ҚР Паламенті


ҚР Паламенті
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы Конституциясы, 3-бап) . Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен Республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері еліміздің Конституциясында бекітілген.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және 1995 жылы 16 қазанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен реттеледі.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, еліміздің Парламенті тұрақты түрде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат жанама сайлау арқылы құралады. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасы астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы бес жылдан кем емес, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты болып сайлана алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған Төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Парламенттің үйлестіруші органдары Палаталар Төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжілістің Бюросы болып табылады. Палаталар Бюроларының құрамына Палаталар Төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерінің Төрағалары кіреді. Мәжіліс Бюросының құрамына Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де енеді.
Парламенттің жұмыс органдары Сенат және Мәжілістің тұрақты комитеттері, сондай-ақ Палаталардың бірлескен комиссиялары болып табылады. Палаталардың тұрақты комитеттері заң жобалары жұмысын жүргізу, Палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын-ала қарап, дайындау үшін құрылады. Тұрақты комитеттер құрылған кезде Палаталар олардың тізбесі мен сандық құрамын белгілейді, содан кейін тұрақты комитеттердің мүшелерін сайлайды. Сенат және Мәжіліс құратын тұрақты комитеттердің саны әр Палатада жетіден аспауға тиіс.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен өзгертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
Парламент депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен, қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Парламент депутаты:
- ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
- оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Мәжілісінің депутаты:
депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған; конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Ал Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламенттің құзыреті оның сессияларында, Палаталардың, органдарының және депутаттарының қызметімен іске асырылады. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Конституцияның 53-бабына сәйкес Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
- Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
- Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;
- Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;
- Соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
- Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың қарулы күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;
- Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
- Палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерін тыңдайды;
- Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің заң шығарушылық қызметі тек бірлескен отырыстарда ғана емес, сондай-ақ Палаталардың бөлек отырыстарында да, әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
- республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
- мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;
- Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
- мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;
- мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
- рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
- Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
- республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды, Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар, заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді, республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.
Сондай-ақ Сенаттың және Мәжілістің ерекше қарауына жататын мәселелр Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-56 баптарында берілген.
Заң шығару процессі - заңдылықтармен белгіленген заңдар шығару, заңдарға және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының қызметін жүзеге асыру рәсімі.
Конституциялық заңдылықтарға сәйкес заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Заң шығарушылық процесстің бірінші сатысы Парламентте заң шығару процессі сатысынан басталады. Бұл сатыда заң шығару бастамасының субъектілері Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізеді. Тіркелген заң жобасы алдын ала қарап, онымен одан әрі жұмыс істеу тәртібі туралы ұсыныстар әзірлеу үшін Мәжіліс қаулысымен тиісті комитетке жіберіледі. Егер заң жобасы екі және одан да көп комитетке жіберілген болса, онда қаулыда бірінші аталған комитет бас комитет болып есептеледі. Қорытынды әзірлеуге қажетті мерзім тапсырмада көрсетіледі және ол тіркелген заң жоꔱасы тиісті комитетер мен Палата Аппаратының Заңнама бөліміне келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс.
Егер Республика Президенті заң жобасын жедел қарауды арнайы жолдаумен жария етсе, Палата бас комитетінің қортынды әзірлеуіне қажетті мерзім жеті күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz