Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМӘЛЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Азаматтық құқықтық қатынастағы шарттың ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері заңмен қорғалады
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар арасында қалыптасатын нақты қатнастар сан түрлі. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатнастардың бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатнастар нысанына ие болады. Яғни құқықтық қатнастар - бұл нақты қоғамдық қатнастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатнастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінің меншік қатнастары қалыптасатын қатнастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатнастар-құқықтық қатнастар , атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатнастар сапссына ие. Азаматтық –құқықтық қатнастар- азаматтық құқық нормаларын реттеген қоғамдық қатнастар.
Қазіргі таңда азаматтық құқықтық қатнастардың ішінде шартқа отыру ерекше орын алып отырғандықтан, менің дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбын таңдауға себеп болды. Азаматтық құқық субъектілері шарт жасасу арқылы ғана меншік құқығына ие бола алады. Қазақстан Республикасының меншігін қорғау азаматтық-құқықтық тәсілдері, азаматтық құқықтағы мәселелер болып табылады.
Меншік құқығының қорғалуының бірі ретінде Конституцияда жазылған: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, сонымен қатар өзге де меншік түрлерінің қорғалуы
туралы атауға болады». Әрдайым тізімге ілініп жүрмесе де, осылардың ішіндегі ең қажеттісі жеке меншік екені белгілі. Бұл адам құқығы мен
бостандығын басты құндылық деп жариялап, ал мемлекет міндетіне оны орын орындауды жүктеумен, жеке меншікке деген қызуғышылықты сақтап қалумен тікелей меншікке қарсы жасалынатын қылмысқа арналған. Мемлекетімізде меншіктің барлық түрлерін қорғайды.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқықтық қатнастағы шарттың түсінігі мен оның маңызына арналған. Тақырыптың өзектілігі шарттың азаматтық құқықтық қатнастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатнастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатнастардың заңды түрде жасалуында.
Жұмыстың мақсаты шартқа құқықтық сипаттама беріп, сонымен қатар мазмұнын қалыптастырып, маңыздылығын зерттеу.
Жұмыстың ғылыми негізін белгілі ғалымдардың еңбектері мен Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық қатнастарды реттеу туралы заңнамалары және іс-тәжірибе материалдары құрайды.

ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ
1. Нормативтік құқықтық актілер.
1.1. Қазақстан республикасының Конституциясы 1998 жылғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы: Жеті Жарғы, 2003ж.
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. – Алматы: Жеті Жарғы, 2005ж.
1.3. Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңы 5-шілде 2000 ж.
1.4. Қазақстан Республикасының «Банктар және банктік қызмет туралы» Заңы 1995ж.
1.5. Қазақстан Республикасының Президентінің Заң күші бар Жарлығы (03.08.99ж заң). «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» №2235 24.04.95.
1.6. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы «Қазақстан - 2030». Алматы: ЮРИСТ, 2001.
1.7. Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Астана, 2006 жыл 1-ші наурыз.
1.8. Қазақстан Республикасы «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы». Заң 1998 жылы 22-сәуір.
2. Қолданылған ғылыми әдебиеттер
2.1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. І том. А.,-2001.
2.2. Азаматтық құқық. І том, Оқулық./ Жау. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. А.,-2003.
2.3. Гражданское право Республики Казахстан, общая часть. Учебное пособие. Том 2. Отв.ред. Тулеугалиев Г.И., Мауленов К.С., А.,-1998.
2.4. Гражданское право РК. Общая часть. Учебное пособие.// Под ред. Тулеугалиева Г.И., Мауленов К.С., Сарсенбаева М.А., А.,-1999.
2.5. Гражданское право. В 2т. Том І. Учебник./ Отв.ред. А.Г.Калнина. А.И.Масляева. М.,-1997.
2.6. Гражданское право. В 2т. Том І. Учебник./ Отв.ред. Е.А.Суханов. М.,-1998.
2.7. Суханов Е.А. Лекция о праве собственности М.,-1998.
2.8. Алексеев С.С. Собственность право-социализм: политические заметки. М.,-1989.
2.9. Гражданское право. Сборник статей. Общая часть. Учебное пособие. А.,-2003.
2.10. Гражданское право Казахской ССР. Учебное пособие. ч І. // Под ред. Басина Ю.Г. А.,-1978.
2.11. Гражданское право. Том І. Учебник . // Под ред. Сергеева А.П. Толстого Ю.К. М.,-1999.
2.12. Гомола А.И. Гражданское право. Учебник. М.,-2003.
2.13. Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М.,-1992.
2.14. Советское гражданское право. Том І, М.,-1979.
2.15. «Защита права собственности». Витрянский В.В., Суханов Е.А М.,-1992.
2.16. Советское гражданское право. Том І. М.,-1968.
2.17. Гражданское право.// Под ред. Е.А.Суханов. М.,-1993.
2.18. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права, М.,-1995.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.. Азаматтық құқықтағы мәмәле және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Азаматтық құқықтық қатынастағы шарттың ұғымы және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ..26
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері заңмен қорғалады
Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар арасында қалыптасатын нақты қатнастар сан түрлі. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Мұндай қатнастардың бөлігін құқық нормалары реттейді, олар құқықтық қатнастар нысанына ие болады. Яғни құқықтық қатнастар - бұл нақты қоғамдық қатнастардың нысаны ғана.
Қоғамдық қатнастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматтық құқық негізінің меншік қатнастары қалыптасатын қатнастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатнастар-құқықтық қатнастар , атап айтқанда, азаматтық-құқықтық қатнастар сапссына ие. Азаматтық - құқықтық қатнастар- азаматтық құқық нормаларын реттеген қоғамдық қатнастар.
Қазіргі таңда азаматтық құқықтық қатнастардың ішінде шартқа отыру ерекше орын алып отырғандықтан, менің дипломдық жұмысымның негізгі тақырыбын таңдауға себеп болды. Азаматтық құқық субъектілері шарт жасасу арқылы ғана меншік құқығына ие бола алады. Қазақстан Республикасының меншігін қорғау азаматтық-құқықтық тәсілдері, азаматтық құқықтағы мәселелер болып табылады.
Меншік құқығының қорғалуының бірі ретінде Конституцияда жазылған: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады, сонымен қатар өзге де меншік түрлерінің қорғалуы
туралы атауға болады. Әрдайым тізімге ілініп жүрмесе де, осылардың ішіндегі ең қажеттісі жеке меншік екені белгілі. Бұл адам құқығы мен
бостандығын басты құндылық деп жариялап, ал мемлекет міндетіне оны орын орындауды жүктеумен, жеке меншікке деген қызуғышылықты сақтап қалумен тікелей меншікке қарсы жасалынатын қылмысқа арналған. Мемлекетімізде меншіктің барлық түрлерін қорғайды.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы азаматтық құқықтық қатнастағы шарттың түсінігі мен оның маңызына арналған. Тақырыптың өзектілігі шарттың азаматтық құқықтық қатнастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатнастардың негізгі реттеушісі бола отырып, барлық қатнастардың заңды түрде жасалуында.
Жұмыстың мақсаты шартқа құқықтық сипаттама беріп, сонымен қатар мазмұнын қалыптастырып, маңыздылығын зерттеу.
Жұмыстың ғылыми негізін белгілі ғалымдардың еңбектері мен Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтық қатнастарды реттеу туралы заңнамалары және іс-тәжірибе материалдары құрайды.
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Меміле заң фактілерінің бірі болып табылады. Оның үстіне, азаматтық айналым саласында құқық қатнастарын үздіксіз тудырып, дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады.
Қазақстан Республикасында азаматтар мен заңды тұлғалардың
Азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады. Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәмілелер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу, мұндай құқықтар мен міндеттерді өзгерту не, ең ақырында, оларды тоқтату болып табылады. Мысалы, мүлікті сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бағытталған, сонымен қатар, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты, немесе, несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты.
Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар міне-құлықтың өзге актілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етуімен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң бұрынғы тұрақтылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту ниетіндк болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтін заңның талабына қарай ол пәтерге құқығынан аырылады.
Мәміле дегеніміз-бұл заңды,рұқсат етілетін, көп реттерде заң қолдап отыратын іс - әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын
әрекеттерді мәміле деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды мағынасымен үйлеспейді.
Заңдылық белгілері жөнінен мәміле мақсаты заңсыз әрекеттерден, яғни басқа адамдарға нұсқан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді. Мұндай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.
Мәміленің қажетті сапасы-әрекеттің заңдылығы мәміленің барлық түрлерін заңның көздеп отыруын мүлде талап етпейді, керісінше, заңда көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі, тыйым салуды бұзбауы талап етіледі, Азаматтық кодексінің 7 бабы. Заң, мысалы, демеуші мен ол жәрдем көрсететін тұлға арасындағы шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, Азаматтық кодексінің 381 б аралас шарттар жасауға рұқсат етеді, оларда заңдарда көзделген әр түрлі шарттардың элементтері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы үлгі шарт болып табылады.
Мәмілелер оларды жасаушыларға азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады. Олар осы белгісі арқылы әкімшілік актілерден, яғни осы органдарға бағынатын тұлғалар үшін азаматтық құқықтар мен мндеттер туғызатын құзіретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзіретті органдардың шешімі мемлекеттік кәсіпорынның ғимараты үш жыл мерзімімен жалға берілген шартты ұзартуға міндеттейді, не, керісінше, оған тыйым салынады. Сотта шағымданған тұлға үшін құқықтық қатнасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді.
Мәмілелер - бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет ететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын, атап айтқанда оның шын ниетін және еріктің сыртқы көрінісін , яғни
Айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, әдеуір күрделі әрекеттерді айыра білу керек.
Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады.
Алайда адамның шын ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда, мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алынатын заттың бағасын белгілеуде қателесті, оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.
Мәміле дегеніміз-бұл қашанда ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Демек, әрекетке қабілетсіз азаматтар мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заң рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы. Бұл Азаматтық кодексінің 22-23 б көрсетілген.
Заң мәмілелердің екі түрін ажыратады: бір жақты мәмілелер және шарттар. Бір жақты мәміле бір тараптың еркін білдіреді және оған азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қалай қарайтынына қарамастан қолдана береді. Бұл азаматтық кодексінң 148 б. Мысалы, азаматтың өзіне тиесілі әлде бір құқығынан бас тартуды, берілген сенімхатын, өсиетін тоқтатуы және т.б. бір жақты мәміле болады. Бір жақты мәміле, әдетте (бір өзі немесе басқа заң фактілерімен бірге), бұл жөнінде өздеріне хабарланғанға дейін мұндай құқықтар туралы тіпті білмейтін басқа адамдардың құқығын туғызады. Мысалы, өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін оның қалдырған өсиеті мұрагерлердің құқықтарын туғызады. Бірақ мұндай мәміле үшінші жаққа берілетін құқықтардан туындайтын міндеттемелерден басқа міндеттерді жүктей алмайды, мысалы, өсиеттен бас тарту.
Бірқатар жағдайларда бір жақты мәміле жай міндеттемені туғызады, мұнда мәміле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәміле жасаған адам борышқор болады, ал оның пайдасына мәміле жасаған адам-несие беруші болады. Мысалы, жай вексильді беру.
Кейде бір жақты мәміле міндеттемені тоқтатады, мұнда мәміле жасаған адам несие беруші болады да, ал оның пайдасына мәміле жасалған адам борышқор болады. Мысалы, борышты кешіру.Азаматтық кодексінің 373 б.
Мәмілелердің көпшілігі екі немесе бірнеше тұлғаның үйлескен еркінбілдіреді, яғни шарт болып табылады. Шарттар туралы Ак-ның 378-405 баптарында көрсетілген.
Мұндай әрекеттер, ең ақырында, бір мақсатқа жетуге бағытталғанына қарамастан, екі немесе бірнеше тұлғаның жай ғана мәміле жасауы оны шарт деп тану үшін жеткіліксіз болады. Олардың әрекеттерінің өзара үйлесімді болуы талап етіледі, яғни қатысушының әрқайсысы басқа қатысушы саналы түрде мойындайтын немесе тіпті қолдайтын әрекеттер жасайды. Егер мұндай әрекеттер дербес болып, әрбір қатысушы өз әрекетіне басқа қатысушыны хабардар етпестен, жеке-жеке әрекет ететін болса, онда бұл шарт емес, бірінен соң бірі жасалатын екі мәміле болады. Мысалы, өсиет қалдыру және өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін мұрагердің өзіне қалдырылған өсиетті қабылдауы.
Екінші жағынан, кез келген шарт кем дегенде екі жақты әрекеттен туындайды: бір тараптың шарт жасасу туралы ұсынысынан (мұндай бір жақты мәмәле оферта деп аталады) және екінші тараптың ұсынысты қабылдау жөніндегі келісуінен (бір жақты мәмәле-акцепт) туады.
Каузальдық (cauza-себеп, негіз) немесе себепті мәміленің тағдыры тұтасымен оның өзі жасалған негізге тәуелді болады. Негізінің бұзылуы жасалған бір жақты мәміленің заңдық күшін жояды. Мысалы, сатып алушы сатып алған тауарының бағасын алдын ала төлеп қойған, бірақ сатушы тауарды жеткізіп бермеген. Сатушының сатып алушыдан алынған ақшаға құқығы жойылады.
Егер мәміленің өзі оны жасаған тұлғаның шынайы еркін білдірген болса, абстрактілік мәміленің заңдық күші оның негізіне тәуелсіз болады. Мысалы, сатып алушы сатушыға тауардың құнына сай сомаға вексель беріп, алынған тауар үшін есеп айырысты. Егер кейін тауардың сапасыз екені анықталса,
вексель қайтарып алынбайды, керісінше, вексель бойынша құқық вексель ұстаушы үшін де, одан кейінгі вексель ұстаушылар үшін де, төлейтіндер үшін де күшін сақтайды.
Негізгі және қосымша (акцессорлық) мәмілелер (шарттар) арасындағы айырмашылықтың практикалық маңызы бар.
Акцессорлық мәміле негізгі мәмілені толықтырады, қамтамасыз етеді және нақтылайды. Егер заңнан, мәміленің мәніне не тараптардың келісуінен өзгеше жағдай туындамаса, акцессорлық мәміленің тағдыры негізгі мәміленің тағдырына тәуелді болады.
Сонымен, мәміле-бұл тектік ұғым, ал шарт-түрлік ұғым. Кез келген шарт-бұл мәміле, ал кез келген мәміле-шарт емес. Күнделікті тұрмыстағы және тіпті ресми тәжрибеде шарт басқа терминдермен де белгіленеді: келісім-шарт, тараптардың келісімі. Бірақ мұның бәрі-шарттар. Шарттар мәмілелердің басым бөлігін құрайды.
АК-ның 150-бабы шартпен жасалған мәмілелерге, яғни шартты мәмілелерге арналған.
Шарт болашаққа есептелуге тиіс. Егер тараптар өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруды осымен байланыстырған мән-жай мәміле жасалғанға дейін орын алған болса, оның қатысушылары бұл жөнінде білмеген болса да, ол мәмілеге әсер етпейді.
Табиғат құбылысы, басқа адамдардың іс-әрекеттері, мәмілеге қатысушы тараптардың іс-әрекеттері және т.с.с. шарт болуы мүмкін. Бірақ заңға қайшы немесе әдепсіз әрекеттерді шарт ретінде анықтауға болмайды.
Өзінің сипаты жөнінен шарт оң болуы мүмкін (реті келеді): егер мердігер дүкеннен қажет материалды таба алса, зат жасалады немесе теріс болуы мүмкін (реті келмейді): егер автор шетелге іссапармен кетіп қалмаса, мақаланың қолжазбасы журналға тапсырылатын болады.
АК-ның 150-бабы кейінге қалдырылатын шартпен жасалған мәмілені және күші жойылатын шартпен жасалған мәмілені ажыратады. Кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын мәміледе құқықтар мен міндеттер мәміле жасалатын сәтте емес, жағдай туған кезде күшіне енеді. Пәтерді сатып алу-сату туралы жоғарыда келтірілген мысал дәл осындай мәмілеге түсіндерме бола алады. Егер кейінге қалдырылатын шарт жасалмаса, мәміле өзінің қолданылуын тоқтатады.
Күші жойылатын шартпен жасалатын мәміледе тараптардың құқықтары мен міндеттері мәміле жасалған күннен бастап күшіне енеді, бірақ жағдай туған кезде тоқтатылады. Мысалы, үйдің меншік иесі үйінің бір бөлмесін ұлым оқуын аяқтаған соңүйге оралатын болса, босату керек деген шартпен жалға береді. әрине, жағдай туғанға дейін өткен уақыт үшін барлық есеп айырылысу аяқталуға тиіс. Күші жойылатын шарт тумаған жағдайда мәміле сөзсіз мәмілеге айналады.
Міндетті болмаса да, тууы мүмкін жағдай ғана шарт болуы мүмкін. Егер шарт объективті түрде тумаса, онда мәміле жоқ не сөзсіз болады. Керісінше, міндетті түрде туатын шарт, мәмілені шартты емес, мерзімді етеді. Мысалы, меншік иесі басқа адамға өз мүлкін көктем басталғанға дейін пайдалану мүмкінлігін береді.
Мерзімнің де кейінге қалдырылатын және күші жойылатын маңызы болуы мүмкін, өйткені көп ретте мәмілеге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы мерзімге байланысты болады.
АК-ның 156-бабында көзделген биржалық мәмілелер мәмілелердің ерекше түріне жатады. Биржада жасалатын мәмілелерді биржалық мәмілелер деп түсінеді. Олар қатысушылар арасында негізінен жалпы тәртіппен жасалған тиісті мәміле туғызатындай құқықтар мен міндеттерді өмірге келтіреді және мәмілелердің жарамдылығы және жарамсыздығы жөніндегі жалпы заң ережелеріне бағынады. Сонымен қатар, олардың бірқатар айтарлықтай ерекшеліктері бар, бұл ерекшеліктер биржалық мәмілелерге қатысушылардың құқықтық жағдайына, мәміленің нысанына, оларды жасасу және рәсімдеу тәртібіне, олардың орындалуын және биржалық даулардың шешілуін қамтамасыз етуге қатысты болады.
Әдетте, биржалық мәміле делдал брокер, дилер арқылы жасалады. Бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға, әдетте, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары кастодиан, орталық депозитарий, тіркеуші, атаулы бағалы қағаз ұстаушы және басқалары қатысады.
Биржалық мәмілелер тіркелуге жатады.
Биржалық тауар мәмілелерінің нысанына нақты және алдағы уақытта жеткізілетін биржалық тауарлар болуы мүмкін, мысалы, форвардық мәмілелер. Тауарларды келешекте жеткізіп беруге немесе құқықтар мен
міндеттерді келешекте беруге арналған стандартты келісім-шартты негіз ететін мәмілелерге рұқсат етіледі, фьючерстік немесе опциондық мәмілелер. Биржада биржалық мәмілелердің нақты орындалуын қамтамасыз ету есептері мен әдістерінің арнайы нысандары болуы мүмкін.
Тауар биржасында жасалатын мәмілелерге байланысты туындайтын дауларды биржалық төрелік комиссия қарауы мүмкін, оның шешімі туралы сотқа шағымдануға болады.
Биржалық мәмілелер жасасу тәртібін және және олардың ерекшеліктерін заң актілері (ең алдымен Тауарлық биржалар туралы 1995 ж. 7 сәуірдегі ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлығы, Бағалы қағаздар рыногы туралы, Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы 1997 ж. 5 наурыздағы Заңдар), биржа жарғысы, сондай-ақ биржалық сауданың тиісінше бекітілген ережелері айқындайды.
Заң мәміленің қандай жағдайларында жазбаша түріде жасалатын айқындайды. Бірақ мәміле жасасудың ауызша нысанын қолдану мүмінкіндіктері үшін айқын заңи нұсқаулар жоқ. Сондықтан бұл жерде баршаға тән мынадай ереже қолданылады: заңдардың белгілі бір нормаларына немесе тараптардың келісіміне қайшы келетін жағдайлардан басқа реттерде мәмілені қашанда ауызша түрде жасасуға рұқсат етіледі.
АК-ның 151- бабына сәйкес, мәміленің ауызша түрі ол жасалған кезде атқарылатын жағдайда қолданылады. Бұл арада ауызша мәміленің ең жоғары шегі қызметін атқаратын мәміленің сомасы белгіленбейді, АК 152б, 1т. Жазбаша мәміле жасамай-ақ құны миллион теңгелік затты сатып алуға болады. Бірақ мұнда тараптар уағдаласқан соң біріне-бірі затты да, ақшаны да қолма-қол береді. Алайда, егер, нақ сол зат несиеге немесе ақысын алдын ала төлеу арқылы сатылса, сатып алу-сату мәмілесі жазбаша түрде жасалуы тиіс.
Қарыз беру шарты бойынша берілетін ақша, әдетте, борышқордың несие иесіне қолхат беру жолымен жазбаша түрде ресімделеді, ал шарттың орындалуы - ешқандай жазбасыз , қолхатты қайтару арқылы жүргізіледі.
Ауызша мәміле жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151-бабынан өзгеше, оның 52-бабы жазбаша мәміле қажеттігін едәуір қатаң шекарасын белгілейді.
Аталған бапқа сәйкес мынадай мәмілелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелердің жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын;
мәмілелердің жасалу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, 100 айлық есептік көрсеткіштен астан сомаға;
заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзгеде реттерде.
Аталған жағдайлар үшін мәміленің жазбаша түрінің тиімділігі-ол мәміленің болуын да, оның мазмұнын да неғұрлым дұрыс көрсетеді. Бұл мәмілеге қатысушылардың мүдделерін барынша сенімді қорғауды және бухгалтерлік есеп жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды қамтамасыз етеді.
Мұндай қызметті мәміленің екі қатысушысы да немесе оның біреуі ғана жүзеге асыратынына қарамастан, кәсіпкерлік қызмет барысында жасалатын мәмілелер оларды жазбаша түрде жасауды талап етеді.
Соңғы жылдардың тәжірибесінде, әсіресе бір жолғы, қысқа мерзімдік және т.с. шарттарды жасасуда факсимилелік жолмен көшірілген хаттар алмасу барынша кең таралуда. АК-ның 152-бабы жалпы ереже ретінде факсимилелік көшіру құралдарын пайдалануға рұқсат етеді.
Бұдан өзгеше, РФ Азаматтық кодексінің 160-бабы құқықтық актілерде немесе тараптардың келісімінде көзделген жағдайларда ғана мәтін мен қойылған қолдың факсимилелік көшірмесін пайдалануға рұқсат етеді. Демек, ресей заңдары жалпы ереже ретінде аталған құралдарды пайдалануға құқықтық маңыз бермейді.
Мәмілелердің кейбір түрлерін жасау үшін олардың стандартты немесе үлгіге келтірілген нысандары (тасымалдау, сақтандыру, тауарларды несиеге сату және т.с.с.) қолданылады. Бұл, мысалы, жария шарттарды, әсіресе қосылу шарттарын жасаудың әдеттегі тәжірибесі (АК-ның 389-баптары).
Мұндай жағдайларда мәмілені білдіретін құжат стандартпен, үлгі ережемен, үлгі шарттармен белгіленген нысанда қарастырылады. Мұндай құжаттарды, әдетте, сатушы, жұмысты орындаушы немесе қызмет көрсетуші жасайды. Тараптардың өзара келісімі бойынша құжатқа өзгерістер енгізу мүмкін. Шарттың баспасөзде жарияланған үлгі шарттары керекті талаптар сақталғанда іскерлік айналым салттары ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мәміленің жазбаша түріне қойылатын талаптарды АК-ның 382,388 баптары бағалауға Қазақстан Республикасының тіл туралы 1997 ж. 11 шілдедегі заңның 15-бабын ескеру керек, ол бойынша Қазақстан Республикасындағы жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрде жасайтын барлық мәмілелері қажетті жағдайларда басқа тілдерге аудармалармен қоса, мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндалады. Шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жазбаша түрде жасалатын мәмілелер мемлекеттік және тараптар үшін қолайлы тілде баяндалады.
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz