағы бірде Толстой : «Шарап адамның тән саулығын құртады, санасын улайды, отбасы шырқын бұзып, дәулетін қашырады, ең сорақысы - адамның жаны мен оның ұрпағын тұншықтырады». Сол заманда ғана емес, бүгінгі қоғамдағы ең күрделі дерттің бірі - маскүнемдік. Күрделі болғаны соншалықты бұл мәселемен, маскүнемдік салдарымен күнделікті бетпе-бет кездесіп те отырғанымыз шындық.
Қоғамның өзегіне түскен осы дертпен күрес әр елде әрқалай жүргізіледі. Мәселен, осы бағытта ізденген ғалымдар маскүнемдікке қарсы вакцина ойлап тауыпты. «Daily Mail» агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, вакцина 6 айдан 12 айға дейін әсер етеді екен. Әлгі егілген адамның ішімдікке аңсары аумайды . Егер татып алатын болса, қатты қиналып, азап шегеді. Себебі - вакцина ішімдікті қорытатын бауыр ферменттерінің қызметін тоқтатып тастайды.
Вакцинаның әсерін жоятын дәрі-дәрмек жоқ болғандықтан вакцина егілген адам арақ атаулыны аузына алмауы керек.
Сондай-ақ, ғалымдар Азия тұрғындарының ағзасында ішімдіктің уытын қорытатын геннің жоқтығына көз жеткізген. Қытайдың, Кореяның және Жапонияның әрбір бесінші тұрғыны ішімдік іше алмайтын көрінеді. Ал Қазақстандағы жағдайға келсек, маскүнемдік дерті шынымен алаңдатарлық деңгейде.
Ішімдікке акцизді арттырып, экономикалық шараларды үдетпей, маскүнемдікпен күрес тиімді жүрмейді -дейді Е. Дошаев.
Өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерген Дошаев дәл осы қоғам дертінің өршуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, сауал жолдаған еді. Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл жер шарында спирт ішімдіктерін тұтыну деңгейін айқындау үшін 188 елде арнайы мониторинг жүргізеді. Соның нәтижесіне сүйенсек, 2011 жылғы рейтингте Қазақстан 34 орында тұр. Бұл - еліміздің әрбір азаматы жылына 11 литрге жуық таза этил спиртін немесе жарты литрлік арақтың 50 бөтелкесін тұтынады деген сөз. «Нәтижеге үңілсек, Қазақстан бүгінгі күні Орталық Азияда нағыз ішімдікке құмар ел болып табылады. Мысал үшін айтатын болсақ, жоғарыда аталған рейтингте Қырғызстан - 106-шы, Түркіменстан - 114-ші, Өзбекстан - 131-ші, ал Тәжікстан 134-ші орында тұр. Тіпті, көршілес Қытайдың өзі бір жарым миллиард халқы барына қарамастан, 95-ші орында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың жан басына шаққанда алкоголь тұтынуының шекті деңгейін де есептеген. Ол жылына 8 литрден аспауға тиіс. Одан артық тұтыну ұлттың азып-тозуына, тіпті құрып кетуіне әкеп соғады. Осы әлеуметтік кесірлі құбылыстың ауыр салдарын біздің еліміздің мысалынан көруге болады», - дейді депутат Е. Дошаев.
Тағы бір деректерде соңғы бес жылда ішімдікті сылқия сілтеп, мас күйінде жасалған қылмыстар саны екі еседен астам өсіп, 13 мыңнан астам фактіні құраған. Осы уақыт ішінде маскүнем қылмыскерлердің қолынан 3172 қазақстандық қаза тауыпты.
Бұдан бөлек, ішімдікке еліккен күйдегі жүргізушілердің жүгенсіздігі де жағаны ұстатады. Соңғы бес жылда ішімдік ішіп көлік басқаруға отырған 330 мың жүргізуші ұсталыпты. Олар 1814 жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан 494 адам қаза тапқан, 2, 5 мың адам әртүрлі жарақат алған. Маскүнемдік көптеген төтенше жағдайдың, оның ішінде оқыс жағдайда өрттің шығуына да себеп болып отырады. Соңғы бес жылда 1275 азамат мас күйде осындай өртке оранып, қаза тапқан. Ішімдікке әуестіктің күрт өсуі, әрине, елдегі демографиялық жағдайға және жалпы экономиканың дамуы мен әлеуметтік өмірге де өз кесірін тигізеді. Сондай-ақ, маскүнемдік себебінен жаппай жұмыс орнын тастап кету, өндірістің тоқтап қалуы және басқа да келеңсіз факторлар салдарынан келтірілген орасан зор залалды есептеп шығу мүмкін емес. Бұл ретте депутат Ерген Дошаев, тұрмыстағы маскүнемдік салдарынан тағдыр тәлкегіне түскен ондаған мың отбасыға келтірілген залалды есептеудің күрделі екенін айтып, тастанды жетім балалардың трагедиясын және маскүнемдіктен ауру болып туылған сәбилердің тартып отырған зардабын қалайша бағалауға болмайтынына назар аударады.
Сосын депутат және бір жан түршігерлік статистиканы алға тартады. Мәселен, сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл сайын дүние жүзінде алкоголь ішімдігін шамадан тыс тұтыну салдарынан 2, 5 миллион адам көз жұмады. Әлемдегі маскүнемдердің 11 пайызы апта сайын ұзақ мерзімдік ішкілікке салынады. Бұл ретте олардың 30 пайыздан астамын әйелдер құрайды. Ал дәл осы мәселе бойынша Қазақстандағы жағдайдың да мәз еместігі белгілі. Атап айтсақ, соңғы бес жылда спиртті ішімдікті тұтынудан немесе соның кесірінен 12 мыңға жуық қазақстандық қайтыс болған. 210 мыңға жуық адам наркологиялық диспансерде есепке алыныпты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz