Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілері
1.1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі
1.2. Кәсіпорынның бәсекелік мүмкіндіктері
ІІ «Фудмастер» кәсіпорынын және оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
2.1. «ФудМастер» ЖШС.нің өндірістік.шаруашылық қызметін талдау
2.2. «ФудМастер» өнімдерінің бәсекелік ұстанымын бағалау
2.3. «ФудМастер» ЖШС.нің айран өнімінің бәсекеқабілеттілігін анықтау мақсатында Қазақстан нарығындағы айран өнімдерін зерттеу
ІІІ Кәсіпорынның және өнімнің бәсекеқабілеттілігін жоғарылату
3.1. Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы
3.2. «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер көздері
Кіріспе

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптарына, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануына, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігіне және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.
Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер көздері

1. Тлеубердинова А.Т. Стратегиялық маркетинг: Оқулық. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. – 228 бет.
2. Шаекина Ж.М., Нәбиев Е.Н., Базарова С.Қ. Халықаралық маркетинг: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2007. – 184 бет.
3. Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах: Учеб. пособие. – М.: ИНФРА – М, 2000. – 496 с.
4. Котлер Ф. Маркетинг от А до Я. – СПб.: Изд. Дом «Нева», 2003. – 224 с.
5. Кулибанова В.В. Маркетинг сервисных услуг. – СПб.: Вершина, 2006. – 192 с.
6. Сүт және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері. Жаршы «Бастау», 2003, №5
7. Печенкин А,.Фомин В. Об оценке конкурентоспособности товаров и товаропроизводителей // Маркетинг. 2000. №2. 23-26 с.
8. www. google. ru
9. www. yandex. ru

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптарына, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануына, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігіне және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.
Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді.
Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәтижелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның және оның өнімінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.

І Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілері

0.1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі

Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін кең мағынада бәсекелестердің қарсы әрекет жағдайындағы өзінің мақсаттарына жету қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Осыдан кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігінің өлшемі нақты кәсіпорын мен нарықта оның негізгі бәсекелестерінің арасындағы күштердің арақатынасы болып табылады. Менеджмент теориясында фирманың негізгі бәсекелестеріне сипаты және стратегиялық мінезі бойынша жақын кәсіпорындар жатады. Бұл кәсіпорындар стратегиялық топты құрайды.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі интегралдық сипаты бар көрсеткіш болып табылады. Жалпы жағдайда келесі құраушыларды бөліп көрсетуге болады: нарықтағы ұсыныстың бәсекеқабілеттілігі, кәсіпорын ресурстарының бәсекеқабілеттілігі, менеджменттің бәсекеқабілеттілігі және кәсіпкерлік бәсекеқабілеттілік.
Нарықта кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін кәсіпорынның ағымдағы бәсекеқабілеттілігі ретінде анықтайды. Қазіргі маркетингтік нарықтар үшін фирмада өндірілмеген, адамдардың бағалайтын заттары және қоймаландыру бойынша қызметтер, жеткізілу ерекшеліктері, қаржыландыру және клиенттер үшін кеңестер, жарнама, қызмет, қораптау түріндегі өзінің өнімдерін қосымша жабдықтауы бәсекесі тән. Өнім ұсынысы түсінігі сатып алушының соңғы таңдауын анықтайтын факторлардың бәсекеқабілеттілігін анықтау кезінде ескерілетін кеңейтілген мүмкіндіктерін білдіреді.
Сонымен, ұсыныс өз құрамына өнімді, бағаны және қосарласа жүретін қызметтерді енгізеді, олар клиент үшін сатып алудың пайдалылығын (тиімділігін) анықтайды. Егер кәсіпорын бірнеше ұсыныстарға ие болса, онда барлық өнім портфелінің интегралды бәсекеқабілеттілігі туралы айтуға болады.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді бәсекеқабілеттілігі орналасқан ресурстар бәсекеқабілеттілігімен (кәсіпорын потенциалымен) анықталады: қаржылық, табиғи, материалдық, технологиялық, өндірістік, кадрлық, тағы басқа. Көп жағдайда төлем қабілетті сұранысты бәсекеге әсер ететін қол жетімді ресурстар түрінің бірі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, жалпы жиынтық сұранысты қарастырсақ, онда белгілі бір территорияда тауарлар мен қызметтерді ұсынатын барлық кәсіпорындар бәсекелестер болып табылады. Ресурстардың болуы кәсіпорынға ұзақ уақыт бойы ұсыныстың бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның ресурстық артықшылықтары бәсекелестер алдында олардың ағымдағы нарықтық жағдайларға сәйкес келген жағдайында ғана практикалық мәнге ие болады.
Бәсеке кезінде нарық жағдайының шарты бойынша ресурстық базаны өзекті түрде қолдау қажет. Бұл процесс, сондай-ақ, қолда бар ресурстарды қолданатын бәсеке тұрғысынан барлық басшылықтан жоғары кәсіпорын менеджментінің бәсекеқабілеттілігімен анықталады. Топ-менеджерлердің маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдауы да осындай қарқында болады. Менеджменттің бәсекеқабілеттілігі - бұл бәсекелестерде және кәсіпорындарда менеджмент сапасының салыстырмалы сипаты. Бұл ең алдымен басқаруды ұйымдастырудың мотивациясының, біліктілігінің айырмашылығы. Құрастырушы бәсекеқабілеттілік мағынасы, әсіресе, динамикалық сыртқы орта шарттарында және белсенді бәсекеге қарсы әрекеттерде көрінеді.
Бәсекеқабілеттіліктің көрсетілген аспектілерін байланыстырып тұратын негіздік элемент пен кәсіпкерлік ой бәсекеқабілеттілігі болып келеді. Кәсіпорын кәсіпкерлік ой өнімі туралы негізгі ұсынуды қосады, тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру, сүйемелдеу және потенциалды дамуының және басқару тәсілдері туралы негізгі ойы ұсынылады. Әрбір кәсіпорындардың артынан бірегей саналған құрастырушылар келеді, ал олардың сәтті үйлестірілуі кәсіпкерлік ой бәсекеқабілеттілігін анықтайды. Қисынды ұсыныс жасалады не кәсіпкерлік ой айтылады. Қисынды болжау немесе кәсіпкерлік ой бәсекеқабілеттілігіне маңызды бейне мен меншік иесінің жеке мінездемелері әсер етеді, меншік иелерінің, мысалы, қойылған мақсатқа жетуінде оның табандылығының әсері. Сөзсіз нарық көзімен қарасақ, кәсіпкерлік ой бәсеке қабілеттілігі маңызды белгісімен көрінеді.
Ұсыныс бәсекеқабілеттілігін бағалау. Бәсекеқабілеттілік анықтамасына маркетингтік қадам жақын келеді, кәсіпорын ұсыныстарды болжайды не ұсыныс жасайды. Барлық ірі көлемдегі сатып алулар аванстау шарттарына ие болады: бағаға жеңілдіктер, төлеу шарттары және жеткізулер, кепілдемелік міндеттемелердің мезгілі, сервистің жетілдірілуі, сапа және құнның қызмет ету жарамдылығы. Ал қанау шарттары және ұзақ пайдалану тауарларына арналған сервистік қызмет ету анықтаушыға байланысты болып келеді.
Нарықта кәсіпорын бәсекеқабілеттілігінің ұсынысын және оның өзара байланысын анықтаушы екі негізгі аспектілер ерекшеленеді. Бірінші аспекті ең негізгі табыстылыққа арналған кәсіпорынның нарықтағы ұсынысы, яғни, ұзақ мерзімді ұсыныс бәсекеқабілеттілігі кәсіпорын қабілеттілігіне сүйенеді.
Екінші аспект имидждік өзара байланыстылықты баса көрсетеді. Имидждің негізгі ерекшелігі нақты байланыс тобының оны қабылдауының (бағалауының) субъективтілігі болып табылады, кәсіпорын имиджі және оның негізгі өнімдері бір-бірінен бөлек әсер етуі мүмкін.
Кәсіпорынның потенциалының бәсекеқабілеттілігін бағалау негізінде көптеген көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Кез келген жағдайда бәсекелес субъектілердің мүмкіндіктері мен мақсатына байланысты бәсеке деңгейін анықтау қажет (1-сурет).
Акционерлік құнның көрсеткіштері және инвестициялық тартулар
Стратегиялық бейімдеуге және өзіндік ұйымдасуға қабілеттілігі

1-суреттің жалғасы
КФУ жағдайын сипаттайтын белгілер
Өткізілген қызметтерге ресурстарды тарту жәнеөндіру қабілеттілігі

Ұзақ мерзімдегі ұсыныстар, бәсекеқабілеттілікті ұстап қалу
Маркетингтік көрсеткіштер

Қарапайым қаржылық-экономикалық көрсеткіштер
Аман қалу қабілеттілігі

Ескерту: [1,3] дереккөздерінен алынған

Сурет 1. Бәсекеқабілеттілік деңгейіндегі қолданылған көрсеткіштер

Деңгейде аман қалу қабілеттілігі бәсекеқабілеттілікті сипаттайтын қарапайым қаржылық-экономикалық көрсеткіштер. Ұзақ мерзімдегі бәсекеқабілеттілік ұсынысты ұстау үшін маркетингтік көрсеткіштерді қолдануды талап етеді. Солардың ішінде көбісі, мысалы, нарық үлесі біржола потенциал көрсеткіші болып табылатынын айта кету керек.
Кәсіпорын потенциалының бәсекеқабілеттілігін интегралды бағалау әдісі оны өткізу мақсатына байланысты, яғни, шешіліп жатқан тапсырмаға немесе мәселеге қатысты. Бірақ кейбіреулерін ерекшелеуге болады, кезеңдерді жалпы бағалау жеткілікті.
Бәсекелестердің талданып жатқан тобының құрамын анықтау. Кәсіпорын потенциалының бәсекеқабілеттілігінің бағасын стратегиялық топтар бойынша өткізуге болады. Бәсекеқабілеттіліктің бірнеше ретті бағалануын алу үшін салалық көрсеткіштерге қарау қажет. Неғұрлым толық талдау үшін стратегиялық топтардағы бәсекелестерді талдауға көшу қажет және бағыттар бойынша ақпаратты анықтаумен айналысып, аралас нарықты талдауды өткізу керек.
Мақсаттан және мүмкін болатын шиеленістен өту ізденісі. Қызметтің мақсаты және солармен байланысты кәсіпорын қатысы бар меншік бағыттардың көп деңгейлі жүйесі және басқа шаруашылық субъектілердің мақсатымен бәсекелестік пайда болады. Осы жағдайларға байланысты өзінің бәсекеқабілеттілік жағдайын бағалауға тура келеді. Бұл жерде бәсекелестердің мененджмент негізін есептеу өте маңызды.
Бәсеке сипатын және сыртқы ортаның әсерін талдауды анықтау. Кейбір кәсіпорындарда тауар сатылымының көлемі өседі, осыған байланысты олар өздерінің бәсекеқабілеттілігінің жоғары екендігіне сенеді, бірақ олардың сату көлемінің өсуі нарықтың өсуімен бірдей болуы мүмкін, осындай жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай өсім экстенсивті болып табылады және өнімнің жаңашылдығымен байланысты, көп тұтынушыларды өзіне тарту кәсіпорынның тиімді жұмысы болып есептелмейді, өйткені бәсекелестерде тұтынушылардың өсімі одан да көп болуы мүмкін.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін зерттеу кезінде аса көңіл аударарлық жағдай - ол жетістікке жетудегі шешуші факторлардың бірі болып табылатын қызмет көрсеткіштерінің сәйкестік деңгейін бағалау. Кәсіпорынды және бәсекелестерді интегралды бағалау, олардың ұзақ мерзімді уақыттағы бәсекелес позициялары мен негізгі себептері жайлы жалпы көріністі береді. Соңында бәсекелестіктің жоғары деңгейі болып кәсіпорынның стратегиясы жайлы сипаттамалық көрсеткіштер орын алады, инвестицияны тарту мен акционерлік құн көрсеткіштері жатады. Осы саладағы кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін дәл анықтайтын кең таралған әдістердің бірі болып төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылық және қызмет рентабельдігін топтық көрсеткіштер бойынша сипаттайтын қаржылық нәтиже болып табылады. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін анықтайтын жалпы көрсеткіштердің бірі - оның нарықтағы үлесі.
Ерекшеленген көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін және оның бәсекелестерін салыстырмалы бағалау. Кәсіпорын қабілеттілігін анықтауда негізгі екі әдіс топтарын қарастыруға болады:
1. Негізінен сандық мәліметтерді қолдануға негізделген әдіс (қаржылық көрсеткіштер, статистикалық мәліметтер);
2. Сапалы, эксперттік, ақпарат әдістері (пікір, ойлар, бағалау).
Кәсіпорын менеджментінің бәсекеқабілеттілігін анықтау. Басқару функциясы ретінде кәсіпорын менеджменті ең алдымен қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолында кәсіпорын ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндігімен сипатталады. Нақты кәсіпорын менеджментінің бәсекеқабілеттілігін басқа бәсекелес кәсіпорын фирмалары менеджментінің алдындағы ерекше көрініс ретінде айтуға болады.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.

0.2. Кәсіпорынның бәсекелік мүмкіндіктері

Нарық және бәсекелестер алдында кәсіпорын өзінің күшті және әлсіз талаптарын салыстыруы тиіс. Осыған байланысты екі басты сұрақ туындайды: қандай мүмкіндіктерге басымдылық беру және қандай жағдайды қарастыру, нақты ма немесе әлеуетті ме? Әуелі кәсіпорынның осы уақыттағы мүмкіндіктерін салыстырмалы талдауға кірісеміз. Бұл талдау фотосуретке түсірумен бірдей. Сонан кейін ресурстарды таңдаймыз. Кәсіпорындар және бәсекелестер ұлттық немесе сыртқы нарықтарда соларға арқа сүйейді. Алынған нәтижелер рентгенограмманы еске түсіреді. Жеткіліктілік векторлары сәйкес келетін екі жағдайды қарастырамыз. Халықаралық маркетингте бәсекелестерімен қарсы келгенде кәсіпорын жеткіліктілік деңгейін сегіз вектормен қамтамасыз етеді:
oo Кәсіпорын қызметі негізделетін тауар немесе қызмет тұжырымдамасы;
oo Сұрау немесе тест жолымен анықталатын, нарық жетекшілерінің жоғары деңгейлі өніміне сәйкестілігімен белгіленетін сапа;
oo Мүмкін болатын үстеме қосылатын баға;
oo Қаржы, өз қаржысы, сондай-ақ жеңіл жұмылдырылатын қаржы ресурстары;
oo Коммерциялық әдістер мен құралдар тұрғысындағы сауда;
oo Кәсіпорынға өз тұтынушыларын бекітуге жағдай жасайтын сатудан кейінгі қызмет;
oo Кәсіпорынның саяси өкіметпен, баспасөзбен, қоғамдық пікірлермен өз қатынастарын басқару қабілетін көрсететін сыртқы саясаты;
oo Кәсіпорынның тек қана болашақ тұтынушыларының сұраныстарын болжау қабілетін ғана емес, оның ол қажеттіліктерді қанағаттандыруға ерекше мүмкіндіктері бар екендігіне сендіретін сатуға дейінгі әзірлік.
Кәсіпорынның мүмкіндіктерін бағалау бәсекеге қабілеттіліктің көпбұрышын құруға жағдай жасайды. Бәсекеге қабілеттілікті талдау үшін әр бәсекелеске немесе жалпы бәсекеге бірдей қарау жеткілікті. Сызбаларды бірінің үстіне бірін қою арқылы бір кәсіпорынның екіншісіне қарағанда күшті немесе әлсіз тараптарын көруге болады(2-сурет).
Сапа

Тұжырымдама
Бағалар

Сатысқа дейінгі әзірлік
Қаржы

Сыртқы саясат
Сауда

Сатыстан кейінгі қызмет

Ескерту: [2,3] дереккөздерінен автормен құрастырылған

Сурет 2. Бәсекеге қабілеттіліктің көпбұрышы

Мұндай талдаудың бір кемшілігі бар. Ол кәсіпорынды осы кездегі нарықтың қиындықтары мен мүмкіндіктерінен туындайтын жағдайда қарастырады. Қосымша әлеуеттер мен қиыншылықтар туындағанда кәсіпорын өзінің бәсекелестері сияқты ішкі және жаңа сыртқы ресурстарды жұмылдыра ала ма? деген сұрақ туындайды. 3-суретте бәсекеге қабілеттілік резервтері түсінігі енгізіледі.

Технологиялық әлеует Жұмыс күші және Ішкі нарық
инвестиция құрылымы

Эко-
номи- Банк-
калық пайыз-
және дар
мәдени мөл-
саясат шерле-
месі

Сыртқы саясат Сауда компаниялары

ҒЗТКЖ Шығындар
құрылымы

Басқару
шешімі- Пайда-
нің ұзақ лылық
мерзімді
салдары

Сыртқы Өткізу жүйесінің Сатыс
қызмет саясаты функциясы

Тұжырымдама Баға

Дипломатия Сатыстар

Өндіріс

Сатыстан кейінгі
қызмет

2-ші шеңбер
1-ші шеңбер
Халықаралық сала
Ескерту: [2,3] дереккөздерінен автормен құрастырылған

Сурет 3. Бәсекеге қабілеттілік резервтері

Сызбаның ортасында халықаралық коммерциялық саясат пен оны іске асыру тұжырымдамасын әзірлеуші бөлім орналасқан. Бірінші шеңбер кәсіпорынды, ал екіншісі оның ортасын көрсетеді. Әр түрлі сызықтар диалог және айырбас мүмкіндіктерін анықтайтын байланыстарды белгілейді.
Бұл модельдің артықшылығы, ортада үлкен өзгерістер болғанда әлемдік нарыққа шығуды қолдайтын екі факторды ашуы. Ол:
oo Сыртқы байланыстар бөлімі мен кәсіпорынның басқа бөлімшелері арасындағы өзара түсіністіктер деңгейі: диалогтардың жоқтығынан бастап басымдылық көрсетуге, яғни, бағындыруға дейінгі барлық жағдайлар болуы мүмкін;
oo Кәсіпорын валюталық, қаржылық, саяси немесе әлеуметтік бағытта қоршаған ортасында сапалық және сандық қолдау көреді. Бұл қолдау саудалық қарсыластықтың алғашқы мәліметтерін түбегейлі өзгерте алады.
ІІ ФудМастер кәсіпорынын және оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау

2.1 ФудМастер ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау

ФудМастер компаниясының тарихы 1995 жылдан бастау алады. Дәл сол кезде жас кәсіпкерлерді неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан өңірінде йогурт атаулы керемет өнім жайлы білмейді? деген ой мазалады. Дәл сол кезде ФудМастер Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған Crystal Lake йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған кәсіпкерлер, ендігі кезекте бүкіл сүт саласын игеруге батыл бел буды. ФудМастер компаниясы қазақстандық нарықта алдыңғы қатарлы орынды алуды көздеді.
Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт - тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:
ФудМастер - Алматы - Есік қаласындағы сүт зауыты;
ФудМастер - НС Астана - Астана қаласындағы сүт зауыты;
ФудМастер - Қордай - Жамбыл облысы, Ауқатты аулындағы ірімшік зауыты;
ФудМастер - Асептик - Есік қаласындағы ұзақ сақтауға арналған шырын және сүт өндірісі бойынша зауыт;
ФудМастер - Агро - Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск поселогындағы сүт-тауарлық ферма;
ФудМастер - АйсКрим - Алматы қаласындағы балмұздақ өндірісі бойынша зауыт.
ФудМастер Компаниясы Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында сүт қабылдау торабын ұйымдастырды. Мұндай жеке меншік орындар шведтік сүт қабылдаушы резервуарлар мен алынған сүттің экспресс - анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай-ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай сүт зауыттарына сүт өнімін алу басталды. Уақыт өте келе шикізаттың тек сапалы болуына қол жеткізілді.
Әрбір зауыттың тарихын және қызметін атап өтейік.
ФудМастер Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында ФудМастер - Алматы кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу пайдалы болатындығына көз жеткізді. Жыл сайын республиканың әр түрлі аумақтарындағы Компания меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға шығарды. Тәулік сайын сүт зауыты 100 тоннаға дейін сүт өндіреді.
Йогурт өндірісі бойынша шағын цехтан басталған Есік зауыты бүгінгі күні дәстүрлі сүт өнімі қатарын, оған қоса ацидофильді қатық, витаминді сүт, бифидумбактерин, "БИО" бифидумбактерин дақылдары қосылған өнімдер және тағы басқа қазақстандық нарық үшін жаңа сүт тағамдарын өндіруде. Оларды өндіру тек арнайы құрал - жабдықтарды ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, өндірістің ерекше мәдениетін талап етеді.
Өткен жылдар бойы кәсіпорын үлкен жетістіктерге жету мақсатында қазіргі талаптарға сәйкес өзгертіліп тұрды. 2001 жылы қуаттылығы сағатына 50000 литр суға тең болып келетін құрал - саймандар мен түтіктерді жуғыш екі тізбекті автоматты CIP станциясы орнатылған.
Жоғарғы технологиялық құрал - жабдықтар өнімнің аса сапалы болуын қамтамасыз етеді. Тек қана 2001-2002 жылдар аралығында Есік сүт зауытын қайта құру мен модернизациялауға 2 млн. АҚШ доллары жаратылған. Ал қазір жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.
ФудМастер - НС Астана ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет - Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген ФудМастер сүт тағамдарымен қамтамасыз ету болды. Негізінен Астананың қалалық сүт зауытының бұрынғы жұмысшыларынан құралған мамандар тобы тез арада ФудМастер өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны өткізе бастады. Тек қана сапасы жоғары сүт тағамдарын өндіру арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді. Кәсіпорын мамандарының көбі Еуропа мен Американың жетекші азық - түлік кәсіпорындарында тәжірибеден өтті.
Кәсіпорын өнімдері тұтастай сүт өнімі: сүт, кефир, қаймақ, ряженка, сүзбе, Пеппи йогурттық сусыны.
Емдеу және профилактикалық мақсатта қолданылатын өнімдер: BFB, БИО - С, БИО - айран, А+Д сүті.
1998 жылы ФудМастер Компаниясы жеке меншігіне Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көк Саек ауылында орналасқан май-ірімшік жасауға маманданған зауытты алады. 1936 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп, кезінде өнімдері баршаға мәлім болған зауыт, экономиканың дағдарыс кезеңінде жұмысын толық тоқтатты. 7 жыл бойы тоқырау жағдайында болған зауыт, ФудМастер Компаниясының келуімен қайта жанданды. Зауыт күніне 30 тонна сүт өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ қышқылтым және балқыған ірімшік, сүзбе өнімдерін шығарады. Қазіргі Хугарт және Роверс технологиялық тізбектері заман талабына сай сапалы өнімнің алуан түрлі жиынтығын өндіруге мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым - кәсіпорыннның үнемі өсіп отырған тиімділігінің басты себепшісі.
Кәсіпорын өнімі:
- Жұмсақ тұзды ірімшіктер: Ленгерский, Моцарелла.
- Балқыған ірімшік: Ленгерский, сыраға арналған кептірілген ірімшік Чечил.
- Cүзбе: Чудо - завтрак, Чудо - сырок.
Қырғызстанмен Жамбыл облысының шекарасында Қордай атты табиғаты тамаша жерде ФудМастер Компаниясының ірімшік жасау зауыты орналасқан. Ірімшік жасау шеберлердің ірімшіктері жоғары бағаланған. 1978 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық ірімшік жасаушылар конкурсында костромдық ірімшік ( Қордай ірімшігі ) бірінші орынға ие болып, ал қазақстандық ірімшік шеберлеріне Жоғарғы сынып Шеберлері және Алтын қол Шебері атақтары берілді. ФудМастер Компаниясы қатты ірімшіктің ерекше дайындау жолын сақтап қана қоймай, ірімшік жасаушы атақты шеберлерді жұмыс орындарында қалдыра алды. Қордай шеберлерінің өнімін FOODEXPO - 98 көрмесінде білікті мамандар жоғары бағалады және ФудМастер - дің Гауда ірімшігіне халықаралық танымның белгісі болған Алтын медаль, Астана Фуд - 2000 көрмесінде Қордай, Российский ірімшігіне Алтын медаль берілді және май мен ірімшік жасау Бүкілресейлік ҒЗИ мамандарының үздік бағалауына ие болды.
1998 жылы ФудМастер - Қордай дәстүрлі рецептуралы қатты ірімшіктерді (костромдық, ресейлік, пошехондық) және Элит сыныбының гауда, голландық ірімшіктерін шығарады.
Зауытта капиталды қайта өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа техникалық жабдықтар сақтау мерзімі ұзағырақ, әрі сапалы ірімшіктерді жасауға мүмкіндік береді.
Өнімдері: Қордай, Аухатты, Голландық, Гауда.
1998 жылы ФудМастер Компаниясы сақтау мерзімі ұзақ натуралды шырын мен сүт өндіретін шығаратын зауыт ашады. Бұл зауыт жаңадан салынды. Өндірістік тізбек қазіргі заманғы ең озық Tetra Pak құрал - жабдығынан тұрады. Шикізат пен дайын өнімге деген сапа стандарттары Қазақстан Республикасында қойылатын талаптардан жоғары болып келеді. Өнім өндіру барысының барлық сатыларында 7 дәрежелік тексеруден өтеді. ФудМастер - Асептик ұжымы қайратты да, жас мамандардан құралған. Батыл, алуан сарынды шешімдер қабылдануы, өнімнің Қазақстан мен көршілес елдерде тез кең тарауы Қазақстандағы шырын өндірушілердің арасында озық орынды ұстануға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өнімі:
ЖТТ (жоғары температуралық технология) сүті: Заилийское, Деревенское сүттері, МУ - У хош иісті сүт, БИО - сүт.
2000 жылдың қаңтар айында ФудМастер Компаниясы Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченское ауылында сүт - товарлық ферманы жеке меншігіне сатып алды. Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:
* Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;
* Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары бөлінді;
* Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;
Компания АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Қазақстанның мал асырау тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ - тың Ауыл шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің даму Орталығы), Эколинкс (USAID бағдарламасы), ПСО - центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы) және тағы басқа оқыту бағдарламаларына үнемі қатысып отырады. Ресейлік, американдық және израильдік шаруашылықтың тәжірибесі жем беру мен малды ұстау негіздерін түбірінен өзгертті. ФудМастер - Агро сүт - товарлық фермасы орташа сауымында бір сиырдан 4800 литр сүт сауғанда күніне 78 тонна сүт өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді, сонымен қатар, голштино - фризлік мал түрі де бар. Малды рационалды, дұрыс қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған шағын комби жемдік зауытты сатып алды. Миксерлік техника фосфор, молибден, темір, кальций сияқты микроэлементтер мен дақылдардың қатынасы 100000 бөлікке дейін ұстанылады.
Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің бағдарламалық жабдықтарын (ГАВИШ) қолданады. Программалық жабдықтардың көмегімен әр сиыр басының тарихы, шығу тегі, дамуы және тағы басқа маңызды ерекшеліктерін бақылап, көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған қоса, ферма мамандары жануарларға жем берудің жеке есебін жүргізе алады.
Іске деген заман талабына сай көзқарастың арқасында ФудМастер - Агро сауымды көбейтудің бірден - бір көрсеткіштеріне жетіп отыр. Бүгінгі таңда фермадағы сауым Республикадағы ең жоғарғы болып есептеледі, атап айтқанда, орташа есеппен жылына сиыр басына 4800 литр сүт алынады. Ұжым сауым көрсеткішін жақын арада 7000 литрге дейін өсіруді көздеп отыр.
Сертификациялау бойынша халықаралық орган TUV CERT анықтап, дәлелдеуі бойынша ААҚ ФудМастер Есік қаласындағы кәсіпорында сүт өнімін өңдеу және өндіру саласына сапаның басқару (менеджмент) жүйесін енгізіп, қолдануда. Бұл сертификат сала лидері - ФудМастер Компаниясына бүкіл Орталық Азия регионындағы кәсіпорындардың ішіндегі берілген бірінші болып табылады.
Сәйкес тексеру аудиті өткізілгеннен кейін берілетін ISO 9001 - 2000 сертификаты ФудМастер Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс өз кезегінде көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты болды. ISO 9001 стандартының негізгі принципіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы міндеті сапа болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT Мерседес автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды және екінің бірі оның клиенті бола алмайды. ФудМастер мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы компания болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Компания ФудМастер-Айс Крим 2001 жылдың 22 тамызында Алматы обылысының Басқару министрлігінде тіркелген, РН № 8259-1907-ТОО. Мемлекеттік классификаторы бойынша коды ОКПО 39476368.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ЖШС ФудМастер-Айс Крим дербес заңды тұлға болып табылады, өз атына келісім-шарт жасайды, әр түрлі келісімдер істейді, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар және міндеттерге ие болады, сотта жауапкер және даугер бола алады. Меншік түрі - жеке.
ЖШС Компания ФудМастер-АйсКрим құрушысы болып АҚ Компания ФудМастер табылады, РН 4776-1907-АҚ.
Серіктестіктің Жарғылық капиталы 117 600 000 (жүз он жеті миллион алты жүз мың) теңгені құрайды. Тіркелген уақытта 29 400 000 (жиырма тоғыз миллион төрт жүз мың) теңге құйылды. Жарғылық капиталы Серіктестік тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде толық төленуге тиіс.
ЖШС ФудМастер-Айс Кримнің негізгі қызметі балмұздақ өндіру және сату болып табылады.
Серіктестікті басқару органдары болып мыналар табылады:
Серіктестік Қатысушысы - жоғарғы басқару органы;
Серіктестіктің Бас директоры - орындаушы орган.
Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы өнімді өндіру.
ФудМастер ЖШС-тің өніміне бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ететін технологиялық үрдісі былай іске асады. Бүкіл конвейер аралығында өнімге адам қолы тимейді: барлық үрдістер автоматтандырылған. Операторлар тек программа береді. Барлық параметрлер, температуралық режим автоматты түрде сақталады, мейлі ол компоненттерді дайындау бөлімі, аппаратты цех, су дайындау бөлімі, алмалы-салмалысыз жуу цехы, мұздатқыш камералар немесе бөлшектеп өлшеу цехы болсын. Заводы, сондай-ақ, өзінің зертханасы бар. Ол нағыз қазіргі заманғы құралдармен қамтылған. Мұнда дайын өнімнің және балмұздақтың барлық компоненттерімен қатар ораманың да физико-химиялық және бактериологиялық қасиеттері зерттеледі. Балмұздақ дайындаудың технологиялық үрдісіне келесі негізгі сатылар кіреді:
1. қоспаны дайындау;
2. қоспаның толуы (пісуі);
3. үздіксіз фрезерлеу;
4. өнімді бөлшектеп өлшеу және қалыптастыру;
5. ширату;
6. орау және орама;
7. ұзақ сақтау.
SWOT анализ.
Күшті жақтары:
жоғары сапа;
кең ассортимент;
орамасының тартымдылығы.
Әлсіз жақтары:
тұтынушы нарығының маусымдығы.
Мүмкіндіктері:
өткізу нарығын басып алу;
экспортқа шығу.
Қауып-қатерлер:
импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы;
әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.
Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:
Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;
мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;
тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.
ТОО ФудМастер-Айс Крим өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы.

1-кесте. Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер
Өл-шем бір-лігі
2010 жыл
2011 жыл
Ауытқу

+;-
%
1
Өткізілген өнімнен түскен түсім
мың тг
515581,26
705977,42
190396,16
136,93
2
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
мың тг
368255,18
460282,83
92027,65
124,99
3
Жалпы табыс
мың тг
147326,08
245694,59
98368,51
166,77
4
Кезең шығындары
мың тг
217311,13
179610,3
-37700,83
82,65
5
Негізгі қызметтен түскен түсім
мың тг
-69985,05
66084,29
136069,34
94,43
6
Негізгі емес қызметтен түскен түсім
мың тг
46311,15
-9410,33
-55721,48
-
7
Салыққа дейінгі жиынтық табыс
мың тг
-23673,9
56673,96
80347,86
-
8
Таза табыс
мың тг
-23673,9
39671,77
63345,67
-

9
Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын
тг
1,14
0,91
-0,23
79,81
10
Өнімнің рентабельділігі
%
-
6,20
9,03
-
11
Сату рентабельділігі
%
-
5,62
8,83
-
12
Өндіріс рентабельділігі
%
-
6,10
8,84
-
13
Жұмыскерлер саны
адам
189,00
238,00
49,00
125,93
14
С.і. жұмысшылар саны
адам
77,00
177,00
100,00
229,87
15
1 жұмыскердің еңбек өнімділігі
мың тг
2727,94
2966,29
238,35
108,74
16
1 жұмысшының еңбек өнімділігі
мың тг
6695,86
3988,57
-2707,29
59,57
17
Жұмыскелердің еңбек ақы қоры
мың тг
71782
94185,1
22403,1
131,21
18
С.і. жұмысшылар еңбек ақы қоры
мың тг
22284,6
58121,2
35836,6
260,81
19
1 жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы
мың тг
379,8
395,74
15,94
104,20
20
1 жұмысшының орта айлық еңбек ақысы
мың тг
289,41
328,37
38,96
113,46
21
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны
мың тг
547824
591867
44043
108,04
22
Айналым құралдарының орташа жылдық құны
мың тг
57173,01
58807,22
1634,21
102,86
23
Қор қайтарымдылығы
тг
0,94
1,19
0,25
126,74
24
Қор сиымдылығы
тг
1,06
0,84
-0,22
78,90
25
Қормен қарулану
мың тг
7114,6
3343,88
-3770,72
47,00
26
Амортизация сомасы
мың тг
105834
91431
-14403
86,39
Ескерту: кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелген

Бірінші көрсеткіш өткізген өнімнен түскен түсім 2010 жылы 515581,26 мың теңге, ал 2011 жылы 705977,42 мың теңгені құрады. Яғни, 190396,16 мың теңгеге өскенін көріп отырмыз. Мұның себептері ретінде ФудМастер компаниясы 2011 жылы нарыққа жаңа балмұздак түрлерін шығарған, сонымен қатар, өнім сапасы жақсарып, сату көлемі көбеюі болуы мүмкін. Ал аталған көрсеткіштің өсуі жалпы табысқа, таза табысқа және де табыстылық көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2010 жылы 368255,18 мың теңге, ал 2011 жылы 460282,83 мың теңгеге дейін өскенін көреміз. Бұл шикізатқа кеткен шығынның өсуіне байланысты. Бұл көрсеткіш кәсіпорын дамуының нашарлауының факторы бола алады.
Жалпы табыс 2010 жылы 147326,08 мың теңге, ал 2005 жылы 245694,59 мың теңгені құрады. Бұл өткізілген өнімнен түскен түсімнің өсуімен байланысты.
Кезең шығындары зерттеліп отырған кезеңде базисті жылмен салыстырғанда 37700,83 мың теңгеге азайған. Бұл жалпы және әкімшілік шығындардың азаюынан болған жағдай.
Негізгі қызметтен түскен түсім жалпы табыстың өзгеруіне байланысты. Біздің кәсіпорында жалпы табыс артып отыр, сондықтан негізгі қызметтен түскен түсім де артты, яғни 136169,34 мың теңгеге.
Таза табыс кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерінің маңыздысы болып табылады. Бұл көрсеткіш 2010 жылы теріс мәнде болса, 2011 жылы 63345,67 мың теңгеге артып, 39671,77 мың теңге болды. Яғни, кәсіпорын жағдайы жақсарды.
Өткізілген өнімнің бір теңгесіне келетін шығын есепті жылы базисті жылмен салыстырғанда 23 тиынға кеміген, мұның өзі кәсіпорын қызметіне оң әсерін тигізеді.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2010 жылы 547824,0 мың теңге болса, 2011 жылы 291867,0 мың теңгені құрады. Бұдан ФудМастер компаниясы 2011 жылы жаңа техникамен қаруланғанын көре аламыз. Осының есебінен қор қайтарымдылығы да 0,25-ке артты. Бұл құбылыс тағы амортизация сомасына да әсерін тигізді. Жаңа техника алғандықтан бұл көрсеткіш 14403,0 мың теңгеге азайып тұр.
Кәсіпорын жұмысының жақсарғанын өнім рентабельділігі, сату және өндіріс рентабельділігінің өсуінен байқауға болады. Жұмыскерлердің еңбек ақы қорының 31 пайызға өсуіне олардың санының 25 пайызға өсуі себеп болған. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны өскенімен қормен қарулану төмендеп кеткен оған да себеп жұмыскерлер санының өсуі. Ал амортизация сомасы есепті жылы 13,61 пайызға төмендеді.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржы-экономикалық жағдайды талдау арқылы оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

2-кесте. ФудМастер ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштер
2010 ж
2011 ж
ауыт-қуы
1
Рентабельділік көсерткіштері
1.1
Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті
-
0,08
0,13
1.2
Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті
1,18
0,99
-0,19
1.3
Қордың рентабельділік коэффициенті
1,52
2,6
1,08
1.4
Негізгі қызметтің рентабельділік коэффициенті
0,98
1,58
0,6
1.5
Өндірістің рентабельділігі
-
0,12
0,18
2
Қаржы тұрақтылық коэффициенттері
2.1
Тәуелсіздік коэффициенті
-0,04
0,12
0,16
2.2
Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті
-14,05
2,1
16,15
2.3
Тәуелділік коэффициенті
0,56
0,26
-0,3
2.4
Меншікті айналым қаражаттары мен салынған капитал арақатынасының коэффициенті
0,02
0,3
0,28
3
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері
3.1
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті
1,09
2,16
1,07
3.2
Негізгі құралдардың айналымдылығы
1,1
2,62
1,52
3.3
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті
-27,72
17,36
45,08
3.4
Өткізілген өнімді өндіруге кеткен шығындардың қайтарымдылық коэффициенті
1,16
1,54
0,38
4
Өтімділік көрсеткіштері
4.1
Абсолютті өтімділік коэффициенті
0,37
0,83
0,46
4.2
Жедел өтімділік коэффициенті
0,26
0,3
0,04
4.3
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
0,36
0,48
0,12
4.4
Меншікті өтімділік коэффициенті
0,02
0,41
0,39
Ескерту: кәсіпорын мәліметтері негізінде есептелген

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттерін анықтадым.
Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады. 2010 жылы бұл көрсеткіш -0,04-ке тең болса, 2011 жылы 0,16-ға өсіп 0,12 құрады. Осыдан меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесі аз мөлшерде, дегенмен өсу тенденциясы бар. Тәуелділік коэффициенті 2010 жылы 0,56 болса, 2011 жылы 0,3-ке кеміп, 0,26 құрады. 2010 жылы кәсіпорын қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы үлесі жоғары деңгейде болғандығын байқадым, ал 2011 жылы кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелділігі 30 пайызға азайған. Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті 16,15-ке көбейген, яғни, кәсіпорын активтерін қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру өскен.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. ФудМастер ЖШС-нің ағымдағы қарыздарының 2010 жылы 37 пайызы, 2011 жылы 83 пайызы баланс жасалатын уақытта өтелген. Бұл мәлімет арқылы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жақсарған, ол жалпы кәсіпорын жағдайының жақсарғандығын көрсетеді. Жедел өтімділік көрсеткіші арқылы ағымдық міндеттемелердің 2010 жылы 26 пайызы, 2011 жылы 30 пайызы тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс, көрсетілген қызмет есебінен өтелген. Бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған деп айтсақ болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті - ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Аталған көрсеткіш 0,36-дан 0,48-ге жоғарылаған. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті капиталды сипаттайтын көрсеткіш айтарлықтай өскен, 39 пайызға. Жалпы зерттеліп отырған кезеңде компанияның төлем қабілеттілігі жоғарылаған.
Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті 0,19-ға өскен. Бұл көрсеткіштің өсуі жалпы активтердің табыстылық деңгейіне әсер етеді. Сондықтан жалпы активтердің табыстылық деңгейі жоғарылады деп есептеуге болады. Қордың рентабельділік коэффициенті неғұрлым жоғары болса, өнім рентабельділігі солғұрлым жоғары болады. Қарастырып отырған кезеңде 2010 жылғы 1,52-ден 2011 жылы 2,6-ға дейін жоғарылады. Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторларды атап өтсем: өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі; қор сыйымдылығының көбеюі; материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы. Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткіштердің бірі негізгі қызметтен алынатын табыс. Бұл көрсеткіш тек қана кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін ғана емес, сонымен қатар, бағаның құрылу процестерінің тиімділігін көрсетеді. 2010 жылы көрсеткіш 0,98 болса, 2011 жылы 1,58-ге дейін өсті. Барлық табыстылық көрсеткіштерінің ішінде сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 0,19-ға кеміген. Оның кемуіне мына факторлардың өзгерісі әсер етеді: өнімнің өзіндік құнының өсуі және сату бағасының кемуі. Сонымен табыстылық коэффициенттері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді. Біздің кәсіпорын үшін көрсеткіш 2010 жылы 1,09 құраса 2011 жылы 2,16 болды. Көрсеткіш кәсіпорынның жалпы капиталын пайдалану тиімділігінің жоғарылағанын көрсетеді. Нәтижесінде кәсіпорынның барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, өнімді сатудан түскен табыс түріндегі жалпы тиімділігі өсті. Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни, кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Көрсеткіш 2010 жылы 1,1 болса, 2011 жылы 1,52-ге жоғарылап, 2,62-ні құрады. Оған негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы әсер етті. Келесі қарастыратын көрсеткіш - меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бағыттары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Пәндер