Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi және оларды құқықтық реттеу



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Бөлім 1. Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi және оларды құқықтық реттеу. Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Көлiк экспедициясы шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Шарттың жалпы ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Шарт туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Азаматтық.құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері.
3.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .
3.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .
3.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке бiр саласын құрайды.
Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн) тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты. Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының құрылымы өте үлкен болып көрiнедi.
Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелердiң ерекшелiктерi өздерi туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс көптеген арнайы талаптар бар.
Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу аясы пайдалану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi.
Қазақстан Республикасының көлiгi - бұл оның аумағында тiркелген темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де Көлiктiң аталған түрлерi Қазақстан Республикасының көлiк жатқызылады. жүйесiн құрайды.
Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзге де көлiк шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға тиiстiгiмен байланысты.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2008 жыл
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008
3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер): 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген,-Алматы: Баспа,2007
4. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң 24 наурыз 1998 жыл
5. Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 27 желтоқсан 1994 жыл
6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003 жыл
7. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы » туралы Заңы 2 шілде 2003 жыл
8. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» Заң 28 сәуір 1997 жыл
9. Қазақстан Республикасының Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы 22 желтоқсан 1995 жыл
10. «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 желтоқсан 1991 жыл
11. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы «Шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында құқықтық жағдайы» 19 маусым 1995 жыл
12. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Заңы 4 шілде 1992 жыл
13. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң 19 шілде 1997 жыл
14. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22 көкек 1998 жыл
15. Қазақстан Республикасының «Бакроттық туралы » Заң 21 қаңтар 1997 жыл
16. Қазақстан Республикасының «Инвестиция туралы заңы» 8 қаңтар 2003 жыл
17. Қазақстан Республикасының Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Жарлығы 2 мамыр 1995 жыл
18. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңы 19 шілде 1995 жыл
19. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңы 13 мамыр 2003 жыл
20. Қазақстан Республикасының «Өндірістік кооператив туралы» Заңы 5 қазан 1995 жыл
21. Қозғалмайтын мүлік ипотекасы туралы Заңы 1999ж.
22. Қазақстан Республикасының «Ноториаттық туралы» Заңы 14 шілде 1997 жыл
23. Қазақстан Республикасының 1994 жыл 24 желтоқсандағы "Шетел инвестициялары туралы" Заңы.
24. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық, серіктестері туралы" заң күшіне ие Жарлығы 1995 ж., 2 мамыр.
25. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекетттік кәсіпорындар туралы" заң күшіне ие Жарлығы. 1995 ж., 19 маусым.
26. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Бөлім 1. Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi және оларды құқықтық реттеу.
Тасымалдау шарты туралы жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

4 Тараптардың құқықтары мен
мiндеттерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5 Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау шартының
басқа да
түрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...

6 Тасымалдау шарттары бойынша
жауапкершiлiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

7 Көлiк экспедициясы
шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...

2. Шарттың жалпы ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..

1. Шарт туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Шарттың мазмұны, формасы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4.Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері.
3.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . .. . . . . . . . . . . .
3.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .
3.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

Кіріспе

Тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және оны басқа тұрғыдан да
қамтамасыз етумен байланысты шарттық мiндеттемелер Қазақстан
Республикасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттердiң шарттық құқығының жеке
бiр саласын құрайды.
Әрекет етушi заңнамамен көлiк шарттарының төмендегiдей түрлерi
белгiленген: а) жүктi тасымалдау шарты; б) жолаушыны (және қол жүгiн)
тасымалдау шарты; в) кеме жалдау (чартер) шарты; г) тасымалдауды
ұйымдастыру туралы шарттар; д) көлiк ұйымдары арасындағы шарттар; е) жалпы
пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты; ж) көлiк экспедициясы шарты.
Сонымен қатар, аталған шарттардың кейбiреулерi тасымалдау қандай көлiкпен
жүзеге асырылатынына қарай түрленетiнiн ескерсек, онда көлiк шарттарының
құрылымы өте үлкен болып көрiнедi.
Жүктердi, жолаушы мен теңдеме жүктi тасымалдау шартының негiзiнде
жүзеге асырылады.
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жүктi немесе жолаушыны (теңдеме
жүктi) белгiленген мекенге жеткiзуге мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi немесе
шартта көзделген басқа да тұлға, жолаушы көрсетiлген көлiк қызметi үшiн ақы
төлеуге мiндеттенедi. Тасымалдау шарты аталған мiндеттемелердiң iшiнде
аралық болып табылады. Оның мазмұнын, сондай-ақ басқа да негiзгi көлiк
шарттарының мазмұнын кейiнiрек қарастырамыз.
Жоғарыда айтып өткенiмiздей, бұл мiндеттемелердiң ерекшелiктерi өздерi
туындайтын салалармен байланысты. Сол себептi заңнамада көлiк түсiнiгi
арнайы бөлiп қарастырылады, және қайсыбiр көлiк соларға сай болуға тиiс
көптеген арнайы талаптар бар.
Көлiк түрлерi. Объективтi сипаттағы себептер бойынша бөлiнуi қажет
болатын, көлiктiң бiрнеше түрi бар, олардың ерекшелiктерi мен қолданылу
аясы пайдалану ерекшелiктерiне себеп болады және олардың қайсыбiрiмен
тасымалдауға бекiтiлетiн шарттардың мазмұнына елеулi түрде ықпал етедi.
Қазақстан Республикасының көлiгi - бұл оның аумағында тiркелген
темiржол, автомобиль, теңiз, iшкi су, әуе, қалалық электрлiк көлiктер. Оның
бiр түрiне магистральды құбыр көлiгi де Көлiктiң аталған түрлерi Қазақстан
Республикасының көлiк жатқызылады. жүйесiн құрайды.
Құқықтық реттеудiң қайнар көздерi. Тасымалдау мен өзге де көлiк
шарттарының жалпы ережелерi тiкелей Қазақстан Республикасы Азаматтық
кодексiмен анықталады, онда оларға 14 пен 35-тараулар (688-714-баптар)
арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтiк актiлердiң маңызы аса
зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесiнде көлiк қатынастарының барлық
қатысушылары үшiн мiндеттi болып табылатын қауiпсiздiк бойынша және басқа
да технологиялық сипаттары көп мөлшердегi арнайы талаптардың сақталуға
тиiстiгiмен байланысты. Бiрақ, қазiргi таңда көлiк кәсiпорындарының
шаруашылық қызметiне, яғни олардың шарттық тәжiрибесiне де, мемлекеттiң
араласпау торабы нақты бекiтiлген. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеудiң шек-
терi арнайы көлiк заңнамасында көрсетiлген.
Тасымалдаушылар қызметтерiн тұтынатындар үшiн тасымалдаудың бiрыңғай
параметрлерiн қамтамасыз ету де (негiзiнен) аса зор маңызға ие. Осы
саладағы құқықтық реттеудi бiр iзге келтiру үшiн 21 қыркүйек 1994 жылы
“Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы” Заң қабылданды. Онда Қазақстан
Республикасындағы көлiк қызметiмен байланысты жария сипаттағы қатынастарды
реттейтiн нормалармен қатар тiкелей азаматтық-құқықтық қатынастарды
реттейтiн нормалар (жалпы сипаттағы) да бар. Жария және жеке нормаларды
орналастыру - басқа да көлiк-құқықтық актiлердiң ерекшелiк белгiсi. Бiрақ,
бұл мұндай жағдайда қандай да бiр әкiмшiлiк-құқықтық “дақтары” бар шарт
туралы айту қажет екенiн бiлдiрмейдi, алайда оларды мүлдем ескермеуге де
болмайды.
Көлiктiң кейбiр түрлерiнiң қызмет ету аясы табиғи монополияларға
жатқызылған, сондықтан олардың қызметiне 9 шiлде 1998 жылғы Қазақстан
Республикасының “Табиғи монополиялар туралы” Заңы да қолданылады.
Қазiргi таңда тасымалдаудың жекелеген түрлерiн реттейтiн заңдар
қабылданып әрекет етуде. Оларға мыналар жатады: 1) 8 жел-тоқсан 2001 жылғы
Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңы; 2) желтоқсан 2001
жылғы Қазақстан Республикасының “Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу
туралы” Заңы; 3) 17 қаңтар 2002 жылғы Қазақстан Республикасының “Сауда
мақсатында теңiзде жүзу туралы” Заңы. Заңды тұлғалар мен азаматтардың
тұрғындар үшiн жүк тасымалдаулармен айналысатын қызметiне Қазақстан
Республикасының Баға және антимонопольды саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң 20 қыркүйек 1996 жылғы №97 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасында тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету ережелерi қолданылады.
Сонымен қатар 15 қазанда КСРО министрлер кеңесiмен бекiтiлген КСРО-ның iшкi
су көлiгiнiң жарғысы (IСКЖ) да маңызды болып табылады. 18 маусым 1970 жылы
Қаз ССР Министрлер Кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Қаз ССР-дiң автомобиль
көлiгiнiң жарғысы (АКЖ) да қолданылады. Заңнаманың соңғы аталған екi актiсi
Қазақстан Республикасының аумағында, Азаматтық кодекстiң 3-бабының 2-
тармағында көзделген ережелердi ескере отырып, әрекет етедi.1 Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су
көлiктерiмен мемлекетаралық байланыстар үшiн ашық жолдар, трассалар мен су
жолдары бойынша жүктер мен жолаушылардың транзиттiк тасымалы жүзеге
асырылуы мүмкiн. Олар Республиканың заңнамасына, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының халықаралық келiсiмдерi мен шарттарына сәйкес жүзеге
асырылады
Тақырыптың маңыздылығы. Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілер арасында
белгілі бір шартты міндеттемелік қатынастар арасында құқықтық жағдайы
болды, бұл қатынасты реттеуге шарттық құқық қолданылады. Шарттық құқықпен
нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін яғни бір тұлға басқа
тұлғадан белгілі бір әрекетті жасауға талап етуге, ал екінші тұлға мұнда
қойылатын талапты орындауға міндетті мәнін белгілейтін құқық саласы екенін
көрсетеді.
Жұмыстың негізгі мақсаты. Тасымалдау шарттың орындалуын қамтамасыз
етудің ерекшелігі, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың (нақты
шартты орындамағаны үшін жауаптылық) бұзылуының алдын алу және реттеу болып
табылады.
Диплом жұмысының объектісі. Азаматтық құқықтағы тасымалдау шарттың
орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Диплом жұмысының пәні тасымалдау
шарттың орындалуын қамтамасыз ету және оның негізгі әдістері арқылы
көрінеді.
Жұмыста автор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың
орындалуын қамтамасыз етудің құқықтық және теориялық мәселелеріне талдау
жасау арқылы маңызды мән-жайларын ашып көрсеткен. Сонымен қатар шарттың
орындалуын қамтамасыз ету еліміздің экономикасына тиімді болып отырғанына
терең түсінік берілген. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыруға
талдау берілген. Жұмыс барысында айтылған ойларды тәжірибеде қолдануға
болады.
Жұмыстың міндеттері. Шарт заң талаптары және шарт талаптарына сәйкес ал
мұндай талаптар шартта болмаған жағдайда-іскерлік қызмет өрісіндегі
әдеттегі құқықтар ғана немесе басқа талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс.

Шарт бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне
әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін
орындауына ықпал етіледі.
Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген
міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда,
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексіне негізделеді.
Осы жұмыста әрекет eтyшi заңға талдау жасау әдісі арқылы
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық, әдістеріне
зерттеу жүргізуге, оны ресми түрде түсіндіруге және кәсби тұрғыда әдістеме
жасауға талпыныс жасалады.

Бөлім 1. Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi және оларды құқықтық реттеу.
Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер

12 Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

13 Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты және тасымалдау
шартының басқа да түрлерi

14 Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк

15 Көлiк экспедициясы шарты

Көлiк экспедициясы шарты өз алдына жеке және тек қана көлiктiк көмекшi
шарт болып табылады. Осыдан оның латын сөзiнен туындайтын – expeditio –
жөнелту1 деген атауы шығады. Әрекет етушi Азаматтық кодексте көлiк
экспедициясы шартының аталған рөлi ескерiлген және оны реттеуге жеке 15
тарау арналған (708-714-баптар).
Көлiк экспедициясы шарты тасымалдау қатынастарының ерекше аясындағы
делдалдық қызмет арқылы қамтамасыз етпеу. Сондықтан көлiк заңнамасы
нормаларын ескермей тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнiң мазмұнын толық
көлемде анықтау мүмкiн емес.
Бұл шарт мәнiсi жағынан өтелмелi қызмет көрсету туралы шарт болып
табылады. Оның пәнi болып табылатын қызметтер көлiк экспедициясы шартының
мазмұнды бөлiмiнде нақты анықталады. Көлiк экспедициясы қызметтерiн
көрсетудiң құ-қықтық нысаны тапсырыс шартының не комиссия шартының
элементтерiн пайдалану арқылы белгiленуi мүмкiн.
Қазiргi жағдайларда көлiк экспедиторларының қызметтерiн кез келген
субъектiлер, соның iшiнде кәсiпкерлiк қызмет үшiн көзделмеген жүктердi
немесе теңдеме жүктi тасымалдаудың бiр жолғы шарттарын бекiтетiн тұлғалар
да пайдалануы мүмкiн. Ол шаруашылық жүргiзудiң социалистiк жүйесi
жағдайларында жоспарлы экономиканың ажырамас “бұрандасы” есептелетiн және
бекiтiлетiн тасымалдау шарттарын қатаң байланыстыратын. Сонымен қатар бұл
шарттың құқықтық табиғаты азаматтық-құқықтық заңнамада тиiстi түрде
ескерiлмеген болатын. Соның салдарынан экспедиция тасымалдау шартына
құқықтар мен мiндеттердiң бiр “толықтырушысы” ретiнде бағалануы мүмкiн едi.
Көлiк экспедициясы шарты қайсыбiр тұлғаның атына жө-нелтiлетiн немесе
келiп жатқан жүктердiң саны едәуiр мөлшерге жеткенде және тасымалдауды
рәсiмдеумен байланысты опера-цияларды өз бетiнше орындау жүк жөнелтушi (жүк
алушы) үшiн қиындық келтiретiн және экономикалық тұрғыдан ақталмайтын бола
бастағанда ең қолайлы деп есептеледi.1
Көлiк экспедициясы туралы нормалар мамандандырылған делдал-экспедитор
клиент үшiн орындауға мiндеттенетiн әрекет-тердiң сипаты мен көлемiн
кеңiнен түрлендiруге мүмкiндiк беретiндiгiн байқаған жөн. Көлiк
экспедициясы шарты оны (клиенттi) тасымалдаушымен және сонымен байланысты
мәсе-лелерге тiкелей қатынасу қажеттiлiгiнен толығымен босата алады.
Көлiк экспедициясы шарты бойынша бiр тарап (экспедиттер) сыйақы үшiн
басқа тараптың (клиенттiң жүк жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен жүктi
тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгiленген қызмет көрсетулердi
орындауға немесе орын-дауды ұйымдастыруға, оның iшiнде клиенттiң атынан
немесе өз атынан жүктi тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға мiндеттенедi.
Көлiк экспедициясы шартының нысаны. Бұл шарт жазбаша нысанда бекiтiлуге
тиiс. Заңнамада көлiк экспедициясы шартын-да, құжаттағыдай болуға тиiс,
мiндеттi реквизиттерге талаптар қою көзделмеген. Талап етiлетiн жазбаша
нысанды сақтамау сал-дары да арнайы көрсетiлмеген. Осыдан көлiктiк-
экспедицялық қызмет көрсетуге, кейбiр жағдайларда, жазбаша шарттар бекi-
тiлмеуi де мүмкiн деген қорытынды жасауға болады. Бұл ҚР АК-ң 709-бабының 2-
тармағына сәйкес жүк жөнелтушi (алушы) қажет болған жағдайларда
экспедиторға сенiмхат берумен байланысты. Содан белгiлi бiр субъектiлер
арасында шарттық қатынастардың болу фактiсi туындайды, бiрақ, әрине,
сенiмхат толығымен шарттың жазбаша мәтiнiн алмастыра алмайды. Екiншi
жағынан алғанда тәжiрибеде көлiктiк-экспедициялық ұйымдардың өзi
тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн нақты реттеуге мүдделi болады. Бұл
олардың кәсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi ретiндегi iскерлiк атағын
нығайтуға мүмкiндiк туғы-зады. Осыған сүйене отырып, кейбiр жағдайларда
көлiк экспе-дициясы шартын қосылу шарты сияқты, жазбаша нысанда бекi-туге
белгiлi бiр алғы шарттар бар екендiгiн атап өтуге болады.
Көлiк экспедициясы шарты – консенсуалды, екi жақты және ақылы шарт.
Көлiк экспедициясы шартының субъектiлерi (қатысушылары) болып бiр жағынан –
экспедитор және екiншi жағынан – клиент табылады. Орын алып отырған шарттық
қатынастар еркiндiгi заңды және жеке тұлғаларға шарттың екi тарабынан да
көрiнуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ клиенттер үшiн көлiк экспедициясы
қатынастарына iс жүзiнде қатысу мүмкiндiгi оларда қайсыбiр тасымалдау
шартын бекiтуге құзыреттiлiктiң болуына тәуелдi болады. Ол кейбiр
жағдайларда болмауы мүмкiн.
Мысалы, тауарларды алмастыруға (меншiк құқығын беру, мүлiкке деген басқа
да құқықтарда беру) бағытталған сатып алу-сату немесе өзге шарттың
шарттарымен борышқор (сатушы, лизинг берушi және т.б.), тауардың
қымбаттауына алып келуi мүмкiн көлiк экспедициясының қызметтерiнсiз,
тасымалдауды пайдаланумен жүктi жеткiзуге тиiс екендiгi көзделуi мүмкiн.
Егер мұндай жағдайларда борышқор көлiк экспедициясы шартын бекiтiп қойса,
онда ол шарт бойынша өзiнiң бастапқы контра-гентi алдында құқық бұзушы
ретiнде танылады.
Көлiк экспедициясы шарты бойынша тұлғаның клиент болу мүмкiндiгiн
(қабiлеттiлiгiн) шектеудiң басқа бiр ықтимал жолы оның азаматтық құқықтық
қатынастардың субъектiсi ретiндегi ерекше жағдайына негiзделетiн болады.
Мысалы бұл жерге көлiк экспедициясының қызметтерiн пайдалану мүмкiндiгiнiнң
тасы-малдау шарттарын бекiтуге белгiлi бiр сметалық қаражаттар бөлiну
мүмкiн болатын мемлекеттiк мекемелер туралы сөз болып отыр. Көлiк
экспедициясы шартын клиент ретiнде бекiтуге басқа да объективтi
жағдайлардың кедергi келтiруi мүмкiн екендiгi жоққа шығарылмайды.
Шартқа экспедиторлар ретiнде қатысу туралы айтқанда, бiз оларға
кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң қатысатындығын есте ұстаймыз. Қазақстан
Республикасының қызметтердi жүзеге асырған кезде тасымалдаушы лицензия
алуға мiндеттi. Аталған заңда көлiктiк экспедициялық қызметтi лицензиялау
туралы нақты тұжырымның жеткiлiксiз екендiгi туралы айта кеткен жөн.
Өйткенi ол тек тасымалдаушылармен ғана емес, сонымен қатар басқа да
мамандандырылған субъектiлермен жүзеге асырылуы мүмкiн емес пе. Аталған
кемшiлiктi жою үшiн көлiктiк экспе-дициялық қызметтi лицензиялау туралы
жекелеген ережелердi жасап шығарып заңнамаға енгiзу қажет деп ойлаймыз. Заң
шығарушының қазiргi ұстанымы тасымалдау қатынастары мен көлiктiк-
экспедициялық қатынастардың өзара тығыз байла-ныстылығын тағы да бiр рет
айқын көрсететiнi сөзсiз. Заңнамада тек қана тасымалдаушымен қатар
экспедитордың да көлiк қатынастарының бiр қатысушысы болып табылатындығын
көр-сеткен жөн.
Экспедитор қызмет көрсетуге жекелеген мамандандырылған ұйымдарды
(мамандарды) қатыстыруы мүмкiн. Бiрақ одан олар көлiктiк-экспедициялық
қатынастардың қатысушылары бола қоймайды, шарт бойынша мiндеттемелер
экспедитордың өзiне жүктеледi. Қатыстырылған тұлғалар экспедитормен
бекiтетiн өз алдына дербес шарттардың қатысушылары болып табылады.
Көлiк экспедициясы шартының пәнi болып тасымалдау-ларды ұйымдастыруға
(қамтамасыз етуге) қатысты қызметтер табылады. Бұл қызметтер, бiр уақытта,
iс жүзiндегi және заңдық сипатқа ие болады.
ҚР АК-ң 708-бабынан байқайтынымыз экспедитордың қыз-меттерi жүктi
тасымалдауға құқықтық алғышарттар қалыптас-тыру үшiн клиенттiң пайдасына
бiрқатар әрекеттер жүзеге асыруымен сипатталады. Осы айтылғанға сүйене
отырып, экспе-дитор қабiлеттi тасымалдаушыны анықтап, оның қатысуымен алда
болатын тасымалдауды клиентпен келiсiп шеше алады деген қорытынды жасауға
болады. Экспедитор клиенттiң тапсырмасы бойынша әртүрлi тасымалдаушылардың
қатысуымен тасымалдау шарттарының мүмкiн болатын жағдайлары туралы оның
қызы-ғушылығын тудыратын ақпаратты және өзге де соған ұқсас әрекеттердi
жинай (бере) алады. Экспедитор өз қызметiн көрсету аясында жүктердi
тасымалдау шартын (шарттарын) клиенттiң атынан немесе өз атынан бекiтуi
мүмкiн. Тасымалдау шартын бекiтудiң өзi жоғарыда аталған құқықтық
алғышарттарды қа-лыптастыруды бiлдiретiн болады.
Көлiк экспедициясы шартының заңды анықтамасында айтылған қызметтердi
негiзгi деп атауға болады, өйткенi ҚР АК-ң 708-бабының 1-тармағының 2-
бөлiгiнде экспедитордың қо-сымша қызметтердi көрсету мүмкiндiгi туралы
айтылған. Бiздiң ойымызша, қызметтердi осылайша (негiзгi және қосымша) бөлу
тәжiрибелiк маңызға ие екенiн бiрден айта кеткен жөн. Бiз негiзгiге
жатқызатын қызметтер көлiк экспедициясының мәнiсiн сипаттайды. Бұл
негiзгiге жатқызатын қызметтер көлiк экспе-дициясының мәнiсiн сипаттайды.
Сондықтан оларды жүзеге асыру мiндеттi болып табылады және олар көлiк
экспедициялық пәнiнiң ажырамас құрамы болып табылады. Осыдан бұл шарт-тың
мiндеттi жағдайлары туралы түсiнiк туындайтын болады.
Қосымша қызметтер көрсету қажеттiлiгi қазiргi көлiк инфрақұрылымында
ойда болмаған сәттерде пайда болатын олқылықтармен (кемшiлiктермен) мәжбүр
етiлуi мүмкiн, мыса-лы белгiлi бiр тауарларды шығаруға рұқсат алу туралы
талап енгiзу (карантиндiк радиациялық бақылаудан өту және т.б.). Шарт
пәнiнде қосымша қызметтер көрсетудi бекiту клиенттiң өзiнен тасымалдау
шартын iс жүзiнде жүзеге асырумен байла-нысты кез келген ауыртпалықтарды
түсiру тiлегiмен түсiндiрiлуi мүмкiн.
Қосымша қызметтер көрсету ретiнде көлiк экспедициясы шартымен экспорт
немесе импорт үшiн талап етiлетiн құжат-тарды алу, кедендiк және өзге
шарттылықтарды орындау, жүктiң саны мен жай-күйiн тексеру, оны тиеу мен
түсiру, жөнелтушiге жүктелетiн баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды
төлеу, жүктi сақтау, оны баратын жерiнде алу, сондай-ақ өзге де
операцияларды орындау мен қызмет көрсетулер сияқты жүктi жеткiзу үшiн
қажеттi операцияларды жүзеге асыру көзделуi мүмкiн.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Кез келген өзге шарттық
мiндеттемеге сәйкес сияқты борышқор, осы тұстағы экспедитор, экспедициялық
қызмет көрсетулер бойынша өзiне жүктелген мiндеттемелердi тиiстi түрде
орындауға мiндеттi. Клиент өзiне көрсетiлген қызметтерге ақы төлеу және
шартпен сондай-ақ, тiкелей заңнама нормаларымен көзделген өзге де
мiндеттерге қатысты экспедитор алдында борышқор болып табылады.
Құқықтар мен мiндеттердi қарастырғанда көлiк экспедиция-сына қатысты
Азаматтық кодексте сiлтемелiк реттеудiң қолданы-латынына сүйене отырып,
олардың кеңiнен талқылауы мүмкiн екенiн ескерген жөн. Мәселен, егер
экспедитор тасымалдау шартын клиенттiң атынан бекiтетiн болса, онда 35-
тарау нор-маларымен реттелмеген бөлiгiнде олардың арасында сенiм беру-шi
мен сенiмдердi шоқты құқықтар мен мiндеттер туындайды. Ал, экспедитор
тасымалдау шартын өз ойынан бекiтетiн жағдай-ларда, оның клиентпен түсетiн
қатынастарына, 35-тармақпен реттелмеген бөлiгiнде, комиссия шарты туралы
нормалар қолда-нылады.
Экспедитор тасымалдау шартын клиенттiк нұсқауларына сәйкес бекiтуге
тиiс. Жүк жөнелтушiнiң келiсiмiмен экспедитор жөнелтушiнiң мүддесiн,
тарифтер деңгейiн және жеткiзу мерзiм-дерiн ескере отырып, жөнелтушiнiң
жүгiн көлiктiң қай түрiмен тасымалдауды өзi белгiлей алады.
Экспедитор тасымалдау шартын тиiстi түрде бекiте алу үшiн жүк жөнелтушi
(алушы) экспедиторға жүктiң қасиеттерi, оны тасымалдау жағдайлары туралы
құжаттар мен өзге де аппаратты, сондай-ақ экспедитордың өз мiндеттерiн
орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге мiндеттi.
Экспедитор жүк жөнелтушiге (алушыға) ақпараттың анық-талған кемшiлiктерi
туралы хабарлауға, ал ақпарат толық бол-маған жағдайда, жүк жөнелтушiден
(алушыдан) қажеттi қосым-ша деректердi сұрауға тиiс.
Егер жүк жөнелтушi (алушы) қажеттi ақпаратты бермесе экспедитор осындай
ақпарат берiлгенге дейiн өзiнiң тиiстi мiн-деттерiн атқаруға кiрiспеуге
құқылы.
Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз мiндеттерiн жеке өзiнiң атқару
мiндетi туындамаса, экспедитор өз мiндет-терiн орындауға басқа тұлғаларды
тартуға құқылы. Мiндетте-менiң орындалуын үшiншi тұлғаға жүктеу
экспедиторды шарт-тың орындалуы үшiн клиенттiң алдындағы жауаптылықтан
босатпайды.
Бiрқатар басқа азаматтық-құқықтық шарттардағы несие берушiлер сияқты
экспедиторлар да ұстап қалу құқығын пайда-ланады ол көлiк экспедициясы
шарты бойынша шартпен және заңмен қамтамасыз етiлетiн экспедитордың жүктi
тек оның экспедициялық қызмет көрсетулерi үшiн алуы тиiс сыйақының
төленбеуiне байланысты ғана ұстап қалу құқығымен шектеледi (ҚР АК 712-б.).
Осы айтылған сөз – экспедитор клиенттi өзiнiң алдында мiндеттеменi
орындауға мәжбүрлеу үшiн мүлiктi ұстап қалуға тиiстi (құқылы) емес дегендi
бiлдiредi. Ұстап қалуды борышқор мүлкiне өндiрiп алумен шатастырмаған жөн.
Көлiк экспедициясы шартының әрбiр тарабы бұл туралы басқа тарапқа
қисынды мерзiмде ескерте отырып, шарттан (оны орындаудан) бас тартуға
құқылы. Шартты орындаудан бiржақты бас тартқан тарап осы кезде екiншi
тарапқа шарттық бұзы-луынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi.
Жауапкершiлiк. Көлiк экспедициясы шарты бойынша жауап-кершiлiк
мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн
жауапкершiлiк туралы ҚР АК-ң 20-тарауы-мен көзделген жалпы ережелерге
негiзделедi.
Азаматтық кодекстiң 713-бабында тасымалдау және экспе-диция
қатынастарының өзара тығыз байланысы ескерiлген.
Экспедитор кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылған-дықтан тиiсiнше
ол клиент алдында, бой алдырмайтын күш не-месе форс-мажорлық жағдайлар
салдарынан өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жауапкершiлiктен босатыла
отырып, кiнәсiз жауапкершiлiкте болады. Эскпедицияның тасымалдау қатынас-
тарымен аталған өзара байланыстылығын жауапкершiлiкке қа-тысты ескерудiң
көрiнiсi, кейбiр жағдайларды экспедиция мiн-деттемелерiн бұзу экспедитор
емес, тасымалдаушы әрекеттерiнiң салдарынан болу мүмкiн екендiгi де есепке
алынатынымен сипатталады.
Экспедитордың клиент алдындағы жауапкершiлiгiнiң мөл-шерi мұндай
жағдайларда клиентке келтiрiлген шынайы залал мөлшерiнен, яғни,
тасымалдаушы жауапкершiлiгiнiң мөлшерiнен (АК 713-бап 2-т) аспауға тиiс,
бiрақ клиент алдында тiкелей жауапты болып бәрiбiр экспедитор қалады.
Тасымалдаушының кiнәлi әрекеттерiнiң салдарынан жауапқа тартылған
экспедитор оған керi талап қою құқығын иеленетiн болады.

2. Шарттың жалпы ережелері

1. Шарт туралы жалпы ұғым

Шарттың ұғымына анықтама беретін болсақ азаматтық заңдарда
белгіленгендей екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен
міңдеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп
танылады.
Шарт термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен
міндеттеме туыңдайтын заңдық факты; сол шарттық міңдеттеменің өзі; шарттық
міндеттемені ресімдеген құжат.
Шарт - құқықтық қатынастың туыңдауына, өзгеруіне немесе тоқтауына
негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.
Жалпы ҚР азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес
мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол
себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты
мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы
және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер
қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және
өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды,
себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік
білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық
фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі.
Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу
үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады[45].
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі
шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме
үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету
құқығы (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міңдет
(борышкер) болады[51].
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады ол
ҚР АК-ның 228-бабында айқындалған.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық
мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы
қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай
серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес,
меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін
орналасуы бекерден бекер емес.
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді
көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды
қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже
бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық
кодекстерінде кездеспейді.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынас-
тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міңдеттемелік құқық
катынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы,
бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену
және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал
олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып
табылады (ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында
болатын заттық абсолюттікке қарағанда) [49].
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады.
ҚР АК-ның 306-бабының 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның
иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен
немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында
қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да,
көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады ҚР АК-ның 380-
баптың 2-тармағын қараңыз. АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көшпілігі
заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-
баптың 2-тармағында әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында,
сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулылары және ондай құқық берілген мемлекеттік оргаңдар белгілей алады.
Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты
алуға болады[43].
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже
туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада
көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада
көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен
міндеттерді тудырады" делінген.
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін
қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды,
себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз. Негізінде
азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі өзінің негізгі
қызметін сақтап қала бермек. Өйткені бұл (шарт еркіндігі) әрбір азаматтың
өзіне тиесілі сбьективтік құқығы болып табылады.

2.2. Шарттың мазмұны, формасы және түрлері

Шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер
жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген
болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен
туындайды. Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез
келген ережені анықтауға құқылы.
ҚР АК-ның баптарына жүгінсек 382-баптың 1-тармағыңда императивтік
және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны занда тікелей міндеттелген болса
(императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол
нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған
қарамастан олар оны заңда көрсетілген қалпында орыңдауға міндетті[76].
Шарт мазмұнына қатысты мысал келтіретін болсақ, АК 282-бапта ақша
міңдеттемесі Қазақстан аумағында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген немесе
АК 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік
иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Соңдықтан да,
шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты АҚШ
долларымен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің
келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса тараптар
оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысал келтірейік, АК-ның 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше
әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе
міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі.
Сондықтан тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра
алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса,
онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Негізінен алғанда
олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар болып келеді. Ол шарт
еркіндігіне сүйене отырып тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай
алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға
құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда
диспозитивтік нормалар қолданылады.
Қаңдай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар
да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Онда, іскерлік айналым дағдысы
бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа
алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашаңда дау
туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттың елеулі ережелерін қарастырып өтейік. Шарт дегеніміз екі
немесе бірнеше адамның келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік
білдіруі. Әр шартта көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер
келісілмесе шарт жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл —
шарттың елеулі ережесі. АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың
барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада
келісімге қол жеткен кезде шарт жасалынды деп есептелінеді[3].
Жалпы алғанда ҚР АК 393-бабы елеулі ережелердің тізбесін бермейді,
тек жалпы тәртіпте олардың нышандарын атап өтеді.
Ережелердің елеулі больп табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір
шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңнамада елеулі деп танылған ережелер. Олар брокер-диллер мен
оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіңдегі клиенттің тапсырмасы
бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты
туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғаңдағы, құқықтары
мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен
кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің
есепшотына аударудың, соңдай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша
төлеудің шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5
наурыздағы "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
туралы" Заңы);
3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау
шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс
ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен
жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша
келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп
танығандағыдай салдарларға әкеледі АК-ның 157-бабын негізге алуға болады.
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға
болады. Олардың ерекшелігі сонда, бұл ережелердің болған болмағандығы
шарттың заңдық күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер заңнамада шарттардың
осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады және олар шартта бар-
жоғына қарамастан қолданылады[52].
Оған мысалы, баға туралы ереже. Егер тараптар шартта шарт бағасын
келіспесе, онда заң актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті
мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін бағалар (тарифтер,
бағалау, ставка және т.б.) қолданылады.
Ал, ақылы шартта баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне
сүйене отырып анықтау мүмкін болмаса, шартты орындау шартжасасқан кезде
осыған ұқсас жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет
үшін алынатын баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-
бабы).
Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және
ол шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда
қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа
тараптардың өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының
нысанын сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты
мерзімінен бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы
беру туралы ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп
тануға еш ықпал етпейді.
Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі
ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы
тиіс (АК-ның 388-бабы).
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен
бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте,
өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет
бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен
де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында
көзделген Модельдік контрактыны алуға болады.
Моделдік контракт Үкімет бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған,
онда контрактылардың кейбір түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын
пайдаланудың кейбір операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады
және ол контрактылар жасаудың үлгісі ретінде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер
ондай сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретінде ғана
қолданылады. Бұл ретте, ҚР АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар
заңнамаға қайшы келе алмайды, ал ҚР АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар
арасындағы қатынастарға да қолданатындай болуға тиіс.
Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа
түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. ҚР АК 392-бабының 1-тармағына
сәйкес, сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен
сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні
түсініксіз болған жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және
мағынасымен салыстыру арқылы анықталады.
Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін
болмаса, АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле
отырып, тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда
шарт жасасу алдындағы келіссөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара
қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың
мінез-құлықтары да назарға алынады.
Біз ҚР АК-ның 392-бабына сай түсініктемені азаматтық заңнама
нормаларына АК-ның 6-бабына сай түсініктеме беруден ажырата білуіміз керек.
Шарттың қаңдай да бір ережесін түсінуде тараптар арасыңда қайшылық
туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік
берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды,
тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай
жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде
барады[72].
Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі контрактыларда
олардың кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.
Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады, бұл
жағдайда АК-ның 151-155-баптарын негізге аламыз. Заңнама бойынша шарттың
бұл түрін нотариалдық куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық
куәландырылуын тараптар өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің
нотариалдық формасы туралы ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі
бір формада шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін
бұл форма талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден
бастап жасалды деп есептеледі оны ҚР АК 394-бабының 1-тармағынан көруге
болады.
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат,
телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады
АК-ның 152-бабында көрсетілген.
Егер заңға жүгінсек ҚР АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта
алған адамның шарттың офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу,
қызмет көрсету, жұмыс орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік
әрекеттерді жазбаша формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі.
Мұндай әрекеттерді жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада
немесе офертада белгіленуі мүмкін.
Азаматтық заңдарда шарттарды топтастыру әртүрлі негіздерде
жүргізіледі. Міндетемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген
топтастыру да, атап айтқанда, тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету
сияқтылар шарттарға да қолданылуы мүмкін. Шарттарға мәмілелер
топтастырулары да қолданылады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу
кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады,
(лат. consensus — келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса
жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол
жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру,
ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында
атқарылады.
Бірақ, кейбір шарттар (мысалы, сыйға тарту, сақтау, заем,
жүктасымалдау) шарт нысаны берілген кезден бастап қана жасалынады деп
саналады. Мұндай шарт нақты (лат. res -зат) деп аталады, ол заң актілерінде
бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуальдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың
анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының
міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенеді, ал сатып
алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта шарт осылай орындалуы тиіс[44].
Нақты шарттарда тараптардың міңдеттері басқаша анықталады. Оған мысал
ретінде сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған затын
сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп
тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша
міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туыңдайды. Бұл жерде
орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуальдық
шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату
шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе
алады. Бірақ бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міңдеттемелерін
орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл
ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе
еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып
табылады (АК-ның 384-бабы).
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық — шарт бойынша өз
міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну-ұсынбауында.
Бір нәрсені ұсынуға (төлеуден басқа) материалдық құндылықтар беру
(бартерлік операция), біріне бірі қандай да бір міндеттерді атқаруы (өзара
міндеттемелер), ақшалай баға беруге болатын кез келген әрекетті жасау
жатады.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға
және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі
шарттан туыңдайды. Алдын ала шаут дегеніміз — сол шартта көзделген
ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған
шарты (АК-ның 390-бабының 1-тармағы).
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы
шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын
беруте міңдеті көзделген шартты. келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй
контрактын) алуға болады.
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда
нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болатын сияқты. Жекешелеңдіру
туралы Жарлықта "саудада ұтқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер
жүргізген күні сауданың нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды" делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы сонда, олардың екеуінің
формалары бірдей болуға тиіс. Егер белгілі бір формадағы шарттарды
жасағаңда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, тұрғын
үйді сатып алу-сату шарты), оңда алдын ала шарт та нотариалдық формада
жасалуы тиіс.
Бірақ, егер заңнамада негізгі шарт формасы анықталмаған болса
(мысалы, әдеттегі сатып алу-сату шарты), аддын ала шарт, заңсыз болып
қалады деген қауіппен, жазбаша формада жасалады.
Алдын ала шартта, тым болмаса, негізгі шарттың нысанын, соңдай-ақ
басқа елеулі ережелерін анықтауға мүмкіндік беретіндей ережелер болуға
тиіс. Негізгі шарттың жасалу мерзімі алдын ала шарт үшін міңдетті жағдай
болып табылады, сондықтан АК-ның 390-бабының 4-тармағында, егер алдын ала
шартта мерзім белгіленбеген болса, негізгі шартты жасасудың бір жылдық
мерзімі анықталған.
Мұндай мерзімнің маңыздылығы сонда, егер негізгі шарт мерзім өткенше
жасалмаған болса, оңда бұл мерзім өткеннен кейін алдын ала шарт күшін
жояды.
Алдын ала шарт жасасудан жалтарудың салдары туралы мәселе әр елдің
заңнамасында әртүрлі шешіледі. Мысалы, Ресей Азаматтық кодексінде бір
тараптың екінші тарапты алдын ала шарт жасасуға мәжбірлеуді талап ету
құқығы көзделген (Ресей АК-сының 429-бабы). Мұндай ереже Азаматтық заңнама
Негіздерінде бекітілген (60-бап).
ҚР АК-ның 390-бабының 5-тармағында басқа ереже бекітілген: шарт
жасасуға мәжбүр етуге тараптардың құқығы жоқ, оларда негізгі шартты
жасасудан бас тарту нәтижесінде келген шығынды өндіртіп алу құқығы бар
мысалы, алдын ала шарттың нысаны болған затты сатып алмақшы болған адам өз
пәтерінің ерекше жоспарына қарай басқа жиһаз сатып алады[43].
Қазақстанда ниет туралы хаттамалар кең өріс алды, ал олардың құқықтық
мәні түсініксіз. Оларға заңдық күш беруге әрекет те жасалыңды. Ниет туралы
хаттамадан аддын ала шартты айқын ажыратып алуға талпыныстың салдары ниет
туралы хаттама азаматтық-құқықтық шарт ретіңде қаралмасын деген тұжырымға
алып келді. Мұндай шартта зандық күш болуы үшін ол арнайы қарастырылуы
керек (АК-ның 390-бабының 7-тармағы).
Шарт тараптарының біреуінің осындай ниет туралы хаттама бойынша
қатынастарды жалғастырудан бас тартуы оның іскерлік беделіне әсер еткені
болмаса, басқадай құқықтық салдарға өкелмейді.
Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына
байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың
біреуі үшін міңдетті болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін
жасалады. Дегенмен, шарттардың кейбір түрлері міңдетті шарттар (мысалы,
мемлекеттік кәсіпорынмен мемлекеттік тапсырыс негізінде жасалатын шарт).
Міндетті шарттар арасында жария шарттардың орны бөлекше. Коммерциялық
ұйыммен жасалған және қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін
әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде
оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда,
көпішілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету,
энергиямен қамтамасыз ету, медицина, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы көлік міндеттемелері мен оның шарттарын қарастыру
Тасымалдау шартының сипаттамасы
ТАСЫМАЛДАУ ШАРТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Туристерді тасымалдау ережелері
Тасымалдау шарты
Тасымалдау шартының тараптары
Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
Тасымалдау шартының түрлері
Жүктердің түрлері.Тасымалдау шарттары
ҚР заңнамасы бойынша көліктік қызмет көрсету аясындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Пәндер