Міндеттеменің ұғымы және тараптары



МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

ІІ. Негізгі бөлім. Міндеттеменің ұғымы және тараптары

2.1.Міндеттеменің пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің әдістері ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық

2.5.Азаматтық.құқықтық жауапкершіліктің негіздері және түрлері ... ... ... ... 20
А)Азаматтық.құқықтық жауапкершіліктің мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Ә).Міндеттемені тоқтатудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Б.Міндеттеменің тоқтатылуының жекеленген әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

ІІІҚорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІҮ:Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – егемен қазақстанның барынша маңызды әрі іргелі заңдарының бірі, өйткені ол нарықтық шаруашылықтың негізі болып табылатын тауар-ақша қатынастарын реттейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы жеке құқықтық принциптер негізінде қалыптасады және жеке және заңды тұлғалардың бастамаларын ынталандыруға бағытталған. Жаңа азаматтық заңдарда мемлекеттік жеке шаруашылық қызметке тікелей бұйрық беру жолымен араласуын тоқтату, меншікке қол сұғылмайтындығы, жеке кәсіпкерлікті кеңінен дамыту, азаматтық-құқықтық шарттар жасасу бостандығы, азаматтардың мүліктік құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау секілді маңызды принциптер дәлелденіп, баянды етілген.
Қоғамдық қатынастардың азаматтық заңдар реттеп отыратын ауқымының табандылықпен және ұдайы ұлғайып келе жатқанын атап көрсету керек. Қазіргі уақытта азаматтық құқықтың шекарасы ұлғаюымен қатар, тиісінше, осылардан туындаған немесе бұрынғы басқару жүйесі жағдайында ғана өрістеген құқықтың кейбір басқа салаларының шекарасы тарылып келеді ( мысалы, кеңшар, жер, тау-кен және отбасы құқығы). Бұлардың кейбіреулері толығымен жойылып кетуге немесе түгелдей азаматтық құқықтың құрамына еніп кетуге мәжбүр болуда.
Бұл тақарыптың өзектілігі – ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да, сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер, міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету) бұзылуын да реттейді. Қазіргі Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық қатынастардың барған сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Тақырыптың мақсаты – міндеттеме туралы жалпы ережелерді, міндеттемелік құқық жүйесін, міндеттеме түрлерін, оның орындалу нысанын анықтап, қарастыру. Міндеттеменің түрлерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіп, азаматтарға жеткізу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі: Жалпы бөлім.Ерекше бөлім. - Алматы: ЖШС баспа, 2001.
2. Қазақстан Республикасының Заңы акционерлік қоғамдар туралы - Закон Республики Казахстан об акционерных обществах. - Алматы: 2003.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. - Алматы: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің басылымы, 1994
4. Жайлин, Ғ.А.Азаматтық құқық: Ерекше бөлім:Оқулық. - Алматы: Заң әдебиеті, 2003 -
5. Жайлин, Ғ.А.Азаматтық кұқық: Ерекше бөлім:Оқулық. - Алматы: Заң әдебиеті, 2003
6. Мұханова, А.А. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы: Оқу құралы/ - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003.
7. Стамқ±лов Ғ.С. Меншікті шаруашылықты праволық реттеу/ - Алматы: Қайнар, 1988.
8. Ынтымақов, С.А. Азаматтық қ±қық: Практикум:Жалпы бµлім,1-ші бµлім/ - Алматы: ҚазМЗА, 2000
9. Азаматтық қ±қық: Жоѓары оқу орындарына арналѓан оқулық/. - Алматы: Курсив, 2003 -
10. Субъекты гражданского права: Материалы междунар.научно-практ.конф.,посвящ.10-летию Независимости РК (в рамках ежегодных цивилист.чтений). Алматы, 18-19 июня 2001 г
11. Ынтымақов, С.А. Азаматтық қ±қық [Электронный ресурс]: Практикум:Жалпы-1-ші бµлім,ерекше-2-ші бµлім/ - Алматы: Юрид.лит., 2003
12. Ѓабдуллина, Қ. Қ±қық социологиясы [электронный ресурс]: Оқулық - Алматы: Юрид.лит., 2004.
13. Абдуллина, З.К. Қазақстан Республикасыныњ азаматтық іс ж‰ргізу қ±қыѓы: Оқу баѓдарламасы және тестілік тапсырмалардыњ жинаѓы/ - Алматы: Дәнекер, 2001

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

ІІ. Негізгі бөлім. Міндеттеменің ұғымы және тараптары

2.1.Міндеттеменің пайда болу
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.2.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... .19
2.4Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық

2.5.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері және
түрлері ... ... ... ... 20
А)Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің
мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Ә).Міндеттемені тоқтатудың
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Б.Міндеттеменің тоқтатылуының жекеленген
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

ІІІҚорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІҮ:Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – егемен қазақстанның
барынша маңызды әрі іргелі заңдарының бірі, өйткені ол нарықтық
шаруашылықтың негізі болып табылатын тауар-ақша қатынастарын реттейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы жеке құқықтық принциптер
негізінде қалыптасады және жеке және заңды тұлғалардың бастамаларын
ынталандыруға бағытталған. Жаңа азаматтық заңдарда мемлекеттік жеке
шаруашылық қызметке тікелей бұйрық беру жолымен араласуын тоқтату, меншікке
қол сұғылмайтындығы, жеке кәсіпкерлікті кеңінен дамыту, азаматтық-құқықтық
шарттар жасасу бостандығы, азаматтардың мүліктік құқықтары мен мүдделерін
тиімді қорғау секілді маңызды принциптер дәлелденіп, баянды етілген.
Қоғамдық қатынастардың азаматтық заңдар реттеп отыратын ауқымының
табандылықпен және ұдайы ұлғайып келе жатқанын атап көрсету керек. Қазіргі
уақытта азаматтық құқықтың шекарасы ұлғаюымен қатар, тиісінше, осылардан
туындаған немесе бұрынғы басқару жүйесі жағдайында ғана өрістеген құқықтың
кейбір басқа салаларының шекарасы тарылып келеді ( мысалы, кеңшар, жер, тау-
кен және отбасы құқығы). Бұлардың кейбіреулері толығымен жойылып кетуге
немесе түгелдей азаматтық құқықтың құрамына еніп кетуге мәжбүр болуда.
Бұл тақарыптың өзектілігі – ол қоғамдағы қалыпты қатынастарды да,
сонымен қатар қандай да бір қатынастардың (қорғаушы міндеттемелер,
міндеттемені орындамағандық үшін жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз
ету) бұзылуын да реттейді. Қазіргі Қазақстанда міндеттемелік құқық қоғамдық
қатынастардың барған сайын кеңуде. Ептеп болса да маңыздылығы бар барлық
қоғамдық институттардың өзгеруіне алып келген нарықтық экономикаға өту жаңа
міндеттемелер тудыруда, бұрынғыларды өзгеріске ұшыратуда.
Тақырыптың мақсаты – міндеттеме туралы жалпы ережелерді, міндеттемелік
құқық жүйесін, міндеттеме түрлерін, оның орындалу нысанын анықтап,
қарастыру. Міндеттеменің түрлерінің арасындағы айырмашылықтарын көрсетіп,
азаматтарға жеткізу.
І тарау. Міндеттеменің ұғымы және тараптары
1.1.Міндеттеменің пайда болу негіздері
Азаматтық-құқықтық қатынастардың арасында көп кездесетін негіздердің бірі
- міндеттеме.
Міндеттемеге сәйкес бір тұлға (борышқор) басқа тұлғаның (несие
берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және тағы басқа
сол сияқты белгілі әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан
тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын
талап етуге құқылы несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға
міндетті.
Міндеттемелердің субъектілеріне: несие беруші және борышқор. Несие
беруші құқықты тарап, яғни борышқордан белгілі әрекеттерді жасауды немесе
белгілі әрекеттерді жасауды немесе белгілі әрекеттерден бас тартуды талап
ете алатын жақ, ал борышқор, керісінше, несие берушінің пайдасына белгілі
әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті тарап.
Міндеттеме құқықтық қатынастың бір түрі болғандықтан заңмен қорғалуға
тиіс. Борышқор өз міндеттемесін дұрыс орындалмағаны үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілікке тартылуы да мүмкін.
Міндеттеменің мазмұны тараптардың, яғни несие беруші мен борышқордың
құқықтары мен міндеттері арқылы баяндалады. Несие берушінің құқықтары
борышқордың мінез-құлқы арқылы анықталғандықтан, мңндеттемелік құқықтық
қатынастар заттық құқықтың қатынастардан осы көрсетілген белгінің
нәтижесінде ажыратылады. Заттық құқықтық қатынастарда меншік иесі өзі
әрекеттерінің нәтижесінде өзіне қажетті құқықтық жағдайды анықтауға
мүмкіншілігі бар.
Міндеттемеге бір мезгілде бірнеше несие берушілер мен борышқор қатыса
алады. Мұндай ережені міндеттемелік көпжақты дейміз.
Үлестік міндеттеме бойынша әрбір борышқор заңмен немесе шартпен
белгіленген өз үлесін несие берушіге орындайды, ал әрбір несие беруші
борышқордан өзіне тиесілі үлесті орындауды ғана талап ете алады.
Үлестік міндеттеменің ерекше түріне субсидиялық міндеттеме жатады.
Оның мәні Азаматтық Кодекстің 288-бабында сәйкес анықталады. Негізгі
борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын
қанағаттандырылмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа
борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімденуі мүмкін. Бұл заң құжаттарында
немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде
көрсетілуі тиіс. Мысалы: Азаматтық Кодекстің 330-бабы. Кепіл болушылық. Осы
ережеге сәйкес кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушінің
алдында осы жақтың міндеттеменің толық немесе ішінара субсидиялық
орындалуына жауап беруге міндеттенеді.
Ортақтасқан міндеттемеде несие беруші әрбір борышқордан міндеттеменің
толық көлемде орындалуын талап етеді. Ортақ міндеттеме екі жағдайда пайда
болуы: 1) егер мұндай ереже шартта анықталса, 2) егер мұндай мән-жай заңда
көрсетілсе. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін
міндетті болып қала береді. Борышқорлар ортақтасып міндетті болған жағдайда
несие беруші барлық барлық борышқорлардан да немесе олардың кез келгенінен
де, борышты түгелдей де, бөлшектеп те, орындауды талап етуге құқылы.
Борышқордың бірінен толық қанағаттанбаған немесе беруші алынбағанды
ортақтас борышқордың қалғандарынан талап етуге де мүмкіншілігі бар.
Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалған
борышқорды несие берушінің алдында жауапкершіліктен босатады (АК-тің 287
бабы, 3-ші тармағы).
Сонымен бірге, заң ортақтасқан міндеттемені орындаған борышқорға қалған
борышқордан міндеттеме мөлшерінде кері талап (регресс) қоюға мүмкіндік
береді. Азаматтық Кодекстің 289-ші бабына сәйкес басқа тұлғаның
міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол
тұлғаға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Сонымен қатар ортақтасқан
міндеттемені орындаған борышқор қалған борышқордың әрқайсысына оның өзіне
тиесілі үлесін шегеріп, тең үлеспен кері талап қоя алады.
Міндеттеменің пайда болу негіздері Азаматтық Кодекстің 7-ші бабында
көрсетілген заңды айғақтармен тығыз байланысты. Міндеттеменің пайда болуына
бірден-бір ықпал жасайтын шарттар немесе мәмілелер. Олар заң құжаттарында
көсетілуі де немесе көрсетілмеуі де мүмкін.
Міндеттеменің пайда болу негізі, сондай-ақ әкімшілік актілер мазмұнынан
да көрінуі ықтимал. Бұл айтылған мән-жайлар Азаматтық Кодекстің 2-ші
тармағында орын алған.
Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне
немесе олардың зиян келтіру салдарынан да туындауы мүмкін. Азаматтық құқық
теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз міндеттемелер деп атайды.
Азаматтық заңдарына сәйкес міндеттемені тиісті тараптар (несие беруші,
борышқор) орындауы тиіс. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда міндеттемені
орындау немесе міндеттеме бойынша орындалатыннәтижені қабылдау басқа
тұлғаға жүктелуі мүмкін. Азаматтық құқығында бұл ережені тұлғалардың ауысуы
деп аталады.
Міндеттемеде тұлғалардың ауыстырылуының екі жолы бар. Егер міндеттемеде
несие беруші ауыстырылатын болса, онда бұл тәртіпті талапты қою деп
аталады.
Міндеттеме Азаматтық Кодекстің 271-бабында қарастырылған негіздерде де
пайда болуы мүмкін. Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық
ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
1) жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
2) біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
3) борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
4) қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме субъект
ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына өзгеруіне немесе
тоқтатылуына әсер етпейді);
5) басты және тәуелді міндеттемелер;
6) шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты
еркін құжат түріндегі міндеттеме.
Міндеттемені жағымды мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі
мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындай түсу. Бұл
орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге
сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұның өзі жағымды
мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі,
мәселен, саяжай тұрғызуды айтуға болады.
Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет
жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын
айтамыз.
Міндеттеме біржақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме
дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де,
екіншісіне тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әржақтың
әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу-сату
міндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да,
сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескерілді. Мұндай жағдайда
Азаматтық Кодекстің 269 бабының 3 тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы
басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті
басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар
оның несие берушісі болып есептеледі.
Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті
атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару т.б. Бірақ оған тиісті
міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет таңдалынады. Бұл әрекеттердің
бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұндай міндеттеме балама деп
аталады. (АК 285 бабы).
Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған
борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады.
Мұндай міндеттемелер борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен
байланысты тоқтатылады. (АК 376 бабы).
Міндеттемелердің туындауына орай оларды шартты, шарттан тыс деп те,
сондай-ақ, біржақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөлінеді.
Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату-сатып алу,
тасымалдау, сақтандыру және т.б.). Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың
келісімі бойынша пайда болмайды, керісінше азаматтың жеке басына немесе
азаматтық құқықтың кез-келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян
нәтижесінде кездеседі. Сондай-ақ, негізсіз баю салдарынан туындайтын
міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз немесе мәмілемен
белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді.
Кейбір міндеттемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады, мән-
мағыналарына орай негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Міндеттемелік қатынасты реттейтін, азаматтық құқықтың қосалқы саласы
болып табылатын, азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы міндеттілік құқығы
деп аталады.
Азаматтық Кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген:
а) Міндеттемелік құқық (екі бөлімшеден: Міндеттеме туралы жалпы
ережелер және Шарт туралы жалпы ережелерден тұрады);
ә) Міндеттеменің жекелеген түрлері.
Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы сапасы азаматтық-құқықтық
нормалардың белгілі бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың Жалпы
бөлімі бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын
ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекелеген
түрлерің реттейді. Міндеттемелік құқықтың Ерекше бөлімінің нормалары
қосалқы заң құжаттарынан тұрады.

1.2.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай
белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына
сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Міндеттемені орындау көбіне-
көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан
көрінеді.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Мңндеттемені
орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның
тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға
қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына
әкеледі.
Міндеттемені орындаудың құқытық тәртібі Азаматтық Кодекстің 272-291
баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін нормативтік
актілерінде бекітілген.
Міндеттемені орындау Азаматтық Кодексте бекітілген принциптерге сәйкес
жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272 бап)
және мәндеттемені нақты орындау (354 бап) жатады. Міндеттемені тиісті
дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен
міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған
жағдайда – дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған
талаптарға сәйкес орындауы тиіс.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар
заңдарда, басқа да нормативті актілерде, міндеттеме алған жақтардың
келісімінде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, пәнді,
мерзімді және міндеттемесінің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені
орындауда осы айтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені
тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субъектілеріне,
орнына, мерзімі мен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме-дәл
сақтай отырып, орындау болып саналады.
Міндеттемені борышқор тап-тұйнақтай етіп орындауы үшін несие беруші
немесе оған уәкілетті орган заңда немесе шартта көрсетілген мерзімді
орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс.
Жоғарыда аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені
тиісті дәрежеде орындалды деп айтуға болмайды.
Міндеттеменің нақты түрінде дәл принципі борышқордың міндеттемені сол
қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында
көрсетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау) жүзеге асуы үшін
әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.
Міндеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие
берушінің мүддесін қанағаттандырады.
Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттерге баруы керек
немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады.
Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматтық Кодекстің 354
бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым
өзгерістер енгізілген. Біріншіден, міндеттемені тиісті дәрежеде
орындалмағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда
басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек, аталған
принцип борышқор міндеттемені бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше
көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.
Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны
орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады (АК-тің
354 бабының 2 тармағы).
Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған
міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту
төлемі ретінде белгіленген ақшалай сананы төлеу борышқорды міндеттемені
заттай орындаудан бас тартады. (354 бап).
Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық Кодекстің кейбір
баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген.
Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір
мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақ та бұл принциптерді араластыруға
болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға
қарағанда кеңірек; мысалы, затты уақытты өткізіп барып беру арқылы нақты
орындау мерзімінің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола
алмайды.
Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге,
заңда, міндеттеме шартында, не оның мән мағынасында міндеттемені
борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек
өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай
жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін
қабылдауға міндетті.
Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзіне ғана талап етілетін
жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын
орындалған ісін қабылдамауға құқылы.
Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы
ережемен қаралмаса, толықтай немесе ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы
ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес жасайды жүкті жөнелтуші
оны тасымалдайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларына
сәйкес жүкті тасымалдау міндеттемесі қалған көлік жарғыларына сәйкес жүкті
тасымалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол, кеме) жаңа
шарт жасамай-ақ жүктеледі.
Заңда көрсетілген ретте үшінші жақ, Азаматтық Кодекстің 339-347
баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімінсіз-
ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.
Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы
салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салу
құқығы және т.б.) айырылу қаупі төнген жағдайда үшінші жаққа беріледі.
Мәселен, қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші
алдында қарызы бар екендігін және оны өндіртіп алу ниетін білсе, сондай-ақ
жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімнсіз-ақ
оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі
жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші
жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті. Нәтижесінде жалға алушы
кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете
алады.
Міндеттемеде оның әр тарабы – несие беруші немесе борышқор ретінде бір
мезгілде бірнеше адам қатыса алады (АК-тің 269 бабының 2 тармағы). Егер
міндеттемеде борышқордың немесе несие берушінің жағында бір емес, бірнеше
тұлға болса, онда көпшілік тұлғалармен міндеттеме пайда болады.
1. Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетінде зат
(нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады.
Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар,
шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі бір жұмыстар т.с.с.
Демек, борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың
нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақша төлеу тәрізді істерді
қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде орындау
болуы мүмкін емес.
Міндеттемені тиісінше орындау үшін борышқор міндеттемеде көрсетілген
пәнді орындауға тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай
болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор беруге тиіс
заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік
стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі.
2. Міндеттеменің пәні: кейбірінде жеке белгіленген затты беру, ал
кейбірінде тектес белгідегі затар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар
міндеттеменің ең бастысы – ақшалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша сомасын
төлеуді талап ететін міндеттеме.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар заңда қарастырылған.
Ақшалай міндеттемені орындаудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай
міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы
түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге тиіс
екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сома Қазақстандық банкаралық валюта
биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға
сай келуі керек.
Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие беоушілердің мүддесін
қорғайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп
айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасы, сондай-ақ шетел валютасы
түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер
мен жағдайлар немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге
асырылады.
Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сома
(өміріне немесе денсаулығына келтірген зиянның орнын толтыру үшін, өмір
бойы асырау шарты бойынша т.б.) ең төменгі жалақының ресми түрде өсуіне
қарай арттырылып отырады. (АК-тің 283 бабы).
Демек, мұндай жағдайда азаматтың сотқа есеп айырысу жөніндегі
жүгінуінің қажеті болмай қалады, өйткені, мәселе өз-өзінен қалпына келеді.
Ақшалай міндеттемені орындау үшін жеткіліксіз төленген төлемнің сомасы
тараптардың, өзге келісім болмаған жағдайда ең алдымен несие берушінің
орындау жөніндегі шығындарын, содан соң айып пен марапаттауды, ал қалған
бөлігінде – борыштың негізгі сомасын өтейді (АК-тің 282 бабы).
1. Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай-ақ шарт
алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт
кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні
немесе тиісінше сол кезең ішінде кез-келген уақытта орындалуға тиіс (АК-тің
271 бабы).
Мысалы, құрылыс объектісінің бітетін күні міндеттемені орындау күні
болып табылады ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайтару –
қарыз шартында несие беруші шартында қарастырылады.
Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу
шарттарында қаралуы мүмкін, онда әр тарап жеткізілетін тауарларды
партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, онкүндік
мерзімдермен өлшенеді.
Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді
анықтауға анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда
болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.
Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайда ала отырып,
орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына
байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі т.б. ескеріледі.
Ақылға қонымды мерзімде орындалған, сол сияқты орындалу мерзімі талап
етілетін кезбен белгіленген міндеттемені егер заңдардан, міндеттеме
шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе
міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор
несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде
орындауға (АК-тің 277 бабының 2 тармағы).
Міндеттеменің тез арада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын,
банкке ақша салатын ете алады. Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені
орындау үшін дайындалу үшін жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде
орындалу уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын
кез келген уақытта, заңда көзделген тыс ретте қабылдауы керек.
Егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның
мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мурзіміне дейін орындауға құқылы.
Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын
орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе
міндеттеме шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі т.б.),
не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің
мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі. (АК-тің 279 бабы). Демек бұл
ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады.
Борышқордың несие беруші – кәсіпкермен алдын ала келіспей тұрып
міндеттемені мерзімінен бұрын орындауы оны қиын жағдайға қалдыруы мүмкін,
өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы
мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін
білмегендіктен онда дайын тұрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар
болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды темір жол бекетінен, кемеден
ала қоятындай көлікке алдын ала шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан
келіп несие беруші залал шегеді, ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз
нәрсе.
2. Міндеттеме орындалатын жер – борышқордың заттарды тапсыратын,
жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің
тиісінше орындалғанын қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді
тазалау, терезе сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.
Егерде міндеттемеде орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында
белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі
әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:
1) міндетеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан
жерде;
2) міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды
пайдалана отырып беру – мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші
тасымалдаушыға тапсырған жерде;
3) егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі
болса, кәсңпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар немесе өзге де
мүлікті беру – мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;
4) ақшалай міндеттеме бойынша – несие берушінің міндеттеме пайда болған
кездегі тұрғылықты жердегі, ал егер несие беруші заңды тұлға болса –
міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші
міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп, бұл туралы
борышқорға хабарласа – орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық
шығындарды соның есебіне жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде
немесе тұрған жерінде;
5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты
жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса – оның орналасқан жерінде
орындалуға тиіс (АК-тің 281 бабы).
3. Міндеттемені орындау тәсілі заңмен немесе әр жақтың жасасқан
шарттармен айқындалады, немесе сол міндеттеменің мәнінен туындайды.
Міндеттеме орындау бір жолғы (заттың құнын толықтай төлеу) немесе
несиеге алған мүліктің құнын жабуы, пошта, көлік құралдарына төлеу тәрізді
мерзімді жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай немесе бөліктей
орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шарты бойынша қарызды қайтару). Сонымен
бірге, егер міндеттеме шартында , заңдарда өзгеше белгіленбесе, немесе
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе мәнінен өзгеше
туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға
құқылы (АК-тің 274 бабы).
Борышқор заңда қаралған ретте, нотариат кеңсесіне немесе соттың
депозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі.
Азаматтық Кодекстің 291 бабына сәйкес борышқор ақша сомасын немесе бағалы
қағаздарды нотариус пне соттың депозитіне салу құқығына ие ол егер:
1) несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік
берген адамның міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмауы;
2) несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкілінің болмауы;
3) міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнінде несие беруші
мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені
жайында анық айқындық болмауы;
4) несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруы немесе оның
тарапынан өзге мерзімін өткізіп алушылық салдарынан борышқор міндеттемені
орындай алмаса, борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алынатын
ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды – нотариустың атына сақтау
шарттарында, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайда соттың атына
орналастыруға құқылы.
Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан
депозитке бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды.
Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер
заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан, міндеттеме
шарттарынан немесе оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара
міндеттерді бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың бірінің
міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы өзара міндеттерді
орындау және қарсы талаптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң құжаттарында
немесе міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші тарапты өз
міндеттерін орындаудан босатады (АК-тің 284 бабы).

1.3.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің әдістері
Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда
міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде
міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатынын тағы шындық.
Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер
деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындауға бағытталатын, жалпыға бірдей
емес арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне
бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында
қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық Кодекстің 292 бабының
талаптарына сәйкес ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін
алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.
Қамтамасыз ету әдістерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге
болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда немесе
тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы
қосымша мүліктік залал шегуінен көрінеді.
Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен
жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге
тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп алуды қамтиды.
Төртінші топқа біздің заңымызға бұрын-соңды болмаған әдіс – борышқордың
мүлкін ұстап қалу болып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол – заң несие
берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі
қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.
Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге
қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алып-сату шарты негізігі
міндеттеме болып табылады, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені
мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырылады. Айып төлету туралы
келісім негізігі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. Азаматтық Кодекстің
202 бабының 3 тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығын оны
қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал міндеттемені қамтамасыз
ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарамсыз болуына
әкеліп соқтырмайды.
2 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауаптылық
2.1.Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негіздері және түрлері

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте,
атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге
міндетті заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу
(айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші
оған келген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес (АК-тің 293 бабы).
Айып төлеу – кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орндауды
қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу,
тасымалдау, мердігерлік және тағы басқа шарттарды орындамау айып төлеу
арқылы қамтамасыз етіледі. Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарда ол
ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жалдау және т.б.)
қолданылады.
Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл
және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған
кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күн үшін соманың пайызымен
ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй электр энергиясын
пайдаланудағы және тағы басқа төлем төлеу уақытын өткізіп алғанына орай
өндіріледі.
Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманы белгілі бір мөлшерінде
орындалмаған міндеттемеде қолданылады.
Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төлеуді заңды және
шартты деп екіге бөледі. Заңды түрі міндеттемеге, қандай міндеттемені
бұзған кезде қолданылатынын айқындайды. Заңда айып төлеу көлікпен жүк
тасымалдау өнімді жеткізу, құрылысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін
болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады. Заңды айып төлеу тараптардың
міндетінде көзделген-көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріледі (АК-
тің 295 бабы). Егер заңдарда тыйым салынбаса тараптардың келісімімен заңды
айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін (АК-тің 292 бабының 2 тармағы).
Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар
қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.
Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне
байланысты есептің, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді.
Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ,
онымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде
Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету
Міндеттеменің тараптары
Азаматтық кодекстің 344 - бабына сәйкес, міндеттеме жөніндегі несие берушінің құқықтыры заң құжаттары және соларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізіндн
Кепіл туралы шарттың жасалу мәселелері
Міндеттемені орындау және оның принциптері
Міндеттеме ұғымы және түрлері
Міндеттеменің ұғымы
Міндеттемелік құқық туралы ақпарат
Шарт ұғымы және оның ережелері
Пәндер