АҚШ



Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мемлекеттің тарихы
2.Экономикалық.географиялық орны
3.Табиғат ресурстары мен байлықтары
4.Мемлекеттік құрлысы
5.Халқы:
а)Халқының динамикалық өсімі
б)Этникалық құрылымы
в)Тілі
г)Діні
д)Нәсілі
е)Таралуы мен қоныстануы
6.Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
7.Экологиясы
8.Туризмі
9.Халықаралық байланыстары
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (The United States of America, USA)-Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. АҚШ – көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар.
Америка Құрама Штаттары - федеративтік республика. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Аумағы 9363,2 мың км². Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ — 50 штаттан тұратын федерациялы республика. АҚШ-та 50 (елу) штат пен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералдық округі бар.
Халқы 302 млн. адам. Астанасы – Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б.
АҚШ-тың XX ғасырдың ортасына дейінгі шаруашылығының территориялық құрылымына территория, табиғат қорлары, көлік, еңбек қорлары, шоғырлану факторлары көп ықпал етті. ҒТР дәуірінде ғылымды көп қажет ету, экология, экономикалық-географиялық жағдай факторлары ерекше маңызға ие болды. Шетелдік Еуропадан өзгеше, АҚШ шаруашылығының қазіргі географиялық бейнесіне экономикалық өмірдің шеткі мұхит маңы және көл маңы аудандарына шоғырлануы тән. Мұндай шоғырланудың қала халқының шоғырлануымен тікелей байланысы бар. Елдегі бүкіл өнеркәсіп өнімінің 3/5-і үш мегалополистің территориясында өндіріледі («Босваш», «Чипитс», «Сан-сан»).
АҚШ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларында да, сондай-ақ өндірістік емес салада да өзінің артықшылығын сақтап отыр.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
Ауылшаруашылық өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің кез келген басқа елінен әлдеқайда озық тұрады. АҚШ бірінші болып агробизнеске көшті. Өнеркәсіптегіге қарағанда, аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы еңбек өнімділігі тіпті тезірек өсуде. Көп салалы ауыл шаруашылығы елдің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймастан, сонымен бірге экспорт үшін де айтарлықтай өнім береді.
АҚШ- әлемдік аренадағы рөлі жоғары. Қай жағынан алып қарасаң да АҚШ-пен теңесер, бәсекеде басып озар мемлекет жоқ.
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002 ж. Т. 1. 202 бет
2. В.П.Максаковский Географическая карта мира II книга, 2009 год, стр 329-399
3. Ю.Н.Гладкий. Экономическая и соцальная география зарубежных стран. Москва, 2009 год, стр 99-111 .
4. Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 54
5. Дәуірбаева Т. Европа мен Америка елдерінің тарихы, Түркістан, 2004 жыл , 154-160 бет
6. www.americaru.com
7. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл , 170 бет
8. С.И.Брук, Население мира , «Наука», Москва, 1986
9. Языков Е.Ф. История стран Европы и Америки — Москва, 1971год, стр 151
10. «Энциклопедия стран мира». Н.А.Симония. Москва, 2004 год, стр 514-540
11. prousa.ru

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Мемлекеттің тарихы
2.Экономикалық-географиялық орны
3.Табиғат ресурстары мен байлықтары
4.Мемлекеттік құрлысы
5.Халқы:
а)Халқының динамикалық өсімі
б)Этникалық құрылымы
в)Тілі
г)Діні
д)Нәсілі
е)Таралуы мен қоныстануы
6.Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
7.Экологиясы
8.Туризмі
9.Халықаралық байланыстары
ІІІ.Қорытынды

Кіріспе
Америка Құрама Штаттары, АҚШ (The United States of America, USA)-Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Роберт Фултон, Томас Эдисон, Марк Твен және т.б. бар.
Америка Құрама Штаттары - федеративтік республика. АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады. Аумағы 9363,2 мың км². Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ -- 50 штаттан тұратын федерациялы республика. АҚШ-та 50 (елу) штат пен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералдық округі бар.
Халқы 302 млн. адам. Астанасы - Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т.б.
АҚШ-тың XX ғасырдың ортасына дейінгі шаруашылығының территориялық құрылымына территория, табиғат қорлары, көлік, еңбек қорлары, шоғырлану факторлары көп ықпал етті. ҒТР дәуірінде ғылымды көп қажет ету, экология, экономикалық-географиялық жағдай факторлары ерекше маңызға ие болды. Шетелдік Еуропадан өзгеше, АҚШ шаруашылығының қазіргі географиялық бейнесіне экономикалық өмірдің шеткі мұхит маңы және көл маңы аудандарына шоғырлануы тән. Мұндай шоғырланудың қала халқының шоғырлануымен тікелей байланысы бар. Елдегі бүкіл өнеркәсіп өнімінің 35-і үш мегалополистің территориясында өндіріледі (Босваш, Чипитс, Сан-сан).
АҚШ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларында да, сондай-ақ өндірістік емес салада да өзінің артықшылығын сақтап отыр.
АҚШ өнеркәсібі - бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
Ауылшаруашылық өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің кез келген басқа елінен әлдеқайда озық тұрады. АҚШ бірінші болып агробизнеске көшті. Өнеркәсіптегіге қарағанда, аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы еңбек өнімділігі тіпті тезірек өсуде. Көп салалы ауыл шаруашылығы елдің қажетін қамтамасыз етіп қана қоймастан, сонымен бірге экспорт үшін де айтарлықтай өнім береді.
АҚШ- әлемдік аренадағы рөлі жоғары. Қай жағынан алып қарасаң да АҚШ-пен теңесер, бәсекеде басып озар мемлекет жоқ.

1.Мемлекеттің тарихы
Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор Колумб Американы ашқаннан кейін (1492 -- 1503 жылдары) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгелдей дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 - 1783 жылдары). 1776 жылы 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды.
18 ғасырдың аяғында 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет -- Америка Құрама Штаттарын құрды. Америка жалауының сол жақ жоғары бұрышындығы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді. 1
1783 жылы бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 жылы АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. Филадельфияның іргесі қаланған соң, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы жарияланды.
1776 жылы құрлық аралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Томас Джефферсон 1800, 1804 жылдары АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік аппаратты қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғасырдың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 жылы АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 жылы Флориданы, 1867 жылы Алясканы қосып алды. 1823 жылы Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 жылы елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді. 1790 жылы АҚШ-та 760 мың құл болса, 1860 жылы олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасап, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды.
1-дүниежүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Франклин Рузвельт әкімшілігінің реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. Жаңа бағыт деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялық үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында тату көршілік, Еуропада оқшаулану, Азияда ашық есіктер саясатын жүргізді.
2-дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитында, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 жылы 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ, КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды.
Осы қырғи-қабақ соғыс 80-жылдардың ортасына дейін созылды. Қырғи қабақ соғысы екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі Кеңестер Одағы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылық болып табылады. Қырғи қабақ соғыстың туындау себептері: 1) 1917 жылғы Ресейдегі Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм мен капитализм) бөлді. Сөйтіп Қырғи қабақ соғыстың басталу механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік соғыс кезеңіндегі державалардың ықпал ету аймақтары үшін күресі. Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен капитализм арасындағы қайшылықтың белең алуы. 3) Ядролық жаппай қырып жою қаруының пайда болуы - әлемдік саясатқа мүлде өзгеше сипат берді. 2
2.Экономикалық-географиялық орны
Аумағы 9363,2 мың км². АҚШ аумағы жағынан әлем елдерінің ішінде төртінші орын алады.
Географиялық орны өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады.
Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
Канада мен АҚШ шекарасы әлемдегі ең ірі шекаралардың бірі. Жалпы шекарасы 8891км, Алясканы қоса есептегенде (2475 км). Шекараның кейбір бөліктері су арқылы (Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиты және Ұлы көлдер) өтеді.
Мексика мен АҚШ шекарасы 3 мың км ұзындықты құрайды. Шекара дүниежүзіндегі ең шиеленіскен, террорлық, заңсыз әрекеттер көп болатын аймақ. Шекарадан заңды түрде жылына 350 млн адам және 5 млн автокөлікпен жүк машиналары өтеді. Шекара АҚШ- тың 4 штатынан, Мексиканың 6 штатынан өтеді. Шекараны қорғаумен USBP - дің 20 мың шекарашылары айналысады. Алайда олар шекараны толығымен қорғай алмайды. Жыл сайын шекарадан заңсыз жарты миллион адам өтеді.
АҚШ-ты ірі төрт негізгі бөлікке аудандастырамыз. Таяу уақытқа дейін АҚШ-ты үш негізгі экономикалық ауданға бөлу кеңінен қолданылды. Алайда 80-жылдары американ статистикасы тарихи-мәдени ерекшеліктері жөнінен де, қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінен де өзара айырмашылықтары бар төрт ірі ауданды бөліп көрсете бастады. Олар: Солтүстік-Шығыс, Орта Батыс, Оңтүстік және Батыс. 3

3.Табиғат ресурстары мен байлықтары
АҚШ-та өнеркәсіптің дамуы үшін табиғат қорлары өте қолайлы орналасқан. Мысалы, Батыстың экономикасы дамыған елдері арасында АҚШ көмір (3,6 трлн. т), мұнай (4,4 млрд. т), табиғи газ (10 трлн. м3), уран, темір (25 млрд. т) және молибден кені, фосфорит, күкірт, сондай-ақ су энергетикасының (700 млрд. кВт. сағ.) қоры жөнінен бірінші орын алады.
Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең таралған. Мәселен, көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам штатта барланған. Тектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясын ең үлкен -- шығыс (платформалық) және батыс (қатпарлы) бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөліктің басты байлығы -- отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы -- кенді қазбалар. Елде геологиялық іздестіру және барлау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Осындай жұмыстардың нәтижесінде мұнайдың бүкіл болашақтағы қорының жартысы континенттік қайраңдағы кен орындарында -- Мексика шығанағында, Калифорния мен Алясканың жағалауында болып отыр. АҚШ-тың жаңадан игерілген ауданы- Алясканың материктік бөлігінде елдегі аса ірі Прадхо-Бей мұнай кен орны ашылды.3
Осыған қарамастан, соңғы уақытта елде қорлармен қамтамасыз етудің көптеген проблемалары шиеленісіп, кейбір кен орындары сарқылуға айналды. Осының салдарынан 70-жылдары дүние жүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі өз тарихында тұңғыш рет олардың тапшылығына ұшырады.
АҚШ-тың өнеркәсіп картасынан көптеген штаттарда жетекші салалардың бәрінің дамығанын байқау қиын емес. Бірақ мұндай жалпы көріністен әдетте екі-үш басты штат ерекше бөлініп тұрады. Ол отын-энергетика өнеркәсібіне қатысты. Көмір 15-тен астам штатта өндіріледі, бірақ елдің басты "көмір штаттары" -- Кентукки, Батыс Виргиния, Пенсильвания, бұлардың шегінде елдегі ең ірі Аппалач көмір алабының бөлігі бар. Соңғы уақытта құрамында күкірт аз көмірі ашық әдіспен өндірілетін Батыстағы Вайоминг штатының маңызы өсіп келеді.
Электр энергиясы елдің барлық штаттарында өндіріледі, бірақ электр станцияларының ең ірі шоғыры Теннесси және Вашингтон штаттарында пайда болған. Мұның алғашқысында 30-жылдарда Теннесси өзенінде СЭС-тер тізбегі салына бастаған, кейін оны көптеген ЖЭС-тер мен АЭС-тер толықтырған. Вашингтон штатындағы Колумбия өзенінде қуаты 20 млн. кВт дүние жүзіндегі аса ірі СЭС тізбегі салынған. Мұнай өнеркәсібі де осындай жарқын мысалдарға толы. Елдің Солтүстігінде пайда болып, осы күнге дейін негізінен Иллинойс, Индиана, Огайо, Пенсильвания, Мэриленд секілді металлургия штаттарына шоғырланған қара металлургия жөнінде де осыны айтуға болады. Түсті металлургия саласында Таулы штаттар басты орын алады.
Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді. 4
4.Мемлекеттік құрлысы
Америка Құрама Штаттары - федеративтік республика. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ -- 50 штаттан тұратын федерациялы республика. Американдық мемлекеттік басқару жүйесінің басты ерекшелігі Конституция бойынша құрылған федералдық құрылыс болып табылады. АҚШ-та 50 (елу) штат пен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералдық округі бар. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Елдің құрамына соңғы болып Аляска (49-шы) мен Гавайи (50-ші) кірді. Екеуі де 1959 жылы қосылды.
Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар.
Жалпы, толығымен штаттың шекаралары ішіндегі мәселелерді тек штат үкіметтері қарайды. Оларға ішкі байланыстар, меншік, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелерді реттеу, штаттың қылмыстық кодексі және штаттағы еңбек жағдайлары кіреді. Штаттық пен федералдық юрисдикциялар көп салаларда бір-біріне сәйкес келіп жатады. Соңғы жылдары федералдық үкімет денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, көлік, тұрғын үй құрылысы мен қаланы дамыту сияқты мәселелер бойынша кеңірек ауқымды жауапкершілікті өз мойнына алды. Әртүрлі штаттардың конституцияларының егжей-тегжейлері басқаларына ұқсамайды, бірақ жалпы алғанда, федералдық Конституцияның, соның ішінде адамдардың құқықтары туралы мәлімдеме және үкіметті ұйымдастыру туралы жоспар үлгісі бойынша жасалады. Кәсіпорындарды, банктерді, коммуналдық кәсіпорындарды және қайырымдылық мекемелерін басқару сияқты мәселелер штат конституцияларында федералдық Конституцияға қарағанда егжей-тегжейлі етіп беріледі.
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті -- Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті -- Үкімет пен мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады.
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар.
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы -- 1824 жылы құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы -- 1854 жылы құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері. 5

5.Халқы:
а)Халқының динамикалық өсімі
2013 жылы 1 шілдеде АҚШ халқы 316 031 000 адамды құрады. Он жылда (2000 жылдан 2010 жылға дейін) АҚШ халқы 9,9 % өскен.
АҚШ халқының динамикалық өсімі (әр жылдар бойынша)
1790 -- 3 929 214
1800 -- 5 236 631
1810 -- 7 239 881
1820 -- 9 638 453
1830 -- 12 866 020
1840 -- 17 069 453
1850 -- 23 191 876
1860 -- 31 443 321
1870 -- 38 558 371
1880 -- 49 371 340
1890 -- 62 979 766
1900 -- 76 212 168
1910 -- 92 228 496
1920 -- 106 021 537
1930 -- 123 202 624
1940 -- 132 164 569
1950 -- 151 325 798
1960 -- 179 323 175
1970 -- 203 211 926
1980 -- 226 545 805
1990 -- 248 709 873
2000 -- 281 421 906
2010 -- 308 745 538
2012 -- 314 895 000 6
Халқының саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады. Тұрғындарының саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан кем түспейді. Ел тұрғындарының саны 2000 жылға қарай 270 млн адам болды, бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде оның халқы 3,5 есе өскен. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт келмеске кетті. 80 -- 90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн. адамға жетпей отыр. Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай бола береді де. Мысалы, XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді. Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам келеді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастыруда жаппай иммиграция шешуші рөл атқарды. 7
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды, бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында мексикандықтар басым. Күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос" (дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп атайды.
Иммигранттар саны ( 2006 жылғы бюро жазбаларынан)
Ақтар -- 169 197
Азиаттықтар -- 411 795
Орталық және Оңтүстік Америка тұрғындары -- 548 848
Солтүстік Америка -- 414 096
Оңтүстік Америка -- 138 001
Африкалықтар -- 117 430
Аралдықтар -- 7385
Белгісіздері -- 2734 6
б)Этникалық құрылымы
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚШ американдарына, немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген адамдарды қоса есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар -- аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.).
АҚШ американдары бүкіл халықтың 34-ін; ал аборигендер -- 1% - ды құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға болады. Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында ерекше үлкен топ құрайды, олар АҚШ халқының 12% - ын алады. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір негізінен алғанда қалаларда тұрады.
90 % жуық афроамерикандықтар мен 60 % үндістер қалалық елді мекендерде қоныстанған.
АҚШ-тың халық санағы бюросының бағалауы бойынша 2011 жылғы елдегі халықтың этникалық құрамының пайыздық көрсеткіші: ақтар -- 78,1 %, афроамерикандықтар -- 13,1 %, үндістер, алеут және эскимостар -- 1,2 %, азиаттықтар -- 5,0 %, гавайлықтар және басқа да мұхиттық арал тұрғындары -- 0,2 %, латынамерикандықтар -- 16,7 %. 6,7
в)Тілі
2005 жылы мемлекеттегі лингвистикалық сұрақтарға жауап беретін үкіметтік емес ұйым Көп тіл- жалғыз Америка атты докладты жария етіліп, елде күнделікті тұрмыс жағдайында ( үйде, жұмыста, көшеде) 322 тіл қолданылатыны анықталған. Ең көп тілді штат -- Калифорния (207 тіл). Бір тілді штат -- Вайоминг (56 тілде). Ал Нью-Йоркте 129 тілде, Лос-Анджелесте 137 тілде сөйлейді екен.
Ең кең таралған тіл -- ағылшын тілі. АҚШ - тағы 300 млн. халықтың 215,4 млн. адамы ағылшын тілін жақсы меңгерген. Алайда, АҚШ территориясында ағылшын тілінің ресми мемлекеттік статусы айқындалмаған. 28 штатта ғана заңды түрде мемлекеттік деп таңылған. 2002 жылғы деректерде елде испан тілінде 28 млн тұрғын, 37,4 млн латын америкалық, 700 мың орыс тілінде ( Нью-Йорк штатында 218 765 адам немесе 30,98 % орыс тілді)
АҚШ- та ең көп 10 таралған тіл:
Ағылшын тілі (215 423 557)
Испан тілі (28 101 052)
Қытай тілң (2 022 143)
Француз тілі (1 643 838)
Неміс тілі(1 382 613)
Тагаль тілі(1 224 241)
Вьетнам тілі(1 009 627)
Итальян тілі (1 008 370)
Корей тілі(894 063)
Орыс тілі(706 242) 6
г)Діні
Халықтың 66%-ы - протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық құрамымен тығыз байланысты.
Діни құрамы (2004 жыл бойынша)
Протестанттар -- 51,3 %,
Римдік католик -- 23,9 %,
Мормондар -- 1,7 %,
Басқа христиандықтар -- 1,6 %,
Иудеи -- 1,7 %,
Буддизм -- 0,7 %,
Ислам -- 0,6 %,
Анықталмаған -- 2,5 %,
Қосылмағаны -- 12,1 %
Атеисттер -- 4 % 6
д)Нәсілі
Америка ұлты - көпұлттан құралған, салыстырамалы түрде жас ұлт болып табылады. Ұзақ уақыт мәдени, экономикалық, әлеуметтік және шаруашылықта бір - бірімен байланысып, араласып кеткен, үш нәсілдің (моңғолоидтік, европоидтік, негроидтік) де белгілері бар ұлт қалыптасқан.
Қазіргі американ ұлты -- бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі бөліктерінен, әсіресе Еуропа мен Африкадан қоныс аударушылардың этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі. 7

е)Таралуы мен қоныстануы
Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1 км2-ге 27 адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар бар. АҚШ тұрғындарының 70%-ы дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-ын алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км2-ге 350 -- 400-ден 2 -- 3 адамға дейін келеді.
Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штаттарынан ("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-қонуы артты. Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының халқы тезірек өсуде.
АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді.
АҚШ -- нағыз қала агломерацияларының елі. 1950 жылы АҚШ-та 170, ал 80-жылдардың соңында -- 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6 "миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар. АҚШ халқының жартысы осыларда тұрады. Cонымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай "бір қабатты Америкада" бүкіл Америкадағы отбасының 23-сі тұрады, ал қалалардың орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен болды.
Қазір елде осындай үш мегалополис бар. Олар -- Солтүстік-Шығыс, Көл маңы және Калифорния мегалополисі. Олардың Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан біріншісін қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург аралығында орналасқан екіншісін -- "Чипитс", ал үшіншісін (Сан-Франциско -- Сан-Диего) -- "Сан-сан" деп атайды.
АҚШ-тың ауыл халқы негізінен бөлек орналасқан фермаларда тұрады. Бірақ тіршілік жағдайлары бойынша ауыл тұрғындарының қала тұрғындарынан айырмашылықтары шамалы. Демек, шын мәнінде бүкіл елде қалалық өмір салты шексіз үстемдік етеді. 6, 8
6. Шаруашылығы
АҚШ XIX ғасырдың аяғында Ұлыбританияны басып озып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Ол қазір де еңбек өнімділігінде, ғылымды көп қажет ететін өндірістің көпшілігінде біріншілікті бермей келеді. АҚШ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір дәстүрлі салаларында да, сондай-ақ өндірістік емес салада да өзінің артықшылығын сақтап отыр. Батыс дүниесінде шығарылатын әуеракеталық-ғарыштық техниканың 34-інен астамы, электронды есептеу (әсіресе өнеркәсіптік және әскери) техникасының 23-сі, өндірілетін көмір мен АЭС-тер қуатының жартысынан астамы, жиналатын астық түсімінің 13-іне жуығы АҚШ-тың үлесіне тиеді. 9
а) Өнеркәсібі
АҚШ өнеркәсібі - бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
АҚШ өнеркәсібі деңгейінің жоғарылығымен, өндірістік және территориялық шоғырлануымен көзге түседі. Ол жаппай сериялы, сондай-ақ ерекше күрделі, бірегей өнімдер шығаруға маманданады. "АҚШ-та жасалған" деген маркасы бар бұйымдар жақсы сапалы болып, дүниежүзілік рынокта бағаланады.
АҚШ өнеркәсібінде өндірістің жұртқа мәлім салаларының, сала тармақтары мен түрлерінің бәрі бар. Осыған қарамастан, олардың ішінде де ең алдымен елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы келбетін айқындайтын негізгілері болады. Бұл ертеден-ақ АҚШ үшін дәстүрлі автомобиль жасау саласы. Бұл сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған әуеракеталық-ғарыш өнеркәсібі мен электроника. Мұнай өнеркәсібінің өте зор маңызы бар. Автомобиль және әуе көлігінің дамуымен, стратегиялық қажеттілікті қамтамасыз етумен тығыз байланысқан бұл сала көп ретте елдің экономикалық өміріне ғана емес, сонымен бірге саяси өміріне де бағыт береді.
Өнеркәсіп -- АҚШ шаруашылығының жетекші саласы: елдегі өнеркәсіп өнімдерінің жалпы құны ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнынан 10 еседей артық. АҚШ өнеркәсіп өнімдерін шығару жөнінде дүние жүзінде бірінші орын алады. АҚШ өнеркәсібінің даму деңгейі өте жоғары. Елде металлургия, отын-энергетика, машина жасау өнеркәсібі, автомобиль жасау, электрондық және электр техникасын жасау өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп күшті дамыған .
АҚШ өнеркәсібінің өзекті салалары -- металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі. Қара металлургия кәсіпорындарының орналасуы ұзақ уақыт бойы шикізат көздеріне тәуелді болып келді. Аппалач алабының кокстелетін көмірі мен Ұлы көлдер маңындағы темір кен орындары негізінде Чикаго, Кливленд, Питтсбург сияқты осы саланың орталықтары қалыптасты. Соңғы жылдары шикізаттың көршілес елдерден әкелінуі қара металлургия кәсіпорындарының шығыстағы портты қалаларға (Балтимор, Филадельфия) ығысуына апарып соқты. Түсті металлургия кәсіпорындары, негізінен, кен орындарына жақын орналасады, дегенмен көп энергия жұмсалатын өндірістердің Колумбия және Теннеси өзендерінің энергетикалық кешендері негізінде дамуы да байқалады. 2
Егер Жаңа Англия ұзақ уақыт бойы АҚШ жеңіл өнеркәсібінің басты ауданы болса, Аппалач алабының негізінде өнеркәсіп белдеуі тіреулерінің бірі қалыптасқан Пенсильванияның батыс бөлігі өткен ғасырда-ақ "Америка Руры" деп аталған. Огайо өзеніне орналасқан бұл көмір-металлургия базасының басты орталығы -- Питтсбург АҚШ-тың "металлургия астанасы" атағына ие болған. Бірақ ұзақ уақыттан бері бұл ескі өнеркәсіпті аудан құлдырап, тоқырауға ұшырағандар категориясына жатады.
Елдің дүниежүзілік нарықтағы өзіндік сипаты мен орнын айқындайтын дәстүрлі өнеркәсіп саласының бірі -- автомобилъ жасау. АҚШ-тағы 20 штатында 125 қалада автомобиль құрастыру заводтары бар. Автомобиль бөлшектерінің 98%-ы елде шығарылады. Ең ірі автомобильдер шығаратын штат-Мичиган штаты. Әсіресе, Детройт қаласы ерекше көзге түседі, оны автомобильдер астанасы деп те атайды. Мұның өзіндік тарихы бар. 1896 жылы Детройт маңындары Дирборн қаласында Генри Форд өзі жасаған автомобильді көпшілік назарына ұсынды. Ол алғаш рет автомобильді конвейерлік әдіспен шығаруды игеріп Фордмоторс автомобиль компаниясын ұйымдастырды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорын дүние жүзіндегі ірі ұлтаралық концернге айналды: компанияның құрамына енетін кәсіпорындарды әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. АҚШ-тың автомобиль жасау саласында әйгілі Дженерал моторс, Крайслер корпорацияларының да өзіндік орны бар .
Көптеген штаттарда әуеракета-ғарыш және электрон өнеркәсібінің ірі орталықтары бар. Алайда Тынық мұхит жағалауындағы штаттар, ең алдымен АҚШ-тың "әуеракета-ғарыш астанасы" -- Лос-Анджелес орналасқан Калифорния штаты ерекше көзге түседі. Әлемдегі аса ірі әуе лайнерін жасаушы "Боинг" компаниясының басты иелігі -- Сиэтл де үлкен рөл атқарады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, АҚШ-та жаңа ғылымды көп кажет ететін өнеркәсіп салалары дами бастады. Қазіргі кезде АҚШ авиациялық техника жасаудан дүние жүзінде бірінші, ал телекоммуникациялық жабдықтар мен микросұлбалар жасаудан екінші, ал санды бағдарламалар негізінде басқарылатын станоктар жасаудан үшінші орынды алады. Әсіресе, ғарыштық техника жасау мен электроника жедел карқынмен өркендеді. 1971 жылы АҚШ-тағы Іntеl фирмасы дүние жүзінде тұңғыш рет микропроцессорларды қолдануды жүзеге асырды. Бұл жеке компьютерлік техниканың алғашқы үлгілері болатын. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық дерлік елдеріндегі компьютерлік жүйелерде Іntеl сериясындағы микропроцессорлар пайдаланылады.
Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника жасау және электроника саласының орталығына айналды. Ғарыштық техника жасауда Юнайтед технолоджис компаниясы көзге түседі. Елдің оңтүстігіндегі Даллас және Хьюстон қалаларында ірі әуе-ғарыш өндірісі шоғырланған. Елдің солтүстік-батысындағы Сиэтл қаласында 1916 жылы Боинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
Екіжақты және аймақтық деңгейдегі ынтымақтастыққа негізделген АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Жапонияның ролі
ХХ ғасырдың 40-90 жылдарындағы АҚШ-Қытай қарым – қатынастары
Қытайдың барлық мемлекеттермен серіктестігі
АҚШ-тың ОА аймағындағы сыртқы саясатын кешенді зерттеу
АҚШ және Халықаралық қауіпсіздік жүйесі
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
Қазақстан Республикасы мен ақш арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың бағыттары
Монро доктринасы
Пәндер