Германия мемлекеті


Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Мемлекеттің тарихы

2. Экономикалық-географиялық орны

3. Табиғат ресурстары мен байлықтары

4. Мемлекеттік құрылысы

5. Халқы:

а) Халқының динамикалық өсімі

б) Этникалық құрылымы

в) Тілі

г) Діні

д) Нәсілі

е) Таралуы мен қоныстануы

6. Шаруашылығы:

а) өнеркәсібі

б) ауыл шаруашылығы

в) көлік қатынасы

7. Экологиясы

8. Туризмі

9. Халықаралық байланыстары

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Германия Федеративтік Ресрпубликасы-Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания деп те аталады. Жер аумағы 356, 96 мың км 2 . 82 млн-ға жуық халқы бар.

Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33, 6%-ын өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1, 2 %-ын ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді. Экономикасының негізгі салаларына қоңыр көмір (дүние жүзінде 1 орында) мен тас көмір, қара және түсті металлургия, химия, электртехника мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жатады. Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Электр энергиясы негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында халықтың 5 %-ы ғана жұмыс істенімен, еңбек өнімділігі өте жоғары. Мал шаруашылығы (сиыр, шошқа т. б. ) мен егін шаруашылығынан (астық өнімдері, қант қызылшасы, картоп) басқа шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған.

Елдегі темір жолдың ұзындығы 496, 6 мың км, теңіз-сауда флотының жылдық тасымал көлемі 5, 6 млн. тонна шамасында. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдері.

Негізгі шаруашылық салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орынды алады.

1. Мемлекеттің тарихы

Германия - латынша Germania, немісше Deutschland, Deutshe-неміс, land-ел, сөзбе-сөз аударғанда немістер елі. Бір болжамдарда "найзашының жері", германдық "ger"-"найза" және латынша "man" - адам. орыс аудармаларында барлық адамның жері, Deutschland - "халықтың жері", "Allemagne" - барлық солтүстік -шығыс халықтарын атайды. /1/

Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Б. з. б ІІІ-ІІ мыңжылдықта жергілікті тұрғындар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты, ал б. з. б. І мыңжылдықта темір қорытуды меңгерді. Б. з. б. І ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. ІV ғасырдың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, V ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. VІ-VІІІ ғасырларда герман тайпалары франктердің қол астына қарады. Олар христиан дінін осы кезде қабылдады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-дің басшылығымен 919 жылы Герман королдігі құрылды. Алғашқыда бұл королдікте 4 тайпалық герцогтік (Саксония, Франкония, Алемания, Бавария) бағынды, кейін Лоторингия (925 жылы) және Фризия қосылды. 962 жылы герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Корольдік ХІ ғасырдың ортасынан бастап бытыраңқылықты бастан кешірді. ХVІІІ ғасырға дейін қорольдікті билеуші 17 әулет ауысты. ХІV ғасырда жеке-жеке княздік өкілдерінен тұратын заң шығарушы орган-рейхстаг жұмыс істей бастады.

Француз императоры Наполеон І Австрия мен Прусияны талқандағаннан кейін (1806 жылы) «Қасиетті Рим империясы» жойылып, герман князьдіктеріндегі бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Франция талқандалғаннан кейін 1815 жылы Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды.

Ал 1879 және 1881 жылдары Австрия-Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, «Үштік одақ» құрды. Оған қарсы Антанта одағы құрылып, Бірінші дүинежүзілік соғысқа әкеліп соқтырды. 1919 жылы 18 маусымда Версаль бейбіт келісімі жасалынды, алайда ұзақ уақыт өтпей келісім қайта бұзылды. Гитлер канцлер болғанан кейін фашистік диктатура орнатылып, Екінші дүниежүзілік соғысқа алып келді. Соғыстан кейін Германия екіге бөлінді. 1961 жылы Берлин қабырғасы тұрғызылып, шекара күшейтілген еді. Бірақ социолистік елдердегі саяси реформалар нәтижесінде 1990 жылы 3 қазан күні Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті. /2/

1. Этимологический русскоязычный словарь Фасмера. - Прогресс, 1964 жыл, 87, 562 бет.

2. Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы, 2001 жыл, 9-10 бет

2. Экономикалық-географиялық орны

Аумағы - 356, 96 мың км 2 . Астанасы - Берлин. Германия Федеративтік Респубикасы Орталық Еуропадағы ірі мемлекеттердің бірі. Германия солтүстікте Балтық және Солтүстік теңіздерімен Киль каналы арқылы шекараласады. Сонымен қатар солтүстікте құрлық арқылы Даниямен (68 км) шектеседі де, шығысында Одер өзені арқылы Польшамен (458км ) және Чехиямен (646 км) шектеседі. Оңтүстікте Австрия (784 км) және Швейцариямен (334 км) шекарасы Альпі таулары арқылы Боден көлімен өтеді. Батыста Франциямен-451 км, Люксембургпен - 138 км, Бельгиямен -167 км және Нидерландымен 577 км шектесіп жатыр. /1/

ГФР-дің экономикалық-географиялық жағдайының маңызды ерекшелігі - ендік және меридиандық бағыттағы трансеуропалық сауда-көліктік жолдар қиылысында орналасқан оның орталық жағдайы, Балтық және Солтүстік теңіздерге шығатын кең жолдың болуы, Рейн және Дунай сияқты халықаралық өзендерді пайдалану мүмкіндігі, Батыс, Солтүстік және Шығыс Еуропаның тоғыз елімен тікелей құрлықтық көршілестігі.

Ірі 13 әуежай, 6, 8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.

Франкфурт (Рейн-Майнде, 53 млн. адамдай жолаушы айналымы) және Мюнхен (35 млн. адамдай жолаушы айналымы бар) әуежайлары әлемнің аса ірі әуежайларының қатарына кіреді. /2/

ГФР-дың жалпы автомобиль жолының ұзындығы 650 мың км-ді құрайды.

Тасымалдың 25 %-ы өзен мен каналдар жүйесіндегі кеме қатынасының үлесінде. Ел ішінде мұнайдың 80%-ы құбыр арқылы тасымалданады. Германияның ірі теңіз-сауда флоты бар. Бұл флоттың кемелері Бремен және елдің төртінші ірі қалалық агломерациясы әрі негізгі теңіз және өзен порты -Гамбург (жүк айналымы 47 млн. тонна) сияқты порттардан әр түрлі бағыттарға аттанады. Одан басқа ірі поррттары Вильгнельсхафен, Бремен, Бремерхафен, Эмден. Теңіз флотының тоннажы -8, 4 млн.

Азаматтық авиация мемлекеттік «Люфтганза» компаниясының монополиясында. Басты аэропорттары: Майндағы Франкфурт, Кёльн-Бонн. /3/

1. Мәшімбаев С. М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж. ) Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл 170 бет

2. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004 жыл 154 бет

3. В. П. Максаковский, Ш. М. Надыров, Ә. Т. Мылқайдаров Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы Алматы 2013 жыл, 168-169 бет

3. Табиғат ресурстары мен байлықтары

Германия аса жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Ұлттық табыстың жартысынан астамын өнеркәсіп береді.

Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Германияда калий тұзының үлкен қоры Заале мен Везер өзендерінің аралығында шоғырланған.

Ал темір рудасы импорттық бәсекеге лайықты. Никель мен марганец 100 жылдан бері өндіріліп келеді. Германия түсті металдарға бай емес. Онда жанармай түрлерімен қамтылмаған. Солтүстік аймақта жылына 5-6 миллион тоннадай мұнай өндіреді, ол бұл ресурсқа деген қажеттіліктің 5 %-ын да өтемейді. Мұнда скважиналар өте төменде. Скважиналардың саны-2900.

Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті.

50-60 жылдарда Роттердам-Кёльн, Вильгельмсхафен- Кёльн, Марсель-Карлсруэ-Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру заводтары салынды.

Германия қоңыр көмірді кең көлемде игереді. Басты көмір бассейндері батыста Кельннен (400 м тереңдікте) Галлаға - Лейпциг және төменгі Лаузицеге дейін, оңтүстік-шығыста Берлиннен күншығыс германдық карьеріне дейін. Германияның солтүстік-батысында мұнайдың және табиғи газдың қосалқы қорлары бар.

Рудалық қазынды байлықтарынан темір, қорғасын, мырыш, мыс рудалары және бейрудалары, калий тұзы өндіріледі. Лотарингия аймағы темірге өте бай. 1970 жылы 33, 7 млн. тонна шойын, 45 млн. тонна болат қорытылған. /1/

4. Мемлекеттік құрылысы

Германия - федеративті парламенттік республика. Жоғарғы заң шығарушы органы-парламент.

Германия парламенті екі палатадан - Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесрат үкімет өкілдері 68 мүшеліктен тұрады. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. (әр өлкеден 3-5 өкілден) . Атқарушы билік - федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Президент ресми түрде мемлекет басшысы деп саналғанымен, негізінде тек өкілділік міндетті атқарады. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Қазіргі федералды канцлері-Ангела Меркель.

1. . Языков Е. Ф. История стран Европы и Америки - Москва, 1971год, стр 151

2. Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы, 2001 жыл, 9-10 бет

Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай ГФР 16 аймақтан тұрады. Олар:

1. Бранденбург 9. Бавария

2. Берлин 10. Шлезвиг-Гольштейн

3. Саар 11. Гамбург

4. Рейнланд-Пфальц 12. Бремен

5. Гессен 13. Төменгі Саксония

6. Тюрингия 14. Мекленбург-Алдыңғы Померания

7. Саксония 15. Солтүстік Рейн-Вестфалия

8. Баден-Вютемберг 16. Саксония-Антальт

Әр аймақтың өз конституциясы, парламент (ландтаг және қалалық жиын) және билігі бар. Негізгі заңы - конституция 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. /1/

Негізгі Заңды федеральды конституциялы сот қадағалайды.

Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді:

1. 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы;

2. 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты - Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика.

3. Христиан әлеуметтік одағы;

4. Еркін демократиялық партиясы;

5. Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы.

5. Халқы:

а) Халқының динамикалық өсімі

Қазіргі кезде Германияның 82 млн. -ға жуық халқы бар. Германия мемлекеті - әзірше Еуропадағы халық саны жөнінен ең ірі мемлекет. Елдің демографиялық жағдайы өте күрделі, 70 жылдардың басында- ақ өлім туудан басым болып, соңғы кезде саяси босқындар тасқыны қосылып отырған тұрақты еңбек иммиграциясы салдарынан күшті депуляциядан құтылуға мүмкіндік болуда. Иммигранттардың саны жөнінен ГФР Еуропада бірінші орын алады олардың жалпы саны 7 млн. адамнан асып, барлық тұрғындардың 9%-ын құрайды. Әсіресе, 1961 жылы 686 мың, 1970 жылы 2300 мың, 1982 жылы 4409 мың адамды құрады. Иммигранттардың негізгі бөлігі ірі қалаларға қоныс тепкен. Бұл жөнінен елдің ірі іскерлік, қаржы және маңызды өнеркәсіп орталығы Майндегі Франкфурт ерекше.

Табиғи өсім 1946 жылдан 1965 жылға дейін төмен болды, 5-8 % 0 , одан кейінгі жылдары одан да қатты төмендеп кетті. 1972 жылдардан бастап, өлім-жітім туу көрсеткішінен жоғары болды. Қазірдің өзіңде туу көрсеткіші 10% 0 -ні құрайды, кейбір жылдары 8 % 0 дейін жеткен. Табиғи өсім 2 % 0 , өлім-жітім 12 % 0 . /2/

  1. Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 54
  2. Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы, 2001 жыл, 9-10 бет

б) Этникалық құрылымы

Елдің 99% немістер, сонымен бірге датттар мен голландықтар да тұрады.

Ерте кезден бастап ІІІ-ІҮ ғасырларда бұл аймақта славяндықтар мен кельттер мекен еткен. Неміс ұлтының негізін қалаған германдық көшпелі тайпалар бавар, сакс, алеман, тюрингендер болды. 90 жылдардың ортасында ГФР тұрғындарының ішінде (мың адам) түріктер - 1855, бұрынғы югославтар -шамамен 1000, итальяндықтар -560, гректер-350, поляктар-285, австриялықтар -185, румындар-165, испандар-135, француздар-90, чех және словактар-65, венгрлер-60, мароккалықтар-80, ливандар-55, Шри-Ланкадан шыққандар-45, ауғанстандықтар-40, үндістаннан-45 мың адам болды. Бұған сонымен бірге ТМД елдерінен келген немістер мен басқа эмигранттарды қосуға болады. /1/

Халқының этникалық құрамы, 1984 жыл

Халық
Мың. адам
Халық
Мың. адам
Халық: Германдық топ
Мың. адам: 55 824
Халық: Словяндық топ
Мың. адам: 672
Халық: Немістер
Мың. адам: 55 200
Халық: Югославтар
Мың. адам: 595
Халық: Австриялықтар
Мың. адам: 170
Халық: Поляктар
Мың. адам: 50
Халық: Голландықтар
Мың. адам: 140
Халық: Чехтар
Мың. адам: 27
Халық: Даттар
Мың. адам: 80
Халық: Семиттік топ
Мың. адам: 115
Халық: Американдықтар
Мың. адам: 71
Халық: Мароккалықтар
Мың. адам: 44
Халық: Ағылшындар
Мың. адам: 54
Халық: Тунистіктер
Мың. адам: 25
Халық: Еврейлер
Мың. адам: 28
Халық: Йондандықтар
Мың. адам: 14
Халық: Фломандықтар
Мың. адам: 15
Халық: Египеттіктер
Мың. адам: 12
Халық: Шведтер
Мың. адам: 9
Халық: Түріктер
Мың. адам: 1 500
Халық: Фриздар
Мың. адам: 6
Халық: Гректер
Мың. адам: 271
Халық: Романдық топ
Мың. адам: 952
Халық: Цығандар
Мың. адам: 55
Халық: Итальяндықтар
Мың. адам: 592
Халық: Үнділер
Мың. адам: 25
Халық: Испандықтар
Мың. адам: 174
Халық: Парсылар
Мың. адам: 20
Халық: Португалдықтар
Мың. адам: 106
Халық: Венгрлер
Мың. адам: 18
Халық: Француздар
Мың. адам: 60
Халық: Корейлер
Мың. адам: 15
Халық: Румындықтар
Мың. адам: 10
Халық: Жапондықтар
Мың. адам: 11

Кесте 1, /2/

в) Тілі

Ресми тілі және мемлекеттік - неміс тілі. Неміс тілінің диалектісі орталық аудандардағы немістер тобында ерекше байқалады. Ал жоғарғы және төменгі немістер арасындағы жер шалғайлығына қарамастан, оларда ортақ әдеби тіл бар. Әдеби неміс тілінің негізі жоғарғы немістер құраған диалект-саксондық тіл. Диалект айырмашылығы, әсіресе бұрынғы ГДР және ГФР арасында қатты байқалады. /2/

1. Гладкий Ю. Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран -Москва, 2009 год, 2-е издание, стр 71

2. С. И. Брук, Население мира, «Наука», Москва, 1986

г) Таралуы мен қоныстануы

ГФР халқының орналасуы ең алдымен өте жоғары орташа тығыздығымен сипатталынып (1 шаршы шақырымға 230 адамнан), сонымен бірге кейбір аудандарында тығыздық 1 шаршы шақырымға 1000-2000 адамнан және одан да көп келеді. ГФР Еуропадағы халқы ең тығыз орналасқан елдердің бірі. 2009 жылы 1км 2 -ге 229 адамнан келеді. Оның ішінде солтүстіктегі Рейн-Вестфалияда 1км 2 -ге 500 адамнан, Саарда 1км 2 -ге 440 адамнан, Төменгі Саксонияда 1км 2 -ге 150 адамнан келеді. Халық әр аймақта әр түрлі таралған. Халықтың ең тығыз орналасқан жері-Рейн, Майн, Неккар өзендерінің аңғарлары мен Саар облысында. Мұнымен бірге ГФР -дүниежүзілік ең жоғары урбанизациянған елдердің бірі, түрлі дәрежелі қала агломерацияларының санынан бұл аймақта бірінші орын алады. Халқының 75 % -тен астамы қалада тұрады. /1, 2/

Германия халқының аймақтар бойынша таралуы, 2009 жыл

Қала
Ауданы, км 2
Халық саны
Тығыздығы
Қала: Баден-Вюртемберг
Ауданы, км2: 35 752
Халық саны: 10 717 000
Тығыздығы: 300
Қала: Бавария
Ауданы, км2: 70 549
Халық саны: 12 444 000
Тығыздығы: 176
Қала: Берлин
Ауданы, км2: 892
Халық саны: 3 388 000
Тығыздығы: 3 798
Қала: Бранденбург
Ауданы, км2: 29 478
Халық саны: 2 568 000
Тығыздығы: 87
Қала: Бремен
Ауданы, км2: 404
Халық саны: 663 000
Тығыздығы: 1641
Қала: Гамбург
Ауданы, км2: 755
Халық саны: 1 735 000
Тығыздығы: 2298
Қала: Гессен
Ауданы, км2: 21 115
Халық саны: 6 089 000
Тығыздығы: 288
Қала: Мекленбург- Померания
Ауданы, км2: 23 179
Халық саны: 1 720 000
Тығыздығы: 74
Қала: Төменгі Саксония
Ауданы, км2: 47 620
Халық саны: 8 001 000
Тығыздығы: 168
Қала: Солтүстік Рейн-Вестфалия
Ауданы, км2: 34 084
Халық саны: 18 075 000
Тығыздығы: 530
Қала: Рейнланд-Пфальц
Ауданы, км2: 19 853
Халық саны: 4 061 000
Тығыздығы: 205
Қала: Саар
Ауданы, км2: 2 569
Халық саны: 1 056 000
Тығыздығы: 411
Қала: Саксония
Ауданы, км2: 18 415
Халық саны: 4 296 000
Тығыздығы: 233
Қала: Саксония-Анхальт
Ауданы, км2: 20 446
Халық саны: 2 494 000
Тығыздығы: 122
Қала: Шлезвиг-Гольштейн
Ауданы, км2: 15 763
Халық саны: 2 829 000
Тығыздығы: 179
Қала: Тюрингия
Ауданы, км2: 16 172
Халық саны: 2 355 000
Тығыздығы: 146
Қала: Германия Федеративтік Республикасы
Ауданы, км2: 357 046
Халық саны: 82 491 000
Тығыздығы: 229

Кесте 2, /3/

1. Көкебаева Г. К. Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы, Алматы, 2003 жыл, 120 бет.

2. С. И. Брук, Население мира, «Наука», Москва, 1986 стр211

3. poltava-repres. narod. ru

д) Діні

Діннің таралуы: Рим-католиктік шіркеуі-33%, протестант-33%, мұсылмандар-3%, 2007 жылы иудейліктер-0, 1% (100 мыңға жуық адам) . Немістердің көпшілігі христиандықтар 64 % құрайды. 31 % тұрғын-атеисттер (бұрынғы ГДР аймағында 70 % атеисттер) .

Шлезвиг-Гольштейн, Төменгі Саксония, Гамбург, Бременде толығымен протестант діні таралған. Ал Гессенде 63 %-ы протестанттықтар. Католиктердің жартысынан көбісі Баден-Вюртембург, Рейнланд-Пфальце және Солтүстік Рейн-Вестфалия, Бавария, Саарда. Сонымен қатар 1, 7 млн. мұсылман бар. Мұсылмандардың көбісі түріктер, арабтар, пакистандықтар, парсылар және т. б. /1/

VІ. Шаруашылығы

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алады. Негізгі шаруашылық салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. /2/

а) өнеркәсібі

Германия жоғары дәрежеде дамыған индустриялы ел. Ұлттық табыстың жартысынан астамы өнеркәсіп береді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін өндіріс көлемі 4 есе өсті.

Отын-энергетика шаруашылығы қатты өзгеріске ұшыраған. Отынды пайдалануда мұнай 1-орынға шықты, табиғи газдың үлесі өсті.

50-60 жылдарда Роттердам-Кёльн, Вильгельмсхафен- Кёльн, Марсель-Карлсруэ-Ингольштадт мұнай құбырлары салынды. Генуя мен Триестен Ингольштадқа мұнай құбырлары тартылды. Бірнеше мұнай айыру заводтары салынды (жалпы қуаты 127 млн. тонна, 1970жылы) .

Электр энергиясы негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару да жақсы жолға қойылған.

XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель болды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Рур және Саар бассейндерінен тас көмір (111 млн тонна, 1970жыл) Төменгі Рейн бассейнінде қоңыр көмір (108 млн тонна, 1970жыл) өндіріледі. Рудалық қазынды байлықтарынан темір, қорғасын, мырыш, мыс рудалары және бейрудалары, калий тұзы өндіріледі. Лотарингия аймағы темірге өте бай. 1970 жылы 33, 7 млн. тонна шойын, 45 млн. тонна болат қорытылды. /1/

1. Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 55

2. Социально-экономическая география зарубежного мира, Мосвка « Крон-Пресс», 1998год, стр 205-223.

Германия автомобиль құрастыру, станок жасау, өндірістік өнеркәсіп өнімдерін шығарудан айтарлықтай дамыған. Әсіресе қуатты өнеркәсіп жүйесі ретінде ауыр металды машина, кран, көпір, тау-шахталық және электр энергетикалық құрал-жабдықтар, ауыр электро техникалар, сонымен қатар металлургиялық заводтар Рурда орналасқан. Жеңіл өнеркәсіп және жүк машиналарын Баден-Вюртемберг, Рейнланд-Пфальц, Төменгі Саксония, Гессен, Северный Рейн-Вестфалия, Бавария және Саарда. Автомобиль құрастыру Германия экономикасы үшін маңызды салалардың бірі. Әлемде автомобиль өндіруден КХДР, АҚШ, Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленеді. Мысалы, 2003 жылы Германия 5, 5 миллион автомобильді құрастырды. 2001 жылы 5, 687 миллион автокөлік жабдықтарын дайындады. Оның 70% -ы экспортқа шықты. /1/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері
Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет - Франция
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дірістер
Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер
Батыс Европа мемлекетi
Германия Федерациялық Республикасы туралы
Германияның 1949 жылғы Конституциясы
2-ші дүние жүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдай. Герман мәселесі
Ұлы Морав мемлекеті
Болгария мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz