Астана қаласының экологиялық жағдайы



ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Астана қаласының тарихы.
2. Астана қаласының экологиялық ақуалы.
3. “Астана.Энергия” АҚ
4. Ағынды сулар.
5. Қоқыстарды жою.
6. Жасыл аймақ.
7. Ауыз су.
III. ҚОРТЫНДЫ.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ.

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматыныңөзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорацияжердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т «Экология»
2. Қазақ энциклопедиясы І том.
3. Астана қаласының ресми сайты.
4. Астана википедиясы.
5. Интернет беттері.

ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
1. Астана қаласының тарихы.
2. Астана қаласының экологиялық ақуалы.
3.  “Астана-Энергия” АҚ
4. Ағынды сулар.
5. Қоқыстарды жою.
6. Жасыл аймақ.
7. Ауыз су.
III. ҚОРТЫНДЫ.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

КІРІСПЕ.

Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше
фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен
қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның
кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін
озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге
кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің
әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын
ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып,
өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен
шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады.
Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз
батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол
жердің микроклиматыныңөзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік
ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар
жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорацияжердің жағдайын жақсарту мен
оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып
табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде
қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала
отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған
ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын
қарастырады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон
қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы
(деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты
аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты
проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және
тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті
экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті,
тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше
жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді
қажет ететін проблемалар бар.

Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң,
күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе
артық. Ең ауыр жағдай Тараз,  Теміртау,  Алматы,  Шымкент,  Балқаш,
 Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас
заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады.
Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да
байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін
ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің
ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені
ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен
суында дизентерия, паратиф, гепатит , сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте
қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына
жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері
ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық
заттар, дефолианттар,пестицидтер, м өлшерден артық қолданған тыңайтқыштар,
тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.

Еліміздегі үлкен қалаларға жүргізілген мониторинг, экологиялық
қолайсыз қалалардың алдыңғы қатарын Алматы мен Өскемен бастап келе
жатқанын, ал, ең қолайлы, таза қалалар басында Астана мен Қостанай тұрғанын
көрсетті.   Қай аймақтың болмасын, өзен-көлдерінің, ауасының тазалық
деңгейлері қаланың басты көрсеткіші болып саналады. Осыдан барып,
Атмосфералық ауаның ластану индексі(ААЛ5) және Су деңгейінің ластануы (СДЛ)
секілді көк әліппенің алғашқы түсініктерін таратуға болады.
 
   

Қазақстанның үлкен қалаларындағы атмосфера мен су деңгейлерінің ластану
индексі динамикасы
 
Қалалар атауы ААЛ5 СДЛ
2003ж. 2004 ж. 2003 ж. 2004 ж.
Астана 3,9 3,1 1,04 0,93
Алматы 11,3 15,0 3,30 1,30
Өскемен 8,9 7,0 1,18 1,90
Қостанай 3,6 3,5 0,61 0,57

 

Астанаға жалпы шолу.
  Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 780 880 адам
тұрады (1 ақпан 2013). Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен
салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам
болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-
орында.Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық
бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен
маңы жазықтығында орналасқан.

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін
қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен
елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық
тұсауы кесілді.

1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына Бейбітшілік қаласы
жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде
әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі
қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған
ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилиядаөткізілген бұл конкурста
Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын
басып озды.

Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының
қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті,
табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының
жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұл тан Назарбаевтың қолдауымен
іске асып жатыр. Астанада Сарыарқа ауданы, Алматы ауданы және Есіл
ауданы бар.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен
неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала
өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005
жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7
құрады.

Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз
етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте)
2000—2001 жылдары байқалды.

Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың
республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы
жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың,
2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың
табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін
көбейді.

Статистикалар
• 1989 281,3 мың. адам.(санақ)
• 1999 326,9 мың. адам.(санақ)
• 2000 381,0 мың. адам.
• 2001 446,2 мың. адам.
• 2005 529,3 мың. адам.
• 2007 574,4 мың. адам.
• 2009 613,6 мың. адам. (санақ)
• 2010 697,1 мың. адам.
• 2011 730,8 мың. адам.
• 2012 743,0 мың. адам.
• 2015 850,0 мың. адам. (болжам)
• 2020 950,0 мың. адам. (болжам)
• 2030 1200,0 мың. адам. (болжам)
Осы тенденция сақталса қала халқының саны бірнеше
жылда миллионға жетеді. Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы
бірмиллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана
қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең
жоғарғы көрсеткіш. 

Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.

Астана қаласының экологиялық ахуалы.
    Тың өлкесі саналатын бұл мекеннің көк құжаты  әр кез  мақтаулы.
Сондықтан да астананы Ақмолаға көшіруді экологтар қызу мақұлдаған болатын.
Алайда, әр нәрсенің бір қиындығы болады. Бас қала статусымен бірге қалаға
көптеген проблемалар да келді. Ең бірінші мұнда қоршаған ортаның тазалық
мәселесі қиындап кетті. Қоршаған  ортаны ластайтындар  – қазандықтар мен
ЖЭО-ы, өндіріс және құрылыс алаңдары, автокөліктер болып табылады. Қалалық
қоршаған ортаны қорғау басқармасы Гринпис атты кең ауқымды бағдарламаны
дәстүрге айналдырды. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, қаланың
экологиялық жүйесі біршама деңгейде жақсарды.   Қоршаған ортаны ластайтын
қалдықтар деңгейі стационарлық көздерге қарағанда 2003 жылы 51,5 мың, ал
2004 жылы 44,2 мың және 2005 жылы 43,9 мың тоннаны құраған. Соның өзінде
қалдықтардың 90 пайызы Астана-Энергия АҚ-ның ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің еншісіне
тиеді екен. Бұл нысандарға қазіргі кезде  жоғары деңгейлі тазартқышы бар
күл аулағыштар орнатылған. Сондықтан атмосфералық қалдықтардағы  күл
үйінділерінің қосындысы 8 есеге қысқарды. Күкіртті бөлінулер 3 есеге
азайды. Тазалау жүйелерінің жаңартылған түрлері мен мен қазандықтарды
бастан-аяқ жөндеуден өткізу – қай қала үшін де салмақты әрі қымбат тұратын
операциялармен бара-бар.
     Бас қаламыздың экожүйесінде бүгінгі күні ең әлсіз звено деп
автокөліктер жағдайын айтуға болатын шығар. Астана жолдарымен күнделікті
100 мыңнан аса ауыр және жеңіл көліктер жүреді. Бұлардың барлығы жиналып
улы қалдықтардың айтарлықтай, атап айтқанда, жалпы көлемнің 40%-ын құрайды.
Мамандар автокөлік иелеріне ілеспе газды пайдалануды, ал қалалық автопаркті
электр көліктермен толтыруды әрі жанармай сапасына қатаң бақылау қоюды
ұсынып отыр.  Біздің жер қойнауларымыз пайдалы қазбалармен байытылған
болса, үстіңгі жағы зиянды қалдықтарға толып барады. Егер көрінбейтін ауа
қалдықтарымен жоғарғы технологиялар көмегі арқылы күресетін болсақ,
тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан тек қана көму арқылы құтылуға болады.    
Астана қаласының шығыс жағында қала бойынша қалдық-қоқыстар көметін бір
ғана орын бар. Бұл полигонның аумағы 65,4 гектар. Арнайы дайындалған
карьерде 1972 жылдан бері қалдықтарды көму жұмыстары жүргізіліп келеді.
Мамандардың айтуынша, оны шамамен 2010 жылға дейін пайдалануға болады.
Бүгінге дейін полигонға 14 млн. м3  қалдықтар көмілген.  Жыл сайын мұнда
 450-500 мың м3 қалдық-қоқыстар келіп түседі екен.    Ал, жаңа полигонның
құрылысына байланысты жоба дайын тұр.
Астана қаласында бірнеше ұзақ мерзімді экологиялық жобалар бір мезетте
жүзеге асырылып келеді. Тұрғындардың экологиялық білімін арттыру мен
белсенділігін көтеру мәселесі үлкен маңызға ие. Экологтар жалғыздың үні
шықпас деген халық даналығын бетке ұстап, қала тұрғындарын өздерін
қолдауға шақырады. Бұл саладағы олардың іс-шаралар реті әр түрлі, солардың
қатарына қоқысты тастамау қағидасы секілді кішкентай мәселелерден бастап,
жалпықалалық сенбіліктерді өткізуге дейінгі әрекеттер ойластырылған.
Есілдің бойында болашақтың ең таза қаласы Астана жайлы арманын өрнектеген
жас суретшілердің қиялы шындыққа айналар күн де алыс емес секілді. Оған тек
барлығымыздың арман-тілегіміз бен мақсат-мұратымыз бірге үндессе ғана жете
аларымыз анық.  
  Бүгінгі күні қаланың негізгі тамыры саналатын Есіл өзеніне үлкен
көңіл бөлініп отыр. Өзен жағасына бөгендер орнатылып,  Ақбұлақ жылғасының
айналасы абаттандырылды, арнайы құрал-жабдықтармен өзеннің түбін тазарту
жұмыстары басталды.
    Астана үшін таза судың қайнар көзі саналатын,  жыл сайын 67 млн;
сумен қамтитын, жобалық сыйымдылығы 410,9млн; болатын Есіл аумағындағы
Вячеславск су қоймасының орны ерекше. Мұнда соңғы бес жыл көлемінде суды
жинау 20 пайызға, ал тұрғындардың суды пайдалануы екі есеге артқан. Қазіргі
уақытта Интернациональный және Мичурин поселкелерінде су қоршауы желілеріне
қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдыкөл ағын су жинағышын  жою
жұмыстары жүргізіліп, жаңа сусорғыш станциялары пайдалануға берілді.    Бұл
шаралар пайдаланылатын сулардың құрамын тазартуға, балдырлы құрамалардың
жиналмауына септігін тигізеді.
   Аспанмен таласқан биік құбырлар еңбек белсенділігінің белгісі ретінде
Кеңестік хроника мен қырықыншы және елуінші жылдардың кинематографиясының
кадрларында ғана қалды. Енді, қоршаған ортаны қорғаушылар – экологтардың
дәуірі келді. Қаланы тұмшалаған түтін адамға ой салатын да болды. Қарапайым
адамның да, табиғат ананың да жай-күйін ойлап, алаңдары анық. Бүгінгі
күннің ең өзекті мәселесі – адамның зәру мұқтаждығын табиғаттың онша зәру
емес мұқтаждықтарымен алмастыру.  
    Әрбір адамға мына өмірде жарық та, жылу да аса қажеті болып
табылады. Ал олардың кез-келгенін өндіру олардың өздерінің тұрып жатқан
айналасын ластап, қоршаған ортасына зиян келтіретін процеспен байланысты
болып келеді. Оның үстіне, бұл процестердің бәрі де үздіксіз жүреді, соған
байланысты, одан бөлінетін зиянды заттар да үздіксіз бөлінеді деген сөз.
   Рас, оның еңбек интенсивтілігі жыл бойына өзгеріп отырады. Бұның бәрі де
ЖЭО-мен (жылу электр орталығы), оның өз кезегінде, қаланың жылу мен электр
қуатын пайдалануына байланысты жұмысымен, сыртқы ауа мен аймақтық климаттық
ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді.   
     Елордамыз үшін жылу мен жарықтың қайнар көзі болып табылатын ЖЭО-1
мен ЖЭО-2 Астана-Энергия АҚ-ның құрамына кіреді. ЖЭО-1 1961 жылдан бері
жұмыс істесе, ЖЭО-2 1979 жылдан іске қосылған.  Әрбір осындай нысан электр
қуатына, бу және ыстық суға органикалық отын қуатын өндіру үшін
энергетикалық кешен ұсынады.   Органикалық отынды жағу – химиялық тотығу
процесі.   Оның әсерінен түрлі заттар тотығы мен жанбайтын қалдықтар пайда
болады. ЖЭО-на тікелей әсер ететін нысан – атмосфера болып табылады.  
Гидросфера мен литосфераға, дәлірек айтсақ, су мен жерге әсер етудің
өзіндік зардаптары бар. Түтінді газбен сыртқа бөлініп жатқан зиянды заттар
астаналық өзен, үйлер мен көшелерге, алаңдар мен саябақтарға шөгеді. 
Сондай-ақ, ЖЭО-ның аймағында жай қана көміп тастаған өндірістік
қалдықтардың пайда әкеле қоймасы анық. Әсіресе, қатты отынды жағудан пайда
болған күл-қож қалдықтары (КҚҚ). ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 алаңы қаланың солтүстік-
шығысындағы, кәсіпорындық аймақта орналасқан.   
    Қала күннен-күнге өсіп, энергетиктер мен экологтар өздерінің жаңа
талаптарын қоюда. Сонымен қатар, елорданың жасыл келбетін автомобиль
транспортының көбеюі де бұзады. Сондықтан да, Астана-Энергия АҚ-ның
қызметкерлері ЖЭО-ның зиянды әсер етуін жоюға бар күштерін жұмылдыруда:
жаңа бағдарламалар жасалып, тың технологиялар енгізіліп, әсері жоғары
табиғатты қорғайтын іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Ол үшін өздері де,
мемлекет те қаражат бөліп отыр. ЖЭО-1-дің қаланың эко жүйесіне әсерін
азайту мақсатында ескірген технологиялық жабдықтарды ауыстырды. Соның
әсерінен, 2004 жылға қарағанда, 2005 жылы көмір күлін (жану жүйесінің
жақсаруы есебінен) 1077, 912 тоннаға, ал күкірт ангидриді 29,476 тоннаға,
азот тотығы 4,454 тоннаға азайды. Энергетиктер осы бағытта жұмыс жүргізуде,
мәселен,  2006 жылы ЖЭО-1-де  батареялық типтің екінші буынды эмульгаторлы
КВТ-128-150 қазан қондырғысы іске қосылған. Эмульгаторларды енгізу – түтін
газдарын тазалау жүйесіндегі жаңа технологиялық қадам болып табылады. 
Астана – Энергия АҚ-ның ЖЭО-2-де 2005 жылы №3 және №5 қазан
қондырғыларында бұрынғы күлтұтқыштардың орнына тура осындай эмульгаторларды
ауыстырды.  Түсіндіре кетейік, бізге қажетті жарық пен жылуды өңдейтін
кезде, бір қазанға сағатына 75 тонна көмір қажет. Ал ЖЭО-2-дің 180 метрлік
құбыры  айналаны ластайтын заттарды жеті жарым шақырымға дейін таратып
жібереді. 
    Ақылға салып, ойлап қарасақ, егер де, қазанда күлтұтқыштар тұрмаса
немесе жаңа үлгідегі эмульгаторлар болмаса, не болатынын көзге елестету
қиын емес.  Себебі, дәл осы қондырғылар 2005 жылы ЖЭО-2-нің зиянды
заттарының бөлінуін 1300 тоннаға дейін азайтқан болатын.  2006 жылдың
наурыз айында алдын-ала жүргізілген сынаққа байланысты, күлдің бөлінуі
350,0 мгнм3  болған. Бұл ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі қазандардан бөлінген күлден
8,5-9 есе аз. Эмульгатор қондырғылары, сонымен қатар, түтін газдарының
суармалы сумен жүз пайыз қатынаста болғандықтан, күкірт диоксидінің
бөлінуін де азайтады.  Вентури құбырлы күлтұтқыштар күкірт тотықтарының үш
пайызын жойса, эмульгатор болса, күкірт диоксидін 15-20 пайызға дейін
азайта алады.
    ЖЭО-2 қазандарына оны кеңейту және қайта құру бағдарламасы аясында,
одан да, тиімді, күшті – электрлі фильтірлі құрылғылармен жабдықталатын
болады. Ол қаланың қарқынды өсуіне, соған байланысты, сұраныстың көбеюіне
байланысты болып тұр.  Жоба бойынша, ЖЭО-2-де негізгі және қосымша
құрылғыларды орнату қарастырылуда. Оның басқаларға қарағанда, артықшылығы,
тиімділігі мен техникалық, экономикалық және экологиялық көрсеткіштері
жағынан байқалады. Кез-келген энергетикалық құрылғылар экологтардың
рұқсатынсыз пайдалануға берілмейді. ЖЭО-2-ні қайта жөндеу және кеңейту 
жөніндегі жұмыстар жобада үш кешенге бөлінген.   Жобаны жүзеге асырғаннан
кейін, электр қуаты - 120 МВт-қа және жылу - 483 Гкалс көбееді.
Нәтижесінде, кешенді шараларды енгізу зиянды заттардың бөлінуінің деңгейін
азайтатын болады.
    Алайда, қазіргі таңда, экологтар көмір күлінен шығатын газды басты
проблема деп санамайды. Олардың айтуынша, көзге көрінбейтін дұшпан, яғни,
азот тотығы анағұрлым қауіпті болып саналады. Олар бірінші кезекте,  
жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы өтіп адам ағзасына, сондай-ақ, Астанаға
көрік берген, қылқан жапырақты ағаштарға зиян келтіреді.   АО Астана-
Энергия АҚ-ы ЖЭО-2-дегі №1 және №2 қазандарда оларды азайту үшін, түрлі
шаралар жасауда. Энергетиктер азот тотығын жою жөнінде жобаларды төменгі
үрлеу немесе оны жағудың үш сатылы әдістерін жүзеге асыруда.  Басқаша
айтқанда, отынды жағудың үш қабатты әдісі. Мұнда жағу кезінде, азот
тотығының пайда болу процесін баяулатады және атмосфераға тотығып
үлгермеген, яғни, адам денсаулығына зияны жоқ азот бөлінеді.
    Қысқы жұмыс кезінде, бір сағатта - 126 тонна. ЖЭО-2-де осыншама күл
пайда болады. ЖЭО-2-ні іске қосқаннан бері, күл үйінділерінде 1 миллион
тоннадан көп күл және қож қалдықтары жиналады. Күл үйінділері үлкен
кеңістікті алып жатыр. Ескі үйінділерді толтыру үшін күлдерді жинайтын жаңа
сыйымдылықты, қаладан жер алып, құру қажет.  Екібастұз тасты көмір күлі
құрылыстарда шектеусіз қолданыла береді. Және де бүгінде ЖЭО-2-нің күл
үйінділеріне арналған аймақта тиімді құрылыс материалдар зауытының құрылыс
жүргізілуде. Ол зауытта жиналған күлдің 50 пайызы пайдаланылады. Ал бұл,
жылына  250 тоннаны құрайды. Пайдалы жағы - өндіріс қалдықтарын қайта
пайдалану және күл үйінділерінің қызмет мерзімін ұзарту.
    Күлді қоймалжың, яғни, сұйық құм күйінде жинайды. Қойма ретінде
дамбалы, биіктігі жиырма метрлік күл үйінділері бар, жасанды көлшіктер
қолданылады. Сол жерлерде олар ондаған жылдар бойы сақтала береді. Әрине,
күл түбіне шөге береді, ал су, бүкіл күл үйіндісінің периметрі арқылы
қойылған сүзгі арқылы өтіп, техникалық қолданыста пайдалануға беріледі.
Таза техникалық және ішуге жарамды суды ЖЭО-2-де пайдалануды азайту үшін, 
жобада сумен жабдықтаудың екі айналым жүйесі қарастырылған. Бұл бізге
белгілі, ГКТ (гидро күлден тазарту) және айналмалы суыту жүйесі. Мұндай
жүйелерді сақтау – ЖЭО-2-дегі күл үйінділеріндегі су ресурстарын қалыпты
пайдалану мен оны сақтау жөніндегі негізгі іс-шара. ЖЭО-2 сағат сайын 600
шаршы метр техникалық суды алуда, бұл дегенің, табиғи ортаның таза суды
пайдалану көлемі азаяды дегенді білдіреді. Одан өзге, күл үйінділерінің
картасы арқылы, қоршаған ортаны төменгі деңгейге дейін азайтатын белгілі
бір іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр.
    Тура осы сынды іс-шаралар, алғашында Тұзды жылғаға, одан кейін,
Есілге тасталатын, құрамында майы бар, салқындататын агрегаттармен де
жүргізілуде. Өңделген суды қайта пайдалану арқылы  астаналық сумен
жабдықтау сорғы стансаларын іске қосып, қала тұрғындарының мұқтаждығы үшін
қолданылатын таза су қорын үнемдеуге болады.  
    Салыстырмалы анализ арқылы, экологтар бүкіл кешеннің өте тиімді
екеніне көз жеткізді. Демек, астананың тұрғындары мен қонақтары еркін
демалатын болады. Яғни, бұл жағдай қалаға қажетті жылу мен электр қуатын
өндіретін өндіріс көбейсе де, сол қалпында қалады. Энергетиктердің ойлап
тапқан жоспарлары болашаққа арналғаны түсінікті де, демек, әлі де талай іс-
шараларды қамтиды деген сөз. Яғни, ескірген жабдықтар ауыстырылып, жаңа
технологиялар енгізіледі.
 

 “Астана-Энергия” АҚ (ЖЭО-1 және ЖЭО-2) бойынша өндірістік қалдықтар мен
зиянды заттарды бөліну мониторингі
 
  2002 жыл 2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл
1 2 3 4 5
ЖЭО-1
Жанған отын, шартты отын 102398 136983 135264 131160
тоннасы (осында)
Шығарылған өнім:        
Электр қуаты, мың.кВт 42545 45019 46981 45893
жылу энергиясы, гКал 496725 653244 646866 597436
Зиянды заттардың бөлінуі         
барлығы: 5,75 7,726 6,905 6,192
мың. тонна; 56,153 56,401 51,048 47,209
шартты отын кгтонн  
Оның ішінде: газ күйінде, 2,458 3,043 1,943 2,308
мың,  тонна
Қатты, мың, тонна 3,292 4,683 4,962 3,884
Күл және қож қалдықтарының 70416,0 76019,0 83703,0 84689,0
пайда болуы, тонн
ЖЭО-2
 Жанған отын, шартты отын 768107 802215 814122 806420
тоннасы (осында)
Шығарылған өнім:        
Электр қуаты, мың.кВт 1412338,61436361,9 1442553,0 144329
жылу энергиясы, гКал 2062613 2248495 2243933 2380894
Зиянды заттардың бөлінуі         
барлығы:        
мың. тонна; 35,194 34,434 33,844 33,695
шартты отын кгтонн   45,819 42,924 41,572 41,629
Оның ішінде: газ күйінде, 19,351 19,608 18,801 20,006
мың,  тонна
Қатты, мың, тонна 15,843 14,826 15,043 13,689
Күл және қож қалдықтарының 546892,0 565324,0 563486,0 558249,0
пайда болуы, тонн


 

Ағынды сулар.

Астананы сумен жабдықтау толығымен қайта жөнделуде, үш жыл бұрын
қабылданған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын ондаған шақырым желі қайта
жөндеуден өтіп жатыр. Келесі жоспарда тұрған жұмыстар – ескі қаладағы су
құбыры желісін және қала құрамына кіретін жаңа елді-мекендерде құрылыс
жүргізу. Сумен жабдықтау туралы айта отырып, канализация мәселесін көтермеу
мүмкін емес. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты, жарты миллион
тұрғыны бар қала тек қана суды пайдаланбайды, сонымен қатар, оны төгіп те
жатады.  Коллекторларда жиналып қалған шаруашылық-тұрмыстық ағындар табиғи
айналымға қайтып оралу үшін, әбден тазартуды қажет етеді. Бірнеше ондаған
жылдар бойы, тазарту қызметін қаладан алты шақырым жерде орналасқан
Талдыкөл атқарып келген. Алайда, соңғы жылдары ескі жинауышқа толып кету
қаупі төніп тұр. Үлкен қарқында өсіп келе жатқан қаланың қалдықтарын
сіңіріп үлгермей жатыр. 
     Талдыкөл жинауышына қаланың тіршілік әрекетінен күнделікті 136
мың текше метр лас су құйылады. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы бұның
көлемі 2,5 есе өсіп, тәулігіне 254 мың текше метрге жетеді екен. Көктем
мезгілінде ағынның деңгейі өте қауіпті мөлшерге жетеді. Сондықтан да,
амалсыздан санитарлық қашыртқы жасалады. Экологтар дабыл қақты, ал
тұрғындардың арасында, қаланың ол жерге жақын орналасқан бөлігін су басады,
сонымен қатар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астана қаласының Жетісу саябағына сипаттама
Есіл өзеннің казіргі көрінісі
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Есіл өзенінің салалары
Экологиялық құқық. Орман ресурстары
Астана мен Алматы қалаларының салыстырмалы сипаттамасы
Нұр - Сұлтан қаласының экологиялық жағдайы
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Пәндер