Авторлық құқықтың ұғымы және қатынастардың реттелуі



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4.7

1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.12
1.2 Авторлық құқықтың пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.17
1.3 Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.22

2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ ... 23.43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын туындылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.29
2.2 Авторлық құқықтың субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.34
2.3 Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары ... ... ... ... ..34.43

3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..44.57
3.1 Жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44.50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50.57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58.62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63.64
КІРІСПЕ

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін де айғақтаса керек.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның қабылдануымен, авторлық құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, «мықты» заңды қабылдау туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады, себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша «заң кері күшіне ие бола алмайды» деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды құқықтың жеке салаларына қалдырылды.
Бұл оларды реттеу әдісі мен және пәнінің ерекшеліктеріне байланысты. Яғни оларға құқықтың жаңа нормаларының қолданысы таралатын жағдайлар мен фактілерді дербес анықтауға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде авторлық құқық немесе ИМ (интеллектуалдық меншік) кеңістігі мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлінетін аймақ болып табылады. Бұл өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде дамыған елдерге әлемдік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
ИМ (интеллектуалдық меншік) ұлттық байлықты жинақтаушы және экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде көп мағынаға ие болып келеді. Мысалы, интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымының зерттеуі бойынша Америка Құрама Штатында авторлық құқыққа негізделген ұлттық интеллектуалдық индустрияның үлесі 12%-ға жетеді. Ақшалай баламаға аударғанда 500млрд. долларды құрайды, бұл американдық киімдерді, көлік құралдарын, компьютерлерді және ұшақтарды экспорттаудың жалпы көлемінен де асады.
Өз елімізге келсек, Интеллектуалдық меншік біртіндеп бағалы және толықтырылатын қор ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып келеді, болашақта бұл біздің республикамыздың азаматтарының әл-ауқат деңгейін анықтайтын болады. Осыған байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев интеллектуалдық меншік құқықтары мен қорғаулы саудалық маркалы тауарларды өндіруге қолайлы жағдайлар жасау еліміздің экономикалық дамуын қысқартуға басымдылықтың бірі болып табылады деп әлденеше рет жариялаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
ЕО (Еуропалық Одақ) саудасының бас директораты өз өкілдерімен, жеке компаниялармен және Қазақстанда жұмыс істейтін авторлық құқық қорғау жөніндегі қоғамдастықтармен сұхбат жүргізіп біздің елімізде интеллектуалдық меншікке құқыбұзушылық тең таралған тәжірибе деген қорытындыға келді. Елімізде шетел құқық иеленушілеріне ең ауыр тиеді,себебі оларға өздерінің құқықтарын дәлелдеу күрделірек, әсіресе егер олардың авторлық құқытары шетелде тіркелген жағдайда. Қазақстанда өкіметтерге сыбайлас жемқорлыққа және пираттыққа қарсы күресу қорлардың және қажетті тәжірибенің жетіспеуінен қиындыққа соқтырады.
Халықаралық тәжірибенің көрсетуінше әр мемлекеттің міндеті бұл – авторлардың құқықтарын бұзуға қарсы тиімді құқық қолдану жүйесін енгізу болып табылады. Бұл құқық иеленушілерге өз құқықтарын кесіп өтуге және шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік және сот органдары иелердің ерекше құқықтарының заңды талаптарының кез – келген уақытта қостау керек [3;87б.].
Қазақстанда Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау келесі заңды актілермен: Азаматтық кодекспен, “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы” заңмен, “Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарларды шығару орнының аты”, “ Селекциондық табыстарды қорғау туралы”, “Интегралдық микросұлбалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы”, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен реттеледі.
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуде сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексті қабылдау маңызды кезең болып табылады. Олар Интеллектуалдық меншік құқықтарымен байланысты қылмыстар және құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сонымен қатар, республикамызда “ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйені дамыту және құрастыру жөніндегі 2005-2015 ж.ж. программа” қабылданды.
Әлемдік сарапшылардың көпшілігі авторлық құқықты сақтау бөлімінде қатаң ғаламтор – кеңістік мемлекеттік реттеу енгізілмеген елдерде сандық форматтағы музыкалық контрафактының бөлігі (мобильдік байланыс және ғаламтор)” 90-95%-ға жетеді деп пайымдайды. Егер мобильді контент бүгінгі күнде негізінде ресми таратылса, көбінесе ғаламдық желілерде ақтарылған музыкалық өнімдер заңсыз түрде тасымалданады.
Еліміздің де жағдайы осындай, әлемдік мұхитқа тура шыға алмайтын елде әрине пираттар көп болады. Ғаламтор желісін пайдаланатын әр отандық қолданушы еш қиындықсыз тек қазақстандық желі сигментінде кедергісіз ресми емес аудио көз мөлшерілік континентімен өлшеп табуға болады.
Бұл жұмыс авторлық құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық құқықтың түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, оның пайда болу тарихын зерттеу, авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру, авторлық құқықты қорғау механизмін зерттеу.
Осы дипломдық жұмысымда мен ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексін, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңды және өзге де заңдарды, сонымен қатар М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин, В.А. Дозорцев, Н. В. Макагонова, О.А. Дворянкин, А. Корчагин, Б. Бейнфест, Л. Подшибихин, В.И. Жуков, А. Н. Долженко, В.Б. Резников, Н.Н. Хохлока, Э.П. Гаврилов,Е.Н. Суханова, В.Я. Ионас, А. Такоп, В.Л. Чертков, И.А.Зенин,Т.Е.Каудыров және өзге де ғалымдардың еңбектерін пайдаландым.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ


1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Жеті жарғы;
2 Закон РК «О присоединении РК к Бернской конвенции об охране литературных и художественных произведений» от 10.11.1998;
3 Гаврилов Э.П. Комментарий к Закону об авторском праве и смежных правах. Судебная практика. - М.: Экзамен, 2002;
4 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть.) Комментарий. Изд.2-е испр. и доп., с использованием судебной практики. Отв. ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000;
5 Комментарий: Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Особенная часть). Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г.- Алматы: «Жеті жарғы», 2000 ж.;
6 Ихсанов Е.У. Авторское право как субъективное гражданское право по законодательству Республики Казахстан.-Автореф. дис. к.ю.н.-Алматы,2001;
7 Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов (акад. курс). Отв ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000;
8 Дозорцев В.А. Новая эра в охране исключительных прав // Право и экономика.1995.№15-16;
9 Макагонова Н.В. Авторское право. М., 2000;
10 Линен Оуэн. Приобретение и продажа Авторского права на литературные произведения. А., «Қаршы-қарашат», 1998 г;
11 Каудыров Т.Е. «Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности»: Монография.-Алматы: Жеті жарғы, 2001;
12 Гаврилов Э.П. Комментарий к Закону РФ "Об авторском праве и смежных правах". М., 2002;
13 Долженко А.Н., Резников В.Б., Хохлова Н.Н. Судебная практика по гражданским делам. М., 2001;
14 Такоп А. Авторское право и доступ к информации. 1998, №3;
15 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері)- Алматы: Юрист, 2007 ж.;
16 Зенин И.А. Рынок и право интеллектуальной собственности. М., 1991;
17 Гражданское право. Учебник. Часть II/Под. ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого.-Москва: Проспект, 1997;
18 Чертков В.Л. Авторское право в периодической печати. М. 1989 г;
19 Калятин В.О. Интеллектуальная собственность (исключительные права);
20 Ионас В.Я.Произведения творчества в гражданском праве. М., 1972;
21 Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия. М., 1998;
22 Ионас В.Я. Критерий творчества в авторском праве и судебной практике. М., 1963;
23 Э.П. Гаврилов «Советское авторское право. Основные положения. Тенденции развития. Наука», Москва 1984 ;
24 Гражданский кодекс Республики Казахстан-толкование и комментирование. Общ. Часть. Вып. 3. А., 1997;
25 Гражданское право. Том 2. Учебник для вузов (акад. курс). Отв ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин. А., 2000;
26 Гражданское право. Учебник. Часть 1. Изд. третье, перераб. и доп. / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого. М., 1998;
27 Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 10.06.1996 жылғы N 6-1 Заңы (соңғы толықтырулармен және өзгерістермен);
28 Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бас маманы Е.Б. Қасымовтың 29.01.2010ж. берген мәлімдемесінен;
29 Калятин В.О. Интеллектуальная собственность (исключительные права). М., 2000;
30 Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясы, 1986 ж;
31 Жуков В.И. Гражданское законодательство и институт интеллектуальной собственности. М.;
32 Корчагин А., Бейнфест Б., Подшибихин Л. Патентное право и его связь с авторским правом // Интеллектуальная собственность. Авторское право и смежные права. - 2000. - N 2;
33 Авторские дела в суде. Научно-практический комментарий, Москва, «ВААП-ИНФОРМ», 1985 г;
34 Гражданское право. Учебник.I - II том. Отв. ред. Суханова Е.А.-Москва, 1998 г;
35 Аудандық әділет басқармасының бастығы Ж.Байбашеваның мәлімдемесі http://adiletaktobe.kz 07.07.2009 басылым;
36 О.А. Дворянкин «Защита авторских прав. Ответственность за их нарушение. Уголовно-правовой аспект. М.2002;
37 Гражданский кодекс Республики Казахстан-толкование и комментирование. Общ. Часть. Вып. 3. А., 1997;
38 Оңтүстік Қазақстан обл. Әділет департаменті баспасөз қызметінің “Авторлық заңдылық” мақаласынан мәлімдеме. Ресми сайты: www.minjust.kz/en/node/15613;
39 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 наурыз 2001ж № 411 Қаулысы;
40 Құқықтық статистика комитетінің мәліметтері және Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының арнайы есебі (Диаграмма 1);
41 Гражданское право под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого,М., 2001;
42 Гражданское право под ред. Е.Н. Суханова. М., 1993;
43 Ожегов С.И. Словарь русского языка. М;
44 Гражданское право: В. 2т. Том 1. Учебник/ Отв. ред. Проф. Е.А. Суханов. 2–е изд. перераб. и доп. М., 1998;
45 Закон Республики Казахстан от 29 июня 2001 года «О правовой охране топологий интегральных микросхем»;

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-7

1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
РЕТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8-22
1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... .. 8-12
2. Авторлық құқықтың пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...13-17
3. Авторлық қатынастардың құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-22

2 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТІЛЕРІ ... 23-43
2.1 Авторлық құқықтың объектілері және объектілері болып табылмайтын
туындылар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 23- 29
2.2 Авторлық құқықтың
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-3 4
3. Автордың жеке мүліктік және мүліктік емес
құқықтары ... ... ... ... ..34-43

3 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫ ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... 44-57
3.1 Жалпы
ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .44-50
3.2 Авторлық құқықты Қазақстан Республикасының заңнамасы
бойынша
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 50-57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..58-62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 63-64

КІРІСПЕ

Біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік
берілген. Ол Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20-
бабында: Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға
тыйым салынады деп айқын тұжырымдалған [1; 20-бап]. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде мүліктік қатынастар теңдігі тайға
таңба басқандай айқын көрініс тапқан. Мұнымен қоса азаматтық заңнамалардың
негізгі принциптері, олармен реттелетін қатынастардың теңдігі, кез келген
меншік түріне қол сұқпау, келісімдердің еркіндігі, азаматтардың жеке ісіне
араласуға жол бермеу, азаматтық құқықтардың кедергісіз жүзеге асыруын,
бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету немесе сот арқылы
қорғау зор маңызға ие. Сайып келгенде, осы қағидалардың барлығы да келісім
жасаудың еркіндігіне, азаматтардың және заңды тұлғалардың өз мүдделеріне
қатысты шараларды анықтауына негізделеді. Азаматтық құқықтың ең жетекші
бөлімдерінің бірі бола тұра, тек әлеуметтік - экономикалық салада ғана
емес, сондай-ақ құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқықтың
кеңінен көрініс беруі – оның аса күрделілігімен қатар, ауқымының кеңдігін
де айғақтаса керек.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын шығару және пайдалану
саласында соңғы үш жыл ішінде біздің қоғамымыздың құқықтық өмірінде
елеулі өзгерістер болды. 1996 жылы 10 маусымда ҚР Авторлық құқық
және сабақтас құқықтар туралы Заңның қабылдануымен, авторлық
құқықтарды қорғаудың өзіндік әлемдік эталоны болып табылатын, әдеби
және көркем туындыларын қорғау туралы Берн Конвенциясының талаптарына
толықтай сәйкес келетін, авторларының құқықтарын қорғаудың өте жоғарғы
сапасын көздейтін нормалардың жүйесі ретінде авторлық құқықтың
қазақстандық жүйесінің қалыптасуы аяқталды. Себебі, жоғарғы құндылық
болып табылған адам, оның құқықтары мен бостандықтарына қатысты
мемлекет саясатының өзгеруіне байланысты, мықты заңды қабылдау
туралы сұрақ бұрыннан қойылған болатын.
Берн Конвенциясының қағидаларының бірі болып қорғаудың ең
төменгі көлемі приципі болып табылады. Ол, Конвенцияның өзі оған
қатысушы елдерде міндетті қолдануға жататын авторлық-құқықтық
қорғаудың кейбір нормаларын бекітуді білдіреді [2;]. Көптеген уақыт
бойы КСРО, одан кейін Қазақстан да Берн Конвенциясына қосыла алмады,
себебі, ұлттық заңнама авторлық құқықты қорғаудың мұндай деңгейін
қамтамасыз ете алмады. Тек қазір ғана қазақстандық заңнамамен
ұсынылатын қорғау деңгейі Берн Конвенциясының деңгейіне қол
жеткізгенде ғана, Берн Конвенциясына қосылуға нақты мүмкіндік пайда
болды. Яғни, Қазақстан 1998 жылдың 10 қарашасында оның толық құқылы
қатысушысы бола отырып жүзеге асырылды. Осындай құқықтық шешімдердің
маңыздылығын тани отырып тәжірибе үшін анағұрлым маңызды болып
келетін мынадай сұрақты анықтау қажет, яғни Конвенция заңының
нормалары қолданыла ма? Олар қандай жағдайлар мен фактілерге
қолданылады, қандай туындыларды шығаруда және пайдалануда олар
күшіне ие болады, заң немесе халықаралық шарт өз күшіне енген
уақыттан кейін шығарылған туындылар ғана қорғау объектісі болып
табыла ма? Құқықтық жалпы теориясы заңның өз күшіне енгенге дейін
орын алған жағдайларға немесе фактілерге таралуы ретінде, заңның кері
күшін анықтай отырып жалпы ереже бойынша заң кері күшіне ие бола
алмайды деген принцип жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Жалпы қағиданы құрастырып құқық теориясы, оны нақтыландыруды
құқықтың жеке салаларына қалдырылды.
Бұл оларды реттеу әдісі мен және пәнінің ерекшеліктеріне байланысты.
Яғни оларға құқықтың жаңа нормаларының қолданысы таралатын жағдайлар мен
фактілерді дербес анықтауға мүмкіндік береді.
Батыс елдерінде авторлық құқық немесе ИМ (интеллектуалдық меншік)
кеңістігі мемлекет тарапынан өте көп көңіл бөлінетін аймақ болып табылады.
Бұл өнеркәсіптік өнімдерді өндіруде дамыған елдерге әлемдік көшбасшы
болуға мүмкіндік береді.
ИМ (интеллектуалдық меншік) ұлттық байлықты жинақтаушы және
экономикалық дамудың маңызды құралы ретінде көп мағынаға ие болып келеді.
Мысалы, интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымының зерттеуі бойынша
Америка Құрама Штатында авторлық құқыққа негізделген ұлттық
интеллектуалдық индустрияның үлесі 12%-ға жетеді. Ақшалай баламаға
аударғанда 500млрд. долларды құрайды, бұл американдық киімдерді, көлік
құралдарын, компьютерлерді және ұшақтарды экспорттаудың жалпы көлемінен де
асады.
Өз елімізге келсек, Интеллектуалдық меншік біртіндеп бағалы және
толықтырылатын қор ретінде өзінің шынайы мағынасына ие болып келеді,
болашақта бұл біздің республикамыздың азаматтарының әл-ауқат деңгейін
анықтайтын болады. Осыған байланысты елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
интеллектуалдық меншік құқықтары мен қорғаулы саудалық маркалы тауарларды
өндіруге қолайлы жағдайлар жасау еліміздің экономикалық дамуын қысқартуға
басымдылықтың бірі болып табылады деп әлденеше рет жариялаған.
Қазіргі уақытта Қазақстан ИМБҰ-ның (Интеллектуалдық Меншіктің
Бүкіләлемдік Ұйымы) қамқорлығымен жүзеге асырылатын (соның ішінде
өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париждік конвенция, Патенттік
кооперациялар туралы шарттар, тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу
жөніндегі Мадрид келісімі, Еуразиялық патент конвенциясы және т.б.) толық
құқықты мүшесі болып табылады, әйтсе де республикада авторлық құқықты
қорғау әлі де халықаралық деңгейге сәйкес келмейді.
ЕО (Еуропалық Одақ) саудасының бас директораты өз өкілдерімен, жеке
компаниялармен және Қазақстанда жұмыс істейтін авторлық құқық қорғау
жөніндегі қоғамдастықтармен сұхбат жүргізіп біздің елімізде интеллектуалдық
меншікке құқыбұзушылық тең таралған тәжірибе деген қорытындыға келді.
Елімізде шетел құқық иеленушілеріне ең ауыр тиеді,себебі оларға өздерінің
құқықтарын дәлелдеу күрделірек, әсіресе егер олардың авторлық құқытары
шетелде тіркелген жағдайда. Қазақстанда өкіметтерге сыбайлас жемқорлыққа
және пираттыққа қарсы күресу қорлардың және қажетті тәжірибенің
жетіспеуінен қиындыққа соқтырады.
Халықаралық тәжірибенің көрсетуінше әр мемлекеттің міндеті бұл –
авторлардың құқықтарын бұзуға қарсы тиімді құқық қолдану жүйесін енгізу
болып табылады. Бұл құқық иеленушілерге өз құқықтарын кесіп өтуге және
шығындардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әкімшілік және
сот органдары иелердің ерекше құқықтарының заңды талаптарының кез – келген
уақытта қостау керек [3;87б.].
Қазақстанда Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау келесі заңды
актілермен: Азаматтық кодекспен, “Авторлық және сабақтас құқықтар туралы”
заңмен, “Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарларды шығару
орнының аты”, “ Селекциондық табыстарды қорғау туралы”, “Интегралдық
микросұлбалардың топологиясын құқықтық қорғау туралы”, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Патенттік заңымен реттеледі.
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етуде сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және әкімшілік
құқықбұзушылықтар туралы Кодексті қабылдау маңызды кезең болып табылады.
Олар Интеллектуалдық меншік құқықтарымен байланысты қылмыстар және
құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады.
Сонымен қатар, республикамызда “ҚР-ның ұлттық инновациялық жүйені
дамыту және құрастыру жөніндегі 2005-2015 ж.ж. программа” қабылданды.
Әлемдік сарапшылардың көпшілігі авторлық құқықты сақтау бөлімінде
қатаң ғаламтор – кеңістік мемлекеттік реттеу енгізілмеген елдерде сандық
форматтағы музыкалық контрафактының бөлігі (мобильдік байланыс және
ғаламтор)” 90-95%-ға жетеді деп пайымдайды. Егер мобильді контент бүгінгі
күнде негізінде ресми таратылса, көбінесе ғаламдық желілерде ақтарылған
музыкалық өнімдер заңсыз түрде тасымалданады.
Еліміздің де жағдайы осындай, әлемдік мұхитқа тура шыға алмайтын елде
әрине пираттар көп болады. Ғаламтор желісін пайдаланатын әр отандық
қолданушы еш қиындықсыз тек қазақстандық желі сигментінде кедергісіз ресми
емес аудио көз мөлшерілік континентімен өлшеп табуға болады.
Бұл жұмыс авторлық құқық мәселелеріне арналған. Оның мақсаты-авторлық
құқықтың сұрақтары халықаралық құқықтың деңгейінде және әртүрлі елдердің
ұлттық заңнамаларында қалай шешілетінін көрсету, авторлық құқықтың
түсінігін беру және қағидаларын қарастыру, оның пайда болу тарихын зерттеу,
авторлық қатынастардың құқықтық тұрғыда реттелуін, сондай-ақ авторлық
құқықтың объектілері мен субъектілерін қарастыру, авторлық құқықты қорғау
механизмін зерттеу.
Осы дипломдық жұмысымда мен ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексін,
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңды және өзге де заңдарды,
сонымен қатар М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин, В.А. Дозорцев, Н. В. Макагонова,
О.А. Дворянкин, А. Корчагин, Б. Бейнфест, Л. Подшибихин, В.И. Жуков, А. Н.
Долженко, В.Б. Резников, Н.Н. Хохлока, Э.П. Гаврилов,Е.Н. Суханова, В.Я.
Ионас, А. Такоп, В.Л. Чертков, И.А.Зенин,Т.Е.Каудыров және өзге де
ғалымдардың еңбектерін пайдаландым.

1 АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
РЕТТЕЛУІ

1.1 Авторлық құқықтың ұғымы және қағидалары

Авторлық құқық - азаматтық құқық институттарының бірі болып
табылады. Онымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар
әдебиет, ғылым және өнер туындыларын шығарумен және пайдаланумен
байланысты. Дербес жеке институт ретінде авторлық құқық нақты міндеттерді
атқарады. Бұл міндеттерге автордың мүліктік, жеке мүліктік емес құқықтары
мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау, ғылыми және көркем туындыларын
шығару үшін анағұрлым қолайлы жағдайларды құқықтық әдіс - тәсілдер арқылы
қамтамасыз ету, оларды қоғамның кеңінен пайдалану жатады. Объективтік
мағынада авторлық құқық, ғылым, әдебиет және өнер туындыларын бұл шығару
және пайдалану бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығы. Субъективтік мағынадағы авторлық құқық - бұл әдебиет, ғылым
және өнер туындыларын шығарған тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес және
мүліктік құқықтар.
Авторлық құқықтың қағидалары. Біздің авторлық құқыққа нақты бір жалпы
қағидалар тән. Шығармашылық еркіндігі қағидасы, авторға шығаратын
туындының, өзіне қызықты тақырыбын, нысанын, оны шығару әдісін таңдап
алуға, өзінің туындысын барлық заңмен рұқсат етілген әдіс-тәсілдер
бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Конституциялық заңнама ғылыми
техникалық және көркем шығармашылық еркіндігін, ғылыми, зерттеу, ойлап
құрастыру және рационизаторлық қызметтің анағұрлым кең ауқымда қолдану,
әдебиет пен өнерді дамыту жолы арқылы кепілдік береді.
Автордың жеке мүддесін барлық қоғамның мүддесімен сәйкес келу
қағидасы, автордың туындыларын жеке мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында
пайдалануға жол береді. Яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінде көзделіп отырғандай, автордың келісімінсіз және оған авторлық
сыйақыны төлемей шығарылған туындыны жаңа, шығармашылық жеке туындыны
шығару үшін пайдалануға болады.
Туындыны шығаруға және пайдалануға автордың моральдық және
материалдық қызығушылығы қағидасы тәжірибеде моральдық көтермелеудің
әртүрлі нысандары бар: құрметті атақ беру (еңбек сіңірген артист және
т.б.), халықтың марапаттауына ие болған туындыны қайта шығару. Моральдық
және материалдық көтермелеу болып ғылыми, әдебиет және өнер туындыларының
авторларына әртүрлі мемлекеттік және атаулық сыйақы беру табылады. Әртүрлі
туындылар үшін ауысымды ставка түріндегі авторлық сыйқыны белгілеу де
материалдық ынталандырудың әдісі болып табылады.
Автордың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғау қағидасы тек
авторлық құқық қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін
белгілейтін субъективтік құқықтарды жүзеге асыру кепілін бекітетін және
мемлекеттік органдардың құзіретін анықтайтын құқық нормаларында ғана
көрініс таппаған, сонымен қатар, ол бұзылған авторлық құқықтардың қорғауын
қамтамасыз ететін құқық нормаларында да орын алған [4; 120-216 б.б.].
Қазақстан егемендік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың
толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес
құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Солардың бірі зияткерлік меншікті
қорғау. Қазақстан Дүниежүзілік зияткерлік меншік Ұйымының мүшесі, сондықтан
да зияткерлік еңбек әрбір азаматтың жеке мүліктік және мүліктік құқығы,
немесе оның жеке меншігі.
Жалпы автор ол шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса,
авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып
табылады. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу
әдісі мен нысанына қарамастан шығармашылық еңбектің нәтижесі болып
табылатын ғылым, әдебиет туындыларына қолданылады. Авторлық құқық жазбаша,
ауызша, үнжазба немесе бейнежазба, бейнелеу, көлемді-кеңістікті сипатта
жарияланған туындыларға да, жарияланбаған туындыларға да қолданылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердің, әдістердің,
жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне
қолданылмайды. Жалпы авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындысына,
оның жасалу дерегіне қарай туындайды[ 5;56 б.].
Авторлық құқық туралы заңнама.
Ғылыми және көркем туындылар аясындағы қарым –қатынастар жиынтығы
авторлық құқық туралы заңнаманы құрайтын әртүрлі нормативтік актілермен
реттеледі. Ол нақты бір бірлікпен сипатталады. Бұл бірлік барлық заң
актілерінің міндеттері мен жалпы бағыттылығында, сондай-ақ онымен
реттелетін қарым-қатынастар аясында және авторлық құқықты қорғау әдіс-
тәсілдерінде көрініс табады. Авторлық құқық туралы заңнама-азаматтық
заңнаманың құрамдас бөлігі. Азаматтық заңнаманың негізі мен азаматтық
кодексте авторлық құқық өзі дербес жеке тарау болып қарастырылса да,
онымен реттелетін қарым-қатынастарға бұл заңдардың басқа нормалары да
қолданылады және жалпы нормалары ғана емес (мысалы, авторлық құқыққа ие
бола алатын азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы), сонымен қатар
бірқатар арнайы нормалар (мысалы, автордың кейбір құқылығын мұра бойынша
ауысу кезіндегі мұрагерлік туралы, авторлық шарттарды жасасу және орындау
кезіндегі шарттар туралы, авторлардың мүліктік құқықтарын қорғау
кезіндегі шығындардың орнын толтыру және т.б.) [6; 112-116 б.б.].
Авторлық құқықтың нормалары республикалық маңызы бар әртүрлі
заңды және нормативті актілерде көрініс табады. Азаматтық заңнаманың
негізі барлық республикаларда біркелкі шешімді талап ететін
сұрақтар бойынша қағидалық ережелерді бекітеді. Авторлық құқық
негіздері бөлімі авторлық құқықтың объектілері ретінде туындылардың
қорғау қабілеттілігінің критерийлеріне ғылыми және көркем шығармашылығы
субъектілерінің құқықтарын, ғылыми және көркем шығармашылықтың
нәтижесін пайдаланудың құқықтық сұрақтарын, авторлық құқықтың әрекет ету
мерзімін жатқызады. Мұндай бірлік авторлық құқықты қорғау бойынша
халықаралық конвенцияларға қатысу қажеттілігімен анықталған. Авторлық
істер бойынша дауларды шешу кезінде 1986 жылы 18 сәуірде қабылданған КСРО
Жоғарғы Сот Пленумының Авторлық құқық қатынастардан туындайтын дауларды
шешу кезінде соттардың заңнаманы қолдану басшылық етуші қаулысы
қолданылады.
Бұрынғы КСРО-ң басқа да субъектілері секілді Қазақстан Республикасы
да авторлық құқықтарды қорғаудың халықаралық жүйесіне қатысады. Бұл
КСРО-ң 1973 жылы Авторлық құқық туралы жалпы әлемдік (Женева) конвенциясына
қосылумен байланысты болды. Жалпы әлемдік конвенция ұлттық режим
қағидасынан бастау алады. Осы қағиданың арқасында әрбір қатысушы елде шетел
авторларының туындылары, өз азаматтарының туындылары секілді бірдей
қорғалады, яғни авторлық құқық туралы ұлттық заңнаманың ережелері
қолданылады. Конвенция қорғалатын туындылардың болжамды тізімін береді.
Бірқатар елдің заңнамасы осы жолмен келеді.
Әлемдік конвенцияда қорғалуға құқығы бар тұлғалар туралы мәселе
тиянақты түрде шешілген. Оның ережелеріне сәйкес, Конвенцияға қатысушы
мемлекеттердің авторлық құқығы, олардың туындыларының алғаш рет жарық
көрген орнына қарамастан қорғалады.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттің аумағында туындылары алғаш рет жарық
көрген, Конвенцияға қатыспайтын мемлекеттің азаматтарының авторлық құқығы
да қорғалады. Жалпы әлемдік конвенция азаматтығы жоқ тұлғалардың авторлық
құқықтарына қолданылады, себебі әрбір қатысушы мемлекет ішкі заңнамамен
өзінің азаматтарының секілді, осы мемлекеттің аумағында тұрақты тұрып
жатқан барлық тұлғалар да авторлық құқығын қорғау құқығына иеленеді.
Сонымен қатар Жалпы әлемдік конвенция авторлық құқықтарды қорғауды ұсынудың
шарттарына назар аударады: бірінші басылымнан бастап туындының барлық
даналарына авторлық құқық иеленушінің атын, жарыққа алғаш рет шығу жылын
арнайы белгілеу; арнайы процессуалдық талаптар, қорғау мерзімінің
ұзақтығы және т.б.
Сондай-ақ мынаны атап өту қажет: әдеби және шығармашылық туындыларды
қорғау туралы Халықаралық конвенцияның (Берн Конвенциясы) және орындаушы
әдістердің, фонограмма дайындаушылардың және хабар таратушы ұйымдарының
мүдделерін қорғау туралы конвенцияның анағұрлым көптеген қатаң ережелерін
ескере отырып, (Рим конвенциясы) 1991 жылғы азаматтық заңнама негіздерінің
нормалары, авторлық құқықтарды қорғауды кеңейту жолы бойынша одан әрі
дамыды.
Авторлық құқық өзіндік ерекшелігі бар сала ретінде шығармашылық,
интеллектуалдық еңбекпен айналысатын адамдардың мүддесін қозғайды.
Авторлық құқық материалдық зат ретінде әдеби жазба мен бейнені
қорғамайды, керісінше ол оның ішіндегі рухани өнімді, яғни шығарманы
қорғайды [7; 40 б.].
Барлық интеллектуалдық әрекеттің негізінде авторлық жатыр. Ол туындыны
шығару кезінде шығармашылық еңбекті көрсетеді.
Шығармашылық барлық ғылым саласында, әдебиетте және өнерде қоғамның
ілгері жылжу күші болып табылады. Ғылымның, әдебиеттің және өнердің дамуы
халықаралық өзіндік түсінушілікке жақсы ықпал етеді. Сондықтан авторлық
құқық саласы мемлекеттер арасында жаңа қатынастардың пайда болуына негіз
болады.
Авторлық құқық әдебиет, өнер, ғылыми туындылардың авторлары мен қоғам
арасындағы қатынастарды реттейді. В.А.Дозорцев айтқандай: Шығарма жасауға
байланысты әрекеттер идеологияны қалыптастыруға, адамды тәрбиелеуге
бағытталған [8; 28б.].
Рыноктың экономикаға өтуі авторлық құқыққа да өз әсерін тигізді. Егер
марксистік теория барлық ғылым негізінде соның ішінде азаматтық құқық
негізінде болып құқықтың проприетарлы құрылымын шығармашылық нәтижеге
бөлуге болмайтын болса, рыноктық экономикадағы заңдар интеллектуалдық
меншікті қорғайды.
Авторлық құқық авторлар және аудио, видео, кітап өнімдерін
шығарушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, туындыларды орындаушылар, автор
шығармасының өнімдерін таратушылар арасындағы қатынастарды реттейді.
Осыған орай авторлық құқық кітап, аудио, видео өнімдерін шығарушылар, өсы
өнімдерді таратушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының да мүдделерін
қорғайды. Қазақтан өз тәуелсіздігін алғанға байланысты оның құқықтық
өмірінде түрлі өзгерістер болды. Шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай
жасалып жатыр. Республиканың әдебиет және бейнелеу өнімдерін қорғау туралы
1986 жылғы Берн конвенциясына фонограмма өнімдерін шығарушыларды осы
өнімдерді заңсыз қайта шығарушылардан қорғау конвенциясына қосылу, оның
шығармашылық қауымдастықтан өзіне лайықты орнын алуға ұмтылуын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы және интеллектуалдық меншіктің халықаралық
ұйымы арасында шартқа қол қойылды. Негізгі халықаралық конвенцияларға
қосылу және интелектуалдық меншіктің халықаралық ұйымымен шартқа қол қою,
біздің мемлекетімізге халықаралық қауымдастықтағы авторлық құқық саласында
үлкен мүмкіндіктер туғызады. Мемлекетіміз өз авторларымызды олардың
туындыларын шет елдерде қолданған уақытта қорғау мүмкіндігін алды. Осыған
қоса Қазақстан шет ел авторларының туындылары елімізде қолданылғанда,
оларды қорғау міндетін өз мойнына алды. Жуық арада республикамыздың
дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына енуі Қазақстанның сыртқы экономикалық
саясатының басты бағыты.
Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі басты талаптардың бірі авторлық
құқықты қорғау және тиісінше бұзылған авторлық құқықты қорғау. Осы
экономикалық саяси және құқықтық жағдайда дүниежүзілік сауда ұйымы
ережесіне сай 140-қа жуық мемлекет сауда-саттық қарым-қатынастарына түсіп
отырғандықтан, Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымы бекіткен талаптарды
бұлжытпай орындауы міндет.
Қазіргі таңда Республика Парламентінің жоғарғы палатасында Үкімет
ұсынған О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные
акты Республики Казахстан по вопросам интелектуальной собственности заң
жобасы талқылануда.
Заң жобасын талқылау интелектуалдық меншікке байланысты заң шегіндегі
авторлық құқық заңы дүниежүзілік конвенцияға сәйкескендірілгелі жатқандығын
көрсетеді.
Бірақ, менің ойымша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы құрамына
кіруіне байланысты мәселе шешіліп жатқанда,интеллектуалдық меншікке
байланысты сұрақтарды реттейтін қылмыстық, әкімшілік және азаматтық құқық
нормалары түпкілікті және нақты зерттелуі тиіс.
Жекелей келгенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде
интеллектуалдық меншік аясында құқық бұзушылық жасауға байланысты
қарастырылатын жаза нормаларын бөлек бөлімге біріктіру. Себебі
интеллектуалдық меншік шығарма авторының меншігі.
Бұл бөлімге мемлекет өміріндегі түрлі салаларда қолданылатын
туындылар авторларының құқығын бұзуға байланысты көзделген жазаларды
реттейтін нормалар енуі керек. Жекелей Қылмыстық Кодекстегі
интеллектуалдық меншікке қарсы жасалған қылмысқа байланысты Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 184-бабы - көрінеу жалған жарнама
беру Қылмыстық Кодекстің 198-бабы - тауарлық белгіні заңсыз пайдалану,199 –
бабы - компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды
жасау, пайдалану және тарату ҚР ҚК-нің 227-бабы. Осы баптардың барлығы бір
бөлімге біріктіру нормаларды бірыңғай түсіндіруге және интеллектуалдық
меншік аясындағы құқық бұзушылықты бірыңғай саралауға мүмкіндік туғызады
және интелектуалдық меншікті қорғау деңгейін көтереді.
Тауарлық белгі интеллектуалдық меншіктің объектісі болғандықтан
Қылмыстық Кодекстің 199-бабына өзгерістер енгізіп, оны Қылмыстық Кодекстің
184-бабына сәйкестендіру керек.
Тәжірибеде ірі залал болғандығын дәлелдеу қиын болғандықтан ірі
залал орнына ірі мөлшерде деп көрсету керек.
Залал мөлшеріне байланысты сұрақты шешу өте қиын. Себебі
интеллектуалдық меншік объектілері материалдық негізбен қоса материалдық
емес негізде де болады.

1.2 Авторлық құқықтың пайда болу тарихы

Әдебиет пен өнер бұрынғы заманнан бері танымал, ал авторлық құқықтың
тарихы 200 жылдан сәл көп уақытты қамтуда.
Қазіргі авторлық құқықты құрайтын кейбір ойлар, сонау бұрынғы
заманнан келді. Ең алдымен бұл туынды мен оның авторының арасындағы
байланыс туралы көзқарасқа байланысты. Бөтен біреудің туындысын алып
пайдалану сонау ерте заманның өзінде моральдық тұрғыдан қате деп саналды,
ал туындыны бұрмалау антикалық Греция мен Римде, ал одан бұрын Индияда да
қоғамдық пікір мен сөгіске ие болды. Өз заманында Грецияда мынадай ереже
болды: маңызды оқиғалардың қол жазбасы,пьесаның қойылымы шын мәнінде
мәтінін өзіне сай келе ме,әлде жоқ па, міне соны қадағалау үшін арнайы
архивке сақталуға берілді.
Ғасырлар өте келе мәтіннің бұрмалануына қатысты шағымдар көптеп
жасалынды. Мысалы, Мартин Лютер өзінің туындысын кеңінен бірнеше мәрте
қайта басылымына қатысты әбден назары болды.Ол: “Егер менің кітаптарымды
жаман, нашар ұстаса, оның залалына әлде болса шыдауға болар еді. Бірақ енді
олардың менің кітабымды басым, асығыстық танытқандары соншалықты мен өзім
артынан осы кітаптарды оқығанда, мен оларды танымаймын...Қарапайым адамды
оның атының көмегімен алдау- бұл алаяқтық” [9; 345 б.].
Лютер өзінің наразылығын ең алдымен бұрмаланған басылымға бағыттады,
оның сөздерінде, ол мұндай корректурамен келіспейтіндігі байқалады. Мұндай
көзқарас салыстырып қарағанда ол кездегі жаңа көзқарас болып саналды және
біз бұдан Лютердің заманында, автор қайта басуды және басқа да жариялымның
нысанын бақылау құқығын иемденуге, демек, оның туындысын пайдаланудан
түсетін пайданы алу мүмкіндігін иемденуге тиіс деген ойды кездестіреміз.
Бұл көшіру (кітап басу, ағаш пен мыста ойып басу) техникасының
саласындағы өзгерістермен тұспа-тұс келді.Көшірудің жаңа мүмкіндіктері жаңа
заң шығаруға міндеттеді. Ол заңды жаңа авторлық құқықтың алғы шарт деп
санауға болады, басымшылармен немесе басып шығарушылармен ұсынылған нақты
бір туындыларды басу үшін арнайы артықшылықтар енгізілді.
Авторлық құқық әрқашанда техникалық прогресспен үзіліссіз байланыста
болды. Өткен кезеңде де жаңа техникалық жетістіктер авторлық заңға
өзгерістердің қажеттілігін көрсетті. Уақыт ағысымен, техниканың дамуымен
шығармалардың тұрақты саны тұрақты өсіп отырды және бүгін де олар кең
ауқымды құрайды: кітаптар және журналдар, кинофильмдер, радио, телевидение,
ЭЕМ үшін программалық жабдықтар [10; 6 б.].
Алғашқы алғышарттар 1400 жылы Venedig-де мәлім болды және содан бұл
жүйе барлық Европада тез таралды. Бұл жүйедегі артықшыларға келер болсақ,
сөз авторларды құқықтық қорғау немесе оларды шығармашылық қазынасын
құқықтық қорғау туралы сөз қозғалып отырған жоқ. Алайда шын мәнінде бұл
артықшылықтар авторлар үшін пайдалы болды,әсіресе кітапты басып шығарушылар
немесе басылымдар өздерінің артықшылықтарына ие болу үшін олар автордың,
оның туындысын басып шығаруға рұқсат бергендігін растайтын құжатпен
растауға тиіс болды.
Алғышарттар туралы ереже бөлігі болып саналатын корпорациялар мен
гильдиялар үшін тән ереже, 18-ғасырда және 19-ғасырдың басында ақырындап
жойылады және еркін бәсекелестікке негізделген кәсіпкерлік туралы ережемен
алмасады. Бірақ нақ осы ереженің жойылуы авторлық құқықты аман сақтады,
себебі берілген істе құқықтық қорғау нысандағы реттеудің тұрақты түрде
қажеттілігі бар қызметтің ерекше саласына қатысты екендігі танылды.
Сонымен, заңнама негізінде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға
артықшылықтарды иемденуден бас тарту басталды және демек, жаңа авторлық
құқықтың бастамасы қаланды.
Бұл бастама Англияда қаланды, ондағы қабылданған авторлық құқыққа
қатысты 1-құжатты, авторлық құқық саласындағы қабылданған алғашқы заң деуге
болады. Ол 1709 жылы Аннаның мәртебесін қабылдаумен бірге жүзеге асырылды.
Сол кезде авторларға өзінің туындысын 14 жылға құқықтық қорғау құқығы
берілді, ал ол қайтыс болмаған жағдайда тағы да 14 жылға ұзартылды.
Туындыны шығару және қайта шығару монопольдық басылған кітаптың 9 данасы
тіркеліп, университеттер мен кітапханаларға таратылды.
АҚШ-та тұңғыш штаттардың авторлық құқық туралы заңдары француз және
американ революциясына дейін пайда болды. Олар сол заңда көрсетілгендей
меншіктің ең қасиетті түрін қорғады. 1789 ж. 17 наурыздағы заңда адамға
өзінің ақылының еңбегінің нәтижесінен артық тиесілі меншік жоқ деп
көрсетілді.
1762 ж. Испанияда кітап басу құқығы тек қана оның авторына
беріледі деген бұйрықпен авторлық құқық туралы заң қабылданды.
Францияда 1791 және 1793 жылдарда өнер жазушылары мен қызметкерлерін
құқықтық қорғау туралы заңнама қалыптасты және 1957 жылға дейін қолданыста
болды да көп уақыт бойы көптеген елдерге үлгі болды. Бұл заңнама сол
кездегі әдеттік- құқықтық көзқарастардың әсерімен қабылданды. Бұл
көзқарастарға сәйкес, автордың өзінің туындысына деген құқығы рухани
шығармашылық туындысына жеке меншік құқығы ретінде қарастырылды және оны
материалдық құндылықтарға жеке меншік құқығы секілді жоғары дәрежеде тануға
тура келетін.
Өнер қызметкерлері мен жазушылардың құқығы заңнамада бекітілгеннен
кейін, олардың әрдайым даму және кеңею кезеңі (19 ғасыр мен 20-ғасырдың
басы) басталды. Туындылардың көптеген түрлері құқықтық қорғауға
алынып,қорғаудың өзі туындыларды пайдаланудың көптеген әдіс-тәсілдеріне
қарсы бағытталды. Құқықтық қорғау мерзімі автор қайтыс болғаннан кейін 50
жылға дейін көбейді. Бүгінгі таңда авторлық құқықты қорғаудың анағұрлыл жиі
кездесетін мерзімі және авторлық құқық бойынша көптеген заңнамалар,
басқалармен қатар ерекше жағдай ретінде “droit moral” қорғауын иеленеді
(Кеңес авторлық құқығында мүліктік емес жеке құқық түсінігіне жақын
түсінік) [11; 36 б.].
Ақырында 1886 жылы авторлық құқықты қорғаудың халықаралық жүйесін және
алғашқы көп жақты Берн конвенциясын дайындау үшін алғышарттар құрыла
бастады.
Ресейде авторлық құқықтың дамуы. Міне бірнеше ғасырлардан бері
өркениетті әлемнің назары авторлық құқық мәселелеріне аударылған. Ғылыми-
техникалық дамудың нәтижесінде мүмкін болатын қолсұғушылықтың анағұрлым
қиындатылған жаңа нысандарынан интеллектуалдық меншікті қорғауға
жұмылдырылған, тиісті заңнамаға өзгертулер еңгізу қажеттілігіне байланысты,
оларға деген қызығушылық артпаса, кемімейді [ 12; 15 б.].
Ресейде авторлық құқықтың құрылуы және дамуы Батыс Еуропа елдері мен
АҚШ-тың авторлық құқық тарихымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігімен
танылады. Ресейдегі кітап басып шығару ісі ХVIІІ ғасырдың аяғына дейін
мемлекеттік монополия деп саналды.
Ресейдегі авторлық құқықтың маңызды ерекшелігі болып, айтарлықтай ерте
пайда болған цензуралық заңнамамен тығыз байланысы танылды және Ресейдегі
бірінші авторлық заң, цензура туралы заңнаманың аясында пайда болды. 1828
жылы 22 сәуірде бекітілген жаңа цензуралық жарғы жазушылар және
шығарушылар туралы деп аталатын арнайы бөлімді қамтыды. Бес баптан тұратын
бөлім, цензуралық жарғыға қосымша болып келген. Жазушылардың құқығы туралы
жан–жақты ережемен толықтырылды. Тек әдеби туындыларға қатысты берілген заң
бойынша, кітапты жазушы немесе аударушы, өмір бойы өз туындысын пайдалану
және игілігіне алынған мүлік ретінде өзінің көзқарасы бойынша оны сату
құқығына ие болды. Бірақ авторлық құқықты қорғау, цензуралық ережелерді
сақтауға байланысты болды, себебі кітапты басып шығарушы тұлға цензуралық
жарғының ережелерін сақтамаса барлық құқықтардан арттырылды[13;63 б.].
Әлемдік құқық тарихында авторлар мен басылымдарды қорғау туралы
алғашқы заңды акт 1710 жылы Ұлыбританияда пайда болды.
Ресейде де бұрынғы жағдай өзгеріп жатты. 1897 жылы Мемлекеттік кеңес
жаңа заңды дайындауға тез арада кірісуге шешім қабылдады. Алайда оны
қабылдау үшін он үш жылдан астам уақыт қажет болды. 1911 жылы 20 наурызда
ол Авторлық құқық туралы ереже деп аталды және бүгінгі күнге дейін өзінің
өзектілігін жоғалтпаған принцип бойынша құрастырылды. Ол сол кездегі батыс
еуропалық заңнамаларының ең жақсы үлгілері негізінде әзірленсе де, онда
ресейлік авторлық құқыққа тән, авторлық құқықты қорғаудың анағұрлым төмен
деңгейі көрініс тапты. Бірақ 1971 жылғы төңкерістен кейін бұл заң алынып
тасталды. Ал қарастырылып отырған саладағы бірінші кеңес заңы болып, 1917
жылы 29 қазанда ОАК-ның Мемелекеттік басылым туралы (басылымға жататын
шығармаға бес жылдан аспайтын мерзімге мемлекеттік монополия жариялауға
рұқсат енгізілді) декреті табылды.
Авторлық құқықтарды қорғауды біртіндеп қалпына келтіру және кеңейту
кезеңінен (әскери коммунизмнен бастап) өткеннен кейін, тиісті заңнама
өзінің орнын 60-жылдардың басында КСРО және одақтық республикалардың
азаматтық заңнамасының негіздерінде дербес жеке бөлім ретінде тапты.
Жоғарыда аталған тарихи кезеңдерден бастап бүінгі күнге дейін,
авторлық құқық саласында заңнамалардың дамуының жаңа кезеңі ашылды. Бұл
кезеңді,мүмкіндігінше шетел әріптесінің алдында, аз да болса өзінің
құндылығын сақтап қалуға тырыса отырып, НТР соңғы талаптарына және
халықаралық келісімдерге ішкі құқық нормаларын біртіндеп сәйкестендіру
ретінде сипаттауға болады.
Сонымен, Ресей, КСРО-ның бұрынғы құқық иеленушісі ретінде, 1952 жылғы
авторлық құқық туралы Жалпыәлемдік конвенцияның нормаларымен байланысты
(КСРО оған Конвенцияның мәтінін қайта қарау туралы Париж хаттамасына қол
қоймай, 27 мамыр 1973 жылы қосылды ). 3 қараша 1994 жылы Ресей Федерациясы
Үкіметінің қаулысымен әдеби және шығармашылық туындыларды қорғау туралы
Берн конвенциясына (1971 жылғы редакцияда), авторлық құқық туралы жалпы
әлемдік конвенцияға (1971 жылғы редакцияда) және 9 қыркүйек 1986 жылғы
фонограмма шығарушылардың мүдделерін қорғау туралы конвенцияның қосымша
бірінші және екінші хаттамаларына қосылды, дегенмен 18 мамыр 1964 жылғы
орындаушылардың құқықтарын қорғау туралы Рим конвенциясына қосылған жоқ.
Ал енді біздің елде авторлық құқық қалай және қашан пайда болды деген
сұраққа тоқталып кетсек.
Қазіргі Қазақстан территориясында авторлық құқық Ұлы Жібек Жолы
дәуірінің өзінде кең көрініс тапты, ал одан да көне дәуірде ең алдымен
ұлан-ғайыр еуразия кеңістігіндегі ұлы ойшылдардың, ғалымдардың,
саясаткерлердің, музыканттардың қызыметтерімен байланысты болды.
Тұңғыш рет Қазақстанда авторлық құқық туралы ресми жағдай ХІХ ғ.
соңы - ХХғасырдың басында қоғамдық - ғылыми еңбектерде, соның ішінде қазақ
ұлтының дарын жұлдыздары және әлемдік ойшылдар Шоқан Уалихановтың, Ыбырай
Алтынсаринның, Абай Құнанбаевтың және басқа да көпдеген олардың
замандастары мен ұрпақтарының еңбектерінен көрініс тапты.
Қазақстан Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
туралы Заңы 1996 жылы 10 маусымда қабылданды.
Әдеби және көркем туындыларын қорғау туралы Қазақстан
Республикасының Берн конвенциясына қосылу туралы Заңы 1998 жылы 10
қарашада қабылданды.
Автор терминін анықтағанда және түсіндіргенде әртүрлі
мемлекеттерде әртүрлі шешілетін сұрақтар туындайды. Ең қарапайым және жиі
кездесетін жағдайларда автор - жеке тұлға, яғни шығарманы құрушы болып
табылады. Бұл тұлға өзінің есімін атаған кезде, оны басқа біреуменен
шатастыру мүмкін емес. Сондай-ақ, авторлықты дәлелдеуде қиындықтар
болмайды.
Аталған жағдайдың айқындығы сонда, тіпті кейбір ұлттық заңдарда бұл
туралы аталмайды да.
Авторлық құқықтың субьектісі шығарманың авторы болып табылады.
Творчестволық еңбекпен шығарманы тудырған тұлға автор болып танылады.
Шығарманы тудырушы жасына, азаматтығына және әрекет қабілеттілігіне
қарамастан кез келген жеке тұлға бола алады. Қол жеткен шығармашылық нәтиже
обьективті формаға айналған кезден, оны басқа адамдардың қабылдауы
қамтамасыз етілген сәттен бастап туынды иесінде бірден авторлық құқық пайда
болады [14; 26-34 б.б.].
Азаматтың авторлық құқық иегері болу мүмкіндігі азаматтың құқық
қабілеттілік мазмұнына кіреді, ал соңғысы адамның, жасына да, денсаулық
жағдайына да байланысты емес.
Авторға олардың шығармалары қоғамның пайдаланғаны үшін сыйақы
есебінен өмір сүруге рұқсат беретін қолдау жүйесі, оларға өздерін
шығармашылық қызметке арнауға мүмкіндік береді. Олардың шығармаларын
қоғамның лайықты тануы, авторға творчестволық қабілетінің дамуы үшін
толығымен жинақталуға мүмкіндік береді. Авторлық құқықты қорғаусыз оларға
барлық қоғам жеңіске жететін өздерін жұмысқа арнау үшін қажетті стимулдар
болмас еді. Баспалар және басқа да шығарманы таратушыда басып шығаруда,
таратуда және шығарманы сатуда талап етілетін коммерциялық тәуекел мен
қарды салымдары үшін компенсацияны қажетсінеді.
Авторлық құқық, осылайша, жаңа білім іздестіру үшін қуатты стимул мен
ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Әлемдік Сауда ұйымының толық құқықты мүшесі болуға ынталы.
ӘСҰ-на кірудің маңызды шарттарының бірі-TRIPS нормаларын- халықаралық сауда
аспектісі бойынша интеллектуалдық меншікке құқық келісімін сақтау.
Сонымен қатар, осы міндетті орындау үшін іс-шаралар тізімін қабылдау
туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылы 19 ақпандағы № 211-ші
Қазақстан Республикасының жалпы әлемдік сауда ұйымына кіру туралы қаулысы
қабылданды.
Бір қарағанда интеллектуалдық меншік құқығын сақтаудың ӘСҰ-на тікелей
қатысы жоқ сияқты көрінеді. Бірақ та, жоғарыда атап өтілгендей бұл осы
ұйымға кіру үшін басты шарттардың бірі болып табылады.Республика үшін бұл
шешімнің экономикалық мүддесі айқын.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықты қорғау үшін мақсатқа
бағытталу мен тер төгіп жұмыс жасау міндеті алда тұр.

1.3 Авторлық қатынастардың құқықтық реттелуі

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 973-бабына сәйкес,
авторлық қатынастар осы Азаматтық заңмен және авторлық құқық пен сабақтас
құқықтар туралы өзге де заң актілерімен, ал оларда көзделген жағдайларда
өзге де заң актілерімен реттеледі [15;973-бап.].
Сонымен қатар, реттелетін мәселелердің өзіне келер болсақ, Қазақстан
Республикасының Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 1996 жылғы
10 маусым № 6-1 Заңының 1-бабында: Осы Заң санаткерлік меншік саласында
ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды,
орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату
ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға
байланысты туындайтын қатынастарды реттейді делінген.
Сонымен қатар, авторлық құқық қатынастарын құқықтық реттеуде жоғарыда
аталған заңдармен қатар, бірнеше халықаралық конвенциялар үлкен маңызға ие.
1952 жылғы 6-қыркүйекте Женевада қабылданған Дүниежүзілік авторлық
құқық жөніндегі Конвенцияның кіріспесінде санаткерлік меншік саласындағы
тұлғалардың құқықтарын сақтау, оларды сыйлау, әдебиет, ғылым және өнердің
дамуына ықпал жасау – халықаралық өзара түсіністікке игі әсерін
тигізетіндігі қадап айтылған. КСРО аталмыш конвенцияға тек 1973 жылы ғана
қосылған болатын. Біздің мемлекетіміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін,
Одақтың құқықты мұрагерлерінің бірі ретінде аталған конвенцияның мүшесі
болып қалды.
Бір ғасырдан астам тарихы бар әдеби және көркем туындыларды қорғау
жөніндегі тұңғыш конвенция 1986 жылы Бернде қабылданды. Аталмыш Конвенция
өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі 1883 жылы қабылданған Париж
Конвенциясымен бірге Дүниежүзілік Санаткерлік Меншік Ұйымының келісім
жүйесінің негізін құрайды. Одан кейінгі келісімдер осы екеуін қамтитын
санаткерлік меншікті қорғауды кеңейте және тереңдете түсті, сондай-ақ,
техникалық дамуға байланысты өзгерістерді ескеруге немесе түйінді
мәселелерді тудыратын жаңа салаларды қармауға ықпал жасады.
Берн Конвенциясына қосылу Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасындағы
әріптестік пен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, АҚШ-пен Сауда
келісімін орындауға жол ашады. Берн Конвенциясына қосылған барлық елдер
авторларының құқықтырының тең қорғалуы – осы құжаттың басты шарты. Яки, әр
тарап өз заңдарына сәйкес сол мемлекеттің азаматы болып табылатын
авторлардың, сондай-ақ басқа ел авторларының да құқықтарын тең дәрежеде
қорғауды жүзеге асыруға міндеттенеді. Шығармашылық еркіндікке осылайша жол
ашу Конвенцияға қосылған барлық елдерге тән сипат.
Берн Конвенциясына бірнеше рет толықтырулар, өзгертулер енгізілгенімен
оның жалпы қағидалары толық сақталған және ол барлық қатысушы елдерге ортақ
болып саналады. Республика Президенті Қазақстан Республикасының әдеби және
көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясына қосылуы туралы
заңына 1998 жылдың қарашасында қол қойды. Осы арқылы Қазақстан өзінің
шығармашылық еркіндігін санаткерлік потенциалды қорғау қағидаларының жолын
берік ұстай отырып, әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алуға ұмтылысын
дәлелдей түсті.
Жыл өткен сайын фонограмманы заңсыз қайта өңдеу мен көшіріп көбейту
кең етек алып, ол авторлардың, артист - орындаушылардың және фонограмма
өндірушілердің мүдделеріне үлкен залал келтіруде. Дыбыс жазу техникасы мен
жабдықтардың жедел жетілуі іс жүзінде бұл саланы, әсіресе дыбыс, дыбыс -
бейне өрісін жекелеген жылпостардың пайдасына айналдырып отыр. Сол себептен
де бір қатар мемлекеттер халықаралық ұйымдардың көмегімен фонограммаларын
заңсыз көшіріп көбейтуден қорғау жөніндегі Конвенцияға (Женева, 1971ж.)
қосылуды мақсат тұтуда 2000 жылдың маусымында ҚР Президенті ҚР-ның
Фонограмма жасаушылардың мүдделерін олардың фонограммаларын заңсыз көшіріп
көбейтуден қорғау жөніндегі Женева Конвенциясына қосылу туралы Заңға қол
қойды.
Әрине, келешекте де Қазақстан аса маңызды авторлық құқық саласындағы
Конвенциялар мен Шарттарды қолдауы және оған қосылуы сөзсіз. 2001 жылы ҚР-
сы ДСМҰ – ның авторлық құқық саласындағы, сондай-ақ Берн Конвенциясын
дамытудың жалғасы болып табылатын орындалымдар мен фонограммалар жөніндегі
Шарттарға да қосылмақ. Бұлардың алғашқысы компьютерлік бағдармалар бойынша
авторлық құқықты қорғауды егжей – тегжейлі анықтайды және деректер қорына
кеңейтілген мәлімет алуға мүмкіндік береді. Екінші Шарт туындыларды
орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің және хабар тарату ұйымдарының
мүдделерін қамтиды. Халықаралық ұйымдардың сарапшылары ДСМҰ – ның аталмыш
келісімдеріне Қазақстанның қосылуы электрондық сауда бойынша бай мәліметтер
жиынтығын еркін пайдалануға мүмкіндіктер береді деп есептейді.
Республикамыз үшін артист – орындаушылардың, фонограмма өндірушілердің
және хабар таратушы ұйымдардың мүдделерін қорғау туралы Халықаралық
Конвенцияға (Рим, 1961 жыл), сондай-ақ, жер серіктері арқылы берілетін
бағдарлама тасушы дыбыстарды тарату туралы Брюссель Конвенциясына (1974
жылы) қосылудың да маңызы өте зор. Қазақстанның Рим Конвенциясына қосылуы
туралы бірқатар құжаттар қазірдің өзінде әзірленіп, тиісті орындарға
тапсырылды.
Конвенцияларға қосылу, келісімдерге және шарттарға қол қою біздің
мемлекетке бірқатар жауапкершілік жүктейді,себебі осы келісімдер мен
шарттар арқылы белгілі міндеттемелер қабылданады. Бүгінгі таңда халықаралық
ұйымдар, экономикасы дамыған өркениетті елдер Қазақстандағы санаткерлік
меншік құқықтарын қорғау мәселелеріне қадала назар аударып отыр. Олай
дейтініміз Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы сауда қатынастары
туралы 1992 жылдың 19-маусымында екі елдің Президенттері қол қойған
Келісімдегі маңызды баптарының бірі – Тараптардың санаткерлік меншікті
қорғау жөніндегі VII бабы болып табылады. Онда атап көрсетілгендей,
Тараптар әр елдің өз заңдарының ережелеріне сәйкес санаткерлік меншік
құқығын қорғайды, соның ішінде әдеби, ғылыми және көркем туындылармен қоса
ЭЕМ-ға арналған мәліметтер жиынтығы да бар.
Авторлық құқық және сабақтас құқықтардың әлемдік жүйесіне
Қазақстаннның халықаралық көп жақты және екі жақтағы шарттарға қосылу
арқылы енуі - қазақстандық авторлардың құқығын шетелдерде барабар қорғауды
қамтамасыз етумен қатар, санаткерлік меншік құқығын мойындайтын, әрі
қорғайтын мемлекет ретінде республикамыздың халықаралық беделін арттырып,
инвестиция тарту ахуалын жақсарта түседі.
Авторлық құқықтар жөніндегі комитет өзіне жүктелген шаралардың қай-
қайсысын да абыроймен атқарып келеді деп ойлаймыз. Мәселен,Комитет 1998
жылы “Евразия” кинофестивалі шенберінде дыбыс-бейне саласындағы авторлық
және сабақтас құқықтарды қорғау проблемалары бойынша өткен халықаралық
конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды. Дүниежүзілік Санаткерлік
Меншік Ұйымымен бірлесе отырып, Орталық Азия елдері үшін 1999 жылдың 1-3
маусымында Алматы қаласында аймақтық семинар өткізуге қатысты. 2000 жылдың
1-тоқсанында USAID-тың қолдауымен Қазақстандағы авторлық және сабақтас
құқықтардың өзекті мәселелеріне арналған республикааралық семинар
өткізілді. Сонымен қоса Комитет басшылыры Женева, Мәскеу, Санкт-Петербург,
Минск, Ташкент, Бішкек және басқа да қалаларда өткен халықаралық жиындарға
қатысып, авторлық құқыққа байланысты Қазақстанда істеліп жатқан жұмыстар
жөнінде хабарлама жасады [16; 29-38 б.б.].
Жоғарыда айтылған жайларға сәйкес ішкі заңдарды, авторлық құқық және
сабақтас құқықтардың нормативтік базасын жетілдірудің мақсатты жұмыстары да
баршылық. Қолданылып жүрген “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы”
ҚР Заңы өзінің негізгі өлшемдері бойынша халықаралық талаптарға сай. Бірақ
кез келген Заңның орындалуы толықтай алғанда құқықтық сананың деңгейіне,
құқықтық қатынастардың жағдайына, нормативтік-құқықтық келісімдерге тәуелді
екендігі де шындық.
Қазақстанда Кеңес кезінен кейінгі кеңістіктегідей интеллектуалдық
меншіктің Ұлттық жүйесі республиканың өз тәуелсіздігін алғаннан кейін
қалыптаса бастады. 1992жылы авторлық құқық бойынша бүкілодақтық
агенттіктердің қазақстандық бөлімшелер базасы негізінде Қазақстан
Республикасының Министрліктер кабинетінің шешіміне сәйкес авторлық және
сабақтас құқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттік (АСҚМА) құрылған. 1996жылы
игерілген АСКМА “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” заңы
қабылданды, бұл заң ТМД елдерінің сарапшыларының мойындауы бойынша авторлық
құқық объектілерін пайдалану нәтижесінде пайда болатын қатынастарды реттеу
аумағында пішінді болып саналуы мүмкін.
Қазіргі уақытта авторлық құқықты қамтамасыз етудің негізгі функциялары
2001жылғы ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің
интеллектуалдық меншік құқығы жөніндегі комитетке жүктелген.
Бұл органның негізгі міндеттерінің бірі болып авторлық құқықтарды
сақтаумен, заңдылықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу,
пайдаланушылардың құқықтық біліктілігін жоғарлату, сонымен қатар
интеллектуалдық меншік объектілерін пайдаланушы тұлғаларды мемлекеттік
бақылау табылады.
Патентті беру жүйесі де ұйымдастырылған. Бүгінгі күнде қазақстандық
патенттік мекемелер сараптамалық ұйымдардың рөлін интеллектуалдық меншіктің
Ұлттық институты жүзеге асырады. Ол өндірістік меншік объектілеріне,
өнертабыстар, пайдалы үлгілер, тауарлық белгілер, тауарларды шығару орнының
аты, өнеркәсіптік үлгілер, сонымен қатар селлекциондық табыс
мәлімдемелеріне сараптама жүргізеді. ИМҰИ-ның (Интеллектуалдық меншіктің
ұлттық институты) сараптама нәтижесі бойынша интеллектуалдық меншік құқығы
жөніндегі комитет қорғау құжаттарын: патенттер және куәлік қағаздарын
береді. Қазіргі уақытта ИМҰИ халықаралық конвенцияларды да басқарады. Сайып
келгенде, республикада интеллектуалдық меншік құқығын қорғауды қамтамасыз
ететін мемлекеттік жүйе жасалған. Дегенмен де, сарапшылардың пікірінше,
оның тиімді қызмет етуі үшін мемлекеттік органдардың және барлық мүдделі
ұйымдардың өзара әрекеттесуін күшейту қажет.
Интеллектуалдық меншіктің негізгі жақтаушылары болып АҚШ, Еуропалық
Одақ және Жапония табылады. Бұл елдерге әлемдегі өнертабыстарға берілген
патенттердің 23-сі беріледі. АҚШ-да 1миллион азаматқа жыл сайын 500-ге
жуық патент беріледі, Жапонияда бұл көрсеткіш 2 есе үлкен. Ал Қазақстанды
айтатын болсақ, тіркелген патенттердің саны бойынша (1млн тұрғынға 100-ге
жуық) біз Ресей және Украинамен бір қатарда тұрмыз, ТМД елдерінің
арасындағы үштікке кіреміз.
Авторлық құқық экономика, ғылым, білім, мәдениет, бұқаралық ақпарат
құралдары салаларында қатаң сақталуы тиіс болғандықтан “Авторлық құқық және
сабақтас құқықтар туралы” Заңды бір ғана ведомство жүзеге асырмайтыны
мәлім, оған өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес
органдар жұмылуға тиіс. Осы мақсатта 2000 жылдың 29ақпан – 1 наурызында
Әділет министрлігінің бастамашылығымен Ішкі істер және мемлекеттік кіріс
министрліктерінің Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен келісілген
“Туынды авторларының және сабақтас құқық иелерінің мүліктік мүдделерін
қамтамасыз ету туралы” Біріккен бұйрығы қабылданды. Аталмыш құжат “Авторлық
құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңды жүзеге асыруды көздей отырып,
фонограмма жасаушылардың мүддесін қорғап, олардың үнімін заңсыз
көбейтулерден қорғау туралы Женева Конвенциясының қағидаларын басшылыққа
алады.
Осыған орай, Авторлық құқықтар жөніндегі комитет өз тарапынан тұрақты
бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ нақтылы практикалық көмек көрсету
мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық объектілері
Авторлық құқықтың ұғымы және құқықтық қатынастардың реттелуі
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Азаматтық құқық қатынас азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар
Азаматтық құқықтың ұғымы
Азаматтық құқықтың қайнар көздері түсінігі мен түрлері
Азаматтық құқық. Заңды тұлға ұғымы
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
ҚР құқықтық мемлекеттің және азаматтық құқықтың қалыптасуы
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері мен ерекшеліктері
Пәндер