Д.И. Менделеев



Жоспар:

1. Менделеев өмірі туралы

2. Оқыған жерлері

3. Атқарған еңбегі және ашқан жаңалығы

4. Қорытынды
Дмитрий Иванович Менделеев – орыс химигі. Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург Бас педагогикалық институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал – ареометр құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген алғаш орыс тілінде оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют температурасын (1860),гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі заңдарының бірі – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың массасын табудың Клапейрон – Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877),көмірді жер астында газға айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды.
Химимя 11 сынып "Алматы мектеп"

Энциклопедия

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп – гимназиясы

Тақырыбы: Менделеев

Орындаған: Байдуйсенов Нурбол

Тексерген:
Зада Гульмира

2013-2014 оқу жылы

Дмитрий Иванович Менделеев – орыс химигі. Петербург Ғылым Академиясының
корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск
қаласында дүниеге келген. Санкт-Петербург Бас педагогикалық
институтын бітірген (1855). Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі
бағыты жалпы химия, химиялық технология, физика, экономика, ауыл
шаруашылығы, метрология, т.б. салаларға арналған. Ол изомерия құбылысын
зерттеп (1854 — 56), сұйықтықтың тығыздығын анықтайтын құрал
– ареометр құрастырды (1859). “Органикалық химия” деген алғаш орыс тілінде
оқулық шығарды (1861). Сұйықтардың қайнауының абсолют
температурасын (1860),гидраттық теорияны (1865 – 87), жаратылыстың негізгі
заңдарының бірі – периодтық заңды ашты (1869). Сонымен қатар молекуланың
массасын табудың Клапейрон – Менделеев теңдеулерін шығарды. Мұнайдың ауыр
металдар карбидтерінен түзілу гипотезасын (1877),көмірді жер астында газға
айналдыру идеясын (1880) ұсынды. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-
Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған
радиоактивті химиялық элемент менделевий аталды.

Менделеевтің әкесі осы қаладағы гимназияның директоры болатын.
Гимназияны аяқтағаннан кейін ол Петербургтегі педагогика институтына түсіп,
оны алтын медальмен бітіріп шықты (1857 ж.)

1859 жылы магистрлік диссертациясын қорғаған соң ол екі жылға
Германияға ғылыми іс сапарға жіберілді. Қайтып оралған соң алдымен
Петербург технологиялық институтының, екі жылдан кейін осы қаладағы
университеттің профессоры болып сайланып, осы жерде 23 жыл бойына жемісті
еңбек етті.

Д.И. Менделеев 1876 ж. Петербург Ғылым академиясының
корреспондент мүшесі болып сайланды.

Ол 90-жылдардағы студенттер толқулары кезінде өз оқушыларының
жағында болып, оларды қорғағаны үшін университеттен кетуге мәжбүр болды.

Д.И. Менделеев үнемі іздену үстінде көп жылдар бойы қарқынды
еңбек еткен ғалым. Осы еңбектерінің ең биік шыңы, оны дүние жүзі
ғалымдарының қатарына қосқан әрине, Периодтық заңды ашуы болды.
Бұдан басқа ол Ерітінділердің гидраттық теориясын ұсынған, бұл еңбек
әлі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Мұнан бөтен ол табиғи
пайдалы қазбаларды жан-жақты толық пайдалануға, көптеген технологиялық
үдерістердің ғылыми негізін қалауда да аса көп еңбек еткен ғалым.

Д.И. Менделеевтің Химия негіздері атты еңбегінде бейорганикалық
қосылыстар химиясы периодтық заң тұрғысынан алғаш рет теориялық негізделіп
түсіндірілді.

Өз заманының үлкен ойшыл ғалымы Д.И. Менделеевке ғылымға сіңірген теңдесі
жоқ зор енбегі үшін Фарадей атындағы алтын медаль берілді.[1]

Менделеевтің периодтық заңы

Менделеевтің периодтық заңы, периодтық заң – атом ядросы зарядтарының
артуына байланысты химиялық элементтер қасиеттерінің периодты өзгеретінін
тұжырымдайтын табиғаттың негізгі заңы. Бұл заңды 1869 ж. Дмитрий Менделеев
ашты. Ол оның толық тұжырымдамасын 1871 ж. жариялады. Бұл заң элементтердің
периодтық жүйесімен тығыз байланысты және бірін-бірі толықтырып,
түсіндіреді. Ядроның заряды (Z) жүйедегі элементтердің атомдық нөміріне
тең. Z өсуі бойынша орналасқан элементтер Z(Н, Нe, Lі, Be...) 7 период
түзеді. 1-периодта – 2 элемент, 2 мен 3-те – 8-ден, 4 пен 5-те – 18-ден, 6-
да – 32 элемент, 7-де – 23 элемент белгілі. Периодта элементтердің
қасиеттері сілтілік металдардан инертті газдарға өткенде заңды түрде
өзгереді. Вертикальды бағаналар – қасиеттері ұқсас элементтердің топтары
болып табылады. Топтың ішінде элементтердің қасиеттері де заңды түрде
өзгереді (мысалы, сілтілік металдарда Lі-ден Fr-ға дейін химиялық
активтілік өседі). Z = 58 – 71, сол сияқты Z = 90 – 103 элементтерінің
қасиеттері ұқсас болғандықтан лантаноидтар және актиноидтар қатарларына
топтастырылған. Элементтер қасиеттерінің периодтылығы атомның сыртқы
электрон қабаттарының конфигурациясының периодты қайталануына байланысты.
Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесіне сүйене
отырып, ғалымдар атом құрылысы және химиялық байланыс теорияларын
жасады; жер қыртысы менғарыштық нысандар зерттелді. Бұл заңның
барлық жаратылыстану, техника, техн ология саласындағы ғылымдар
үшін философиялық мәні зор.[2]

Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей
тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай көбейту таблицасы
химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы өз
отандасымыз Д. И. Менделеев жасады.

Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы
қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он
жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев
педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол
кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.

Ол Химия негіздері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дмитрий Иванович Менделеев
Дмитрий Иванович Менделеев (1834 - 1907)
Периодтық заң
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Д. и. менделеев – ғылым алабы
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі)
Әйгілі химиктер -Дмитрий Иванович Менделеев, Михаил Васильевич Ломоносов, Александр Михайлович Бутлеров, Сергей Васильевич Лебедев
Дмитрий Иванович Менделеев
Химиялық элементтерді Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі
Д.И.Менделеевтің периодтық заңы
Пәндер