Әл-Фараби өмірі



1 Туған жері
2 Оқу жолы
3 Шығармашылық жолы
4 Әмбебап.музыкант
5 Медицинаға қосқан үлесі
6 Ғалым мұралары жету кезеңдері
Әл-Фараби (870 - 950) Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия,............................................................... Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін ..................................................................................және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,..................................................не грек тілдерін үйренді.Әсіресе ........................................................................................ етті.Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады.941 жылы Алеппоға келді.Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз ........................................................айналысқандығын көрсетеді.Фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек ......................................еліктеушілік.Олай болса бұл .................................................. бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия-сын үйренген.Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек ......................................................«канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка- кітабы»-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.Фараби Алепподан ...................................................................п,Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді.Фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қас...............................................ы да таң қалдырды.
↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN 9965-822-54-9
↑ Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. – Алматы: Атамұра, 2008. – 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х
↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби (870 - 950)
Жоспар:
1 Туған жері
2 Оқу жолы
3 Шығармашылық жолы
4 Әмбебап-музыкант
5 Медицинаға қосқан үлесі
6 Ғалым мұралары жету кезеңдері

Әл-Фараби (870 - 950) Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты - Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып - жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан.Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды. Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті.Сондықтан да өзін Хадже-и-сани,яғни Екінші ұстаз деп аталады.941 жылы Алеппоға келді.Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз көкөніс өсіріп,түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.Фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,Фарабидің Ат-талисмус-сани атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік.Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік,өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия-сын үйренген.Ибн-Сина былай деген еді: Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім.Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті канун деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның музыка- кітабы-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.Фараби Алепподан Шамға(Дамаск),Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып,Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді.Фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да,Батысты да таң қалдырды.
Әбу Насыр әл-Фараби (870 -- 950) -- қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы "Жібек жолы" бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің "Метафизика", "Категория", "Бірінші және екінші аналитика" сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.)Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кеңінен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бақыттан іздестірді. "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы", "Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері" және т.б. еңбектері бар.Ғылымдардың шығуы" деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне "Алжебрге түсініктеме", "Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын" жатқызуға болады. Арифметика саласында "Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе", физика саласында "Вакуум туралы", медицина саласында "Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат", музыкаға байланысты "Музыканың ұлы кітабы" еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында өзін танымақтың немесе жан қуаты туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы жан қуаты немесе өзін танымақтық жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында жан құмары, жанның жибили қуаты, жан қуаты, жанның азығы т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның өзін танымақтығы жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен Әуелде бір суық мұз ақыл зерек..., Көзінен басқа ойы жоқ..., Малға достың мұңы жоқ малдан басқа..., Алла деген сөз жеңіл..., Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.
Фараби Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларынөсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның хауас, үш құю (имани гүл), жә уан мәрелік, әділет, шапағат жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдыңтолық адамжөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын толық адам, жарым адам, адам болу, инсаниаттың кәмаләттығы, бенделіктің кәмаләттығы, толық инсаниат, адамшылық, адамның адамдығы, адам болу т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби Табиғат ғылымдарының негіздері (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен Алла деген сез жеңіл өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның адамды танымақтық деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде жанның тамағы жайында тоқтала келіп, Абай: ... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді, - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, ... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары
Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары
Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз
Әбу Насыр Әл-Фарабидің еңбектері
Экскурсия түсінігі
Ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми ортасы (Әл-Фараби)
әл-Фарабидің өмірі, еңбектері және болмыс туралы көзқарасы
Өмір мен өлім мәселесі
Ұлы ғұламаның философиялық, эстетикалық, әлеуметтік (социологиялық) тұжырымдары
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Пәндер