Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Бөлім 1. Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі ... ... ... ... ... ... .5
Бөлім 2. ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ ... ... ... ... ..19
2.1. Көзкөргеннің көңілге түйгені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Жұбан ақынның өз сөзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе

Қазақтың көрнекті ақыны, республиканың халық жазушысы, өмір шындығын өзіндік өрнекпен тапқыр бейнелеп, оқырмандарын лирика шәрбатынан сусындатқан ақынның бірі - жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 90 жыл.
Әдебиет саласындағы жартығасырлық шығармашылық еңбегінде оның қаламынан көптеген жырлар туды, сондай-ақ еңбек жолында қоғамдық қызметтерді де абыроймен атқара білген қайраткер. 1948-1963 жылдар аралығында ол газет-журналдар редакцияларында, 1963-71 және 1979-83 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Осындай қызмет бабында ол жазушылар съездерінде, Жазушылар одағы басқармасының пленумдарында, әр түрлі одақаралық жиындар мен кездесулерінде баяндамалар жасап, сөздер сөйледі. Сондықтан ақынның поэзиялық туындыларынан басқа көптеген баяндамалары, сөйлеген сөздері, заманымыздың, әдебиетіміздің көкейтесті мәселелеріне арнап жазған очерктері мен публицистикалық мақалалары да баршылық. Жұбан Молдағалиев көркем аударма саласында да елеулі еңбек етті. Міне осыған байланысты ақынның шығармаларын және оның өмірі мен қызметіне арналған әдебиеттерді бір жерге жинақтап биобиблиографиялық көрсеткіш етіп шығарудың қажеттігі туындайды.
Осыған орай Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ақынның мерейтойына арнап биобиблиографиялық көрсеткіш әзірледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – ақынның шығармаларын, оның қызметі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттерді тауып оқуға көмектесу, қазақ әдебиетінің озық туындылары қатарындағы ақынның өлең, поэмаларын насихаттау.
Биобиблиографиялық көрсеткішті құрастыруда Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қорындағы кітаптар, жинақтар, журналдар мен газеттер және библиографиялық көрсеткіштер, осы кітапхананың каталогтары мен картотекалары, ҚР Ұлттық кітапханасы шығарған библиографиялық көрсеткіш пайдаланылды.
Жұбан туралы орамды ойлар, өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет, Жұбан Молдағалиевтің шығармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған шығармалары, баяндамалар, сөздер, очерктер мен публицистикалық және әдеби-сын мақалалары, аудармалары, Жұбан Молдағалиев құрастыруға, редакциялауға қатысқан және алғы сөз бен кіріспе жазған кітаптары түгел қамтылған. Сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар хронологиялық тәртіпте, мерейтойына байланысты жарияланған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте орналасқан. Құралға көмекші ретінде Ж. Молдағалиев шығармаларының алфавиттік көрсеткіші, есімдер көрсеткіші және басылымдардың аттары қоса берілген. Көрсеткішке 2010 жылдың шілде айына дейінгі материалдар енгізілген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Мажитов С.Ф. Жизнь, деятелность и исторические взгляды Е.Б.Бекмаханова. Автореф. Алма-Ата 1992. 25стр. И.Б.Қашқынқызы Академик Р.Б.Сүлейменов: Қазақстан тарихын зерттеудегі үлесі және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі. Авиореф Алматы 1999ж-30б.
2. Ділмұхамедов Е. Б.Сүлейменов тарих ғылымдарының докторы. «Социалистік Қазақстан» 1964 ж. 18 июнь Маликов Ф, Б.Сүлейменов тарих ғылымының докторы. Лениншіл жас 1964 ж. 11 июль.
3. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1977 10т-470б.
4. Асылбеков М.Х. Тарихшы-ғалым, ұстаз Оңтүстік Қазақстан. 1982ж. 29 декабрь.
5. Басин В, Қобыландин К. Дело всей жизни. Вечерняя Алма Ата 1982ж . 16 декабря.
6. Библиография обществоведов Казахстана. Алма-Ата, 1986. с397-398.
7. Тәженов Ә. 50-жылдардың басында қазақ тарихы қалай қыспаққа алынды? Қазақ тарихы, 1994ж. №1-45-52 б.
8. Қозыбаев М. Время меняет взгляды. Мысль 1996. №2 с 65-67.
9. Ахметова Л. Патриотизм в ракурсе историй. Алматы. Санат, 1996. 224 с.
10. Тореханов Т. Қанмен жазылған тағдырлар. Алматы. 1999ж. 416 б.
11. Қасымбаев Ж.К. Вопросы историографий и источниковедения Казахстана. Алма-Ата 1988. с 5-25.
12. Ә.Ламашев. Ыбырай мұраларын зерттеу тарихынан. Қазақстан мұғалімі. 1991ж. 30 тамыз.
13. Дулатова Д.И. Историография до революционного Казахстана. Алматы. 1984-272 с.
14. Таштахметова Р.К. К проблеме изучения истории переселенческого движения в казахстанской историографии. Проблемы историй и источниковедения классовой борьбы в Казахстане (XVIII нач ХХ в). Алматы 1994. 14-23 б.,
15. Әсіп С. Қазақ қасіреті. Алматы 1994. 14-23 б.
16. Мұхатова О. Қазақстандағы ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы аграрлық реформалар тарихнамасы.(1900-1929жж) Алматы 1998-199б.
17. Есқалиев С, Асылбеков М.А «Б Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы». Қазақ тарихы журналы. 1999. №1. №2. 7-56 бет.
18. Б.Сүлейменов, Басин В.Я. «Восстание 1916 года в Казахстане». Алма-Ата 1977. с 89-91.
19. Дулатова Д.И. Историография дореволюционного Казахстан. с 106.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3
Бөлім 1. Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық
қызметі ... ... ... ... ... ... .5
Бөлім 2. ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНАН ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ ... ... ... ... ..19
2.1. Көзкөргеннің көңілге
түйгені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
9
2.2. Жұбан ақынның өз
сөзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 32

Кіріспе

Қазақтың көрнекті ақыны, республиканың халық жазушысы, өмір шындығын
өзіндік өрнекпен тапқыр бейнелеп, оқырмандарын лирика шәрбатынан
сусындатқан ақынның бірі - жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің туғанына биыл 90
жыл.
Әдебиет саласындағы жартығасырлық шығармашылық еңбегінде оның қаламынан
көптеген жырлар туды, сондай-ақ еңбек жолында қоғамдық қызметтерді де
абыроймен атқара білген қайраткер. 1948-1963 жылдар аралығында ол газет-
журналдар редакцияларында, 1963-71 және 1979-83 жылдары Қазақстан Жазушылар
одағында қызмет істеді. Осындай қызмет бабында ол жазушылар съездерінде,
Жазушылар одағы басқармасының пленумдарында, әр түрлі одақаралық жиындар
мен кездесулерінде баяндамалар жасап, сөздер сөйледі. Сондықтан ақынның
поэзиялық туындыларынан басқа көптеген баяндамалары, сөйлеген сөздері,
заманымыздың, әдебиетіміздің көкейтесті мәселелеріне арнап жазған очерктері
мен публицистикалық мақалалары да баршылық. Жұбан Молдағалиев көркем
аударма саласында да елеулі еңбек етті. Міне осыған байланысты ақынның
шығармаларын және оның өмірі мен қызметіне арналған әдебиеттерді бір жерге
жинақтап биобиблиографиялық көрсеткіш етіп шығарудың қажеттігі туындайды.
Осыған орай Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық ғылыми
әмбебап кітапханасы ақынның мерейтойына арнап биобиблиографиялық көрсеткіш
әзірледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – ақынның шығармаларын, оның қызметі мен
шығармашылығы жайындағы әдебиеттерді тауып оқуға көмектесу, қазақ
әдебиетінің озық туындылары қатарындағы ақынның өлең, поэмаларын
насихаттау.
Биобиблиографиялық көрсеткішті құрастыруда Ж. Молдағалиев атындағы
облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қорындағы кітаптар, жинақтар,
журналдар мен газеттер және библиографиялық көрсеткіштер, осы кітапхананың
каталогтары мен картотекалары, ҚР Ұлттық кітапханасы шығарған
библиографиялық көрсеткіш пайдаланылды.
Жұбан туралы орамды ойлар, өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет,
Жұбан Молдағалиевтің шығармалары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған
шығармалары, баяндамалар, сөздер, очерктер мен публицистикалық және әдеби-
сын мақалалары, аудармалары, Жұбан Молдағалиев құрастыруға, редакциялауға
қатысқан және алғы сөз бен кіріспе жазған кітаптары түгел қамтылған. Сондай-
ақ ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді басылым беттерінде жарық
көрген мақалалар хронологиялық тәртіпте, мерейтойына байланысты жарияланған
әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте орналасқан. Құралға көмекші ретінде
Ж. Молдағалиев шығармаларының алфавиттік көрсеткіші, есімдер көрсеткіші
және басылымдардың аттары қоса берілген. Көрсеткішке 2010 жылдың шілде
айына дейінгі материалдар енгізілген.
Биобиблиографиялық көрсеткіш - әдебиет зерттеушілеріне, әдебиетті сүйіп
оқитын көпшілік оқырмандар қауымына, ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен студенттеріне, мектеп мұғалімдері мен
оқушыларына, кітапхана қызметкерлеріне арналады.

Бөлім 1. Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі

Жұбан Молдағалиев Ақжайық (бұрынғы Тайпақ) ауданының Жыланды деген
жерінде, 1920 жылдың 5 қазанында дүниеге келген.
Ел қатарлы ауыл мектебінен білім алған Жұбан 1940 жылы Оралдағы ауыл
шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін Совет Армиясы қатарына алынады.
Ж. Молдағалиев – қазақ поэзиясындағы, әдебиетіміздегі ірі құбылыс. Ол -
Оралдың ғана ақыны емес, қазақтың Жұбаны. Оны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
ерліктерімен де ерен істері, поэзиямен де дәлелдеді. Жұбан 1948-1952
жылдары Лениншіл жас газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы,
редактордың орынбасары, 1958-1963 жылдары Жұлдыз журналының бас редакторы
қызметтерінде болған.
1953-1954 және 1963-1971 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы
басқармасының екінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет,
көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар
жөніндегі комитетінің, Новый мир журналы редколлегиясының және
Библиотека поэта басылымы редколлегиясының мүшесі болған.
Жеңіс жырлары деген атпен тұңғыш өлеңдер жинағы шыққан. Содан бергі
жылдары ішінде Нұрлы жол, Жыр туралы жыр, Ғашық көзбен, Заман
тынысы, Айттым сәлем, Байқоңыр баспалдақтары, Ақ жалын, т.б.
барлығы 60-тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ, орыс тілдерінде таңдамалы
шығармаларының бір томдығы, қос томдығы, үш томдығы жарық көрді.
1970 жылы Кісен ашқан поэмасы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына,
1978 жылы Қыран дала және Сел поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығына
ие болды. КСРО Қорғаныс Министрлігі сыйлығының лауреаты және А. Фадеев
атындағы Алтын медальдің иегері. Көптеген шығармалары ағылшын, неміс,
француз, поляк, испан, венгер, араб, монғол, словак және басқа шетел
тілдеріне аударылған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.
Ұлы Отан соғысы кезінде жауға қару мен қаламды қатар жұмсаған айбынды
жауынгердің ақындық таланты да өмірдің сол бір ауыр кезеңдерінде, қан
майданның өлім мен өмір қазанында қайнап қалыптасты. Жас талаптың, алғашқы
өлеңдері Отан қорғау тақырыбына арналды.
Өмірдің сын сағаттары жас талапты тез есейтіп, ержеткізді. Ол күндерде
оның қаламы ұшталып қана қойған жоқ, ой-сезімі идеялық жағынан да шынығудың
дәуірі болды. Өйткені, оның осы тұстағы өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та
азаматтық пафоска, патриоттық ой - сезімге толы.
Өмір шындығын шынайы бейнелап, образ жасауға талпынған алғашқы
адымдары мен ізденістерін Атака, Батыр туралы баллада, Ер қабірі,
Әлия, Солдат сыры, Жауынгер хаттары сияқты өлеңдерінен көруге болады.
Батыр туралы баллада жаумен бетпе-бет айқасқан нағыз жалынды
күрескер, күрес майданында көтерілген қызыл жалаудың құдіретті рухын
танытады.
Ал, Ер қабірі өлеңінде автор соғыста қаза тапқан ерлер өлімінің басқа
өлімдерден өзгешелігіне ой жіберіп, дүниені азат еткен жауынгерлер қабіріне
әркімнің де бас июге қарыздар екенін еске салады.
Жас талаптың майдан өміріне, Отанға, туған жерге, ерлер ерлігін
жырлауға арналған, ыстық ықыластан туған шағын лирикалары соғыс кезінде
осылайша туындап жатты.
Жас ақын соғыстан кейінгі дәуір шындығын азаматтық сезіммен бейнелей
білді. Оның 1945 жылы Жеңіс күніне арнаған Жеңімпаздар сәлемі атты
өлеңінде туған халқын тарихи Ұлы жеңіспен құттықтайды.
Жең түріп түстің, енді сен
Жолына бейбіт еңбектің,-
деген өлең жолдары соғыс табы кетпей жатып, жаңа дәуірдің кезек
күттірмейтін міндеті, бейбіт еңбекке көшу, соғыс салған жараны жазу екенін
түсінгеннің белгісі болатын.
Бейбіт еңбекті, соғыстан кейінгі ауыл өміріндегі өзгерістерді туған
даланың бейбіт еңбекпен түлеуін өз поэзиясының өзекті тақырыбы етіп алды.
Ауыл түтіні, Ақ Жайық, Бұлақ, Жаңалық, Кең жайылып барады деген
өлеңдерінен ауыл өмірін нақты, үлкен оймен жырлай бастағанын көреміз.
Өмірді нақты жырлаумен бірге, уақыт тынысына ой жүгірту, жаңа
адамдардың қарапайым, адал махаббаты, сезім сырларына үңілу ақынды жаңа бір
белеске талпыныс жасатты. Оның Уақыт, Жол туралы аңыз өлеңдерінде
біздің дәуіріміздегі уақыттың айырықша қоғамдық қызметіне философиялық мән
берілген.
Бұл тұстағы Махаббатты таңдасам, Аққу өлеңдері де образға бай
туындылар. Ақын махаббат ұғымына тек жастықтың сүю сезімін сыйғызып қана
қойған жоқ, ел мен туған жерді сүю, жар сүю, ананы сүю - жалпы алғанда
сүйе білу сезімінің байлығын сыйғыза білді.
Менің де махаббатқа жаным құмар,
Сол ғана табындырар, жалындырар.
Сол маған ана сыйлап, бала өсірткен
Сол маған жар сүйдірген жанын қияр.
Сол үшін - өмір тілеп жүргенім де,
Сол үшін қанат ұрам жыр көгіне.
Сол ғана ел мен жерді сыйғызады
Адамның жұдырықтай жүрегіне, - дейді.
Жұбан Молдағалиевтің соңғы жинақтарының бірі Жиырма бес деп аталады.
Бұл кітап - жиырма бес жылғы ақындық еңбектің жемісі десе болғандай.
Өйткені, бұл кітапқа ақынның таңдамалы туындыларының біразы енген.
Жинақтағы Мен қазақпын деген поэма казақ поэзиясының соңғы жылдардағы
көрнекті табысы болып бағалануда.
Қазақ халқының ерте заманғы бастан кешкені мен өмір жолы баяндалады.
Ақын бұл арқылы бүгінгі өмірдегі өзгерістерді бейнелеуге мүмкіндік тапқан.
Поэма халық тағдырын тұтас танытуға құрылған.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген -
деп басталып, қазақ халқының азаттыққа дейінгі өмір жолы суреттеледі.
Бұл шумақ поэманың алғашқы бөлімінің идеялық түйіні іспетті.
Автор ажалсыз ананы да, пәк сәбиді де, батыр жігітті де, қара көз
сұлуды да көріп, жол таппай қараңғыда қамалған халық трагедиясын көркем
образдармен де аша білген.
Халықтың жауынгерлік салты, күрес үстінде туғаны, әр-түрлі жорықтар
шабуылы оны ерлік пен ізгілік мінездерге шыңдағаны қазақ бейнесінің
қалыптасуына тарих қосқан үлестей елестейді. Ол Шыңғыс шабуылын да,
Темірдің жезтырнағын да көрді. Ақ табан шұбырындылықты бастан кешірді.
Осының бәріне төтеп беріп, өзінің ерлік салтын сақтап қалған халық
характерін ашады. Қазақ характерін ашуда оның ұлттық тәуелсіздік жолындағы
күресі тарихының да едәуір маңызы бар. Ол хан мен патшаға қарсы күресте
Исатай найзасы болып жарқылдап, Махамбет боп тілінен жыр төгеді. Орыс,
қазақ шаруаларының достығын, азаттық пен тәуелсіздік жолындағы күрестердің
жолын әңгімелейді.
Халықтың революциялық күрес кезіндегі өмірінде қазақ мінезінің жаңа
сипаттары қалыптаса бастайды. Енді ол мың өліп, мың тірілген тарихын емес,
мың бірінші рет тіріліп, енді өлмеске бел буғанын айтады.
Қазақ, халқының қазіргі дәуіріндегі шат-шадыман өмірі мен тұрмысын,
өзгерген даланы, салтанатты қаланы, Байқоңырдан старт алып жатқан алып
кемелерді, қазақтың дарынды ұл-қыздарын мақтан етеді.
Поэманың құндылығы - образдылығы мен ойлылығында, сезімталдығы мен тіл
шұрайлығында.
1967 жылы жарық көрген Жұбанның Айттым сәлем жинағын оқи отырып,
ақынды азаматтық, саяси лирикалар саласында өсу, іздену жолында көреміз.
Абай атындағы республикалық сыйлыққа ұсынылған бұл жинаққа ақынның
отыздан астам лирикалық өлеңдері мен Айттым сәлем және Туған жер атты
дастандары енген. Жинақтағы өлеңнің негізгі тақырыбы - туған жер, ана,
шынайы махаббат, халқымыздың өткені мен бүгінгі тарихы, оның нұрлы
болашағы.
Кітаптағы ана тақырыбына арнаған жырдың бірі - Мен қазақ әйеліне
қайран қалам. Бұл өлең қазақ әйелдерінің өмір шежіресі десе болғандай.
Жұбан әйел туралы ескі ұғымға дау айтып, әйел анаға деген халықтық
көзқарасты дәріптеп, қоғамдағы алатын орнымен қадір-қасиетіне жүгіндіреді.
Жұбан Молдағалиев лирик қана емес талантты эпик ақын. Қазақ поэзиясының
бұл саласын дамытуда үлкен үлес қосып келеді. Ол өмір фактілерін нақты
жырлап, одан қоғамдық үлкен түйін жасауға көбірек барады.
Жұбанның Қиял қанаты, Дала дастарқаны, Жыр туралы жыр т. б.
дастандарын оқудың өзі бір ғанибет.
Ақынның туындыларындағы көркем тіл, тапқыр ой, шебер қиюласқан образдар
лирикалық толғауға айналып жатады. Жұбан шығармаларын оқығанда, оның
оқырмандар ойынан дәл түсіп, олармен сырласа отырып жазғандай әсер аласың.
Ол қазақтың тіл байлығын, мақал-мәтелін, қанатты сөздерін тұрақты сөз
тіркестерін орынды пайдаланады.
Адамгершілікті, жан тазалығын, ар тазалығын ардақтайтын Жұбанның асыл
жырлары сафы алтындай күйінде туындай беретініне сенім мол.
Жұбан Молдағалиев өмір университетінен тәлім ала жүріп,
шығармашылығының жолында ізденгіш те тапқыр, сөз зергері, жыр жампозы
атанды. Ол Мұхтар, Сәбит, Ғабит, Ғабиден, Әбділдә сияқты, әдебиеттің ірі
өкілдерімен қызметтес, қаламдас болды. Олардан үйрене жүріп, өзгеше жазған,
өзінше жазған.
Жұбан Молдағалиев - республикамыздағы әдеби бірлестіктерді
ұйымдастырушылардың бірі.
Жұбан Молдағалиев Қазақ КСР-і және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты
болып бірнеше мәрте сайланған халық қалаулысы. Ол Ленин, Еңбек Қызыл
Ту, Отан соғысы, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.
1985 жылы Қазақ КСР-інің Халық жазушысы атағына ие болған сөз
зергері, қазақ көркем сөзінің жыр дариясы.
Еліміз үшін ауыр болған 1986-87 жылдарда сол оқиғаға байланысты
Колбиннің алдында сөйлеген сөзі бүгін де нағыз азаматтықтың эталонындай
аңызға айналды. Қазақ халқына ұлтшылдар, шовинистер деген ауыр кінәлар
тағылып, Мәскеудің қылышынан қан тамып тұрған кезде олай сөйлеу - Мен
қазақпын дейтін қайсар қазақ Жұбанның ғана қолынан келсе керек.
Қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев 1988 жылғы 6 қазанда дүниеден
кетті. Бірақ оның қалдырған мұрасы, тындырған еңбегі саптан шығып
қалмайтын, келешекте де оқырманын табатын құнды дүниелер. Ол жылдар озған
сайын бүкіл бітім-болмысымен, мәнімен де, нәрімен де жарқырай түсетін асыл
қазына.
Ж. Молдағалиев бақилық сапарға аттанып кетсе де, ол біздің барша
оқырмандарымыздың жадында, зердесінде мәңгілік қалатын арқалы ақын, айбынды
азамат.
Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты
өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында
Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен
сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа
толы болды. Осы ерекшеліктер Жұбан Молдағалиевтың 1949 жылғы "Жеңіс
жырлары" кітабында анық байқалады. Ж. Молдағалиев туған жері — Жайық бойы
жайлы әдемі жырлар қалдырды. 
"Алматы тау өзені" өлеңінде: ...Тау текедей бір ұсталмай Тастан-тасқа
атылды. Темір тиген хрустальдай Шытынайды, уатылады, — деген жолдарда ақын
толқындардың шатынауын естіртеді, өзен ағысының күштілігі көз алдымызға
келеді. Өлеңнің әсерлілігі, өлең ерекшелігі келесі шумақта бір-бірімен
байланыста жымдаса түседі. ...Тау бұйырса, сыз бұйырса, Желе жортар желі
даяр, Кұз құласа, мұз құйылса, Сең-сең тасы, селі даяр... — деп, ақын тау
өзенінің жан-жақты тағы бір қыр-сырын аша түседі. "Қазақ тілі" өлеңінде
алдымен халқымыздың көне дәуірден бергі тарихына үңіле келіп: ...Жерленген
әсем қалалар, Мүжілген, шөккен Таулар да Шұбарлап түзді. Алалап Шеру сап
өткен жаулар да... Жау тисе сырттан өріске, Салыпты бүлік бәрі іште, Пана
да түскен бөліске, Ана да түскен бөліске... — деген жолдарда ауыр тауқымет,
жау ойраны, азап тартып бәрін көтерген, басынан кешірген ана мен жер,
іштегі бүлік, бөліске түскен мал мен жай тағдырына үңілдіре түседі. Осындай
қиын кезеңді басынан өткізген бүкіл халық тағдырына ортақтаса түсеміз;
келесі шумақтар оқырманды өзіне тарта түседі... ...Бүтіндік, бірлік Ерсі
боп, Жақында мал-жан енші боп. Тіліміз ғана тұрьш та Емші боп әрі елші боп.
Сол ғана қалған бөлінбей Бөліске түсер кезде ондай Сол ғана қалған
бөлінбей— Жүректей, Күндей, Ождандай ... — деп, жау ойранында бөліске
түспей, қадір-қасиетін сақтап қалған тіліміз ғана болғанына еріксіз
куанасың.
Ж.Молдағалиевтың қалам тартып, терең зерттеу жүргізген мәселелердің
бірі–Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар мәселелері. Ол өзінің таңдаған
проблемаларының нағыз патриоты болды. Әсіресе Ж.Молдағалиевтің жүйелі
түрде тереңнен зерттеген тақырыбы ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
қозғалыстар тарихы еді. Осы мәселе бойынша көп жылдар бойы айналы су
барысында, ғалым өз соңынан 3 монография және 27 ғылыми мақалаларын жазып
қалдырды. Сондай-ақ, ғалым бұл проблема бойынша дерек базасын жасауға
тікелей қатысып, қыруар жұмыстар атқарды. 1952 жылы Алматыда революцияға
дейінгі ұлттық қозғалыстар тарихы және Қазақстанның Ресейге қосылуының
мәселелері бойынша өткен ғылыми кеңесте 1916 жылы көтеріліс бойынша
баяндаманы Ж.Молдағалиев жасады.
Бұл мәселе бойынша ол өз ғылыми зерттеулерін Ұлы Отан соғысы
аяқталар кезінен бастаған болатын.Ж.Молдағалиев көтеріліс бүкіл қазақ
жерінде болғанын, тек көтерілістің ішкі ерекшелігі, Торғай, Жетісу
облыстарымен салыстырғанда, қалған облыстарда әлсіздеу екендігін атап
көрсетеді. Сондай-ақ Ж.Молдағалиев 1916 жылы көтеріліс тарихнамасында
мүлдем қаралмаған қазақ жұмысшыларының, жалшыларының да осы көтерілісшілер
қозғалысына қатысқандығын тарихи фактілер келтіріп дәлелдеді.
Ж.Молдағалиевтің бұл мәселеге қосқан маңызды жаңалығы осы көтерілістің
мерзімдік шеңберін дұрыс анықтауға болатын. Оның пікірінше, 1916 жылғы
көтеріліс 1917 жылыақпан революциясы кезінде басылды деген қалыптасқан
қорытындыны дұрыс емес деп есептеп, көтеріліс Торғай және Жетісу
облыстароында партизандық әдіспен жалғаса берді деп алғаш тұжырымдайды.
Ж.Молдағалиев бірінші дүниежүзілік соғыс қазақ елінде онсыз да ауыр отарлық
езгіні күшейткендігін,соның салдарынан халықтың азаттық күресінің өрлеуіне
1916 жылы патша жарлығының себеп болғанын баяндады. Жинақталған құжаттарға
сүйене отырып, ол 1916 жылы көтеріліс ұлт-азаттық сипатта болып,
империалистік соғыспен патшалықтың отарлау саясатына және феодалдық езгіге
қарсы бағытталды деп қорытынды жасайды. Көтерілістің әлеуметтік құрамын
анықтағанда, Бекежан Сүлейменов бірқатар аудандарда көтеріліске
шаруалардың қалың бұқарасымен қатар бай-феодалдардың және мұсылман
дінбасыларының өкілдері қатысып, олардың көздеген мүдделері бұрынғы
отарлауға дейінгі әлеуметтік артықшылықтарына қол жеткізу болды деп таптық
тұрғыдан болса да 1916 жылғы көтерілістің кең әлеуметтік негізін көрсетеді.
Оның еңбектерінде 1916 жылы көтерілістің көп ұлттық болғанына да баса көңіл
аударылған. Әсіресе жетісудағы көтеріліске қазақтармен бірге ұйғырлар,
дүнгендер т.б. ұлт өкілдері белсене араласты деп көрсетеді. Одан әрі қарай
мұндай бірнеше ұлттың басын қосқан, біртұтас интернационалдық көтеріліс
тарихта сирек кездесетін құбылыс еді. Патша үкіметінің ұлттарды бір-біріне
айдап салу сияқты қитұрқы саясатына қарамастан, азаттық қозғалысқа
қазақтармен қатар ұйғырлар, дұнғандар жаппай қатысты,-деп өз пікірін
нақтылы айтады.18 Ж.Молдағалиев 1916 жылы қозғалыста қарапайым халықтан
шыққан қазақ-радикольды демократиялық интеллегенциялық халық бұқарасының
күштерін ұйымдастыруға тікелей қатысқандығын атап көрсетеді. Зерттеушінің
А.Бөкейхановтың басшылық жасаған Қазақ басылымының айналасында топтасқан
интеллекциялық тек осал жақтарын ғана көрсетіп, бір беткей пікір жасауынан
әкімшілік-әміршілдік жүйенің идеологиясының кемеліне жетіп тұрған
уақытындағы салқыны сезіледі. Жалпы айтқанда 1916 жылы ұлт-азаттық
қозғалыста қазақ интеллегенциялың осал жақтарыменқатар жарытымды іс-
әрекеттерін де көрсете білді. Ол 1916 жылғы көтерілісті Қазақстан және Орта
Азия жерін түгелдей қамтыған Ресей империясындағы ең айбынды ұлт-азаттық
қозғалыс деп бағалады.
1952 жылы Алматыда өткен тарихшылардың пікірталасында 1916 жылы
көтеріліс ұлт-азаттық сипатта өрістеді леп бағаланғанмен, Орта Азия мен
Қазақстанды түгелге жуық шарпыған бұл көтеріліс жөнінде дау-талас басыла
қойған жоқ. Сөйтіп осы ғылыми кеңесте Орта Азия және Қазақстандағы 1916
жылғы ұлт-азаттық көтерілістердің тарихына ортақ баға беру
қалыптастырылды.19
Алайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың прогрессивті және кереғар
тұрғысынан ошақтарға бөліп қаралуы осы айбынды көтерілістің Орта Азия және
Қазақстан халықтары тарихындағы аталатын ролінің және мәнінің тарих
ғылымында кеміттіп көрсетілуіне алып келді.
Ғалымның Отан тарихына қосқан күрделі үлесі ХІХ ғасырдың аяғында
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе, 1905-1907 жылғы
Қазақстандағы көтеріліс, XVII ғғ басындағы Қазақстан Россия құрамында
деген күрделі монографиялық еңбектерінде20 Бекежан Сүлейменұлы отарлық
езгідегі қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік мәселелеріне феодалдық және
капиталистік өндіріс қатынастары дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы
революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстың даму кезеңдеріне жаңа ғылыми баға
бере отырып, Қазақстанның Ресейге қосылуының әр түрлі нәтижелері мен
салдарын ашып көрсетеді, халықтар досытығын, еңбекшілер білігін
насихаттайды.
Ғалым Қазақстанныңреволюцияға дейінгі тарихының деректік негізін
жасауға тікелей атсалысты. Ол бес томдық Қазақ КСР тарихының бас
редакциясының мүшесі және белгілі авторы болды. Қазақ Совет
Энциклопедиясын шығруда көп үлес қосты. Қызық тарихы тәелсіздік пен Отан
территориясын қорғауға арналған соғыстар мен күреске бай болса, ХІХ-ХХ
ғасырларда Ресей империясының отардау саясатына қарсы көтерілістерге
толы. Бұл көтерілістер күшпен басылып отырғанымен, қарсылық әртүрлі
қозғалыстарға ұласып, ешқашан жоғалтқан жоқ. Бір кездерде 1905-1907 жылғы
революция Қазақстанға соқпай кетті, сол кезеңдегі революциялық толқын
Қазақстанға жетпеді деген ұғым басым болған.
Ж.Молдағалиев бұл пікірді сынап, жергілікті қазақ халқы өз
бостандығы, егемендігі үшін орыс ңбекшілерімен бірге 1905 жылғы
революцияға қатысқандығын дәлелдеді. Ресейде болған 1905-1907 жыллардағы
революция Қазақстанда күрестердің жаңа толқынының пайда болуына түрткі
болды. Еңбекші шаруалардың жер үшін күресі Ресейдегі және ұлттық
аймақтардағы 1905-1907 жылғы саяси күрестің құрамдас бөлігіне айналды
деді.21 Бұл еңбектерде Кеңестік кезеңдегіидеологиялық лептің салқыны
сезіледі.Бірақ сол еңбектерде жинақталған үлкен фактологиялық материал,
қазақ халқының сан ғасырлық азаттық үшін біртұтас күресінің бір буыны
ретінде көрсететіндігімен құнды. Сондай-ақ бір кездерде тарихи
әдебиеттерде 1916 жылғы қазақтар көтерілісінің ұлт-азаттық бағыты
бұрмаланған болатын. Бекежан Сүлейменұлы құжаттармен мәліметтерге,
мемуарлық және әдеби деректерге сүйен отырып, бұл көтерілістің
арогрессивтік-азаттық мәнін дәлелдеп берді және де бұл көтеріліс
империализм дәуіріндегі алғашқы ұлт-азаттық революция екендігін дәлелдеді.
Сонымен қатар 1916 жылғы ұлт-заттық көтеріліс бүкіл қазақстан жерінде
болғанын толық дәлелдеді,өйткені сол кезге дейігі еңбектерінде көтеріліс
тек қана 2 облыста болды деп жазылды. Бұл көтеріліс 1917 жылы ақпан
революциясы кезінде басылды деген пікірге қарсы шығып, көтеріліс Торғай
партизандық әдіс күресімен жалғаса берді деп дәлелдеді.22
Бекеңнің тереңдеп жан-жақты зерттеген проблемаларының бірі
революцияға дейінгі Қазақстандағы аграрлық қатынастар тарихы. Ол ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе
деген күделі монографиялық еңбегі негізінде 1964 жылы өзбек КСР Ғылым
академиясының Қоғамдық ғылымдар жөніндегі біріккен ғылыми кеңесінде
докторлық диссертация қорғады.
Бекежан Сүлейменовке дейін революцияға дейінгі Қазақстандағы
аграрлық мәселе тарихы бойынша арнайы зерттеу жоқ еді. Бұл еңбектің
құндылығы міне сонда.
Қазақстанды отарлау тарихының жалпы мәселелеріне арналған көптеген
еңбектерде аграрлық қатынастар мәселесі үстірт қаралды, көптеген мәселелер
шатастырылды және үстем идеология ықпалымен теріс жазылды. Сондықтан да бұл
монографияны жазу барысында авторға көп еңбек етуіне тура келді. Бұл Кеңес
Одағының Мәскеу, Ленинград, Алматы, Орынбор, Ташкент, Омбы және басқа
қалаларындағы 15-ке жуық архив қоймаларынан мәліметтер мен құжаттар алып,
150-дей қорды сұрыптайды. Революцияға дейін шыққан көптеген журналдар мен
газеттерді қарап, мыңға жуық кітаптар, зерттеулермен мақалалар талдайды.
Сонымен қатар Бекең Қазақстанның әр жерінде тұратын ақсақалдармен бұрынғы
ауылдық шаруашылық тұрмысының кейбір жайларын анықтау үшін үнемі пікір
алысады. Осындай бағалы деректерді пайдалана отырып, 1967-68 жылдардағы
шарушылық құрылысын, жер көлемін саны көлемін, халықтың саны мен
отырықшылық жағдайын ғылыми жүйемен зерттеп, талдай білді. Ж.Молдағалиев
революцияға дейінгі Қазақстан патшалық Ресейдің аграрлық-шикізат көзі
болғандығын атап көрсетеді. Қазақстанның 98,8 ( және орыс тұрғындарының
63,1% ХХ ғасырдың басында тек қана ауыл шаруашылығымен айналысқан
беді.Осыдан бреволюцияға дейінгі Қазақстанның тарихы, түптеп келгенде,
ауылдық, ауыл шаруашылығымен шаруалардың тарихы деп орынды көрсетеді.
Монографияда 1867-68 және 1891жылғы патша реформалары талданып,
Қазақ елі өмірінің негізгі салаларын қамтығандығы, осының негізінде
Қазақстан метрономия үшін түкілікті шикізат көзіне айналғандығы
дәлелденген.Сонымен қатар патша үкіметінің реакциялық саясатына қарамастан,
ХІХ ғасырдың аяғында ауылдық-әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси
дамуына капиталистік қатынастар біртіндеп енгенін көрсеткен. Осыған дейін
объективті түрде зерттелмей келген мәселелер, оның ішінде ауылдық
территориялық-шаруашылық тұрмысының ерекшеліктері ескеріліп, географиялық
ортаның әсері, көрші аймақтардың оның экономикасына ықпалы мен маңызы
көрсетіліп баяндалады. Қазақ ауылының ерекшеліктерін ескеріп, аймақтар
бойынша зерттеу ескеріп, аймақтар бойынша зерттеу негізінде Бекежан
Сүлейменов Қазақстан жерін аймақтарға дұрыс бөледі. Олар: мал және жер
шаруашылығымен айналысатын солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, және
мал шаруашылығымен айналысатын оңтүстік-батыс , және орталық аудандардың
бір бөлігі.
Ж.Молдағалиев өз еңбегінде қазақ шаруаларының отырықшылыққа көшуіне
егжей-тегжейлі тоқтап, бұл үдістердің кезеңдерін талдайды. Шаруалардың
жаппай отырықшылыққа көшуінің бірінші сатысы тұрақты қыстауларға көшу деп
көрсетеді. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясаты шаруалардың
жаппай отрықшылыққа көшуіне кедергі болды, тіпті қазақтарды шөлейттерге
ығыстырды деп дәлелдеді.
Аграрлық қатынастың шиеленісуінің себебі ретінде Сүлейменовтың қазақ
жерлерін патша үкіметінің жаппай талан-таражға түсіргенін атап көрсетті.23
Ежелден қазақ халқының меншігінде болған жерлері патшы үкіметінің күшпен
тартып алып, казак әскерлерінің иелігіне және қоныс аударушылар қорына
бергені баяндалды. Осындай зорлық-зомбылыққа қарсы өрістеген аграрлық
қозғалыстың дамуын талдай келіп, Бекең қазақ шаруалары не үшін күресті,
олардың күресінің түрлері және әдістері қандай болды деген сұрақтарға бұған
дейін жарияланған әдебиеттермен салыстырғанда толық жауап береді. Қазақ
шаруаларының аграрлық қозғалысы ұрт-азаттық қозғалыспен тығыз байланысты.
Оның төменгі сатысы арыз, өтініш, талап және петиция жазу түрінде болса,
қазақ шаруаларының қарулы көтерілісі жоғарғы деңгейі еді.
Сонымен қатар қазақ шаруалары жер үшін, Ресейдің басқа халықтарымен
тең саяси құқық үшін, толық бостандық және ұлттық тәуелсіздік үшін күрес
жүргізді24 деп, Ташкентте ғылыми конференцияда жасаған баяндамасында тап
күресі шеңберіне шығып, қазақ халқының ұлттық патриотизмін насихаттаушы
ғалым ретінде көрді.
Бұл қабылдаған ортақ ресми көзқарасқа Ж.Молдағалиев айдаудан
оралғаннан кейін, осы мәселелермен айналысу барысында үзілді-кесілді қарсы
шығып, бір қозғалысты жасанды түрде бөліп, түрлі сипаттау және ошақтың
принципі бойынша бағалау дұрыс емес деп, өз көзқарасынашық білдірді.
бірінші орыс революциясы кезіндегі Қазақстандағы азаматтық үшін
күресті баяндаудағы көзқарасында кеңестік кезеңнің идеологиялық салқыны
сезілгенмен, ол жазған еңбектер Қазақстан халқының патшалық езгіге қарсы
өрлей түскен күресін көрсететінкөп тың мағлұматтар мен құнды, сондай-ақ
мұнда 1905-1907 жылдардағы революциялық толқулар қазақ халқының өзінің
азаптығы үшін күресінің бір жағдайының астарларын ХХ ғасырдың басындағы
дүние жүзілік өнеркәсіп дағдарысынан да іздейді. Ол 1905 жылғы революция
қарсаңында қазақ өлкесіндегі жұмысшылар және шаруалар қозғалысын зерттеу
барысында олардың революциялық күреске шығуына себептер болған
экокномикалық жағдай екеніне баса назар аударды. Монографияда архивтік
мағлұматтар негізінде Қазақстандағы кеншілердің, теміржолшылардың, өңдеу
өнеркәсібінің жұмысшыларының және қазақ шаруаларының революциялық бас
көтерулері қазақ халқының ұлт-азаттық күресімен бір арнаға құйылып, патша
билігіне елеулі қауіп туғызды деген тұжырымға келеді. Ж.Молдағалиевтің
бұл моографиясына уақыт сарынындағы таптық, коммунистік көзқарас ықпалын
тигізбей қоймағанмен дегенмен, иқазақстандық тарихнамада Ресейде 1905-
1907 жылдарда болған төңкерістің дала өлкесіне әсері, сол уақыттағы І—ІІ-ші
мемлекеттік Думаның пайда болуы мен қызметінің кейбір мәселелері бұл
еңбекте алғаш байланыстырыла зерттелген. Бірінші орыс революциясының қазақ
өлкесіне ықпалын зерттеуде алғаш деректік жинақ 1949 жылы Ж.Молдағалиевтің
редакциялығымен және кіріспе мақаласымен жарық көрді.
Бірнеше жыл өткеннен кейін Ж.Молдағалиев редакциялауға тікелей
қатысқан 1905-1907 жылдардағы Қазақстандағы революциялық қозғалыс атты
тағы бір жинақ жарық көрді.
Ж.Молдағалиевтің мұралары ішінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр
баысндағы агралық мәселе бойынша жазған еңбектеріде ерекше орынға ие. Оның
бұл саладағы еңбектері өзінің ғылыми құндылығын жоғалтпай онда айтылатын
кейбір тұжырымдар әлі күнге дейін өз маңызын сақтауда. Ол 1867-68 жылғы
жүзеге асырылған реформалардың мәнін аша түсіп,Қазақстан патшалық ресейдің
дамып келе жатқан өнеркәсібінің өнім өткізу рыногы және шикізат көзіне
айналды, соның нәтижесінде қазақ жерінің байлығы аяусыз тоналды леген
ғылыми тұжырым жасады. Ол кейбір ғалымдардың Англия мен Голландияның
отарларына қарағанда патшалық Ресейдің аймақтарындағы отарлық саясаты
жұмсақтау болды,--деген пікіріне ашық қарсы шықты. Мұндай пікірдің тарихи
шындыққа сай келмейтінін, патша өкіметінің отарлық саясаты треакциялық
мәнге толы екендәгән алға тартты.
Ғалымның мұндай пікірі кейін оның қуғын-сүргінгеұшырауына түрткі де
болған еді.
Көптеген деректерді талдап сараптау негізінде автор ХІХ ғасырдың
соңы мен ХХ ғасыр басында қазақ аулында аграрлық қайшылықтар аса қатты
шиеленісу себебі қазақ жерлерінің патша өкіметі тарапынан тоналуында
жатқанын негіздеп береді.
Ж.Молдағалиев тарихи демография аспектісіне де көңіл аударып,
Қазақстан ғалымдарының ішінде ең алғашқылардың бірі ретінде қазіргі қазіргі
қазақстан территориясы бойынша географиялық сипаттама бере отыра, өлкеге
кіретін аудандар бойынша халықтың санын өсіңкілік жағдайда қарастырды. ХІХ
ғ соңы мен ХХ ғасыр басында өлкенің жалпы сирек қоныстанғандығын айта
келе, автор облыстар бойынша халықтың тығыздығының әркелкі болғанын
көрсетеді. Мұны ол сол жердің географиялық ерекшелігімен және тұрғындардың
шаруашылық өмірімен түсіндіріледі.25
Жұбан Молдағалиев пайымдауынша көптеген зерттеушілер өз еібектерінде
қазақ халқының шаруашылық тұрмысының ерекшеліктеріне баса көңіл аудармаған.
Қазақ ауылының шаруашылық тұрмысые ескере отырып, ғалым географиялық
ортаның сол аймақтың экономикасына тигізетін әсерін есепке алудыбірінші
кезекке қояды.Ол Қазақстан жерін екі шаруашылық аймаққа бөліп
қарастырады.Бірінші аймаққа мал және егіншілік шаруашылығымен айналысатын
солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс, Сырдария алқабы аудандары,
егінші аймаққа мал шаруашылығымен айналысатын Оңтүстік батыс, орталық
аудандарды жатқызды.
Ж.Молдағалиев еңбектерінде қазақ интеллегенциясының сол тарихи
кезеңде аграрлық мәселені көтеруіне тоқталмай, одан саналы түрде айналып
кетіп отырған. Сол үшінде Ж.Молдағалиев мұндай әрекеті П.Г.Глузо тарапынан:
Оның кітабында жергілікті ұлтшыл, контрреволюцияшыл күштердің аграрлық
мәселеге берген бағасы жайлы айтылады,-деп сынға да ұшыраған болатын.
Сонымен бірге Ж.Молдағалиевтің еңбегінде қоныс аударушы шаруалардың
Қазақстанға көшіп келуіне жергілікті халықтардың қатынасы жеткілікті
ашылмаған.Бұны кеңестік идеологиясының ықпалы деп ұғынуға болады.
Ж.Молдағалиевке дейін революцияға дейінгі Қазақстандағы аграрлық
мәселе тарихы бойынша арнайы зерттеу жоқ еді. Бұл еңбектердің құндылығы
міне сонда.
Қазақстанды отарлау тарихының жалпы мәселелеріне арналған көптеген
еңбектерде аграрлық мәселелер үстірт қаралды, көптеген мәселелер
шатастырылды лнемесе үстем идеология ықпалымен теріс жазылды. Сондықтан да
бұл монографияны жазу барысында аворға көп еңбек етуіне тура келді. Кеңес
Одағының мәскеу, Ленинград, Алматы, Орынбор, Ташкент, Омбы және басқа
қалалардағы 15-ке жуық архив қоймаларынан мәліметтер мен құжаттар алып,
150-дей қорды сұрыптайды. Револьюцияға дейін шыққан көптеген газеттер мен
журналдарды қарап, мыңға жуық кітаптар, зерттеулер және мақалалар талдайды.
Сонымен қатар Ж.Молдағалиев Қазақстанның әр жерінде тұратын ақсақалдармен
бұқрынғы ауылдың шаруашылық тұрмысының кейбір жайларын анықтау үшін үнемі
пікір алысады. Осындай бағалы деректерді пайдалана отырып, 1867-68
жылдардағы шаруашылық құрылысын, жер көлемін, халықтың саны мен отырықшылық
жайын ғылыми жүйемен зерттеп, талдай білді.
Ж.Молдағалиев революцияға дейінгі Қазақстан патшалық Ресейдің
аграрлық-шикізат көзі болғандығын атап көрсетеді. Қазақтардың 98,8 %-і және
орыс тұрғындарының 63,1%-і ХХ ғасырдың басында тек қана ауыл шаруашылығымен
айналысқан еді. Осыдан революцияға дейінгі Қазақстанның тарихы, түптеп
келгенде, ауылдың, ауыл шаруашылығы мен шаруаларддың тарихы деп орынды
көрсетеді.
Ж.Молдағалиев өз еңбегінде қазақ шаруаларының отырықшылыққа көшуіне
егжей-тегжейлі тоқтап, бұл үрдістің кекзеңдерін талдайды. Шаруашылық
жаппай отырықшылыққа көшуінің бірінші сатысы-тұрақты қыстауларға көші деп
көрсетеді. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлау саясаты шаруалардың
жаппай отырықшылыққа көшуіне келергі болды, тіпті қазақтарды шөлейттерге
ығыстырды деп дәлелдейді.
Аграрлық қатынастардың шиленісуініңнегізгі себебі ретінде
Ж.Молдағалиев қазақ жерін патша үкіметінің жаппай талан-таражға түсіргенін
атап көсетеді. Ежеклден қазақ халқының меншігінде болған жерлердің патша
үкіметінің күтеп тартып алып, казак әскерлерінің иелігіне және қоныс
аударушылар қорына бергені баяндалады. Осыдан зорлық-зомбылыққа қарсы
өрістеген аграрлық қозғалыстың дамуын талдай келіп, Бекең қазақ шаруалары
не үшін күресті, олардың күресінің түрлері және әдістері қандай болды деген
сұрақтарға бұған дейін жарияланған әдебиеттер мен салыстырғанда толық
жауап береді. Қазақ шаруаларының аграрлық қозғалысы ұлт-азаттық
қозғалыспен тығыз байланысты. Оның төменгі сатысы арыз, өтініш, талап
немесе петиция жазу түрінде больса, қазақ шаруаларының қарулы көтерілісі
жоғарғы деңгейі еді. Сонымен қатар қазақ шаруалары жер үшін, Ресейдің басқа
халықтармен тең саяси құқық үшін, толық бостандық және ұлттық тәуелсіздік
үшін күрес жүргізді деп Ташкентте ғылыми конференцияда жасаған
баяндамасында тап күресі шеңберінен шығып, қазақ халқының ұлттық
патриотизмін насихаттаушы ғалым ретінде көрінеді.
Ана тілінің құдіретін танытуда ақынның ең алдымен қиын асуларды
суреттеуінде үлкен мән жатқанын байқауға болады. Қандай қиыншылықта да
тілдің сақталуы өз оқушысын ойландырмай қоймайды. "Бокс заңы бойынша"
өлеңінде ақын алдымен оқырман назарын бокс заңына аударып, өмірдегі
кездесетін күншілдікті, нағыз талантты көре алмаушылықты сынап,
әшкерелейді. Жекпе-жек — заңы бокстың Бірге — жүз қарсы тұру жоқ. Желкеден
періп оқыста, Кіндіктен төмен ұру жоқ... ... Тұрмыста, әттең, қарсы жақ
Бетпе-бет келе бермейді — деп өкініш білдіре отырып: Жүгінсін бокс заңына,
Ар-ұят деген сотты ұқсын,- деген жолдар арқылы адамдыққа, адамгершілікке
үндейді. Өлең көпшіліктің көкейіндегісін тап басуымен әсерлі.
Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу",
"Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды
суретің", т.б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана
махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен,
"Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да
жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп,
сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады.
Ақын "Мен қазақ әйеліне қайран қалам" деген белгілі өлеңінде, тарихтың
тәлкегіне көне жүріп, небір қиыншылықты басынан өткізсе де аналық бейнесін
сақтаған әйелді ақын дүниенің бар салмағын көтерген жермен теңестіреді. Қай
өлеңінде болмасын, даланың табиғатын да ол адамдық сезіммен қабылдайды. Оны
қимас адамы — анаға балайды: ...Мен үшін қазақ жерінің Жаманы мен жаты жоқ.
Мен үшін қазақ жерінің Анадан өзге аты жоқ. Ақын табиғатты қорғау, сақтай
білуге үндеген көптеген өлеңдер жазды. Мәселен: ...Табиғат — аңға да ана,
маған да ана, Қорғаныш бола білсе — далам дана, — деп, табиғатты анаға
теңеуінде үлкен ой жатқанын көреміз.
"Жалғыз ағаш" атты өлеңінде: Әрине, ел көшсе де, жұрт қалады, Жол
салты жолаушыны құтқарады. Көмулі тал түбінде торсық қымыз, Шөл емі — бірер
дорба кұрт қалады, — деп суреттейді. Мұнда барынша анық, түсінікті, барынша
қарапайым жолдардағы шөл, құлазыған даланы мекен етіп өскендер, сол далада
жол көшкендер бұл суретті айнымай таниды. Ақын мұнда дала үшін жалғыз
ағаштың көрікті екендігін аша түседі. Сондай-ақ салт-дәстүр бойынша
жолаушыға деп жанашыр, сезімтал қазақ халкының ағаш түбіне сақтаған сусын,
ас-дәмі оның адамгершілік, адам сүйгіштік қасиетін асқақтата түседі.
Осыдан келіп, жалпы қазақтың жомарттығы, қонақжайлылығы біртіндеп
толыға түседі. Ақын "біз жомарт, дарқан елміз" деп құр айғайлап айтпай,
нәзік суреттейді. Өзіндік үнін танытады. Ал "Жер — глобус" өлеңінде айрықша
ештеңе жоқ сияқты көрінгенімен, лирикалық кейіпкердің бала кезінде
мұғалімнен жердің глобус сияқты екенін, оны сақтау керектігін естігеніне
шегініс жасай отырып, оны даралай түседі: Жер емес, мұғалімнің басы маған,
Бір қызық глобус боп елестейтін... — деген өзіндік ой-түйіндерімен көзге
түседі. Өлең соңында кейіпкер есейеді, өзіндік көзқарасын саралай бар
халықтарға тіл қатқан ақын үнін, даусын тыңдағандай боламыз. — Жер — өмір.
Адам сонда бағын сынар, Алыссаң, жерді қорғап алысыңдар. Адамдар, глобусқа
сақ болыңдар! Адамдар, таласпаңдар, табысыңдар! — деп, ақын кейіпкері жеке
өмірін бар халықтар тағдырымен шебер ұштастыра білген. Бүкіл адамзатты
бірлікке, тыныштыққа шақырады, оқушысына ой тастайды. Мұнда тұтастай бір
кесек образды, суретті жеткізуге арналғаны анық байқалады.
"Ғашық көзбен" атты лирикалық кітабы үшін Ж.Молдағалиевқа Қазақстанның
Мемлекеттік сыйлығы берілді. Поэзиядағы ең негізгі қасиет — сөз тығыздығы,
ой қалыңдығы, сыйымдылығы, айқындылығы болса, мұнда ақын шеберлігі
біртіндеп таныла түседі. Ақын өлеңдерінде жалтыраған сөз қатары емес, әр
сөз өзіндік мағына арқылы көрінеді: Ризамыз бүгінге, біз кешеге, Бір
ғұмырды таныттық бірнешеге, Не тілесе туған ел — сол болдық біз. Бірде
семсер, бірде орақ, бірде шеге. Осы шумақта бейбітшілік егінін, жемісін
егу, "шеге" арқылы құрылыстағы еңбекті дәріптеу — бәрі үйлесе келіп, туған
елге деген ақын сүйіспеншілігін таныта түседі.
"Тірілерге тіл қату монологы" жаралы жауынгердің өлім алдындағы жан
сырын жеткізуге арналған. Соғыстың, арпалыстың, азаптың ортасында от оранып
жатқан жауынгердің тіршілікке, жарық дүниеге құштарлығы оқушыны бей-жай
қалдырмайды. Ажалмен арпалысқан жанға шипа болған, тыныс берген, асыл
сезімді, махаббатты паш етеді. Бұл пенделік емес, адамзаттық асыл сезім,
үзілген өмір қосқан сезім екенін айқындай түседі. Көптеген лирикалық
өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол
жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың
эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды.
Алғашқы поэмаларында — "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында"
— ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын
көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен
түспейтіні кімді болса да толғантар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұманбай Молдағалиевтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі
Т.Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі және оны орта мектепте оқыту
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
Тұманбай Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің басты тақырыптары
Молдағалиевтің балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы туралы ақпарат
Жұбан Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы
Жұбанның сырлы жырлары
Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ЖЫРДАРИЯСЫ
Пәндер