Әрекерт қабілеттілік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ӘРЕКЕРТ ҚАБІЛЕТТІЛІК
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған азаматтар ... ... ... ..4 1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет
қабілеттілігі жоқ деп тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН МЕН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1 Азаматтық.құқықтықтық жауаптылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Зиян мен залал ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3 ЗИЯН КЕЛТІРУДЕН ТУЫНДАЙТЫН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН АЗАМАТ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТКЕ ҚАБІЛЕТСІЗ ДЕП ТАНЫЛҒАН АЗАМАТ ҮШІН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның түрлері ... ... ... ..16
3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін жауапкершілік ... ... ... ... 18
3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиян үшінжауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты тақырып мазмұнын ашу, яғни кәмелетке толмаған адамдардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтар туралы толық түсінік беру және олардық азаматтық құқық саласында келтірген зияндары үшін жауаптылығын анықтап көрсеру болып табылады.
Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің жасына байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар және жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
Сонымен қатар ең алдымен азаматтық құқықтық жауаптылыққа тоқтаған жөн болады. Яғни азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы болып табылады.Осыдан зиян мен залал ұғымы туындайды. Зиян дегеніміз – тұлғаның жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Ал Яғни залал дегеніміз –келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Бұл екеуі екі түрлі ұғым болып табылады. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық құқықтық-қатынас.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1994 ж. 27 желтоқсандағы № 269-XIII) (Жалпы бөлім) (2005.08.07.берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (1999 ж. 1шілдедегі № 409-1) (Ерекше бөлім)
3. Азаматтық құқық. Оқу құралы. Қыстаубай Ө.С. – Алматы, «Асыл мұра», 2011. 324 б.
4. ҚР-ң азаматтық құқығы оқулық, 1 том.192-бет. Төлеуғалиев.Ғ.И. Алматы.2001ж.
5. Азаматтық құқық.академиялық курс, Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., 1 том.Алматы 2003ж.
6. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
7. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
8. Коментарии. Гражданский Кодекс РК – Алматы: Жеті жарғы. 2003ж.
9. Гражданское право. Том І Учебник для вузов (академический курс)
М.К Сулейменов, Ю. Г. Басин. - Алматы, 2000.- 704 с.
10. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы, 9-шілдедегі N 591 Заңы.
11. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы Заңы» 1998 ж. 17 желтоқсан.

1 Әрекерт қабілеттілік
1.1 Әрекет қабілеттілік түсінігі және кәмелет жасқа толмаған
азаматтар ... ... ... ..4 1.2 Сот шешімімен әрекет
қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет
қабілеттілігі жоқ деп
тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..6
2 Келтірілген зиян мен залал үшін азаматтардың құқықтық жауаптылығы
2.1 Азаматтық-құқықтықтық
жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Зиян мен залал
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .14
3 Зиян келтіруден туындайтын Кәмелетке толмаған азамат және әрекетке
қабілетсіз деп танылған азамат үшін міндеттемелер
3.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы және оның
түрлері ... ... ... ..16
3.2 Кәмелетке толмаған азамат келтірген зиян үшін
жауапкершілік ... ... ... ... 18
3.3 Әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған
азамат келтірген зиян
үшінжауапкершілік ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты тақырып мазмұнын ашу, яғни кәмелетке
толмаған адамдардың және әрекет қабілеттілігі шектеулі деп немесе әрекет
қабілеттілігі жоқ деп танылған азаматтар туралы толық түсінік беру және
олардық азаматтық құқық саласында келтірген зияндары үшін жауаптылығын
анықтап көрсеру болып табылады.
Әрекет қабілеттік - адамның психикалық күйімен байланысы жоқ
заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіктен өзгеше, әрекет қабілеттілік
онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін
саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан
заң адамның әрекет қабілеттігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18
жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың
толық дәрежеде әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық
толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған азаматтар өздерінің іс-
әректтері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра
алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады.
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттігі толық, толық емес
және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттігіне
байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттігі бола
тұрса да, өзі әрекет жасап қайсібір құқыққа ие болуға немесе өзіне
міндеттер алуға қабілетсіз екендігі белгілі. Саналы әрекет жасау қабілеті
кісінің жасына байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда
ғана болады. Ішінара әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке
толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олрадың жасына байланысты.
Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18
жас аралығындағылар және жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас
балалар.
Сонымен қатар ең алдымен азаматтық құқықтық жауаптылыққа тоқтаған жөн
болады. Яғни азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік
өзге тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты,
өзінің заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті
орыңдамаудың нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның
заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты
экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы
санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы болып
табылады.Осыдан зиян мен залал ұғымы туындайды. Зиян дегеніміз – тұлғаның
жеке немесе мүліктік игіліктің кемуі, азаюы. Ал Яғни залал дегеніміз
–келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Бұл екеуі екі түрлі ұғым болып
табылады. Осы екеуін ажырата білуіміз қажет.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – жәбірленуші зиян келтірушіден
келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын
азаматтық құқықтық-қатынас.
Зиян келтіруден туындайтын мінеттеме деликтілік мндеттеме (Суханов Е.А.)
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме деликтілік деу дұрыс емес (Толстой
Ю.К.)
Кәмелет жасқа толмаған азаматтар келтірген зияндар үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Зиян келтірудің салдарынан
туындайтын міндеттемелер деп аталынатын 47-тарауының 925 және 927-ші баптар
аралығында қарастырылады.
Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірілген зиян үшін
олардың ата – анасы (асырап алушылары), қоғаншылары жауап береді. Яғни
заңда тура көрсетілгендей Жасы он төртке жетпеген кәмелетке толмағандар
(жас балалар) келтірген зиян үшін, егер зиян өздерінің кінәсінен
болмағанын дәлелдемеген жағдайда , оның заңды өкілдері жауап береді, яғни
мұнда заңды өкілдері деп отырғанымыз оның ата-анасы,асырап алушылары немесе
қорғаншысы болуы мүмкін.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген
зиян үшін жалпы негіздер бойынша дербес жауап береді. (АК-ң 926-бабының 1-
тармағы). Олардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс
көздері болмаған жағдайда, егер олар зиянның өз кінәсінен болмағанын
дәлелдемесе, зиянды толық немесе оның жетпей тұржан бөлігін ата-аналары
(асырап алушылары) немесе қамқоршылары өтеуге тиіс. Олардың бұл міндеті
зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондайақ келтірген зиянды өтеуге
оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған
ретте жойылады.
Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамттар келтірген зиян үшін, ол
кінәлі болса оның қорғаншысы немесе оған қадағалауды жүзеге асыруға
міндетті ұйым өтейді.
Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спирт
ішімдіктерін не есірткі заттарын пайдалануы негізінде келтірілген зиян үшін
осы азаматтың өзі жауап береді.
Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіні-өзі ие бола
алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат , сондай ақ он
төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген
зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есіркі
заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе
жауаптылықтан босатылмайды.
Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық
туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 928-ші бабында
корсетілген. Яғни бұл бап бойынша әрекетке қабiлетсiз деп танылған азамат
келтiрген зиянды егер олар зиян өздерiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдемесе,
оның қорғаншысы немесе оны қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi ұйым өтейдi.
Курстық жұмыстың алға қойған мақсаттары болып тақырыбын және мазмұнын толық
ашу.

азаматтар
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігінің бір элементі
болып табылғандықтан, оған төмендегідей анықтама беруге болады.Азаматтың өз
әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі
үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтық
кодекстің 17 бабы[1].
Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі
құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған
ақыл-ой мен еріктің болуына өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп,
оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет
қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде
басталады деп көрсетеді, осылайша кәмелетке толғандардың толық дәрежеде
әрекетке қабілетті болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсіздігі
белгіленеді.
Азаматтық әрекет қабілеттігінің маңыздылығы онда, ол өз
әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну.
Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да
өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек
келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емесе, кең шеңберде
түсінгеніміз жөн, өйткені, азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі
келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен
ерекшеленеді. Азаматтардың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен
бұл дүиеден озғанынша бірге болады. Ал азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін
оның өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік етуге немесе өзіне міндеттеме
алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттігі оның
жасымен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен
міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс.
Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттігіне
ие емес. Бір сөзбен айтқанда азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет
қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін[4].
Қазақстан республикасының Азаматтық кодексінің 2-тарауы Азаматтық
құқықтардың субъектілері, 1- параграфы Қазақстан республикасының азаматтары
және басқа жеке тұлғалар деп аталады, соның ішінде 17 – бабында
көрсетілгендей азаматтардың әрекет қабілеттігі дегеніміз , азаматтың өз
әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін
азаматтық міндеттерді жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып
табылады[1].
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың
әрекеттері негізінде азаматтық құқықтырға ие болу және азаматтық
міндеттерді атқару қабілеті. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның
психикалық жағдайы мен жасына қатысыты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен

Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет
қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік
болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы
мүмкін[3].
Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіптер бойынша болмаса,
ешкімнінде құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң
құжаттарында берілген шарттарының немесе не олардың кәсәпкерлік не өзге де
ызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті белгігі шектеуді белгілеген
мемлекеттік не өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеліп
соқтырады.Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен
толық не ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет
қабілеттілігін шектеуге бағыббалған басқа да мәмілелер жарамсыз болады,
бұған мұндай мәмілелерге заң құжаттарында рұсат етілген реттер қосылмайды.
Кәмелетке толмағандар (ағыл. minors; нем. Minderjiihrigkeit ,
Minoritiit ) - Заңның әрекетке қабілеттіліктін басталуымен байланыстыратын
жасына жетпеген адам.Кәмелетке толмағандар 18 жасқа жетпегендер болып
есептеледі.
Кәмелетке толмағандардың (толық немесе ішінара) заңды мүдделерін олардың,
ата-аналары, басқа заңды өкілдер, қорғаншы мен қамқоршылар жүзеге асырады.
Азаматтарың әрекет қабілеттілігінің үш түрін бөлуге болады[5].
1) Oн төрт жасқа дейінгі әрекет қабілеттілік бойынша азамат жасына
сай келетін ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы, мысалы бес жасар
бала дүкеннен балмұздақ сатып алатын болса, мәміле оның жасына сай келеді
деп танылады және жарамды болып саналады.
14 жасқа дейінгі азаматтар әректке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер
заң құжаттарында өгеше көзделмесе, олардың атынан ата-ананлары,асырап
алушылары немесе қорғаншылары мәмілелер жасайды. (АК-ң 23-бап. 1-тармағы).
Заң 14 жасқа толмаған азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы
жалпы ережеден кейбір еарекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына
қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға
құқылы (АК-ң 23-бабының 2-тармағы)[1].
Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де
оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға
байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп
түсіні керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын,
қала көлігінде жүру билеттерін және т.с.с.сатып алу тұрмыстық ұсақ
мәмілерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық
мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс:
• мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жағынан болмшы болуға тиіс;
• олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының
деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы
тиіс.
• 14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын
мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес,
тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады.
2) Oн төрт пен он сегіз жас аралығындағы азаматтар өздерінің
табысына, степендиясына , өзге де кірістеріне және өздеріжасаған
интелектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуіне , сондай
ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы. Жеткілікті негіздер болған
жағдайда олардың заңды өкілдері ( ата-анасы немесе асырап алушысы не
қорғаншысы, қамқоршысы) олардың табыстарына билік ету құқығын шектеуге
немесе ол құқықтан айыруға құқылы. Мысалы, осы жастан азамат өз табысын
мақсатсыз және тиімсіз , яғни спирт ішімдіктерін алып ішуде немесе сол
сияқты пайдасыз нәрселерге жұмсауда болса, онда ата –анасы шектеу қоюға
құқылы[7].
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше
ауқымды олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай
мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
• Өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналарымен асырап
алушылардың қорғаншылары келісімсіз-ақ өз бетімен жасаған
мәміле;
• Ата-анасының (қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты
негізінде жасалатын мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды
өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:
1. өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірстеріне билік етуге;
2. интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3. ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4. банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы (АК-ң 22-бап)[1].
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай
мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе
келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке
толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. (АК-ң
22-бабының 1-тармағы).
Заң құжаттарында кәмелетке толмағандар жасайтын және олар үшін
жасалатын мәмілелерге қорғаншылық және қамқоршылық жасау органының алдын-
ала келісімі талап етілетін жағдайларда белгіленуі мүмкін. Әдетте, мүлікті
иеліктен шығару (мысалы, пәтерді сату) жөніндегі аса маңызды мұндай
жағдайлар отбасы заңдарында көзделеді. Неке және отбасы туралы 1998ж. 17
желтоқсандағы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке
ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы ол толық көлемде
әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді[6].
Бұл арада ескеретін мына жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-
бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін
некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған
кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда
Неке және отбасы туралы Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап
рұқсатетіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемелекеттік тіркеу
орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын 2 жылдан
аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін (Неке және отбасы туралы заңның 10-
бабының 2-тармағы). Заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге
рұқсат етілетін жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден
бастап толық көлемде әрекет қабілеттігіне ие болады.
Қазіргі кезде Азаматтық кодексте Кәмелетке толмаған адамды толығымен
әрекет қабілетті деп жариялау (эмансипация) ұғымы қолданылады.
16 жасқа жеткен кәмелетке толмаған адам егер ол еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының
келісімімен кәсіптік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті
деп жариялануы мүмкін. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекет қабілетті
деп жариялау (эмансипация) ата-анасының, асырап алушысының, қамқоршысының
келісімі болмаса, соттың шешімімен жүзеге асады[4].
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері жасаған
мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әректтерінен
келтірілген зиян үшін жауап береді. (АК-ң 22-бабының 4-тармағы).
3) Oн сегіз жастан бастап толық әрекет қабілеттілік танылады. Толық
әрекет қабілеттілігібар азаматтар кез келген азаматтыққұқықтық қатынастарға
қатыса алады, мәмілелерді жасауға құқылы.
Азаматтық кодекстің 17- сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке
толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.Яғна
азаматтардың өз әрекетімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге
асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттіоігі
(азаматтық әрекет қабілеттілігі) кәмелетке толғанда пайда болады.
Бұл арада ескеретін мынадай бір жғдай бар: Азаматтық кодекстің 17-
бабы 2- тармағынасәйкес заң құжаттарына 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге
рұқсат етілген жағдайда 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден
бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Әдебиеттерде
азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі
деп бөлінеді.Оның өзі азаматтардың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге
асады. Жаңа туылған бала толығымен құқық қабілеттілігі болса да , өзі
әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттерді алуға
қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің
өскендігіне байланысты (жасына).Сондықтан әрекет жасау жасы толған
адамдардағана болады[4].
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады(АК-тің 17-бабы, 1-
тармағында). Осы жасқа толған соң адамазаматтық құқық айналымының толық
құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол сияқты құқықтар мен міндттерге де
ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің
әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайынша
айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие болады.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке
толмағандаға тән, ал берілетін әрекет ауқымы оларды жасына байланысты. Заң
мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:
а) Жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жасаралығындағылар;
ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қаілеттілігі мейлінше ауқымды,
олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай
мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:
- өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушыларының,
қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасалған мәмілелер;
-ата-анасының (асырап алушысының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты
негізінде жасалған мәміле.
14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандарзаңды өкілдерінің
келісімінсіз мыналарды істеуге:
- өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
- интеллектуалдық иеншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
- банкке салым салуына және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына
салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни
мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының

толмағандар жасайтын мәмілелер үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.
(АК-тің 22- бабы, 1-тармағы)[3].
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше
көзделмесе, ата- анасы , асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді.
(АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді
жасөспірімдердің өзі ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. Азаматтық
кодекстің 23-бабының 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты,
жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға
құқықлы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып
алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталға мәмілелерді жасағанымен, әрекет
қабілеттілігі жоғқ деп танылады. Сондықтан да жеке жауапкершілікті мойнына
алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Оларың әрекеттеріне
ата-анасы, асырап алушылары мен қамқоршылары жауап береді[1].
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкршілікті, заңды өкілдерінің
келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өзі
көтереді.
Кәмелетке толмаған адамды толығымн әрекетке қабілетті деп жариялау
(эманципация) үшін жасы он алтыға толған адам, егер еңбек шарты бойынша
кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келетін болса заңды өкілдердің (ата-
анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының) келісімімен (рұқсатымен)
айналыса алады, яғни мұндай азамат толығымен әрекетке қабілетті деп
жариялануы мүмкін. Эманципация қорғаншылық және қамқоршлық органының немесе
сот шешімі бойынша жүргізіледі.
1.2 Сот шешімімен әрекет қабілеттілікті шектеулі деп немесе әрекет
қабілеттілігі жоқ деп тану
Егер азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну
нәтижесінде өз отбасын ауыр материалдық жағдайңа ұшырататын болса, мүдделі
тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтарды әрекет қабілеттіліген
шектеулі деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындайды[3].
Егер азамат ақыл –есі кемдігі және жүйке ауруына шалдығуы салдарынан
өзінің не істегенін білмесе және оған жауап бере алмаса , мүдделі
тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігіжоқ деп
тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындайды.
Егер азамат ішімдік ішуінен, есірткі заттарды пайдалануынан тиылса
немесе оның ақыл-есі медециналық қорытындыға сай дұрысталса, сот алдыңғы
шешімдерінің күшін жоюы мүмкін.
Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір
азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-
әрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды
орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз
немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің
отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрект
қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық
белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа
мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де
кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен
ғана жүзеге асыра алады.(АК-ң 27-бабы)[3].
Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып,
нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып,сот арқылы оның әрекет
қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жойады. Сот шешімінің негізінде
азаматқа белгіленген қамқоршылықтын күші жойылады. Нәтижесінде сот оны
әрекет қабілеттілігі бар деп таниды
АК-ң 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі
салдарынан өз іс-әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенің
білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін[1].
Жүйке ауруы да, ақыл-естің кемдігі де жүйке бұзылуының түрлері болып
табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса
да, азаматтың туған сәтінен басталады. Өз іс-әрекетінің маңызын түсіну
немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айырылуғаәкеп соқтыратын жүйкенің
бұзылуы ғана азасматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуі рөл
атқарады.
Соттың шешімімен жүйкенің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз
деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде
мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған
азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды[6].
Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шкетеулі
адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайды.
Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қамқоршыларды,
ал әрект қабілеттілігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғайтын —
қорғаншылық жасау органдары тағайындайды.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық
қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге мәмілелерді
жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып
табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және
қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік
қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары
арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар
бұл қызметті дербес жүзеге асырады. Әрекетке қабілетті және ата-ана
құқықтарынан айырылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра
алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және
қамқорғаншы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың
тілегі ескеріле отырып тағайындалады[7].
Қорғаншылар мен қамқоршылар бола алммайтындар мыналар:
▪ сот әрекетке қабілетсіз немесе әрект қабілеттілігі шекетеулі деп
танылған адамдар;
▪ сот бойынша ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана
құқықтарын сот шектеген адамдар;
▪ өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін
қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шектетілген адамдар;
▪ егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса,
бұрын бала асырапалушылар;
▪ денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі
міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар (Неке және отбасы туралы
заң 108-бап, 1-тармақ).[11]
Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен
асырап бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап бағу
қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа
да әлеуметтік төлемдері есебінен жүзеге асырылады.
Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған
қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл
туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады.
Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып,
нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім
шығарылған соң барып тоқтатылады.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын-ала берген рұқсатынсыз,
қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретінде тиесілі сомасы есебінен
қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-
аулақ қаржы жұмсауға құқылы.
Қорғаншылық және қамқоршылық – қамқорлыққа алынатын адамның
тұрғылықты жері бойынша жасалады. Заң белгілеген жағдайларды қоспағанда,
қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін жүргізіледі[4].
Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндететрін тиісінше
атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын
жеке бас пайдасының мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа
алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қарғаншыны қамқоршыны осы міндеттерді
атқарудан шеттеуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа
тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.
Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс
болғанда тоқтатылады.

2.1 Азаматтық-құқықтықтық жауаптылық
Азаматтық жауапкершілік - азаматтық құқықтық жауапкершілік; өзге
тұлғаның субъективтік азаматтық құқықтарының бұзылуына байланысты, өзінің
заңда көзделген міндеттерін орындамаудың немесе жеткілікті орыңдамаудың
нәтижесінде туындайтын салдарлар. Яғни азаматтық айналымның заңи тең
қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты

санкцияларды қолдану жөніндегі мемлкеттік күштеу шарасы.
Азаматтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның арқауына және реттеу әдісіне
байланысты[12].
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктері:
▪ Мүліктік сипатқа ие болуы, бұзушы жеке басымен емес, мүлкімен жауап
береді, яғни азаматтық жауапкершілік - мүліктік жауапкершілік;
▪ Жәрдемақы сипатында болуы, яғни азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
негізгі мақсаты – жәбірленуші тараптың мүліктік жағдайын қалпына
келтіру болып табылады;
▪ Азаматтық-құқықтық жауапкершілік көлемінің келтірілген зиян немесе
залалдың көлеміне сәйкес болуы;
▪ Азаматтық-құқықтық жауапкершілік шаралырын қолданған кездегі
азаматтық айналым қатысушыларының теңдігі;
▪ Бір контрагенттің (бұзушының) екінші бірісінің (жәбірленуші)
алдындағы жауапкершілігі;
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері:
▪ Пайда болуы немесе туындау негіздері бойынша: келісімшарттық және
келісімшарттық емес;
Келісімшарттық жауапкершілік- шарттан пайда болған міндеттемені
орындамағанда туынайды.
Келісімшарттық емес- шарттан тыс жауапкершілік, шарттық қатынатарда жоқ
зиян келтірушінің жәбірленушіге зиян немесе залал келтіруі негізінде
туындайды. Мысалы , қылмыс жасау арқылы жәбірленушінің мүлкіне зиян
келтіру.
▪ Егер міндетті тарап жағында бірнеше тұлға болса: үлестік; бірлескен
немесе ортақтасқан; субсидиарлық, аралас, сондай-ақ регрестік
тәртіптегі жауапкершілік болып бөлінеді.
Үлестік жауапкершілік - әр борышқордың заңмен немесе шартпен белгіленген
нақты үлесіне сәйкес жауапты болуы.
Ортақтасқан немесе бірлескен жауапкершілік – заңмен немесе шартпен
тікелей қарастырылған жағдайларда ғана туындайды. Мысалы, бірлесіп зиян
келтіру ҚРАК 932-бабы[2].
Субсидиялық жауапкершілік – негізгі борышқордың міндеттемелері бойынша
субсидиялық борышқордың қосымша жауапкершілігі. Мысалы, 14-18 жас
арасындағы азамат келтірген зиян үшін оның ата-анасы немесе өзгеде заңды
өкілі қосымша жауапты[3].
Аралас жауапкершілік- зиян немесе залал екі тараптың да кінәсінен
туындайды.
Ортақ қағидаға орай, өзінің міндетін орындамаған немесе тиісінше орындай
алмаған тұлғаның кінәсі болған кезде Азаматтық жауапкершілік пайда болады.
Азаматтық жауапкершілік, әдетте, құқық бұзушылық салдарынан келтірілген
залалды толықтай өтеу принципіне негізделген.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындау негізі болып заң немесе
шарт талаптарын бұзатын азаматтық құқық бұзушылық табылады. Кез келген
азаматтық-құқық бұзушылық азаматтық-құқықтық жауапкершілікті туындатуға
әкелетін типтік алғышарттарға ие болады, мұны азаматтық құқық бұзушылықтың
құрамы деп атайды және ол мына элементтерді (алғышарттарды) қамтиды:
- бұзушы жасаған әрекеттіңәрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы, ол
дегеніміз- заңнама және шарт талаптарын бұзу және тұлғаның субьективтік
құқығын кеміту;
- зиян немесе залалдың болуы;
- құқыққа қайшы әрекеттіңәрекетсіздік пен зиян немесе залал келтіру
арасындағы себеті байланыс - әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянның
туындауына немесе келтірілуіне негіз болған байланыс;
-теріс пиғыл – тұлғаның зиянды салдардың туындайтынын білуі және оның
туындауын қалауы немесе туындауына қалай болса солай қарауы;
- абайсыздық (өрескел және өрескел емес) тұлғаның зиянды салдардың
туындайтынын білуі, бірақ өз сенімінен оның алдын алуға үміттенуі немесе
зиянды салдардың туындайтынын білуі қажет және мүмкін болса да білмеуі.
- құқық бұзушы кінәсінің презумпциясы – құқық бұзушы өзінің
кінәсіздігін дәлелдегенге дейін кінәлі болып табылады.
Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің кінәға байланыссыз туындау
жағдайлары:
-кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға міндеттеменің орындалмауын
немесе тиісінше орындалмауын бой бермейтін күш негізінде болғанын дәлелдей
алмаса жауапты болып табылады. Дүлей (бой берметін) күш дегеніміз – төтенше
және алдын алу мүмкін жағдайлар(оқиғалар).
- жоғары қауіптілік көздері (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары,
құрылыстар, т.б.)
- кәсіби сақтаушының жауапкершілігі (тауар қоймасында, ломбардта
сақтау)
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мөлшері :
Зиян келтіруші келтірген зиян немесе залал орнын толық көлемде
толтыруы тиіс. Азаматтық – құқықтық жауапкершліктің мөлшерін төмендетуге
(азайтуға): егер зиян екі тараптын да кінасынан туындаса (жол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz