Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I тарау Құзыреттілік . шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі.
1.1 Құзыреттілік туралы түсініктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, проблеманы шешу құзыреттілігі ... ... ...
II тарау Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары бойынша эксперименталды тәжірибелік жұмыс.
2.1. Ақпараттық құзыреттілік бойынша тапсырмалар ... ... ... ..
2.2. Коммуникативтік құзыреттілік бойынша тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Проблеманы шешу құзыреттілігі бойынша тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ тарау Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІV тарау Практикалық бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, білімнің деңгейін көтеру, өз дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға, құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік тудыру көздейді.
Жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту- бүгінгі заманның басты талабы. Құзіреттіліктің негізі және оның маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Яссауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.
Тәрбие бағыттары және тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық оқу материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру жұмыстары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ш.Х. Құрманалина, Л.К.Керимов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.Р.Баширова, Ә.Табылдиев, Р.Дүйсембінова, А.Қаплиева, С.Байсарина, Ш.Майғаранова, Р.Ибрагимов және т.б. педагог-ғалымдар тарапынан жүзеге асырылды.
Оқушылардың іс-әрекетінде құзіреттілікті тәрбиелеу бағыттарына сәйкес оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыруға дайындау бойынша ғылыми жұмыстарды С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Ш.Х. Құрманалина, Л.А.Байсерке, Ж.Асанов, Е.О.Омар, А.С.Магауова, Л.С.Сманов, Ұ.Әбдіғаппарова, Қ.Ералин және т.б. орындады.
Оқу-тәрбие үдерісінде құзіреттілікті дамыту туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде құзіреттілік қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Оқушыларда құзіреттілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Қ.Т.Әтемова оқушыларда құзіреттілікті қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы, М.Ералиева жалпы білім беретін орта мектепте оқу-тәрбие үдерісін құзіреттендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде құзіреттілікті дамытудағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.
Сонымен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау жалпы орта білім беру жүйесінде математика пәнін оқытуда құзіреттілік қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері және негізгі ұғымдары

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. п.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның «Нәтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыратын жаңа мектеп моделі», «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушісінің мектепке дайындығы моделі» және «Бастауыш мектеп түлегінің моделдері».
2. www.google.kz сайтының ақпараттары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
К у р с т ы қ ж ұ м ы с
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен
құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар
арқылы шығармашылық қабілеттерін
дамыту жолдары
Орындаған: 4 а ҚМБ топ студенті
Н.М.Халесова
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы
меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова
Орал қаласы 2013
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I тарау Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім
беру негіздерінің бірі.
1.1 Құзыреттілік туралы түсініктер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ақпараттық құзыреттілік, коммуникативтік құзыреттілік, проблеманы шешу
құзыреттілігі ... ... ...
II тарау Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке
бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
бойынша эксперименталды тәжірибелік жұмыс.
2.1. Ақпараттық құзыреттілік бойынша тапсырмалар ... ... ... ..
2.2. Коммуникативтік құзыреттілік бойынша
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Проблеманы шешу құзыреттілігі бойынша
тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ тарау
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІV тарау Практикалық бөлім
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің
адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы
бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007ж.) қарастырылады.
Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім
шеңберінен алып шығып, білімнің деңгейін көтеру, өз дүниетанымы мен адамзат
табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға,
құзіреттілігін дамытуға мүмкіндік тудыру көздейді.
Жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту- бүгінгі заманның басты талабы.
Құзіреттіліктің негізі және оның маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы
қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп
Баласағұни, Қ.А.Яссауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің,
Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов,
М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды
қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған
талпынғаны да аңғарылады.
Тәрбие бағыттары және тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық оқу
материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру жұмыстары Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, Ш.Х. Құрманалина, Л.К.Керимов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова,
Ж.Р.Баширова, Ә.Табылдиев, Р.Дүйсембінова, А.Қаплиева, С.Байсарина,
Ш.Майғаранова, Р.Ибрагимов және т.б. педагог-ғалымдар тарапынан жүзеге
асырылды.
Оқушылардың іс-әрекетінде құзіреттілікті тәрбиелеу бағыттарына сәйкес
оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыруға дайындау бойынша ғылыми жұмыстарды
С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Ш.Х. Құрманалина, Л.А.Байсерке, Ж.Асанов,
Е.О.Омар, А.С.Магауова, Л.С.Сманов, Ұ.Әбдіғаппарова, Қ.Ералин және т.б.
орындады.
Оқу-тәрбие үдерісінде құзіреттілікті дамыту туралы көлемді зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде құзіреттілік қарым-
қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу
әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Оқушыларда
құзіреттілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп
білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Қ.Т.Әтемова оқушыларда
құзіреттілікті қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы,
М.Ералиева жалпы білім беретін орта мектепте оқу-тәрбие үдерісін
құзіреттендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде
студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы
ғылыми-зерттеулерде құзіреттілікті дамытудағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми
тұрғыда қарастырылған.
Сонымен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау жалпы орта
білім беру жүйесінде математика пәнін оқытуда құзіреттілік қасиеттерін
қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері және негізгі ұғымдары
мен оларды оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың құзіреттілік қасиеттерін
қалыптастыруда толық мәнде пайдаланбауы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде
құзіреттілікті қалыптастырудың тиімді ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету
қажеттілігі және оның практика жүзінде талапқа сай іске асырылмауы
арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.
Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу мәселесін
айқындауға және тақырыпты Бастауыш сынып оқушыларының қазақ
тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық
қабілеттерін дамыту жолдары деп таңдауымызға себеп болды.
Тақырыптың көкейкестілігі:
Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті дамыту туралы көлемді зерттеу
жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде құзыреттілік қарым-

құзыреттілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп

құзыреттілікті қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы,

ғылыми-зерттеулерде құзыреттілікті дамытудағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми
тұрғыда қарастырылған.
Зерттелетін объект: бастауыш мектеп оқушыларында құзыреттілікті
қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазақ тілі пәнін оқытуда құзіреттілікті қалыптастыру
жүйесін жасау және аталған жүйені тиімді жүзеге асырудың педагогикалық
шарттарын айқындау, осы бағытта берілетін тапсырмаларды талдау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқу-тәрбие үдерісінде құзіреттілікті қалыптастырудың теориялық
негізін айқындау;
2. Құзіреттілікті қалыптастыру ұғымына анықтама беру;
3. Құзіреттілікті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау
және оның педагогикалық шарттарын айқындау;
Болжамы: егер, оқу-тәрбие үдерісінде құзіреттілікті қалыптастыру
теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып,
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталса, онда оқушылардың
құзіреттілігін қалыптастыру нәтижелі болар еді.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үдерісін адамгершілік құндылықтар
негізінде ұйымдастыру оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырудың басты
тетігі болып саналады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлғаның дамуы
және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, құзіреттілікті
қалыптастырудың, рухани-адамгершілік және өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық
қағидалары, т.б.болып табылады.
Зерттеу көздері: педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет,
құзіреттілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, білім
беруді демократияландыру мен ізгілендірудің нормативті құжаттары, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан - 2030 стратегиясы,
Мемлекеттік Білім бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамалары,т.б.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша, педагогикалық,
психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
нормативтік құжаттарды, озық тәжірибелерді, педагогикалық басылымдарды
зерделеу, модельдеу, талдап қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
1. Құзіреттілік ұғымының нақтыланған анықтамасы; кәсіби даярлау
мазмұнына қоятын қазіргі жаңа талаптар тұрғысынан олардың құзәреттілік
қасиеттерін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру жүйесі жасалды;
2. Құзіреттілікті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды
және педагогикалық шарттары айқындалды;
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. Зерттеу жұмысының нәтижелілігін арттыру мақсатында құзіреттілік
қасиеттердің деңгейлік қалыптасуы үшін қазақ тілі пәнінен
педагогикалық тапсырмалар дайындалды;
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға
бағытталған білім беру негіздерінің бірі.
1. Құзыреттілік туралы түсініктер
Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,
педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,
өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді
шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.
Н. Назарбаев
Бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатына сәйкес бүгінгі таңда
Қазақстанның білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасалуда. Қазіргі
жүргізіліп жатқан түрлі бағыттағы сол өзгерістер білім беру жүйесінің
қызметін жаңа уақыт талабына сай жетілдіруді, педагогика ғылымындағы
табыстарды сын көзбен саралай отырып, тәжірибеде кеңінен қолдануды, білім
алушыларды өзгермелі қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындауды қажет етеді.
Ал мұның барлығы да оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастырудың жолдарын таба
алу мүмкіндіктерін кеңейтумен тығыз ұштасып жатыр.
Қазақстан Республикасының Орта білім беруді дамыту
тұжырымдамасында: Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның
мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына,
сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған
өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты [1]
екендігі айқындалған.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: ...Бізге бұрынғы қай
кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткізгісіз қорын барынша арттыру,
оны қазіргі заманға сай ету қажет... Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деген
сөзі егеменді еліміздің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын
айқындауға тірек болды. Осы кешенді міндеттердің маңызды бір арнасын
құрайтын оқыту технологияларын жетілдіру мәселесі заманауи талапқа сай және
жаһандану үдерісін бастан кешіп отырған әлеуметтік ортада өмір сүруге бейім
дара тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал, оқушының
дара тұлғалық қабілеттерін шыңдау, ең алдымен, оның өздігінен іздену,
өздігінен әрекет ету, кез келген жағдаятта өз бетінше оң шешім қабылдай алу
дағдыларын дамытумен тікелей байланысты. Оқыту технологияларын таңдауда
және оның ұтымдылығын бағалауда басты критерий етіп оның оқушы игеруі тиіс
құзіреттіліктерді қалыптастыруға қаншалықты мүмкіндік туғызатындығы
алынатыны да сондықтан.
Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге
ол оқушылырдың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының
жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді
іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол, ең әуелі мектептегі
оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім
беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде
кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың
біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек құзырет және құзыреттілік
ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрбиеге енгізу білім берудің мазмұны
мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Бүгінгі қоғамада оқушының академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы
жеткілікті болғанымен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі
жағдаяттарға икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде
қажетті құзіреттіліктің қалыптаспағанын айғақтайды.
Білім беру жүйесіндегі оқушының құзіреттілігінің теориялық негізін
айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. Яғни,
оқушының құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір
жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін
ұғым деуге болады.
Баланың тұлға ретінде дамуына,оның ішінде шығармашылық потенциалы мен
шығармашылық қабілітінің дамуына проблемасы маңызды болып отыр. Бұл мәселе
бірнеше зерттеулерде (В.Взагвязинский, А.К. Макарова, В.А. Сластенин жене
т.б.) қарастырылған. Мектептер осындай шығармашылық әлеуеті бойынша
берілген мектеп жағдайында өзінің даму мен жетілдіру процесіне қатысады,
өзінің кәсіби функциаларын сапалы жүзеге асыруға психологиялық-
педагогикалық дайындығының құраушылары мен жаңа ойлары қалыптасады.
Өзіндік талдау шығармашылық әрекеттің тиімділігі үшін қажетті білік
ретінде қарастырады. Ол жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін
анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан музыка мұғалімінің кәсіби -тұлғалық
өсуі үшін қажетті шарт болып табылады.
Құзіреттілік – оқушының іс - әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен
көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті
мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген. 3, 20-21 б.
Білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзіреттілігі әрбір білім
алушының қол жеткізуіне бағытталған:
- проблеманың шешімін табу құзіреттілігі;
- ақпараттық құзіреттілік;
- коммуникативтік құзіреттілік;
Құзіретті адам – ол жеке тұлға. Ол туындаған проблеманы жеке және
топтарда (коммуникативтік) шеше алуға, өмірде және жұмыс орнында үнемі
жанашылдыққа ұмтылуға, қабілетті болуға тиіс, өз бетімен және басқаның
көмегімен қажетті ақпаратты іздестіріп, қолдана алады. Осы аталған
сапалар мен қасиеттер кез келген іс - әрекеттерге қажет. Содан да олар
негізгі құзіреттер деп аталады. Оқушы білімдік процестегі негізгі,
құзіреттерге оны тәжірибеде тиімді қолданудың нәтижесінде қол жеткізіді.
Құзыреттілік ұғымы – оқушының белгілі бір кешенді іс-әрекетті орындай
алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді.
Оқыту формасында оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау
қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен
меңгертуге көңіл бөлу қажет. Оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін
қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық
оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Оқушылардың шығармашылығын
дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыретіліктер арқылы іске
асыруға болады.
Оқушыларды шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс:
- бағдарламалық-мотивациялық;
- ізденушілік-зерттеушілік;
- тәжірибелік;
- рефлексиялық- бағалаушылық;
Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды
меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың
жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға
қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін
дамытуда маңызды мәселе.
Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда
шығармашылық тапсырмалар атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен
тұрады.
Шығармашылықты,
- біріншіден, оқушылар дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады,
- екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа
икемдейтін ересек адамның қатысуы арқылы қарастырылады.
Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне
байланысты.
Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін
байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек.
Оқушыларды келесі жұмыстар арқылы шығармашылыққа баулуға болады деп
есептеймін:
• сюжетті сурет бойынша әңгіме жазу;
• жыл мезгілдерін, табиғат көріністерін көркем тілмен суреттеу;
• нақыл сөздердің мәнін ашу;
• мақал-мәтелдер негізінде әңгіме жазу;
• жұмбақ, жаңылтпаш, бейнесөз құрастыру;
• өз сыныптастарының (т.б.) портретін суреттеу, мінездеме беру;
• автордың идеясын өз идеясымен өрбітіп жазу;
• өлең құрастыру;
• жансыз нәрселерді жандандырып әңгіме, ертегі жазу;
• еркін тақырыптарға шығарма, ойтолғау, эссе жазу;
• ұжым болып ертегі құрастыру;
• ұлы адамдар өміріне байланысты сұрақтар беріп, пікір айту;
• ақын-жазушылар шығармалары бойынша пікір алмасу;
• оқыған кітаптары бойынша ойтолғау жазу;
• қоғамдағы әр түрлі өзгерістерге байланысты пікір айту;
• баспасөз материалдары бойынша пікір айту;
• өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құрау;
• ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
• іс қағаздары үлгілерін жаздыру;
• тақырыпқа сай диалог, монолог жаздыру;
• оқиғаға қатысты өз ойларын айту;
• автордың көзқарасы туралы айта білу;
• көркем туындыны талдау, салыстыру, қорыту, шешім көрсету т.б.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық
білім беру реформасының негізгі мақсаттарының бірі жаңаша оқытудың әдіс-
тәсілдері арқылы оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылықты
дамыта отырып, жеке тұлға тәрбиелеу болып отыр. Қазақстан Республикасының
білім беру мемлекеттік бағдарламасында мектеп қабырғасында оқушыларға
нәтижеге бағытталған білім беру арқылы олардың тұлғалық ерекшеліктері мен
қасиеттері ашылатын, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау
қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы мемлекеттік
саясаттың басты ұстанымдары айқындалған.
2. Құзыреттіліктер
Ақпараттық құзыреттілік
Ақпараттық құзыреттілік:
Сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз
бетінше мақсат қоюға және осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді
жүзеге асыруға өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға,
сақтауға, түсіндіруге, ақпараттарды тасымалдауды, оның ішінде қазіргі
заманға ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге
асыруға, ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық
құзіреттілікке жетудің өзіндік жүйесі бар. Ол оқулықтан, баспасөзден,
ғаламтордан тағы да басқа дерек көздерінен іздеу үшін оқушы бойында
қажеттілік пайда болады. Көреді, талдайды, сұрыптайды, өмірде пайдаланады.
Оқушы бойында ақпараттық құзіреттіліктің қалыптасуы дегеніміз – ол
оқушының:
• ақпаратты іздей алуы
• алынған ақпараттың қажеттісі мен қажетсізін іріктеп, саралай алуы
• қажетті ақпаратты негіздей және жүйелей алуы
• ақпаратты өңдей алуы
• ақпараттан аргументтер тауып, қорытындылар жасай алуы.
Яғни осындай іс-әрекетке қалыптасқан оқушы болашақта айналадағы құбылыстар
мен жағдаяттардан өзіне қажеттісін түйіп, өмірде пайдалана білуге үйренеді.
Ақпарат алмасу барысында оқушылар өз ортасында, әлеуметтік жағдайда
одан әрі іскерліктерін шыңдауға, білімін тереңдетуге, өз бетінше
шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті
ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру,
түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл
құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен
бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын
қамтамасыз етеді.
Коммуникативтік құзыреттілік
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үшін, мұгалім мәтінді
дайындау ережесін сақтап және берілген үлгі бойынша сұрақққа жауап беруді,
пікірталас, диалог, монологтардағы бағалау, фактіге негізделген
ақпараттардың негізгі мазмұнын , ережеге сәйкес сөйлемді бастау мен
аяқтауды, оқушылардың өз идеяларын ұсыну мен түсіндіруге, топтық жұмыс
үшін берілген тапсырмаға сәйкес жауап беруге дағдыландырады.
Коммуникативтік құзыреттілік (латынның соmpetere -қол жеткізу, сәйкес
келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда,
қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық
мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер
оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас
барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе
алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі
қарым-қатынаста алдыңғы орын алады: ол оқытудың негізгі мақсаттарының бірі
және оның маңызды құралы.
Коммуникативтік шеберлікті дамытудың маңызды құралы ретінде сөйлеу
дағыдысының (ауызша хабарлау) ролі зор деп есептеймін. Ауызша мәтін
оқылғанда, оқушыларға алдын-ала осы мәтіннің негізгі ойын анықтауға
мүмкіндік беріледі; айтылған мәліметке оқушылардың білдіретін ойы
анықталады; егер мәтін (әңгіме) аяқталмаған болса, оны өзіндік көзқараспен
аяқтауға мүмкіндік беріледі; тыңдалған мәліметтен өзіне ғана қажетті
ақпаратты меңгеруіне мүмкіндік береді т.б. Қазіргі кездегі білім берудегі
мақсат - жан-жақты, білімді, болашаққа жаңа көзқараспен қарай білетін және
өзгерістерге, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі
заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені дәстүрлі сабақ – оқушының пән
бойынша білімін қалыптастыруға,ал заманауи сабақ – оқушының қандай да бір
құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Өз сабақтарымда құзыреттілік
тапсырмаларды жасап, оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту
жолдарын қарастырамын. Коммуникативтік құзыреттілік - нақты өмірлік
жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша
және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен
және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау
дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы
хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі
тиіс. Бұл құзыреттілікті оқу үрдісінде игеру үшін коммуникациялардың нақты
нысаналарының қажетті және жеткілікті саны және олармен жұмыс тәсілі
белгіленуі тиіс.
Проблеманы шешу құзыреттілігі
Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі:
Оқушылар берілген ақпарат ішінен түсініксіз мәселелерді бөліп алып
тереңірек тоқталып өзіндік жұмыстануы, өзіндік бағалау мен қорытынды
жасауға, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік туады. Бұл түйінді
құзіреттіліктер пән мұғалімінің кәсіби шеберлігіне сай іске асырылады.
• Оқушылардың өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері дамиды
• Көркем әдебиетке қызығушылығы артады
• Көркем әдебиетті тебірене қабылдап, оқу белсенділігі күшейеді
• Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы нығаяды
Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой
иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер
арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын. Айталық, Атаулар көмегімен болжау
жасау, Елеспен жетелеу, стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін
ұштауға өте тиімді. Ой қозғау, Болжау әдістерін оқушының ой ұшқырлығын
бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн.
Сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім
мынадай: оқушының білім деңгейі түсінуден басталады да алған білімін
қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылдаған жаңа ақпаратты
саралап, мәселені өзі шеше алуға мүмкіндік болады.
Қараевтың “Оқытудың педагогикалық технологиясы” болуы мүмкін, бірақ ең
бастысы шәкірт қойылған проблеманың шешімін өзі табуы керек, әрекет жасай
білуі керек. “Проект технологиясын” пайдалана отырып, құзыреттілік пен
әрекеттілік тұрғыда қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың маңыздылығы сол:
оқушы ғылыми зерттеушілік әрекет арқылы теориялық білімді өздігінен
меңгереді, ойлау қабілетін әлеуметтік тәжірибеде жүзеге асыра алады, алған
білімін ақиқат проблемаларды шешуге пайдаланады, түрлі жағдаятта өзін
таныта алады, меңгерілген білім қоғамдағы өмірмен логикалық сабақтастықта,
күнделікті өмірде практикалық қолданыста болады.
Мәселені шешу – білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін
ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз
байланысты. Кәсіби құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында
тұлғаның субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп
отырған ұғым.
Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының
қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.
Оқу мәтінін қою сабағында
І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз
жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың
ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу
әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып,
шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл
кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі
арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді.
Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.
ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ
өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.
Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау
жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
• проблеманы шешу жолын іздестіреді
• жаңаны өздері табады
• ақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық,
коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың
келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда
құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
II. Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған
тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары бойынша
эксперименталды тәжірибелік жұмыс.
2.1. Ақпараттық құзыреттілік бойынша тапсырмалар
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.
Жалпы білім берудің үш сатысына сәйкес құзыреттіліктерді меңгерудің үш
деңгейі айқындалған. Бастауыш сынып оқушысы білім берудің бірінші деңгейін
аяқтағаннан кейін енгізілген негізгі құзыреттіліктерді құрайтын, қызметтер
түрлерінің ең аз көлемін игергенін көрсетуі тиіс. Бұл курстық жұмыста
бастауыш сынып оқушыларын математика пәнінен жаңа оқу материалдарын
меңгеруге дайындықтарын анықтауға, жаңа оқу материалдарын өзбетімен
қабылдауға арналған құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған
тапсырмалар жүйесі берілген.
*Ақпараттық ізденісті жоспарлау
*Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.
*Ақпаратты өңдеу
*Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.
*Логикалық операцияларды пайдалану.
1- Сынып
Ақпараттық құзыреттілік қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар
Аспектілер Тапсырмалар
Төрт түлік мал тақырыбына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz