Туркия. Мемлекеттің тарихы



Жоспар:
Кіріспе
І. Мемлекеттің тарихы
ІІ. Экономикалық.географиялық орны
ІІІ. Табиғат ресурстары мен байлықтары
ІV. Мемлекеттің құрылысы
V. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
ә) Этникалық құрылымы
б) Тілі
в) Діні
г) Нәсілі
д) Таралуы мен қоныстануы
VI. Шаруашылығы:
1. Өнеркәсібі
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік қатынасы
VII.Экологиясы
VIII. Туризмі
IX. Халықаралық байланыстары
Қорытынды
Кіріспе
Түркия мемлекеті - Батыс Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде (екі континенттің тоғысқан жерінде) орналасқан мемлекет. Аумағаның 97%-ы, 759 752 км2 жері Кіші Азия (Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы, 23 825 км2 жері Еуропа ендігін немесе оңтүстік Шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракияны) қамтиды. Солтүстік Шығысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен, Шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және Грекиямен шектеседі. Жерінің аумағы 783 577 км2, халқының саны 75,1 млн адам (2004 жылғы мәлімет бойынша). Астанасы Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халқы т.б тұрады. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейін Батыс Еуропада қалып қойған, 1940-50 жылдары Шығыс Түркістанда Қытай комунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970-80 жылдары Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады.(10-15 мың адам). 1982 жылы қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы президент. Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағын ұстанады. Президент елдегі бір палаталы парламент Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық мәжілісі жеті жылға сайланады. Президент пример министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арқылы тағайындалады. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан. Премьер министр сайлауда ең көпшілік алған партия арасынан үсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі түрік тілі. Әкімшілік жағынан алпыс жеті уәлаятқа бөлінген. Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болып табылады. Ұлттық валютасы түрік лирасы. Түрік халқы алғашқы болып елге инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда көптеген түрік компаниялары әртүрлі салада жұмыс істеуде. Екі ел арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар орныққан.
1. Энциклопедия. Гл. ред. Н. С. Конарев. — Москва: Большая Российская энциклопедия, 2007 г. — 559 с.: и. (стр. 463).
2. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. В.П. Максаковский, Ш.М. Надыров, Ә.Т. Мылқайдаров. Оқу құралы, 1-бөлім, Алматы “Қазақ университеті” 2013. (Қосымша кестелер.)
3. Розалиев Ю.Н. Экономическая история Турецкой Республики. Ответственный редактор А. Искандеров М.: Наука, 1980. - 304с.
4. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедиясы. Бас редакторы. Ә.Нысанбаев.- Алматы 2001ж. (305-308 беттер.)
5. История Турции, Москва, 1974. 77-78 беттер
6. “Малая Азия” в 1945 — 2000 гг., Москва, 2004. 20-21 беттер.
7. Энергетика: Энергия для устойчивого будущего — SWEDEN - журнал. 3-4 беттер, 9-бет.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
І. Мемлекеттің тарихы
ІІ. Экономикалық-географиялық орны
ІІІ. Табиғат ресурстары мен байлықтары
ІV. Мемлекеттің құрылысы
V. Халқы:
а) Халқының динамикалық өсімі
ә) Этникалық құрылымы
б) Тілі
в) Діні
г) Нәсілі
д) Таралуы мен қоныстануы
VI. Шаруашылығы:
1. Өнеркәсібі
2. Ауыл шаруашылығы
3. Көлік қатынасы
VII.Экологиясы
VIII. Туризмі
IX. Халықаралық байланыстары
Қорытынды

Кіріспе
Түркия мемлекеті - Батыс Азияда және ішінара Оңтүстік Шығыс Еуропа жерінде (екі континенттің тоғысқан жерінде) орналасқан мемлекет. Аумағаның 97%-ы, 759 752 км2 жері Кіші Азия (Анадолы) түбегін, 3%-ға жуығы, 23 825 км2 жері Еуропа ендігін немесе оңтүстік Шығыс Балқан түбегін (Шығыс Фракияны) қамтиды. Солтүстік Шығысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен, Шығысында Иранмен, оңтүстік батысында Иракпен, Сириямен, солтүстік батысында Болгария және Грекиямен шектеседі. Жерінің аумағы 783 577 км[2], халқының саны 75,1 млн адам (2004 жылғы мәлімет бойынша). Астанасы Анкара қаласы. Негізгі халқы түріктер. Одан басқа күрдтер, арабтар, гректер, кавказ халқы т.б тұрады. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқында болып, кейін Батыс Еуропада қалып қойған, 1940-50 жылдары Шығыс Түркістанда Қытай комунистеріне қарсы күресіп, Үндістан мен Пәкістан арқылы келген және 1970-80 жылдары Ауғанстандағы соғыстан бас сауғалаған қазақтар мен олардың ұрпақтары тұрады.(10-15 мың адам). 1982 жылы қабылданған соңғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы президент. Жергілікті халық негізінен ислам дінінің суннит тармағын ұстанады. Президент елдегі бір палаталы парламент Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық мәжілісі жеті жылға сайланады. Президент пример министр мен үкімет мүшелерін мәжіліс депутаттары арқылы тағайындалады. Елде көппартиялы сайлау жүйесі орныққан. Премьер министр сайлауда ең көпшілік алған партия арасынан үсынылады және үкімет мүшелері партиялардың мәжілістегі орнына тәуелді. Ресми тілі түрік тілі. Әкімшілік жағынан алпыс жеті уәлаятқа бөлінген. Түркия 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел болып табылады. Ұлттық валютасы түрік лирасы. Түрік халқы алғашқы болып елге инвестиция тартты. Қазір Қазақстанда көптеген түрік компаниялары әртүрлі салада жұмыс істеуде. Екі ел арасында тығыз экономикалық, мәдени, саяси байланыстар орныққан. 1
І. Мемлекеттің тарихы
Ресми атауы - Түрік Республикасы (Ақша бірлігі - түрік лирасы).
Түркияның тарихы 10000 жыл шамасындағы кезеңді қамтиды. Түркия жерін адамдар ерте замандардан мекендеген. Ежелгі халықтары: фракиялықтар, хеттер, лилиялықтар, галаттар, армяндар, ассириялықтар, гректер, және т.б бұл жерде өз мәдениеттерін қалдырған. Ежелгі заманда және орта ғасырларда бұл аймақ түрлі мемлекеттер бірлестіктердің Хетт патшалығының, Мидияның, ахемен әулиетінің, Александр Македонский державасының, Селевки әулиетінің, Пергамның, Рим империясының, Византияның және т.б құрамында болды. Б.э.д III ғасырда басталған халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде қазіргі Түркия жеріне сақ скифтер, сарматтар, ғұндар, аландар т.б келе бастаған. 750 жылы Бағдат халифатын құрған Аббас әулиеті Орталық Азия түріктерін әскерге көптеп тарта бастады. Ол әскерлер өз отбасымен Кіші Азияға орналасты. Жалпы Түркі тайпалары Түркия жеріне екі бағыттан:
Кіші Азияға Иран мен Кавказ сырты арқылы;
Балқан түбегіндегі Шығыс Еуропа арқылы келді;
XI ғасырдың аяғында қыпшақтардан ығысқан Түрік халқы мен оғыз тайпалары Кіші Азияда Салжұқ әулиетінің басшылығымен өз мемлекетін құрды. XII ғасырда түркі салжұқтар Византияны кіші Азиядан біржолата тартып алды. 1243 жылы Кіші Азияны түркі монғолдар бағындырды. XIII ғасырдың аяғына таман бұл өңірде тәуелсіз ұсақ иеліктер пайда болды. XIV ғасырдың 20-30 жылдары Кіші Азияның солтүстік батысында дербес иеліктерді бір орталыққа біріктірген Осман сұлтанның атағымен Осман сұлтандығы қалыптасты. XIV ғасырдың 2 жартысында осман түріктері Шығыс Фракияны, Болгарияны, Македонияны бағындырды. 15 ғасырдың бас кезінде Әмір Темірден күйрей жеңілгенімен көп ұзамай қайта күшейген түрік Османдары 1453 жылы Византияның орталығы Константинопольды басып алып, Стамбұл деген атпен өз астанасына айналдырды. 1450-70 жылы Сербияны, Боснияны, Аттиканы, Трапезун ипериясын, Қырым хандығын, Валахия мен Албанияны өзіне қаратты. 1514-17жылдары Осман сұлтандығы Месопатамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджиз, 1519 жылы Алжирдің біршеме бөлігін бағындырды. XVI ғасырда қуатты Осман флоты бүкіл жерорта теңізі бассейнін бақылап тұрды. Түрік зиялылыры, әсіресе, әскери элита өкілдері ел тәуелсіздігі мен тұтастығы үшін күресті өз қолдарына алды. Оларды Түрік ұлтшылы Мұстафа Кемал Ататүрік басқарды. 1920 -1923 жылдары сәуірде Анкараға шақырылған Түркия мемлекетінің Ұлы ұлттық Мәжіліс өзін елдегі бірден - бір заңды үкімет органы ретінде жарилап, 1921-1922 жылдары шетел басқыншыларынан бүкіл Анадолы жерін азат етті. 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республика болып жарияланды. 1924-34 жылдары елдің экономикалық әлеуметтік және мәдени саласында реформалар жүзеге асырылды, шетел концериялары түгел дерлік жойылып, ұттық банктер құрылды, порт құрылыстары, өнеркәсіп орындары салынды. II - дүниежүзілік соғыс басталған кезде Түркия алғашында Ағылшын - Француз блогына қосылып, 1940 жылы Франция тізе бүккеннен кейін Гитлершіл Германиямен жақындаса бастады . КСРО- ға шабуыл жасағаннан кейін Ұлыбританиямен одағын сақтай отырып, өзін бейтарап ел ретінде жариялады. 2- дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ- пен жақындасып 1952 жылы НАТО - ға мүше болды. Халықтың тұрмыс деңгейі нашарлап, елде бейберекетсіздік орын алуына байланысты 1960 жылы әскери төңкеріс іске асты. Бірақ 1960-70 жылдары халықтың тұрмысы көтерілмеді. 1980 жылы болған кезекті әскри төңкерістен кейін, 1982 жылы жаңа Концтитуция қабылданды. Экономика нарықтық қатынастарға көшіріліп, 1980-90 жылдары ел жедел дами бастады . 1987 жылы Түркия Еуроодақққа мүше болуға тырысқанымен, әртүрлі себептермен бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. 1991 жылы желтоқсанда КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған Орта Азия түркі мемлекетттері мен тығыз байланыс орнатты.
Генерал Мұстафа Кәмәл Ататүріктің басқаруымен түрік халқының ұлт - азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 - 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кәмәл Ататүрік сайланды.
Тәуелсіздік күні 29 қазан (1923 жылы). 2
ІІ. Экономикалық-географиялық орны
Түркия, Түркия Республикасы - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығысында Грузия, Әзірбайжан, Иранмен және Армениямен, батысында Болгариямен, Грекиямен, оңтүстігінде Ирак және Сириямен шекаралас. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтарының тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлығын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның Анадолы деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстамбұл орналасқан. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Грузия,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сириямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.3

ІІІ. Табиғат ресурстары мен байлықтары
Түркия жерінде 100 түрлі пайдалы қазбалар кездеседі. Бүгінгі таңда Түркияда 53 пайдалы қазбаларды өдіру жұмыстары жүріп жатыр. Олар: хром, мұнай, тас көмір, лигниттер, темір, свинец, цинк, марганец, сурьма, молибден, мрамор және құрылыс материалдарына қажетті шикізаттар, т.б. Елде темір, қорғасын, мырыш,сынап кені көп. Тұз көлінде көп тұз кендері бар. Түркиядағы жалпы мыс рудасының резервтері 1,7 млн тоннаны қамтиды. Мыс рудасының орналасқан жерлері Артвинда, Мұрғұлда, Гиресун-Эспиеде, Ризе-Чайелиде, Элазыг-Эрганида, Кастамону-Кюреде және Сииртеде. Түркияның үлесіне дүниежүзілік гидроргирумның 25 %-ы тиесілі. Сонымен бірге ел вольфрамның қорына өте бай және жүзге жуық мыстың кен орындары белгілі. Түркияның басты қазба байлықтарына хромиттер (Тавр таулары, Батыс понтий таулары, Измир-Анкара), болаттар (Батыс Понти тауларында), бокситтер (Тавр, Понтий тауы), вольфрам, гидроргирум, сурьма (Мендерес, Кыршехир, Батыс Понтий тауы), мыс (Тавр, Понтий тауы), тас көмір (Понтий тауы). Мұнайдың барланған жерлері (Оңтүстік Шығыс бөлігінде).
Түркия хром рудасын, хромитті және оның концентраттарын ең негізгі өндіруші және экпортқа шығарушы. Түркиядағы хромиттің бағаланған қоры 26 млн тонна және осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде 4-орында.
Тас көмірдің негізгі қоры Түркияда Қара теңіздің жағалауында, Зонгулдак ауданында, Арматчулукта, Козлуда, Узулмезде, Қарадонда және Амасрада барланған.
Түркияның орташа Жалпы Ішкі Өнімі $ 956,576 млрд-ты құрады, 2010 жылғы мәлімет.
Түркияның экспорттық серіктестері: Германия 11,3 %, Ұлыбритания 8 %, Италия 7,9 %, АҚШ 6 %, Франция 5,4 %, Испания 4,4 % (2006 жылғы мәлімет.)
Түркияның импорттық серіктестері: Ресей 12,8 %, Германия 10,6 %, Қытай 6,9 %, Италия 6,2 %, Франция 5,2 %, АҚШ 4,5 %, Иран 4 % (2006 жылғы мәлімет.) 4


Энциклопедия. Гл. ред. Н. С. Конарев. -- Москва: Большая Российская энциклопедия, 2007 г. -- 559 с.: и. (стр. 463).
Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы. В.П. Максаковский, Ш.М. Надыров, Ә.Т. Мылқайдаров. Оқу құралы, 1-бөлім, Алматы "Қазақ университеті" 2013. (Қосымша кестелер.)
Розалиев Ю.Н. Экономическая история Турецкой Республики. Ответственный редактор А. Искандеров М.: Наука, 1980. - 304с.
Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. Бас редакторы. Ә.Нысанбаев.- Алматы 2001ж. (305-308 беттер.)

Түркия аграрлы индустриялы ел. Ол азық түлік өндіруде дербестікке жеткен әлемдегі санаулы елдердің бірі. Түркия өнеркәсібінің тарихы XIX- ғ соңынан басталады. 1927 жылы өнеркәсіпті қолдау жөніндегі жаңа заң қолданысқа енді. 1927 - 50 жылдары жалпыұлттық өндірістегі өнеркәсіптің үлесі 20% -ға артты. 1960 жылы жоспарлы даму кезеңі басталып, үкімет мемлекеттік секторға басшылық жасауды өз қолына алды. 1980 жылы экономика мен өнеркәсіптегі тоқырауды жоюға арналған жаңа экономикалық бағдарлама әзірленді. Бұл бағдарлама елдің экономикасын әлемдік экономикамен ынтымақтасуға бағыттайтын жаңа саясатқа жол салды. Бағдарлама нарықтық экономикаға жол ашып, импортты ырықтандырды. Және төлемдердің табиғи балансын қалыптастырды. Өнеркәсіп секторының үлесі ауыл шаруашылығының үлесін қысқарту есебінен ұлғайды. Соған орай осы кезеңде өнеркәсіп өнімдерін экспортқа шығару арта түсті. 1990-1994 жылдардан бастап өнімдерді бөлу жүйесі жақсарып, елдегі жұмыссыздық пен аймақтық сәйкессіздік ахуалы жойыла бастады. Қазіргі кезеңде түкия әлемдік стандарттар бойынша тауар шығаратын өнеркәсіптің жетекші салаларын құрылымдық жағынан жетілдіріп, экспортқа бағдарланған даму стратегиясын ұсынуда. Елде туризм жақсы дамыған және ол экономикаға үлкен кіріс кіргізуде. Түркия мемлекеті Еуроодаққа кіруді мақсат етіп, ел экономикасын Еуропалық стандартқа жақындату мақсатында көптеген шаралар жүргізді. Негізгі сауда серіктестері: Еуроодақ елдері, АҚШ, Иран, Ирак, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері,т.б 1
ІV. Мемлекеттің құрылысы
Түркия - унитарлы мемлекет, басқару формасы аралас (президенттті және парламентті республиканың басқару формалары араласқан). Ең алғашқы Конституциясы 1982 жылы қабылданған.
Түркия мемлекеті 81 илге ( уәләйатқа) бөлінеді: Адана, Адияман, Афьен, Агры, Аксарай, Амасья, Анкара, Анталья, Ардахан, Артвин, Айдын, Балыкесир, Бартын, Батман, Байбурт, Биледжик, Бингель, Битлис және тағы басқа илдері. Әр ил аудандарға бөлінеді. 2007 жылғы мәлімет бойынша бүкіл ел таумағында барлығы 923 аудан бар екен. 7 регион ешқандай әкімшілік бөлініске жатпайды.
Түркияның әкімшілік региондары:
Эгей ауданы;
Қара теңіз ауданы;
Орталық Анатолия ауданы;
Шығыс Анатолия ауданы;
Мәрмәр ауданы;
Жерорта теңіз ауданы;
Оңтүстік-Шығыс Анатолия ауданы.
Түркияның аса ірі қалалары, провинциялардың орталықтары 1 миллионнан астам халқы бар қалалары: Стамбұл, Анкара, Измир, Бурса, Адана, Конья, Анталья, Антакья, Газиантеп, Шанлы Урфа, Самсун. Илді губернатор басқарады, Оны үкімет сайлайды.
Түркияда заңды бір палаталы парламент (мәжіліс) ұлтттық жиналыстарында шығарады. Мәжілістің құрамына 550 депутат кіреді. 2
V. Халқы
Халық саны - 75,1 млн адам.
а) Халқының динамикалық өсімі
Елдің негізгі халқы - түріктер 34 млн және күрттер 17,6 млн адам, Осман империясының кезінде түрік халқын османдықтар деп атаған. Түркия мемлекетінің құрылуы кезінде оның халқы 12 532 000 адамды құрады. Мемлекеттің бүкіл тарихында 12 санақ жүргізілген. 1927 жылдан бері Түркияның халқы 4,4 есеге көбейді, және 1950-1985 жылдары 2,5 есеге көбейді. Ал 1990 жылдары халық саны 1,1 пайызға дейін төмендеді. 2002 жылғы мәләмет бойынша туу көрсеткіші 17,95, өлім-жітім 5,95, балалардың өлімі 38,7 адам1000 адамға шаққанда. Халқы тез өсуде, 2005 жылы халқы 70 миллион адамды құрады. 2009 жылғы Түркияның халқы 72,6 млн адамды құрады. Халық тығыздығы 1 км² жерге 88 адам, қала халқының тығыздығы 75,5 адам. Халқының жыныстық құрылымы ерлер санының әйелдер санынан екі есе көптігімен ерекшеленеді. Халқының 30-ы 0-14 жас аралығындағы жұмысқа жарамсыз жасөспірімдер құрайды, 5,5%-ын жұмыс жасынан асқан 65 жастан жоғары жастағы халқы құрайды. Халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 71,5 жас. 3
ә) Этникалық құрылымы
Түркия көптеген жылдар бойы көп ұлтты болып келді. Сондықтан этностардың жалпы санын дәл анықтап шығу мүмкін емес. Түркиядағы бүкіл күрдтердің саны 1993 жылғы Джонстоунның болжамы бойынша 6,5 миллион адамды құрады. 2011 жылғы ЦРУ-дың мәліметі бойынша бүкіл халықтың 18%-ы күрдтер делінген. Олар Түркияның территориясының көп бөлігін мекен етіп жатыр, әсіресе елдің шығыс бөлігінде олар көптеп қоныстанған. Елде Қырым татарлары көп қоныстанған, олардың жалпы саны 500 мыңнан 5 миллионға дейін жетеді. Олардың көбі XVIII, XIX және XX ғасырларда Қырымды Ресей империясына күштеп қосу кезінде Түркияға қоныс аударған қашқындар деуге болады. Сонымен қатар Солтүстік Кавказдан келген ұлт өкілдері тараған. Олар: мухаджирлер, черкестер, адығтар, абхаздар, қарашайлар, дагестандықтар, ингуштар, осетиндер, чешендер, абазиндар. Бұл көрсетілген ұлттардың жалпы саны 4 миллон адамды құрайды. Елдің оңтүстік батысында 1 миллионнан астам арабтар өмір сүреді. Елдің ірі қалаларында, әсіресе Стамбул қаласында ассириялықтар көп өмір сүреді. Лаздар мен хемшилдер (мұсылмандық армяндар) Қара теңіздің шығыс жағалауында өмір сүреді. Йорюкамдар мен тахтаджамдар Түркияның 0,1 %-ын құрайды. Гректер, армяндар, грузиндер, азербайжандар және басқа ұлттар елдің бүкіл аумағында қоныстанған. Әсіресе Стамбул, Измир, Анкара қалаларында көптеп шоғырланған. Ежелден Түркияда бірнеше мыңдаған орыстар да қоныстанған. 4
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. Бас редакторы. Ә.Нысанбаев.- Алматы 2001ж. (305-308 ,беттер.)
2. История Турции, Москва, 1974. 77-78 беттер.

б) Тілі
Түркияның мемлекеттік тілі - түрік тілі. Бірақ армян мектептері мен армян тіліндегі басылымдар шығып тұрады. 2002 жылы Түркияның парламенті тілге байланысты демократиялық реформалар қабылдаған болатын. Бұл заңға сәйкес түрік тілімен қатар күрт тілін қатар қолдану, күрт тілін білім жүйесіне енгізу мен мұсылман емес халықтардың құқығын қорғау туралы заңнамалар енгізілген.
в) Діні
Негізінде Түркияда мұсылмандар 99%-ды құрайды, оның ішінде көп бөлігі - сунниттер, аз бөлігі - алевиттер. Ал 1%-ы ғана христиандар мен иудайсттер. Елде дінге бостандық берілген, бірақ заң түрінде қаралады. Халқының көп бөлігі ислам дінін ұстанады. Ислам дінінің бірлестіктері - тарикаттар көп. Накшбанди және Мевлеви тарикаттары көп. Олардың көбі күрттер. Бүкіл Түркияның аумағында 78 мың мешіт жұмыс істейді. 321 христиандық бағыттағы ұйымдар тіркелген. 36 иудайсттық синагогтар жұмыс атқарады, тағы 3 синагог тіркелген, бірақ әлі жұмыс істемейді. Олар Стамбулда, Аданада, Анкарада, Измирде, Чанаккаледе, Хатаеде, Бурседе, Кыркларелиде орналасқан. 1
г) Нәсілі
Түркияда азияттар көп, еуропойдтар екінші орында.
Елдің негізгі халқы - түріктер. Осман империясының кезінде түрік халқын османдықтар деп атаған. 2
д) Таралуы мен қоныстануы
2009 жылғы Түркияның халқы 72,6 млн адамды құрады. Халық тығыздығы 1 км² жерге 88 адам, қала халқының тығыздығы 75,5 адам. 15 жастан жоғары білімді халқы 88,1 %-ды құрайды. Елдің басты үлкен қалаларында халықтың саны қарқынды өсуде. Мысалы, Анкара мен Стамбул қалаларындағы халық саны 1990 жылы 18,4 %-ды құраса, 2010 жылы 24,4 %-ға жетті. Ал елдің шығыс және молтүстік батыс аудандарында бөлігінде халық саны күрт төмендеуде. Солтүстік-шығыс Анатолия аймағындағы халық саны 1990 жылы 235 мың адамды құраса, 2009 жылы халық саны 220 мың адамды құрады. Елдің территориясында халық біртекті қоныстанбаған. Халық Мрамор және Қара теңіз жағалауларында, Эгей теңізінің бөлігіне жататын аймақтарда тығыз орналасқан. Халық ең тығыз орналасқан қаласы - Стамбул, халық ең аз қоныстанған ауданы - Хаккяри. 3

Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. Бас редакторы. Ә.Нысанбаев.- Алматы 2001ж. (305-308 ,беттер.)
История Турции, Москва, 1974. 77-78 беттер.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы, 2005 жыл.

VI. Шаруашылығы:
1. Өнеркәсібі.
Ел экономикасындағы өнеркәсіптің үлесі - 28 %, ауыл шаруашылығы - 15%, құрылыс -- 6 %, қызмет көрсету саласы - 51 %-ды құрайды. Өнеркәсіптің ішінде қайта өндеу өндірісі құрылысты қоса алғанда 84 %-ды құрайды. Өнеркәсіптің ішінде текстиль, тері, химиялық және фармацевтикалық салалар, энергетика, металлургия, су көлігі, машина құрастыру, электлендірілген шаруашылыққа қажетті құрал-жабдықтарды шығару салалары дамыған. Қазіргі кезде Түркияның текстиль өндірісі Шығыс Азиямен тайталаса алмауда. Текстиль өндірісі құлдырауды басынан кешуде (-12 %-ға төмендеді 2005 жылғы мәлімет бойынша). Аса қарқынмен дамып жатқан салалардың бірі автомобиль өндірісін айтуға болады (+9,6 %-ға дамып келеді 2005 ж), химиялық өндіріс (+7,2 % 2005 ж).
Еуропа бойынша автомобиль өндірісінен Түркия 6-орынды алады. Түркияда мынандай автокөлікткерді жасап, құрастырып шығарады: Ford, FIAT, Renault, Toyota, Honda, Opel, Hyundai, Mercedes-Benz және MAN, BMC, Temsa, Otokar. Түркияның өнеркәсібін құрайтын салаларының үлесі (2009 жылғы мәлімет бойынша): металлургия - (15,8 %); автокөлік өндірісі - (13,5 %); тігін өнеркәсібі - (10,1 %); текстиль өнндірісі - (10,0 %); өнеркәсіп жабдықтары - (8,5 %); тамақ өнеркәсібі - (6,2 %); темірді қайта өңдеу - (4,7 %); химия өнеркәсібі - (4,5 %); электротехника өнеркәсібі - (4,3 %); пластмасса мен резина шығару - (4,2 %); қазба байлықтарды өндіру - (3,9 %); мұнай және көмір - (3,8 %); жиhаз - (2,9 %); транспорт түрлерін шығару - (2,5 %); электр өнеркәсібі - (2,0 %); қағаз өнеркәсібі - (1,0 %); тері және аяқ киім - (0,5 %); ағашты өңдеу - (0,5 %); медицина және оптика заттарын, құрал-жабдықтарын жасау - (0,4 %); темекі - (0,3 %); баспа полиграфия - (0,2 %), кеңсе техникаларын шығару - (0,1 %). Түркия мемлекеті матаны (текстильді) көптеп шығарады. 2
1."Малая Азия" в 1945 -- 2000 гг., Москва, 2004. 20-21 беттер.
2. Энергетика: Энергия для устойчивого будущего -- SWEDEN - журнал. 3-4 беттер, 9-бет.
2. Ауыл шаруашылығы.
Егіншілік ауыл шарашылығының жетекші саласы. Ел аумағының 33%-ын егістік алып жатыр. Ол жер аумағының 28 млн гектарын алып жатыр. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркия мемлекеті туралы
Мұстафа Кемал Ататүрі
Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасысының қарым-қатынасы қазіргі заманғы өркениетті мемлекеттер байланысының үлгісі (М.К.Ататүріктен – Н.Ә.Назарбаевқа дейін)
Қзақстанның Түркиямен қарым – қатынасы
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Жалпы түркі тарихы. Дәрістер
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Осман мемлекетінің құрылуы
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық мәселелері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ - түрік саяси байланыстары
Пәндер