Сатып алу-сатудың шартының элементтері



МАЗМҰНЫ:



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. САТЫП АЛУ.САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Сатып алу.сату шартының ұғымы, пәні және элементтері ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сатып алу.сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2. САТЫП АЛУ.САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бөлшектеп сатып алу.сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу.сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі.Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адамның өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым – қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде саяси сана мен саяси мәдениеттің арта түсуіне жол ашты.[1]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» атты Жолдауында «Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту» бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі –ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру» деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.[2]
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет ететін азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.[3]
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жекс сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 шілдедегі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» № 7 нормативтік қаулысында тек «Тұтынушылар туралы» заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың белгілері ғана атап көрсетілген. [7]
Жұмыстың мақсаты. Сатып алу-сату шартының түрлерін азаматтық құқық бойынша зерттеу барысында мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу.
Жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты диплом жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
- сатып алу, сатудың ұғымын, түрлерін қарастыру;
- сатып алу, сатудың міндеттері мен мақсаттарын, шарттарын анрықтау;
- тауарды сатып алу – сатудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды зерттеу т.б.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы//Жеті жарғы. Алматы,1998
2. Н.А.Назарбаев «Қазақстан Республикасының басты міндеті – халықтың әл – ауқатын арттыру» Жолдау//Егемен Қазақстан-2008, ақпан
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 2007 ж. 1шілде
4. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі, 2005
5. Қазақ ССР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы
6. ҚР «Тұтынушылар туралы» Заңы
7. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 шілдедегі «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» № 7 нормативтік қаулысы
8. ҚР Азаматтық кодексіеің 270 - бабы
9. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы, 2003
10. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығы
11. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық/ Ерекше бөлім/ І том - Алматы – 2005
12. ҚР Агенттік тқрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілетін мемлекеттік кәсіпорындармен бағаны реттеу.
13. ҚР Сертификаттау туралы заңы, 2003
14. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы//Алматы-2003
15. ҚР Министрлер кабинетінде «Өнімді саны мен сапасына қарай мемлекеттік қабылдап алу нұсқауы»
16. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық/ Ерекше бөлім/ ІІ том - Алматы – 2005
17. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағы
18. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабы
19. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1994 жылы 9 қарашада бекітілген: Өнімді саны мен сапасына қарай қабылдап алу "нұсқауы
20. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы
21. Марш П.Д. В Англия, Франция және Германияның салыстырмалы келісім шарт құқылы -Алматы: Дәнекер, 1999-277 б.
22. 1988 жылғы 26 мамырда қабылданған КСРО-ның «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы ерекше маңызды болды. «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы
23. Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет
24. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлім, Алматы-2005
25. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы-2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
2.2 Тауар жеткізілімі шарты және келісімшарт жасасу шарты ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адамның өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым - қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде саяси сана мен саяси мәдениеттің арта түсуіне жол ашты.[1]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған 2008 жылғы Қазақстан Республикасының басты міндеті - халықтың әл - ауқатын арттыру атты Жолдауында Құқық қолдану және құқық тәжірибесін нығайту бөлімінде: ашық, демократиялық қоғамның іргетасын дәйекті нығайта отырып, біз демократия мен құқық тәртібі - ажырағысыз ұғымдар екенін, бірінсіз бірі өмір сүре алмайтынын есте сақтауымыз керек. Сондықтан да азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын пәрменді жүйе қажет, сондықтан негізгі міндет - өзіне тән ұлттық бірегейлігі мен әлеуметтік әділеттілігімен бірге бүкіл халықтың экономикалық жағдайымен тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құру деп көрсеткендей анықталатын, Қазақстан Республикасының саяси жүйесіндегі күрделі өзгерістерді құрумен байланыстырды.[2]
Сатып алу-сату шарты бұл мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет ететін азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.[3]
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жекс сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 шілдедегі Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы № 7 нормативтік қаулысында тек Тұтынушылар туралы заңмен реттелетін құқықтық қатынастардың белгілері ғана атап көрсетілген. [7]
Жұмыстың мақсаты. Сатып алу-сату шартының түрлерін азаматтық құқық бойынша зерттеу барысында мәліметтер жинақтап, тақырыптың мәнін ашу.
Жұмыстың міндеттері. Жұмыс мақсатына байланысты диплом жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
oo сатып алу, сатудың ұғымын, түрлерін қарастыру;
oo сатып алу, сатудың міндеттері мен мақсаттарын, шарттарын анрықтау;
oo тауарды сатып алу - сатудағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды зерттеу т.б.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. САТЫП АЛУ-САТУДЫҢ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1.1 Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні және элементтері

Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әркайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан еткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270-бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.[8]
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.
Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық құқықтар ислерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан, оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарым-қатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараудың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті "Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық. [9]
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан баска, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Біздің ойымызша, болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен біз жалпы ережелер мәнін төмендетпеуіміз керек, өйткені осылардың көмегімен көптеген даулы жағдайлар шешіледі.
Шарттың өзін сипаттауға көшейік. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты -- ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда ақылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер озық заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.
Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілген белгілер,сонымени қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлікті жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарттардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкін.
Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады. Шарттар элементінде "оның тараптары, нысанасы, бағасы өтеулі шарттар да, мерзімі, нысаны мен мазмұны, яғни екі жақтың құқықтары мен міндеттері жатады" деген И.В. Елисеев және басқа да авторлардың пікіріне өзіміздің келіспеушілігімізді білдіреді. Мұндай көзқарас азаматтық құқықтың неғұрлым тұрақты теориялық ережесіне теріс ықпал етеді, түсінігінің шынайы мәнін жоғалтуға , әкеледі.
Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады.
Біріншіден, бұл - сатып алу-сатудын экономикалық қатынасы.
Екіншіден, бұл - адамдардың ой елегінен өткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алу-сату шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің арқасында (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан - құқықтық қатынас нысаны.
Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. [10] Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен құрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілеттілік шеңберінде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік кәсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы Занының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы. Егер мемлекеттік келісімшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттік құқық қабілеттілігі шектелмеген, бірақ, олармен жасалатын шарттардың мінезі, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық және басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады. Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсері етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы. Егер жүйелі түрде жүзеге асырылатын сауда-саттық қызметі туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кәсіпкер мәртебесіне иемденген соң ғана оны жүргізе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргізілуі мүмкін. Негізінен, құқықтық қатынас субъектілері болып, жеке басымен және мүлкімен оқшауланған, құқықтарға ие болатын және міндеттерді көтеретін тұлғалар табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердің азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серіктестіктердің) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтірілген анықтаманың дұрыстығына әсерін тигізбейді. [11]
Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі). Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтық-құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), заңды және идсологиялық объектілеріне иемденеді.
Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша 'күшейтуге " әрекет етеді.
Заттар сатып алу-сату -шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.
Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай түрінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.
Тауар әлі өндірілмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдеріпің сауда құқығы жүйесіндегі бұған қатысты үш түрлі көзқарас бар: біріншіден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетілген нысананы табыс етуді қамтамасыз етуге міндетті (ол табиғатта бар болғанмен теңестіріледі), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екінші көзқарас бойынша, егер тауар сатушының әрекетіне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт нысананың болмауы "салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзіне белгілі себептермен тауардың қалай болса да жеткізілгеніне үміттенетін болса, онда шарт нысанасы тауар емес Сатып алушының үміті болып табылады.
Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуінің негізгі мәнін көрсету үшін келтіріліп отыр: шарт нысанасының сипаттамаларын алдымен, шарт орындалмауының, сатып алу-сату шарттары тиісті орындалмауының тәуекелі үйлесуіне, екі жақтың құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Нысана ерекшелігі сонымен бірге сатып алу-сатуды жүзеге асыру тәртібіне де әсер етеді, мысалы, шетелдік сатып алу-сату Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы Заңына және оның орындалуы үшін қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерге сәйкес жүргізілетін болады.
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы" Заңдармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы, Қазақстан Республикасының Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін мемлекеттік бақылау туралы " Заңымен т.б.
Күшінде болып келетін ҚР Азаматтық кодексі 406-бабының 4 тармағында мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентінің Тауар биржалары туралы заң күші бар Жарлығының 5-бабының I тармағы. Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-сату шарттары жасалуына әкеледі.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ). Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б. заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны, тарифтерін ажырату қажет.
Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну тәртібі туралы нұсқау қолданылады.[12] Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 4(3 бабының 1-ші тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 казанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кәсіпорын туралы "заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өнді-рілетін тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.
1999 жылдың 23 қазанындағы Алкогольді өнімдерге минимальді бағаны қалыптастыру туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен алкогольді өнімге ең төменгі шектегі баға қойылған.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі) тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстің 438-бабының 3-тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл - құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін (заңды мазмұнды) қарастырады.

1.2 Сатып алу-сату шартының тараптары және олардың жауапкершіліктері

Сатып алушы үшінші тұлғалардың құқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы). Бұл норма дәстүрлі "сатып алушы оларда меншік иесі болып келгісі келетін, шарттарға көбірек қолданымды. Ал мүліктік құқықтарды сату кезінде өз өзгешеліктері орын ала алады.
Кейбір жағдайларда аталған талап орындалымсыз болуы мүмкін. Мысалы, сатып алушы үлестік құқықта болған мүлікті сатып алады және оңашаланған үлеске өзіндік пайдалану, иелену, билік ету құқығын алады, алайда ортақ меншігінің тәртібіне байланысты, мүлік құрамына жүктемелер кіреді. Егер сатудың пәні мүліктік құқық болса, (сонымен қатар меншік құқығынан өзге заттық құқық) жүктемелер вариапиясы сансыз болады. Айтылғанды қорытатын болсақ, шарт пәнінің ерекшеліктері кейбір ауыртпалықтарды болжауға мүмкіншілік берді деі аламыз. Уақыт өтісімен бұл сұрақ соттық практика (тәжіриба және азаматтық құқықтың жүйесі (доктрина) үшін маңызді мәселе болып табылар демекпіз.
Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлғалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы ол туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп таныту керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады. [14]
Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю. Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарының жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік қатынасынын қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түю мен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінені немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.
Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып түйілуі керек. Бұлай болмағанда - сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс және буып-түю оларға сәйкес келуі керек.
Затты керек-жарақ қылып бағалау тек оның және басты заттың функционалды тағайыңдалуларының өзара байланысынан негіздемейді. Азаматтық кодекстің 408-бабында сатушының керек-жарақтарды беруі бойынша міндеті бекітілгеніне қарамастан олар тұтынушыларға (сатып алушыларға) қиянат жасауға тырысады. Бұл реттерде олар сатушылар көп ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 122-бабының міндетті еместігіні (диспозитивті екенін) пайдаланады. Қосымша ақыға аудионің техникаға қосалқы шнур, бұйым үшін қорғаныш жапқыш, оны күтіп баптауға арналған зат ұсынылады. Қосалқы (керек-жарақ) зат барлық жағдайда өздігінен атқаратын қызметі жоқ деген қатыптасқан түсінік қате болып саналады. Сондықтан қандай да болмасын тауардың керек-жарақтары оны мақсаттарда кедергісіз қолдану қажеттерімен анықталуы керек. Егер керек-қарақ тұтынылатын (тұтыну барысында өз қасиетін жоғалтатын болса) зат болса оның непзгі зат қызметін қамтамасыз ететін мерзім белгіленіп көрсетілуі тиіс. Тағы да айтатын бір нәрсе бар.
Тауармен (өніммен) бірге оның жиынтықтылығын қауіпсіздігін, сапасын, растайтын тұтыну тәртібін растайтын ж.б. құжаттар беріледі. Өнім сатып алушыға берілгенге дейін меншік шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтарын сатушы тауар берілгенге дейін оны сақтауға, нашарлауына бұзылуына) жол бермеуге міндетті. Осыған байланысты сатушы мүлікке немқұрайлы қарамауы және оны қасақана бүлдірмеуі керек. Сатушы осы міндетін тегін атқармайды. Егер екі тараптың келісімімен өзгеше қарастырылмаса, сатып алушы сатушыға оның тауарды сақтауға жұмсағанын өтейді.
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды. Бірінші кезекте сатып алушы тауарды қабылдап алу үшін алдын-ала жағдай жасауы қажет. Тауар тасымалдануға тиісті болса, сатып алушы жүкіт тиеп жіберу үшін қажетті мәліметтерді сатушыға хабарлауға міндетті (егер тауарды сатушы жеткізетін болса). Ал, кейбір жағдайда сатып алушы тауарды өндірістен немесе сатушының қоймасынан алып кетуді ұйымдастыруы қажет. Бұл шара сатып алушы сатушының тауарды сақтайтын жерін білген кезде қолданылуы керек. Осы ереже халықаралық сауда саттықта кең қолданылады және Біріккен Ұлттар Ұйымының 1980 жылғы Тауарды халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы "Конвенциясының 31-бабы б "тармағымен қарастырылған. Ол қазіргі жағдайда біздің кәсіпкерлердің ішкі қатынастарында да жиі қолданылып жүр. Сауда терминдерін талқылаудың халықаралық ережелерінде (Инкотермс) бекітілген іскерлік айналым әдет ғұрыптары осыған Е "байланысты ЕХ тобы ұсынған, мысалы, works (зауыттан), бұл ретте сатушы тауарды сатып алушыға өзінің қоймасынан табыс етеді. Егер жағдайлары қарастырылса (олардың қатарына ҒSА, ҒАS және ҒОВ жағдайлары кіреді), онда сатушы өнімді сатып алуды ұсынған тасымалдаушыға өзі әкеліп беруге міндетті.
Өнімді қабылдап алу шарттары заңнама бекіткен нормалармен анықталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен 1994 жылы 9 қарашада бекітілген: Өнімді саны мен сапасына қарай қабылдап алу "нұсқауы.[15] Ол тауар жеткізілімі және тасымалдау шарттарын орындау кезінде қолданылады. Қабылдаудың ережелерін біз содан сои толығырақ қараймыз. Заңнамамен қатар қабылдау тәртібі тікелей шарттың өзімен де бекітілуі мүмкін. Ал егер де соған қатысты не заңнамалық не шарттық талаптар болмаса, сатушы тауарды беру және алу үшін әдетте керек болатын әрекеттерді жасайды.
Сатып алушы шартты бұзып затты қабылдамаса, сатушыға оның затты қабылдауын талап етуге, болмаса шартты орындаушыдан бас тартуына болады. Сатушы сатып алушының іс-әрекеті нәтижесінде болған шығынын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 349-бабы 2-тармағы, 350-бабы бойынша өндіріп алуға құқылы.
Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуі талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартта нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекелде ауысады.
Тауар жолда болу кезінде ол қайта сатылса, іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бүлініп қаупі (тәуекелі) сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді. [16]

2. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ

2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты

Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсiпкерлiк қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария болып табылады (осы Кодекстiң 387-бабы).
Егер заң актiлерiнде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның iшiнде сатып алушы қосылатын (осы Кодекстiң 389-бабы) формулярлардың немесе өзге де стандарттық нысандардың талаптарында өзгеше белгiленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегiн немесе тауарға ақы төленгенiн растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және оның талаптарын растайтын куәлiк айғақтарға сүйену мүмкiндiгiнен айырмайды.
Тауардың көпшiлiкке арналған офертасы. Тауарларды көруге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе тауарлар сатылатын жерде сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер (сипаттамалар, каталогтар, фотосуреттер және т.б.) беру, сатушы тиістi тауарлардың сатуға арналмағандығын айқын көрсеткен жағдайларды қоспағанда, бағаның және сатып алу-сату шартының басқа да елеулі талаптарының көрсетілгенiне қарамастан, көпшiлiкке арналған оферта болып танылады [6, 133 б].
Тауардың оның жарнамасында, каталогтарында, сондай-ақ тауар сатылмайтын жерлерде тауардың беймәлім адамдар тобына арналған және тауардың сатып алу-сату шартының елеулi талаптары болмаған басқа да сипаттамаларында көрсетiлген ұсынымы көпшiлiкке арналған оферта деп танылмайды.
Сатып алушыға тауар туралы ақпарат беру. Сатушы сатуға ұсынылатын тауар туралы сатып алушыға қажетті және анық ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ақпарат заң актiлерiнде белгiленген талаптарға және әдетте бөлшек саудада осындай ақпарат берудiң мазмұны мен әдiсiне қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиiс.
Сатып алушы шарт жасалғанға дейiн, егер бұған тауардың сипатына байланысты тыйым салынбаса және бөлшек саудада қабылданған ережелерге қайшы келмесе, тауарды көруге, өзiнiң қатысуымен тауардың қасиеттерiн тексерудi немесе оның пайдаланылуын көрсетудi талап етуге құқылы.
Сатып алушыға тауар туралы тиісті ақпарат алуға мүмкіндік бермеген сатушы тауардың оны сатып алушыға бергеннен кейін пайда болған, сатып алушы өзiнде ақпараттың болмауына байланысты туындағанын дәлелдеген кемшiлiктерi үшiн де жауап бередi.

Сатып алушының тауарды белгiлi бiр мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт
1. Тараптар сатып алушының тауарды шартта белгiленген мерзiмде қабылдап алуы туралы талап қойылған шарт жасасуы мүмкiн, осы мерзiм iшiнде тауарды басқа сатып алушыға сатуға болмайды.
2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының келмей қалуын немесе шартта белгiленген мерзiмде тауарды қабылдап алу үшiн өзге де қажеттi әрекеттер жасалмауын сатушы сатып алушының шартты орындаудан бас тартуы ретiнде қарастыруы мүмкiн.
3. Шартта белгiленген мерзiмде сатып алушыға тауар берудi қамтамасыз ету жөнiндегi сатушының қосымша шығындары, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тауардың бағасына енгiзiледi.
Тауарларды үлгiлерi бойынша сату.
1. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатып алушының сатушы ұсынған тауар үлгiсімен (оның сипаттамасымен, тауарлар каталогымен және т.б.) танысуы негiзiнде жасалуы мүмкiн.
2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шартта көрсетiлген жерге тауар жеткiзiлген кезден бастап, ал егер шартта тауар беретін орын белгіленбесе, азаматтың тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi бойынша сатып алушыға тауар жеткiзiлген кезден бастап шарт орындалған болып есептеледi.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сатып алу шарты
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Сатып алу - сату шарты жайлы ақпарат
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ - САТУ ШАРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты
Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
Сатып алу-сату шартынының жалпы ұғымы мен түсінігі
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Энергиямен жабдықтау түрлері
Пәндер