Ежелгі тарихи діндер


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Ежелгі тархи діндер».

Діннің шығуы мен ертедегі түрлері.

Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. Мысалы, Христиан дінінде, діннің адам санасында пайда болуы Қүдайдың болмысынан шыққандығы. Ол туралы Қадірлі кітаптарда жазылған (Інжілде) .

Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жаткан «Прамонотейзм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы бы лай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Қүдайлық немесе бір Жаратушы Қүдайға сенген. Кейіннен бүндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Қүдайлық» үғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бүл бір Қүдайлыққа сену (монотеизм) . Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді.

Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мүндай көзқарастың мазмүны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталецке дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталецтердің 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді.

Сол кездегі ең бір қарапайым жэне жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия жэне анимизм деп аталады.

Фетишизм - (португ. сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, қүдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, . . . келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т. е. с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т. с. с

Тотемизм - өсімдіктер жэне жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды күрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.

Магия ( грек. тіл. си-қыршылық, тәуіпшілік) - бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.

Магияның қолдану әдісі бойынша: тікелей объектімен жанасу; инициалды объектімен жанасуға мүмкіншілік жоқ; парциалды - бір зат арқылы әсерін тигізу, шаш алу, тырнағын any . . . ; имитативтік- объектіге үқсас объектімен әсер тигізу.

Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сақтау магиясы, сүйіспеншілік магиясы, т. е. с Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар.

Анимизм (лат. -тіл. жан) - деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мүндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәти-жесі.

Политеистік культер мен мемлекеттік діндер.

Мемлекеттің пайда болуына байланысты жердегі бір патшалық түсінік аспандағы бір Қүдайдың шығуына алып келеді.

Көне дәуірде алғашқы мемлекет күрастырған халық Египет деп са-налады . Египет мемлекетшің билеушшерді, перғауындарды күдай деп санады. Ал, Ра құдайын қүдайлардың күдайы деп немесе перғауындар (фараондар) оның ұлы деп санады. Көп қүдайлықтың басын коспақ болған Перғауым Аменхотеп (б. з. б. 1419-1400жж. ), діни реформа жүргізді. Ол көп қүдайлық түсінікті жойып бір құдайға сену керек деді. Ол қүдайдың атын Атон деп қойды.

Б. д. д. IV мың жылдарында кос өзен бойында Шумер , Аккат , Вавилон , Ассирия , Иран сиякты түрлі мемлекеттер пайда болды. Олардьщ сол кездегі мәдениеттері Египет мәдениетімен қатар болды.

Қос өзеннің ең көне дәуірд Шумер-Аккат мем­лекеті орасан зор өркениетке жетті. Адамзат тарихында алғашқы «Ал­тын ғасыр» поэмасын берді. Дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т. б. табыстарға жетті. Шумерлердің діни наным-сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз қүдайларын «дінгір-тәңір» деп атады. Шумерлер әлемді жаратушы - «Ан-ки» қүдайы, аспан қүдайы - Ан, жер қүдайы -Ки деп санады және тағы сондай 50-ден астам көп қүдайлық - политеизмдік дін болды. Шумерлердің политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші адамды қүдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау аңыздары, кейіннен Вавилондар мен Ассириялықтарға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Мұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастау болды десек те артық болмайды.

Вавилон мәдениеті болса, тікелей Шумер-Аккад мәдениетінің мүрагерлері десек те болады. Б. з. д. II мыңжалдықтың ортасында, әсіресе, Хаммурапин (б. з. д. 1792-1750 жж. ) патшасының түсында вавилоңдықтардың өркениеттері ең биік шыңына жетеді. Вавилондықтар да көп қүдайларға табынды, олардың ішінде ең бастылары: Шамаш - Күн қүдайы, Син - Ай қүдайы, Адад - жауын-шашын кұдайы, Нергал - Өлім қүдайы, Ирра - соғыс қүдайы. Осы қүдайлар адамдарға үксап өмір сүреді: үрпақ жалғастыру, байлық пен мансаптан бас тарту, өз мүддесін орындау және т. е. с . Адам тағдыры осы қүдайлар қолында, ал олардың еркін тек абыздар ғана болжай біледі. Ең басты құдай - Ан, ең жоғары құдай - Мардук,

Ертегі Иран діні. Ертедегі Иран діні зороастризм (Парсизм) діні болды. Бүл дін б. д. д. УП ғ. ертедегі Иран мемлекетінде шықты. Зороас­тризм Египет және Вавилон діндеріне қарағанда «пайғамбарлығы» жетілген немесе бір жүйеге келтірілген дін деп айтуға болады. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштра аңыздық пайғамбар. Аңыз бойынша, Заратуштра (гректе «Зороастр» деген сөз), ежелгі Иран сөзінен шыққан «түйелі адам», түйе жетектеген адам деген мағына береді. Зороастризмнің діни және мәдени жәдігері «Авеста» кітабы болды. Зороастризм бойын­ша, әлемде бір-біріне карама-қарсы екі негіздің - жақсылық пен ізгіліктің қүдайы, нүрдың, өмірдің ақиқаттың, рәміз Ахура-Мазда мен зүлымдықтың белгісі, қараңғылық пен өлім таңбасы Анхра-Маньюдің арасын­да толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі қүдай бар, оның біреуі - мейірімді қүдай Агура - Мазда да, екіншісі - мейірімсіз күдай Ан-гра-Майнью. Киелі «Авеста» кітабының өлеңдерінде және гимнінде зороас­тризм еңбекті, жақсы жұмысты, ойды, бейбітшілікті, достықты, адалдықты, сенімділікті мақтайды. Ал, ұрлықты, жаман сөздерді айытпайды

Ертедегі грек діндері. Діни мифологиялық көзқарас бойынша: алғашқы кезде Хаос (түпсіз түң-ғиық) өмір сүрді, одан жер күдайы Гея және жерасты қүдайы Тартар шықты. Гея аспан қүдайы, әрі баласы, әрі әйелі Уранды туды.

Екінші қатар күдайлары, Гея мен Уранның балалары - Титандар туды. Уран қауіптеніп, орнымды тартып алады деп, өз балаларынан қорқып, оларды жер астына Тартар күдайына беріп қамап қояды. Бірақ Ти­тандар жер астынан күтылып шығып, әкесінің тағын тартып алады. Олардың ішінен Кронос, уақыт күдайы, өз балаларын жеңіп, барлық әлемге тыныштық орнатады.

Үшінші қатарлық қүдайлар басталады. Кроностың ең кіші баласы Зевс - найзағай және жауын қүдайы, өзінің әкесін жеңіп бас күдайға айналады. Оның әйелі Гера - аспан қүдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары Посейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын береді. Сүлулық пен сүйіспеншілік күдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған. Үшінші қабатты қүдайлар Олимп тауында орналасады.

Ертедегі Рим діндері. Ежелгі Рим діндерінде Грек дініндей айқындық миф жоқ. Олардың діні қарапайым, сөзге сараң болды. Керек болса ертедегі Рим діндерінде күдайлардың суреттері мен образдары болмады.

Рим қүдайлары үзақ уақыт антропоморфтық түрде, Юпитер болса, шақпақ тас түрде, Map күдайы найза түрде, Веста қүдайы от-жалын түрде бейленді. Римдіктер жай ғана Юпитерге сенсе жеткілікті деп түсінді. Пуникалық соғыстан кейін Рим мен Греция елдері тығыз байланыс жүргізді. Рим Эллада мәдениетін қабылдап, оның дінін өздеріне таратты. Гректердің қүдайлық түсінігінен, Римдік қүдайлар шықты.

Ертедегі славян діндері

Ертедегі славяндарда 9 табиғаттың күшіне табыну үлкен орын алып отырды. Ең жоғарғы қүдай Перун - күн күркірейтін және найзағай қүдайы. Перун қүдайына екі жақты көзқарас бол­ды. Біріншіден, ол өзінің жауын және найзағайымен жерді көгертеді. Екіншіден, қиратушы және жазалаушы қүдай болып көрінеді. Одан кейінгі қүдайлар, Сварог - жарық пен аспан қүдайы, Әке Дажбога - Күн мен от қүдайы, Хоре - жел, Стрибог - мал қүдайы жэне т. е. с Көптеген мейрамдар табиғаттық қүбылыстарға байланысты болды. Қыстың уақы-тында күннің үзаруына, масленица, Купала, егін тойы өткізілді. Олар-дың барлығы магиялық түрғыда өтіп жатты. Русьтің Византиядан Христиан дінін (988ж. ) қабылдауы орыс өміріне, тарихына бетбүрыс алып келді.

Ежелгі Қазақстандағы діни сенімдер.

Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Қүдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғагпқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан - ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді үстап, басқарушы - Тэңір.

Сонымен, табиғи күштерді пір түтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Қүдайына айналуы.

Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік ерекшелігі - Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері - алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп койған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсүлу, Жүлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш. Уэлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буалы».

Алғашқы дүниетанымдықта, адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, өздерін ғарыштық күшпен жасағандығын мойындады. Кеңістік пен Уақытты жакындастырып, мифологиялық көзқараспен дамыды.

Айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Қазақстан еліне Христиан сонан соң Ислам дінінің тарауынан бастап қазақ халықтарында мәдени үлкен өзгерістер басталды.

« Ұлттық діндер».

Үлттық халықтың діндері әр түрлі ру-тайпаның діндерінің араласуы мен дамуы арқасында, таптық қоғамның шығуына байланысты үлттык мемлекет діндері шығады. Ол діндер сол үлттың шекарасынан шығып кетпейді, немесе баска улттарға тарамайды. Қазіргі кезде бар және сол бір белгілі үлттардың арасында тараған улттық діндерге жататындар: индуизм, конфуцианство, синто, иудаизм және т. с. с.

Үнді халықтарының діндері: брахманизм, индуизм, сикхизм.

Үнді халкында қандай да бір діни ағымдар болмасын олардың барлығының ортақ көзқарасы: кайта туу және әрбір жеке адам өз жолдарымен күнәларын жеңілдетуді іздейді. «Әрбір адамның тағдыры өз қолында» деген пікір бар. Ерте дәуірден бастап әр түрлі діни көзқарастар, ритуалдар, салтанатты өлеңдер мен жалбарыну өлеңдері, ритуалды қүрбан шалу түрлерінің «Веда» деген киелі жинақта топтасқан. Ведалар дегеніміз - діни сарындағы дүғалардың, қүрандардың, қүрбандық шалу негізінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлендердің жиынтығы. Веда б. з. д. II мың жылдықтарда және б. д. д. 1 мың жылдарында күрастырылған төрт бөлімнен түратын жинактар. Ең маныздысы Ригведа «симхат»,

Ригведа бойынша, ең басты қүдай - Аспан Дьяус қүдайы, қүдайлардың кесі, оның йелі - Жер Притхива қүдайы. Барлық қүдайлар осы екі қүдайдан тарады дейді. Ең атақты қүдайдың бірі - Индра әлемді үстап түрған, жындарға қарсы, данышпан және батыр, жылы мен жарықтың, жауын мен дауылдың қүдайы. Оның ерлігіне арналған 250 гимн бар. Тағы да, үй мен отбасының, бақыт пен денсаулықтың қүдайы - Агни. Оған арналған Ригведада 200 гимн бар

Брахман діні - бар әлемнің генетикалык, түп негіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Бірінші түрі қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жеке түрлі болады. Брахман жрецтері әр түрлі дәлелдер аркасында Веданы өздерінің жағдайларына ыңғайлап, халық арасында үлкен авторитетке ие болады. Жрецтерге қүрбандық жасау ритуалына ақы төленеді. Ақыны алтын мен бүқа, ат және киіммен төлеуге болады. Олардың мүліктеріне ешкім тиісе алмайды, солардың арасында - патша да. Брахман жрецтерінің айтуы бойынша адамның үзақ жасауы тікелей қүрбандық жасау ритуалына байланысты, кім көп қүрбандық ри­туал жасаса, сол үзақ өмір сүреді дейді. Өмір кайталанып отырады, өлім ол басқа сапаға көшу деген сөз. Адам жанының әрбір нәрсеге айналып отыруы «кармага» байланысты, немесе қанша жақсылық және жамандық жасағанына байланысты.

Индуизм Веданың көптеген көзқарастарын сақтап, ары қарай дамыды. Мысалы, «карма» туралы, Веданың қасиетті екенін, «сансара» туралы, яғни, өмір жанының тоқтамауы, жанның бір денеден екінші денеге көшуі және т. е. с көзкарастары. Индуизм үнді халкы үшін қатардағы дін емес, ол өмір сүру формасы, этикалык, адамгершілік және жеке адамның өмір сүру мәні болып есептеледі. Индуизм діні Брахман дініне қарағанда өте қарапайым және түсінікті. Индуизм дінінің қүдайлары адамдардың мүсініне жақын және өмір сүру формасы да түсінікті. Осы дін бойынша үш қүдайдың барлығына сенім бар. Брахма, Шива және Вишну. Әрқайсысының өзінің мүсіні, мінезі және істейтін ісі бар. Брахма - бар әлемді жаратушы, барлық нәрсенің түп негіздік бастамасы, ең жоғары ақикаттың бірлігі, әр түрлі тірі нәрселердің негізі мен қозғаушы күші. Үнді халықтары көбінесе қалған екі құдайға шоқынады, Шива мен Вишнаға. Шива өз мүсініне көптеген күдайларды ендіреді. Шива - қатал, қоркынышты қүдай. Оның үш көзі бар, денесіне жыландар жабысқан, мойнында бас сүйектері бар. Шива - өнер мен ғылым-ның, салтанатардың күдайы. Ол сонымен қатар, өлімнің, қиратудың, «бүзудың», өзгертудің қүдайы болып табыла-ды. Осымен бірге, еркек күшін беруші, балалар жасаушы болып бейнеленеді. Сол себептен бала таппаған әйелдер сол Шива храмына барып, бала сүрайды. Шива жын-сайтандарға қарсы, барлық тірі жанды сақтаушы және ойын-сауық, бидің қүдайы.

Үшінші қүдай мүшесін Вишну дейді. Вишну - адамдардың адал қамқоршысы, көмекшісі. Ол адамдарды зүлымдық пен қатыгездіктен қорғайды, оларды қауіп-қатерден сақтайды және адамдарға шындықты жариялап отырады. Ол әрдайым әр түрлі образдар арқылы көрінеді. Мысалы, ол тасбақаға айналып, қүдайларға сусын жасауды үйретеді, осының арқасында қүдайлар өлмейтін болады. Вишна тағы да аватарх кейпіне антроморфизмдік түрде көріне алады. Вишнаның аваторлық кейпіне айналуы негізінен он дейді. Алғашқы төртеуі жануарлар түрінде болады, бесіншісі аватара қортық дәуге айналады. Алтыншы Парашура әскери ерлік мүсініне айналған. Қалған төртеуі барлық индустарға мәлім қүдайлар «Рама, Кришна, Будда және Калка». Жетінші аватара Рамаяна эпосында Вишна Рамма батырына айналады. Индустар Раманы басқа батырларға қарағанда, үлгі есебінде көрсетеді. Оған адалдық, батырлардың үлгісі, дінге берілгендігі, мейірмандылық т. е. с қасиеттерді, адамгершілікті қосып көрсетеді Кришнаның образы мен идеясы соңғы индуизм тарауларына әсер етті.

XV-XVI ғ. Үнді елінің индуизм дінінен бөлініп шыккан діни ағым - Сикхизм . Сикхизм индуизм дінінің оппозициялық түрі деуге болады. Индуизм дінінің қол өнерімен сауда-саттық жасайтын бір топ адамдары үнді халқының кастаға бөлінушілігіне қарсы шықты. Оны басқарған Гуру Нанақ (1469-1538) деген адам. Ол үлы Моголовтарға қарсы күресіп, Солтүстік-Батыс Үнді мемлекетінде соғыс демократиялық ко­ғам қүрды. Сикхизм дінін екі діннің - индуизм мен ислам дінінің арасында қүрама дін деп айтуға болады. Дегенмен, ол дінді монотеистік дін деп айтамыз. Қүдай бір ғана, жалғыз, аты «Ек» деп аталады. Негізі діни кітап - «Грантх Сахиб» (қүдай кітабы) . Қазіргі кезде Сикхтар Үнді мемлекетінің Пенджаб аймағында тұрады. Олар Пенджаб қүрамасын Үнділерден бөліп жеке Халистан мемлекетін қүруға армандайды. Сикхтер киелі Алтын Амритсара деген храмында өздерінің киелі кітаптарын сақтайды. Олар шаштарын алмайды, сакалдарын кеспейді, басына дөңгелек тақия киеді, ет жемейді, ішімдік ішпейді, темекі тартпайды. Әрбір сикхтер қарулы болып жүру керек. Олар өздерінің белдеріне кыска семсерін байлап жүреді де, әрдайым әр-бір сикхтер соғыска дайын болып жүру керек дейді.

Қытайдың ұлттық діндері: даосизм және конфуцианшылық.

Қытайлар да баска халыктарға үқсап, күдайлар мен рухтардың қүрметіне күрбандықтар шалды. Уақыт өткен сайын политеистік діни жүйелер генотеистік (бас қүдайлық) діни көзкарасқа ауысты. Рулық көп қүдайлардың ішінен ¥лы Қүдай Шанди аты аңызға айналды. Қытайлық үлы Қүдай Шанди өз халқының мүңын жоктайтын, жағдайын ойлайтын, камқорлық жасайтын және арғы ата-бабаларының, ата тектерінің негізін қалаушы ретінде қабылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Дін этнологиясы
Дін мен мәдениет
Қытайдың ұлттық діні
Ежелгі Рим діні
Діннің пайда болуы туралы теориялар
Теориялық дінтану
Діни наным-сенімдердің бастауы
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДІННІҢ ОРНЫ
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz