Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Ақша.несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша.несие саясатының мәні және мақсаттары ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ақша.несие саясатының құралдары мен әдістері ... ... ... ... ... 12

II Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша.несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2. Ұлттық банктің ақша.несие саясатының құралдары ... ... ... ...19
2.3. Ұлттық банктің ақша.несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

III Ақша.несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша.несие саясатының стратегиялық
мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
3.2. Ақша.несие саясатын дамыту перспективалары ... ... ... ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз үстіміздегі жылдың қаңтарының 19-дағы өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру.
Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Сейітқасымов. Ғ. Б. Ақша, несие, банктер. Оқу құралы. – Алматы:
«Экономика», 2005ж.
2. Мамыров Қ.Н, Тілеужанова Ә.М. Макроэкономика.Оқу құралы. –
Алматы 2003ж
3. Лаврушкина О. М. Деньги, кредиты, банки. Москва: «Финансы и
статистика», 1999ж
4. Кушербаев . Б. П. Банктер және несие алушылар қарым-
қатынастарын реттеу // Егемен Қазақстан. – 2004, № 25.
5. Ахметжанқызы Л. Ел экономикасын қаржыландыру – банктердің
басты міндеті // Жас қазақ үні. – 2005, №78-79.
6. Аймағамбетова Г. Валюталық режимді ырықтандыру // Егемен
Қазақстан. – 2005, №148.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және
мақсаттары ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен
әдістері ... ... ... ... ... 12

II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу

кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары
... ... ... ...19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі
бағыттарын

асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22

III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту
перспективалары ... ... ... ... ... ... .40

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 46

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны
белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының
тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын
орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз
үстіміздегі жылдың қаңтарының 19-дағы өз жолдауында келесі
міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс
салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті
икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді
ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін
жетілдіру.
Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға,
сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына
және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды
банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-
ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке
және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық
қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін
болады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына
сай ақша−несие саясатын жүргізу және оның әрі қарай даму тенденциясына әсер
етуінің маңыздылығын қарастыру болып саналады. Ұлттық банк еліміздегі
жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты
сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі
тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған
байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше,
өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және
төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл
тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын,
әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен
қателік болар еді.
Курстық жұмысты жазу мақсаты: Ақша-несие саясатының құралдарын
жетілдіру мәселерін қарастыру болып табылады. Ақша-несие саясатының
маңыздылығын ашып көрсету және оның жүзеге асырылуының қаншалықты
керектігін, әрі оның экономиканың дамуына тигізетін әсерін қарастырып,
Ұлттық банкпен жасалған 2007-2009 жылдарға арналған ақша(несие саясатының
жүргізілу механизмдерін қарастырып, елдің дамуында кейін көрінетін
нәтижесін сараптау болып табылады. Өйткені бұл саясаттың тиімді жүргізілуі
жұмысбастылықтың өсуі мен өндірістің жандануы және экономикалық қызып
кетудің алдын алу мен инфляция қарқынын төмендетумен тікелей байланысты.
Елімізде экономикалық өсім мен инфляцияның өсуі байқалғандықтан бұл мәселе
өзектілер қатарына сөзсіз кіретіні анық.
Курстық жұмыстың міндеттері:
✓ ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздерін қарастыру;
✓ Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері талдау;
✓ ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ақша−несие саясаты мемлекетпен
анықталатын болғанмен, оны нақты іске асырушы орган Ұлттық банк болып
табылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы
Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдарын қолдану ерекшеліктері және
олардың бағыттарын іске асыруы алынған.
Курстық жұмыстың жазылу барысында келесідей оқу-әдістемелік құралдар
қолданылды: С. Б. Мақыштың, Ғ. С. Сейітқасымовтың оқулықтары, мерзімді
басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері, интернет желісінен
алынған ақпараттар, нормативті актілер.

I АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін,
сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін
реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының
макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады.
Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынтығы жатады.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық
банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру.
Осындай шаруалардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын
кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтерін
сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктері
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк
халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін
орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін
үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын
қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктерінің іс-
әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен
коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигезеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға
әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемін
коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және
беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі
ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын,
оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. 1, 189 б.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі
ақша-несие саясатының басты мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын,
яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақырғы мақсат:
а) экономикалық өсу
ә) толық жұмысбастылық
б) бағаны тұрақтандыру
в) төлем балансын тұрақтандыру
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны
ә) пайыз мөлшерлемесі
б) айырбас курсы
Ұлттық банк ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:
1) ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық
саясаты);
2) немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық
саясат). 2, 214 б.
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсынысын қисығының
вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал
икемді монетарлық саясатты ақшаның ұсынысы қисығы горизанталды түрде
болады. Ақша-несие саясатының вариантын таңдау көп жағдайда ақша
сұраныспен байланыста болады. Мысалы, егерде ақшаға сұраныстың өсуі
инфляциялық үрдістермен байланысты болса, онда ақша жиынын қалыпты
ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн, бұл жағдайда ақша
ұсынысын вертикалды түрде бейнелейді. ( Сурет 1,2)

R
LS

В

dR A
L 1D

L 1D

M
dM

Сурет 1. Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты

R

LS

dR B
A

L 2D
L 1D

dM
M
Сурет 2. Салыстырмалы түрде қарағанда икемді ақша саясаты

Егерде ақша айналымның күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты
айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесін
қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Бұл жағдайда
ақша ұсынысы горизанталды болады. LS қисығының бұрыштық көлбеуіне
байланысты ақшаға сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына , пайыз
мөлшерлемесіне әсер етеді. Орталық банк бір мезгілде ақша жиыны
мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Мысалы, ақшаға сұраныс
өскен кезде тұрақты пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру үшін, банк ақша
үсынысын кеңейтеді, оны сұраныстың өсуіне байланысты пайыз
мөлшерлемесін өте тез өсірмеу үшін жасайды ( Бұл құбылыс LD
қисығын оңға қозғалтады, тепе-теңдік нүктеде өзгертеді).
Мұндағы R – пайыз мөлшерлемесі
М – ақша жиыны
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі
болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты
2) экспанциялық ақша-несие саясаты
Рестрициялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге,
сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған
шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы
ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету
және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2, 222 б.
Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және оның салық-бюджет,
валюта саясаттарымен байланысы:
Монетарлық саясат өте күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы
саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие
саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының
(МР)S мәнінің өзгеруі
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесіненің өзгеруі
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық
шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы
4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында
тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижедегі
көп ықпал етеді. (Сурет 3)

R L 1S L 2S

dR

LD

MP
Сурет 3. Ақшаға ұсыныстың өзгеру жағдайы

Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің
қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл
өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай
саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу,
несиенің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі
байқалады. Ақша нарығының реакциясы LD қисығының тікшелеу болуынан
ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады. (Сурет 4)

R
L 1S L 2S

dR

LD

MP
Сурет 4. Ақшаға ұсыныстың өзгеру жағдайы

Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал
болса, онда ақша жиынының өсуіне пайыз мөлшерлемесінің болымсыз
өзгеруі әсер етеді, керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің
өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз
мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді.
Келесі қадам, пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық
сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына
инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша
нарығында пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың
сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы
шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлық мәнінің кеңеюі пайда
болады.
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша
саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі
немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы,
өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай
құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады.
Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа
да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін
өзгертуі экономикаға әруақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да
орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру
арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім
көлеміне әсер етеді. Егерде экономикада өрлеу болса және жалпы
ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі (нақты
жалпы ұлттық өнім – ақшаға сұраныстың бір параметрі ((МР)D=kY-h*R).
2, 223 б.
Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесінің өседі
деп, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін,
Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін
қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақша сұраныстың азаюы жағдайында
Орталық банк пайыз мөлшерлемесін төмендетуін болдырмау үшін, ақша
ұсынысын азайтуы қажет. Бұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп,
экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.
Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы
егерде Орталық банк ақша ұсыныс өзгерту керек деп шешсе, онда ол
құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын
кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз
мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер
етуі мүмкін (сr және rr) . Халық депозиттегі қаржыларының бір
бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда Халық депозиттегі
қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда CD=cr
өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол RD=rr мәнін өсіреді.
Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл
жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.
2, 225 б.
Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдегі ие бола алады
(шешім қабылдағаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы
инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесін
тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа
созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі тиімділігі Орталық банктің
саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық
саясатпен тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе,
онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені
айнымалы курсты ұстау мақсатында әрекеттер, валюталық резервтердің
көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі.
(Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.)
Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі
қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік
шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің
нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда
мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды. 3, 117
б.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша айналымын реттеуге арналған
Ұлттық банктің шаралар жиынтығы болып табылады. Ақша – несие саясаты
еліміздегі валюта тұрақтылығын, оның төлемқабілеттілігін, шетел
валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етеді.Сонымен
қатар, нарықтағы ақша массасын реттеу, баға тұрақтылығын сақтау, пайыз
мөлшерлемесін реттеп отыру да ақша-несие саясатының аралық мақсаттарына
кіреді.

1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
ә) ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі
в) ашық нарықтағы операциялар
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында
айырмашылықтар бар. Жанама құралдары тиімді пайдалану ақша нарығының
дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы
өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады,
соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да
саясаттарды ескере отырып, ақша-несиелік саясаты жоғарыда аталған
саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылаы. 1, 205 б.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Пайыз саясаты – Қазақстан Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар
бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да
мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс
пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. Қазақстан
Ұлттық банкі мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие
саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру
мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту,
соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді
қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын
мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін
құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі
бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуі тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы
– шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.
Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгігеннен кейін жарты жылдай уақыт
ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа
қол жеткізу мүмкіндігі салдарынан банктің қысқа мерзімдегі
капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті.
Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны
арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын
одан артық күшейтті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу
базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаржаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк
мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі
екінші деңгейдегі банктер үшін, ұлттық банк саясатының ақша жиынын
бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты
көрсеткішті білдіреді. 4
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына
жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес
белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді.
Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін
Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер
және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз
мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің
өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз
кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын
депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Міндетті резервтер – коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз
мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл
депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер
деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір
пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне
байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан
төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің
артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларды
пайдаланылады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге
берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша
төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен
акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі
резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз
саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік
реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк
жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің
депозиттерін сақтандыру қзметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай
мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда
енгізілген ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің
қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі
18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп,
10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни ұлттық
банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты
резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты
резервтеудің баламалы тәртібіне өтеуге, яғни бұл банктердің
нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар
сомасын ең төменгі резервтер мөлшеріне төмен болмауын сақтап
отыруға тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде
болуы, банк жүйесінің қаржы делдалдары ретіндегі тиімділігін
нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік
ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетеді.
Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті
резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін
міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк
екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына
байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында
банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:
1) міндетті резервтер
2) резервтеудің баламалы тәртібі
Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары
тағайындалған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге
асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі
(rr) ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып
келеді. Сонымен Орталық банк міндеті резерв нормасын өзгерте
отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.
Практикада міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек
түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші
мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін
өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк
коммерциялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін
болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық
банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер
қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.
Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады.
Экономкада ақша ұсынысы төмендейді.
Есеп мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады,
бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға
тіреледі.
Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервтерін толтыру
үшін беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік несиелерді Орталық банк
ерекше жағдайларда береді.
Несиелік операциялар – несиелеу және қаржыландыру операцияларына
соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық
қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі
уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың
өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын
жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту
мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың
несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк
несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы,
сол сияқты ломбарттық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Ақша нарығындағы операциялар – Ұлттық банктің айналыстағы ақша
жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта
мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты
операцияларын білдіреді.
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және
несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып
табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы
банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру
мақсатында Ұлттық банк бағалы қағаздарда сатып алады да, тиісті
соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады. 2, 215-220 б.
Осы айтылғандардың бәрін Орталық банк коммерциялық банктердің
несиелік мүмкіндіктерін реттеу меқсатында жүргізеді. Егер Орталық
банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа
партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері
шектеледі не керісінше.
Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына
немесе ақша-несие эмиссиясы көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз
жүргізеді.
Ұлттық банк ақша – несие саясатының тікелей және жанама құралдарын
қолдана отырып, ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сонымен
қатар, инфляциямен күрес – ақша-несие саясатының басты мақсаттарының
бірі болып табылады. Резервтік талаптарды орындау барысында Ұлттық банк
міндетті резервтер және резервтеудің баламалы тәртібі тәсілдерін қолдана
отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие
саясатының мынандай құралдарын қолданады: несие берудің лимиті, пайыз
мөлшерлемесін тікелей реттеу, ең төменгі міндетті резервтер
нормасының өзгеруту, есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі, ашық нарықтағы
операциялар.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие
көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің
қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан
Республикасында ақша-несие саясатын жүргізуші субьектісі – Ұлттық банк
болып табылады. Ақша-несие саясатының екі типі қолданылады: рекстрикциялық
ақша-несие саясаты (несиелік операциялар көлемін шектеу) және
экспанциялық ақша-несие саясаты (несие беру көлемін ұлғайту).
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаты тікелей және
жанама құралдарын қолдана отырып елдегі ұлттық валютаның тұрақтылығын,
яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу кезеңдері

Ұлттық Банктiң қызметi мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталатын
болады:
• инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындық;
• валюта режимiн одан әрi ырықтандыру;
• Ұлттық Банктiң ресми ставкаларын тиiмдi азайту;
Ақша-несие саясатының негiзгi құралдары РЕПО операциялары, Ұлттық
Банктің қысқа мерзімдi ноттарын шығару және вексельдермен қайта есептеу
операциялары сияқты ашық рынок операциялары болады. 2003 жылы Ұлттық
Банк өзiнің ресми ставкаларының реттейтiн рөлiн күшейту жөніндегi
шараларды қабылдайды және нақты алғанда олардың әлсiз оң әлсiздерiн
қолдайтын болады. Бұл 2004-2006 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық
таргеттеуiне көшуге дайындық үшiн негiз болып табылады.
Экспорттың болжамды өсiмi сауда балансының оң сальдосының жыл сайынғы
өсiмiн қамтамасыз етедi. Экспорттың неғұрлым көп өсiмi 2003-2006 жылдары
күтiледi. Экспорттың 2003 жылы экспорттың елеулi артуы әлемдiк рыноктарда
өсiп отырған баға конъюнктурасына, ал 2006 жылы - Солтүстiк Каспий мұнайын
жеткiзудің басталуына негiзделген. Экспорттық кредиттердiң өсуi тiкелей
инвестициялардың түсумен қатар елiмiзге шетел валютасының жеткiлiктi ағыны
үшiн арналар жасайды және Ұлттық Банктің халықаралық резервтерiнiң одан әрi
өсуiн қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасында ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру
тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен
ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн
төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге
асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк
ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең
төменгi талаптарын белгiлейдi және банк операцияларын жүзеге асырған кезде
электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi.
Ұлттық Банк одан әрi валюта себетiне нақты тиiмдi айырбас бағамын
негiзгi сауда серiктестерiн индекстеу бағдарымен өзгермелi айырбас бағамы
режимiн қолдайды. 5, 15 б.
Ақша-несие саясатының негiзгi мақсаты: инфляцияның төменгi деңгейiн
қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкінің құрылымы төмендегі 5 суретте көрсетілген.

Сурет 5. Ұлттық Банктің құрылымы

Валюта рыногында сұраным және ұсыныстар теңгерімiн тұрақтандыру
мақсатында валюта режимiн ырықтандыру жалғастырылатын болады. Жұмыс шетелге
тiкелей инвестициялау операцияларын ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын
жүзеге асыру кезiнде шектен тыс әкiмшiлiк тосқауылдарын жою, сондай-ақ шет
елдердегi шетелдiк банктерде шоттарды ашу тәртiбiн жеңiлдету бағытында
шоғырландырылатын болады, ол рынокты шетелдiк валютаға сұраным тарапынан
қолдайды.
Капитал ағынына байланысты тәуекелдердi азайту үшiн шоғырландырылған
негiзде пруденциялық қадағалау жетiлдiрiлетiн болады, банктерде, жинақтаушы
зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларында тәуекелдi басқарудың iшкi
жүйесi енгiзілетiн болады, қаржылық емес ұйымдар - iшкi валюта рыногының
iрi қатысушылар тарапынан алыпсатарлықты бақылау және ұстау тетiктерi
әзiрленетiн болады.
Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасында валюталық режимдi
ырықтандыру кезең-кезеңiмен өткiзiледi. Кезеңдердiң уақытша шеңберлерiн
және басым операциялардың тiзбесiн анықтау кезiнде бұрын қойылған
мақсаттарға қол жеткiзу, төлем теңгерiмiнің жай-күйi және әлемдік тауар
және қаржы рыноктарындағы ахуалдар валюта режимiн одан әрi ырықтандырудың
негiзгi шарттары болып табылады, ол келесi кезеңге көшу үшiн қажеттi
алғышарт жасау тиiс. Толығымен ырықтандыру 2007 жылы аяқталады. 6, 10 б.
Ұлттық банктің төлем жүйелерi саласындағы негiзгi назары 2003 жылы және
кейiнгi жылдары микропроцессорлық карточкалардың негiзінде Ұлттық
банкаралық төлем карточкалары жүйесiн енгiзуге бөлiнетiн болады. Ұлттық
банкаралық төлем карточкалары карточкалар арқылы әскери қызметшiлер үшiн
ырыздықақы, зейнеткерлерге зейнетақы және басқа атаулы төлемдердi төлеу,
тауарлар мен қызметтердің кез келген түрлерiн төлеу, кеден алымдары мен
төлемдерiн төлеу шарттарын жақсарту, салық органдарының салықтар мен
төлемдердi жинауын оңтайландыру, медициналық қызметтердi есепке алу және
т.с.с. мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi. Бұл халыққа және сауда-
сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету жөніндегi бiрыңғай төлем кеңiстiгiн
құру, қолма-қол емес айналымға халықта бар қолма-қол ақша массасын тарту
дегендi білдiредi.
Алдағы жылдары Ұлттық Банк EуpAзЭҚ елдерiнің орталық банктерiмен
бiрлесiп ЕурАзЭҚ елдерiнiң жалпы төлем жүйесiн ұйымдастыру және қаржы
рыноктарын ықпалдастырудың басқа бағыттары жөніндегi жұмыстарды
жалғастыратын болады.
Ақша-несие саясаты қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамытуға және банк жүйесiн
нығайту, экономиканың нақты секторы банктерінің кредит беруiнiң одан әрi
өсуi үшiн жағдайлар жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесiн
жетiлдiруге ықпал етедi. 7, 8 б.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай
мiндеттер жүктеледi:
1) мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу;
2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
3) валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асыру;
4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Қазақстанның Ұлттық банкi Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша
көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-несие саясатын
жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы
бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.

2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары

Қазақстан Республикасында Ұлттық банк ақша-несие саясатын
жүргізеді. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие
саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу
- Қазақстан Ұлттық банкінде жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған
қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу
- банктерге және үкіметке несие беру
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі
- валюталық нарықты интервенциялау
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғары аталған құралдардың ішінде іс жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми
сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
- овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Ресми қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығындағы жалпы жағдайына
несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін
инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң
актілері, ҚР Президетінің актілері негізіндн немесе ҚҰБ
Басқармасының жекеқаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары
бойынша қолданады.
Ресми есептік мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына,
несиелер бойынша сұраныс пне ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді
және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыздық
мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық
вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі –
жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына
байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен
операциялар жүргізуде қолданады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесіне
ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту
жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы
мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары
бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір
түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан
корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай
аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не
жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолдланылады. Ұлттық банктің
ресми сыйақы мөлшерлемелері.
Ең төменгі резервтік талаптар - Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті
қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде,
банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері
бойынша төлемсіздікті төмендетуге, сол сияқты банктің салым иелері
мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең
төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз
саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік
реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк
жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан,
сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің
депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы
ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының екі түрін атап кетуге болады. Біріншіден,
жұмсақ ақша-несие саясатын (арзан ақша саясаты деп аталады), Орталық
банк:
а) олардың төлеміне ақшаны елдің есеп шоттарына және банктің резервіне
аудара отыра, ашық рыногтан мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алағанда.
Коммерциялық банктердің кредиттандыру мүмкіншіліктерін кеңейттуін
қамтамасыз етеді және ақша жиынын өсіреді.
б) пайыздың есеп ставкасын төмендетеді, коммерциялық банктері қарызға
беру көлемін көбейтуге және төмендетілген пайыз ставкалары бойынша өз
клиентеріне кредиттандыру көлемін кебейтуге жол береді. Бұл ақша жиынын
көбейткенде. Осылай, 2001 жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валютлық қаржыларды реттеу
Ақша-несие саясатының мәні
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті банктік несиелендіру: даму факторлары
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесі және оның дамуы
Еркін экономикалық аймақтардың түрлері
Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден алынған несиелер
Пәндер