Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы


Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы
Қожа Ахмет Иассауи қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласының маңында емір сүрген сөз қадірін түсінетін өз заманының білімді адамы болған Шайх Ибрахимнің от басында X - ғасырдың соңында дүниеге келеді. Қай жылы туылып қайсы жылда дүниеден өткені жайлы әзірше нақты дерек жоқ. Диуани хикметте өзінің жазғанына сүйенсек бір жүз жиырма бес жас жасағаны жайлы баяндайды. Әзіргі Қолда бар нақты дерек 1992 жылы Түркістандағы "Мұра" баспаханасында басылған, Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ-түрік халықаралық Түркістан университеті жанындағы Ахмет Иассауидің лабараториясы, "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі" қызметкерлерінің қатысуымен жарыққа шыққан Сафи ад-дин Орын Қойлақының "Насаб-нама" - қолжазба шежересі. Сафи ад-дин Орын Қойлақы Қожа Ахмет Иассауи мен туыс Садр шайхтың немересі, Ахмет Иассауидің ізбасар мұрагері ретінде шежерені XII ғасырдың соңы немесе XIII ғасырдың басталу кезеңінде жазған көрінеді.
Осы көне шежеренің деректерінде Қожа Ахмет жайлы біраз мәліметтер бар. Сафи ад-дин Орын Қойлақи Насаб-намасында "Қожа Ахмат Иассауинің атасы Ибрахим шайхның бір асхабы бар ерді-Мұса қожа атлығ. Бу Мұса-қожа 15 жыл Ибрахим шайхның хилуатында хизмат қылды. Ибрахим шайх Мұсақожаға: "Хизр (алайх иссалам) ның ишараты бірла Иасы елінде суфра тұтқыл" деп ижазат берді. 43 жыл Иасы елінде суфра тұтты . . . Ол уақта Иассауи Ахмет қожа 20 йашында ерді . . . Шайх Ахмат Иассауи (рахмат аллах һалаихи) Сарйум уалайатыдын келіп йасы елінде 100 йыл шайхлық қылдылар . . .
Иассауи Ахмат қожа атаның 120 йыл өмірі болды. 120 мың Сайид-у мүриді болды. 40 хилует ханасы бар еді. Хилуетке кірүр ерді, 41-чі чиқар ерді деп жазады.
Сафи ад-дин өзінің әкесі жайлы "Иана Суфи Мұқаммад Данышманд Зарнұхи келді. Қожа Ахмад Иассауиның хизматларында 40 йыл қылуат қылды. Анда кедін шайх Ахмад Иассауи Суфи Мухаммад Данышмандга изажат берді: "Барғыл Отырарда суфра тұтқыл-деп айтты. Суфы Мұхаммад Данышманд Отырарда 40 йл суфра тұтты" дейді.
Насап - намадағы осы бір сездерге терең талдау жасап, үңіле түссек бір қатар мәселелердің беті ашылатын сияқты.
Бірінші: Қожа Ахмет өзі Диуан хикметте баяндаған 125 жасқа Насабнамада Сафи ад-дин айтқан 120 жас қайшы келеді. Бұл екі деректің қайсысын негізге алған жөн деген сауал туады. Біздің ойымызша, екі деректе дұрыс, айырмашылығы тек алғашқысы ай есебі мен, соңғысы бір жылды - күн есебімен есептеген. Арабтарда бұл астраномиялық есепті "Қамари" "Шамси" Яғный ай, күн, жыл есебі деп аталған. Біздің қолданып жүрген Мілләттік жыл есебіміз күн тізбегіне сай келетінін ескеріп Насабнамада жазылған 120 жасты негізге алғанымыз жөн деп есептейміз. Ахмет Иассауи туылған және дүниеден өткен жылы жайлы әртүрлі болжамдар бар соның ішінде 1993 жылы "Жібек жолы" журналындағы мұражай қорығының бөлім меңгерушісі шығыс танушы Зікірия Жандарбековтың Түрік ғалымы Ф. Көпурлуның дерегіне сүйене отырып Иассауи 1080 жылдар шамасында туылып 1200 жыл төңірегінде дүниеден өткен болжамы Насабнамадағы дерекке сәйкес келетін сияқты.
Екінші: "Сүфра" және "сүфрадарлік" терминін насап наманы шығарушылар алқасы "Көнеден қалған құнды мұра" деген айдармен берген алғы сөзінде, екі жақты мағнаға ие дейді. Біріншісі, араб елдеріндегі аңыз бойынша Мұхаммет ибн ал-Ханафиядан қалған "сары орамал кімде болса имамдық соған өтеді - деген аңызға байланысты болса, екіншісі "сұфрадарллік" термині қазіргі түркі халықтарының әдет-ғұрпында қалыптасқан кісі қайтыс болғаннан кейінгі берілетін жетісі, қырқы, жылы әруақтарға атап құдайы беру сияқты, жол жорамалдардың пайда болуына, және түркі халықтарының діни сенімдерімен исламның әдет ғұрыптарының синтезделуіне тікелей әсер еткен сияқты" депті. "Насаб-нама".
Насабнамадағы "Сұфра" сөзінің мәні жоғарыда айтылған екі пікірдіде қуаттамайтын сияқты. Олай деуіміздің себебі "Сұфра" араб сөзі ол әлдеқашан түркі тектес халықтардың тіліне сіңісіп, үн елеп нан илегенде басқада тағамдар дайындағанда жаятын бұйым, Науайи шығармаларының лұғатында Суфра араб сөзі оның баламасы дастархан екенін жазып қойыпты. Науани асарлари Луғаты.
Орта ғасырлық Бүхара хандарының сарайында "Дастарханшы" деген лауазым иесі болғанын баяндайды. Сафи ад-дин Насап намасында өзінің он бесінші бабасы "Исхаң бап Ғазатқа атланар болса 1 ер бірла атланұр ерді. 85 жыл падшаһлық қылды Хизыр-у йлйяс (алайх ис-салам бірла сухбатлік үшін 80 йыл сұфрадарлық қылды. Бір күнде 100 қой 10 соқум кечар ерді" дейді. Насабнаманың 33 бетінде "Иана Маулана Сафи ад-дин Урунк Қойлақи айтур: "Менің уафатым болмышта кишидин хасс-у һаммадын бу насабнаманы оқысалар, ұлық атамның халал мулкларыны, суларыны Даһуа қылсалар, уа сахл тұтсалар-мен Маулана Сафи ад-дин Урунк Қойлақы турурмен, қыиамат болса, амнан уа сыдқан, ол кімсага дұшман болғаймын" деп айтқан сөздеріне ой жүгіртіп қортындыласақ "суфра" "суфрадарлық" "қонақ жай", "қонақ жай меңгерушісі" - дастарханшы болып шығады. Бұл қонақжайда арып ашып келген мүсәпір дәруштер, жетімдер мен жарла-жақыбайлар күтілетін жай болса керек. Тіпті бұл жайда сопылықтың қағидаларын оқытатын мектеп болуы да ықтимал деген тұжырымға келуге болады. Жоғарыда айтылған шайх Ибраһим өзінің қилуат қызметкері Мұса қожаны, қызыр (алаих иссаламның) ишаратымен Иасы елінде суфра тұтқын деп жібереді. Ол 43 жыл Иасы елінде суфра тұтады. "Ол уақтыда Иассауи Ахмет қожа 20 иашында ерді" деуі "Иасы елінде 100 йыл шайықлық қылдылар" деген сөздері Қожа Ахметгің өмірінен біраз нақты дерек береді. Бұл жерде әкесі Ибраһим анасы Қарашаштан жетім қалған Қожа Ахмет, Иасы елінің суфрадары, әкесінің асхаб - қызметкері болған Мұса қожаның тәрбиесінде болуы ықтимал. Осы елдегі Арыстанбаб ешаннан аманатын әрі тәрбиесін алған Қожа Ахмет өсе келе Бұхара барып атақты Юсуф Хамаданидан діни білім сопылық тағлімін үйренеді. Юсуф Хамадани өлгеннен соң өз ұстазының орнын басып, ұстаздық етіп бірнеше жылдан соң атақты ғұлама атағы мен Түркістанға қайта оралады. Сол кезде Орта Азияда кеңінен тараған Нақшыбандық Абдулхалық Ғыждуүанйдің "Көңіл жарда тән базарда" деген қала сауда буржуазиясының мақсаты мен берік байланысты сопылық ағымға қарсы, Иасауилік сопылық ағамды дүниеге келтіреді.
Ахмет Иассауи өте дарынды өз дәуірінің жақсы жаманын жетік білетін сөз зергері болған. Өз тұстарының психологиясын терең үйреніп бұл жолда өзінің ақындық дарынын да іске қосқан. Қожа Ахмет Иассауидің бізге жеткен "Диуани хикмет" (Даналық жайындағы) кітабы XII ғасырдан сақталған ең құнды әдеби ескерткіштердің бірі. Түркі тілді халықтардың Орта ғасырлық әдеби мұрасы.
Диуани хикмет қазақ әдебиетінің де ескі үлгісі болып саналады. Ахмет Иассауи өлеңдерін хикмет деп атап, білімдарлық данышпандыққа теңейді. Оның хикметтері діни-мистикалық, дүние қызығынан безетін, тәркі-дүниелік, жұмбақ, түсініксіз ұғымдарға құрылған күйрек дүние деп жетпіс жыл бойы сын соққысының астына алынып оны зерттеген зиялы ғалымдар жазалануына қарамастан халық оны қастерлеп оқып теберік етіп жасырын күйде сақтап келген. Бұл жәйт хикметтің тәрбиелік мәні мен адамға әсер ету ықпалының ерекше күштілігін аңлатады.
Тәуелсіздік алған елімізге демократия мен жариялылық, сөз бостандығының желі есе бастады. Шөліркеген қалқымыз сусындарлық қайнар бұлағының көзі ашылды. Сүйікті отанымыз Қазақстан тәуелсіздік құқығына иеленіп, күшімізге-күш, жігерімізге жігер қосылып, қуанышымыз қойнымызға сыймауда. Ұлттық байлығымыз болып есептелінетін жәдігерліктің жарық көруіне кең жол ашылды. Құран кәрім, Мүһәммет пайғамбардың хадистері қазақ тіліне көпшілік халқымыз тарабынан үлкен ризашылықпен қолдау табуда. Арабта Қүран кәрім, Түркіде Диуани хикмет деп дәріптелген Құл Қожа Ахмет Иассауидің жазып қалдырған жәдігерлігінің көркем аудармасы тиіп-қашып аударыла бастаған мен оның толық қанды нұсқасы жарық көре алған жоқ.
Қазақ Кеңес энциклопедиясының үшінші кітабының, 594 бетінде Маңғыстау Тыныштық ұғлының Қазанда бастырған нұсқасы әрі толық, әрі қазақ тіліне жақын. Бұған ақынның 159 хикматы енген" деген дерек болған мен ол нұсқа жұртшылықтың қолына тиіп оқи алған жоқ. "Ежелгі дәуір әдебиеті - хрестоматиясынан" Алматы "Ана-тілі" 1991 - жыл Б. Сағындықовтың 1911 жылы Ташкент баспасы бойынша жасалған жолма жол тәржимадан тек үзінділер мен ғана таныстық. Шымкент баспаханасы басып шығарған "Қожа Ахмет Иассауи Даналық кітабы" 1983 жылы шыққан Кемал Эрасланның Анкарадан шығарған тәржимасынан алынған Жарасхан Әбдірашовтың аударған бірінші хикметі мен ғана таныстық. Бұлардан басқа 1991 жылғы Парасат журналының N8 - санынан "Ахмет Иассауи ғазалдары" аударғандар: М. Жармұхамедов, С. Дәуітов, М- Шапиғов, 1993 жылғы Заман Қазақстан үн қағазының N9 санында жарық көрген Әбіраш Жәмішұлының тәржималаған "Адалдық пен ақиқат жолын толғаған хикметтер". Бұлардан басқа жуырда "Қазақ әдебиеті үн қағазының 37 саны 1993 жылы жарық көрген Есенбай тәржималаған "Хикметтерім кетті та-рап жалғанға" дсйтін Иассауидің мінәжаты мен таныстық. Бұлардан басқада үзінді тәржималар баршылық, бірақ олардың ішінде сын көтеретіні шамалы, жоғарыдағы аты аталған тәржима иелерінің барынша жауапкершілікпен қарағаны сезіліп түр. Дегенмен көпті көрген Қазақстанның халық жазушысы, атақты абыз ақыны Әбділда Тәжібаевтың 1991 жылы N8 "Парасат" журналыңдағы "Қожа Ахмет Иассауи газалдары" тәржимасына айтқан. "Мына оқырмандар назарына ұсынылып отырған ғазал тобы - әбден піскен, ой жағынан да поэзиялық жағынаңда жетілген нәрсе емес, кейде толық өлең болып оқылса, кейде ырғағы жетпей жатқан сөзбе сөз аудармадай шоқырақтап қалады. Мен мұндай аудармалардың да жарияланып, жұртшылық талқысына түсуін қостаймын". Деген сарапкерлік сөзі "Диуани хикмет" тәржималаушылардың бәріне де қатысты сияқты. Бұл пікірден менің ұсынып отырған тәржимам оқ бойы ұзап алға шығып кетті деуден аулақпын. Ғалым, тәжірибесі мол, ақын аға Әбекеңнің жоғарыда аталған Парасат журналында айтқан "Қожа Ахмет Иассауи ғазалдары сан түрлі білгір түсіндірмелер мен өзі жазған күйінде біздің баспаларымыздан кітап боп шығып жатуы қажет деп білемін" деген тұжырымын басшылыққа ала отырып, ұсынылып отырған тәржімамның денін Қожа Ахмет бабамыздың өз сөзі мен жазуға тырыстық. Буын тармақ ұйқас құрылымдарын мүмкіндігінше қалпында сақтап, кейбір араб, парсы, шағатайша, сөздер қазақшаланды. Халыққа түсінікті болуды көздеп, бабаның өлең өрнегін құру әдісінің жақындығын ескере отырьш тәржима Қазақтың қара өлең, жыр үлгісінде жазылды. Түсініксіз деген сөздер қазақшаланьш, арнайы нөмірлеп түсініктеме беріп, сөздікті барынша қысқарттық. Сонымен қатар қазақ тіліне сіңіп кеткен кейбір араб парсы сөздерінің түсініктілері өз қалпында қалдырылды.
Диуани хикметтің ұсынылып отырған тәржимасы 1904 - жылы Қазан Император университетінің типолитографиясында басылып 10-қараша 1904-жылы Санк-Петербург цензурасы рұқсат еткен, кітап негізінде аударыльш, Ташкенттегі Ғафур Ғулам атындағы баспадан 1992 жылы шыққан Р. А. Абдушукуров баспаға дайындаған "Деуани - хикмат" және осы баспадан 1991-жылы шыққан Түрік ғалымы Кемал Эраслан аудармасы нсгізінде өзбек тіліне аударып, баспаға дайындалып, Ибрахим Хаққуловтың алғы сөзі мен шыққан Ахмет Яссави "Хикматлар" үзінді аударма нұсқалары мен жол ма жол салыстырылып бірінде жоғын бірінде барымен толықтырылды. Білікті ғалым Ибрахим Хаққүловтың кігаптың сөз басыңда Иассауи жайлы баяндаған кейбір өзекті ой пікірлерін осы тәржима сөз басына пайдаланғанымды айта кетіп үлкен ілтипатпен алғысымды айта кетуді парызым деп есептеймін.
Қазан баспасында басылған Диуан хикмет нұсқасының екінші бетінде парсы тілінде алғы сөз жазылып, соңына Муаллиф Ғалым Муһәммад бин муфті Рахималла Қариаши Әсті-Хашми Аллиури деп жазыпты. Үшінші беттен Фақырнама он жетінші бетке дейін баяндалып, он жетінші бетте он бір Ахметтің аты жазылған Иассауидің мөрі түсірілген. Он сегізінші беттен екі жүз алпыс екінші беттерде 149 хикмет бір мінажат жазылып, кітап тамам, жаратушы жалғыз Алла өзің падишасында, көрегенсінде деп жазылған. Айта кеткен жөн хикметтердің нөмірлік санын қойғанда қателікке жол берілгендіктен кітаптағы 152 хикмет 149 болып жазылып кеткен. Яғни үш хикмет кем көрсетілген. Кітаптағы Фақырнаманы Иассауи жазбай екінші бір адам жазғандықтан тәржімаланбады. Бірақ, фақырнамадағы он шумақ хикмет Иассаудікі болғандықтан кітаптың соңына қосымша тіркелді. Сол сияқты Әмір Темірдің "Жеңіс жолы" атты кітабынан алынған бір шумақ Йассауи рубайы да қосылды.
Диуаии хикметті тәржімалау барысында байқағанымыз хикметтің кейбіреулері Иассаудікі емес екінші бір адам жазып қосқан сияқтанып кетеді. Атап айтқанда Бабамашин сұлтан жайлы 47-хикмет, және ең соңғы 152 хикмет Иассауидің шәкірті Хаким ата Сүлейман Бақырғанидікі сияқты. 47-хикмет соңында Жад етейік Құл Қожа Ахмет әулиені" деп екінші жақтан сөйлесе, соңғы 152-хикметте "Бабамашин ол сұлтан, Хаким қожа Сүлеймен шайқым Ахмет Иассауи" дегенде Иассаудің өзінің сөзі емес, екінші бір адамның айтып отырған сөзіне ұксап кетеді.
Бұл мәселені анықтау үшін тереңірек ғылыми зерттеу қажет болса керек. Кім білсін кітапты баспаға дайындағанда атым мәшһүр болсын деп пенделікпен шәкірттері өз атын сыналап хикметке кіргізіп жібердіме деп күмәнданасында.
Қазан баспасынан 1904-жылы шыққан Диуан хикмет нұсқасында 2-3-4 хикметтерінде бір жастан отыз жасқа дейінгі өмірі жырланып, қателікке жол беріліп 5-хикметте қырық жастан қырық тоғыз жасқа дейін жырланып отыз бір мен қырық жастың аралығы үзіліп қалып кетеді. Сол сияқты елу бір мен алпыс үш жасқа дейін жырланатын хикметтері үзіліп қалады да оны кітаптың соңына таман 12 хикметте беріп хикметтегі жырлардың тұтастық компазициясы бұзылады. Осы қателік 1992 жылы шыққан Р. А. Абдушукуровтың өзбекше аудармасында да қайталанады. Бір жастан алпыс үш жасқа дейін Иассауи өмірі жырланатын хикметтердің тұтастық компазициясын бұзбау мақсатымен бұл хикметтерді Түрік ғалымы Кемал Эрасланның 1983 жылы Анкарада шығарған "Девани хикматлар сочмалар" - "Диуани хикметтен үзінділер" кітабынан өзбек тіліне 1991 - жылы Ибрахим Хаққулов аударған нұсқадан аударылды. Басқа Хикметтердің бәрі Қазан баспасы негізінде тәржімаланып Хикметке қойылған нөмір санындағы қателіктер түзетілді.
Диуани хикметте Иассауи бала күнінен бастап алпыс үш жасқа дейінгі өмірін баяндап, тірлікте көрген азабын, қайғы-қасіретін тізеді. Хан мен бек, қазы, мүфтілердің бұқара халыққа көрсеткен жәбір жапасын аяусыз әшкерелеп сынайды. Бұл дүниенің өткінші жәбір жапасын аяусыз әшкерелеп сынайды. Бұл дүниенің өткінші жалғандығын айтып, о дүниенің мәңгілігін дәріптеп, дүние қызығынан безіп, жұртты сопылық жолға түсуге шақырады. Иассауи зорлық зомбылықты, үстем таптың нысапсыздығын, өлтіре сынап, гуманистік көз қарасып танытады. Тағылықпен опасыздыққа қарсы шығып адамдар арасындағы достық, бірлікті жырлайды.
"Диуани хикметтен" "Қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы фактылар табуға болады . . . " Түркі тілді халықтардың орта ғасырлық әдеби мұрасы. Ол қазақ әдебиетінің де ескі үлгісі боп саналады деп жазылған Қазақ Кеңес энциклопедияларында І-том 613 бет, 3 том 593 бет .
1993 - жылғы 10 - қыркүйекте жарық көрген "Қазақ Әдебиеті үн қағазының N37 санында Қазақстан жазушылар одагы Илияс Жансүгіров атындағы сыйлығының топ жарғаны, хикметті тәржималаушы Есенбай Дүйсенбай" "сәна" - сөзін - жалбарыну, құлдық ұру деп "Ғашық нама" кітабының 468 бетіне сілтеме жасап "дәптер" сөзінің мағынасы тым кең жатыр. Ол "жыр деген де ұғымға ие . . . "Сәнидің" әуел баста "сәна" болуы да ықтимал-ау деген жорамалын айта келіп хикметнама аты "екінші дәптер"емес"Құлшылық жыр" болып шығады" депті. Мәселе кітаптың аты қандай аталуда емес, оны ана тілімізге мән мағынасын жетік түсініп сапалы аударуда болса керек. Ал "Сәни" сөзі араб тілінде - "екінші", "Дафтар" - кітап, жазу топтамы, тігілген жазылмаған қағаздар, бөлім, том, деп түсінік беріпті. Ташкент "Науаий асарлары лұғаты" 1972 жыл. Ғ. Ғулам атындағы баспа.
Мысалы 88-хикметте:
Таза-таза хикматларым сани дафтар
Есіз сөзім надандарға қилур абтар
Бұл: Таза-таза хикметтерім екі дәптер,
Есіл сөзді надан қылар әптер-тәптер деп аударған жағдайда мән мағынасы да, көркемдігі де кемімесе керек. Мұндағы бізге түсініксіз ұқсап тұрған араб тіліндегі "абтар" сөзінің мәні - жұлып-жұлқы, бассыз аяқсыз паршаланған, бұзылған, бақытсыз деген екен. Науаи асарлары лұғаты. Арабтың "абтар" сөзі қазақ тіліне әлдеқашаннан сіңісіп емле сөздігінде жазылып қойылыпты. Бұдан шығатын түйін бабаның қасиетті сөздерін сан-саққа жүгіртіп әптер-тәптерін шығармай, мән-мағынасын сақтап көркем аударма жасау басты мәселе болуға тиіс демекпіз. Бұл мәселеде бауырлас озбек ағайындардан үлгі алғанымыз артық болмас еді. Олар 1983 жылы Кемәлдың Анкарада шығарған "Девани хикматтан сочмалар" кітабы негізінде Ибрахим Хаққуловтың алғы сөзі мен 1991-жылы 3 дана; Расулмухаммат Абдушукуровтың дайындауы мен 1992 жылы 2 дана таралым мен Диуанй хикмет кітаптарын Ғ. Ғүлам атындағы баспадан жарыққа шығарып үлгерді. Алдағы кезде хикмет толық және қатесіз болу үшін Түрік, Қазан нұсқасы ғана емес басқада елден табылған нұсқалар мен салыстырып терең зерттеулер жасауға қолжазбаларды іздестіруде. Бізде әлі Диуани хикметтің үзінділері, немесе қалта қамы үшін жеке баспаларда үзіп жұлқып жұқа кітапшаларды шығару әдетке айналуда.
"Диуани хикмет" кітабын шығару мәселесіне бүгінгі күннің талабына сай мемлекеттік тұғырдан қарау қажет-ақ.
Құл Қожа Ахмет әрбір сөзің дертке дәрмен.
Талапкерге баян қылсам қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айттым хақтан пәрмен.
Пәрмен болса өлгенімше сөйлей берем".
Деп жазған Иассауидің басқада дәптері болмауы
мүмкін емес. Тек оны толассыз іздену қажет.
Дүние жүзін өзінің қаһармандық жауынгерлігі мен дүр сілкіндірген Әмір Темір кураган - (патша-зада) өзі хатшысьша жаздырған "Жеңіс Жолдары" кітабында: "Рүм мемлекетіне жүрерден алдын мақсатыма жетуді алдын-ала білу үшін Иасауидің қабіріне зиярат қылып, сол жерде пал аштырдым. Палдың мәлімдеуінше жорық уақтында маған қауіп душар болатынын, деген мен төмендегі Иассауидің рубайым оқысам шұбасыз табысқа жететінімді айтты. Сол бір ауыр сәтте маған жәрдем беретін рубайдың мазмұны мына төмендегіше еді:
Ей қараңғы түннің шамын жарық еткен,
Бір сәтте ғаламды гүлстан бақ еткен,
Басыма түскен істі жеңілдеткін,
Ей, баршаның мүшкілін асан еткен.
Бұл рубайды мен жақсылап жаттап алдым. Қайсар мен болған ұрыста мен өзімше оны жетпіс рет қайталадым нәтижеде ғажап жеңіске жеттім деп жазыпты Әмір Темір "Жеңіс жолдары - Ақуалы таржимасында" 17 - бет 1992 - жыл Ташкент (Нұр) баспасы.
Әмір Темір жиһангердің Қожа Ахмет Иассауиді құрметтеп оның қабірінің үстіне Қарахаңдықтардан соң қайтадан зәулім архитектуралық ескерткіш салуы тегін емес. Ол Иассауидің қадір қасиетінің шығыс мұсылмандары арасында қаншалықты биік дәрежеде екенін жетік түсінудің жемісі деуге болады. Әмір Темірдің жоғарыдағы жат альш айтып жүрген рубайы шамасы бірінші дәптерде болса керек деген ойға қаласың. Диуани хикметтегі "дафтари сани" сөзін әркім әр саққа жүгірткені жөн емес сияқты. Өйткені Иассауи араб тілін жетік білген кісі. Араб тіліндегі Сәна мен сәни сөздерін шатастыруы мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz