Меншікті капитал кәсіпорынның экономикалық негізі ретінде



ЖОСПАР


КІРІСПЕ


І Капиталдын экон.табигаты


1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны


ІІ КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ


2.1 Капитал айналымы


2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

3. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ

3.1.Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері
Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.

Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Капитал – қаржылық менеджменттің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.
Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал – айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы – айналым активтер формасына ауысада. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады.
Капитал келесідей болады. Капитал — өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы "Қазақстан Республикасында 1998-2000жж. бухгалтерлік есеп және аудитті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама" 1998ж., 28 қаңтар.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы, Заң күші бар "Бухгалтерлік есепке алу" туралы, 1995.

3. Субъектілердін қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есөп шоттарының Бас жоспары. 1996.

4. Сатмурзаев А.А., Абдыкалыков Т,А. "Бухгалтерский учет в рыночной экономике". Алматы: Эк., 1998.

5. Әбдіқалықов Т.Ә., Сатмурзаев А.А. Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

6. Тасмағамбетов Т.А., Радостовец В.К., т.б. Қаржы есебі. Алматы: Дәуір, 1998.

7. Дюсембаев К.Ш. и др. Аудит и анализ финансовой отчетности Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

8. Елисеева И.И., Терехов А.А. Статистические методы в аудите. М.: Финансы и статистика, 1998.

9. Ержанов М.С. Теория и практика аудита. Национальная Академия наук РК; Международная аудиторская компания "Артур Андерсен Казахстан" -Алматы: Ғылым, 1994.

10. Казахстанские стандарты по аудиту. С. Х. Кошкимбаев и др. Алматы: Қаржы-қаражат, 1995.

11. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. Изд. 4-е, перераб. и доп. М.: Филинъ, 2000.

12. Барышников Н.П. Организация и методика проведения общего аудита. Изд. 5-е, перераб. и доп. М: Филинъ, 2000.

13. Белуха Н.Т. Аудит: Учебник. Киев: Знання, 2000.

14. Бурцев В.В. Управленческий аудит системы сбыта бытовой продукции. - М.: Маркетинг, 1999.

15. Бухгалтерческий учет и аудит в строительстве Под. ред. В.А. Лукинова. М: Юрайт, 1998.

16. Бухгалтерский учет и аудит. 500 вопросов и ответов Сост. И.Полонская. Ростов н/Д: Феникс, 1999.

17. Бычкова С.М. Аудиторская деятельность. Теория и практика. СПб.: Лань, 2000.

18. Бычкова С.М, Доказательства в аудите. М.: Финансы и статистика, 1998.

19. Витулева Т.П. Бухгалтеру об аудите. М.: Бико, 2001.

20. Волковой В.М., Лахова Е.В. Международные стандарты бухгалтерские учета. Основные принципы и приемы конвертации. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Аудитор, 2000.

21. Петтн У. Трактат о налогах и сборах: Антология экономической класснки. М.: Эконов, 1993. т. 1.

22. Петти У. Экономические и статистические работы. М.: Соцэкгиз, 1940

23. Тюрго А. Р. Избранные экономические произведения. М.: Соцэкгнз, 1961.

24. Шумпетер Й. Теория экономического развития. М.: Прогресс, 1982.

25. Арсланова Р. Лившиц В. Принципы оценки инвестиционных проектов в разных системах хозяйствования // Инвестиции в России, 1995, № 1-2.

26. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций: Пер. с англ. - 2-е изд., перераб. и доп. - М: Интерэксперт ИНФРА-М, 1995.

27. Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной деятельности предприятий. -М.: Финансы и статистика, 1998.

28. Идрисов А.Б. Планирование и анализ эффективности инвестиций. – М.: 1994.

29. Кочович Е. Финансовая математика: Теория и практика финансово-банковских расчетов. - М.: Финансы и статистика, 1994.

30. Кузнецрва О.А. Лившиц В.Н. структура капитала. Анализ методов её учёта при оценке инвестиционных проектов // Экономико-математические методы, 1995. Т 31, вып. 4.

31. Ливсиц И.В., Косов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа: Учебн. справ. пособие. — М.: Бек, 1996.

32. Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. -М.: АО «Консалтбанкир», 1993.

33. Управление проектами / В.Д. Шариро, Л.М. Немчин, С.Е. Никешин. -Спб: Два-Три, 1996.

34. Холт Р.Н., Баренс С.Б. Планирование инвестиций. — М.: Дело ЛТД, 1994.

35. Четыркин Е.М. Методы финансовых и коммерческих расчетов. - М., 1995.

36. Оспанов М.Т. и др. Иносгпранный капитпап и инвестиции. - Алматы: Факсинформ, 1997.

37. Хусаинов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия МОН РК, HAH PK. Серия общественных наук, 2001, №3

38. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.

40. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.

41. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.

42. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.

43. Деловая неделя. 1997. №12,

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І Капиталдын экон.табигаты

1.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны

ІІ КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ

2.1 Капитал айналымы

2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

3. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛ

3.1.Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасу көздері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Капитал (ағылшынша -- бас мүлік, бас сома, латынша -- ең басты) -- экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), -- тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін -- өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш зерттеушілердің -- меркантилистер және физиократтар оған сыңар жақты қарауының себебі болды.

Капитал категориясына ең толық жан-жақты зерттеуді өзінің Капитал (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. Капитал экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат т.б. түрінде.

Капитал - қаржылық менеджменттің маңызды түсініктерінің бірі. Қаржылық менеджмент түсінігінен капитал корпорацияның активтеріне салынған материалдық және материалдық емес формадағы ақша қаражаттарының мөлшері. Корпоративтік қаржы түсінігінен капитал корпорациялар арасындағы және басқа да шаруашылық субьектілердің арасындағы қарым-қатынас кезінде пайда болған ақшалай қатынастарды көрсетеді. Мұндай қаржылық қатынастар корпорациялар арасында заңды тұлғалармен, олардың акционерлерімен, несие берушілермен, жеткізушілермен, өнімді сатып алаушылармен, қор нарығына қатысушыларынмен болады.
Капиталды салу қорытындысында негізгі және айналым капиталы пайда болады. Қызмет барысында негізгі капитал - айналымнан тыс активтердің формасына, айналым капиталы - айналым активтер формасына ауысада. Айналым активтеріне салынған корпорацияның ақша қаражаттарының қорлары айналым қаражаты болып табылады.
Капитал келесідей болады. Капитал -- өзін өзі өсіруге арналған байлық. Капиталды сату және өндіріс процессіне инвестициялағанда кәсіпкердің табысы қалыптасады.
Экономикалық теория тқрт факторды бөледі: капитал, жер, жұмыс күші және менеджмент (кәсіпорынды басқару).
Салуына байланысты капитал кәсіпкерлік және ссудалық болып бөлінеді. Кәсіпкерлік капитал корпорацияны басқару және табыс алу мақсатында раелды және материалдық активтерді аванстайды. Ссудалық капитал бұл несиені мерзімінде қайтарып беру мақсатында берілген ақша капиталы. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталмен салыстырғанда корпорацияға салынбайды, керісінше ол пайыз түрінде табу үшін уақытша қолдануға беріледі. Ссудалық капитал несие нарығында товар түрінде болады оның құны пайыз мөлшері болып табылады. Төмен пайызға алынған несие арзан ақша, ал жоғары пайызға алған несие қымбат ақша болады. 15 күннен аз мерзімге алынған ақша қысқа ақша болып табылады.
Капитал құны - капиталға қандайда бір соманы тартқаны үшін төленетін ақша қаражытының мөлшері.
Өзіндік капитал құны - бұл ақционерлік капитал үшін акциялар бойынша алынатын дивиденттер сомасы немесе шығаруға байланысты төленетін табыстар сомасы.
Заемдық капитал құны - несие немесе облигациялық заемға байланысты төленетін шығындарға пайыз сомасы.
Тартылатын капитал құны - бұл несиелік бережақ мөлшері. Ол 3 ай ішінде төленетін немесе келісім шартта белгіленген мерзімде төленбеген несие сомасы.
Сонымен капитал дегеніміз корпорацияға табыс алып келетін қаражаттар көзі.
Капитал ағымдағы және болашақ периодқа арналған негізгі көзі болады. Капитал корпорацияның нарықтық құнын өлшейтін негізгі құрал. Біріншіден бұл таза активтердің мөлшерін анықтайтын өзіндік капиталға жатады. Бұл уақытта қолданылатын өзіндік капитал қосымша табыс алып келетін заемдық капиталды өзіне тартады.
Корпорацияның коммерицялық және өндірістік тиімділгінің өлшеуіші капитал динамикасы болып табылады. Өзіндік капиталдың өсе алуы корпорацияның таза пайдасының қалыптасуына көмектеседі. Капитал келесідей классификацияланады:
1. Жатқызылуына байланысты капитал заемдіқ және өзіндік болып бөлінеді. Өзіндік капитал корпорацияның өзіне жатқызылады және активтердің көпшілігінің көмегімен құралады. Заемдық капитал қайтарылып берілетін тартылған қаражаттарды айтамыз. Заемдық капиталдың барлық түрлері белгіленген мерзімде қайтарылуы тиіс. Қысқа мерзімді заемдық капитал айналым активтерін жабуға арналған.
2. Қолданылуына байланысты капитал өндірістік, ссудалық және спекулятивтік болады. Спекулятивтік капитал екінші қор нарығында айналымдағы акциялардың өсуі негізінде пайда болады. Спекулятивті операциялардың негізгі мақсаты максимальды пайда табу.
3. Инвестициялау формасына байланысты капитал шаруашылқы серіктестіктердің және қоғамдардың құрылуына арналған материалдық және материалдық емес формадағы қаржылар.
4. Инвестициялау обьектісіне байланысты негізгі және айналым капиталы болады. Негізгі капитал барлық айналымнан тыс активтерге салынған, ал айналым капиталы айналымдағы активтерге инвестицияланған.
5. Меншік формасына байланысты мемлекеттік, жеке және ортақ капитал бар.
6. Құқықтық формасының қызметіне байланысты акционерлік, жеке және складтық болып шаруашылықтарға бөлінеді.
7. Өндірістік процеске қатысуына байланысты капитал функцияланған және функцияланбаған болып бөлінеді.
8. Меншіктің қолданылуына байланысты жинақталған және қолданылатын капиталдар болады. Қолданылатын капитал дивиденттер бойынша төленетін сомма және басқа да әлеуметтік төлемдер жатады. Ал жинақталған капиталға есепті және өткен жылдардағы бөлінбеген табыс жатады.
9. Мемлекеттің экономикасының қалыптасу көздеріне байланысты мемлекеттік және шет елдік капиталдар қалыптасады.

2.1 Капиталдар нарығы және оның мазмұны

Экономикалық теорияның классиктері капиталдың алғашқы қорлануын, капитализмнің қалыптасуының бастапқы кезеңі деп тұжырымдады.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге -- идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Бұл жағдай Еуропада XVI-XVІІІ ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің барлық нысанының жандана дамуы, белгілі экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етгі. Miнe, капиталдың алғашқы қорлануы кәсіпкерліктің әлеуметгік-экономикалық базасының қалыптасу шарттарын өмірге әкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия табының барлық кәсіпкерлік қабілетгеріне жол ашты.

Біріншіден, еңбек бостандык алып, жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шектелген, тек өздерінің жұмыс күшін сатып қана күнін көретін адамдардьң көбеюі - бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.

Капиталдың алғашқы қорлануының экономикалық негізін шаруалар мен қолөнершілердің жаішай экспроприациялануы құрайды. Тауарлық-акша қатынастарының дамуы, ұсақ өндірушілердің іріктеліп жіктеле беруін күшейте түсті, ұсақ колөнершілер мен шаруалар ьдырай бастады. XVI-XVIII ғғ. батыс Еуропада мемлекет бірнеше заң қабылдау арқылы жұмысшы табының қалыптасуына елеулі ықпал етті. Бұл зандар тарихқа экспроприацияланғандарға карсы қанды зандар атымен кірді. Өйткені бұл зандар экспроприацияланған өндірушілерді жалданып жұмыс істеуге зорлықпен көндіруді көздеді және оларды капиталистік еңбек тәртібіне бағындырды.

Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыкқа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден территорияларды басып алып, оларды отарға айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады - бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, қоршап тастау әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді тікелей тартып алу кең өpic алды.

Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары - сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік - екпінді дамыды. Осымен бірге ақша түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде қорлану жүріп отырды.

Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашкы қадамдары, мүліктік жікгелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаған. Бөлініп, кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех шеберлері және саудагерлер - сатып алушылар, ыдыраған ұсақ өндірушілердің жалдама еңбегін пайдалануды кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықтың дамуы, капиталды қорландыру қарқының жоғарылатуды талап етгі. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет ақпараты кең пайдаланылды.

Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық, соғыстар мен басып алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі өз үлесін қосты.

Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында ірі сомаға заем орналастыратын болды. Бұл мемлекетке қарыз беруші бейнесін алған буржуазияға, үкіметтің міндеттемелеріне сәйкес төленетін, елеулі көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді. Мемлекет несиесінің дамуы құнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандардырды.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы болып протекционизм жүйесі қызмет етгі. Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығының жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.

Капиталдың алғашқы қорлануын дайындап дүниеге әкелген өндіргіш күштердің дамуы, тауар-ақша қатынастарының өсуі және шамамен кең дамыған ұлттық нарықтардың қалыптасуы болды.

Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заңдылықтарының баршасына тәң ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысьна тән нақты нысаңдарының болуын жоққа шығармайды.

Бүгінгі біздің елдің басындағы өтпелі кезенді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен теңдестіреді. Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі үғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.

Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материалдық негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар көздері бар.

Ішкіге алдымен жекеше өндіру жатады. Ол мемлекетгік меншікке келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:

:: өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәйкес қайта бөлу;

:: капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;

:: жерді және табиғи ресурстарды отын-қуат кешендерінің және басқа да қуат сақтаушылардың өз еркімен өзіне қаратып алуы;

:: тандаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бартерлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне жарлық ету құқын беру;

:: ( сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализация) нәтижесінде түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;

:: челнок импортынан түскен табысты алу;

:: мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт, арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықтық жеңілдіктерді беруі;

:: коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б. Сыртқы қайнар көздеріне шетелдерден келіп жатқан несиелер жатады.

Капиталдың алғашқы қорлануының маңызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

II КАПИТАЛ МЕН ТАБЫС ІЛІМІ, КАПИТАЛДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
2.1 Капитал айналымы

Іс-әрекеттерінің қандай мерзімінде болмасын, кәсіпкер инвестициялар жасап отырады, олардың сипаты мен көздері іс-әрекеттің кезеңіне тәуелді болады.

Кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде капиталдың алғашқы салымын жасау керек. Старттық (cope) капитал деп өндірістің бастапқы кезеңінде жасалатын капиталдың алғашқы сомасы мен ағымдағы шығындар сомасының жиынтығы аталады. Старттық алғашқы капитал кәсіпорның тіркеуге, банкте есеп-шот ашуға, ғимарат сатып алуға, немесе оны жалға алуға, ғимаратты жөндеуге, немесе, оны қайта құруға, машиналар, жабдықтар, приборлар, патенттер, лицензиялар сатып алуға жұмсалады.

Ағымдық шығындарға шикізат пен материалдар, жалдау төлемі, жалақы, әлеуметтік қорларға аудармалар және т.б. жатады.

Сөйтіп старттық капитал кәсіпкердің өндірістік қорлар (негізгі және айналыс) сатып алуға жұмсалатын негізгі және айналмалы капиталға қажеттігін, жалақыға, басқаруға жүмсайтын басқа өңдірістік және өндірістік емес шығындарға кажеттігін көрсетеді.

Старттық капиталдьң және кәсіпкердің қаражаттарының орнын жауып, өтеп отыру үшін меншікті (ішкі), немесе, несиелік (сыртқы) құралдар (қаржылар) қолданылады.

Меншікті және несиелік құралдардың көздері факторлардың екі түрімен белгіленеді:

объективтік -- кәсіпкерліктің ұйымдастыру -- құқықтык фор-масымен, шаруашылықтың және нарықтың конъюнктурасымен, ұлттық экономиканың болмысы және дамуымен, мемлекеттік реттеуші органдарының талаптарымен;

субъективтік -- кәсіпкерлік қабілетпен, кәсіпкердің жағдайымен және оның жеке мүмкіндіктерімен.

Меншікті қаражаттардың қайнар көздеріне мыналар жатады: негізгі қызметгерден түсетін пайда, қаржылық операциялардан түсетін пайда, жарғылық қор, амортизация коры және т.б.

Несиелердің қайнар көздері: несие мен қарыздар, тұрақты пассивтер және несиелік карыздар.

Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы жарғы капиталы жасалып кәсіпорын құрылғанда басталады.

Жаргы капиталы -- бұл фирманың негізгі жоне айналмалы

* қаражаттарының қайнар көзі. Ал жарғы капиталының кайнар көзі

* мыналар: акциөнерлік капитал, құрылтайшылардың жарналары, салалық, қаржы ресурстары, ұзақ мерзімді несие, бюджет қаражат-тары. Жарғы капиталының көлемі өндіріс процесіне инвестиция-ланған ақша қаражаттарының негізгі және айналмалық колемін бейнелейді.

Сырттан қаржыландыру қарыз алу немесе акция шығару арқылы жүреді.

Несие -- бұл қарыз капиталының қозғалу нысаны, ол қайтарылып беріледі және иесіне пайда әкеледі.

Қарыз капиталының қайнар көздері:

:: рантьелердің капиталы, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналыспай процентке өмір сүретін адамдардың капиталы;

:: көпшілікгің жинақтары; кәсіпкерлік қызмет сферасын өзгерткен адамдардың капиталы; бюджетгік қалыстар;

:: кәсіпорындарының бос капиталы; тауарлық несие түрінде бір кәсіпорнынан екіншіге көшіп отыратын капитал;

:: банкнота шығару нәтижесінде пайда болған капитал. Несиенің болуы өндіріс процесінің үзілмей жүруіне көмекгеседі.

Кәсіпкерлер көбінесе коммерциялық жоне банк несиесін қолданады. Сонымен қатар, несиелер қысқа мерзімді (бір жыл ішінде қайтарылады) және ұзақ мерзімді болады.

Қысқа мерзімді қарыздар жалақы төлеуге, шикізат алуға немесе дайын тауарларды сату үшін, күнделікгі шығындарды етеуге қодда-нылады. Қысқа мерзімдік несиелердің жиі қолданылатындары:

:: коммерциялық несие -- бір кәсіпорын екіншіге береді;

:: қаржы институтгарынан алынатын несие;

:: инвесторлардан алынатын қарыз.

Ұзақ мерзімді қаржыландырудың көзіне бөлінбеген пайда, акциялар мен облигацияларды сату және ұзақ мерзімді қарыздар жатады.

Ұзақ мерзімді заемдар -- бір жылдан артық пайдаланатын қаржылар. Бұлар көбінесе қымбат жабдықтар, ғимараттар сатып алу үшін, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

Ірі корпорациялардың көбі облигация шығарудан косымша қаражаттар табады. Облигация -- бұл құнды қағаз. Ол оның иесінің белгілі көлемде ақша сомасын кәсшорынға өткізгенін куәлайды. Осы ақша оған белгілі мерзімде қайтарылуы керек және ол оған жылына бір немесе екі рет процент алуына қүқық береді.

Корпорация үшін облигацияларды сату инвестициялар тартудың қолайлы формасы:

Бұның себептері:

:: Бұнда несие, бірақ қоғамнан алынатын;

:: банкі сияқты, облигацияға процент көбінесе жылына екі рет төленеді (купондық толем);

:: ұзақ мерзім, әдетте 10 жыл (кейде 30 жыл) өтеу мерзіміне дейін.

Банкінің несиесінен облигация шығару үнамды, бірақ банкілікпен салыстырғанда бүның проценті жоғары болуға тиісті, өйткені баскаша болса облигацияны ешкім сатып алмайды. Корпорациялардың облигациясы, әдетте номиналына сәйкес сатылатын, борышқорлық қолхат болып табылады.

Акциөнерлік қоғамдар көпшіліктің капиталын акция шығару аркылы өздеріне тартады. Акция -- құнды қағаз, ол иесінің ақша сомасын өткізгенін долелдейді және иесіне дивиденд алу қүқын береді және оның иесі сол компанияның басқаруына қатынасуға қүқық алады.

Егер облигацияны иеленушілер компанияның тек несие берушісі болса, акциөнерлер компанияның меншік иелері болады. Бұл жағдай акциөнерлерге директорлар кеңесін сайлауға және табыстарды бөлуге қатынасуға қүқық береді.

Акцияларға ашық жазылудың өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері болады.

Артықшылақтар: біріншіден, қаражаттар жинауға көмектеседі;

сатудан түскен қаражаттар өндірістік қуаттарды кеңейтуге жәнр жаңғыртуға, қарыздарды өтеуге, қызметтерді көптарапты еруге және басқа мақсаттарға қолдануға пайдаланылады;

екіншіден, партнерлер мен клиенттерді информациямен қамтиды;

үшіншіден, фирма ішінде акцияларды сату арқылы персоналды ынталандырады;

төртіншіден, акцияларды пайдалану мүмкіндігін береді.

Кемшіліктерге жатқызу да болады:

:: басқарудағы бақылау мен икемділіктің төмендеуі;

:: акцияларды шығаруға және орналастыруға шығындар жасау;

:: нарықаың қысым жасау ықпалы (конъюнктура өзгергенде);

:: акциялардың шығарылуын және орналастырылуын ұйымдастыру үшін қабілетті команда күрудың кажеттігі.

Корпорациялардың акция шығару аркылы каржылануы қаржыланудың ең қымбат түсетін жолы болып табылады. Батыс компаниялары бұл жолды өте сирек, қаржылаудың басқа түрі болмаған жағдайда пайдаланады. Қаражат жетімсіз болғандықтан акциялар шығару безнесмендердің басқару қызметіндегі тәуелсіздігін төмендетеді.

Қашан болмасын қаржыланудың түрлері көп болған сайын кәсіпорынның даму мәселелері қиындай береді.

2.2 Капиталды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A - T ... O ... T1- A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы -- өндіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы -- үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр -- капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A - A

Мұнда А -- бастапқы жүмсалған капитал, d -- үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталды есепке алу
Ұйымның шоғырландырылған қаржылық есебі және оны талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы
Корпорацияның меншікті капиталының рөлі
Ұйымның қаржылық есептілігі және оны талдау
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру
Кәсiпорынның қаржылық нәтижелiк қызметiн экономикалық талдау
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Пәндер