Бразилия



ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің қалыптасу тарихы
2. Мемлекеттік құрлысы
3. Табиғаты және табиғат ресурстары
4. Халқы
5. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б ) ауыл шаруашылығы
в ) көлік жүйесі
6. Сыртқы сауда байланысы
7. Туризм
8. Экологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ

Бразилия

• Жерінің ауданы: 8,5 млн км2
• Халқы: 193,3 млн адам (2009 ж.)
• Астанасы: Бразилиа
• Мемлекеттік құрылымы: федерациялық республика
• Мемлекет басшысы: президент
• Заң шығарушы органы: Ұлттық Конгресс
• Мемлекеттік тілі: португал тілі
• Ақша бірлігі: реал
• Әкімшілік-аумақтық бірлігі: штаттар және федералдық округ

Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Бразилия – Латын Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен дүниежүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне, экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны, әдетте, «тропик алыбы» деп атайды.
Жері – 8,5 млн.км2. Халқы 163 млн.(1996ж). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон,италиялық, неміс, араб, француз, тағы да басқа) тұрады. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – 7 қыркүйек Тәуелсіздік күні.
Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік жағынан 25 штатқа, 1 федералдық округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен, ыстық, жауын – шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан – Франсиску, Паранамба, Парана. Стратегиялық маңызды ниобий, уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.
Бразилияда 10 халықаралық әуежай, 16 теңіз порты, 192 жоғарғы оқу орны, оның ішінде 93 университет бар.
1. Социально – экономическая география зарубежного мира /Под ред. В.В.Вольского. – М.: КРОН-ПРЕСС, 1998. /364-372 б./
2. Максаковский В.П. Географическая картина мира. В 2 кн. Кн. II: Региональная характеристика мира. – 4-е изд.-М.: Дрофа, 2009. /459-457б./
3. Саиров Ж. Әлем мемлекеттері. – Астана: Жүйелі зерттеулер институты, 2008. /64-67б./
4. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.-Алматы: Бас редакция, 2005. 3том /412-414б/
5. Бразилия в современном мире // Латинская Америка.,1995 №11
6. Қазақ Совет энциклопедиясы.-Алматы: Бас редакция, 1974. 3том /448-453б/
7. Вуколов В.Н. Халықаралық туризмнің тарихы және теориясы.-Астана, 2005. /232 б./

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттің қалыптасу тарихы
2. Мемлекеттік құрлысы
3. Табиғаты және табиғат ресурстары
4. Халқы
5. Шаруашылығы:
а) өнеркәсібі
б ) ауыл шаруашылығы
в ) көлік жүйесі
6. Сыртқы сауда байланысы
7. Туризм
8. Экологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Бразилия

• Жерінің ауданы: 8,5 млн км2
• Халқы: 193,3 млн адам (2009 ж.)
• Астанасы: Бразилиа
• Мемлекеттік құрылымы: федерациялық республика
• Мемлекет басшысы: президент
• Заң шығарушы органы: Ұлттық Конгресс
• Мемлекеттік тілі: португал тілі
• Ақша бірлігі: реал
• Әкімшілік-аумақтық бірлігі: штаттар және федералдық округ

Бразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының
шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Бразилия – Латын
Америкасындағы ең ірі ел, жерінің ауданы және халқының саны жөнінен
дүниежүзінде бесінші орынды алады. Аумағы мен ресурстық мүмкіншіліктеріне,
экономикасының ауқымына байланысты Бразилияны, әдетте, тропик алыбы деп
атайды.
Жері – 8,5 млн.км2. Халқы 163 млн.(1996ж). Халқының этникалық құрамы:
ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-
нан астам иммигранттар (жапон,италиялық, неміс, араб, француз, тағы да
басқа) тұрады. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы –
7 қыркүйек Тәуелсіздік күні.
Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы
Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлттық
Конгресс федералдық сенат және депутаттар палатасынан тұрады. Әкімшілік
жағынан 25 штатқа, 1 федералдық округке бөлінеді. Губернатор билейтін әрбір
штат өз конституциясын ұстанады.
Бразилия жері экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік
ендіктерде орналасқан. Жерінің көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр.
Климаты негізінен, ыстық, жауын – шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы
ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң экваторлық ендікте. Суы мол, энергия
көзіне бай өзендер көп, ішіндегі ірілері: Амазона, Сан – Франсиску,
Паранамба, Парана. Стратегиялық маңызды ниобий, уран, торий кендері бар.
Одан басқа темір, марганец, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі.
Бразилияда 10 халықаралық әуежай, 16 теңіз порты, 192 жоғарғы оқу
орны, оның ішінде 93 университет бар.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы. Бразилия жеріне адам неолит
дәуірінде қоныстанған. 16 ғасырдың басына дейін Бразилия жерін тупигуарани,
тупинамбас, короадос, т.б. үндіс тайпалары мекендеген. Олар аңшылықпен,
балық аулаумен, жер өңдеумен шұғылданып, темекі, какао және т.б. дақылдар
өсірді. 1500 жылы Бразилия жағалауына португалдық П. А. Кабрал келіп түсті
де, өзі тапқан жерді Португалия иелігі деп жариялады. Ол пау-бразил атты
құнды қызыл ағашты Бразилиядан Португалияға тасыды. Бұл ағаштан қызыл түсті
бояу алынатын. Кейін елдің өзі осы ағаштың құрметіне Бразилия деп атала
бастады. 1549 жылы генерал-губернаторлық құрылып, астанасы Баия (Салвадор)
қаласы болды. 1517 жылдан құлдар әкеліне бастады да, құл еңбегінің
нәтижесінде ірі жер иеліктері пайда болып, онда қант қамысы, мақта, күріш,
жгері өсірілді. Кейіннен алтын мен алмас шығарылуына байланысты Бразилия
Португалияның ең бай отары бола тұра, Бразилия еурапалық елдер үшін де
шикізат көзіне айналды.
1763 жылы астана Баиядан Рио-де-Жанейроға көшірілді. 18 ғасырдың 60-
70 жылдары үндістерді құл ретінде пайдалануға тыйым салынды және
мануфактуралар салуға, сауда компанияларын құруға рұқсат етілді, бірақ
Лиссабон сарайы 1785 жылы мануфактура құруға, кітап басуға, кеме жасауға
тыйым салынды.
1807 жылы Португалияға Наполеон әскері басып кіргеннен кейін,
Португалия Корольдігінің әкімдері Рио-де-Жанейроға қашып барды. 1815 жылы
Бразилияға корольдік статус беріліп, Португалия, Бразилия және Алгарва
біріккен корольдігінің құрамдас бөлігіне айналды. Португалияда 1820 жылы
болған тамыз төңкерісінен соң, король Жуан (Жоао) IV Бразилиядан кетуге
мәжбүр болды да, өзінің ұлы Педруды реген етіп қалдырады. 1822 жылы
қаңтарда Педру І Бразилияның Тәуелсіздігін жариялады. 1824 жылы наурыз
айында елдің тұңғыш конституциясы қабылданып, конституциялы монархия
орнады. Келесі жылы Португалия Бразилияның тәуелсіздігін мойындады. 1850
жылы елге құл әкелуге тыйым салынып, 1888 жылы құл иелену мүлде жойылды.
1889 жылы 15 қарашада либерал помещиктердің өкілдері әскери төңкеріс жасап
Бразилияны федеративтік республика деп жариялады.
1891 жылы ақпанда құрылтай жиналысы АҚШ үлгісінде жаңа
конституция қабылдады. Елдің экономикасы баяу дамып, ағылшын-америкалық
капиталына тәуелді болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания мен АҚШ-
тың қысымымен Бразилия Германияға соғыс жариялап, 1918 жылы Еуропаға
бірнеше әскери бригадаларын жіберді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде
Бразилияда АҚШ-тың ықпалы күшейді де, 1942 жылы тамызда Германия мен
Италияға, 1945 жылы маусымда Жапонияға қарсы соғыс жыриялады. 1944 жылы 50
мыңдық әскери корпусын Италия майданына жіберді. 1950-1960 жылдары Бразилия
аграрды елден аграрлы-индустриялы елге айналды. Сан – Паулу, Рио – де –
Жанейро, Ресифи тағы да басқа ірі өнеркәсіп орталықтары өсті. 1960 жылы 21
сәуірде ел астанасы Бразилиа қаласына көшті. Бразилия буржуазиясы
экономикалық жағынан күшейді. Дегенмен, Бразилия экономикасының көптеген
маңызды саласы шетел, негізінен, АҚШ капиталының қолында қалды. 1960 жылғы
сайлауда Ж. Куадрос президент болып сайланды. Оның үкіметі неғұрлым
тәуелсіз сыртқы саясат жүргізу бағытын ұстады. Бұл американ
монополияларымен байланысты реакцияшыл топтарға ұнамады. Ж. Куадрос 1961
жылы тамызда орнынан түсті. Бірақ олар дегеніне жете алмады. Ұлтшыл күштер
вице – президент Ж.Гулартты президент етіп тағайындаттырды. Гуларт үкіметі
Совет Одағымен дипломатиялық қатынасты қалпына келтірді. 1961 жылы қазан –
қарашада елдің ұлтшыл патриоттық күштерінен Ұлт – азаттық майданы құрылды.
Гуларт үкіметі негізінен ұлттық буржуазия мен ұлтшыл күштерге сүйенді.
Үкімет аграрлық, финанс, банк, оқу реформасын тағы да басқаны жүргізу
программасын ұсынды. 1963 жылы желтоқсаннан 1964 жылдың наурызына дейін
мұнай мен мұнай өнімдері импортына мемлекеттік монополия орнату, мұнай
өңдеу кәсіпорындарын мемлекет қарамағына алу тағы да басқа прогрестік
шараларды жүзеге асыру жөнінде декреттер қабылданды. Сыртқы саясат
саласында Гуларт үкіметі жаппай және толық қарусыздану, әлеуметтік –
экономикалық құрлысы әр-түрлі мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру бағытын
ұстанды.
АҚШ монополияларымен байланысты реакцияшыл кертартпа топтар, әсіресе
генералдар тобы Гуларт үкіметіне қарсы шықты. 1964 жылы 31 наурызда Минас-
Жерайс штатында үкіметке қарсы әскери бүлік шықты. Генерал Кастелу Бранку
бастаған әскери – саяси топ үкімет басына келді. 11 сәуірде Бранку
президент болып сайланды. Бранку үкіметі саяси партияларды таратты, Кубамен
дипломатиялық қатынасты үзді, Доминикан Республикасына қарсы американ
басқыншылығына қатысты, АҚШ-тың Вьетнамға қарсы агрессиясын қолдады. 1967-
1968 жылы студенттік қозғалыс және жұмысшылардың әскери тәртіпке қарсы,
жалақыны көбейту жолындағы күресі өріс алды. 1968 жылы желтоқсанда
парламент таратылып, өкімет билігі толығымен президентке берілді.
Президенттің ауруына байланысты 1969 жылы тамызда үш әскери министр өкімет
билігін өз қолдарына алды. Қазанда генерал Э.Гаррастазу Медиси Бразилияның
президенті болып жарияланды. Бірақ ол ішкі саясатқа белгілі бір өзгеріс
енгізе қойған жоқ.
Кейінгі жылдары елдің экономикалық жағдайы біршама тұрақтанып,
инфляция ауыздықталды. Осы кездегі экономика министрі Ф.Э. Кардоза 1994
жылы 3 қазанда өткен президент сайлауында жеңіске жетті. [1]

Мемлекеттік құрылысы. Бразилия федерациялық республика. Қазіргі
конституциясы 1969 жылы 17 қазан күні қабылданған. Мемлекет және үкімет
басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы – президент (5 жылға сайланады).
Жоғары заң шығарушы органы – парламент (Ұлттық конгресс), ол екі палатадан
(сенат және депутаттар палатасынан) құралады. Бразилияда 16 жастан асқан
азаматтар ғана сайлау құқығына ие. 18-ден 69 жас аралығындағы барлық
сауатты азаматтар сайлауға қатысуға міндетті.
2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап сайлауда ең көп дауыс жинаған 63
жасар Дилма Руссеф өзінің президенттік қызметіне кірісті. Ол осы
латынамерикалық мемлекеттің тұңғыш әйел президенті.

Дилма Руссеф Бразилия үкіметіне тағы да 9 әйел министр қосқысы
келетінін айтты. Өзінің президенттік кезеңінде Бразилияның жаңа
президентіне көптеген қиындықтармен бетпе-бет келуіне тура келеді. 2014
жылы мемлекет футболдан әлем чемпионатын қабылдаса, екі жылдан соң осы елде
Олимпиадалық ойындар өтпек. [3]

Табиғаты және табиғат ресурстары. Бразилия жері экваторлық
(солтүстік бөлігі), субэкваторлық, тропиктік (орталық және оңтүстік
бөлігі), субтропиктік (қиыр оңтүстік-шығыс) ендіктерде орналасқан. Жерінің
көбін Бразилия таулы үстірті алып жатыр. Климаты негізінен ыстық, жауын-
шашын мөлшері әр түрлі. Батыс жағы ылғалды экваторлық, шығыс жағы қуаң
экваторлық ендікте. Суы мол, энергия көзіне бай өзендер көп, ішіндегі
ірілері: Амазонка, Сан-Франсиску, Парнамба, Парана. Ниобий. Аумағының 93%-ы
оңтүстік жарты шарда жатқан Бразилия жерінің табиғаты алуан түрлі.
Бразилияның ең биік нүктесі – Бандейра тауы (2890 м). Тұтасымен ежелгі
Оңтүстік Америка платформасында орналасқан ел аумағы пайдалы қазбаларға да
бай. Бразилия темір кенінің қоры жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алады,
мұнда аса ірі Каражас кен орны (қоры – 18 млрд т) орналасқан.
ХХ ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген темір кенінің 19%-ы
Бразилияға тиесілі болды.
Елде уран, торий кендері бар. Одан басқа темір, марганец, алмас,
боксит, алтын, мыс, мұнай, газ, көмір қорлары мол кездеседі. Сонымен қатар
мемлекет аумағында дүниежүзілік маңызы бар кен орындары барланған. Елдегі
аса ірі Каражас кен орнында темір, түсті және сирек кездесетін металдардың
мол қоры табылған.
Бразилияның қайталанбас табиғатын қорғау, табиғат ресурстарын
тиімді пайдалану мәселесі халықаралық деңгейде көтеріле бастады. Соның
нәтижесінде ғаламшарымыздың өкпесі деп аталатын мәңгі жасыл ормандарды
кесіп, ағаш сүрегін шетке сатуға тыйым салынған. [4]

Халқы. Бразилия халқының саны 193,3 млн адам, яғни дүниежүзі
тұрғындарының 2,8%-ын, Латын Америкасы халқының үштен бір бөлігін құрайды.
Орташа есеппен алғанда халық тығыздығы 1 км2 жерге 23 адам болғанымен, ел
аумағы бойынша халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым бөлігі Атлант
мұхиты жағалауында шоғырланған. Мысалы, оңтүстік-шығыста халық тығыздығының
көрсеткіші 70 адамнан асады. Елдің ішкі аудандарында халық сирек
қоныстанған. Бұл, әсіресе солтүстіктегі ну орманды аудандарда айқын
байқалады, мұнда халық тығыздығы 1 км2 жерге 2-3 адамнан ғана келеді. Соңғы
онжылдықтарда қала халқының саны артуда. 2010 жылы Бразилияда қала халқының
үлесі 81%-ға жетті. Аса ірі қалалары – Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-
Оризонти, Ресифи, Порт-Алегри.
Соңғы жылдары Бразилия халқының жас құрамында үлкен өзгерістер
болды.

Бразилия халқының жастық-жыныстық пирамидасы

Ел халқының 28%-дан астамын 15 жасқа дейінгілер құрағанымен,
халық санының өсуі баяулай бастады. ХХ ғасырдың ортасында ел халқы жылына
орташа есеппен 3%-ға артса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 1%-ды құрайды.
Қазіргі кезде туу көрсеткіші 1000 адамға 17, ал өлім 1000 адамға шаққанда 6
адамға тең.
Латын Америкасындағы басқа да елдердегі сияқты, Бразилия халқының
да нәсілдік және этностық құрамы өте күрделі. Қазіргі Бразилия ұлтының
қалыптасуына монғол тектес нәсілге жататын жергілікті үндістер мен
Африканың батысынан әкелінген қара нәсіл өкілдері негіз болды. Қазіргі
кезде Бразилия жерін 180-нен астам тілде сөйлейтін 200 үндіс тайпасы мекен
етеді. Жағалауда тұратын үндістер еуропалықтармен және африкалықтармен
араласуы нәтижесінде аралық нәсілдік топтар қалыптасты. ХХ ғасырдың басында
Бразилия жеріне жапондар, арабтар және т.б. азиялықтар қоныс аудара
бастады. Қазіргі кезде азиялықтар ел халқының 1%-дан астамын құрайды.
Бразилиядағы мемлекеттік тіл – португал тілі, бұл тілде шағын
үндіс тайпаларын қоспағанда ел халқының түгелге жуығы сөйлейді. Діни нанымы
жағынан бразилиялықтардың көпшілігі – католиктер, елде протестанттар мен
жергілікті діндерді ұстанушылар да бар. Елдің солтүстігінде үндістік,
солтүстік-шығысында африкалық, оңтүстігінде еуропалық мәдениеттің
элементтері сақталған. Антропологиялық жағынан түрлі, көбінесе аралас нәсіл
типіне жатады. [2]

5.Шаруашылығы. Бразилия – Латын Америкасындағы экономикалық потенциалы
ірі елдердің бірі. Бразилия – нарықтық экономикасы жоғары дамыған,
индустриялы-аграрлы мемлекет. Ел экономикасының негізгі көрсеткіші өндіріс
өнеркәсіптерінде халықтың басым бөлігі қызмет етеді.
Жалпы Ішкі Өнім көрсеткіші (2009):1708,4 млрд. USD
Жан басына: 9083 USD
Импорт – 76 млрд $, экспорт – 83,6 млрд $. Бразилияда жақсы дамыған
өндіріс салалары: автомобиль жасау, ұшақ жасау, электронды есептеу
техникасы, металлургия, химиялық, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп.
Португалияның ұзаққа созылған отарлық саясаты, одан кейін тәуелсіз
Бразилияда шетел капиталының қожалық етуі елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуын тежеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Бразилия экономикасында
ағылшын капиталының ықпалы күшті болды. 40-50 жылдары Бразилияда АҚШ
капиталының үлесі көбейе бастады, 60 жылдары Германия мен Жапонияның ықпалы
арта бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бразилия экономикасында
мемлекеттік сектор пайда болды; мемлекеттік қаржының үлесі, әсіресе, теңіз
транспортында, мұнай мен темір рудасын, тас көмір өндіруде, қара
металлургияда басым дәрежеге жетті. 60 жылдары Бразилияның ұлтық өнімінде
ауыл шаруашылығының үлесі әлі де басым болды.

Бразилия экономикалық қуаты, ресурстық және әлеуметтік-экономикалық
даму мүмкіншіліктеріне, аймақтық және дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына
байланысты дамушы дүниенің жетекші елдері қатарына жатады. ХХ ғасырдың
соңына қарай ЖІӨ көлемі жөнінен Бразилия дүниежүзіндегі алғашқы ондыққа
енді, 2009 жылғы қорытындысы бойынша 9 орында. Ұлттық жиынтық өнімнің
құрылымында да өзгерістер болды.

Осы алғышарттар негізінде бірнеше онжылдық ішінде аграрлық елден
индустриялы-аграрлық елге айналған . [6]

Өнеркәсіп. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Бразилияның өнеркәсібі мешеу
қалғанды. 50 жылдардан бастап бұрын болмаған машина жасау, 60 жылдары
станок, кеме жасау, энергетика кәсіпорындары салына бастады. Бразилияда
өндіріс жоғары дәрежеде шоғырланған; кәсіпорындарының көбі Сан-Паулу, Рио-
де-Жанейро қалалары мен Минас – Жерайс, Гуанабара штаттарында орналасқан.
Аймақта өнеркәсіптің құрылымы соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерді.
Бразилияда қазіргі заманғы өнеркәсіп өндірісі пайда болған. Соңғы 30 жылда
елде қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, машина жасау жоғары
қарқынмен дамыды. Ел экономикасының дамуында 4 сала – болат балқыту,
автомобиль жасау, қызмет көрсету және мұнай химиясы шешуші рөл атқарады.
Тау – кен өндірісі өнеркәсіп өнімінің 2,3%-ын береді. Темір рудасының
табиғи қоры жөнінен Бразилия капиталисті елдер арасында басты орындардың
бірін алады. Ірі кендері Минас – Жерайс штаты мен Итабира қаласы маңында.
Амапа аймағында, Минас – Жерайс, Мату – Гросу штаттарында марганец рудасы,
Минас – Жерайс штатының оңтүстік бөлігінде боксит, Риу-Гранди-ду-Норти
штатында вольфрам өндіріледі. Бразилияда стратегиялық маңызы бар ниобий,
бериллий, уран, торий рудаларының кендері ашылған. Тас көмірі мен мұнайы
елдің өз мұқтажын өтей алмайды.
Бразилияның энергия балансында су энергиясы және мұнай мен газ
басым орын алады. Отынның басқа түрлері арасында қант қамысынан өндірілетін
этил спиртінің маңызы артып келеді; қазіргі кезде елдегі автокөліктің 90%-
дан астамы осы отынмен жұмыс істейді. Елдің мұнай кәспшіліктері ішкі
сұраныстың жартысына жуығын ғана қамтамасыз етеді, негізгі мұнай
кәсіпшіліктері теңіз жағалауларында орналасқан. Бұл салада Петробраз
мемлекеттік мұнай компаниясы жетекші орын алады.
Елдегі электр энергиясының 96%-ы су электр станцияларында
өндіріледі. Әсіресе Парана және Сан-Франциску өзендері алабының
энергетикалық қоры неғұрлым толық пайдаланылған. Қазіргі кезде Амазонка
алабының қорларын пайдалану қарқынды жүруде. Электр энергиясын өндіру
жөнінен Бразилия алғашқы он ел қатарына кірді. Су энергиясы мен жергілікті
боксит кенін пайдалану нәтижесінде Бразилия алюминий өндіруден дүниежүзінде
төртінші орынға шықты. Оңтүстік-шығыста шоғырланған алюминий өндірісі,
негізінен, АҚШ пен Канада қаржысының есебінен өркендеуде. Қара металлургия
саласында да шетел қаржысы мен бірлескен кәсіпорындары елеулі орын алады.
Қара металлургия кәсіпорындарының көбі мемлекеттік секторға бағынады, олар
елдің оңтүстік – шығыс бөлігіндегі қалаларда шоғырланған. Бразилия қара
металл жөніндегі қажетінің 90%-ын өз өндірісі есебінен өтейді. Сорокаба мен
Ору-Прету қалаларында алюминий зауыттары бар. [1]

Машина жасау. Машина жасау Бразилия өндірісіндегі жас салалардың
бірі. Елдің машина жасау өнеркісібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30%-дан
астамын береді. Шетелдерден әкелінген тетіктерді құрастыру негізінде пайда
болған автомобиль жасау кәсіпорындарында қазіргі кезде қажетті бөлшектердің
барлығы жасалады. Бразилия 2009 жылы 3,2 млн автомобиль шығарды, жүк
машиналары мен автобус жасаудан дүниежүзінде бесінші орынға шықты. ХХ
ғасырдың 80-жылдарынан бастап елде күрделі әскери техника өндірісі жолға
қойылған. Машина жасау өнеркәсібі электрондық және есептеу құралдарына
деген сұраныстың 80%-дан астамын, ақпарат құралдарына сұраныстың
жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Көлік жасау, әсіресе, автомобиль жасау
дамыған шетелдік компаниялармен басқарылады. 70 жылдары елдегі авто жасау
өндірісінің жартысы "Фольксваген ду Бразил" иелігінде, ал 40% "Дженерал
моторс", "Форд-Виллис" және "Крайслер ду Бразил" филиалдары құрады. Ірі
автомобиль зауытына италяндық Фиат компаниясы ие. Швед және жапония
компаниялары да орналасқан. Трактор жасау да шетелдіктердің қолында.
Бразилияда кеме жасау 17 зауыты жұмыс істейді, оның үшеуі сыйымдылығы 100
мың т. кеме жасайды.

Барлық ірі кеме зауыттары Гуанабара бухтасында орналасқан. Соңғы
кездері Бразилия ірі кеме жасаушы елге айналды. Кеме жасау өндірісі басқа
салалардан оқ бойы озып келеді. Қазір Бразилия кеме тапсырысы бойынша
әлемдік бестікке кіреді. Елдегі ірі кеме жасаушы компаниялар: "Ишикавадзима
ду Бразил", "Комерсио навегасио" және "Веролме эсталейрос Реунидас".
Бразилия кеме қозғалтқышын және бөлшектерін жасаушы жалғыз дамушы ел. Ішкі
сұранысты толық қанағаттандырып, енді экспортқа шыға бастады. 1971 жылы Сан-
Жозе-дус-Кампус қаласындағы авиациялық зауытта, "Эмбраэр" мемлекеттік
компаниясы алғашқы әскери ұшақ жасап, оны 1975 жылы экспорттай бастады.
Елдегі төрт авиациялық зауытта ұшақтардың оншақты түрі шығарылады, 70
жылдардың соңында тікұшақ жасау қолға алынды. Бразилиялық машина жасау
индустриясының орталығы екі қала - Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро. [4]

Ауыл шаруашылығы – Бразилия экономикасының маңызды саласының бірі. Ел
экспортқа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі бойынша
дүниежүзінде АҚШ пен Франциядан кейін үшінші орын алады. Басты ауыл
шаруашылығы дақылдары кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршақ, бидай,
какао, мақта.
Бразилияда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған экономика саласы. Бұл
салада халықтың 30% жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық өнімінің 65%-дан
астамын егіншілік береді. Экспортқа шығатын тауар түрлері жемістер, темекі,
кофе, бал, қант, теңіз өнімдері, мал өнімдері. Туризм жағынан Бразилия
ауылшаруашылығы апельсин, банан, лимон өсіру; экзотикалық өсімдіктермен гүл
өсіру; мал түрлері ірі қара, қой, жылқы, үй құстарын өсіру; күріш, шай,
кофе өсірумен қызықты. Туристерді көп қызықтыратын – кофе. Кофе
плантацияларының көпшілігі оңтүстікте, атап айтқанда Сан-Паулу, Белу-
Оризонти және Рио-де-Жанейро қалаларының маңында, шығыста Ресифи және
Сальвадор қалаларының маңында өсіріледі.
Бразилия ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды бөлігі, жалпы
экспорттың 25 бөлігін, ел территориясының 6,0% құрайды. Жайлым жерлер
21,9%, ормандар 57,7% (бағалы ағаштар қоры жөнінен әлемде бірінші орын).
1,5% құрайтын ірі жер иеленуші-латифундистер өңделетін жердің жартысына ие,
ал 80% ауылшаруашылығымен айналысатындардың өз иелігінде жерлері жоқ.
Бразилия-әлемдегі ірі кофе және қант құрағын, какао-боб, соя, апельсин,
банан, мақта өндіруші және экспорттаушы ел. Негізгі азық-түлік (егін
алқабының жартысы) түрлері: жүгері, күріш, асбұршақ, маниок, бидай, арпа,
сұлы, темекі өндіреді. Жеміс-жидек және көкөніс өсіру дамыған. Мал
шаруашылығында ірі қара, жылқы өсіру, ет өндірісі дамыған. Теңіздік және
өзен балық шарушылығы алға қойылған. Орманда жабайы каучук, карнауб,
бразилия жаңғағын, пальма өнімдерін, парагвай шайы (йерба-мате), ағаш
қылқандарын жинау (араукарии) өндірісі кең тараған.
Бразилия – биоэнергетикалық жанармайдың негізгі өндірушісі. Авто
жанармай бекеттері қазіргі таңда қант құрағынан, табиғи газдан немесе
этанолдан жасалған дизель отынын ұсынады. Бразилия жанармай түрінде этил
спиртін пайдалануға 70 жылдары мұнай бағасы қымбаттағанда өткен болатын.
Содан бері көліктердің үштен бір бөлігі этанолмен жүреді. Бразилиялық спирт
әлемдегі ең арзан спирт болып саналады. Биоэтанол бұл- ауылшаруашылық
өнімдерінен, негізінен қант және крахмалы көп жүгеріден, бидайдан немесе
қант құрағынан жасалатын, сұйық спиртті жанармай. Жанармай этанолының
құрамында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бразилия Федеративтік Республикасы
Бразилияның туристтік индустриясы
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Бразилия мемлекеті туралы
Бразилия федеративті Республикасы
Бразилия мемлекеті
Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы кофе және бидай
Халықаралық сауда теориясындағы салыстырмалы артықшылықтар қағидасының мәні
Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
Бразилияда туризм дамуының ерекшеліктері
Пәндер