Биені азықтандыру ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Жылқының экстерьері мен конституциясы
1. 1. Жылқының экстерьері . . . 5
1. 2. Жылқының дене құрылысы, конституциясы . . . 9
1. 3. Жылқыны азықтандыру . . . 10
1. 4. Әдебиетке шолу . . . 13
ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері
2. 1. Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары . . . 15
2. 2. Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері . . . 22
2. 3. Буаз және құлынды биені азықтандыру . . . 29
2. 4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары . . . 33
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Жылқы - біздің елімізде төрт түлік малдың бірі. Қазақ халқы ғасырлар бойы жылқыны керегінше өсіруге талаптанды, өйткені оны көлік ретінде және ел қорғау мақсатында пайдаланды. Сонымен бірге жылқының тәтті еті мен дәмді қымызы халқымыздың қадірлі асы болды. Ел ауызындағы әңгімелерді, хиссаларда, ақындар мен жазушылардың шығармаларында сәйгүлік арғымақтар ел қорғайтын батырлардың жан серігі есебінде айтылады.
Қазақстандағы қорғандар мен ел мекендеген жерлерге археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, ерте замандағы халықтардың жылқыны күш көлігі ретінде пайдаланумен қатар, ет үшін де өсіргені байқалады. Бірнеше ескі көмбелерден, ас пісіретін жер ошақ маңынан жылқы сүйектері табылды. Жылқының табылған сүйектеріне қарағанда, олар біздін заманымыздан екі мың жылдан аса уақыт бұрын болған Андронов мәдениеті деп аталатын қола дәуіріне жатады.
Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы тағы басқа заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екенін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.
Қазақ халқы өз тарихында талай ауыр сыннан өтіп, небір сұрапыл соғысты басынан кешірді, сыртқы жаулардың шапқыншылығына қарсы тұрып, өз жері мен елін аман алып қалып, ана тілін, халықтың бай мәдениетін, тұрмысында, шаруашылығында қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерін сақтай білді, сонымен бірге қазақ халқы ғасырлар бойы төрт түліктің бірі ретінде жылқыны жүрсе қанаты, ішсе сусыны, жесе азығы ретінде пайдаланып келді.
Қазақстанда жылқының 14 тұқымы өсіріледі, олардың арасында: ағылшынның міністік-таза қанды міністік, арабтың таза қанды, тірікменнің таза қанды ахалтеке, қостанайдың арбаға және міністік жылқысы сияқты жылқы түрлері бар. Желістілерге -орыс және орлов, міністік-жегіндік түрлеріне -дондық, қостанайлық (негізгі түр), ал ауыр жүк тартатындарға - кеңестік, орыс және владимир жылқы тұқымдары жатады.
Өнімдік бағыттағыларға: көшім, мұғалжар, қазақтың жабысы, адай жылқысы, қабы етті жылқысы секілді тұқымдар жатады. Көп болмаса да, Ресейде шығарылған жаңаалтай тұқымы мен жаңақырғыз, қарабайыр тұқымдары да тараған.
Жылқының басқа малдан ерекшелігі - оның негізгі өнімі бұлшық етінің күші болып табылатындығы. Мұның өзі ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктерін айқындайды.
Азықтандыру - мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организмінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организимде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жалпы жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді.
Жылқылардағы, соның ішінде биелердегі заттар мен қуаттың алмасуы тұқымына, жынысына және жасына қарай ерекшеленеді. Бір жасар ұрғашы жабағыларға қарағанда, олармен қатарлас еркек жабағыларда зат және қуат алмасуы қарқынды жүреді. Айғырлар шағылысқа түсуге дайындық кезеңі мен шағылысу кезеңінде, биелер буаз кезеңінің соңғы 3 айында және сутену кезеңінің алғашқы 3 айында, құлындар өмірінің бірінші жылында өздерінің мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың көбірек болғанын қалайды. Міністік және желісті жылқыларға қарағанда, ауыр жүк тартатын тұқым жылқылары, тірілей салмағының 100 кг-ына қоректік заттарды 6-10% аз пайдаланады. Әсіресе, жеделдете жаттықтырылатын және спорттық аттар мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың молырақ шоғырлануын талап етеді.
Жылқы малы, әдетте, жұмыс істей бастаған алғашқы 3 сағат ішінде көмірсуларды көбірек шығындайды, сондықтан да оларды жұмыс кезінде үстеме азықтандырудың маңызы ерекше.
Жылқылардың жыныстарына, жастарына қарай бөлінген топтарының бәрінің де протеинді қажет ету мөлшері тіршілік етулеріне, оның сыртында: биелердің іштегі төлдерінің өсуіне, сутенуіне, төлдердің тірілей салмақ өсіміне, тұқымдық айғырлар ұрықтарының пайда болуына кететін шығындар көлемінен құралады. Өсіп келе жатқан жас төлдің мерзімдік азық үлестерінде лизин болуын ескеру керек.
Жылқылардың сүйек-бұлшық ет мүшелерінің пайда болуы үшін, жеткілікті мөлшерде минералды заттар, ең алдымен, кальций мен фосфор қажет. Сондай-ақ олардың мерзімдік азық үлестеріндегі арақатынасы 1:1 немесе 1:0, 75 болу керек. Жылқылардың А (ретинол), Д(кальциферол), Е(токоферол), В 1 (тиамин), В 2 (рибофлавин), В 3 (пантотен қышқылы), В 4 (холин), В 5 (никотин қышқылы), В 6 (пиридоксин), В 12 (цианокобаламин), В с (фолий қышқылы) витаминдерін қаншалықты қажет ететінін ескерген де өте маңызды болып табылады. Әсіресе, бұл сүтенуші және буаздығының соңғы 90 күніндегі биелерге, жедел өсіп келе жатқан төлдерге, жаттықтырылып жатқан жас жылқылар мен спорттық жылқыларға қатысты болып отыр.
1. Жылқының экстерьері мен конституциясы
1. 1. Жылқының экстерьері
Малдың конституциясының сыртқы көрінісі, оның денесінің түрі - экстерьер болады.
Малдың сыртқы көрінісі оның физиологиялық сипаты мен өнімділік типін бейнелейді, ал жеке органдарының, тканьдерінің және дене бөлшектерінің, сүйектің, бұлшық еттердің, терінің, көк еттің даму дәрежесі оның берік типін немесе босаңдығын көрсетеді. Жануарлардың өнімділік дәрежесі оның экстерьеріне қарай анықталады.
Мал шаруашылығында экстерьерді бағалаудың бірнеше тәсілдері бар. Бұлардың ішінде ең негізгісі - көзбен көріп шамалау, мұнда жылқының экстерьеріне қарай үйлесімсіздігі және тұқым типінің айқындылығы бағаланады. Мысалы, етке бейімделген болса, дене бітімі шомбал, кеудесі кең және көлемді, сирақтары қысқа, жұмыр, мойыны қысқа болуға тиісті, егер шабысты немесе желісті жылқы болса, оның денесі керісінше болады.
Белдің және арқаның қайқандығы, көкіректің тар және аяқтарының нашарлығы экстерьер кемістіктерінің ең негізгілері болып саналады. Бұл сияқты кемшіліктер көбінесе малдарды дұрыс бағып-күтпегендіктен, жеткілікті азықтандырмағандықтан және дұрыс пайдаланбағандықтан болатын кемшіліктер.
Төлді жақсы өсіргенде және оларды дұрыс пайдаланғанда экстерьерді жақсартуға болады.
Қазір біздің елімізде жергілікті жылқыларды асыл тұқымды малдармен шағылыстырып оның сапасын жақсарту жөнінде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылқының мүшелері төмендегінше сипатталады:
Басы. Жылқының басы етті және етсіз ашаң деп бөлінеді. Басы етсіз жылқының қан тамырлары, әсіресе көзінің алдындағы және танауының үстіндегі тамырлары білеуленіп тұрады. Ондай жылқының көзі үлкен, танауы кең, құлағы қайшыланып тұрады. Осының бәрі жылқы денесінің ширақ, күшті әрі төзімді екендігін білдіреді.
Сағақ арасының, яғни екі жағының арасының кеңдігі де жұдырық сиятындай болуы керек, сағағы тар жылқының тыныс алысы да нашар болады.
Көзі. Ауыр жүк тартатын жылқыға қарағанда, салт мінетін жылқы көзінің аясы үлкен, шығыңқы келеді, көзінің кемістігіне жататындар: соқырлығы, ақ түсуі, ноғала, көзінің қабынуы.
Танауы. Жылқының танауы дем алғанда делдиіп, тынысы тарыла берсе, онда өкпесі аурулы болғаны.
Жылқының аузын ашып қарағанда жағы дұрыс қабысып тұруы керек, сондай-ақ жағы, ерні, тілі дертке шалдықпай, сау болуына зер салу керек.
Құлағы. Салт мінетін қағылез жылқының құлағы жұқа, біркелкі, ал жұмысқа жегілетін жылқының құлағы кішірек әрі қалың келеді.
Желкесі. Желке сүйек тұтас, кең, ұзын болады. Егер жараланғаны байқалса, ол дұрыс жүгенделмегендіктен болған.
Сағағы. Кең немесе тарлау болады, егер салт мінетін жылқының жақ сүйектері тар тұрса, онда жылқының тыныс алуы ауыр соғады.
Мойыны. Мойын сүйек жеті омыртқадан тұрады. Басы мен мойын сүйектерінің өзгеруі малдың ауыртпалық түсетін орнына әсер етеді. Ауыр жүк тартатын жылқы шұлғыса жұмысын жеңілдеткені. Салт мінетін аттың жалт бұрылғанда, секіргенде салмақ түсетін денесі өзгеріп, басы мен мойыны арқылы теңселісін түзетеді. Демек, мойынының ұзындығы мен икемділігі мұндай жағдайда ерекше қызмет атқарады. Жылқының мойны үшке бөлінеді: орташа, ұзын және қысқа мойын. Салт мінілетін жылқы мен желгіш жылқының мойны ұзынырақ және икемдірек, ал ауыр жүк тартатындарының мойыны бір қалыпты жалпақ, бұлшық етті келеді, соңғыларының бұл белгілері олардың күштілігін көрсетеді. Жылқының мойны әр түрлі болады: әдемі имек мойынды (мұны қаз мойын дейді), тамағы шығыңқы (мұны бұғы мойынды дейді.
Дұрыс жетілмей, жас кезінде нашар азықтанған жылқының басы етті әрі үлкен, мойыны қысқа әрі салыңқы келеді.
Шоқтығы. Шоқтықтың негізі - білікті ұзын сербегі бар төс сүйек. Шоқтығы бұлшық етті, биіктеу, кеңірек келсе жақсы болғаны. Құшық, шошақ шоқтысы жарамсыз мал, өйткені шоқтығы ондай жылқының арқасы мен иығының бұлшық еттері нашар бітіп жетіледі. Шошақ шоқтық ерге қажалғыш келіп, тез жауыр болады. Шоқтығы аласа келсе, ол да жаман, себебі бұлшық етінің берік бітуіне жөнді тірек бола алмайды, мұндай шоқтықтың жауырыны қысқа келеді.
Арқасы. Дененің шоқтықтан бастап белге дейінгі үстіңгі қырын арқа дейді. Атты бүйірінен қарағанда арқаның қысқа, орташа, ұзын, ал сырт пішіні түзу, бүкір, қайқы, салыңқы болуы ықтимал.
Жылқының арқасы түзу болғаны дұрыс. Арқасы бүкір, қайқы не салыңқы келсе, жылқының қай тұқымы болмасын, оның арқа бітісінің кемшілігі деп саналады, мұндай кемістік әсіресе кәрі жылқыда көбірек кездеседі.
Белі. Белдің негізі - арқа омыртқалары. Белі кеңдеу келіп, сауырға жалғасып жатса, жылқының қай тұқымында да жақсы бітіс деп есептелінеді. Белі босаң, бұлшық еті осал өсіп жетілсе, жылқының сауыры мен белінің түйісетін жері шұқыр келеді. Бұл -жақсылығы емес, экстерьерінің кемістігі. Бел омыртқа сербігі шығыңқы кесте кемістігі. Ол - жылқыны жөнді азықтандырмаудың салдары. Салт мінілетін және жүк тартатын жылқыларды іріктегенде, олардың арқасы мен белінің көңілдегідей бітуіне айырықша назар салу керек.
Кеуде . Кеуденің таянышы - қабырға, төс, омыртқа және төс сүйегі. Кеуденің кеңдігі көбінесе қабырғаның ұзындығына байланысты. Қабырға неғұрлым иілліп келсе, кеуде солғұрлым кең болады. Қабырғасы жөнді иіліп бітпесе, жылқының омырауы тар жаралады.
Кеудесі кеңірек ойымды келсе - жоғары бағаланалды. Ал кеудесі тар жылқының өкпесі мен жүрегінің көлемі де шағын келеді. Мұндай жылқы әлсіздеу болады, алдыңғы аяғы бір-біріне жақын тұрады да, жүргенде қағыса береді. Ауыр жүкті тартатын жылқының кеудесі кең жатады.
Шап. Жылқының ең соңғы бұғана қабырғасынан сербекке дейінгісі - шап. Ол үлкен және кішкене шап деп екіге бөлінеді. Салт мінілетін аттың шабы тым кең келгенмен, ұзын болмайды, жегін жылқының шабы ұзын болса жақсы.
Иық. Иықтың негізі - жауырын мен тоқпан жілік. Иықтың аласа- биік болуы жауырынының ұзын-қысқалығына және еңкіштігіне байланысты. Салт мінілетін және желгіш аттардың жауырыны қиғаштау әрі ұзын келеді. Мұндай жылқы ұшқыр болады. Ауыр жүк тартатын жылқының жауырыны - орташа және тіктеу. Мұндай ат ауыр жүк тартқанда күшін көп жұмсайды.
Алдыңғы аяқ. Алдыңғы аяққа жататындар: шынтақ буыны, жілік, тізе, тұсаулық, бақай, құндыздық, тұяқ. Жылқының алдыңғы аяғының бұлшық етінің осал бітуі - үлкен кемшілік, ондай жылқы әлсіз болады.
Сауыр. Жамбас пен құйымшақ - сауырдың негізі. Сауыр ұзын, жалпақ, етті болуға тиіс. Сауыр былайша ажыратылады: сербекті, дөңес, түзу, салыңқы. Ауыр жүк тартатын жылқының сауыры түзеулеу, дөңгелек болғаны жақсы. Ал жылқының сауыры шатырша, салыңқы болса-кемістігі. Сауырдың мұндай болып бітуі бұлшық етінің жөндеп жетілмегендігінен және малды дұрыстап жемдемегендіктен болады.
Жіліншек. Ол тізе буынынан, өзара тарамыспен тіркескен жеті сүйектен құралады. Тізе буыны дұрыс бітпеген жылқының тізесі бүкіш не маймақ келеді.
Жылқыны нашар жемдеп, жұмысқа дұрыс жекпеген жағдайда оның жіліншігі маймакқ болып бітеді. Алдына қарай шығыңқы келген тізе буынын - бүкіш тізе, артына бүгіле біткенін - шор тізе дейді, ал тізе буыны шығыңқы болып, аяғы дұрыс тұрмаса немесе қисық болса - алшақ аяқ жылқы делінеді.
Жоғарыда айтылған кемшіліктердің бәрі жылқының алдыңғы аяғының нашар екендігін байқатады. Мұндай кемшілік, әсіресе, салт мінілетін жылқыда болмауға тиіс. Жіліншек сүйегі көлеміне қарай жуан немесе жіңішке болады. Ауыр жүк тартатын жылқының жіліншігі жуан, салт мінілетін жылқы тұқымының жіліншігі жіңішке, ал жергілікті жылқы мен желгіш жылқы тұқымы будандарының жіліншігі орташа болады.
Жіліншіктің алдыңғы жағындағы үстіңгі сіңірі жуандауын - брокдауын деп атайды. Бұл көбінесе жылқыда сирек кездеседі.
Алдыңғы бақай. Жіліншікті бақаймен ұластыратын тұсаулықтың жуан және түзу болғаны жақсы.
Бақай дұрыс бітпей, сыртқа теуіп тұрса - алша бақай, ішке қарай шығып тұрса - маймақ бақай делінеді. Мұның қайсысы болса да жылқы аяғының кемістігі. Бақайдың еңкіштігі бір қалыпты болуы керек. Еңкіштігі бір қалыпты болмағанын тік бақай дейді, мұндай бақай жер басқанда жұмсақ тимейді де, буыны мен сіңіріне зақым тигізіп, жылқы тез ақсайды. Бақай қалыптан тыс еңкіш болса, оны жұмсақ немесе қайқы бақай дейді. Мұндай аттар тез ақсағыш келеді. Бақай ұзын да, қысқа да болады, бірақ ең жақсысы - бақайының орташа болғаны. Жылқының аяқ аралары кең тізелері бір-біріне тиіспей тұрғаны оңды, ондай аяқ алшақ та, маймақ та болып бітпейді.
Артқы аяқ. Артқы аяққа жататындар: шынтақ, тілерсек, жіліншік, шідерлік, бақай, құндыздық, тұяқ.
Сан - орта жілікте. Тілерсек шідерлік арқылы санмен тұтасады. Тілерсектің негізі - тоқпан жілік пен асық жілік. Қашан болса да тілерсек буынына көп ауырлық түседі. Ауырлық түсіп тілерсектен ақсаған жылқы жұмысқа жарамайды да, бракқа шығарылады. Мұндай жылқыларда шеккі ауруы болады, ол буын сүйегінің ішкі жағынан шығып, ақсатады. Шеккіні емдеп жазуға болмайды, оның тұқым қуалайтыны анықталды. Тілерсек буынында имек аяқ және тік буын сияқты кемшілік те жиі кездеседі. Жылқының артқы аяқтарының түзулігін артынан қарап білуге болады. Аяқтарының арасы алшақ, тілерсектері тиіспей тұрса - жылқы аяғының жақсы болып біткені.
Артқы жіліншік сіңірлері толысып, білеуленіп тұрса - жақсы жетілгені.
Артқы бақай. Алдыңғы аяқтың бақайына қарағанда, артқы аяқтың бақайы жалпақ келеді, мұнда да алдыңғы аяқтың бақайында кездесетін кемістіктер кездесіп тұрады.
Тұяқ. Тұяқ бір қалыпты бітсе, жарықшақтанып, қабықтанбай теп-тегіс жалтырап тұрады. Тұяғы осал жылқы жиі ақсайды. Жылқының тұяғы уақытында қаралып, тазартылып тұрмаса, оның өсіп, қисайып кетуі, т. с. кемістікке ұшырауы мүмкін.
Жылқы экстерьерін бағалауда оның барлық дене мүшелерін негізгі үш топқа бөледі:
1 - басы, мойыны, денесі (шоқтығы, жауырынды, жотаны, белді, сауырды, кеудесін сипаттауды да осыған қосады) ;
2 - аяқтары (орналасуы, білезік және бақай буындарының, алақан сүйектерінің, бақайшақтың, тірсек буынының құрылысы) ;
3 - жалпы бітімі, бұлшық еттері, сіңірлері, жылқының темпераменті.
1. 2. Жылқының дене құрылысы, конституциясы
Жалпы организмнің және оның жеке бөлшектері мен органдарының құрылысын, сол организмнің өмір сүруі мен өнімділігіне байланысты жағдайын жылқының конституциясы, дене құрылысы дейді.
Жылқының дене құрылысы мынадай түрге бөлінеді: кесек денелі, нәзік, қағылез, ашаң, болбыр денелі. Жылқыны осылайша сипаттау -оның экстерьерін бейнелеуді толықтыратын маңызды шарт.
Кесек денелі. Жылқының ерні мен танауы жалпақ, терісі, жүні қалың, құлағы қалың да қатты келеді, тері астындағы қан тамырлары білінбейді. Дене құрылысы мұндай жылқы сылбыр, кейде жалқау келеді, тұқымы жақсартылмаған жылқының арасында көп кездеседі.
Қағылез. Жылқының терісі жұқа, жүні тықыр, нәзік болады, тері астындағы қан тамырлары білеудей болып, жақсы білініп тұрады. Қағылез жылқы ұшқыр келеді. Бұлар өте нәзік, мәпелеп күтіп, жақсы жемдеуді керек етеді, тебінде бағуға қолайсыз. Қағылез денелі жылқы ахалтеке мен салт мінетін таза қанды жылқылардың арасында жиі кездеседі.
Ашаң. Жылқының ішінде ашаң, денесі берік жылқы жақсы болады. Оның өзгешелігі: кеудесі бір қалыпты, терісі тығыз, жүні жібектей жылтыр, тері астындағы қан тамырлары жақсы көрінеді, ткані болбыр емес. Ашаң жылқылар мыцқты, жұмысқа төзімді келеді, тебінде бағуды жақсы көтереді. Бұл жылқыға жататындары: буденный, дон, қостанай жылқылары және олардыцң будандары.
Жылқының типін және шаруашылыққа қажеттігін анықтау үшін оның денесі өлшенеді. Өлшеудің мәліметтері жылқының қай тұқымға жататындығы жайындағы документке, паспортқа жазылады. Жылқының денесін өлшеу үшін оны тегіс жерге төрт аяғын тең бастырып тұрғызады. Әсіресе төрт түрлі өлшеудің маңызы өте зор. Олар: шоқтығынан өлшегенде биіктігі, кеудесінің кеңдігі, көкірек және жіліншек орамы.
Шоқтығына дейінгі биіктігі өлшеуіш таяқпен өлшенеді. Өлшеген кезде таяқтың жан-жаққа ауытқымай, тік тұруы қажет және таяқтың ұшын шоқтығының ең биік жеріне тақап ұстау керек. Жылқының қиғаш тұрқын да таяқпен өлшейді, ол үшін таяқтың бір ұшын тоқпан жілік пен иықтың түйіскен жеріне, екінші ұшын шонданайға тірейді. Кеуденің кеңдігі мен жіліншік орамын лентамен өлшейді, онда лентаны кере тартып ұстау қажет.
Жылқының денесін толық зерттеу үшін жоғарыда айтылған негізгі өлшеулерден басқалары да қолданылады. Мысалы, басының ұзындығы мен кеңдігі, аяғының шынтағына дейінгі биіктігі, сауырының биіктігі, тағы басқа жерлері өлшенеді.
1. 3. Жылқыны азықтандыру
Азықтандыру - мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организмінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организимде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жалпы жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді. Олардың мөлшері мен ара қатынасы жылқы жасы мен физиологиялық жағдайына (қондылығына) байланысты өзгеріп тұрады. (1-кесте)
1-кесте.
Жылқы денесінің құрамы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz