Паскаль тілінің алфавиті


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
Паскаль тілінің негізі
1. 1. Паскаль тілінің алфавиті. Деректер типтері
1. 2. Стандарт функциялар. Өрнектер
1. 3. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы
Паскаль тілінің операторлары
- Меншіктеу, мәліметтерді енгізу, шығару операторлары. Сызықтық программа
- Шартты оператор
2. 3. Таңдау операторы
2. 4. Қайталау операторы (цикл)
2. 5. Goto операторы
2. 6. Символдық (жолдық) айнымалылар. Оларға қолданылатын операторлар
2. 7. Процедура және функция
Құрылымдық типтер.
- Массив
3. 2. Жиын. Жиынға қолданылатын операциялар
3. 3. Жазулар. With операторы
3. 4. Файл
Кіріспе:
Өзекілігі: Қазіргі кезде көптеген программалар қолданылады. Солардың ішінде Паскаль программалау тілдері.
Мәселе: Ақпарат қоғамға байланысты программалау тілдерін оқу
процесіне енгізу және мәселесі туындайды.
Мақсаты:
Программалау тілдерін оқу процесінде пайдалану.
Міндеттері:
- Паскаль. Программалау тілін теориалық тұрғыдан зерттеу.
- Паскаль. Программалау тілінде программа құру үлгілерін көрсету.
Зерттеу объектісі: Паскаль. Программалау тілі.
Зерттеу пәні: Информатика.
Болжам: Паскаль. Программалау тілінде программа құра білу
адамдардың жоғарғы дәрежелерде ақпарат құзіреттілігін
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Ғылымға пайдасы:
Паскаль. Программалау тілі есептерді тез шығаруға көмектеседі.
Және де бұл программаларды боллашақта мамандарға пайдалануға ұсынылады.
Құрылымы: Кіріспе, 4- бөлім, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Программалау тілдері
Компьютерге түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған алгоритм - программа деп, ал программа құру процесі программалау деп аталады.
Программалау тілі - ЭЕМ-де шешілетін әртүрлі есептердің программасын компьютерге түсінікті формада жазу тәсілі болып табылады.
Программалау тілдері жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер болып бөлінеді. Қолданбалы мазмұнды есептерді шешуге бағытталған, командалардың мол жиынтығынан тұратын табиғи тілге ұқсас прогрммалау тілі - жоғарғы деңгейлі программалау тілі деп аталады. Қазіргі кезде олардың бірнеше түрі бар. Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі - Паскаль тілі. Оның алғашқы вариантын 1971 ж. Швейцария ғалымы Никлаус Вирт жарыққа шығарған болатын. Автор атақты француз математигі Блез Паскальдың (1623-1662 ж) құрметіне жаңа программалау тіліне оның атын берді. Паскаль тілі оқып үйренуге жеңіл, алгоритм құрылымы сақталған, қолданушыға ыңғайлы тіл болып қана қойған жоқ, сонымен қатар көптеген күрделі есептерді шешу үшін қолданылатын қуатты программалау тілі болып табылады.
Паскаль тілінің бірнеше баламалары бар. Қазіргі кезде кең қолданылатыны - Турбо Паскаль7. 0 баламасы. Кез-келген Паскаль программа жеке атынан және pas кеңейтілуінен тұратын текстік файл болып табылады. Паскаль тілінде құрылған программаны мәшинелік тілге аудару үшін компилятор қолданылады. Турбо Паскаль жүйесі ТР бумасында жазылады. Программаны жүктеу файлы: turbo. exe, ол әдетте BIN ішкі бумасында орналасады (мысал: C:\TP\BIN\ turbo. exe)
Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер, өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған объектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды.
Көптеген программалау тілдерінде, сонымен қатар Паскальда программада
қолданылатын шамалар жөніндегі барлық ақпарат программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі қажет. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Таңбалар бөлімі
- Тұрақтылар бөлімі
- Типтер бөлімі
- Айнгымалылар бөлімі
- Процедура мен функциялар бөлімі
Паскаль тілінің негізі.
1. 1. Паскаль тілінің алфавиті. Деректер типтері.
Барлық программалау тілдерінің өз алфавиті болады. Алфавит - программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар, белгілер) .
Паскаль тілінің алфавиті:
- Латын алфавитінің бас (A-Z) және кіші (a-z) әріптері және _ астын сызу белгісі.
- Араб цифрлары: 0 - 9
- Арнайы символдар: а) арифметикалық операция белгілері: +, -, *, /
б) қатынас операцияларының белгілері: =, <> (тең емес), >, >=, <, <=
в) тыныс белгілері: ; : . , . .
г) қосарлы символдар: {}, [], (), (* *), (. . )
д) меншіктеу белгісі: : =
е) символдар: @, $, #, ^
- Қызметші сөздер: and, begin, if, then, else, end …
Паскальдағы деректер типтері.
Паскальдағы кез-келген деректер, яғни айнымалылар, тұрақтылар, функция мәндері және өрнектер, өздерінің типтері арқылы сипатталады. Тип аталған объектінің қабылдайтын мәндерінің жиынын және деректердің компьютер жадысында ішкі өрнектелу форматын анықтайды. Паскаль тілінде деректердің төмендегідей типтері бар:
- Стандарт жәй тип: бүтін (integer)
нақты (real)
логикалық (boolean)
процедуралық
символдық (char, string)
- Стандарт емес жәй тип: санақты және шектеулі типтер
- Құрылымдық тип: массив
жазу
жиын
файл
Бүтін және нақты сандардың integer және real -дан басқа бірнеше типтері қолданылады. Олар төмендегі кестеде көрсетілген.
Char - мәні символ болатын айнымалы типі, жадыдан 1 байт орын алады.
String - символдар жолы, жадыдан max+1 орын алады. Мұндағы max - жолдағы символдардың ең көп саны.
Boolean - логикалық тип, false (ақиқат) немесе true (жалған) екі мәннің біреуін қабылдайды, жадыдан 1 байт орын алады.
1. 2. Стандарт функциялар. Өрнектер.
Мәндері компьютердің арнайы программалары арқылы автоматты түрде есептелетін функциялар - стандарт функциялар деп аталады.
Паскаль тілінің стандарт функциялары келесі кестеде көрсетілген.
Математикалық
функцияның жазылуы

Барлық басқа функциялар түрлендіріліп, стандарт функцияларға келтіріледі. Паскаль тілінде дәрежелеу операциясы жоқ. х санын n дәрежеге шығару үшін төмендегі формула қолданылады.
x n = e nlnx → exp(n*ln(x) )
Мыс : 1. x 5 → exp (5*ln(x) )
2. √ x 3 = x 3/2 → exp (3/2 * ln(x) )
3. sin 30° → sin (pi*30) /180) (радианға айналдыру)
4. log 2 x → log a b = log c b / log c a → ln(x) /ln(2)
Өрнектер тұрақтылар мен айнымалылардан, арифметикалық, логикалық және қатынас операциясының белгілерінен және стандарт функциялардан құралады.
Математикалық өрнек және оның сәйкес Паскаль тілінде жазылуына мысалдар:
1. 4√ 2x-y → 4* SQRT(2*x-y)
2. ctgx+cos60º → cos(x) /sin(x) +cos((60*pi) /180)
3. → (-b+ SQRT(D) ) /(2*a)
4. cos 2 x 2 → SQR(cos(SQR(x) ) )
5. e sinx → exp (sin(x) ) *SQRT(x)
1. 3. Паскаль тіліндегі программаның негізгі құрылымы.
Паскаль тілінде кез-келген программаның мәтіні бірнеше бөлімнен тұрады:
- программа тақырыбы
- сипаттау бөлімі
- операторлар бөлімі
Программа тақырыбы.
Программа тақырыбының құрылымы:
Program программа атауы;
Ескертулер:
- Программа атауы үшін латын алфавитінің әріптері, цифр және __ астын сызу белгісі қолданылады
- Атаудың бірінші символы цифр болмау керек.
- Атауда бос орын белгісі қолданылмайды.
Программа тақырыбына мысалдар:
Program Geron;
Program Min;
Program Summa;
Program P_1;
Сипаттау бөлімі.
Көптеген программалау тілдерінде, сонымен қатар Паскальда программада қолданылатын шамалар жөніндегі барлық ақпарат программаның сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетілуі қажет. Сипаттау бөлімдері төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- Таңбалар бөлімі
- Тұрақтылар бөлімі
- Типтер бөлімі
- Айнгымалылар бөлімі
- Процедура мен функциялар бөлімі
- Таңбалар бөлімі.
Оның құрылымы: label таңба ;
label (таңба) - қызметші сөз. Таңба кез-келген идентификатор немесе бүтін сан болып табылады. Егер программада бірнеше таңба қолданылса, онда олардың арасына үтір белгісі қойылады.
Мысал : label 1;
label a1, b1, c1;
Таңбалар бөлімінің болуы операторлар бөлімінде кейбір оператордың ерекше аталып көрсетілетінін білдіреді. Таңба мен оператор арасына қос нүкте белгісі қойылып жазылады.
Мысал : 1: 1-оператор;
a1: 2-оператор;
b1: c1: 3-оператор;
- Тұрақтылар бөлімі.
Тұрақты деп программадағы мәні өзгермейтін шаманы атайды. Оны сипаттау бөлімінің құрылымы:
Const тұрақтының аты = мәні;
Мысал : const x=25; n=4;
Text = ‘Программа’;
- Типтер бөлімі.
Оның құрылымы:
Тype типтің аты = типі;
Турбо Паскальда деректердің стандарт 5 типі бар екені белгілі:
бүтін (integer), нақты (real), символдық (char), логикалық (boolean), жолдық (string) . Сонымен қатар программалаушының өзі санақты және шектеулі (немесе аралық ) деп аталатын стандарт емес жаңа тип енгізуі мүмкін.
Санақты тип - мәндері латын әріптерімен белгіленетін, әр мән өзінің атауы бойынша ғана анықталатын скаляр тип. Оның сипатталу үлгісі:
Тype типтің аты = (мәндер тізімі) ;
Var айнымалының аты: типтің аты;
Мысал : Type Month = (January, February, March, April, May) ;
Colors = (red, write, blue) ;
Var a: Month; b: Colors;
Шектеулі тип - екі бүтін санның, екі реттелген символдық тұрақтының, не санақты типті екі мәннің аралығындағы мәндерді қабылдайтын айнымалылар типі.
Сипатталу үлгісі:
Type типтің аты = 1-мән . . 2-мән;
Var айнымалының аты: типтің аты;
Мыс : Type San = 5. . 15;
Text = ‘a’. . ‘k’;
Month = 1. . 12;
Var a: San; b: Text; c: Month;
- Айнымалылар бөлімі.
Айнымалыны сипаттау бөлімінің құрылымы төмендегіше болады:
Var айнымалының аты: типтің аты;
(variable-айнымалы) . Бірдей типті айнымалылар үтір қойылып жазылады.
Мысал : Var a, b, c: integer;
x, y: real;
text1: string;
Операторлар бөлімі.
Программаға операторлар бөлімінен басқа бөлімдердің енгізілуі міндетті емес. Олар қажетіне қарай енгізілуі тиіс. Program тақырыбының да жазылуы міндетті емес, ол программаны оқуға ыңғайлы болу үшін жазылады.
Операторлар бөлімі - программаның орындалу бөлімі. Ол Begin қызметші сөзінен басталып end сөзімен аяқталады. End сөзінің соңына нүкте қойылуы тиіс, ол программаның аяқталу белгісі. Нүкте компиляторға программа мәтінінің аяқталғандығын хабарлайды. Begin (басы), end (соңы) - ашу, жабу жақшаларының ролін атқаратын қызметші сөздер немесе оларды басқаша операторлық жақша деп те атайды.
Паскаль тілінің операторлары.
- Меншіктеу, мәліметтерді енгізу, шығару операторлары.
Сызықтық программа.
Паскаль тіліндегі меншіктеу операторының жалпы түрі:
айнымалы: = өрнек;
Мысал : x:=0. 5;
y:=a+b;
D:=b*b-4*a*c;
p:=(a+b+c) /2;
Енгізу операторының жазылу үлгісі:
Read (айнымалылар тізімі) ;
(read-оқу)
Мысал : read(a, b, c) ;
Енгізілетін мәндер бос орын арқылы теріледі. Read операторының соңына ln жалғауы қосып жазылуы мүмкін: readln (readline-жолды оқу) . Бұл жағдайда курсор келесі жолдың басына көшіріледі де, мәліметтер бірінің астына бірі әрбір жаңа жолға енгізіледі.
Мыс : readln(a) ; readln(b) ; readln(c) ;
Мәндерді экранға шығару үшін Паскаль тілінде төмендегі оператор қолданылады:
Write (параметрлер тізімі) ;
(write-жазу)
writeln болып жазылса (writeline -жолды жазу) курсор жаңа жолға көшіріліп, мәліметтер бірінің астына бірі шығады.
Мысал : 1) Write (‘x- ті енгіз=?’) ;
read (x) ;
2) M:=10; N:=25;
Writeln (M) ;
Writeln (N) ;
Write(x:n:m) -нақты типті х айнымалысының мәнін экранға көрсетілген үлгіде шығару.
Мұндағы n- экранға шығатын барлық символ саны.
m- бөлшек бөліктің цифрлар саны (0≤m≤n)
Мысал : 1)
2) Write (x, ‘ ’, y) ; -х және у мәндерінің арасына бос орын қалдыру.
Write (‘s=’, s:5:2) ;
Write (x+25, 3*x) - өрнек мәнін шығару.
Меншіктеу, енгізу, шығару операторларын қолданып құрылған сызықтық программалар қарастырайық.
Жаттығулар :
- Үш қабырғасы берілген үшбұрыштың ауданын табу программасын құрыңдар.
Program Geron;
Var a, b, c: integer;
P, S:real;
begin
Write (‘Үшбұрыш қабырғаларын енгіз ’) ;
read (a, b, c) ;
p:=(a+b+c) /2;
S:=sqrt(p*(p-a) *(p-b) *(p-c) ) ;
Writeln (‘Үшбұрыш ауданы =’, S) ;
end.
- Радиусы 5, 2-ге тең шеңбердің ұзындығын және дөңгелектің ауданын табу программасын құрыңдар.
Program Audan;
Const r=5. 2;
Var L, S:real;
begin
L:=2*pi*r;
S:=pi*sqr(r) ;
Writeln (‘Дөңгелек ауданы =’, S:4:2) ;
Writeln (‘Шеңбер ұзындығы =’, L:5:2)
end.
Программаны оқуға жеңіл, түсінікті болу үшін күрделі программаның әр жеріне түсініктемелер қоюға болады. Олар {} немесе (* *) қосарлы жақшаға алынады.
Мысалы : {Аудан есептеу}
(* Герон формуласы*)
- Қабырғасы а-ға тең кубтың көлемін есептейтін программа құрыңдар.
Program Pl1;
Var a, V: integer; {a-кубтың қабырғасы, V-көлемі}
begin
read(a) ; {қабырғаны енгізу}
V:=exp(3*ln(a) ) ; (* куб көлемі V=a^3 *)
Writeln (‘V=’, V) ;
end.
- Шартты оператор
Шартты оператор қандай да бір шартты тексеріп, оның нәтижесіне байланысты белгілі бір әрекетті орындауды жүзеге асырады.
Оның жазылу үлгісі:
1) IF шарт THEN 1-оператор ELSE 2-оператор;
2) IF шарт THEN оператор;
1-жағдай шартты оператордың жазылуының толық түрі, 2-жағдай қысқа түрі деп аталады.
Мысал 1 . Екі санның үлкенін табыңдар.
Program m1;
Var a, b, max: integer;
begin
Write (‘2 санды енгіз’) ; read (a, b) ;
If a>b then max:=a else max:=b;
Writeln (‘Жауап:’, max) ;
end.
Кейде then, else қызметші сөздерінен кейін бір емес, бірнеше оператор енгізілуі мүмкін. Паскальда осы сияқты 1 серияда орындалатын операторлар тізбегі бір оператор түрінде қарастырылады да, оны құрама оператор деп атайды. Құрама оператор begin, end операторлық жақшаға алынады.
Мысал 2 . Квадрат теңдеудің түбірін табыңдар.
Program m2;
Var a, b, c, D:integer;
x1, x2: real;
begin
Write (‘кв. теңдеу коэффициенттерін енгіз:’) ; readln (a, b, c) ;
D:=b*b-4*a*c; { дискриминантты есептеу }
If d<0 then writeln (‘түбірі жоқ ’)
else begin x1:=(-b+sqrt(D) ) /(2*a) ; x2:=(-b-sqrt(D) ) /(2*a) ;
Writeln (‘x1=’, x1, ‘x2=’, x2) ; end;
end.
Мысал 3 . Екі бүтін санның үлкені мен кішісін табыңдар.
Var a, b, max, min: integer;
begin
read (a, b) ;
if a>b then begin max:=a; min:=b end
else begin max:=b; min:=a end;
Writeln (‘max=’, max, ‘min=’, min)
end.
Егер шарттың саны біреуден артық болса, онда ол құрама шарт деп аталады. Құрама шарттар арасына and (және), or (немесе), not (емес) қызметші сөздері жазылады және жәй шарттар жақшаға ( ) алынып жазылады.
0<x≤5 шарты Паскальда былайша жазылады: (х>0) and (х<=5)
Мысал 4 . Жазықтықта берілген нүкте центрі координалар басындағы, ішкі радиусы 2-ге, сыртқы радиусы 3-ке тең сақинаға тиісті бола ма?
Program m4;
const r1=2; r2=3;
var x, y:real;
begin
Write ('нүкте координасын енгіз′) ; read(х, у) ;
if (х*х+у*у>=4) and (х*х+у*у<=9) then
Writeln (′нүкте сақинаға тиісті′) else writeln (′тиісті емес′)
end.
Мысал 5 . Функцияны есептеу прогрммасын жазыңдар:
y=
var x, у: real;
begin
read (х) ;
if х>1 then y:=sqrt (х)
else if x<0 then y:=sin(х) /cos(х)
else y:=cos(х) ;
writeln (y)
end.
- Таңдау операторы.
Таңдау операторы арқылы программадағы мүмкін болатын бірнеше оператордың біреуі таңдалады. Real және String типтерінен басқа кез-келген типті қабылдайтын айнымалы немесе өрнек таңдау параметрі болып табылады. Ол сұрыптаушы деп аталады.
Таңдау операторының құрылымы:
Case сұрыптаушы of таңдау тізімі else оператор end;
немесе
сase өрнек of
- тұрақты: 1- оператор;
- тұрақты: 2- оператор;
…
- тұрақты: n- оператор
else оператор
end;
сase-жағдай, of-бойынша қызметші сөздері.
Бұл оператор былайша жұмыс істейді:
Алдымен өрнектің мәні есептеледі, сонан соң өрнектің мәніне тең тұрақты ізделінеді. Сәйкесінше сол тұрақтыдан кейін жазылған оператор орындалады да, таңдау операторының жұмысы аяқталады. Егер тізімде есептелген мәнге тең тұрақты табылмаса, басқару else сөзінен кейін тұрған операторға беріледі.
Мысал 1 . Апта күндерінің нөміріне байланысты оның атауын экранға шығаратын программа.
Program m1;
var n: byte;
begin
write (′1-ден 7-ге дейінгі санды енгіз′) ;
read (n) ;
сase n of
1: Writeln (′Дүйсенбі′) ;
2: Writeln (′Сейсенбі′) ;
3: Writeln (′Сәрсенбі′) ;
4: Writeln (′Бейсенбі′) ;
5: Writeln (′Жұма′) ;
6: Writeln (′Сенбі′) ;
7: Writeln (′Жексенбі′)
else writeln (′Дұрыс емес′)
end; {таңдау операторының соңы}
end. {программаның соңы}
Мысал 2 . Y немесе y символы енгізілсе экранға «иә» сөзі,
N немесе n символы енгізілсе «жоқ» сөзі шығатын программа.
var c: char;
begin
readln (с) ;
сase с of
`n`, `N`: writeln (`жоқ ′) ;
`y`, `Y`: writeln (`иә′) ;
end
end.
Мысал 3 . Енгізілген ай нөміріне байланысты (1-ден 12-ге дейінгі бүтін сан) жыл мезгілін экранға шығаратын программа.
var k: byte;
begin
write (`Ай нөмірін енгіз:1-12′) ; read (к) ;
сase к of
1. . 2, 12:Writeln (′Қыс′) ;
3. . 5: Writeln (′Көктем′) ;
6. . 8: Writeln (′Жаз′) ;
9. . 11: Writeln (′Күз′) ;
else Writeln (′қате′) ;
end
end.
2. 4. Қайталау операторы (цикл)
Кейбір программаларда белгілі-бір шарттардың сақталуына тәуелді командалардың қандай да бір бөлігі бірнеше рет қайталанады. Мұндай әрекеттерді жүзеге асыратын командаларды қайталану командасы деп атайды. Турбо Паскаль тілінде программаның қайталанатын бөлігін программалау үшін әртүрлі 3 оператор қолданылады.
Олар: 1 ) параметрлі цикл (немесе үшін циклі)
2) әзір циклі
3) дейін циклі
- Параметрлі циклдіңқұрылымы:
FOR цикл параметрі:=бастапқы мән ТО соңғы мән ДО цикл денесі ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz