Канада



Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тарихы
2.Экономикалық. географиялық орналасуы
3 .Табиғат ресурстары мен байлықтары
4. Мемлекеттік құрлысы
5. Халқы:
5.1 Тілі
5.2 Діні
6. Шаруашылығы:
6.1 өнеркәсібі
6.2 ауыл шаруашылығы
6.3 көлік шаруашылығы
7. Экологиясы
8. Спорт
9. Туризм
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені. Ертеректе Канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде ”KANATA” деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы ”қоныс”,”мекен” деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Сол кезден бастап Канада жері бір атаумен аталды.
Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Канада халқы 2010 жылдың басынды 34 млн адамды құрады. 2006 жылмен салыстырғанда 5,4 % өскен.
Жерінің үлкендігіне қарамастан халқының ¾ бөлігі АҚШ пен шекаралас аймақтарда қоныстанған. Сонымен қатар Квебек провициясының жағалауларында және Британ Колумбиясында, Аллбертте. 2001 жылғы санақта 30 007 094 канадалық тіркелген.канаданың статистика мәліметтері агенттігінің мәлімдеуі бойынша 2009 жылдың наурыз айында 33,5 млн адамды құраған, оның 8 млн французтілді халықтар. Негізгі халықтың өсі деңгеиі имигрцияның әсерінен болып отыр. Канадада мемлекеттік тіл ретінде ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Мемлекеттік ұйымдар мен барлық мекемелерде екі тіл қатар жүреді. Азаматтардың қалаған тілде сөйлеуіне және қалаған тілде іс-қағаздарды толтыруына құқықтары бар. Статистикалық деректер бойынша канадалықтардың 59.7% халқының ана тілі – ағылшын тілі, 23.2% тиісінше француз тілі. 67,5% халық тек қана ағылшын тілінде сөйлей алады, 13,3% тек француз тілінде сөйлей алады, және 17,7% халық екі тілде қатар сөйлейді.
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2002 ж. Т. 4. 313 б
2. Қазақстан Республикасы. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, 2001 ж.113 б.
3. Кан А.С.История скандинавских стран, М., 1980; Финляндия, М., 1991; Страны и регионы мира. 33 бет
4. Әлисұлтан Қ. Қарым – қатынастардың жаңа мүмкіндіктері. // Егемен Қазақстан.- 2006. – 28 қараша. Б. 1 – 2.
5. Әлисұлтан Қ. Сыртқы саясат. // Егемен Қазақстан. – 2006. – 22 қараша. – 1 б.
6. Ю.Н.Гладкий. Экономическая и соцальная география зарубежных стран.Москва 2009 год. 39-41 беттер.
7. В.П.Максаковский Географическая карта мира. II книга. 2009 год. 67-107 беттер.
8. Физическая география материков и океанов. Москав 2009 жыл. 137-145 беттер.
9. В.П.Максаковский, Ә.Т.мылқайдаров.Дүние жүзінің, экономикалық әлеуметтік және саяси географиясы. Алматы 2013 жыл.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тарихы
2.Экономикалық- географиялық орналасуы
3 .Табиғат ресурстары мен байлықтары
4. Мемлекеттік құрлысы
5. Халқы:
5.1 Тілі
5.2 Діні
6. Шаруашылығы:
6.1 өнеркәсібі
6.2 ауыл шаруашылығы
6.3 көлік шаруашылығы
7. Экологиясы
8. Спорт
9. Туризм
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Канада - Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет Астанасы - Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені. Ертеректе Канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде "KANATA" деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы "қоныс","мекен" деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Сол кезден бастап Канада жері бір атаумен аталды.
Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км., сулы жері 891 163 шаршы км.. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Олжерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі - әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Канада халқы 2010 жылдың басынды 34 млн адамды құрады. 2006 жылмен салыстырғанда 5,4 % өскен.
Жерінің үлкендігіне қарамастан халқының (34) бөлігі АҚШ пен шекаралас аймақтарда қоныстанған. Сонымен қатар Квебек провициясының жағалауларында және Британ Колумбиясында, Аллбертте. 2001 жылғы санақта 30 007 094 канадалық тіркелген.канаданың статистика мәліметтері агенттігінің мәлімдеуі бойынша 2009 жылдың наурыз айында 33,5 млн адамды құраған, оның 8 млн французтілді халықтар. Негізгі халықтың өсі деңгеиі имигрцияның әсерінен болып отыр. Канадада мемлекеттік тіл ретінде ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Мемлекеттік ұйымдар мен барлық мекемелерде екі тіл қатар жүреді. Азаматтардың қалаған тілде сөйлеуіне және қалаған тілде іс-қағаздарды толтыруына құқықтары бар. Статистикалық деректер бойынша канадалықтардың 59.7% халқының ана тілі - ағылшын тілі, 23.2% тиісінше француз тілі. 67,5% халық тек қана ағылшын тілінде сөйлей алады, 13,3% тек француз тілінде сөйлей алады, және 17,7% халық екі тілде қатар сөйлейді.
Қазіргі таңдағы дамыған мемлекеттердің көбісі қызмет көрсету салаларына жақсы маманданған болып келеді. Канадада туристтер демалатын , тынығатын орындар көптеп кездеседі. Көбнесе Канадаға туристтер қыс мезгілінде келеді. Сондықтан мұнда қысқы туризм саласы жақсы дамығын.
Негізінен канадаға туристтер АҚШ тан келеді. 2007 жылы Канадаға мына шетелдерден туристтер келген АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Германия, Мексика, Австралия, Корея Республикасы, Үндістаннан келеді. Негізгі туристтер қабылдайтын қызықты жерлері. Ірі ірі қалалары, ұлы ,көлдер аймағы, және қысқы демалыс орындары.
Канадада көлік қатынасынң барлық түрі жақсы дамыған әсіресе теңіз мысалы Канада сыртқы сауданы көршілес мемлекеттер арқылы жасау үшін Теңіз көлігін көптеп пайдаланады. Бұл жағдайға қарамастан мемлекетте дүне жүзіндегі ең ірі транспорт жолдары орналасқан.Канаданың темір жол байланысының жолы 80 000 километр ұзындықты құрайды. Бұл дүние жүзінде ұзындығы жөнінен АҚШ, Ресей, Қытайдан кейінгі төртінші орындағы ел.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы. X ғасырда қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар -- исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеурініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы XV -- XVI ғасырларда басталды.
* Жерінің ауданы -- 9 млн 970 мың км[2]
* Халқы -- 32,2 млн адам (2004 ж.)
* Астанасы -- Оттава
* Мемлекеттік кұрылымы -- Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация
* Мемлекет басшысы -- Ұлыбритания корольы
* Үкімет басшысы -- премьер-министр
* Заң шығарушы орғаны -- екі палаталы парламент
* Мемлекеттік тілі -- ағылшын және француз тілдері
* Ұлттық валютасы -- канада доллары
* Әкімшілік-аумақтық бірлігі -- провинциялар және аумақтар

Тарихы

Ертеректе Канада жерінде өмір сүрген аборигендердің ирокездік әулие Лауренция тілінде "KANATA" деген сөз болады. Бұл сөздің мағынасы "қоныс","мекен" деген мағынаны білдіреді. Француз саяхатшысы Ж. Картье өзінің еңбегінде Каната деген атауды тек қана бір қалашықты атау үшін емес, сол аймақтағы адамдар мекендеген қоныстарды атау үшін қолданады. Сол кезден бастап Канада жері бір атаумен аталды. 1545 жылдан бастап еуропалық кітаптар мен карталарда Канаданы "Канада" деп атау бастау алады. XVII ғасырдың басында әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдердің солтүстік жағалауындағы жерлер "Canada" деп аталған. Британдық отаршылдар келіп, ол жерді Жоғарғы және Төменгі Канада етіп екіге бөліп алады. 1841 жылы екі Канада қайта қосылып, "Канада провинциясы" болып аталады. 1867 жылы Канада жерінде жаңа мемлекет құрылып, бүкіл елді КАНАДА деген ресми атаумен атау жайлы шешім қабылданады. Канада деген сөзбен бірге Доминион деген сөз де қосылып айтылды. 1950 жылға дейін "Канада Доминионы" қолданыста болды. Кейіннен Канада үкіметі Ұлы Британиядан өзінің саяси тәуелсіздігін алғаннан соң ғана Канада сөзі қазіргі Канада елінің ресми атауы болып қабылданды. Сол кезден бастап Канада атауы барлық құжаттар мен мемлекетаралық келісім-шарттарда ресми түрде қолданылуда.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы. X ғасырда қазіргі Канаданың аумағына енетін жерлерге алғаш аяқ басқан еуропалықтар -- исландиялық викингтер жергілікті үндістердің тегеурініне шыдамай кері оралуға мәжбүр болған. Еуропалықтардың қазіргі Канада жеріне қоныстануы XV -- XVI ғасырларда басталды. Ньюфаунленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысындағы жерлерге алғаш ағылшындар мен шотландықтар қоныстанған болатын. XVI ғасырдың 30 -- 40-жылдары Әулие Лаврентий өзені бойымен бірнеше рет жүзіп өткен француз теңізшісі Жак Картье бұл аумақты Францияның иелігі етіп жариялады. 1608 жылы Квебек, ал 1642 жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. Канадаға қоныс аударған еуропалықтар Гудзон шығанағы жағалауында терісі бағалы аң аулаумен айналысты. Бұл құнды тауарды Еуропа елдеріне сатудан байыған Гудзон шығанағы елтірі саудасы компаниясының иелігіне XVIII ғасырдың соңына қарай шығанақ маңындағы жерлер түгелімен берілді. Күштеп солтүстік-батысқа ығыстырылған үндістердің байырғы ата қонысында шотландық фермалар пайда болды .
XVIII ғасырда едәуір күшті Англия Канаданың басым бөлігін басып алды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті, Француз жері Квебек провинциясы деп атала бастады. Дегенмен бұл провинцияда тұратын француздар өз мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрыптарын сақтап қалды.
857 жылы Ұлыбритания королевасы Викторияның шешімімен Оттава қаласы британ провинциясының орталығы, ал 1867 жылы Канаданың астанасына айналды. Оттава қаласының атауы үндістер тілінде алмасу дегенді білдіреді, өйткені мұнда жергілікті халықтың сауда-саттық қатынастары жүзеге асатын орны болған. 1867 жылы 1 шілдеде Канада Британ империясы кұрамынан шықпай, өз үкіметін қалыптастыруға құқық алды. Сонымен іс жүзінде тәуелсіздік алған ел Канада доминионы деп аталды, ол құрылымы жағынан 4 провинцияны біріктірді. Канаданың қазіргі шеқарасы XIX ғасырдың 70-жылдары қалыптасты, ал Ньюфаундленд аралы ел кұрамына 1949 жылы енгізілді. Мемлекеттік құрылымы жөнінен Канада -- 10 провинция мен 2 аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Мемлекетті басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі, Канадада оның уәкілі ретінде генерал-губернатор қызмет етеді. Үкіметті премьер-министр басқарады.[1][2]

Географиялық орналасуы

Территориясының ауданы 9 984 670 шаршы км. Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 шаршы км, сулы жері 891 163 шаршы км. Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді. Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосақанда) әлемде екінші орынды иеленеді, ал Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады. Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Альясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Ол жерлерде үнемі мұз жатады немесе екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады. Канаданың тағы бер географиялық ерекшелігі - әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 км -ге тең жағалаулық шекарасы бар. Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.
Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қармен мұз жатады. Ол аймақта тундра бар. Ең суық аймақтар да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 to 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).
Орасан зор Канада жерінін табиғат жағдайлары да әркелкі. Климаты аса қатал болатын елдің солтүстік бөлігінде Канада Арктикалық топ аралы мен жағалық жазықтар орналасқан. Бұл аймақтың көпшілік бөлігінде тұрғын халық мүлде жоқ. Соңғы жылдары мұнда алтын, темір, уран және мұнай кен орындары табылған. Табиғат жағдайларының қаталдығына және тұрғын халықтың сирек орналасуына байланысты бұл кен орындары жаңадан игеріле бастады
Канаданың Британ Колумбиясы деп аталатын провинциясы орналасқан қиыр батысы таулы келеді. Тынық мұхит жағалауының ылғалды, жұмсақ климаты жағдайында қызыл самырсын, алып боз арша (туя), көгілдір шыршалар мен майқарағайлар өседі. Бұл осындағы орман шаруашылырына негіз болған. Канадалық Кордильера қойнауы пайдалы казбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Тынық мұхитына құятын қысқа, мол сулы өзендерде су энергиясының мол қоры бар. Су қорының молдығы суды көп қажет ететін алюминий өндірісін орналастыруға мүмкіндік береді.
Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік- шығыс бөлігінде табиғат жағдайлары салыстырмалы түрде қолайлы. Бұл өлкенің басты байлығы -- көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен Канада дүние жүзінде бірінші орын алады: мұнда АҚШ-пен шекарадағы Ұлы көлдермен қатар, ондаған ірі, мыңдаған ұсақ көлдер бар. Өзендер мен көлдерде кұндыз мекендейді, олардың көптігі сонша, кезінде алғашқы қоныстанушылар Квебек провинциясын құндыздар корольдігі деп атаған. Құндыз Канаданың Ұлттық символдарының бірі болып табылады. Канада аумағының 35%-ын алып жатқан ормандарда бағалы ағаш түрлері өседі. Сондықтан жергілікті халық ағаш дайындаумен және оны өңдеумен айналысады. Оңтүстіктегі Онтарио және Квебек провинцияларында үйеңкінің бірнеше түрі, соның ішінде қант үйеңкісі өседі. Үйеңкі ағашын жергілікті халық ете жоғары бағалайды; үндістер мен алғашқы қоныс аударушылар бұл ағаштың сүрегінен үй салып, қант үйеңкісінен қоймалжың тәтті шырың алған. Күзде үйеңкі жапырағы қызыл түске еніп, жан-жағына ерекше көрік береді. Сондықтан 1956 жылы ресми түрде қабылданған Канада мемлекетінің Ұлттық байрағында үйеңкі жапырағы қызыл түспен бейнеленген.
Ньюфаундленд аралы маңында Атлант мүхитындағы аса ірі жылы ағыс -- Гольфстрим мен суық -- Лабрадор ағыстары қосылады, бұл аудан балық қорына өте бай, елдің маңызды балық аулау және өңдеу кәсіпшіліктері осында орналасқан.
Елдің Ұлы көлдерден Сеңгір тауларға дейін созылған оңтүстік-батыс бөлігін -- прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Ал шөбі шүйгін жайылымдар мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. XX ғасырдың 20-жылдары Альберт провинциясында мұнайдың мол қоры табылды. Қазіргі кезде бұл ауданнан никель, мыс, калий тұздары да өндіріледі. Далалық аумақтарындағы өзендердің түсі борпылдақ жыныстарға байланысты болады. Мысалы, Виннипег өзенінің атауы үндіс тілінен аударғанда лай су делінсе, Ред-Ривер өзенінің аты ағылшынша қызыл өзен дегенді білдіреді . Мол су коры өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетудің басты алғышарттарының бірі болып отыр. Сонымен Канаданың бай табиғи қорлары шаруашылықтың сан алуан салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Канадада табиғатты қорғауға көп көңіл бөлінеді. Елде 31 ұлттық саябақ жұмыс істейді. Климатына келер болсақ Канадада Қыстың орташа температурасы мен жаз мезгілінің температурасы әр жерде әр түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалыға алар болсақ қыс мезгілінде мемлекеттің бір жерлерінде -15˚С болса солтүстік аймақтарында −45˚С дейін барады. Канададағы ең минималды температура Юкон түбегінде −63˚С. Жылдық қар басудың мөлшері бірнеше жүздеген сантиметрге дейін баруы мүмкін. Мысалы Квебек провинциясының қар мөлшері 337 см- ді құраған. Британ Колумбиясының жағалауы әсіресе соның ішіндегі Ванкувер арлында қысы жаңбырлы және жұмсақ қысымен ерекшеленеді. Жаз мезгілінің температурасы да әр жерде әр түрлі, тіпті солтүстік аймақтарда тіпті тнмпература нөлден төменді көрсетеді. Ал кей жерлерде мысалы оңтүстік аймақтарда 35˚С, 40˚С жоғары болуы мүмкін. [1][2]

Табиғат ресурстары мен байлықтары

Канада негізінен орман қорына ең бай ел және жануарлары мен өзендерінің молдығамен және энергия қорының көптігімен ерекшеленеді. Кандана жерінің минералды ресурстарының 60% -ы никельмен мыс, 40% уран, 30% темір рудалары титан тағы басқа метал түрлері кездеседі.Канада дүние жүзінде никель, асбест, мыс, күміс , калий тұзы уран, моливден, кобальт, вольфрам өндіруден дүние жүзінде алдыңғы қатарларды қамтиды. Канада дүне жүзінде орман өнімдерін, қағаз жасауда алдыңғы қатарда

Ашық сауда АҚШ -Канада келісімі (FTA) және сауда байланысындағы Солтүстік Америка келісімі 1994 (НАФТА) экономикалық интеграцияның және сауданың жақсы дамуына алып келді. Канкада АҚШ тың ірі энергия, мұнай, газ, уран және электр энергиясын тасмалдау орталығы.канадада ең алғаш экономиканың ең жоғарғы деңгейі 1993-2007 жылдар аралығы болды. Дүние жүзілік экономикалық дағдарыс кесірінен 2008 жылдың аяғына таман экономикалық жағдайы күрт төмендеді, ақша дағдарысы 2009 жыла келді. [1][2]
Канада мемлекеті ЖІӨ жөнінен дүние жүзінде 14 орынды алады. Канада мемлекеті АҚШ көптеген достық қарым-қатынаста бірлесіп жұмыс жасауда. Мысалыға айтар болсақ сауда саттық, автокөлік келісімдері (1965 -- 2001), ашық саудадағы Канада АҚШ байланысы 1989 (FTA),

Канаданың негізгі басты банктері 2008-2009 жылдар арлығында қатты дағдарысқа ұшырады. 2010 жылда Канада экономикасы 3% ғана өсті, Канада тауарларына дүние жүзілік сұраныстың азаюы және канада долларының жоғарылауы себеп болды. 2010 жылы орташа ЖІӨ мөлшері 1 335 млрд. Долл. Халықсанына шаққанда әр адам басына 39,0 мың. Долл құрады. Мемлекетте инфляция 2010 жылы 1,8 % ал жұмыссыздар саны 8% құрады.
1993 жылы Канаданың қаржы министірі Пол Мартин болды. Соңғы он жылдықта мемлекет экономикасы сауда салықтарының біртіндеп төмендеуі және ФАТ және НАФТА ның арқасында едәуір жақсарды. Қазіргі таңда мұнай Канаданың ең басты маңызды табиғат ресурсы болып табылады. Канада негізгі ірі алюмини, мыс, темір, никель, күміс, алтын , уран және цинк өндіруден басты орталықтардың бірі. Онтарио алюмини, мыс, никель, күміс, титан және цинктің ең көп қоры шоғырланған жер. Ал Квебекте болса темір және асбесттің ірі қорлары барланған. Канададағы ең ірі темір өндіретін орталық - Ньюфаундленд және Лабрадор. Британдық Колумбия мыс өндіруден ал Нью-Брансуик цинк өндіруден ірі орталық. Уран қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі . Маңызды екі минералды байлықты айтар болсақ олар мұнай және газ, оның ірі орталықтары Алберт провинциясы. Сонымен қатар альберт бетон және бетонға пайдаланатын құм қоры жөнінен алдыңғы орында. Канада оңай дүние жүзілік басты мұнай тасмалдаушы мемлекет бола алады. [1]

Әкімшілік бөлінісі
Қазіргі таңда Канада мемлекеті 10 провинцияға және 3 шекараға бөлінеді. Канаданың ең жаңа әкімшілік бірлігі Нунавут (1999 жылы пайда болды). Канада-конституциялық монархия мемлекеті, (королевалық) парламенттік жүйемен , екі тілді және көп мәдениетті ел ретінде қарастырады. Қазіргі таңда Канада Федеративті мемлекет, 10 провинциядани 3 территориядан тұрады. Провинциялардың ең ұлкені Француз тілді - Квебек провинциясы, қалғандары ағылшын тілді провинциялар. Халық ең тығыз орналасқан провинциялары Квебек , Британдық Колумбия, Онтарио, Ньюфауненд провинцияларында, жәнеде бұл провинцияларда өнеркісіп орындары , ірі қалалар, шаруашылық жақсы дамыған. Првинциялар бір-бірінен территориялар, шаруашылыққа мамандануы бойынша ерекшеленеді. 1608 жылы Квебек, ал 1642 жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. [1][2]

Канаданың әкімшілік бөлінісі

Провинциялара
1. Британдық Колумбия
2. Альберт
3. Саскачеван
4. Манитоба
5. Онтарио
6. Квебек
7. Нью-Брансуик
8. Прин Эдуард аралы
9. Жаңа Шотландия
10. Ньюфаундленд
Территориялары

1. Юкон
2. Солтүстік - Батыс шекара
3. Нунавут

Халқы

Канада халқы 2010 жылдың басынды 34 млн адамды құрады. 2006 жылмен салыстырғанда 5,4 % өскен.
Жерінің үлкендігіне қарамастан халқының (34) бөлігі АҚШ пен шекаралас аймақтарда қоныстанған. Сонымен қатар Квебек провициясының жағалауларында және Британ Колумбиясында, Аллбертте. 2001 жылғы санақта 30 007 094 канадалық тіркелген. Канаданың статистика мәліметтері агенттігінің мәлімдеуі бойынша 2009 жылдың наурыз айында 33,5 млн адамды құраған, оның 8 млн французтілді халықтар. Негізгі халықтың өсіу деңгеиі имигрцияның әсерінен болып отыр. Канада -- этникалық құрамы жағынан өте әр түрлі мемлекет. 2006 жылғы санақ бойынша Канадада 43 этностар өмір сүреді екен, ең аз халықтылыр 100 000 адамды құраған. Ең үлкен этностар өздерін Канадалықтармыз деп есептейді (30,9 %), әсіресе калониялану кезінде келген этнос құрамы. Сонымен қатар 20,1% ағылшындар, 15,1% француздар, 14,5 % шотландықтар, 13,3 % ирландықтар, 9,7 % немістер, 4,4 %италияндықтар, 4,1% қытайлықтар,3,8 индиялықтар, 3,7 %украйдықтар, 3,2% голландықтар,3,2 %поляктар,1,5 % орыстар құрады. [1],[2].
2006 жылы жүргізілген санақтың нәтижесі бойынша Канаданың халқының саны 31 612 897 адамды құраған. Негізінен, халықтың басым бөлігі иммигранттардың есебінен артып отырған. Канадалық халықтың этникалық құрамы жағынан ағылшындар алғашқы орында (21%), одан кейінгі орындарда француздар (15,8), шотландықтар (15,2%), ирландиялықтар (13,9%), немістер (10,2%), итальяндар (5%), қытайлар (3,9%) және украиндар (3,6%). Бұлардан бөлек Канадалық Аборигендер де бар. Олардың үлес салмағы 3,6% болады. Қазіргі кездегі деректер бойынша Канада халқының саны 34 миллионға жеткен. Канаданың жері ұлан-байтақ болғанымен, халықтың орналасу тығыздығы бойынша ең төменгі көрсеткішке ие елдердің қатарына кіреді. Халықтың орналасу тығыздығының орташа көрсеткіші: бір шаршы км.-ге 3,3 адамнан ғана келеді. Халық көп орналасқан аймақ ретінде Оңтүстік Квебек Сити қаласында және Виндсор қаласында көптеп шоғырланған. Оның себептерінің бірі ретінде бұл аймақтағы түрліше индустрия салаларының дамуын айтуға болады. Осынау аймақ Квебек Сити - Виндсор дәлізі деп аталады. Ол Әулие Лавренция өзенінің бойы мен Ұлы Көлдерді жағалай орналасқан аймақ. Әрбір бесінші канадалық азаматтың туылған жері Канададан тыс аймақтар екен. Елге келуші шет елдік қоныстанушылардың арасында азиялықтардың саны басым. Канадалықтардың басым бөлігі Христиан дінінің өкілдері. Сонымен бірге ешқандай діни топқа жатпайтын адамдардың да саны аз емс екен. Ал мұсылмандардың үлесі елдегі халықтың небары екі пайызын құрайды. [1][2]
Ағылшын тілін туған тілі ретінде халықтың 57,8 % , француз тілін -- 22,1 % халық сөйлейді. Канадада басқа тілде сөйлейтін 5 200 000 халық тіркелсе соның ішінде қытай тілінде 853 745 адам, сосын италиян тілінде 469 485 адам, неміс тілінде 438 080 , және пенджап тілінде 271 220 адам сөйлейді.
Канадада мемлекеттік тіл ретінде ағылшын тілі мен француз тілі саналады. Мемлекеттік ұйымдар мен барлық мекемелерде екі тіл қатар жүреді. Азаматтардың қалаған тілде сөйлеуіне және қалаған тілде іс-қағаздарды толтыруына құқықтары бар. Статистикалық деректер бойынша канадалықтардың 59.7% халқының ана тілі - ағылшын тілі, 23.2% тиісінше француз тілі. 67,5% халық тек қана ағылшын тілінде сөйлей алады, 13,3% тек француз тілінде сөйлей алады, және 17,7% халық екі тілде қатар сөйлейді. Квебек провинциясындағы ресми тіл ретінде француз тілі саналады. Өйткені Канададағы француз тілді азаматтардың 85% Квебекте тұрады. Одан кейінгі француз тілділердің басым бөлігі Онтариода тұрады. Квебектен басқа провинцияларда ресми тіл ретінде бекітілген арнайы тіл жоқ. Екі тіл қатар қолданылады. [1][4]
Канадада 6-7 жастан бастап 15-16 жасқа дейін мектептерде білім алу міндеті бар. Ол үшін мемлекеттік қаржыға осы процесті іске асыру мақтасында қыруар қаржы бөлінеді. Квебек провинциясында кейбір колледждер де мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болғандықтан, оқу ақысы айтарлықтай қымбат емес. Канадада білімберудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі жоқ. Әр провинция өзінің жеке білім беру жүйесін құрады. Мұнысына қарамастан, барлығы орталық үкімет тарапынан қаржыландырылады. Жыл сайынғы мемлкеттің жұмсайтын қаржыларының 20% білім беру саласына тиесілі. Жоғарғы оқу орындарындаға студенттердің оқу ақысын өтеуі үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Канаданың экономикалық-әлеуметтік географиясына жалпы сипаттама
Канаданың экономикалық-географиялық жағдайы
КАНАДА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ
Канада халқы
Қазақстан мен Канаданың байланыстары
Қазақстанның Канадамен байланысы
Канаданың астанасы
Канада (Canada) -Солтүстік Америкадағы мемлекет
АҚШ және Канада елдерінің әкімшілік территориялық бөлінісінің ерекшелігі
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Пәндер