Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 7

I. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФЕРМЕР МАМАНДЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 12

1. 1. Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың бағдарлылығының мәні мен құрылымы . . . 12

1. 2 Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық негіздер . . . 17

1. 3 Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың тәрбиелік негіздері . . . 20

ТАРАУ II. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФЕРМЕР МАМАНДЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ЖҮЙЕСІ . . . 26

2. 1 Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың кешенді әдіс-төсілдер сипаттамасы . . . 26

2. 2. Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастыруға қатысты жүргізетін кешенді жүйесі . . . 43

Қорытынды . . . 56

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60

Қосымша . . . 63

Кіріспе

«Бәрінің бірдей жоғары білімі болуы міндетті емес, ондай деген болмайды. Бәрі бірдей академик, профессор немесе бизнесмен бола бермейді, оған жер бетіндегі әрбір оныншы адамның ғана қабілеті келеді. Алайда жалпы экономиканы алға қарай түрлі мамандықтағы жоғары білікті фермерлар жылжытып отыр емес пе. Олар да жақсы жалақы алып, өздері мен отбасыларын қамтамасыз етуде. Міне, осындай мамандықтарды меңгеру керек. Олар кей жағдайда кез келген басқа мамандықтардан артып болып жатады. Сондықтан, жас достарым, жұмысты осылай істеу керек деп ойлаймын», - деді мемлекет басшысы

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі дамып отырған заманда адамның интелектуалдық еңбек үлесі өседі және білім деңгейіне, шығармашылық даралығының дамуы мен фермер мамандығына бағыттылығына қойылатын талап жоғарылайды.

Фермер мамандығына бағыттылық оқушының кәсіптік жағынан өзін-өзі айқындауының маңызды бөлігі ретінде мамандық таңдауға белсенді қарым-қатынасынан көрінеді.

Кәсіптік бағыттылықты қалыптастырудың адами алғышарттары жоғары кластарда туындайды танымдық қызығуылық дамиды, жеке мәнді мақсат қою талабы, фермер мамандығына мүдде пайда болады.

Алайда, жалпы практика анализі көрсетіп отырғандай, көптеген мектеп түлектері өзін-өзі және таңдаған мамандығын нашар біледі. Жастар арасында ғылыми қызмет абыройы, педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Мұндай негативті құбылыстарды жою үшін “ерекше педагогикалық тәсілдер, жұмыстың мазмұнды және құқықты формалары қажет болып отыр, жас адамға шынымен көмек көрсететін, қоғамдағы өз орнын табуға көмектесетін жаңаша тәсілдер мен формалар керек болып отыр”. (8, 19) .

Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:

макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;

зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.

Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, әлеуметтік капиталдың - азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы қажет.

Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.

Бұл міндетті шешуде мектептен тыс мекемелер айтарлықтай роль атқарады. Олардың тәрбиелік патенциалы оқушының мамандыққа деген қызығушылығы мен мектепте мұндай мүмкіндіктің болмауы, әсіресе ауылдық мектептер, УПК-лар мен базалық мекемелер арасындағы қайшылықты шеше алады. Қазіргі кәсіптік бағдарлау жүйесін шын мәнінде шектеп отырған оқушының жинақталған моделіне есептелген мектеп жүйесі мен оқушылардың, объективті сұранысы арасындағы қайшылықты да жоя алады.

Мектептің, мектептен тыс педагогиканың жалпы принциптеріне сүйеніп, қатысушыларды конкурстық негізде қабылдап, қысқа мерзімдік қызмет атқарып, тәрбиешілер мен педагогтардың уақытша коллективі түрінде іске асырылады. Мұның барлығы танымдық қызығушылығын, белгілі бір фермер мамандығына қызмет саласына бейімділігін ескеріп, оқушылардың фермер мамандығына бағыттылығын қылыптастыру процесін жеделдетіп, мектеп тәрбие жұмысында көзге көрінерлік нақты нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

Озық тәжірибе анализі көрсетіп отырғандай- мектептен тыс мекемелердің ерекше перспективалы типі. Алайда жалпы практикада оқушылардың фермер мамандығына бағыттылығын қалыптастырудың мектептің педагогикалық мүмкіндіктері толық пайдаланылмай келеді. Мұндай жағдайдың себептерінің бірі, біздің ойымызша, профильдік лагерьдің тәрбиелік мүмкіндіктерін зерттеуге арналған арнайы зерттеулердің жоқтығы.

Проблеманың теориялық және практикалық актуальдылығы, оның педагогикада жеткілікті таратылмауы “Мектептен тыс мекемелерде оқушылардың кәсіптік бағыттылығын қалыптастыру” деген тақырыпта дипломдық зерттеу тақырыбын таңдап алуға итермеледі.

Біздің зерттеуіміздің мақсатына сай мынадай еңбектер талданды: кәсіптік бағдар берудің әлеуметтік және педагогикалық аспектілерін, оның структурасын, қызметі мен социалистік қоғамдағы жастарға фермер мамандығына бағдар беру процесін басқаруды қалыптастыратын (А. Е. Голомитон, Л. А. Иовайша, Е. А. Каимов, С. Н. Чистякова т. б. ) ; жалпы орта білім беретін мектептің жоғары класс оқушыларының кәсіптік бағдарлылығын қалыптастырудың заңдылықтарын айқындайтын (С. П. Пряддэне, Н. К. Степаненков, П. А. Шавлер т. б. ) ; оқушылардың фермер мамандығына бағдарлылығын қалыптастыру дифференциалды оқыту (Р. П. Ленгвитал, Л. Ф. Францева) ; мектеп, отбасы және қоғамның өзара әсері жүйесі (М. А. Добрынин) ; оқушылардың фермер мамандығына бағдарлылығының компоненттері, кейбір жақтары, кәсіпті таңдау мотивтері қарастырылады (Л. В. Петера, Е. М. Павлютенков т. б. ) ; кәсіпке қызығушылық (Т. Л. Бухарина, А. В. Гришин т. б. ) ; кәсіптік ой-қиял (О. А. Зимовина, Н. Ф. Гейжан т. б. ) .

Аталған тақырыпты зерттеудің алғышарттары мектептен тыс және кластан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру проблемаларына арналған еңбектерде айтылды (А. С. Гецадзе, Е. П. Гроссу, И. П. Волков т. б. ) ; оқушылардың ғылыми, танымдық қызығушылығын, мектептен тыс мекемелер қызметіндегі фермер мамандығына қызығушылығын зерттеу (Г. К. Байдельдинова, Г. А. Зверева, Л. И. Кочукова т. б. ) ; мектептен тыс мекемелердегі педагогикалық процестің заңдылықтары (В. В. Белова, З. А. Барышникова, А. З. Иоголевич, А. И. Ковалева, М. Б. Коваль, И. Н. Рябченко, Т. И. Сущенко т. б. ) ; жоғары класс оқушыларының уақытша коллективтерінің педагогикалық мүмкіншіліктері (О. А. Газман, В. Д. Иванов, Н. Г. Пичкало т. б. ) ;

Зерттеудің объектісі(нысаны) - мектептен тыс мекемелердің оқушыларды кәсіп таңдауға даярлау қызметі.

-жалпы білім беретін мектептің тәрбиеленушілерінің фермер мамандығына бағыттылығын қалыптастыру процесі.

Зерттеу мақсаты - жалпы білім беретин мектептерде оқушыларды фермер мамандығына бағдарлау ісін қалыптастыру қызметін жетілдірудің негізгі жолдары мен шарттарын айқындау және осының негізінде педагогтар үшін ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеудің міндеттері - ғылым мен техникамен оқушыларды мамандық таңдауға даярлауын айқындау:

- Жалпы білім беретін мектептерде фермер мамандығына бағдарлылығын қалыптастыру процесін жеделдететін қызмет жүйесін негіздеу;

Жалпы билим беретін мектептерде педагогикалық коллективінің оқушылардың фермер мамандығына бағдарлылығын қалыптастыру процесін басқару қызметінің мазмұнын жасау;

Зерттеудің гипотезасы -оқушылардың фермер мамандығына бағдарлылығын қалыптастыру процесі оның дамуының жалпы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарына ғана емес, ғылым мен техниканың тәрбие мекемесі ретіндегі мектептердің ерекшелігіне де байланысты.

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының фермер мамандығына бағдарлылығының қалыптасуы тиімді болады; егер ауысым барысында оқушылар ғылым мен техниканың қазіргі салаларына жаңа ақпарат, фермер мамандығына еңбектің әр саласы туралы ақпарат алып отырса және мұндай ақпаратты өз бетінше іздеп табуға даярланса; легерьде және лагерьден соңғы кезеңде оқушылардың кәсіпке қызығушылығын іске асыру үшін жағдай жасалса; мектеп оқушылары мен педагогтардың қарым-қатынасы процесінде адамның іс-әрекетпен шығармашылық қызмет үлгілері коллективті нормаға айналатын эмоциалдық-интеллектуалдық атмосфера жасалса; танымдық және практикалық қызметтің ойын түрлері каникул күндерінде кеңінен қолданылса. Оқушыларды кәсіптік бағдарлаудың қажетті шарты - лагерьдің педагогикалық коллективінің оны басқаруға арнайы дайындығының болуы. Мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелілігі кәсіптік бағдарлылығының деңгейі жоғарылауынан көрінеді.

Біз өз зерттеуімізде мектеп оқушыларын еңбекке даярлаудың теориялық негіздері мен мамандық таңдау. Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко т. б. жасаған мектептен тыс тәрбиенің негізгі принциптерін басшылыққа алдық. Проблеманы философиялық жағынан ойластыруға Л. Б. Буева, Г. Л. Смирнова, Г. Н. Филонова т. б. еңбектері көмектесті. Біздің еңбегіміз О. С. Богданова, Р. Г. Гурова, И. С. Кон, Б. Т. Лихачева, А. В. Чудрин т. б. еңбектерінде ашылған педагогикалық процестің заңдылықтарын (негізгі) білуге негізделді. Адамның бағыттылығының психологиялық мәнін анализдеуге А. Г. Ковалева, К. К. Платонова, С. Л. Рубинштейн т. б. еңбектерінің мәні ерекше болды.

Зерттеу барысында әдіс-тәсілдер комплексі пайдаланылды: философиялық, социалогиялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер; жалпы және озық педагогикалық практиканы зерттеу, тәжірибелік - эксперименталдық жұмыстар. Құжаттар, анкеталар, бақылау, оқушылармен кеңес, ата-аналармен, мектеп және мектептен тыс мекемелермен педагогтарымен кеңес, профильді лагерь түлектерінің тағдырына ретроспективті анализ танымдық және кәсіптік бағыт беру ойындары жүргізілді. Дипломдық қорғаушының тәрбиеленуші, тәрбиеші, мұғалім, профильді лагерьдің педагог методисі ретіндегі қызметінің ретроспективті анализі қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - жүйені негіздеуде жатыр (мектеп қызметін), ол тәрбиеленушілердің фермер мамандығына бағдарлылығын қалыптастыру процесін жеделдетті, оқушылардың кәсіптік бағдарлылығы қалыптасқандығының көрсеткіштерін жасау; профильді лагерь тәрбиеленушілерінің фермер мамандығына бағдарлылығының динамикасын айқындау. Зерттеуде, сол сияқты, ғылым мен техниканың жас достары профильді лагерінің өзгешеліктер сипатталған: конкурстық негізде қабылдау, оның қызметінің қысқа мерзімділігі, педагогтар мен тәрбиеленушілерінің уақытша коллективтегі қызметі мен қарым-қатынасының өзіндік сипаты (жалпы қызығушылығы бойынша бірлескен), профильді лагерьге қатысушылардың ғылым мен техниканың, белгілі бір саласына фермер мамандығына қызметтің қызығушылығы мен бейімділігін есепке ала отырып жасалған жұмыс бағдарламасын түзу мүмкіндігі т. б.

Зерттеудің практикалық мәнділігі - мектептен тыс мекемелердің педагогикалық коллективінің методикалық ұсыныстар жасап шығарғандығы, онда ғылыми техниканың жас достары профильді лагерінің қызметіндегі оқушылардың фермер мамандығына бағдарлығын қалыптастыруды формалары мен әдіс-тәсілдері мазмұны ашып көрсетілген, лагерьдегі кружоктар мен клубтар жұмысының үлгі бағыттары ұсынылған, лагерьдің педагогикалық коллективінің оқушылардың фермер мамандығына бағдарлылығын қалыптастыру процесін басқаруға даярлайтын жиын семинарларының жоспары белгіленген. Зерттеудің материалдары мен алынған тұжырымдар педагогикалық институт студенттері үшін арнайы курстарды, мектептен тыс қызметшілерінің квалификацияны көтеру семинарларында пайдаланыла алады.

Зерттеудің анықтығы адамды дамыту марксистік, лениндік ілімге сүйенетін методологиялық әдіспен қамтамасыз етіледі. (жоспарға кәсіптік бағыт беру мен еңбек тәрбиесін беру туралы) ; Зерттеу міндеті мен предметіне сәйкес әдіс-тәсілдер комплексін қолданумен дәлелденеді, империкалық метриалды іріктеп алумен дәлелденеді; (зерттеліп отырған процесті сипаттауға қажет және жеткілікті) басқа зетттеушілердің тұжырымдарымен салыстырыла дәлелденген мәліметтердің репрезентативтілігі тәжірибе эксперименталдық жұмыс нәтижелерінің анализі тәрбиеленушілерінің фермер мамандығына бағдарлылығы деңгейінің өсіп отырғандығынан көрінеді.

ТАРАУ I. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФЕРМЕР МАМАНДЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың бағдарлылығының мәні мен құрылымы.

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы қабылданды.

Дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру еліміздегі адами капиталдың дамуына қосылған елеулі үлес болды.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл - Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т. б.

Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бірі ретінде айқындалған.

Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр - магистр - Ph. D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.

Психологтар мен педагогтар жеткіншек жас өспірім жастағы балаларға тән сипат ретінде олардың фермер мамандығына жағынан өзі-өзі анықтауы адамның даму процесінің ең бір мәнді жағы деп санайды.

(Л. И. Божович, И. С. Кон, В. А. Корутецский, В. В. Чебышева, С. Н. Чистякова т. б. ) өзін-өзі фермер мамандығына айқындау тек мамандық таңдау емес, адамның рухани дамуының мазмұнды процесі деп білуі керек. Ол жас адамның қызығушылығы мен бейімділігіне қарай, өзін-өзі бағалауы мен идеалдарына және құндылықтар бағытына және эмоционалдық, ерік-жігер деңгейіне қарай айқындалады. Адамның аталған ерекшеліктері мектеп, отбасы, басқа да референтті топтардан жалпы коммуникациялық құралдардан шығатын, сыртқы әсерлердің жиынтығына түсетін жалпы психологиялық негіздерін құрайды. (191, 5) .

Адамның өз-өзін фермер мамандығына айқындау структурасында оның фермер мамандығына бағыттылығы мен фермер мамандығына санасын атап айтуға болады. Жастардың өз-өзін фермер мамандығына айқындау проблемасының қазіргі зерттеушілері А. Г. Бас, А. В. Голомшток, А. В. Дьяченко, Л. А. Иовайша, С. П. Крячжде, Н. К. Котеленков, В. -Р. П. Ленгвитас, Н. И. Макаров, Ч. И. Бавлютенков, А. П. Сейтешов, Н. К. Степаненков, П. А. Шавир т. б. адамның фермер мамандығына бағыттылығының қалыптасуын өз-өзін айқындау процесінің негізгі мазмұны ретінде қалыптастырады ал фермер мамандығына бағыттылықты өз-өзін айқындаудың ең маңызды алғышарты, оның негізгі компоненті, адамның жалпы және фермер мамандығына дамуының көрсеткіші деп санайды.

Біздің зерттеуіміздің негізгі ұғымының мәніне кірісе отырып фермер мамандығына бағыттылық дегеніміз - адам бағыттылығының бір бөлшегі, оның ерекше формасы екенін есте ұстадық (74; 88; 89; 155 т. б. ) Фермер мамандығына бағыттылық жалпы бағыттылық аясында қалыптасады және адамның дамуына қарай оның структурасында мәнді жетекші орын алады. Осы әдіс адам бағыттылығының негізгі концепциясын талдауды қажет етті, біз соны істедік, адам бағыттылығының мәнін, структурасы мен типін айқындауды басты міндет етіп алдық.

Атақты совет психологы С. А. Рубенштейн “бағытттылықты” адамның негізгі динамикалық сипаты деп түсінді адам бағыттылығының структурасына ол сұраныс, қызығушылық идеалды енгізді (149, 624-626) көптеген зерттеушілер адамның бағыттылығы ұғымының мәнін ашуға тырысып, оны не нұсқаулармен, не мотивпен, не адам қатынасымен теңдестірді.

2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикада жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі - БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2, 5 млн. -ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64, 6 %-ы үлгілік, 35, 4 %-ы - ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37, 4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25, 1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47, 4 %-ы жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13, 2 %-ы химия, 16, 3 %-ы биология, 46, 7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.

Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26, 4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.

Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды.

Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі - мектептердің жалпы санының 56, 5 %-ын құрайтын (2005 жылы - 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде - 68, 6 %.

Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41, 4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.

Мысалы, Н. Д. Левитов адам бағыттылығын адамның жеке басына кешкен шындыққа деген қатынасы ал оның өмірі мен қызметіне әсер етеді деп суреттеді (87) Л. И. Божович адам бағыттылығы ұғымын мотивацияның иерархиялық структурасындағы белгілі бір мотивтердің тұрақты үстемдігі деп анықтама береді. В. Н. Мясечев пен А. Г. Ковалев бағыттылықты адамның шындыққа қарым-қатынасының іріктелген белсенділігі ретінде қарастырылады. (68) В. С. Мерлин бағыттылыққа психологиялық қасиеттерді жатқызды. “Өмірдің әртүрлі нақты жағдайындағы адамның әрекетінің жалпы бағытын айқындайды”, деп жазды. (103, 123) .

Адамның динамикалық функционалдық структурасы концепциясында К. К. Платонов бағыттылықты адамның тәрбие арқылы қалыптасатын, әлеуметтік шартты подструктурасы ретінде қарастырыды.

“Тұтас қалыпта алынған бағыттылық, өз кезегінде өзіне мынадай формаларды подструктура ретінде жинақтайды: тілек, қызығу, бейімділік, идеалдар, дүниетаным, сенім. Осындай формаларда қарым-қатынаста әртүрлі қажеттілік формалары да көрінеді”. (130, 137) Адам структурасының өзара байланысымен өзара әсерін талдай келіп К. К. Платонов адам бағыттылығы элементтерін мақсат подструктурасы элементтері мен және әрекет мотивтерімен теңдестіреді (130, 142) .

Бұл өзара байланыс әсіресе адам бағыттылығының барлық уақытта относителді күрделі және өмірлік маңызды мақсаттарына жетудегі белсенді әрекеттерімен көрінеді. (95)

Адам бағыттылығының неғұрлым жалпы анықтамасын белгілі совет ғалымы Б. Ф. Ламов берді. Оның түсінігінше “адам бағыттылығы оның психологиялық қалыбын айқындайтын, жүйелейтін қасиеттерінде көрінеді” (94, 4) .

Ұғымның жоғарыда аталған анықтамалары автордың мынадай адам бағыттылығы қасиеттерін атап көрсетеді. Іс әрекетпен мінез құлықты реттеу мен жұмылдыру белсенділігін атап көрсетеді.

Көрсетілген концепциялардың бар айырмашылығы жұмылдырушы күштің әртүрлі формаларына келіп тіреледі.

Философиялық және педагогикалық еңбектерде “социалистік бағыттылық” деген ұғымды ұшыратуға болады (158, 176 т. б. ) “адамның қоғамдық (моральдық-адамгершілік) бағыттылығы” деген де бар (56) . Ол адамның дамуының жоғарғы деңгейін сипаттайды. Егер адамның мінез құлқы қоғамның, коллективтің, басқа адамдардың да, яғни коллективтік мотивтерді бейнелесе, бағыттылықтың мұндай типі, деңгейі туралы айтуға болады. Сондықтан мұндай бағыттылықты коллективтік бағыттылық деп те атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Кәсіптік мектептің орыс тілді аудиторияларында қазақ тілін витагендік технология арқылы оқыту үдерісі
Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы
Кәсіби бағдар берудің мазмұны
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдаудағы процесіне мектеп психологының әсері
Оқушылардың ауылшаруашылық машиналарын жөндеу мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың әдіс –тәсілдер жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz