Ойын терапиясының бала психикасына әсері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І- бөлім . . . 4
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері . . . 4
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану . . . 6
ІІ -бөлім . . . 13
1. Ойынды коррекциялық-дамытушылық мақсаттарда пайдалану ерекшеліктері . . . 13
2. Бастауыш сынып оқушыларына ойын жаттығуларын психокоррекция құралы ретінде қолданудың әдістерімен формалары . . . 15
Қорытынды . . . 21
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 22
Қосымша
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Психологиялық білім адам әрекет ететін аймақтарда, әсіресе адамның мінез-құлқына қатысты мәселелер бар жерлерде кең қолданылады. Білім беру ісінде психологияның қажеттілгі өте ерте пайда болды, ал қазір психологиясыз қадам жасау мүмкін емес. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі - бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар.
Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар -З. Фрейд, К. Г. Юнг, К. Роджерс, Р. Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф. Е. Васильюк, Е. Т. Соколова, Т. А. Флоренская, А. Ф. Копьев, А. У. Хараш т. б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А. А. Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады. Қазіргі әлеуметтік жағдай жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелерді ағарту саласында бірінші орынға шығарады. Әсіресе, баланың әлеуметтік бейімделуі ересектермен, өз қатарластарымен қарым-қатынасты тиімді жасалуы педагокикалық, психологиялық теория мен практика үшін аса мәнді. Осы тұрғыда қорда материалдардың аздығы аңғарылмайтын сияқты-да. Балалардың жас ерекшеліктерін қатысты психикалық дамуы, осыған қатысты оқыту тәрбиелеу жолдары, мінез-құлық, жүріс-тұрыс қалыпты болмағанда жүргізілетін коррекциялық жұмыстар, зерттеу әдіс-тәсілдерін негіздеген құнды еңбектер баршылық. Осы күндері балалардың ойын әрекеті біршама зерттелінген [25]
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта, қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А, Роджерс К, Леви Д, Тафт Д және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады.
Ойын әрекеттерін оқыту үрдісіне қолданудың тиімділігі, әлеуметтік- психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педогогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербицкий А. А, Пахомов Ю. В, Бедерханова В. И және т. б) .
Зерттеу жұмысының мақсаты. Кіші сынып оқушылары эмоционалдық қатынасының ойын терапиясына тәуелділігін анықтау және балаларда жағымды психикалық күйді қалыптастыруда ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде тиімді қолдану.
Зерттеу болжамы. Баланың ішкі эмоционалдық күйі бала психикасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ойынды психокоррекция әдістерін қолдану бастауыш мектеп жасындағы балалардың қалыпты психикалық дамуын қамтамасыз етеді деген болжам жасаймыз.
Зерттеудің міндеттері. Психологиялық терапия жұмыстарын қолдану тиімді болады, егер:
1. Ойынды тұзету әдісі ретінде қолданудың нәтижесінде балалардың эмоционалдық күйі анықталып, ғылыми негізі жасалса.
2. Ойынды психокоррекциялық әдіс ретінде і қолдануда жас ерекшеліктеріндегі өзгерістерді ескерудің психологиялық шарттары ашып көрсетілсе.
Зерттеу обьектісі. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылармен ойын терапиясын түзету әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу пәні. Ойынды психокоррекция әдісі ретінде қолдану.
Зерттеу әдістері.
- әңгімелесу әдісі
-талдау әдісі (психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді талдау)
-берілген проблема бойынша тәжірибені толықтыру.
-жұмыс барысында балаларды мақсатқа сүйене бақылау.
І- бөлім.
1. Ойын терапиясының бала психикасына әсері.
Ойын - баланың жеке басын дамытуда қоғамдық мәні бар іс - әрекеттің мақсат - бағдарлы, қажеттілікті қанағаттандыруға негізделген белсенділік формасы деп бір жағынан, екіншіден - баланың танымдық, шығармашылық, жеке бас қасиеттерін, ақыл - ой сапаларын жетілдіретін тәрбие және оқыту құралы ретінде түсіндіріледі (Рубинштейн С. Л., Выготский Л. С., Эльконин Д. Б., Шмаков С) . [13]
Ойынды психикалық дамудың әр жағдайларында коррекциялық бағытта қолдану мәселелерінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К., Леви Д., Тафт Д. Және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады. Ойын әрекеттерін оқыту үрдісінде қолданудың тиімділігі, әлеуметтік - психологиялық тренинг жүйесіндегі басты компонент ретінде қарастырудың әдістемелері психологиялық, педагогикалық әдебиетте жеткілікті (Вербиций А. А., Пахомов Ю. В., Бедерханов В. И. ) .
Ойын - халық мәдениетінің құндылығы ретінде де аз зерттелінген жоқ Егер адам өмірінде қарым - қатынас жасау ең алғашқы қажеттіліктердің бірі екендігі дәлелденсе, ал қарым - қатынас дара түрде қарастырылып, оны жетілдіру әдіс - тәсілдерін құрастыру мүмкін емес. Сондықтан балалардың ойын әрекетін жағдайға талдау жасауды қарым - қатынаспен тығыз байланыста қарастыру қажет екендігі белгілі.
Артемова Л. В., Кушина В. Ф., Иванова Р. А., Теплицкая И. Б., Щербакова Е. И. зерттеулерінде ойын әрекетіне қатысты дағды мен икемділікті жетілдіруді өз қатарластарымен және ересектермен қарым - қатынасты тиімді жасаудың алғы шарты деп қарастырылды.
Зигмунд Фрейд балалармен өте аз жұмыс жасаса да, бала ойынының мәнін айқын түсінді. Ол: “Біз бала бойынан елестің алғашқы белгілерін іздеуіміз керек. Баланың ең сүйікті және тартымды іс - әрекеті - ойын. Ойын үстінде бала жазушыға ұқсас келеді: ол өзінің жеке әлемін жасайды немесе әлемді өзіне қалай ұнаса, солай етіп құрады. Ол өз әлемін шын етіп қабылдамайды десек, қателескен болар едік. Керісінше, ол ойынға шын беріледі және барлық эмоциясын салады” деп түсіндірді.
Фрэнктің тұжырымы бойынша, бала үшін ойын ешкім үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әдісі болып табылады. Бұл шын өмірдегі, кеңістік пен уақыттағы, заттардағы, жануар құрылымындағы және адамдардағы зерттеу және бағларлау әдісі. Ойын процесіне араласа отырып балалар біздің символикалық әлемде өмір сүруге үйренеді. [18]
Уолтман былай деп жазады: “Баланың өзінен туындайтын іс - әрекеті өз тәжірибесін және соған байланысты сезімін құруға мүмкіндік береді. Ойын сонымен бірге балаға өзіне жағымсыз жағдайларға жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Кішкентай балаға семантикалық жылдамдық жетіспейді, онда түсіну қабілеті енді ғана қалыптасып келеді”. [8]
Ойынның бала өмірінде орын алатыны ертеден дәлелденген. Тіпті ХVIII ғ. Руссо былай деп жазған: «Баланы жақсы тану және түсіну үшін оны ойын кезінде бақылау керек».
Ойын әсерлері баланың қажеттіліктерін физиологиялық белсенділікке қанағаттандырады, ойын үстінде бала энергия жұмсайды, үлкендер өміріндегі міндеттемелерге дайындалады, қиыншылықтарды жеңеді және фрустрациядан арылады.
Ойын - бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғни автоматты түрде қарым - қатынастағы кедергіні жылжыту. Жоғарғы қатынас деңгейіне көтерілу үшін сөзді пайдалану қажет. Психолог бала деңгейіне түсіп және онымен қарым - қатынас жасау үшін жауапкершілікті болады. Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіңдердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы, Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенін білеміз.
Сөз символдардын құралады, ал символдар - абстракция. Онда біздің сөзбен айтайын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таң қаларлық жай емес. Баланың әлемі - бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын - бұл баланың нақты өз ойы өз әлеміне қалыптасу тәсілі. Ойын - бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс - әрекет. Бала ойын процесіне қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді оның нәтижесі маңызды да емес.
Ойында баланың физиологиялық, сана - сезімдік, эмоционалды сапалары шығармашылық үдеріске қосылады және оған әлеуметті әрекеттер қажет болуы мүмкін. Осылайша, бала ойнаған кезде оған толығымен қатысады деп айтуға болады. Ойын әсерлері бала мен психолог арасындағы қарым - қатынастың динамикалық жүйесі ретінде анықталады.
Үлкендердің көпшілігі өз сезімдерін, реніштерін, алаңдатушылықтарын және жеке мәселелерін білдіре алады (вербальды түрде) . Үлкендер үшін сөз қандай рөл атқарса, ал бала үшін ойын да сондай рөлде болады. Бұл сезімді білдіру қарым - қатынас зерттеу үшін құрал болып табылады. Оларға осындай мүмкіндік берілген кезде, балалар өз сезімдердің және қажеттіліктерін үлкендер сияқты жеткізе алады. Балаларға қарым - қатынас жасау құралы және айту динамикасы біраз бөлектеу, бірақ сезімдері үлкендердікімен бірдей (мысалы, қорқыныш, қанағаттану, бақыт) . Сезімдерін жеткізуде немесе бастан кешкендерін айтуда балаларда қиындықтар тууы мүмкін. Бірақ, нәзәк сезінетін, эмпатикалы қалыптасқан ересек адам алдында олар не сезінетіндіктерін ойыншықтар және ойын материалдарын таңдап, олармен белгілі түрде әрекет ету арқылы көрсете алады. Бала ойын мағынаға толы және оларға сөз табу қиынға түсетін сәттерде ойын арқылы өз дегеніне жеткізу мүмкін болғандықтан, ойын бала үшін өте маңызды. Балалар айта алмайтындарын айту үшін, өздері жасауға ыңғайсыз санайтын әрекеттерді жасау үшін ойыншықтарды пайдалану мүмкін. Ойын - өз ойын айту үшін символикалық тіл және ойын бала қандай күй кешкенін, оған қалай қарайтынын, қандай арман - тілектері бар, қандай қажеттіліктер туатынын ашып бере алады. Ойын баланың өз тәжірибесін, өз жеке әлемін ұйымдстыруға талпынысын көрсетеді. Ойын үдерісіне бала жағдайды бақылау сезімін бастан кешіреді, типті шын мәніндегі жағдайлар бұған қарсы келсе де. Баланың бұл талпынысын Фрэнк былай түсіндіреді: “Ойында бала өзін осы шаққа бұра отырып, өз өткеніне көңіл аударады. Ол өткендегі қиындықтарын жаңа қабылдауға және қатынастарда араластыра отырып, ойнайды. Осылайша, бала өзінің “Мен” образын, өз мүмкіншіліктерін және міндеттемелерін үзіліссіз қайта қарап, ашады. Аналогия түрде ойында бала ойын материалдармен манипуляция жасай отырып, өз мәселелері мен шиеленістерін шешуге тырысады”. Ойындағы бала әрекеті деген ұғым психологқа баланың ішкі дүниесіне үңілуге мүмкіндік беретін нұсқауды береді. [14]
Бала өмірінде ерекше маңызға ие іс - әрекет ретіндегі ойын мәселесі әркез бала дамуын зерттеушілердің басты назарында болып келеді. [25]
Шетелдік психологияда ойын табиғатынан инстинкті - биологиялық, ерекше рәміздік формадағы іс - әрекет ретінде қарастырылады. Ал отандық психологияда ойын табиғаты, мазмұны мен құрылымы бойынша әлеуметтік іс - әрекет ретінде танылады. Ойын социогенезде және онтогенезде шығу тегі бойынша әлеуметтік, яғни қоғамдағы бала өмірінің әлеуметтік жағдайларынан туындайды.
Д. Б. Элькониннің пікірінше, ол мазмұны, мотивтері мен қызметтері бойынша әлеуметтік болып келеді. Ойын - бұл, оның әлеуметтік, адамдық мәні - оның міндеттері мен адамдар арасындағы қатынастардың ережелері айшықталатын, адамдық іс - әрекеттің қайта жаңғыруы. [15]
Ойынның психологиялық мазмұны әлеуметтік қатынастар мен жағдайларды үлгілеуді құрайды. Бұл «іс - әрекеттің орталық сипатты сәті және еңбек пен қоғамдық өмірдегі ересектердің арасындағы қатынастар ретінде баланың жаңғыртатыны». [ 15]
Балалар ойынның психологиялық механизмдерін түсінуде бала ойынының мотивтері жайлы сауал негізгілердің бірі болып табылады. Ойын мотивтері, бір жағынан, баланың ересек сияқты болып, ересек сияқты әрекет еткісі келуімен, екінші жағынан, баланың психикалық даму жүрісінің ішкі логикасымен анықталады.
Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын «жүзеге аспайтын тенденциялардың иллюзиялық жүзеге асырылуы» болып табылады және екі тенденцияның соқтығысуынан: баланың психикалық даму ерекшеліктері мен тілектерді осы сәтте орындаудың бұрынғы тенденцияларын сақтауға орай өз көрінісін әлі таба алмаған мотивтерді жүзеге асыру тілегімен байланысты жалпылама аффектілердің қалыптасуынан туындайды.
Д. Б. Эльконин баланың ересектермен бірлесіп өмір сүру тілегін жүзеге асыратын, баланың әлеуметтік мотивтерінің мағынасын айқындайды және баланың ересектер өміріне ену мотивтері тікелей қанағаттандырыла алмағанда, қоғамның тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде социогенезде рөлдік ойынның пайда болатынын көрсетеді. Осылайша, ойын баланың ересектер өміріне қатысу тәсілі ретінде көрінеді. Осыған орай, жаңа әлеуметтік қажеттіліктер мен мотивтердің дамуына, баланың шындыққа қатынасының жаңа категорияларының пайда болуына мүмкіндік береді.
Л. С. Выготский ойын еркінділік, ерік және мораль мектебі болып келеді. «Ойында еркіндік - иллюзиялы» - бала үшін тартымды рольді жүзеге асыру, әлеуметтік қатынастардың логикасы мен қоғамдағы әрекеттесу ережелерін білдіретін, ережеге бағынуды талап етеді. Роль балаға ереженің мағынасын ашады, оны түсінуді, қабылдауды және ережеге бағынуды мүмкін етеді. Д. Б. Эльконин баланың өз әрекеттерін ережеге бағындыру қабілетінің дамуында төрт кезеңді ажыратады:
Бірінші кезеңде ережелер жоқ және бала оларды айшықтамайды, бұл жиі ойында рольдің логикасын бұзуға әкеледі;
Екінші кезеңде ережелер айқын формада әлі көрінбейді, бірақ рольді орындау ережеге бағынышты, баланың ойын әрекетінде объективтендірілген.
2. Ойынды психокоррекция құралы ретінде қолдану
Бірінші кезеңде психотерапевтік клиентпен жұмыс қажеттілігінен туындайды. Мұнда терапевт пен клиент аралығындағы оптикалды қарым-қатынасқа көп көңіл бөлінеді. Мұнда психотерапевтке келген клиенттің мотивация типтерін анықтау тиімді.
- Бағытталған пациенттер ата-аналары мен құрдастары және т. б. әсерінен көмекке барады, яғни ішкі жағдайдың әсерінен. Алғашқы интервью, заңдылық бойынша күрделірек; шағын-әлеуметтік типтің көп бөлігінде. Пациенттерді «құрбандықтағылармен» салыстыруға болады. Емдеу көп жағдайда шешіңіз. Мұнда позитивті қорытындыны мынадай талапта анқтауға болады, яғни осындай пациент айналадағы көптеген адамдардың қарым-қатынасында қаралады. Бұл жағдайда алғашқы интервью ерекше техниканы қажет етеді, оның мәні пациенттің пассивті позициясына активтіге өтуінде.
- Пациенттің терапияға аяншақтығы көп жағдайда терапияға өтуге тырысқандар болды, сондықтан алғашқы интервью олармен күрделі болады. Олар тез бас тартады, өйткені терапиядан қажеттілікпен өзіндік жұмысқа қажеттілік арасынан көп айырмашылық табады. Олар әңгімелесуде өз бақлауын жоғалтуы мүмкін, реттеуге келмейді. Көбіне олар агресивті, біркелкі емес, негативті баға беру қиын.
- Жасырын баған пациенттер алдыңғыларға қарағанда қарама-қайшы. Бұл теңелген, пассивті, мінез-құлқы стереотипті; пациенттер өз проблемаларын толық білмейді. Олар аурудың психологиялық табиғатын түсінбейді, олар үшін терапияның міндетін анықтау қиын.
Тиімді пациенттер - заңдылық бойынша, өз-өзімен жұмыс істеуге жақсы дайындалған. Мінез-құлық ерекшеліктері: жүрек пен басын реттеу, тежеулі эмоциялар,
Жас ерекшелік психологиясының маңызды қолданбалы міндеті дамудағы бұзылулар мен ауытқуларды ерте диагностикалау мен анықтау, олардың алдын алу мен коррекциясы мақсатында балалардың психикалық даму барысын жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырудан тұрады. [ 16. 76]
«Психикалық дамудың коррекциясы» терминінің өзі алғаш рет дефектологияда баланың аномальді дамуының түрлі нұсқаларына қатысты қолданыла бастады. Медициналық көмектен өзгеше, «коррекция» психологиялық - педагогикалық іс - әрекеттің белгілі бір формасы, яғни, бала дамуының кемшіліктерін түзетуге бағытталған, педагогикалық ықпалдардың жиынтығы деп танылады.
Психологиялық тәжірибенің түрі ретінде, психологиялық - педагогикалық коррекция ұзақ әрі маңызды даму тарихына ие. Қазіргі психологиялық психотерапияның әлемі - бұл пациенттармен клиенттарға көмек көрсетудің әр түрлі 500-ден астам белсенді түрі. Әрбір осы түрдің ерекше тілдерімен түсінік шеңберлері, ерекше әдістері, жұмыс техникаларымен тәсілдері бар. Психологиялық терапия практикалық психологияның бір саласы болып табылады. Психотерапия сферасын практикалық психология бөлімі ретінде қарастыра отырып, оның негізін салушылар -З. Фрейд, К. Г. Юнг, К. Роджерс, Р. Мея теориялық, концептуалдық негізінің міндеттілігін атап өтті. Соңғы жылдары кеңестік психолог- психотерапевтар Ф. Е. Васильюк, Е. Т. Соколова, Т. А. Флоренская, А. Ф. Копьев, А. У. Хараш т. б. психологиялық-терапияны диалогтық тұрғыда қарастырады. Бұл көзқарастың теориялық базасы А. А. Ухтомскийдің доминантасының физиологиялық концепциясы болып табылады.
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ - ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған.
Ойынның ерекшеліктері (К. Стопоро) .
1. Ермек ойындар-ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірімен артынан қуу, қытықтау және т. б.
2. Жаттығу ойындар -сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған. Мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
3. Сюжетті ойын - ойын әрекеті бар, алғашқы қиялдағы ситуацияларды көрсету. Мысалы: әр түрлі аспаптарды ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету.
4. Процесуалды еліктеу ойындары - нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару.
5. Дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді. Осы жәке басты сыйлауды талап етуден тұрады. [32]
1. Қаңырлық (страптивость) - неготивизм мен бірбеткейлікке ұқсас. Қаңырлық генерализацияланған және білімнің сапасыздығын көрсетеді. Бұл үйдегі тәртіпке қарсы шығу.
2. Өз ерікті бала барлығын өзі жасағысы келеді. Бұл нәрестелік кезеңдегі дағдарысты еске салады. Бірақ онда бала дене өзбеттігіне тырысса, бұл жағдайда кез келген ойдың өздігінен орындалуымен тұрады.
3. Үлкендерді бағалау Бюллер: «шешесі баласынан ақымақ дегенді естігенде, бүкіл отбасы шошып кетті»- деген.
4. Протест- бунт- ата- аналармен жиі келіспеуден көріспеді. Бала қарсы шығады. Бала үнемі айналасындағылармен соғыс жағдайында болды.
5. Стремление к диспотизму - бала қоршаған адамдарға диспоттық билік көрсетеді. Өзі осыдан көп пайда табады. Бұл дағдарыс мен өзім деп аталады. Мен өзім диспотиясы баланың ересектерге деген қарым- қатынастарын әлеуметтенуден тұрады.
Ойын баланың ішкі әлеміне нақты форма мен өрнек береді. Ойында эмоционалды маңызды тәжірибені ой өрнегі алады. Ойынның негізгі функциясы шын өмірдегі бейнеленбейтін нәрсені жағдайдың бақылауына айналдыру. Бұл балаларға қиыншылықтарды жеңе білуге мүмкіндік беретін символикалық репрезентация арқылы жасалады. Ойын бала үшін өз пікірін білдіретін символикалық тіл болғандықтан, психолог ойынды пайдаланады. Балалар ойын арқылы қарым - қатынас жасайды. Балалар ойынын бұдан да толық бағалауға болады, егер ойын үшін коммуникация құралы екенін мойындасақ.
Балалар ойын үстінде өздерін жеңіл, еркін сезінетіндіктен өздерін көрсете алады. Балалар үшін өз тәжірибелерімен сезімдерін шығару - табиғи динамикалық және денсаулық жақсартушы іс - әрекет.
Ойын - бұл ақпарат алмастыру құралы және баладан оның сөйлеуін талап ету, яғни автоматты түрде қарым - қатынастағы барьерді жылжыту. Жоғарғы қатынас деңгейіне көтерілу үшін сөзді пайдалану қажет.
Психолог бала деңгейіне түсіп және онымен қарым - қатынас жасау үшін жауапкершілікті болады.
Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіндердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды. Көптеген авторлардың зерттеулері бойынша (мысалы, Пиаже), біз 11 жасқа дейін балалардың абстрактілі ойлауға және талдауға қабілетті емес екенін білеміз.
Сөз символдардын құралады, ал символдар - абстракция. Онда біздің сөзбен айтайын дегеніміздің көбі абстрактілі болып келетіні таң қаларлық жай емес.
Баланың әлемі - бұл нақты заттардың әлемі, егер біз баламен байланыс жасағымыз келсе, ең алдымен осыған жақын болуымыз керек. Ойын - бұл баланың нақты өз ойы өз әлеміне қалыптасу тәсілі.
Ойын - бұл ерікті, іштей мотивтендірілген іс - әрекет. Бала ойын процесіне қанағаттанушылықты, ризалықты сезінеді оның нәтижесі маңызды да емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz