Мексика. Мемлекеттің тарихы



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің тарихы
2. Экономикалық.географиялық орны
3. Табиғат ресурстары мен байлықтары
4. Мемлекеттік құрлысы
5. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
б) Этникалық құрылымы
в) Тілі
г) Діні
д) Нәсілі
е) Таралуы мен қоныстануы
6. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
7. Экологиясы
8. Туризмі
9. Халықаралық байланыстары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мексика Құрама Штаты — Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі – Мехико қаласы орналасқан. Мексика ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.
Мексикалықтардың 22 %-ы ауыл шаруашылығымен айналысты, 19 %-ы өнеркәсіпте , 13 %-ы саудада ,7 %-ы құрылыста, ал қалғаны қызмет көрсету саласында жұмыс жасауда. Негізгі кәсіптері — жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал шаруашылығы (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді.
Мексика экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері. Сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері — Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.
1. История Мексики. Москва, 1974 г. (77-78 беттер).
2. Гладкий Ю.Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран –Москва, 2009 год 2-е издание (227-229-беттер, 230-бет).
3. В.П.Максаковский «Географическая картина мира» 1 том ( 91-95 беттер).
4. Г.Н.Нүсіпова «Халықтар географиясы» Алматы, 2011жыл.
5. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы, 2007 жыл. (17-19 беттер).
6. Энергетика: Энергия для устойчивого будущего — SWEDEN - журнал. (3-4 беттер, 9-бет).
7. А.А. Колесов. Экологическое состояние Северной Америки. Санкт-Петербург, 2007 год. (369-371-беттер).
8. Traveling. (Туристтік журнал).
9. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. В.П. Максаковский, Ә.Т. Мылқайдаров. Қазақ Университеті баспасы, 2013 жыл. (Қосымша кестелер).

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің тарихы
2. Экономикалық-географиялық орны
3. Табиғат ресурстары мен байлықтары
4. Мемлекеттік құрлысы
5. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
б) Этникалық құрылымы
в) Тілі
г) Діні
д) Нәсілі
е) Таралуы мен қоныстануы
6. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б) ауыл шаруашылығы
в) көлік қатынасы
7. Экологиясы
8. Туризмі
9. Халықаралық байланыстары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мексика Құрама Штаты -- Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км². Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Мексикада дүниежүзінің ең ірі агломерациясының бірі - Мехико қаласы орналасқан. Мексика ұлы тарихымен ерекшелентін мемлекет.
Мексикалықтардың 22 %-ы ауыл шаруашылығымен айналысты, 19 %-ы өнеркәсіпте , 13 %-ы саудада ,7 %-ы құрылыста, ал қалғаны қызмет көрсету саласында жұмыс жасауда. Негізгі кәсіптері -- жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал шаруашылығы (сиыр, қой, шошқа). Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді.
Мексика экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері. Сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері -- Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

І. Мемлекеттің тарихы
Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды. Б.з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті). 15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады. 1519 жылы Э.Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды. 1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 -- 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М.Идальго мен оның ізбасары Х.М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді. Соңында А.Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А. Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды. 1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910-1917 жылдары төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды. 1

ІІ. Экономикалық-географиялық орны
Мексика Құрама Штаты Солтүстік Америка материгінде орналасқан мемлекет. Астанасы Мехико қаласы ХV ғасырда Теночтитлан деген атпен қаланған. Мексиканың жалпы жер көлемі 1 972 550 км², 6 мың. км² аралдары Тынық мұхитында (HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 3%D1%83%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1% 83%D0%BF%D0%B5_(%D0%BE%D1%81%D1%82% D1%80%D0%BE%D0%B2)"Гуадалупе аралы және Ревилья-Хихедо архепелагы), Мексика шығанағы, Кариб теңізі, Колифорния шығанағы. Жер көлемі жөнінен Мексика дүниежүзінде 13 орынды алады. Солтүстігінде - АҚШ-пен (3141 км) шектеседі, Сьюдад-Хуарес қаласының шығыс бөлігінен Мексика шығанағына дейін шекара Рио-Гранде өзені арқылы өтеді. Оңтүстік-шығысында - Гватемала (871км) және Белизбен (251 км), батысында - Тынық мұқитымен, шығысында - Кариб теңізімен шектеседі. Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде -- Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Юкатан түбегі мемлекет территориясының 12 %-ын алып жатыр. Мексиканың ең биік жері -- Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр). Геологиялық тұрғыдан алып қарағанда Транс-Мексикалық жаңартаулық белдеу елдің солтүстік аумағын ғана бөліп жатыр. Бірақ геосаяси жағынан Мексика Солтүстік Америкадағы мемлекет болып саналады.
Мексика таулы қыраты Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Мексика жерінің көпшілік бөлігін алып жатқан таулы өңір. Солтүстігінде біртіндеп Колорадо үстірті мен өлі жазыққа ұласады. Ауданы 1,2 миллион шаршы шақырым. Көпшілік бөлігінің биіктігі 1000 -- 2000 метр. Мексика таулы қыратының шығысында Шығыс Сьерра-Мадре (4054 метр), батысында Батыс Сьерра-Мадре (3150 метр), оңтүстігінде көлденең Жанартаулық Сьерра жоталарымен қоршалған. Сөнбеген жанартаулар -- Орисаба (5700 метр -- Мексика тауының және Мексиканың ең биік жері), Колима, Попокатепетль. Мексика таулы қыраты негізінен әктас, құмтас, мергель және лавалық тұнбалардан құралған. Күміс, қорғасын, сүрме, мырыш, сынап, темір және марганец кентастары, алтын, мыс, тағы басқа пайдалы қазбалар өндіріледі. Климаты негізінен тропиктік, континентті. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 1400 метр биіктікке дейін 9 -- 14 С, негізінен қыста солтүстігінен солтүстік суық ағыстың өтуіне байланысты мұнда температура - 20 С-қа төмендейді, ал шілдеде 15 -- 20 С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 200 -- 400 миллиметр, сыртқы таулы аудандарында 2000 -- 3000 миллиметр. Құрғақ климатты солтүстік бөлігінде өзен торы жоқтың қасы (тек Рио-Гранденің оң саласы Кончос өтеді). Оңтүстігінде өзендер біршама жиі, суы мол (Лерма, Бальсас); мұнда тектоникалық көлдер (Чапала, Куицео, тағы басқа) кездеседі. Өсімдік дүниесі негізінен суккулентті; кактустың 500, агаваның 140 түрі өседі. Тауларда қарағайлы ормандар мен субальпілік шалғындар бар. Жануарлардан бұғы, кемірушілерден тиін, егеуқұйрық, жыртқыштардан сілеусін, пума, қасқыр, түлкі; құстардың, қосмекенділердің және бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері мекендейді.
Мексика шығанағы Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс (Атлант мұхиты) жағалауындағы Флорида және Юкатан түбектері мен Куба аралының аралығындағы шағын теңіз. Ауданы 1555 мың километр квадрат, суының көлемі 2332 мың километр куб. Миссисипи, Рио-Гранде тағы басқа өзендері құяды. Шығыста Флорида бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, оңтүстігінде Юкатан бұғазы арқылы Кариб теңізімен жалғасады. Тереңдігі 3822 метр. Солтүстік-батыс бөлігінде мұнайы мол кен орындары кездеседі. Климаты оңтүстігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік. Су айдынынан булану мөлшері (1000 -- 1750 миллиметр), бұл жауын-шашын мөлшерінен артық (1000 -- 1200 миллиметр). Жаз бен күзде дауыл жиі соғады. Су бетінің орташа температурасы жазда 29°С, тайыз бөлігінде 30 -- 31°С; қыста 18 -- 20°С. Беткі қабатының тұздығы 36,0 -- 36,9%.. 2000 метр тереңдіктен астам жерлерінде суының температурасы (4,3°С) мен тұздығы (34,98%.) тұрақты. Кариб теңізіне қарай ағатын Юкатан ағысының жылдамдығы 50 -- 200 сантиметр секундына. Мексика шығанағынан ағып шығып Гольфстрим ағысының бастамасы болатын Флорида ағысының жылдамдығы 300 сантиметр секундқа жетеді. Тәулігіне бір, кейде екі рет толысып отырады. Планктон Балық және теңіз жәндіктері, шаян, тасбақа ауланады. Негізгі порттары: Жаңа Орлеан (Америка Құрама Штаттары), Хьюстон (Америка Құрама Штаттары), Веракрус (Мексика), Гавана (Куба).
Негізгі ірі өзені -- Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі -- Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче. 2

ІІІ. Табиғат ресурстары мен байлықтары
Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі.
Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кені көп. Мексикадағы жалпы мыс рудасының резервтері 1,7 млн тоннаны қамтиды. Мыс рудасының орналасқан жерлері Артвинда, Гиресун-Эспиеде, Ризе-Чайелиде, Элазыг-Эрганида, Кастамону-Кюреде және Сииртеде. Елдің үлесіне дүниежүзілік гидроргирумның 25 %-ы тиесілі. Сонымен бірге ел вольфрамның қорына өте бай және жүзге жуық мыстың кен орындары белгілі. Мексика хром рудасын, хромитті және оның концентраттарын ең негізгі өндіруші және экпортқа шығарушы. Мексикадағы хромиттің бағаланған қоры 26 млн тонна және осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде 4-орында. 3

IV. Мемлекеттік құрылысы
Мексика федеральды республика. 31 әкімшілік ауданға бөлінеді және бір федеративті округтен тұрады. Олар:
1 Төменгі Калифорния Оңтүстік
2 Төменгі Колифорния Солтүстік
3 Сонора
4 Чиуауа
5 Синалоа
6 Дуранго
7 Коаули
8 Нуево-Леон
9 Сакатекас
10 Наярит
11 Тамаулипас
12 Сан-Луис-Патоси
13 Агуаскальентас
14 Халиско
15 Гканохуато
16 Мичоакан
17 Керетаро
18 Идальго
19 Пуэбла
20 Мехико
21 Федеральды округ
22 Морелос
23 Тласкала
24 Колима
25 Герреро
26 Оакаха
27 Веракрус
28 Чьяпас
29 Табаско
30 Кампече
31 Кинтана-Роо
32 Юкатан
Мексика Президенті
2006 жылы 10 HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki10_%D 0%B8%D1%8E%D0%BB%D1%8F"шілдеде Мексикада кезекті президент сайлауы болды. Бұл сайлауда Фелип Кальдерон жеңіске жетті, ол 14 981 268 дауыс жинады (35,88 %). Оның басты қарсыласы Революциялық Демократиялық партиясының мүшесі АндресHYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 B%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%81_%D0%9E%D0 %B1%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%BE%D1%80,_ %D0%90%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D1%8 1_%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D1%83%D1%8D%D0 %BB%D1%8C" HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 B%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%81_%D0%9E%D0 %B1%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%BE%D1%80,_ %D0%90%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D1%8 1_%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D1%83%D1%8D%D0 %BB%D1%8C"МануэляHYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 B%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%81_%D0%9E%D0 %B1%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%BE%D1%80,_ %D0%90%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D1%8 1_%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D1%83%D1%8D%D0 %BB%D1%8C" ЛопесHYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 B%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D1%81_%D0%9E%D0 %B1%D1%80%D0%B0%D0%B4%D0%BE%D1%80,_ %D0%90%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%B5%D1%8 1_%D0%9C%D0%B0%D0%BD%D1%83%D1%8D%D0 %BB%D1%8C" 14 745 262 дауыс жинады (35,31 %). 2006 жылы қыкүйек айында ФелипHYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%A 4%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%BF%D0%B5_%D0 %9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%B4%D0%B5%D 1%80%D0%BE%D0%BD" Кальдеронды президент деп таныды. Жаңа президент өз орнына 2006 жылы 1 қаңтар айында алты жылға отырды. 2012HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki2012_ %D0%B3%D0%BE%D0%B4" жылы HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki2012_ %D0%B3%D0%BE%D0%B4"1HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki2012_ %D0%B3%D0%BE%D0%B4"шілде күні, кезекті президент сайлауы болдыHYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki2012_ %D0%B3%D0%BE%D0%B4" HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki2012_ %D0%B3%D0%BE%D0%B4", ол сайлауда ЭнрикHYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 F%D0%B5%D0%BD%D1%8C%D1%8F,_%D0%AD%D 0%BD%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B5" Пенья HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 F%D0%B5%D0%BD%D1%8C%D1%8F,_%D0%AD%D 0%BD%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B5"Ньето жеңіске жетті.

Парламенті
Екі палаталы конгрес -- Сенат (128 орын, алты жылға) және Депутаттар палатасы (500 орын, үш жыл мерзімге сайланады). 2009 жылғы сайлау нәтижесі бойынша депутаттар палатасына жеті партия сайланды:
1. Индустриалды-революциялық HYPERLINK "http:ru.wikipedia.orgwiki%D0%9 8%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1% 83%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0 %B0%D1%8F_%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BE% D0%BB%D1%8E%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD %D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%BF%D0%B0%D1% 80%D1%82%D0%B8%D1%8F" партия (PRI) -- 241 депутат (35 сенатор)
2. Ұлттық Басқару партиясы - 147 (52)
3. Демократиялық Революциялық партия (PRD) -- 72 (31)
4. Жасыл Экология партиясы (PVEM) -- 17 (4)
5. Еңбек партиясы (PT) -- 9 (3)
6. Жаңа Алянс партиясы (PNA) -- 8 (1)
7. Конвергенция -- 6 (2) 4

V. Халқы
Мехикано -- Мексиканың негізгі халқы. Мексика халқының саны -- 112,5 млн адам (2010 жылғы мәлімет бойынша, дүние жүзінде 11орында). Мексикалықтар дүниежүзінде көп тараған ірі ұлттар қатарына кіреді. ХХІ ғасырдың басында олардың саны 105 млн адам болған.
1994 жылы Мексика Бай мемлекеттер клубына мүше болды.(OECD). Дүниежүзінде 4 орында тұрды АҚШ, Германия, Жапония елдерінен кейін. Бірақ халықтың 60%-ы кедейлікте өмір сүруде. 2012 жылғы мәлімет бойынша жұмыссыздар саны жалпы халықтың 3,88%-ын құрайды.
а) Халқының динамикалық өсімі
Мексика халқы жоғары қарқынмен өсіп келе жатыр. 2005 жылы әрбір әйел басына 2,5 нәресте дүниеге әкелу тиді, бұл көрсеткіш халықтың жылдам өсуіне септігін тигізді. 100 млн мексикандықтардың 50%-ға жуығы 20 жастан аспаған. Халықтың жылдық өсімі жылына 1,6 %-ды құрайды.
Орташа өмір сүру жасы -- 73 жас еркектер, 78 жас әйелдер.
Некеге отыру орта жасы: ерлер үшін-24,1, әйелдерге-21,6
Жастық құрамы -- 0-14 жас: 28,7 %, 15-64 жас: 64,9 %, 65жас және қарттар: 6,4 % (2010 жылғы мәлімет).
б) Этникалық құрылымы
Халқының көпшілігі испандықтар (метистер) (60%), үндістер(30%), еуропалықтар -- 9 %, қалғаны -- 1 %.
в) Тілі
Мексика халқы негізінде испан тілінде сөйлейді. Тілі -- 92,7 % халқы испан тілінде сөйлейді, 5,7 % -- испанша және үндісше бір тілде, 0,8 % халық жергілікті үндіс тілінде сөйлейді. Сауаттылығы -- 92 % ерлер, 89 % әйелдер, Жалпы сауаттылығы 91 % (2004 жылғы мәлімет бойынша).
г) Діні
Діні -- католиктер 76,5 %, протестанттар 4,9 %, атеистер 3,1 %, Иегова 1,1 % сиынбайтындар 13,8 %, басқа діндегілер0,3 % .
д) Нәсілі
Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан.
е) Таралуы мен қоныстануы
Негізі халықтың көпшілік бөлігі қала орталықтарына шоғырланған, және АҚШ пен шекаралас аудандарда көптеп шоғырланған. Қала халқы -- 77 % ( 2008 жылғы мәлімет). Жыл сайын АҚШ шекарасына заңды және заңсыз қанша мың адам өтіп жатады. Осының салдарынан Мексика халқының 13 млн-ы АҚШ та өмір сүріп жатыр. Халқының 70%-дан астамы өз елінің азаматтары. Мемлекетте төрт қала миллионер: Мехико, (20 млн адам) Гвадалахара, (2,8 млн адам) Монтеррей, (2,5 млн адам) Пуэбло, (1,5млн адам). Статистикалық мәліметтерге сүйенсек халқының 40 %-ы Мексиканың 4 қаласында тұрады. Олар: Мехикода, Федеральды округте, Веракрусте, Халискода және Пуэбла штаттарында. Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығында (пуэблода) тұрады. 4

VI. Шаруашылығы
а) өнеркәсібі
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Мексиканың өнеркәсібі жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіптің негізгі салалары - мұнай мен тау-кен өндірісі болып табылды. Мексика күмісті өндіруден - капиталистік елдер арасында бірінші орынды иемденген, ал қалайы өндіруден - екінші, сурьма мен молибден өндіруден - үшінші орынды иемденген. Мексика қара металлургия бойынша бүкіл Америка елдері ішінен - екінші орынды (Бразилиядан кейін) иемденеді. Мексиканың қара металургиясы бүкіл мемлекетінің өнеркәсіптерін қамтамасыз етіп отыр.
Өндіруші өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, балық аулауда - 7,4 млн адам, жалпы халықтың 16,9%-ы; өңдеуші салада - 10 млн адам, жалпы халықтың 24,5%-ы; байланыс саласында - 22,8 млн адам, жалпы халықтың 58,3%-ы жұмыс жасайды.
Мұнай, табиғи газ, темір рудаларын, күміс, сурьма және графит өнімдерін өндіреді. Мұнай Мексика шығанағымен Юкатан түбегінде көптеп шоғырланған. Қазіргі таңда Мексика мұнай өндіруден және экспортқа шығарудан дүние жүзіндегі ондық елдердің қатарына кіреді. Энергиясының басты бөлігін ЖЭС-терден алады. Су энергетикасынан 20% жоғары энергия өндіреді. Жиі табиғи ресурстарды пайдаланады, бірнеше геотермальды станциялары бар. Уран қорынан да алдағы елдер қатарында және Чиуауа штатында ең ірі АЭС тің бірі Лагуна Верде орналасқан.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді.
Түсті және қара металлургия басты дәстүрлі өнеркәсіптерінің бірі болып табылады. Ірі металлургия комбинаттары Монклов, Ласоро-Карденас және Лос-Тручас. Өңдейтін салада түсті және қара металлургия, машина жасау, мақта мата, химия, мұнай химиясы жақсы дамыған. Мексика импортқа мұнай және мұнай өнімдерін шығарады.
Мексиканың мұнай өнеркәсібі. Мексиканың мұнай-газ өнеркәсібінде мемлекеттік Petroleos Mexicanos (PEMEX) компаниясы басты рөлді алады. 1938 жылы мемлекеттің мұнай-газ секторын меншіктеуінен кейін шетел компаниялары мексикалық мұнай-кен орындарын барлауға қатыспаған (кіргізілмеген). Алайда 2011 жылдың наурыз айынан бастап қана елде бірінші рет шетел компанияларына лицензиялы раундтар жүргізілді.
Мұнайдың қоры. PEMEX-тің мәләметі бойынша 2011 жылдың басында Мексикадағы дәлелденген мұнайдың конденсатты есепке алмағанда қоры - 1385 млн тоннаны құраған. Мексиканың негізгі мұнай кен орындары елдің солтүстік шығысындағы шельфті ауданда (мұнайдың ауыр сорттарының 55,9%-ы) орналасқан. Елдің оңтүстігінде (мұнайдың жеңіл сорттарының 25,2%-ы) барланған. Мексиканың мұнайының бүкіл қорының 60,5%-ы ауыр сортты мұнай, жеңіл сортты 28,9%-ын жеңіл сортты, ал 10,6%-ын өте жеңіл сортты мұнай құрайды.
2010 жылы Мексикада 2 жаңа мұнай кен орны ашылды. Солтүстік шығыс шельфті аудандағы мұнайдың дәлелденген қоры 2011 жылдың 1 қаңтарындағы болжам бойынша - 775 млн тоннаны құрайды. Солтүстік шығыс шельфті ауданға Кампече штатының жағалауы, Юкатан және Кинтана-Роо кіреді. Бұл аумақтағы ең үлкен мұнай кеніштері Cantarell (2011 жылдың басында дәлелденген қоры - 297 млн т) мен Ku-Maloob-Zaap (472 млн тонн). Бұл аумақта жеңіл сортты мұнайдың қоры мұнайдың бүкіл қорының тек 0,8%-ын, ал ауыр сортты мұнай 99,2%-ын құрайды.
Оңтүстік-батыс аудан өзіне Мексика секторына жататын Мексика бұғазы мен Кариб теңізінің акваториясын қосып алып жатыр. Ең үлкен мұнай кеніштері Abkatun-Pol-Chuc (64 млн т) мен Litoral de Tabasco (108 млн т) болып табылады.
Солтүстік ауданда 27 штат орналасқан. Chicontepec Мексика территориясындағы ең ірі мұнай-газ қоры шоғырланған кеніш аумағы болып саналады. Оның геологиялық қоры 2,4 млрд тонна деп болжануда.
Өндіру. 2010 жылы Мексикада 128,8 млн тонна мұнай өндірілген, бұл көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткіштен 1,0%-ға төмен. 2010 жылғы бұл өндірілген мұнайдың 54,2%-ы солтүстік-шығыс шельфті ауданға тиесілі болған. Ал 21,1%-ы оңтүстік-батыс ауданға, 20,6%-ы оңтүстік ауданға және 4,1%-ы солтүстік ауданға тиесілі болған.
Мексикадағы ірі мұнай кеніштері:
Ku-Maloob-Zaap - 42,0 млн тонна 2010 жылы,
* Cantarell - 27,9 млн т,
* Abacatun-Pol-Chuc - 14,8 млн т,
* Litoral Tabasco - 12,4 млн т,
* Samaria-Luna - 10,9 млн т,
* Bellota-Jujo - 8,0 млн тонна.
PEMEX компаниясының 2021 жылға арналған жоспары бойынша Chicontepec-тен жылына 30 млн тонна өндіру көзделініп отыр.
Мұнай экспорты. Мексика мұнайды көп экспорттаушы ел болып табылады. 2010 жылы 68,0 млн тонна мұнай шетелге экспортталған, ол 2009 жылғы сыртқа шығарылған мұнай көрсеткішінен 11,3%-ға көп.
Мексиканың мұнайын көп мөлшерде АҚШ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Америкада мекендеген ацтектер
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
Конфедеративтік мемлекеттер бірлестігі
АҚШ
АҚШ аумағының негізгі бөлігі
Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
АҚШ мемлекеті мен құқығы
Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Латын Америка мемлекеттеріндегі ядролық зерттеулер
Ақш үкіметі
Пәндер