Оқушылардың ауылшаруашылық машиналарын жөндеу мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың әдіс –тәсілдер жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 5

  1. Оқытуға арналған жаңа технологиялардың ғылыми теориялық негіздері . . . 7Педагогикалық технология туралы жалпы түсінік. 7Қазіргі замандағы оқыту технологиялары және оларды іріктеу . . . 33

II. Оқушылардың ауылшаруашылық машиналарын жөндеу мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың әдіс -тәсілдер жүйесі . . . 42

  1. Ауыл шаруашылық жаңа технологиялық оқыту әдістемесін құрастыру . . . 42
  2. Жаңа оқыту технлогиясының тиімді тәжірибеде тексеру . . . 54

Қорытынды . . . 84

Қоланған әдебиеттер тізімі . . . 86

Кіріспе

Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т. б. қалыптастыруы қажет.

Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу процесіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туып отыр.

Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылы қырқүйектің 30-ыншы жұлдызында шығып, мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жастардың бойында адамгершілік қасиеттердің: ұлттық мақтаныш, патриоттық сезім, адамдарға гумандық қарым-қатынас, ұлттық үрдістегі өзіндік мәдениетін сыйлауды, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуын талап етеді.

Бұл болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының жеке тұлғасын тәрбиелеуші ретінде қалыптастырудың жаңа тәсілінің дәріптелуін, кәсіптік-педагогикалық білім берудің заман талабына сай жаңа мақсаттарын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінуін, тұлғаның қоғам дамуының белгілі бір деңгейге жетуін талап етеді.

Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша көңіл бөлінеді.

Алайда, оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет.

Біздің ел нарықты экономика жағдайында өмір сүріп отыр. Бұл жағдайда әрбір адамның іс-әрекеті оның практикалық іс-әрекетінің міндетті құраушы компоненті болады.

Экономикалық тәрбие - кең мағынасында қоғамның жеке тұлғаны табысты өндірістік-шаруашылық іс-әрекетке дайындау мақсатына жүйелі түрде бағытталған ықпалы, қоғамның экономикалық және адамгершілік-құқықтық негіздеріне сәйкес ойлау амалын, іс-әрекетін қалыптастыру, қоғамның әрбір мүшесінде меншіктің барлық түріне шаруақорлық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Өндірістік оқыту экономикалық тәрбиенің және ересектердің экономикалық дайындығын тереңдетудің маңызды педагогикалық құралы болып табылады. Мұнда ең алдымен, еңбек іс-әрекеті экономикалық мақсатқа бағытталатын кәсіби шеберлік қалыптасады. Өндірістік оқыту процесінде мұндай мәселелерді шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:

  • ересектерді орындалатын еңбек іс-әрекетіне экономикалық талдау жасау қабілетін қалыптастыру;
  • ересектерді оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық мақсатқа сай технологиясын таңдап алуын мадақтау;
  • ересектерді орындалған еңбек процесін экономикалық негіздеуге, экономикалық есептеулерді жүргізуге, оқу-өндірістік жұмыстарды орындаудың экономикалық тұрғыдан ең тиімді еңбек амалдары мен тәслдерін қолдануға үйрету.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: ересектердің кәсіптік білім беруде оқытудың әдістерін талдай отырып, өндірістік оқыту әдістерімен танысу.

Дипломдық жұмыстың міндеттер:

  • өндірістік оқыту - кәсіптік оқыту әдістерінің формасы ретінде зерделеу, оның әдістері мен тәсілдерімен танысу;
  • Ересектердің өндірістік оқыту барысында кәсіби дербестігінің қалыптасуы және сапалы жұмыс істеуге үйрету.

1. Оқытуға арналған жаңа технологиялардың ғылыми теориялық негіздері

1. 1. Педагогикалық технология туралы жалпы түсінік

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, мектептегі білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құрылуының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оқу үдерісін жобалау арқылы іске асырылады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді (Кесте 1) .

Кесте 1 Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық нобайы

Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы-ның даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі жаңа парадигмаға өтудің жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.

XX ғасырдың 20-жылдары отандық және шетелдердің білім беру кеңістігінде белсенді тұжырымдар мен зерттеу жұмыстары даралап және деңгейлі оқытуға қарқынды бет ала бастады. Кеңес Одағы мен шетелдегі зерттеу-тәжірибелік жұмыстар бір мезгілде басталды. Бірақ А ҚШ және Батыс Европаның білім беру саласында даралап және деңгейлі оқыту туралы тәжірибелер жеткілікті болды. АҚШ, Италия, Франция және тағы басқа Батыс Европа мемлекеттерінде оқу орындарының міндетті оқу бағдарламалары, пәндері стандартты түрден вариативті бағытта алуандылығы арта бастады. Бұл

білім беру тәжірибесі білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеруге ықпал ету бағытындағы қарқынды және пәнді әрекеттер болды. Олардың басты білім беру мақсаты жеке дара тұлғаны дамыта, өз бетімен белгілеген мақсатқа жетуді көздеу еді. Әсіресе, А ҚШ оқу орындарын басқару децентрализацияланып (дербестену), кейбір мектептерде сабақты ұйымдастыру формалары өзгерді. Сонымен бірге оқушылардың танымдық қасиеттеріне байланысты бейінді оқыту формаларын дамыту көзделді. Соның аясында бірқатар Батыс Европа мемлекеттері мен А ҚШ - та гимназия, лицей және колледж типті мектептер жалпы білім беретін мектептерден бөліне бастады. Осы деңгейлеп оқыту аясында алғаш оқытудың Дальтон-план технологиясы қолданылуы жүзеге асты. Осыдан келе, шетел мемлекеттерінің біраз мектептері сынып сабақ формасынан, оқу тобының тұрақты болуынан, фронтальды оқу жұмыстарынан, оны ұйымдастырудан шегінді. Осы мемлекеттердің білім беру процесіндегі құбылыстың жетекші негізі - оқушыға білім беруді даралап әр деңгейлі оқыту еді. М. В. Кларин мемлекеттердің прогрессивті сипаттағы әрекеттерін қолдап, өзінің пікірін былайша білдіреді: аталған формада мектептің оқу үрдісін ұйымдастыруда педагогикалық қоғамдардың жетекшілігі төмендейді, оқытудағы баланың білімі тек, оны қайта айту мен шығару болып табылады, мектептің бірегей базасының болмауы, оқыту үрдісін ұйымдастыруда қиындықтың болуы. Ол өзінің АҚШ студенттерімен кездесуінде, олардың оқу пәндерін және қиындық деңгейін өздері таңдауға мүмкіндігі бар екенін білдіреді.

Кеңес Одағы кезінде деңгейлеп оқытуды әдіснамалық, теориялық және әдістемелік бағыты жағынан көптеген ғалым-педагогтер өздерінің ғылыми-зерттеу еңбектерін арнап қарастырды. Е. А. Певцова мен И. Унт деңгейлеп оқытумен оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін айқындауға бағыттап, оқу бағдарламалары мен оқу пәндерін вариативті түрде қарастыруды ұсынды. Деңгейлеп оқытумен оқушының танымдық белсенділігін дамыту факторына деңгейлеп оқытуды зерттеген М. Д. Виноградова, В. А. Кольцова, Х. Й. Лийметс, А. В. Мудрик, Г. И. Щукина болды. И. М. Чередов оқу урдісін ұйымдастыруда фронтальдық, топтық және жеке оқытуды үйлесімді ұштасыруға тиімді оқыту деңгейлеп оқытуды қарастырды. Деңгейлеп оқытудың әдістемелік негізін зерттеген Ю. И. Дик, В. М. Монахов, А. А. Кузнецов, М. В. Рыжаков, С. А Бешенков, Г. В. Дрофеев, В. А. Орлова, Л. В. Кузнецова және т. б. болды. Оқушыны бейінді оқытуға А. В. Баран- ников, А. А. Кузнецов, О. Б. Логинова, А. А. Пинский, М. В. Рыжаковтың еңбектері арналды.

Қазақстанның білім беру саласында білім алушының іс-әрекетін белсендендіру мен қарқындатуға, өзінің педагогикалық технологиясына проблемалық әдісін деңгейлеп саралап оқытумен үйлесімді ұштастыра зерттеу еңбегін арнаған Ж. А. Қараев болды.

«Әр деңгейлі білім беру» термині мектептің оқу жоспары мен бағдарламасының, сыныптың, таңдаулы пәндердің бөлінуі деп қарастырды. Әр деңгейлі білім беру қағидасы оқушы тұлғасын дамытуды жүзеге асыру. Оқу үрдісінде әрбір оқушының қабілетін, бейінділігін, мүмкіндіктерін

психологиялық-педагогикалық диагностику нәтижесінде оқу әрекетін ұйымдастыруға қажетті формаларды, кң ралдарды және әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылды. Деңгейлеп оқытуды негізгі міндеттері - әрбір оқушының даралық қасиетінің ашылуына, оның дамуына көмектесу, оның қалыпты, орнықты, таңдаулы дамуына әлеуметтік әрекеттер жасау. Деңгейлеп оқыту оқушының нышанын айқындау мен дамыта қабілеттерін арттыруға бағыттайды. Деңгейлі оқыту оқу үрдісінің әр кезінде болса да, оқушылар мемлекеттік міндетті білім беру стандартында белгіленген білім мен іскерліктің минимум базасын меңгеруі қажет. Деңгейлеп оқыту мен тәрбиелеу негізі оқушы тұлғасының қабілетіне, қызығушылығына, бейімділігіне, қабілетіне және білім алуға дайындық мүмкіндік ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл оқыту түрі, бір жағынан оқушының ақыл-ой деңгейін, психологиялық ерекшеліктерін, пайымды-логикалық ойлауын есеретін болса, екінші жағынан, оқушының жеке сұранысы, оның м өң мкіндігі мен нақты білім алу саласына байланысты қызығушылығына кщл аударылады.

Деңгейлеп оқытудың т л лғаға бағдарланған білім беру аясында жүзеге асырылуы ушш мына қажеттішктер керек етеді:

  • оқушылардың жеке ерекшіліктері мен оқу мүмкіндігі;
  • оқушыларды топқа бөлудің критерияларын(өлшеу белгісі) анықтау;
  • жеке жетекшілік етуде оқушылардың қабілеттері мен дағдыларын жетілдіруге іскерлігі;
  • оқушылардың жұмысын, ондағы олардың қиындығын, танымдық өзгеруін іскерлікпен талдай алу;

- оқу үрдісін басқаруда оқушылардың іс-әрекетін перспективалық
жоспарлай алу (жеке, топтық) ;

- деңгейлеп оқытудың тиімсіз әрекеттерін оқытушының тиімді және
ұтымды тәсілдермен алмастыра алу іскерлігі.

Қазірп н азақстанның білім беру саласында деңгейлеп оқытудың бір формасы бейшді оқыту болып отыр.

Әр деңгейлі оқыту дегеніміз - әрбір оқушы өзінің қабілеті мен ерекшеліктеріне негізделе базалық оқу материалын игеруге мүмкіндігі бар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формасын айтады.

Әр деңгейлі оқыту технологиясының қызметі мектеп оқушыларын бір ыңғайлы топтарға бөле, ол топтар оқу бағдарламасын әр деңгейде игеруі:

  1. Мемлекеттік білім беру стандартындағы оқу материалы мазмұны.
  2. Базалық.
  3. Шығармашылық(вариативті) .

Әр деңгейлі оқыту технологиясының базисі ретінде тұлғаның құрылымын таңдау. Бұл құрылым мынандай шағын жүйелерді құрайды:

А) жеке-типологиялық ерекшелік, яғни, тұлғаның темпераменте, мінез-

құлқына, қабілетіне және т. б. .

Б) психологиялық сипаттама. Ойлау, ерік, ес, сезім, эмоция және т. б. .

В) тәжірибе(білім мен іскерлік) және әдет.

Г) тұлғаның бағыты, яғни, оның сұранысын, мотивін, қызығушылығын,

эмоциональды - құнды тәжірибесі.

Жеке тұлғаның дамуында психологиялық-педагогикалық диагностика қалыптасады, ол жүйенің элементтері: -тәрбиеленуц

-танымдық қызығушылығы; -жалпы оқу біліктілігі және машықтығы; - іс-әрекет білім қоры; -ойлау; -ес; -темперамент;

-тынышсыздық, мазасыздық. Мектептің ұйымдастыру моделі әр деңгейлі оқытудың үш түрін кіргізеді:

A) Тұлғаның динамикалық сипаттамасына және оның жалпы оқу
іскерлігіне негізделе оқытудың бастапқы саласында біртұтас сыныптарда
құрау;

Б) Сыныптың ішінде әр деңгейлі топтарға бөлінуі. Яғни, оқушылар топтала оқытылуы. Әсіресе, пәнге қызығушылығына байланысты. Базалық және вариативті компоненттегі оқу материалдарын кең көлемде, терең және толық игеруц

B) Кәсіби оқу. Мұнда жоғарғы сыныптарда психологиялық диагностика,
сарапшылардың бағалауы, мұғалім және ата-аналардың ұсынысы
бойынша, оқушының өзбетімен болашақ іс-әрекетін анықтауға
бағытталған оқыту.

Топ оқушыларының танымдық қабілеттеріне сай оқу жұмыстары төмендегідей бөлып бөлінеді:

оқушылардың шығармашылық деңгейіне байланысты тапсырмалардың

деңгейленуі;

оқу тапсырмаларының қиындығына байланысты деңгейленуі;

оқу материалының көлеміне байланысты деңгейленуі;

оқушылардың өзбетіндік жұмыс дәрежесіне байланысты деңгейленуі;

оқушыларға көмек беру сипаты жағынан деңгейленуі.

Ж. А. Қараев, өзінің деңгейлеп оқыту технологиясында оқу пәнінің оқу материалдарын екі бөлімге бөліп жеті және бес модульден к қ райды. Әрбір модульдің тақырыптары аяқталғаннан кейін тақырыптық баылау жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге автор оқу құралдарын арнайы жасаған. Ол оқу құралы - оқушылардың орындайтын тапсырмалары. Тапсырмалар төрт деңгейге бөлінген: оқу материалын оқушының қайтып шығара(воспроизведение) алуына байланысты; алгоритмикалық тапсырма- лар(оқу материалын жүйелеу, қорытындылау) ; эвристикалық(танымдық - ізденіс) және шығармашылық. Автор оқу модулінің құрылымын былай анықтаған: Бірінші сабақ.

Тақырыбы: Кіріспелі-ақпараттық(проблемалық сабақ) . Өз бетіндік жұмыс(10-15 минут) . Жаттығу тапсырмалары Екінші сабақ. Өз бетіндік жұмыс(10-15 минут) .

Тест қабылдау.

Үшінші сабақ

Тақырыбы: бірінші сабақтың тақырыбы және оның пункттері кіреді.

Кейінгі сабақтарда болатын оқу жұмыстары:

Тақырыптық өзіндік жұмыс

Түзету жұмысы.

Тақырыптық бақылау жұмысы.

Оқу модулінің соңғы сабағынан алынған оқушылардың бағалары арнайы

ведомосқа түсіріледі және оқушылардың даму динамикасын бақылауға

мониторинг жүргізеді.

Оқу үрдісінде деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың физиологиялық, танымдық және интеллектуальды қасиет белгілеріне байланысты бөлінуді көздейді екен. Сондықтан мектептің оқу-тәрбие н рдісінде оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына сәйкес пәннің оқу үрдісш ұйымдастыруда алуандылық мән алуға оқушылардың жеке типологиялық ерекшеліктері ескеру басты фактор болады.

Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру оқытушылардан да, студенттерден де осы әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы зерттеу аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғақтайды. Біз осының барлығын және модель құрудың ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес жаңа педагогикалық технологиялар болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін жасадық. Модельдің аясында компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштері, деңгейлер қарастырылады (Сурет 1) .

Модельді жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып (психологиялық-педагогикалық, әдістемелік-тәжірибелік зерттеулерге теориялық талдау; педагогикалық оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің барысын бақылау; мұғалімдер мен студенттер арасында сауалнамалар жүргізу; болашақ мұғалімдер қызметінің нәтижелілігін талдау; мұғалімдер мен студенттердің өзін-өзі бағалауы, сұрақ-жауап), сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл моделдің құрамын анықтауды, біз болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейлерін бағалап, араптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырдық.

Жаңа педагогикалық технологиялар - болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін педагог біліктілігі берілген маман сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн

Модель (Model, simulator) - үғымы, біріншіден ќасиеттері белгілі бір маѓынадаѓы ж‰йеніњ немесе процестіњ ќасиеттеріне ±ќсас объектілер немесе процестер ж‰йесі; екіншіден, сериялы б±йымдарды жаппай µндіруге арналѓан ‰лгі, эталон; кез-келген бір объекті ж±мысы. Модельге ќойылатын негізгі талап - оныњ ќасиеттерініњ негізгі объектіге сєйкес келуі, яѓни барабарлыѓы.

Жоғарыда біз ұсынған модельдің үш құрамдас бөлігі бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі толықтырып, дамыта түседі.

Осы модельдің өлшемдері мен көрсеткіштерінің арқатынасының әр түрлі дәрежеде көрініс беруіне байланысты, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің педагогика пәндерінің материалдарын меңгерудегі білім мен практикалық біліктері және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесінің қалыптасуының мүмкін болатын төрт шартты деңгейі анықталды:

Жоғары деңгей, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білімді жетік меңгерген, оларды кез-келген білім беру мекеме практикасында еркін іске асыра алады, жаңашылдық тұрғысынан шығармашылыққа және өзін-өзі жетілдіруге деген тұрақты ынтасымен, жүйелі мүддесімен сипатталады. Болашақ мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мәселесі бойынша қосымша әдебиеттерді оқып-үйреніп, білім беру саласының жұмыс жасауының шынайы жағдайына сүйене келе, білім алушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне бейімдей отырып, қызметтерінде ғылыми-практикалық ақпаратты іріктеп пайдаланады.

Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, ұйымдастырылуы оларда қанағат сезімін тудырады. Бұл деңгейдегі болашақ мұғалімдердің білімдері толыққандылығымен, жүйелілігімен ерекшеленеді, олар бар білімдерін нақтылы іс жүзіндегі жағдаятпен оңай байланыстыра алады. Олардың икемділіктеріне шығырмашылық сипат тән, мақсатты-мәнді, психологиялық-педагогикалық қызметтің заңдылықтары деңгейінде негізделген, жалпы білім беретін оқу орындары жағдайында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланып, жұмыс істеудің табиғаты мен ерекшеліктеріне сәй келеді. Болашақ мұғалімдер жеке іс-әрекеттерін өз беттерімен қарқынды-түзетіп сараптау, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиісті бағасы мен өзара бағасын беру. Олардың істері мен мінездері ішкі серпіліс пен жауапкершілік негізінде жүзеге асады. Қиыншылық туындай қалса, болашақ мұғалімдер жағдайды тек түзетіп қана қоймайды, сонымен бірге оның ықтимал өзгерістерін сарапттайды, қияншылықтан шығудың жаңа, тапқыр шешімдерін жасайды.

Жеткілікті деңгей, болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті және жаңа педагогикалық технологиялар бойынша білімі жеткілікті, оларды іс жүзінде асырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын, құралдарын, әдістемесін меңгерген, теория мен практикадан алған білім, білік, дағдысын практикада мүмкіндігінше пайдалануға тырысады. Кей жағдайда шығармашылық көзқарас танытады. Олардың білімдері жеткілікті түрде берік, әрі жүйеленген, алайда кейде нақты нақтылы жағдайда бұларды пайдалануында қиндықтар туындайды. Икемділіктерін тек белгілі бір жағдайда ғана табыспен, жүйелі және саналы түрде қолданады. Бұл деңгейдегі болашақ мұғалімдерде әрқашан жаңа педагогикалық технологияларды қолдануға деген рефлексиялық әрекеттің басымдылығы бола бермейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ құрлысшы мамандықта оқыйтын оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлауды әдіснамалық-теориялық тұрғыда негіздеу және оны жүзеге асыруды әдістемелік жүйемен қамтамасыздандыру
Мектеп оқушыларының фермер мамандығына қызығушылығын қалыптастыру
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Оқушыларға сәндік - қолданбалы өнерін оқытудың әдістемесі
Жаңа білімді меңгеру типті сабақтың ерекшелігі және оны өткізу
Мектептің білім беру мазмұнында ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мүмкіндіктері
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz