ХVІ-ХVІІ ғғ. қарсаңындағы Ресей


ХVІ-ХVІІ ғғ. қарсаңындағы Ресей
- IV Иванның билікке келуі және оның жүргізген саясаты.
- Ресейдегі шаруалар көтерілісі жүйе дүбірлі кезең «Смутние Времена»
- Интерненттерге қарсы К. Минин мен Д. Пожарскийдің көтерілісі.
- Поляк әскерлерінің басып кіруі.
- С. Разин бастаған шаруалар соғысы.
1. IV Иванның патшалық құруының басталуы бұрыннан жиналып, қалыптасып қалған тап қайшылықтар ашықтан-ашық шиелінесе түсумен тұспа-тұс келді. 1547 жылы шілдеде Москвада орасан зор өрт болды, қала түгелдей өртеніп кетті. Мыңдаған адам отқа өртеніп түтінге шашалып өлді. Жас патша тұсында «Таңдаулы Рада» атты өкімет құрылды. Боярлардың үстемдегіне қарсы наразылықтан дворяндар тарапынан реформаға қажеттілік бар еді. Пересветов мықты патша билігін қолдап, тұрақты әскердің болуын қалады. «Таңдаулы Рада» әртүрлі феодалдық таптан түрды. Басшысы Алексей Адашев дворян, шіркеу қызметкері Макарий, сарай шырақшысы Сильвестр және князь Курбский болды. 1549 жылы Москвада болған жиында, Дворяндар бояр наместниктердің билігі (сотынан) азат етілгенін жариялады. 1550 жылы «Судебник» жарық көрді. Онда боярлардың билігі соттағы сияқты басшылықта да шектелді. 1555-1556 жылдары жергілікті басқаруда губалық старостат және земстволыққа дворяндар тарапынан сайланды. Шіркеудің жаңа жерлерді сатып алуы тоқтатылды. Боярлар билігі тұсында тартып алынған жерлер мемлекетке берілді. 1550 жылы турақты әскер құрылып, ол патшаның бақылауында болды.
1550 жылдардағы реформалар Ресей мемлекетін әскери күш жағынан дамытты. Бұл IV Иванға сыртқы саясатта батыл әрекеттерге баруға жол ашты. 1502 жылы Алтын Орданың құлауымен пайда болған ұсақ хандықтар бірнеше рет орыс жерлеріне шабуыл жасады. Әсіресе Қазан хаңдығы Ресейдің орталық қалаларына жорық жасап тонаумен айналысты. 1552 жылы орыс әскерлері Қазан қаласын, одан кейін 1556 жылы Астрахань қаласын басып алды. Бұл хандықтардың алынуымен 300 жылдық Татар-моңғол езгісі жойылды. Солтүстік Кавказдан Сібірге дейінгі жерлер Ресейге қарады. Башқұрттар, Ноғай хандығы өз еріктерімен бодандықты қабылдады. IV Иван бірнеше рет Қырымға қарсы сәтті жорықтар ұйымдастырды. Осы жорықтардан кейін қырым хандығының шабуылы тоқтатылды.
Тағы бір Ресейдің сыртқы саясатындағы ең басты әрекет Балтық теңізіне шығуы болды. Ресейге осы кезде басты бөгет Ливон ордені болды. Кез келген орта ғасырлық мемлекет үшін теңіз жолдары маңызды транспорт көзі болды. 1558 жыяы IV Иван солтүстік батысқа жорық жасап, Ливон соғысын бастады. Алғашқы кезде соғыс Ресей үшін сәтті болды. Кейіннен Ливондықтарға Швед, Поляк, Литва, Дания, әскерлері көмекке келді. Ресей әскерлері 1563 жылы Полоцк қапасын алды. Ірі әскери шығындар елдің ішкі жағдайына әсер етті. Феодалдық аристократая. IV Иванның саясатына наразылық білдіріп, қиыншылықтарды патшаға-қарсы пайдаланған «Таңдаупы Рада» өкіметі тарап, IV Иван сенімді шағын кісілермен басқаруға мәжбүр болды. Ірі боярлар Литваға кетіп отырды. 1564 жылы князь Курский де сатылып кетті. Курский өз хатында "сенімді боярларды жазықсыз қинап, жазалауымыз дұрыс емес , - деді. IV Иван жауап ретінде, Біз өзіміздің «Мы свойх холопов жаловать и казнит вольны . . . » - деді.
Ішкі княздік боярлы оппозицияның шиеленісін шешу үшін бір шара керек болды Ол «Опричнина» саясаты еді.
IV Иван «Өзінің опричнина» саясатын ендіріп 1565 жылы билікке қайтадан келді. Бұл бойынша бүкіл жер опричнинаға және земщинаға бөлінді. Опричнинаны патшаның ерекше приказды аппараты және әскері басқарды, ал земщинаны боярлар думасы басқарды. Опричнинаға ең қолайлы, таңцаулы жерлер ғана емес, соңымен қатар әскери стратегиялық жағынан ерекше маңызды территориялар да алынды. Замосковский өлкесі мен Новгород, Псков, жерінің едәуір бөлігі опричнинаға өтті. Опричнина князь-боярлардың жер иелену тәртібін елеулі түрде бұзды. Сонымен қатар опричнина патшаның қолындағы қуатты әскери жазалау ұйымы болды. (Опричнина әскери жазалау ұйымы болды) . Опричнина әскерлерінің мекемесін құру үшін земщинаға 100 мың сом мелшеріндегі орасан зор салық салып, IV Иван жартылай монахтық, жартылай сарбаздық өзіндік сипаттағы орден құрды. Ол орден жер мен ақша түріндегі жалақыны аямай жұмсауы және оның патшаға сөзсіз бағынуы негізінде құрылған опричнина терроры бояр шонжарларын ғана емес сонымен қатар халық бұқарасының да қарсылығы күшпен басып отырудың әрекеті болатын. Опричина феодалдық бытыраңқылык, қалдықтарына да, халықтың антифеодалдық қозғалысына да қарсы бағытталды. Ол бір орталыққа бағынған самодержавиялық мемлекет формасындағы феодалдық құрылысты нығайтуды мақсат етті.
Көп ұзамай-ақ опричнинаға көптеген ірі-ірі феодалдар кірді. Өйткені олар өздерін құртып жіберуден ооы тәсілмен құтылғысы келді.
Опричнина Ливон соғысында жеңіп шығуына әсер ете алмады. 1569 жылы Люблин үндестігі бойынша Литва мен Польша, Речь Посполитая болып бір мемлекетке біріккеннен кейіи, Ресей жауларының күші артып жағдай қиындай түсті. 1572 жылы IV Иван опричнаны жойғаны былай тұрсын тіпті осы сөзді айтуға тиым салды. Бұл сөзді айтқан адамды өлім жазасына кесті. Земщина опричнаға бірігіп бір өкіметке бағынды.
1578 жылы орыс әскерлері бірқатар жеңіліске ұшырады. 1579 жылы Шведтер, Новгород жеріне басып кірді, ал Польшаның жаңа королі Стефан Баторий Полоцкіні, алып қойды. Ливон соғысындағы сәтсіздік Ресей экономикасына неғұрлым күшті жаумен болған күрес ұзақ уақыт болған соғыста төтеп бере алмағандықтан экономика нашарлады. Бұл сәтсіздік халықаралық оқиғалардың Ресей үшін қолайсыз дамуының, сондай-ақ күш қуатын опричнина ойсыратып кеткен Ресей мемлекетінің шиелініскен ішкі күресінің нәтижесі болды. Швециямем уақытша бітім жасалғаннан кейін бір жылдан соң 1584 жылы IV Иван қайтыс болды. Ресейдің Сібірге кіру мақсаты Европа державаларының мұхиттың арғы жағындағы елдерге еніп, ондағы қымбат бағалы байлықтарды тонауды мақсат етті. Сібір хандығы 1552 жылы Қазан қандығы жойылғаннан кейін Ресей мемлекетінің көршісі болды және Орта Азиялық хандарға қарсы күресте қамқоршы болуын өтінді. Бірақ, 1570 жылы Ресей мемлекетінің әлсіреуіне байланысты Сібір хандары орыстардың иелігіндегі жерлерге шабуыл жасай бастады. Олардың жолында Строганов-көпестерінің бекіністері бар болатын. Бұл кезде Строгамов қымбат бағалы аң терілерін сатып алу үшін Батыс Сібірге өз экспидицияларын жібере бастады. Ал 1574 жылы олар Ертісте бекініс салу үшін және Бұқараға сауда жолын ашуды қамтамасыз ету үшін Тобыл бойындағы жерлерге иелік етуге право берген патша грамотасын алған болатын. Бұл жорықтар Ермак Тимофеевичтің казактар дружинасының басшылығымен болды. Ермак Ертіске жетіп, осы кезде кескілескен шайқастан кейін Сібір хандығының астанасы Қашлықты алып, Көшім ханды қуып шықты. Екі жақ алма кезек жеңіп отырған бірнеше жылғы күрестен кейін Сібір хандығы біржола талқандалды.
XVI ғ. Орта кезінде Солтүстік Батыс Кавказдағы жағдай ерекше шиелінісе түсті. Қырым - Осман экспансияның Кабардаға жақындай түсуіне байланысты ондағы кейбір феодалдар қырым хандығына Васальдық тәуелділігін мойындады. Бірақ Темрю Идаров бастаған ықпалды Кабарда княздары Ресейден көмек сұрап үлгерді. 1552 жылдан бастап Москвада Кабарданың елшілері бірнеше рет болып қайтты. 1557 жылы Кабардаға орыс елшісі Андрей Шепетьев жіберілді Князь Темрюкті Ресейдің қамқорлығына алу жөніндегі келіссөздер IV Иванның оның қызы Княжна Кученейге үйленуі арқылы нығая түсті. Ресейдің Кабадалықтарды Дағыстан феодалдарының шабуылынан қорғау жөніңдегі көмегі 1567жылы Сунжа өзенінің сол жақ жағасына орыс бекінісін салу арқылы жүзеге асты. Орыс үкіметі солтүстік Дағыстанға оның басты қаласы Таркиді қоршауға алу үшін екі рет әскер жіберілді. 1569 жылы орыс-түрік соғысы кезінде Сұлтан II Селим өзінің көп әскерлерімен келіп Астраханды басып алуға әрекет жасады. Түрік әскерлері Астрахан түбінде жеңіліп, шегінгеннен кейін кабардалықтар мен адыгейлер түрік армиясына қарсы соғыс қимылдарына қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz