Жаралану кезіндегі алғашқы медициналық көмек



І.КІРІСПЕ


ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Жарақат. Жарақаттану түрлері
2.Алғашқы медициналық көмек
3.Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары


ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ


ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жара — механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан жараны кесілген жара (оның шеті тегіс); ине, біз, пышақ кірген жараны тесілген жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын жараны мылжаланған жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі жараны кездейсоқ жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның жарасы көпке дейін жазылмайды.
1. М.Мырзабеков. «Жазатайым жарақат алсаңыз» Алматы, 1987 ж.

2. Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық әдiстемелiк жинағы. (1,2,3 шығарылым), 2000 жыл

3. Қазақ энциклопедиясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

КАФЕДРА: АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КУРСЫМЕН АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРЛІК-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: ЖАРАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

ОРЫНДАҒАН: СЫРЛЫБЕКОВА А.Ж.
ТОБЫ: 103 ФК-А
ҚАБЫЛДАҒАН: ТҰРМАНОВА Ж.О.

ШЫМКЕНТ-2013
ЖОСПАР:

І.КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Жарақат. Жарақаттану түрлері
2.Алғашқы медициналық көмек
3.Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

ІV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

І.Кіріспе

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жара -- механикалық сыртқы әсерден терінің не ішкі органдардың кілегей қабығы бүтіндігінің бұзылуы. Жара кесілген, тілінген, тесілген, мылжаланған, т.б. болып ажыратылады. Пышақ кескен, балта шапқан жараны кесілген жара (оның шеті тегіс); ине, біз, пышақ кірген жараны тесілген жара, сынғанда не бірнәрсе қатты қысып қалғанда болатын жараны мылжаланған жара (айналасы қанталап, жырымдалып тұрады), хирургиялық операциядан кейінгі жараны кездейсоқ жара деп атайды. Ит қапқанда пайда болатын жараның шеті жырым-жырым болады. Жара асқынып, неғұрлым тереңдеген сайын бұлшық ет, сүйек, жүйке, сіңір, буын, кейде ірі қан тамыры жүйесінің де жаралануы мүмкін. Жараның ауыр не жеңілдігі оның денедегі орнына, мөлшеріне, адамның жоғалтқан қан мөлшеріне байланысты. Әсіресе, адамның басына, кеудесіне және ішкі органдарына түскен жара қауіпті. Жараның қай түрі болса да, оны ең алдымен тазартып, қанын тоқтатып, антибиотиктер қолданып, қажет жағдайда тігіп, оған микроб түспеу үшін дереу таңу керек. Микроб түспеген жара асқынып кетпей, тез жазылады. Инфекция түсіп, іріңдеп, ісінген жара дене қызуын көтеріп, қабыну, сепсис, күбіртке, гангрена, т.б. аса қауіпті ауруға ұласуы мүмкін. Егер адамды ит қапса, тез арада емханаға апарып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын таңу керек. Жараның тез бітуі адамның жалпы денсаулығына байланысты. Ұзақ ауырып, жүдеген, қаны аз адамның жарасы көпке дейін жазылмайды.

ІІ.Негізгі бөлім

1.Жарақат.Жарақаттану түрлері
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы -- бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бірнешеге жіктейміз.
Жарақаттану мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;
2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;
3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);
4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар);
5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;
6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.
Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда -- жаралану, көшеде -- сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.
Сот-медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.
Сот-медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі -- зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға. Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.
Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты. Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьш туғызады.
Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.
Жарақаттың себебі:
1. Экзогендік факторлар -- сырттан келген факторлардың әсерінен болады.
2. Эндогендік факторлар -- іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:
1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).
3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).
4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)
5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттардың түрлері:
1. Терінің бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа -- терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ -- қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттардың белгілері:
Жергілікті белгілер: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы. Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Уақыттың шектеулі үзігі аралығында халықтың белгілі бір тобындағы жарақаттардың жиыны жарақаттанушылық деп аталады.

2.Алғашқы медициналық көмек
Алғашқы көмек дегенiмiз - зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.
Күю -- жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр. Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.
Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).
Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және (12) ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.
Иіс - газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.
Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.
Үсітіп алу дененің қандайда бір бөлігінде суықтың ұзақ әсер етуінен басталады. Суықтың әсері барлық организмнің жалпы суынуына әкеледі. Үсігенде зақымданған тері бөлігі суық болып тұрады, бозарған - көкшіл түсті болады, сезімталдық болмайды.
Жалпы үсігенде зардап шегуші әлсіз, қатынассыз, терісінің беттері бозарған, суық, пульс сирек, дене температурасы 36,5С-ден төмен болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні жылы бөлмеге кіргізіп, аяқ киімін және қолғабын шешу керек. Үсіген аяқ-қолының бастарын құрғақ матамен уқалап, сосын жылы су құйылған (32-34,5 С) легенге салады. Температураны 10 мин. ішінде 40,5 С жеткізеді. Аяқ - қолының бастарында қан айналып, сезгіштігін қалпына келтіру үшін құрғатып сүртіп, 33% спирт ерітіндісімен уқалап, асептикалық бау немесе таза таңғышпен тану қажет (таза өтектелген шұлық немесе қолғап кигізуге болады).
Жалпы денесі суынғанда зардап шегушіні міндетті түрде жылы орандырып, айналасына грелка жастап, ыстық шай ішкізу керек.
Ыстық өту -- сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.
Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.
Күн өту -- күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні салқын бөлмеге немесе көлеңкеге әкеліп, үстіндегі киімдерін шешіп, жүрек аумағына және басына суық басып, молырақ тұзды сусын беру қажет. Ауыр түрінде қолдан дем алдыруға және жүрекке массаж жасауға кірісу керек. Қажеттілік болса зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Суға кету -- тыныс алу жолдары сұйықтыққа немесе сұйықтық массасына толады. Суға кету белгілері аузынан көбік ату, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы, тері бетінің көгеруі, қарашықтың ұлғаюы болып табылады
Алғашқы жәрдем. Ауыз қуыстарын тазалау, зардап шегушіні ішімен құтқарушының санына жатқызу керек, зардап шегушінің басы жерге салбырап тұру үшін, жігермен арқасы мен кеудесінен басып, өкпе мен асқазандағы суды шығару қажет, қолдан дем алдыруға кірсу керек (зардап шегушіні жылындыру үшін үйкелеу керек).
Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.
Химиялық заттармен улану. Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір сода, нашатырлы спирт) жиі улану болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты бейтараптандыруға тырысуға болмайды.
Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек.
Электрден жарақаттану - ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
Найзағай жарақаты, жалпы аталған электр жарақаты белгілеріне ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк түсті дақтар пайда болады.
Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Естен тану. Адамға төтенше жағдайлардың физикалық және эмоциялық факторларының әсері ағзаның өмірлік маңызды функционалдық жүйелерінің қатты күйзелісіне, жалпы ауыр жағдайдың дамуына әкеп соғады, ол естен тану деп аталады. Естен танудың көп тараған түрі зақымнан болған естен тану. Ол бастың көлемді жері зақымдануынан, кеуде, аяқ-қол және күйіктердің нәтижесінде болады. Мұндай жағдайда қан айналым жүйесі, тыныс алу, зат алмасу, жүйкенің регуляциялық қызметі бұзылады.
Қозу сатысы ештеңеге қызықпаушылық күйге ауысады, маңындағы адамдармен араласпайды, ауыруға реакциясы төмен немесе толық болмайды, парықсыз жағдайға алмасады. Зардап шегуші бозарады, жабысқақ суық тер шығады, дене температурасы төмендейді, тыныс алу және тамырдың соғуы жиілейді, шөл пайда болады, кейде лоқсиды.
Жоғарыда жазылған белгілер байқалған жағдайда тез арада көмек көретуге кірісу қажет:
- жарақаттану факторының әсер етуін тоқтату;
- зардап шегушіні естен танған кейіпте жатқызу;
- қан кетуді тоқтату;
Аяқ-қолдарына қажет болғанда уақытша иммобилизациялау жүргізу;
- тыныс алу жолдарын босату;
- тыныс алуы және жүрегі тоқтап қалған жағдайда қолдан дем алдыру керек;
- ауыруды сездірмейтін дәрілер беру немесе егу қажет (анальгин, пенталгин, седаогин);
- жылумен қамтамасыз ету;
- зардап шегушінің жағдайын үнемі бақылауға алуды қамтамасыз ету;
- жылдам госпитальға жатқызу мүмкіндігін туғызу;
Естен танудың бір түрі қызбалықтан (эмоциялық) естен тану болып табылады. Ол кенеттен болатын психиялық зақымдану нәтижесінде дамиды. Зардап шегуші толық парықсыздықты (естен айырылып қалушылық) немесе кенеттен қозушылық білдіруі мүмкін.
Жәрдем көрсету жарақаттанғандағы естен тануда өткізілетін іс-шаралардан құралады.
Анафилактикалық естен тану адамның уға, тағамға, дәріге тез аллергиялық реакция беру салдарынан болады. Мұндай реакция нәтижесінде қан тамырлары бұзылады, тыныс алу жолдары, беті, мойынында ісіну пайда болады, күретамыр қан қысымы тез төмендеп кетеді, тыныс алу қиындай түседі, өмір сүруге маңызды ағзаларды оттегімен қамтамасыз ету төмендейді, тері беттері қызарады және дақтар пайда болады, зардап шегуші мазасызданады, тамыры жиі соғады.
Алғашқы жәрдем. Тыныс алуға ыңғайлы қалыпты қамтамасыз ету, адреналин енгізу, жедел маман көмегін шақырудан тұрады.
Басылып қалу синдромы жаппай апаттан - шахталардың опырыла құлауы, жер сілкінісі т.б. нәтижесінде байқалуы мүмкін. Аяқ-қолдың ауыр зат астында ұзақ басылып қалу салдарынан жиі пайда болады.
Қол немесе аяқ ұстағанда суық, бозғылт, көк реңді, функция болмайды, аяқ-қол бастарында тамыр сирек соғады немесе соқпайды. Егер де аяқ-қол басылудан босатылмаса, онда зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай болуы мүмкін. Басылып қалған кезде өте қатты ауырған жер бірнеше сағаттан кейін әлсірейді. Аяқ-қолды босатқанда (жгут көмегінсіз) жағдай шұғыл нашарлайды, есінен тандырады, еріксіз дефекация болады және несеп жібереді.
Алғашқы жәрдем. Аяқ-қолды босату алдында бастырылған жерден жоғары жгутпен таңу. Бастырылудан босатылғаннан кейін, жгутты шешпей, аяқ-қолды бармақтар негізінен жгутқа дейін таңады және содан кейін ғана ақырындап шешеді.
Ауыртпайтын құралдар енгізеді. Сүйек зақымданғанда таңғыш қалақпен таңу керек, жарақатта - стерильденген таңғыш қолданады.
Буын шығу жарақаты - сүйектердің соңғы буынымен өзара араласып тұрған буын формасының зақымдануы. Сонымен қатар кенеттен ауыруы байқалады, формасы өзгереді және буын функциялары зақымданады.
Алғашқы жәрдем. Иық немесе шынтақ буындары шығып кетсе, қолдың бас жағын жазып қойып, таңғышпен кеудеге немесе қолын орамалға іліп қояды.
Созылу және буын аралығының созылуы - дене мүмкіндіктерінен асатын қозғалыстан буындардың зақымдануы. Буын арасының созылуы кезіндегі белгілерге буындардың ауруы, оның функцияларының бұзылуы, ісіну, қан құйылуы жатады.
Алғашқы жәрдем. Зақымдалған буынды қатты басып таңып, үстінен суық басу керек.
Зақымдалған қол-аяқты ампутациялау толық және жартылай болады. Толық ампутацияда аяқ-қол бастарындағы мүше сегменті қалдықпен ешқандай байланыста болмайды.
Толық емес ампутацияда буындардың, жүйкенің, сүйектердің, сіңірлердің бірен-саран жұмсақ тіндері мен тері беттерінде зақымдану болады. Ампутацияланған аяқ-қол бастарын ойдағыдай толық бұрынғы қалпына келтіру үшін зардап шегушіге дұрыс мағыналы жәрдем жасау, ампутацияланған сегментті тасымалдау және сақтау жағдайын орындау қажет.
Қабу. Тістеу. Шағу. Аңдардың тістеуі, қабуы. Адамдарды көбіне асыранды иттер жиі қабады, мысықтар мен жабайы аңдар сирек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаралану, қан кету кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Қан кетуді тоқтату, таңғыш салу құралдары мен түрлері
Жер сілкінісі. Өрт апаты. Лай көшкіні Су апаты
Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік
Төтенше жағдайлар кезіндегі жарақаттар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Қан кету және оны тоқтату
Төтенше жағдайда болатын жарақаттанулар, аурулар мен уланулар. Олардың түрлері
Жара және жараны жазушы таңғыштар
Жарақаттарды емдік дене тәрбиесі арқылы емдеу
Еңбекке жарамсыз азаматтарына әлеуметтік қызмет көрсетуді құқықтық реттеу
Пәндер