Жер ресурстары


Мазмұны

:
Кіріспе.: Кіріспе.
3: 3
: 1
Кіріспе.: Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жұйесі . . .
3: 4
: 1. 1.
Кіріспе.: Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жұйесін қалыптастыру . . .
3: 4
: 1. 2.
Кіріспе.:

Жер учаскелерін тіркеу және жерді есепке алу, есеп беруді құрастыру және ақпаратты беру жұмыстарын автоматтандыру . . .

Қорытынды . . .

3:

26

34

:
Кіріспе.: Пайдаланған әдебиеттер . . .
3: 36

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы мол жер ресурстарын иеленіп отыр. Біркелкі мемлекеттік жер қоры 272, 5 млн. га құрайды. Мемлекеттік жер қоры 14 облыс және 2 қала /Астана және Алматы/ арасында бөлінген. Республиканың территориясында 8 табиғи - шаруашылық аумақ пен 2 табиғи - шаруашылық таулы облыс бөлініп отыр, олардың ішінде жерлердің көбі шөл /112, 2 млн га/, шөлейт /37, 3 млн га/ және дала /62, 4 млн га/ аумақтарында болып отыр. Барлық жер қоры жеті санатқа бөлінеді, оның ішінде - 34, 4 ауыл шарашылық мақсатындағы жерлер, 43, 9 мемлекеттік запастағы жерлер, 7, 5 елді мекендердің жерлері, 4, 1 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылық емес жерлер, 4, 0 орман, 1, 3 су қорлары, ал ерекше қорғалынатын табиғи аумақтардың жерлері 0, 55 пайыз құрайды. Республикада 161 әкімшілік аудан, қалалар мен поселкелердің саны - 302, ал ауылды елді мекендердің саны 7164 құрайды. Бұл көрсеткіштер республика жер қорының мол болуын, ал табиғи шаруашылықты жағдайының бірдей еместігін және әкімшілік бөлімдерінің көптігін көрсетеді.

Қазақстан жер реформасының ерекшеліктерін түсіну үшін оқулықта жер қатынастарының тарихи, құқықтық және экономикалық жағдайларына мол көңіл бөлінді. Ғылыми еңбектерге сүйеніп, Қазақстан территориясында тұрған халықтардың жер қатынастарының дамуы көне заманнан Ресейге қосылғанға шейін сарапталды. Қазақстандағы көшпелі қалықта ұзақ мерзімде феодалдық жеке және феодалдық-рулық /тумалық/ жер /жайлым және шабындықтарға/ меншіктік формалары дамыды, ал суармалы егістік жер учаскелеріне /егіншілік оазистерде, оңтүстік аумақтарда/ көне заманнан бері жеке меншік орнатылған. Ресейге қосылғаннан кейін, 1917 жылға дейін Қазақстанда Ресейдің жер қатынастары орын ала бастады және колониалдық жер саясаты мақсаты орындалды. Совет үкіметі уақытында барлық республиканың жерлері мемлекеттік меншікке ауысты, азаматтар мен мемлекеттік заңды тұлғалар ғана жерді пайдалануға құқықты болды.

1990 жылдан бастап Қазақстанда жер қатынастарының өзгеруі басталды, Қазақ ССР-нің жаңа Жер кодексі еңгізілді, "Меншік туралы", "Қожалық шаруашылығы туралы", "Қазақ ССР-де жер реформасы туралы" т. б. заңдар қабылданды. Республика Конституциясында /1995ж. / мемлекеттік жер меншігімен қатар жеке меншік еңгізілді. "Жер туралы" /1995ж. / Президент Жарлығында мемлекеттік және жерге жеке меншік орнатылуының ережелері мен заңдылықтары бекітілген, жер реформасы мақсаттарын орнатудың заңды жолдары көрсетілген, жер ресурстарын басқарушы органдардың жерді үйлестіру және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі мен ережелері бекітілген.

Республикада жер реформасы даму жағдайында жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің құрылуы өте қажетті. Кәзіргі уақытта, барлық мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдар жер ресурстарын басқару функцияларын орындайтын республикалық жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесіне кіріп отыр. Жерді үйлестіру, мемлекеттік басты жер қатынастарын өзгерту құрал болып саналады, бірақта реформа жағдайында оның функциялары мен жүргізу әдістері өзгерді. Жер ресурстарын басқару жаңа жүйесінің негізі болып мемлекеттік жер кадастры саналады. Мемлекеттік жер кадастры жаңа жағдайда көпфункционалдық, ғылыми-техникалық және ақпараттық жүйе болып қалыптасып келеді. Жер кадастрының ішінде үш блок қалыптасты - құқықтық, қаржылық және көпфункционалдық. Ал көпфункционалдық кадастрдың ішінде атқарушы, орталық негізі болып автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалыптасты, бұл жүйе республикалық жер туралы ақпараттық банк рөлін атқарады.

Сондықтан, жер кадастрының жаңа жүйесі негіздерін ғылыми дәлелдеп көрсеткен оқулық жоғары және орта оқу орындары студенттеріне, мұғалімдерге, магистрлерге, аспитранттарға және жер ресурстарын басқару Агенттігі жүйесі, жергілікті атқару органдарының мамандарына керекті құрал болады деп сенеміз.

1-тарау. ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

  1. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қалыптастыру

Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі есептеуіш және телекоммуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан республикамызда кәзірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты-есептеуіш жүйесін құру керек.

ЖКААЖ құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жер кадастырын жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады. ЖКААЖ тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісті министрліктер және ведомстволар пайдаланады. ЖКААЖ - ол күрделі, көп нысаналы, көп кызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру - технологиялық жүйе. Оған:

  • жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;
  • басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;
  • жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;
  • басқарылатын жүйеде /жер мониторингі/ болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
  • жер ресустарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.

Қалыптасып жатқан ЖКААЖ қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектерге, басқару органдарға, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету. ЖКААЖ жер меншігінің әр түрлеріне негізделінген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады. Оны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік құрамында құруда және жүргізуде бұрынғы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі қаралған.

Республикалық деңгей

Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлауБағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеруЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағ-дарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуАқпаратты қорытуЖКААЖ орталықтың облыстық және аудандық мамандарын оқытуСапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
  1. Ұзақ мерзімді және болашақтық жоспарлау
  2. Бағдарламалық өнімдерді және Қазақстандық бағдарламаларды игеру
  3. ЖКААЖ облыстық орталықтарын әдістемелік, бағ-дарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
  4. Ақпаратты қорыту
  5. ЖКААЖ орталықтың облыстық және аудандық мамандарын оқыту
  6. Сапаны тексеру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Облыстық деңгей

Орта мерзімді болашақтық жоспарлауКартографиялық негіз құруАқпаратты қорытуЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуМамандарды оқытуЖұмыстардың сапасын тексеру:
  1. Орта мерзімді болашақтық жоспарлау
  2. Картографиялық негіз құру
  3. Ақпаратты қорыту
  4. ЖКААЖ аудандық орталықты әдістемелік, бағдарламалық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
  5. Мамандарды оқыту
  6. Жұмыстардың сапасын тексеру

Аудандық /қалалық / деңгей

-жер учаскелерін есепке алу;-учаскелерге құқық куәләндіруші құжаттар-ды дайындау және беру;-кадастрлік нөмірлерді беру;-учаскелер шекараларын анықтау, учаске жоспа-рын жасау, аудандарды өлшеу;-кадастрлік карталарды жасау және жүргізу;-жер кадастрлік кітапқа мағлұматтарды жазу;-есеп құрастыру;ақпаратты беру:

-жер учаскелерін есепке алу;

-учаскелерге құқық куәләндіруші құжаттар-ды дайындау және беру;

-кадастрлік нөмірлерді беру;

-учаскелер шекараларын анықтау, учаске жоспа-рын жасау, аудандарды өлшеу;

-кадастрлік карталарды жасау және жүргізу;

-жер кадастрлік кітапқа мағлұматтарды жазу;

-есеп құрастыру;

ақпаратты беру

-жер учаске-лерінің иеле-рін және пайдаланушыларын еспке алу;-бағалық аймақтау;-салықтың базалық ставкасын есептеу;-салық салу-ды жүргізу;-жерлерді және жерді пайдалану құқығын бағалау:

-жер учаске-лерінің иеле-рін және пайдаланушыларын еспке алу;

-бағалық аймақтау;

-салықтың базалық ставкасын есептеу;

-салық салу-ды жүргізу;

-жерлерді және жерді пайдалану құқығын бағалау

-мониторингті және жерлерді қор-ғау барысын тексе-руді жүзеге асыру;-топырақ және өсімдік жамылғы-сының сапасын және пайдалануын есепке алу;-жерлерді табиғи-экономикалық аймақтау;-жерлердің көп параметрлік карталауын жүргізу:

-мониторингті және жерлерді қор-ғау барысын тексе-руді жүзеге асыру;

-топырақ және өсімдік жамылғы-сының сапасын және пайдалануын есепке алу;

-жерлерді табиғи-экономикалық аймақтау;

-жерлердің көп параметрлік карталауын жүргізу

1-сурет -Қазақстан Республикасы ЖКААЖ қызметтік құрылымы

Республикамызда мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ұйымдастырушылық құрылымы және оның автоматтандырылған ақпараттық жүйесі үш деңгейлік әкімшілік - аумақтық құрылымнан тұрады: республикалық, облыстық және аудандық деңгейлер. Жер кадастрын жүргізу мен ЖК ААЖ тік және көлбеу деңгейлерде бірыңғай әдістеме мен технология бойынша жүзеге асыру міндетін жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің өндірістік құрылымы атқарады. /Мем. ҒӨО жер, оның облыстық еншілес кәсіпорындары, аудандық кадастр филиалдары, қалалық және аудандық агенттіктермен қосылу/.

ЖКААЖ республикалық орталығы республикамыздың барлық әкімшілік-аумақтық деңгейлердегі жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйесін құрудағы үйлестіруші методологиялық, әдістемелік, технологиялық орган болып келеді. ЖКААЖ республикалық орталықтың негізгі міндеттері:

  • республика жер ресурстарын басқару процестер туралы барынша толық ақпараттануы;
  • елдің жер ресурстарын пайдалану және жай-күйінің мәліметтері банкісін белсенді түрде ұстау және жүйелеу;
  • заң, атқарушы органдарды, ведомстволарды, ұйымдарды жер кадастрлік ақпаратпен өз уақытында және сапалы түрде қанағаттандыру;
ЖКААЖ республикалық орталығы: ЖКААЖ республикалық орталығы
ЖКААЖ республикалық орталығы: Зерттеу тобы
Еңгізу және оқыту тобы

Материалдық-техникалық

қамту секторы

ЖКААЖ республикалық орталығы: МемҒӨО жер облыстық еншілес кәсіпорын
ЖКААЖ республикалық орталығы: Мәліметтер базасының әкімі
ЖКААЖ республикалық орталығы: Сканерлеу тобы
Жұмыс станциялар тобы
Есепке алу тобы
ЖКААЖ республикалық орталығы:

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық

/қалалық/ агенттік

ЖКААЖ республикалық орталығы:

МемҒӨО жер еншілес кәсіпорынның аудандық /қалалық/

жер кадастрлік бюросы /филиалы/

ЖКААЖ республикалық орталығы: Автоматтандырылатын жұмыс орны
Жерді үйлестру ізденістер тобы

2-сурет- Автоматтандырылған кадастрлық жүйесін басқару

  • жер кадастрын жүргізуді компьютерлеу және ақпараттаудың негізгі бағыттарын анықтау;
  • ақпаратты топтастыру және код арқылы құпиялаудың бірыңғай жүйесін жасау мен енгізу -жергілікті классификаторларды, кадастрлық ақпаратты автоматтандырылған түрде өңдеуге арналған бір рәсімді құжаттарды ойлап табу;
  • ЖКААЖ қызметкерлерін оқыту және мамандық арттыру;
  • барлық деңгейде есептеу жүйесінің құралдарын пайдалану және ЖКААЖ енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Қазіргі кезде Мем. ҒӨО жер орталық өндірісінде жер

кадастрының ЖКААЖ республикалық орталығы жетілген құрылғыларымен толығынша жетерліктей жабдықталған /құрылғының бір бөлігі Пилоттық жоба бойынша қойылған/.

ЖКААЖ республикалық орталығының компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарының құралы.

Жер кадастрлік құжатты жүргізу және жердің қоры және үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлік мәліметтерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде

1. Фотопланшеттерді өңдеу бойынша топ

АО фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша сканер: АО фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша сканер
Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс: Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс
Прин-терлер: Прин-терлер
Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс: Фотоплан-шеттерді өңдеу бойынша графикалық жұмыс
АЗ фото-планшет фрагмент-терін өңдеу бойынша сканер: АЗ фото-планшет фрагмент-терін өңдеу бойынша сканер
  1. Актілерді және басқа басылым өнімін шығару

бойынша топ

Актлерді шығару бойынша жұмыс станциялары: Актлерді шығару бойынша жұмыс станциялары
Принтерлер: Принтерлер
Басылым өнімін шығару бойынша жұмыс станциясы: Басылым өнімін шығару бойынша жұмыс станциясы
  1. Жүйелік қолдау тобы
Плоттер: Плоттер
Мәліметтер базасының сервері: Мәліметтер базасының сервері
Мәліметтер базасының сервері: Мәліметтер базасының сервері
Жүйелік қолдау жөніндегі автомттанды-рылған жұмыс орны: Жүйелік қолдау жөніндегі автомттанды-рылған жұмыс орны
  1. Аудандық және облыстық карталарды құру бойынша графикалық жұмыс станциясы
Принтер-лер: Принтер-лер
Карталар-ды жасау бойынша графика-лық жұ-мыс стан-циясы: Карталар-ды жасау бойынша графика-лық жұ-мыс стан-циясы
Мәлімет-тер база-сының әкімшілігі: Мәлімет-тер база-сының әкімшілігі
Принтерлер: Принтерлер
Дигитай-зер: Дигитай-зер

3-сурет

бойынша орындалады. Бұл ақпаратты деңгейлік тұрғыда өңдеуге мүмкіндік береді. Өңдеудің әр деңгейіне кіретін, шығатын құжаттар пайда болады. Кейде сол бір құжаттар бір деңгейде кіретін құжаттар болса, басқа деңгейде - шығатын болып келеді.

Республика және облыстар үшін мұндай құжат болып алқаптар және жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестірілуі туралы есептер, ал аудандар үшін - пайдаланатын жер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы жер пайдаланушылардың есебі. КСРО көлемінде машиналық өңдеуді еңгізуге дейін 4 мыңға жуық инженер-техникалық қызметкерлер жер кадастрының құжаттарын өңдеумен айналысқан. Содан кейін, бірте-бірте есептеу жұмыстарын әр түрлі электрондық есептеуіш машиналар қолданыла бастап, соңғы жылдарда бұл жұмыстар компьютерлене бастады. Жер кадастры мәлеметтерін өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер:

  1. Жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау;
  2. Алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;
  3. Жерлердің және а. /ш. алқаптардың сапасын анықтау;
  4. Жақсартылған жерлердің аудандарын және олардың жай-күйін анықтау;
  5. Аудандар, облыстардың есептік мәліметтеріне өзгерістер енгізу;
  6. Есептік кадастрлік құжаттарды құрастыру.

Кадастрлік процеске компьютерлік технологияны еңгізуге байланысты соңғы жылдарда жер кадастрын жүргізуде автоматтандыру мүмкіндіктері шұғыл кеңейді. Мысалы, жер учаскесін тіркеу кезінде олар және жер пайдаланушылар туралы барлық мәліметтер компьютерлік мәліметтер банкіне еңгізіледі, б. а. ауданның /қаланың/ мемлекеттік жер кадастрлік кітабына жазылған бар мәліметтер толығымен ақпараттың магниттік таратушысына түсіріледі. Сонымен, жер учаскесін тіркеуде барлық құжаттарымен жер кадастрлік іс қалыптасады, ол қатарласа жер учаскесі туралы барлық ақпарат тиісті бағдарлама бойынша компьютерге түсіріледі. Мұндайда сол ақпаратты автоматтық тәртіпте сақтаумен қатар, онымен жұмыс істеуге болады, былай айтқанда жердің негізгі және кезекті есебін жүргізуге болады /аудан, сапалық сипат жөнінде әр жер учаскесі, алқаптар, алқап түрлері және жер санаттары бойынша/.

Қазіргі уақытта жерлердің бар болуы мен үлестіруші олардың санаттар, жер учаскесінің иесі, жер пайдаланушы және алқаптар бойынша кезектегі жылдың 1-қарашасына қосымда кестелерімен бірге есеп беріледі. Осы мемлекеттік статистикалық есеп беру аудан, қала, облыс, республика деңгейлерінде толық автоматтандырылған.

Республикамызда жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру жұмыстары жер қатынастарын қайта қараумен қатар бірге жүргізіле бастады. Ең алдымен бұл жұмыстар республикалық МемҒӨО жер, Жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық, қалалық комитеттерде басталды. Мысалы, Алматы қаласының қалалық комитетінде 20 астам автоматтандырылған жұмыс орны АЖО бар, барлық қажетті техникамен және бағдарламалық бұйымдармен жабдықталған жер кадастрын жүргізуді автоматтандыру бөлімшесі құрылды.

Керек техникамен жабдықталған АЖО қаланың 6 аудандық агенттігінде қалыптаса бастады. Қазіргі кезде жер учаскесін тіркеу, жерлерді негізгі және кезектегі есепке алуды жүргізу, барлық деңгейде есеп құру жұмыстары толық автоматтандырылған.

Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:

1/ жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;

2/ әкімшілік аудан;

3/ учаскенің орны және оның жүйелік баяндамасы;

4/ нысаналы арналуы;

5/ бөлінуі;

6/ пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;

7/ учаске ауданы.

Алматы қаласы аудандық жер комитетінде 1997 ж. компьютерлік техника және технологияны пайдаланып, жер учаскелері бойынша құжаттардың және ақпараттың келесі түрлері дайындалып, беріледі:

1/ пайдалану және меншіктеу құқығы актлері;

2/ жер учаскесінің жоспары;

3/ келесі мәліметтерден тұратын ақпараттар:

  • учаске ауданы /координаттар арқылы/;
  • жерлер санаты;
  • жер учаскесіне құқық және құжаттар /құқық, үлес, құқық субъектісі, мекен-жай, тіркелетін салық нөмірі, телефон/;
  • құқық көрсетуші құжат /тіркеу нөмірі, беру уақыты, бекіту құжаты, оның тіркеуіш мәліметтері/;
  • берілген құжат /серия, нөмір, тіркеуіш мәліметтері, күні, айы/;
  • учаскені экономикалық бағалау /экономикалық немесе бағалық аймақ, учаскенің нормативтік құны, бағалық құны, жер салығының құрамы, жалға беру төлемі/;
  • координаттар, қабырғалар ұзындығы, румбтар каталогі.

Кәзір қалалық агенттікте жоспарлы тәртіпте ЖКААЖ әрі қарай даму мәселелері шешіліп жатыр - қолданыстағы "Гео Кад Систем 3 Wіndows" жүйесі негізінде локальды есептеуіш желісін құру. Бұл желі қалалық агенттіктің есептеу орталығы аудандық агенттіктерінің компьютерлік бөлімдерін бірыңғай жүйеге қосады. Сонымен қатар, бірінші кезекті болып бағдарламалық жабдықтау және өндіріске автоматтан-дырылған кадастрлік жұмыстарының келесі түрлерін еңгізу болып табылады:

1/ дигитализация әдісімен Алматы көшелерінің және

кварталдарының М 1:1 цифрлік карталарын жасау;

2/ М 1:500; 1:2000; 1:1 топографиялық жоспарларды және карталарды сканерлеу;

3/ Жерді пайдаланушылар және жер учаскесінің иелері бойынша текстік, графикалық бөлікті /ақпаратты/, мемлекеттік актілерді еңгізу және беру.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аудан /қала/, облыс деңгейінде жер кадастрын жүргізу, жер учаскелерімен мәмілелер туралы ақпаратты жедел жинау, өңдеу, сақтау, жүйелеу үшін Қазақстан Республикасының ЖК ААЖ құру және жүргізу бойынша жоба жүзеге асырылады.

1998-99 жж. МемҒӨО жер облыстық еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құрылымында ЖКААЖ облыстық орталығының қалыптасуы аяқталып, аудандық филиал негізінде ЖКААЖ аудандық орталығының құрылуы басталды. Осы кезеңде автоматтандырылған түрде жер кадастрын жүргізудің негізгі мәселелерін реттеуші нұсқаулық бір қатар құжаттар дайындалды:

- геоақпараттық жүйе-технологиясын /РСУБД ORAGLE/ пайдалануға бағдарланған жер учаскесіне меншік және жерді тұрақты пайдалануға актілерді шығару бойынша бағдарламалар кешенінің желілік версиясы;

  • РСУБД ORAGLE және АКС/ІNFO бағдарламалық өнімдер негізінде геоақпараттық жүйені жүргізу технологиясы;
  • Жер учаскесінің жоспарын дайындау бойынша басшылық;
  • Жерлер мониторингі нәтижелерін өңдеу және талдау бойынша бағдарламалық қамту.

Зерттеу сатысына келесі құжаттар жатады:

  • геоақпараттық жүйе-технология негізінде, тіркеу кварталы ауданының жер кадастрлік карталарын дайындау бойынша нұсқау;
  • "Жер туралы" Жарлық күшіне еңгенше берілген жерге құқық туралы құжаттар және РСУБД ORAGLE жаңа құжаттар бойынша мәліметтердің әртүрлі негіздерін конвертация жөнінде тәжірибелік нұсқау.

ЖКААЖ құрудың жаңа технологиялары және қолданбалы бағдарламалар өндірістік сынаудан Алматы облысының бір қатар аудандары негізінде өтті. Республиканың барлық аймақтарында бұл жүйені игеруге және еңгізуге қаржы-қаражат пен республикамыздың жерді үйлестіру қызметінің материалдық-техникалық жабдықтауының жетіспеушілігі кедергі болып отыр.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі Алматы облыстық агенттігі Әлемдік банк несиелерін тарта отырып, Алматы, Ақмола облыстары мен Алматы, Астана қалаларының бірыңғай сәйкес бағдарламаларын жасау жөнінде жылжымайтын мүліктер және олармен мәміле құрудың Пилоттық жобасын енгізу бағдарламасына қатысуда. 1999-2000 жж. геоақпараттық технология негізінде ЖК ААЖ жетілдіру бойынша жұмыстар келесі басым бағыттарда жалғастырылды:

Мемлекеттік жер кадастры негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес жер кадастрының мәліметтер базасын басқа кадастрлармен бірлестіруге мүмкіндік беретін бірыңғай бағдарламалық өнімді шығару /№14 хаттама, 02. 06. 1998/:

  • жер кадастрын жүргізу процестерін автоматтандыруға қажет бірыңғай анықтамаларды дайындау;
  • геоақпараттық жүйе /ГАЖ/ технологияларды пайдаланып, көпқабатты векторлық карталар негізінде топырақтық және геоботаникалық картографиялау поцестерін автоматтандыру;
  • ЖКААЖ қызметін атқару бойынша нормативтік, құқықтық, әдістемелік құрақтар жинағын дайындау.

ЖКААЖ әрі қарай дамуы Қазақстан Республикасының

заң министрлігі мен жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу Агенттігі жанындағы Пилоттық жобаны дайындау және жүзеге асыру бойынша Топ жоспары жұмысымен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстары туралы түсінік
Су ресурстары және оны тазалау технологиялары
Жер үсті суларының негізгі ластану көздері және ластаушы заттардың түрлері
Өнеркәсіптік өндіріс ресурстары
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық-географиялық сипаттама жайлы ақпарат
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Ландшафтардың шөлге айналуы
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Қазақстанның табиғат ресурстары
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz